Спорттық ойындардың физиологиялық сипаттамасы



Дәріс тақырыбы: «Спорттық ойындардың физиологиялық сипаттамасы»
Құрастырушы: Р. Б. Лесбекова

Дәрістің мақсаты: Спорттық ойындардың физиологиялық негіздерін зерттеу. Футбол, баскетбол, волейбол сияқты спорттық ойындардың физиологиялық ерекшеліктерімен танысу.
Дәрістің жоспары:
1. Спорттық ойындардың жалпы физиологиялық сипаттамасы.
2. Футбол.
3. Баскетбол, волейбол.
4. Шайбалы хоккей.

1. Спорттық ойындар ситуациялы дене жаттығуларына жатады. Басты ерекшелігі - қимылдардың орындалуы алдын ала бағдарланбайды. Ойын кезіндегі әртүрлі мезеттерде пайда болатын жағдайларға, яғни ситуацияға байланысты, бұл кездегі қимылдың дұрыс және уақытылы орындалуы жүйке жүйесінің экстраполяцияға қабілеттілігімен сипатталады. Экстраполяция дегеніміз құбылыстың белгілі бір бөлімінде алынған нәтижелерді екінші бір бөлімінде қолдана алу. Мысалы, ойыншы айталық өзінің серіктесіне лақтырарда ол тұрған жерді емес, сол жетіп келетін жерді нысанаға алады. Бұл жерде жүйке процесінің қозғалмалылығы қажет. Қаншалықты жаңа іс-әрекеттерді көптеп меңгерсе, соншалықты спортшының экстраполяцияға қабілеттілігі арта түседі. Спортшының ағзасының қызметті күйі ойынның ұзақтығына, яғни уақытына, қарқынына, ойын алаңының көлеміне, командадағы адам санына және ойынның маңыздылығына байланысты. Ойын процесінде қаншалықты жүгіру көп болса, соншалықты вегетативті ығысулар үлкен болады. Барлық спорттық ойындар дене сапасының қайсы бірінің басым болуына байланысты болады да, шапшаңдықты-күшті жаттығуларға жатады. Қимылдардың басым көпшілігі ациклді болады.

Сонымен қатар, нысаналы қимылдар жүзеге асады, ал жалпы сипаты бойынша спорттық ойындар динамикалық жұмысқа жатады. Бұл жерде нысаналы қимылдардың нақты орындалуының маңызы үлкен. Циклді қимылдар - ауыспалы қуатты болып келеді. Ойындардың жекелей кезеңдеріндегі қимылдар үлкен, субмакималды және максималды қуатты аймақтарды қамтиды. Қалай жұмыстың қуаты төмендесе, солай қалпына келу процесі тездейді. Қаншалықты спортшының дәрежесі жоғары болса, соншалықты қалпына келу процесі шапшаң жүреді.
Бұл спорт түрінде қимылдардың максималды қуатпен орындалуын қамтамасыз ететін ағзаның анаэробты мүмкіндіктеріне үлкен талаптар қойылады. Осыған байланысты, жүктеменің қарқынын төмендетіп алмас үшін, ойын кезінде тәртіп бойынша ойыншыларды ауыстыруға рұқсат етіледі. Спорттық ойындар салыстырмалы түрде ұзақ уақытқа созылатындықтан (45-90 минут) спортшының анаэробты мүмкіндіктерімен қатар аэробты қасиеттерін жетілдіру қажет.
Спорттық ойындарда қимыл дағдылары толық автоматтандырылуы қажет, яғни спортшының қимыл әрекеттері санасыз, автоматты түрде орындалады. Сонда ғана спортышның санасының бақылауымен негізгі күрделі қимылдар жүзеге асады. Ойындардың жекелей бір әдістері, тіпті кейде күрделі қимылдардың құрылымдары автоматты түрде орындалуы қажет.

Спорттық ойындармен шұғылдану жүйке процестерінің қозғалмалылығын жетілдіреді. . Осы арттырудың басты көрсеткіші - дұрыс жауапты талап ететін күрделі реакциялардың латентті уақытының қысқаруы. Ал латентті уақыттың қысқаруы берлітеін қимыл жауабын таңдауға жұмсалатын уақыттың қысқаруы есебінен жүреді.
Спорттық ойынмен шұғылданатын спортшылардың бұлшық етінің жарылыс күші жақсы жетілген болады. "Секірмелі" қимылдар шапшаңдықты-төзімділікке талаптар қояды. Бұлшық еттердің күші олардың шапшаңдықты сапасын төмендетпеуі қажет. Сөре алдыңғы шапшаңдық жоғары болуы керек.
Спортшылардың есту, көру, тепе-теңдік және қимыл талдағыштарына көп талаптар қойылады. Спорттық ойындардан баскетболды, воллейболды, футболды қарастырамыз.
2. Футболшылардың дене сапаларының ерекшеліктері
Футболшылар көбіне бойларының ұзындығымен ерекшелене бермейді, қақпашылардың дене мөлшерлері - үлкен, шабуылшылардың дене мөлшерлері керісінше - кіші болып келеді. Дене тұрқылары бойынша футболшылар спортшы еместерден ерекшелене бермейді.
Футбол ойыны қимылардың әртүрлілігімен сипатталады. Жүгіру, секіру, допты соғу сияқты әртүрлі күшті элементтерден тұратын қимылдардан құралады. Бұл қимылдар өзі бір командадағы ойыншылардың арасында және қарсыластардың арасында орындалады. Ойын кезінде қимылдардың құрылымы мен қарқыны өзгеріп отырады.

Қимылдар - шапшаңдықты-күшті болып келеді. Футбол ойыны шапшаңдықтың, күштің ептіліктің дамуын қамтамасыз етеді. Ойын алаңының үлкендігі жүгірудің біршама ұзақтығымен сипатталады және ойынның 90 минуттан көптеу уақытқа созылуы бұлшық еттердің аэробты және анаэробты жағдайларға бейімделуін талап етеді. Жақсы нәтижеге жету үшін ойыншының көру аймағы және тепе-теңдік талдағышы жақсы жетілген болуы қажет.
Футболшы қысқа қашықтықты жоғары шапшаңдықпен жүгіріп өтуі қажет, ол үшін ағзаның анаэробты мүмкіндіктері жақсы жетілген болуы қпжет. Орта есеппен бір ойын кезінде футболшы 8-10 км қашықтықты жүгіріп өтеді. Мұның өзі ағзаның аэробты мүмкіндігінің жақсы жетілуін талап етеді. ОМҚ-ы футболшыларда - 58-62, 5 мл/мин/кг болады. Тыныштық күйде футболшылардың ЖСЖ брадикардия күйінде (48-54 соғу/мин) болса, ойын кезінде 160-180 соғу/мин-қа дейін көтеріледі. Жүректерінің көлемі орта есеппен 965 см3 (820-1140 см3) (В. Л. Карпман) .
ТЖ ойын кезінде 20-30 рет/мин - 60 рет/мин аралығында болады. ӨТС - 3500-5000 мл.
Жоғары дәрежелі спортшыларда қуаттың жұмсалуы жарысты ойындар кезінде 1 кг салмағына шаққанда 65-75 ккал-ға жетеді.

3. Баскетбол
Баскетболшылардың бойының ұзындығы орта есеппен - 196, 4 см. Дене құрлымының қатысы бойынша баскетболшылардың 47%-ы гигантойдты (аяқтары ұзын, йықтары кең), 29%-ы тейноидты (аяқтары ұзын, йықтары қушиған) болып келеді. Денелерінің тұрқы құмды сағат сияқты болып келеді - жоғары және төменгі бөлімдері - кең, ортаңғы жағы тарылған болып келеді. Іріктеудің бастапқы кезеңдерінде бойшаң спортшыларға көбірек көңіл бөлінеді.
Жоғары дәрежелі баскетболшылардың ОЖЖ-і қызметінің ерекшелігі - олардың қимыл реакциясының бағдары жақсы жетілген болады. Мұның өзі қимылға қатысатын бұлшық ет талшықтарының теңелуімен жүзеге асады. Жоғары дәрежелі баскетболшыларда доп екінші ойыншыға берілгенде немесе лақтырылғанда қолдың және йық белдеуінің күштенуінің тікелей осы қимылды жүзеге асыруы байқалады, яғни уақыты бойынша нақтылық байқалады, ал төменгі дәрежелі спортшыларда бұл реакция допты алардан біраз уақыт алдын басталады, олай болса ұзақ уақытқа созылады.
Көру талдағыштары. Ойын алаңында бағдарлануда көру аймағының маңызы үлкен. Сондықтан көру аймағының көрсеткіштері төмен спортшы жоғары спорттық нәтижені көрсете алмайды. Баскетболшылар ойын алаңына шыққан кезде олардың көру аймағы 15-20%-ға артады. Олардың көзді қозғалту бұлшық еттері жақсы жетілген болады және көздерінің бұлшық еттері біркелкі жетілген (ортофория) болады. Мұның өзі ойын кезінде көздің шаршауын азайтады.
Көздің таяқшалары алаңдағы бағдарлануды, ал құбырлар допты сақинаға нақты лақтыруды қамтамасыз етеді.

Қимыл талдағыштары. Бұл талдағыштың қызметі қызметті күйі қимылдарды көзбен бақылау және көзді жұмып тұрып орындау кезінде бағаланады. Жоғары дәрежелі баскетболшыларда алақан, саусақ бөлімінің буындарындағы қимыл талдағыштарының сезімталдығы жақсы жетліген болады. Ойын кезінде ерлер - 4200-4500 ккал, ал әйелдер - 3600-3800 ккал қуат жұмсайды.
Тыныс алу жүйесі. ТЖ ойын кезінде 50-60 рет/мин-қа дейін көтеріледі. ТМК және оттегінің қолданылуы ойын қарқынына байланысты. Орта есеппен оттегінің қолданылуы ойын кезінде 4, 3-4, 7 л/мин-қа жетеді. Максималды оттектік қарыздылық 8, 8 л/мин болады. ОМҚ-ы баскетболшы-ерлерде - 53 мл/мин/кг, ал әйелдерде - 44 мл/мин/кг (В. И. Дубровский, 2005) . Оттектік қарыздылықтың максимальды мөлшері жұмыстың ауыспалы қуаттылығымен түсіндіріледі, ал мұның өзі оттектік қарыздылықтың ойын барысының өзінде-ақ біршама жойылуын қаматамсыз етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz