Ауру малдың етін анықтау



Сау және ауру малдардың еттерін ажырату

Ауру малдың етін анықтау
Етті ветеринариялық санитариялық сараптау кезінде етте жүретін биохимиялық процестердің өзгеруіне байланысты малдың сояр алдындағы жағдайын, союға себеп болған жағдайда, не болмаса сақтау кезінде бұзылған технологиялық процестерді анықтау жүргізілуі мүмкін.
Етті зерттеу әсіресе, өлгелі жатқан малдың, ауру малды анықтауда маңызы зор. Ал мұндай еттер адам өміріне өте қауіпті. Сау малдың еті бұзылғанынының алғашқы сатысында өте көптеген улы аминдер пайда болады(нейрин, мускарин, гистаммин, коллидин, мидатоксин) . Осы екі жағдайда да етті тағамға пайдалануға болмайды. Сондықтан ауру малдың еті екенін және еттің жас екенін анықтау ветеринариялық санитариялық сараптаушының басты мақсаттарының бірі.

Аурулығына байланысты сойылған мал тәжірибе еріксіз, не амалсыз сойылған мал болып есептелінеді. Әртүрлі індетті, инвазиялық немесе жарақаттанып, уланып қалған малдардың өміріне қауіп төніп, одан әрі емдеу ешқандай нәтиже бермесе, сау малдан алынғанын білу үшін органолептикалық және зертханалық зерттеу әдістері қолданылады.

Органолептикалық зерттеу
Ол үшін малдың бауыздау сызығына, гипостазға және лимфа түйініндегі өзгерістерге көңіл аударады.
Сау малды сойған кезде, оның бауыздау сызығы тегіс емес, бұдыр болады және қан онда көбірек жиналады, ал ауырып немесе арам өлген малдың бауыздауы керісінше тегіс болады. Түсі мүшелермен бірдей, бірақ бауыздалған жерді тегіс етіп шауып, тазалап қойған жағдайда, тек қана осы көрсеткіш бойынша анықтау мүмкін емес.
Ұшаның қансыздану дәрежесін анықтау. Бұл көптеген факторларға байланысты болады. Асып қойып сойған малдың қаны жатқызып сойылған малдан көрі жақсы ағады. Қаннан жақсылап тазарған ұшаның бұлшық еттерінде, қан тамырларында қан болмайды. Бұл еттің сау малдан алынғандығын білдіреді. Арам немесе ауырып өлген малдың ұшасы қаннан өте нашар тазарады. Ұсақ және ірі қан тамырлары қарайған қанға толады. Бұлшық етті тілген кезде қара қошқыл қан шығып тұрады.
Лимфа түйіндегі өзгерістер. Сау және уақытында сойылған малдың ұшасының лимфа түйіндері ақшыл сұрғылт немесе сарғыш, ала ауырып немесе арам өлген малдың лимфа түйіндерін кескен кезде көкшіл қызғылт болып тұрады.

Бактериологиялық зерттеу
Амалсыз сойылған малдың етіне міндетті түрде, қандай жағдайда сойылғанына қарамастан, бактериологиялық зерттеу жүргізеді. Ол үшін лабороторияға жазылдырғыш немес бүгілдіргіш бұлшық еттерінің бір бөлігін, лимфа түйіндерін (мойын, жауырын, тізе лимфа түйіндері), ал шошқадан алқым безін, өкпенің, көк бауырдың бір бөлшегін, бауырды безімен қоса жібереді.
Зерттеуге алынған сынамаларды ылғал кетпейтін ыдысқа салып, жақсылап жауып, пломба салып жолдама құжатпен бірге лабораторияға жіберіледі.

Бактериоскопия
Кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын табу үшін (топалаң, қарасан) бұлшық еттің ішкі қабатынан, ішкі органдарынан және лимфа түйіндерінің жұғанан таңба жасалады. Оны ауада кептіреді, жалынға ұстап бекітеді. Содан соң оларды Грамм әдісі бойынша бояп, дайын болғаннан кейін микроскоп арқылы қарайды. Сау малдан алынған етте микробтар болмайды. Ауру немесе өлген малдан алынған еттен әртүрлі жұқпалы ауру тудыратын қоздырғыштар немесе микробтар табылуы мүмкін.

Қышқылдық ортаны анықтау
pH-тың шамасы малды сояр кезіндегі бұлшық еттегі гликогеннің мөлшеріне, сонымен қатар ондағы ферменттердің белсенділігіне байланысты болады. Сау малдың еті жетілу процесі кезінде гликоген ферменттердің әсерінен сүт қышқылына дейін ыдырайды. Соның себебінен сутегі иондарының концентрациясы көбейеді, ал pH-тың шамасы 7, 1-7, 2 ден 5, 6-5, 8 - ге дейін азаяды. Ауырған немесе қалжыраған малдың етінде гликогеннің мөлшері және ферменттердің белсенділігі азаюына байланысты Ph-тың шамасында көп айырмашылық болмайды.

Пероксидазаны анықтау
Сау малдың етінде пероксидазаның белсенділігі жоғары болады, ал ауру малдың етінде оның қабілеті едәуір төмендеп кетеді.
Пероксидазаны анықтау үшін пробиркаға 2 мл еттің сөлін, 5 тамшы 0, 2 проценттік бензидин ерітіндісін және 2 тамшы 1 проценттік сутегінің асқын тотығын құяды.
Сау малдың ет сөлінің түсі көкшіл жасыл түске енеді де біртіндеп қоңыр түске айналады.
Ауру немесе өлген мал ет сөлінің түсі өзгермейді, бірақ кейбір жағдайда көкшіл жасыл түс кешігіп барып пайда болады да, тез қоңыр түске айналып кетеді.

Формалин реакциясы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz