ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ЕНУ ЖОЛДАРЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ОРГАНИЗМГЕ



ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ЕНУ ЖОЛДАРЫ

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ЕНУ ЖОЛДАРЫ
Көптеген дәрілік заттар организмге судағы ерітінділер күйінде еңгізіледі. Сіңу құбылысына олардың липидтердегі ерігіштігі, қышқылды және негізгі ортадағы, сонымен бірге тотығу, тотықсыздану, метилдену, ацетилдену және басқада реакциялардағы төзімділігі әсер етеді . Көптеген дәрілік заттар ірі малға қарағанда, жас малға тез сіңеді. Жоғары температурамен өтетін ауруларда ол күшейе түседі. Сыртқы орта температурасының төмендеуі дәрілік заттардың резорбциясын 1-4% баяулатады

Дәрілік заттардың күші, жылдамдығы және әсер ету ерекшеліктері оның мөлшеріне, резорбциялану жолына, дәрілік заттың пішініне және егу жолдарына көп байланысты. Дәрілік затардың сіңірілуі немесе резорбциялануы дегеніміз, олардың ұлпа қабаттары арқылы лимфага немесе қанға енуі.

Дәрілік заттардың тасымалдануының бірнеше түрі бар
1) Пассивті диффузия- капилярлар қабырғасы арқылы жүреді.
2) Жеңіл диффузия - мұнда резорбцияланған зат мембрананың оңай диффунделінетін компонетімен әрекеттеседі.
3) Белсенді тасымалдану- мембраналар арқылы, атап айтқанда, арнаулы белоктар тәрізді механизмдер арқылы жүреді .

Дәрілік заттарды ішке береді, сонымен бірге тік ішекке, тері астына, күре тамырға, бұлшық етке және бсқа да жолдар арқылы егеді. Көрсетілген егу жолдарының өздеріне тән кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Сол себепті оларды бір жағдайда қолдануға болатын болса, екінші бір жағдайларда қолдануға болмайды.

Ветеринария тәрілік заттар көп жағдайда тері астына еңгізіледі (injection subcutanea) . Бұл жолмен еккенде ерітінділер дәнекер ұлпасы арқылы оңай өтіп, қанға тез сіңеді. Әсері 5-15 минуттан кейін басталады. Бұл әдіс қарапайым, әрі оңай келеді. Тері астына оңай еритін және тітіркендіріп әсер етпейтін заттар егіледі. Егілген ерітінділер стерилденуі тиіс. Мөлшері ауыз қуысы арқылы берілгенгі қарағанда 3 еседей төмен болады.
Дәрілік заттарды ауыз қуысы арқылы бергенде ас қорыту жүйесі кілегей қабықтарының әртүрлі құрылымына және ондағы секреттер құрамының өзгешелігіне байланысты, дәрілік заттардың организмге сіңу жылдамдығы әртүрлі болады және олар көптеген өзгерістерге ұшырайды. Ауыз қуысының өзінде-ақ дәрілік заттарға сілекей және кілегей заттары әсер етеді де, біраз бөлігі сіңе бастайды. Қарынның қышқылды ортасында көптеген дәрілік заттар ериді, гликозидтер ыдырайды, альбуминнаттар түзіледі және басқада өзгерістер болады.
6

Көптеген дәрілік заттар қарыннан аш ішекке тез өтеді. Олардың организмге ең негізгі сіңетін жері осы аш ішек болып саналады. Қарынның секреторлы және моторлы қызметі нашарлағанда, олар қарында көп тұрақталып, ішектерге өтуі баяулайды. Көп камералы жануарларда дрілік заттар қосалқы қарын мен ұлтабар арқылы сіңеді. Өттің, ұйқы безінің, ішек сөлдерінің әсерінен суда және қарынның қышқылдық ортасында ерімейтін заттар, ішектерде ериді. Бұл заттардың кейбіреулері ішектердің сілтілі ортасында екәуір өзгерістерге ұшырайды.
Көптеген дәрілік заттар ішектер арқылы сіңгеннен кейін қақпалық вена тамырлары арқылы бауырға барады. Сонан соң дәрілік заттар бауыр және төменгі вена тамыр арқылы жалпы қан айналым жүйесіне түсіп, бүкіл организмге тарайды. Осымен олардың жалпы қан айналу жүйесіне енуі аяқталады. көптеген заттар бауырда өте ұзақ сақталып (бірнеше айға дейін) аздаған мөлшері ғана жалпы қан айналу жүйесіне түсуі мүмкін
7

Ішке берілген дәрілік заттардың организмге сіңу жылдамдығы қарынмен, ішектердегі азықтық заттардың мөлшеріне тығыз байланысты, оның мөлшері көп болған сайын, дәрілік заттардың сіңірілуі баяу болады. Қанның қозғалысын тездетіп, көлемін арттыратын жағдайлардың барлығы ауыз қуысы арқылы берілген препараттардың резорбциясын жылдамдатады. Тәжірбиеде осы жағдайлар ескеріліп, дәрілік заттарды кейдеазықтандырғаннан кейін, ал кейде тіпті ұзақ уақыт ашықтырғаннан кейін қолданады.

Дәрілік заттардың тік ішек арқылы сінуі, әртүрлі малдарда әртүрлі жылдамдықпен жүреді. Мысалы, тік ішек арқылы сіңу құбылысы қояндарда жылдам жүретін болса, жылқы, есек, ірі қара малдарда баяу жүреді. Сол себепті, қояндарға тік ішек арқылы берілетін заттардың мөлшері, ауыз қуысы арқылы берілетініне қарағанда аз болуы тиіс. Жылқылар, есектер және ірі қара малдар үшін оның дозасы ішке бергенмен бірдей, ал кейбір жағдайларда 1, 5-2 есе көп болады
9

Жоғарыда айтылғандай дәрілік заттардың негізгі бөлігі - аш ішек арқылы, біраз бөлігі - қарын арқылы, өте аз мөлшері-тік ішек арқылы сіңеді. Бірақ көптеген заттардың резорбциялану заңдылығы бірдей емес. Ішке қабылданған кейбір дәрілік заттардың резорбтивті әсері 20 минуттан кейін басталады. Бұл дәрілік заттардың сіңірілу заңдылығына, олардың организмдегі өзгеруіне, қарынның азықтық заттарға толу дәрежесіне және басқа да заттарға байланысты. Егер дәрілік заттар баяу сіңіп, тез ыдырайтын болса, мұның мөлшерінен жоғарырақ болғаны жөн
10

Назарларыңызға рахмет!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz