Адам ағзасының бұлшықет ұлпалары: құрылысы, түрлері және қызметтері


Slide 1

«Ой қозғау» әдісі

Бұлшықеттің адам ағзасында қандай маңызы бар?

Slide 2

Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі

Сабақтың мақсаты:

8. 1. 6. 5 бұлшық ет ұлпасының түрлері мен олардың қызметтерін сипаттау;

8. 1. 6. 6 адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану

Slide 3 Slide 4

Адам ағзасында 600-ден аса бұлшық ет бар. Олар құрылысы, пішіні, қасиеттері мен қызметі жағынан әртүрлі.

Адамның бұлшық еттері құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты 3 түрге бөлінеді: 1. Қаңқа (көлденең жолақты) бұлшық ет ұлпасы; 2. Жүректің көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы; 3. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы.

Slide 5

Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы*400

Гемотоксилин-эозин бояуы

Ішектің бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы

Гемотоксилин-эозин бояуы

Бірыңғай салалы бұлшықеттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, асқазан, қантамырлар, қуық, бездердің өзектері) астарлап жатады. Жиырылғанда ішкі мүшелердің көлемін өзгертеді. Олардың жиырылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады. Бірыңғай салалы ет ұлпасы - пішіні үршық сабына ұқсас, екі ұшы үшкірленген, жуандау орта түсында бір ядросы болатын жолақсыз миоциттерден (ет жасушаларынан) тұрады

Slide 6 Slide 7

Жүрек бұлшық етінің ерекшеліктері

Жүрек бұлшықет ұлпасы- жүректің ортаңғы қабығы -миокардты түзеді. Жүрек бұлшықет ұлпасы сегменттелмеген мезодерманың ішкі жапырақшасынан дамиды және еріксіз жиырылады.

Ұлпа - пішіні цилиндр тәрізді кардиомиоциттерден құралған. Олардың сопақ ақшыл боялған ядросы жасуша цитоплазмасының ортасында орналасады.

жүрек бұлшық етінің ұлпасы

Жүрек

Slide 8

Бұлшық ет ұлпаларының микросуреті

Көлденең жолақты қаңқа бұлшықетінің ұлпасы

Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы

Көлденең жолақты жүрек бұлшықетінің ұлпасы

Slide 9

Көлденең жолақты жүрек бұлшықетінің ұлпасы*400

Гемотоксилин-эозин бояуы

Slide 10

Көлденең жолақты қаңқа бұлшық етінің

ұлпасы*400

Гемотоксилин-эозин бояуы

Қаңқа бұлшық ет ұлпасы.

Қаңқа бұлшық еттері тірек-қимыл аппаратының белсенді элементтері болып табылады. Көлеміне келетін болсақ, адам ағзасындағы ең үлкен ұлпаны құрайды. Олардың жасушаларында (талшықтарында) көптеген ядролары болады және жасушаларының ұзындықтары 10 сантиметрден асуы мүмкін.

Қаңқа бұлшықетіне тұлға, бас, мойын және иық, жамбас белдеулер мен қол-аяқ бұлшықеттері жатады.

Slide 11

Кері байланыс

« + » - білемін

« - » - білмеймін

« ! » - мен үшін жаңалық

« ? » - мен таңқалдым


Ұқсас жұмыстар
Бұлшықет ұлпалары: түрлері, құрылысы, қызметі және регенерациясы
Өсімдік ұлпалары: түрлері, құрылысы және атқаратын қызметтері
Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпалары: құрылысы, түрлері және қызметтері
Жүйке жүйесінің құрылымдық компоненттері мен қызметтері: нейрон құрылысы және жүйке ұлпалары
Бұлшықет ұлпаларының түрлері, құрылысы және эмбрионалдық шығу тегі
Бұлшықет ұлпасының құрылысы, түрлері және қызметі
Адам ағзасының құрылымдық деңгейлері: жасуша, ұлпа, мүше және мүшелер жүйелері
Адам ағзасының қалыпты микрофлорасы және дисбактериоз
Адам қаңқасының анатомиялық құрылысы мен қызметтері
Адам терісінің құрылысы мен қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz