Табиғи тас материалдары мен олардан жасалған бұйымдармен және қолдану барысымен танысу




Презентация қосу
ТАБИҒИ ТАС МАТЕРИАЛДАРЫ
ЖӘНЕ ОЛАРДАН ЖАСАЛҒАН
БҰЙЫМДАР

Пән атауы: Күрделілігі орташа қабырғаларды кірпіштен қалау және жондеу
жұмыстарын орындау
Мақсаты мен міндеттері:

Табиғи тас материалдары мен
олардан жасалған бұйымдармен
және қолдану барысымен танысу
Минералдар. Минерал деп шамамен біртекті химиялық
құрамы мен физикалық қасиеті бар жер қыртысында жүретін
түрлі физикалық-химиялық үдерістердің нәтижесінде
түзілетін табиғи химиялық зат.
Табиғатта 2000 астам минерал есептелген. Минералдар тау
жыныстарының, кендерінің және жер қыртысын құрайтын
басқа да минералды түзілістердің құрамдас бөлігі болып
табылады.
Негізгі жыныстарды түзуші
минералдар кварц, дала шпаттары,
слюдалар, темірлі-магнезиялы
минералдар, карбонаттар мен
сульфаттар болып табылады.
Химиялық құрамы бойынша
минералдар шартты түрде бес топқа
бөлінеді:
■ кварц;
■ алюмсиликаттар;
■ темірлі-магнезиялы силикаттар;
■ карбонаттар;
■ сульфаттар.
.

Жер қыртысында ең кең таралған минералдың
бірі кварц немесе кристалдық кремнез болып
табылады. Табиғатта кварц жеке тау жынысы
(кварцты құм) түрінде кездеседі, сондай-ақ,
көптеген тау жыныстарының құрамына кіреді.
Тау жыныстары. Тау жыныстары деп бір (мономинералды
жыныс) немесе бірнеше (полиминералды жыныс)
минералдардан тұратын минералды массаны атайды.
Түзілу жағдайына тәуелді тау жыныстары негізгі үш түрге
бөлінеді:
■ магмалық (атпалы, бастапқы);
■ шөгінді (қайталама);
■ метаморфтық (түрі өзгерген).
Магмалық тау жыныстары жанартау атқылаған кезде жер қыртысының
бетінде немесе қалыңдығында магманың суып қалуының нәтижесінде
түзіледі. Осы жыныстың түрі мен түзілу сипаты бойынша терең, атпалы
және кесек тау жыныстары деп бөлінеді.
Терең тау жыныстары жер қыртысының қалыңдығында магманың баяу
суып қалуының нәтижесінде түзілген. Олар үлкен көлемді массасымен,
жоғары беріктігімен және шағын суды сіңіруімен сипатталады. Оларға
гранит, диорит, лабрадорит, габбро, сиенит жатады.
Атпалы тау жыныстары жер бетінде атқылаған магманың жылдам суып
қалуы кезінде түзілген. Суып қалу уақытына тәуелді олар тығыз немесе
кеуекті құрылымды ұсақ түйіршікті, жасырын кристалды немесе
аморфты құрылымға ие. Оларға порфирлер, диабаз, базальт, андезит,
трахит жатады.
Кесек тау жыныстары жанартаудың атқылауы кезінде жер бетінде
лақтырылған бөлшектенген лаваның ұсақ бөлшектерінен түзілді. Кесек
тау жыныстары борпылдақ (жанартау күлі, жанартау құмы, кеуектас)
және цементтелген (жанартаудан шығатын туфтар) болып бөлінеді.
Шөгінді тау жыныстары түзілу шарты мен құрамы бойынша кесек
(механикалық шөгінділер), химиялық пайда болған (химиялық
шөгінділер) және суда мекендейтін ағзалардың тіршілігі мен өлуі
нәтижесінде алынатын органогендік болып бөлінеді.
Кесек шөгінді жыныстары бастапқы бұзылған тау жыныстарынан (құм,
гравий, балшық) тұратын борпылдақ қоспаны немесе осылайша тығыз
тау жыныстарын (құмдақ, конгломерат) түзумен түрлі табиғи тұтқыр
заттектермен цементтелген борпылдақ түйіршіктің қоспасын көрсетеді.
Химиялық шөгінділер кейін оларды тығыздау мен цементтеумен су ерітінділерінен
минералды заттардың шөгіндісі кезінде түзілетін тау жыныстарын береді. Оларға
ангидрит, гипс, доломит, магнезий, мергель жатады.
Органогендік шөгінді жыныстар құрамында минералды заттар өлген жануарлар
мен өсімдік ағзаларының, қаңқалар мен сауыттардың қалдықтарының түзілімдері
нәтижесінде түзіледі. Тығыздалған және цементтелген органогендік жыныстарға
тығыз әк, әк-ұлутас, бор, ұсақ кеуекті шөгінді тау жынысы, диатомит жатады.
Метаморфтық тау жыныстары жер қыртысында жоғары температура мен
қысымның оларға әсер ету нәтижесінде магмалық немесе шөгінді жыныстардан
түзіледі. Метаморфтық тау жыныстарына гнейстер, саз тақтатастар, мраморлар
және кварциттер жатады.
Табиғи тас материалдары түрлі белгілер бойынша жіктеледі:
■ құрғақ күйінде тығыздығы бойынша – ауыр (тығыздығы 1 800 кг/см3 асатын) және
жеңіл (тығыздығы 1 800 кг/см3 кем);
■ сыққан кездегі беріктік шегімен (МПа) – 10. ...... 100

таңбалы (ауыр тас материалдары) және 1.20 (жеңіл);
■ аязға төзімді (Мрз) – 10.300 таңбалы;
■ суға төзімді (жұмсарту коэффициенті) - 0,6; 0,75; 0,9 және 1 топтарына.

Табиғи тастан жасалған бұйымдар келесідей бөлінеді:
■ араланған және таза шапашот (өңделген беттен 2 мм дейінгі дөңестер);
■ жартылай таза шапашот (дөңестер – 10 мм дейін);
■ бұдыр шапашот (дөңестер – 20 мм дейін);
■ қапсырма астындағы ірі сындырылған (шамамен екі параллель жақтары бар);
■ кесек тасты үзілген тас.
Табиғи тастан араланған қаптайтын плиталарды кейін
механикалық өңдеумен аралаумен табиғи тастың блоктарынан
(тығыз әк, мрамор, гранит, сиенит, габбро, лабрадорит)
жасалады.
Плитаның беттік жағы түрлі фактураға ие бола алады:
«жартас», дөңесті, кедір-бұдыр, араланған, атызды, нүктелі,
жылтыр, өңделген, тегістелген. Қалыңдығы 100 м кем уатылған
және шапашотты плиталармен бірегей ғимараттарды,
гидротехникалық құрылыстарды, ескерткіштерді күптейді.
Шойтасты тығыз шөгінді жыныстардан, кейде атпалы
жыныстардан алады. Тастың беріктік шегі 10 МПа төмен емес;
жұмсару коэффициенті – 0,75 төмен емес; салмағы – 40 кг
дейін. Шойтас аз қабатты құрылыстардың іргетастарын қалау
үшін қолданылады. Шойтасты және үзілген шойтасты
дайындау кезіндегі қалдықтарды шағылмен қайта өңдейді.
Қабырға блоктарын әк, туф, доломит, құмдақ
және т.б. сілемдерінен арамен тіледі. Олар екі,
үш және төрт қатарлы тілінуі бар тұрғын
ғимараттардың сыртқы және ішкі
қабырғаларын қалау үшін қолданылады.
Блоктардың өлшемдері 3 000 х 1 000 х 500 мм
дейін; салмағы – 1,5 т дейін. Күптейтін
плитадан басқа табиғи тастан профильді
бөлшектер дайындайды: ернеулік, галтелдер,
капительдер, сатылар, терезе асты тақталары
және т.б.

Ұқсас жұмыстар
КЕРАМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ БҰЙЫМДАРДЫ ЖІКТЕУ
Практика меңгерушісі
Табиғи тас
Күкірт қышқылы
Металды көркемдеп өңдеу
Полимерлердің түрлері
Қышқылдардың жіктелуі,алынуы, химиялық қасиеттері
ЭКОДИЗАЙН БАҒЫТЫНДАҒЫ КИІЗ БАСУ
Резеңке өнд ірісі
Алғашқы адамдардың тас құралдары
Пәндер