ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСТИТУТЫ




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
КЕАҚ ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
“ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ” ИНСТИТУТЫ

Практикалық жұмыс № 11
Тақырыбы: Радиоактивті заттармен малдың іштей залалдануы
кезінде ветеринариялық – санитариялық сараптау.
Орындаған: ВС-43,
2 –топ студенттері
Тексерген: а.о. Жумагалиева Г.

Орал,2021
Радиоактивті заттармен мал іштей жоғары деңгейде
залалданған кезде зақымдалған малдың организмінде
патоморфологиялық өзгерістер, сырттай зақымдану кезіндегі
өзгерістерді еске түсіреді. Зақымданған мал ұшалары мен
ағзаларындағы радиоактивті заттар, малды союдан алынған
ет пен субөнімдер арқылы адам организміне радиоактивті
заттардың т.су көздері болып есептеледі. Бұл жағдай ет пен
субөнімдердің радиоактивті заттармен ластану деңгейін
міндетті түрде анықтауды қажет етеді, яғни радиолметриялық
зерттеу жүргізуді, өйткені мұндай тексерусіз ұшалар мен
ағзаларды сатуға шешім қабылдауға болмайды.
Радиоактивті заттардың әсерінде болған мал етіне
ветеринарлық санитариялық бағалау жүргізу кезінде, бұл
заттардың сіңірілуінің, таралуының және организмнен
бөлінуінің негізгі заңдылықтарын білу қажет.
Радиоактивті заттардың физикалық химиялық белгілері,
агрегаттық күйі және басқада қасиеттері, олардың ішек –
қарын жолынан сорылып сіңірілу қабілетін анықтайды:
біреулері түгелдей дерлік сорылып сіңіріледі, басқалары тек
пайыздың жүзден біріндей ғана сіңіреді. Сорылып сіңірілген
кейін радиоактивті заттар, ағзалар мен ұшаларда
бірқалыпты тарайды, бірақ бұл кезде олардың критикалық
ағзаларға жиналуы айқын түрде жүреді (1-қосымша).
Радионуклидтердің организмде таралу түрлері

Таралу түрі Радионук лидтер
Біркелкі Сутегі, литицй, натрий,
калий,хлор,бром,рубидий
Қаңққаға Берилий, кальций, стронций, барий,
радий, фтор
Бауырға Лантан, цезий, плутон, торий,
марганец
Бүйрекке Висмут, сурьма, мышьяк, уран, селен
Қалқанша безіне Йод, астат, бром
Сорылып сіңілген радиактивті заттар негізінен қалқанша
безінде шоғырланады, екінші орында лимфа түйіндері
тұрады. Басқа ұлпалар мен ағзалардың ішінде үлкен
мөлшердегі меншікті радиоактивтілік бауырда, бүйректе,
сүйекте байқалады. Радиоактивті заттардың ең аз
мөлшердегі концентрациясы іш және қыртыс майларда
байқалады. Уақыт өте организмде жиналған радиоактивті
заттардың абсолютті мөлшері, олардың организмінен бөлініп
шығуының және табиғи ыдырауының салдарынан азаяды.
Ластану тоқтағаннан кейін алғашқы екі апта ішінде
организмдегі радиоактивтіліктің төмендеуі өте қарқынды
жүреді.
Радиоактивті заттармен зақымданған малды ластанудан
кейін ерте мерзімде сойған кезде, қалқанша безі мен ірі
лимфа түйіндерін радиометриялық иексеруден өткізбей ақ
қою крек.
Ұшалар мен ағзаларды радиациялық гигиеналық бағалау
үшін ветеринариялық зертханаға бауыздау орнынан алған
ет сынамасының 100 граммын жібереді. Зертханада
сынамалардың меншікті радиоактивтілігін анықтап, оны
қолданыстағы санитариялық ережелермен салыстырады (2-
қосымшы).
Радиациялық бақылау жүргізу үшін ет және ет өнімдерінен сынама алу
тәртібі.
Сойыс малдарының еті мен ішкі ағзаларынан сынама алу қасапханалада,
ет комбинаттарында, тоңазытқыш цехтарда және сату орындарында
(базарлар, дүкендер т.б) жүргізіледі.
Сынама алуға әрбір біркелкі партиядан 10% ірі- қара ұшалары, 5% қой
және шошқа ұшаларын және 2% мұздатылған немесе салқындатылған ет
белоктары мен субөнімдерін жинақтайды, бірақ олардың саны үштен кем
болмауы керек.
Құс ұшаларын, стауға әкелінген партиядан кездейсоқ алу әдісін
пайдаланып алады. Сынаманың саны партиядағы тасымалдау
қораптарының санына байланысты болады.
Сынама алуға жинақталған әрбір ет ұшаларынан масса
мөлшері 200 граммнан кем емес, ет ұлпаларының нүктелік
сынамаларын алады. Ет сынамаларын бауыздау аймағынан,
яғни 4-5 мойын омыртқа маңынан, жауырын мен ортан жілік
маңынан ішкі жағынан алады.
Етбелоктары мен субөнімдерден сынаманы 200 грамнан бүтін
бөлік күйінде алады. Жиналған нүктелік сынамалардан
қосынды сынама жасайды. Қосынды сынаманың массасы 2
киллограмнан кем болмауы керек
Санитариялық бағалау. Радиоактивті заттармен іштей зақымданып, сәуле
ауруының жасырын кезеңінде немесе сауығу кезеңінде сойылған малдан
алынған ұшалар мен ағзалар, егер олар патологоанотомиядлық өзгерістер
байқалмаса және меншікті радиоактивтілігі тағамдық өнімдер үшін
тағайындалған шектеулі деңгейден аспаса, шектеусіз сатуға шығарады.
Ұшалар мен ағзаларда патологоанатомиялық өзгерістер байқалған кезде
радиометриялық тексерумен қатар бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.
Егер ағзаларда, лимфа түйіндерінде немесе етте паратиф тобындағы
бактериялар, ішек таяқшалары, кок түріндегі микрофлора, шіру
микробтары табылса, онда ағзаларды жояды, ал ұшаларды, егер олардың
радиоактивті ластануы шектеулі рұқсат етілген мөлшерден 2 еседен артық
аспейтын болса, қайнату арқылы залалсыздандырады. Залалсыздандыру
аяқталғаннан кейін етті қайтадан радиометриялық зерттейді. Меншікті
радиоактивтілігі шектеулі деңгейден жоғары ұшалар мен ағзаларды
тағамға пайдалануға жібермейді. Мұндай ұшаларды дезактивациялайды,
ал ішкі ағзаларды жояды
Радиоактивті заттармен сырттай ластанған ұшаларға
ветеринариялық санитариялық сараптау жүргізген кезде,
дозиметрия аспаптардың көмегімен гамма – сәулесі
дозаларының қуаты бойынша анықталған еттегі радиоактивті
ластану деңгейін ескеру қажет.
Еттің радиоактивті заттармен ластануының шектеулі рұқсат
етілген деңгейі, гамма – сәулесі бойынша ірі – қараның жарты
ұшасы, шошқаның және қойдың ұшалары үшін 4мр∕сағатты
құрайды. Бұл деңгей жасы 30 тәуләктен аспайтын ядролық
жарылыстың ыдырау өнімдері үшін анықталған
НЕ ТҮЙДІК???
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Ақылды ферма жобасының пайдасы
Плимутрок тауығы
Метрология объектілері
Жеке фактордың белгінің жалпы өзгергіштігіне тигізетін үлесін дисперсиялық талдау арқылы анықтау
Биотехнология мамандығы
Ветеринария мамандығы
ҚАН ЛИМФА ДӘНЕКЕР
Кеден одағы
Қалалық ветеринариялық қызметті ұйымдастыру
Рецептің бөлімдері
Пәндер