Кесу ережелері және тас қалау элементтері




Презентация қосу
Кесу ережелері және тас
қалау элементтері

Пән атауы: Күрделілігі орташа қабырғаларды кірпіштен қалау және жондеу
жұмыстарын орындау
Мақсаты мен міндеттері:

Тас қалаудың барлық түрлері үшін тастарды дұрыс
орналастырудың міндетті ережелерін сақтау
Тас қалаудың барлық түрлері үшін тастарды дұрыс
орналастырудың келесі міндетті ережелері сақталуы қажет:
■ Қалау кезінде бір тастан басқасына түсетін қысым жанасатын
қалау қабаттарының тұтас беті бойынша берілуі қажет, олар
қалауға әсер ететін күштерше көлденең және перпендикуляр
болуы керек (ауытқу шегі - 17° аспауы қажет);
■ Жанасатын бастардың бүйір жазықтығы төсеме мен қалаудың
сыртқы бетіне перпендикуляр болуы керек;
■ Тік жапсарлар қалаудың барлық биіктігі бойынша жеке тұрған
бағандар болатындай етіп маталуы қажет.
Дұрыс қалыптағы кірпіш немесе тастар алты жазықтыққа ие
болуы керек, олардың үлкені ұя, ұзын бүйіржақ шектері, қалақ
және қысқа жағы нұқыма деп аталады (10.1- сурет).
10.1. - сурет. Қалау элементтері және оны кесу
а — тас қалау элементтері;
б — кестеленген жапсарлар;
в — Р иілу күшіне қарай қалаудың әсері;
г — кесу жазықтығының дұрыс орналасуы;
д — кесу жазықтығының дұрыс орналаспауы;
е — жапсарларды матамай қалау;
ж — жапсарларды матап қалау; 1 — нұқыма; 2 — қалақ;
3 — ұя; 4 — көлденең жапсар; 5, 6 — тік бойлық және көлденең жапсарлар;7 — ішкі бойлық қалау; 8 — толтыру; 9 — сыртқы бойлық
қалау;
1 0 — сыртқы нұқыма қалау; 11, 1 2 , 13 — кестеленген жапсарлар (сәйкесінше, толық емес, иілген, дөңестелген).
.

Тас қалауды көлденең қатарларда, тастарды жалпағынан салу арқылы
жасайды. Жеке жағдайларда, мысалы, ернеулерді немесе жұқа қалқаларды
(кірпіштің төрттен бір бөлігі) қалау кезінде, кірпішті қабырғаға, яғни,
бүйіржақ бойлық қырға салу арқылы жүргізеді.
Ұзын бүйіржақ шеті қабырғаның сыртқы бетіне қарап тұрған кірпіштен
қалау бойлық деп, ал қысқа шеті – нұқыма деп аталады. Қалау арасында
салынған ішкі қалау қатарлары іргелік қатары немесе жай іргелік деп
аталды.
Жеке тастар арасындағы аралықтар жапсарларды құрайды. Орналасуына
байланысты қалау жапсарлары көлденең (немесе ұя) және тік болуы мүмкін.
Сылаққа арналған қабырғаны қалау кезінде, жапсарлардағы қоспаны 1,0-1,5
см дейін жеткізбейді, бұл сылақтың қабырғаға жақсы жабысуын
қамтамасыз етеді. Мұндай қалау бос жапсарлы деп аталады. Жапсарларды
қабырға бетіне дейін қоспамен толтырса, толық жапсарлы қалау болып
табылады. Бұл жағдайда қабырғаны сыламайды, ал жапсарларды әрлемейді.
Кірпіш қалауынының көлденең жапсарларының орташа қалыңдығы
12 мм, ал тік жапсарлар – 10 мм аспауы қажет. Жеке жапсарлар үшін
8 мм кем емес және 15 мм аспайтын қалыңдыққа рұқсат етіледі.
Қалау қатарының биіктігі тас (кірпіш) биіктігіне және көлденең
жапсарлардың қалыңдығына сәйкес салынады. Жапсар қалыңдығын
(12 мм) есепке ала отырып, қалау қатарының биіктігі құрайды:
қалыңдығы 65 мм кірпіштен қалау кезінде – орта есеппен 77 мм;
қалыңдығы 88 мм қалың кірпіштен қалау кезінде – 100 мм.
Қалыңдығы 65 мм кірпіштен 1 м қалауға 13 қатар, ал 88 мм
қалыңдықтағы кірпішпен – 10 қатар кетеді.
Қабырға қалыңдығы деп аталатын қабырғаны қалау ені кірпіштің
немесе тастың жартысына сай болып келеді: бір кірпіш — 25 см; 1,5
кірпіш — 38 см; екі кірпіш — 51 см; 2,5 кірпіш — 64 см және т.б.
Ғимарат қалқалары кірпіштің жартысына немес төрттен біріне (12,0
немесе 6,5 см) тең.
Құлама деп, кезекті қатары бұрын салынған кірпіштердің
жазықтығында емес, бетінде шығыңқы орналасқан қалау орны
аталады. Құламалар әр қатарда кірпіштің ‘/3 ұзындығынан аспайды.
Белбеушелер құламаларды бірнеше қатар қалау кезінде пайда
болады, олар арқылы биіктігі бойынша ғимараттың жеке бөліктерін
қасбетті бөліп қояды. Кесінді қалаудың келесі қатарының бетінен
шығыңқы орналасады. Кесіндіден жоғары қарай қалау кесіндіге
дейінгіден төмен қалыңдыққа ие болады. Тас қалаудың кесіндісін
қабырғаның іргеден өтуі кезінде жасайды.
Ойық ретінде қабырғаның бір бөлігінің беттік жазықтығы басқа
бөлігінің беттік жазықтығының қандай да бір жағына
ауыстырылған орынды айтады.
Пилястрлар — бұл қабырғаны қалай отырып, матап салынған
тік бұрышты бағана түріндегі беттік жазықтықтан шығып тұратын
қалау бөлігі.
Атыздарды құбыр желілерін, электр сымдарын және басқа да жасырын
инженерлік сымдарды орналастыру үшін қабырғада жүргізеді. Оларды
монтаждағаннан кейін, атыздарды қабырға жазықтығына орай әрлейді. Тік
атыздарды ені мен тереңдігі бойынша кірпіштің жартысына тең етіп, ал
көлденең атыздарды биіктігі бойынша қалаудың бір қатарына тең етіп, яғни,
кірпіштің төрттен бір бөлігі және тереңдігі бойынша кірпіш жартысына сай
жүргізеді.
Қуыстар — бұл кірпіштің жартысына тең қабырға қалауындағы
тереңдіктер. Оларға кіріктірілген сөрелерді, жылыту жабдықтарын, сыммен
қамту желілерін, электр құрылғыларын орнатады.
Ғимараттың сыртқы қабырғаларының терезеге және есікке арналған
қуыстарға ие етіп жасайды. Екі қуыс арасында орналасқан тас қалау аралық
қабырға деп аталады.
Қалаудың бір элементі ретінде, қалаудың уақытша үзілісі орнында
қалаудың бұрынғы салынған бөлігі мен жаңасын берік матай алатындай
салынатын кемерлер табылады (10.2-сурет).
10.2. - сурет. Кемерлер
а – қума кемер; б — қабырғаның тік бөлігіндегі тік кемер; в —
қабырғалардың жанасатын орындарындағы тік кемер; г —
бұрыштық қума кемер (шамшырақ); д — тұтас қабырғадағы
аралық қума кемер [шамшырақ]
Кемерлерді иілмелі және тік етіп жасайды. Иілмелі кемер тік
кемерге қарағанда қалаудың жалғанатын бөліктері арасында
жоғары байланысты қамтаиасыз етеді. Тік кемерлерег жалғанған
орындардың үздік байланысын қамтамасыз ету үшін әр 2 м сайын
диаметрі 8 мм болат
Қума кемерлерде алты қатарға дейінгі кірпіш биіктігінде шағын
бөліктер түрінде шамшырақтарды салуды жүзеге асырады, олар
бұрыш бойынша немесе бір-бірінен 10-12 м арақашықтықта тік
бөліктерде түзік бауды бекіту үшін пайдаланылады.

Ұқсас жұмыстар
ТАС ЖҰМЫСТАРЫ ТАС ҚАЛАУ ПРОЦЕСІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Тас қалау турлері және кірпіш төсеу әдістері
Табиғи тас
Табиғи тас материалдары мен олардан жасалған бұйымдармен және қолдану барысымен танысу
Сендіру
Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
ГАЗДЫ БЛОКТЫ ҚАБЫР ҒАЛАР
Туынды етістік жұрнақтар
Экономикалық әлеуметтанудың пәні
Экономикалық жүйелердің типтері
Пәндер