Ресейдің отарлауы


Презентация қосу
Мұфтоллаев Дулат
Қазақстанды патшалық
Ресейдің отарлауы
• Қазақстанды Ресейдің
отарлауы– 1731 жылы
Кіші Жүз ханы
Әбілқайырдың Ресейге
қосылуынан басталды.
Бұл процесс 130 жылдан
аса уақытқа созылып, 19
ғасырдың 60 жылдарының
ортасына қарай толық
жүзеге асырылды
Қазақ даласында патша
өкіметінің отарлау
саясатының үш бағыты
• Гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери
шептер құрылыстың тездетіп салу және
тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-
Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру
• Саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы
округтер мен приказдарды одан әрі құру,
басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізу
• Қазақ даласын өзіне біржолата қосу, ал Орта
Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту
• Қазақтардың сыртқы саяси
жағдайларының күрделілігі орын
алған жағдайдан шығу жолдарын
іздеуді талап етті. 1726 жылы Кіші
жүздің ханы Әбілқайыр, старшиндар
Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлымбай
және басқалары Ресейге, оның қол
астына өту туралы өтініш білдіру
арқылы Қойбағарды жіберген еді.
Алайда ханның өтініші ол жылы
жауапсыз қалдырылды, сонда да
Әбілқайыр хан өзінің бодандығынан
және пиғылынан қайтпай, 1730
жылы қыркүйекте Уфа арқылы елші
жібереді.
• 1731 жылы 19 ақпанда императрица
Анна Иоанновна Кіші жүздің
қазақтарын Ресейдің қол астына алу
туралы грамотаға (ресми құжатқа)
қол қойды. Әбілхайыр ханнан ант
кабылдау үшін Ресейден сыртқы
істер коллегиясының тілмәші,
дипломат А.И.Тевкелев бастаған
елшілік жіберілді. Әбілқайыр 1731
жылы 10 қазанда Ресей
империясының қарамағына кіргендігі
жөнінде ант берді
• 1732 жылы 24 қарашада Тевкелев өз міндетін аяқтап,
Найзакескеннен кері жолға шықты. 1733 жылы 2 қаңтарда
Әбілхайырдың Петербургке жіберген елшісімен Уфаға келді.
Оның құрамында Әбілхайырдың ұлы сұлтан Ералы, ханның
немере інісі сұлтан Нияз, старшиналар Шандыбай, Мырза
Құдай-Назар, Мырзагелді батыр және т.б. болды.
Петербургтегі келіссөздің нәтижесінде Кіші Жүздің Ресей
бодандығына кіруі ресми ресімделді.
• 1731 жылдың аяғында Әбілқайыр және Бөкенбай батыр
өздерінің елшілерін Орта Жүзге жіберіп, Семеке ханға, егер
Ресей бодандығын қабылдаса орыс әскерлерінің көмегімен
өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндігі жөнінде уәде
берді. Семеке Әбілхайырдың ұсынысын қабылдады. 1732
жылы Орта жүздің кейбір бөліктері Ресей құрамына
формальды түрде кірді. Анна Иоанновнаның 1734 жылғы 10
маусымдағы грамотасымен Семекенің және оның
сыбайластарының өтініші қанағаттандырылды
• 1756 жылы қазақтарға қысқы
мезгілде малдарын Уралдың
оң жағына айдауға тыйым
салу жөнінде патшаның
Жарлығы шықты. Үкіметтің
шешімі, Жайық
казактарының мүддесі үшін
қабылданып, үкіметке қарсы
көзқарасты күшейтті
• Орта жүзде хан билігін таратқаннан кейін патша
үкіметі «Сібір қырғыздары туралы Жарғыға» сүйене
отырып, М.М. Сперанский пысықтаған жаңа басқару
жүйесіне келді. «Жарғы» бойынша Орта және Кіші жүздің
бір бөлігі көшіп-қонған қазақ даласының аумағы Сібір
қырғыздарының облысы деген атақ алды және 1839
жылға дейін Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омскіде
басқару орталығымен бірге Батыс-Сібір генерал-
губернаторы жаңадан құрған құрамға кірді
• Патша өкіметі қазақ
даласын түпкілікті
билеу үшін әуелі әр
түрлі реформалар
жүргізіп, қазақтың
елдік-этникалық
ұйытқысын ірітіп,
ұлыстарды бөлшектеп,
оларды губернияларға,
округтерге теліп,
ұлтанды елді
тұтастықтан айырды.
• 1867-1868 жылдардағы реформалар негізінен патша
өкіметі өндіріс иелеріне, саудагерлерге жерді жалға беру
туралы заң шығарды. Бұл заң боцынша 30 жылға дейін
жер жазбаша келісім-шарт бойынша берілетін болды.
Әрине, мұндай заң шетелдік келімсектерге де, орыс
шенеуніктеріне де өте тиімді еді.
• Жердің көп бөлігі Сібір қазақ-әскерлеріне тиісті делініп,
оның 500 мың десятинасына орыс шенеуніктері
қазақтардың өздеріне жалға беріп, жалдау ақысын
жылдан –жылға көтеріп отырды.
• XVIII ғасырдың 30 жылдарының басында Қазақстанды қосу тек
қана XIX ғасырдың ортасында аяқталды және күрделі қарама-
қайшы процесс болып табылды. Қазақ жүздерін қосу әртүрлі
саясаттан тыс және ішкі жағдайларға байланысты жүргізілді.
Кіші жүздің маңызды бөлігі, Орта жүздің кейбір аудандары ресейлік
бодандықты ерікті түрде қабылдады. Орта Азия империясының
стратегиялық, бұрыннан келе жатқан мақсаттарын басшылыққа
алып, Қазақстан тұрғындарының басым бөлігінің мүддесін
ескермей, өңірлердің бірігуін жеделдетуге тырысқан патшаның
әскери күшімен Орта жүздің басым бөлігі және Оңтүстік
Қазақстанның кейбір аудандары қосылды. Оңтүстік Қазақстанды,
содан соң Орта Азияны Ресейге қосу патшаға Британ
империясымен бақталастықта жоғары тұруға мүмкіндік берді.
Пайдаланылған әдебиеттер
• http://e-history.kz/kz/contents/view/144
• http://www.zox.kz/
• http://
testent.ru/index/kazakhstanda_otarshyldyk_kezenini_b
astaluy/0-615
• http://ikaz.kz/
• http://www.studfiles.ru/preview/3535409/
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz