КЕРАМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ БҰЙЫМДАРДЫ ЖІКТЕУ


Презентация қосу
КЕРАМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
ЖӘНЕ БҰЙЫМДАРДЫ ЖІКТЕУ
Мақсаты мен міндеттері:
Керамикалық материалдар және керамикалық бұйымдарды
дайындауға арналған шикізат материалдарымен танысу
Жасанды құрылыс материалдарына
керамика жатады. Керамикалық деп
қалыптастыру, кептіру және кейін күйдіру
жолымен минералды және органикалық
қоспалары бар табиғи балшықтан жасалған
жасанды тас материалдарды атайды.
Керамикалық материалдар өндірісі – ең
ежелгі және кең таралғандардың бірі. Ол
біздің дәуірімізге дейін бірнеше
мыңжылдықтар бұрын пайда болды.
Керамикалық материалдардың жағымды
қасиеттеріне жоғары беріктік, төзімділік,
жоғары жылу техникалық қасиеттері,
дайындаудың қарапайымдылығы жатады.
Жіктеу негізіне күйдірілген материалдың
тағайындалуы, құрылымы және бастапқы
материалдың сапасы кірген.
Тағайындалуы бойынша керамикалық материалдар мен
бұйымдар келесі топтарға бөлінеді:
■ қабырға материалдары және бұйымдар (кірпіш, бос денелі
немесе толық тастар);
■ сызбаүлгілік кірпіш, түтін мұржаларына арналған кірпіш,
кәріз жабдықтарына арналған тастар, жол киімдеріне
арналған кірпіш (клинкер);
■ ғимараттың қасбеттерін күптеуге арналған кірпіш пен
беттік тастар;
■ еденді, қабырға мен түрлі бұйымдарды күптеуге арналған
плиткалар; ғимараттың ішкі күптемесіне арналған
плиткалар;
■ санитарлық-техникалық (қол жуғыш, шұңғылша және
т.б.);
■ қызуға төзімділік;
■ қышқылға төзімділік;
■ кеуекті толтырғыштар (гравий, керамзиттен, аглопориттен
жасалған құм).
.
Күйдіргеннен кейін түзілетін құрылымы бойынша
керамикалық құрылыс материалдарының сынығы
кеуекті және тығыз деп бөлінеді. Кеуекті
материалдар 5% және одан астам суды сіңірумен
сипатталады. Бұл топқа кірпіш, бос денелі тастар,
жабынқыш және т.б. кіреді.
Ақ немесе біркелкі боялған тығыз материалдар
сынықта қақтала жабысқан суды сіңіруі 5%-дан
аспайтын жылтыр кеуекті сыныққа ие. Бұл сынық
сұйық пен газды өткізбейді. Тығыз керамикалық
бұйымдарға еден плиткалары, қышқылға төзімді
кірпіштер және т.б. кіреді.
Шикізаттың сапасы бойынша керамикалық
материалдар және бұйымдар олардың ішінде қатты,
жұқа және қызуға төзімді болып бөлінеді.
Керамикалық бұйымдар жылтыр және жылтыр емес болуы
мүмкін.
Жылтырақ — бұл керамикалық бұйымның бетіне жағылған
және жоғары температура кезінде күйдіру жолымен бекітілген
шыны тәрізді қабат. Жылтырақ бұйымдарға сыртқы
факторларға төзімділік, су өткізгіштік және жоғары сәндік сапа
береді.
КЕРАМИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ
ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ШИКІЗАТ
МАТЕРИАЛДАРЫ
Керамикалық материалдар мен бұйымдарды
дайындауға арналған негізгі шикізат
балшық болып табылады. Балшықты
бөлшектерінің құрамына тәуелді табиғи
балшықтар құрамында 60 % астам
балшықты бөлшектері бар ауыр; 30 - 60%
балшықты бөлшектері бар шын мәнінде
балшық; 10 - 30% балшықты бөлшекті
саздақ және 5.10% балшықты бөлшектері
бар құмдақ болып бөлінеді.
Балшықтар созымдылығы бойынша жоғары созылымды (майлы),
орташа созылымды және аз созылымды (бос); қызуға төзімділігі
бойынша отқа төзімді (жұмсарту температурасы 1 580°С
жоғары), жай балқитын (жұмсарту температурасы 1 350...1 580
°С) және оңай балқитын (жұмсару температурасы 1 350 °С
төмен) болып бөлінеді. Отқа төзімді балшықтан қыздыруға
төзімді фарфорлы және фаянс бұйымдар; жай балқитыннан
едендер, кәріз құбырларын және құрылыс керамикасының басқа
түрлерін оңай балқитыннан кірпіш пен жабынқыш дайындайды.
Балшықтың отыруын кеміту, сызатты және бұйымның
шалыстануын болдырмау үшін балшықты шикізат қоспаның
құрамына жұқартқыш қосымшалар (құм, қож, күл), ал бұйымның
көлемдік салмағын төмендету үшін күйдіру үдерісінде жанатын
бос орын түзетін қосымшалар (үгінді, торф, көмір ұнтағы)
қосады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz