Идея бірінші


Slide 1 Slide 2 Slide 3

Философия біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасында, бір-біріне байланыссыз, дербес және тәуелсіз түрде Ежелгі Үндіде, Ежелгі Қытайда және Ежелгі Грецияда пайда болды. Және барлық үш аймақта да философия мифология негізінде қалыптасты. Бастапқыда философиялық даналық-дәстүрлі өмірсалт пен түсінікке қарсы бағытталған сын, патриархалды қағидалардың әділдігі мен ақиқаттығына білдірілген алғашқы күмән ретінде қалыптасты. Өйткені табиғи және әлеуметтік шындықты жеткілікті тусіндіре алмаған діни-мифологиялық сананың дағдарысы кезеңінде ақиқатты жалпыдан, табиғиды жасандыдан ажырату, жаңа өмірлік бағдар мен берік те сенімді дүниетаным құру қажеттілігі туды. Дүние және адамды рационалды уғыну талпыныстары алдымен алғы философияға, содан соң философияға әкелді.

Slide 4 Slide 5

«Философия» ұғымы (грекше «филео» -құштарлык, махаббат: «софия»-даналық) «даналыққа құштарлық » деген мағьна береді. «Философия» атауын тарихта алғаш қолданған

Пифагор болды.

- Ей, дана (софист) ! •- дегендерге:

- Мен дана (софист) емеспін, бар болғаны даналыққа құштармын (философистпін) . Нағыз даналық Қудайга ғана тән! - деп жауап берген екен Пифагор.

Slide 6 Slide 7

Онтология - болмыс туралы ілім.

Гносеология (эпистемиология) - таным туралы ғылым.

Әлеуметтік философия - қоғам туралы ілім.

Логика

Этика

Эстетика

Ғылыми методология

Ғылыми философиясы (математиканың, астрономияның, биологияның, т. б философиялық мәселелер)

Тарих философиясы

Мәдениет философиясы

Құқық философиясы

Slide 8

Пифагор: “Даналыққа құштарлық”.

Гераклит : “ Философ - зерттеулермен айналысатын адам ”.

Сократ : “ Ізгілік пен зұлымдықты тануға бағытталған ерекше ғылым”.

Платон : “ Мәңгі ақиқат болмысты тануға бағытталған ерекше ғылым”.

Аристотель : “Заттардың себептері мен қағидаларын зерттеу”.

Эпикур : “ Ой арқылы бақытқа жету жолы”.

Сенека : “ Философия - ізгі кеңес”.

Ортағасырлық христиандық философия: “ Құдайлардың бар екенін дәлелдеу және рационалды таным құралы. Киелі Жазбалардағы ақиқатты түсіндіру ”.

Ф. Бэкон, Р. Декарт : “Ұғымдық форма арқылы берілген тұтас ұғым”.

Кант : “Дүниені абстрактылы метафизикалық ұғымдар арқылы тану құралы”.

Гегель : “Өзін-өзі танитын Абсолютті ақыл туралы ғылым”.

Шопенгауэр : “Философия - дүниені жалпы, абстрактылы ұғымдар түрінде бейнелеу түрі”.

Жанды Этика ілімі : “Рухани интуиция мен ақылға негізделген дүниені тану құралы құралы, адамды рухани жетілдіру жолы”.

Slide 9

Дүниетаным - дүние және ондағы адам орны туралы тұтас көзқарас. Тарих дамуында адамзат дүниетанымының үш тарихи түрі қалыптасты:

Мифологиялық;

Дін;

Философия;

Slide 10

Миф жауап беруге тырысатын негізгі сұрақтар:

Әлемнің, Жердің және адамның жаратылуы;

Табиғи құбылыстар туралы түсінік;

Адам өмірі, тағдыры мен өлімі, әрекеті, жетістіктері, т. б;

Борыш, ар-намыс, имандылық мәселелері.

Мифтің белгілері және жалпы сипаты:

Табиғатты жанды тіршілік ретінде қабылдау;

Фантастикалық құдайларға, олардың өзара қатынасына, байланыстарына сену;

Абстрактылы ойлаудың (рефлексияның) болмауы;

Мифтің нақты өмірлік міндеттерді (шаруашылық, стихиядан қорғану, т. б ) шешуге бағытталған практикалық сипаты;

Мифологиялық сюжеттердің біркелкілігі мен тереңге бойламайтын үстірт, жеңіл мағыналылығы.

Ежелгі мифологиялық жазба деректер:

Үнділік: “Рамаяна”, “Махабхарата”, “Ригведа”;

Египеттік: “Тексты пирамид”, “Пер-м-рху” (“Өлілер кітабы”) ;

Шумер-аккадтық: “Энки мен Нинхурсаг”. “Иннана-Думузи”:

Гректік: “Илиада”, “Одиссея ”, “Труды и дни”, “Гептамихос”;

Жапондық: “Кодзики”, “Нихонги”;

Тибеттік: “Зерминг”, “Лубум”, “Маникабум”;

Финдік: “Кале вала”, т. б

Slide 11

Дін - (латынның “религия” - “құдайшылдық” сөзінен) - сенімге негізделген, адам өмірі мен қоршаған дүниені басқаратын, жарататын құдіретті күштердің барын мойындайтын дүниетаным түрі. Діни дүниетаным адамнан дүние туралы сезімдік, образды-эмоционалды түсінікті талап етеді. Құдайға бағыттау арқылы бір бағытқа жұмылдыру, орталықтандыру, сол арқылы адамды және осы дүниелік болмысты мәртебелендіру.

Дін де миф ізденетін сұрақтарға жауап береді:

Әлемнің, Жердің, Жердегі тіршіліктің, адамның пайда болуы;

Табиғи құбылыстарға түсінік;

Адам әрекеті мен тағдыры;

Адамгершілік мәселелері;

Қарым-қатынас мәселелері.

Кең тараған ұлттық діндер:

Синтоизм

Индуизм

Иудаизм

Негізгі әлемдік діндер үшеу:

Буддизм

Христиандық

Ислам

Дін мынадай қызметтер атқарады:

Дүниетанымдық - дүние туралы жалпы түсінікті қалыптастырады;

Біріктірушілік - қоғамды қандай да бір идея үшін немесе идея төңірегіне топтастырады;

Мәдени -мәдениетке ықпал етеді немесе мәдениеттің таралуына жағдай жасайды;

Адамгершілікке тәрбиелейді, адамгершілікті насихаттайдайды (мейірбандық, инабаттылық, жанашарлық, адалдық, сыпайылық, төзімділік, борыш идеяларын жоғары бағалайды, уағыздайды) ;

Компесаторлық -адамның табиғат, әлеуметтік проблемалар, т. б жағымсыз сипаттағы басқа да факторлар алдындағы әлсіздігін, қорғансыздығын басқа сипаттармен толықтырады;

Жүйелеушілік - адамдардың тәртіптері мен өзара қатынастарын идеялар, нормалар, дәстүр, ритуал, құқық, мораль, қағидалар, т. б арқылы жүйелейді;

Мәдениет жалғастылығы - ұрпақтар арасындағы ой жалғастылығын қамтамасыз етеді;

Интеграциялық, дезинтеграциялық - индивидтерді топқа немесе әлеуметтік институттарға бөлу-біріктіру;

Slide 12

Философия - дүниетанымның ғылыми-теориялық түрі. философиялық дүниетанымның діни және мифологиялық дүниетанымдардан айырмашылығы:

Нақты ұғымдар мен категориялардан құралады;

Қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді;

Рефлексивті (ойдың өз-өзіне бағытталуы) :

Қисындылығы (ішкі тұтастық пен жүйелікке негізделеді) .

Осылайша философия - рационалдықпен, жүйелікпен және қисындылығымен ерекшеленетін дүниетанымның жоғарғы деңгейі мен түрі.

Философияның дүниетаным ретіндегі эволюциясы 3 кезеңнен өтті:

Космоцентризм;

Теоцентризм;

Антропоцентризм;

Космоцентризм - Әлем, табиғатқұбылыстары-сыртқы күштердің - Космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дүниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т. б шығыс елдеріне Ежелгі Грецияға тән) .

Теоцентризм - бүкіл болмыс, тіршілік - тек қана құдіреттің, Құдайдың үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным түрі (ортағасырлық Европаға тән) .

Антропоцентризм - орталығында адам мәселесі тұрған философиялық дүниетаным түрі. (Қайта Өрлеу дәуіріндегі Европаға, Жаңа Заманға, Қазіргі заманғы философиялық мектептерге тән) .

Slide 13

Философиялық білімнің басты ерекшелігі - оның екіұдайылығында.

Ол ғылыми білімге жақын: пәні, әдістері, логикалық-ұғымдық аппараты ғылыммен ортақ.

Сонымен қатар философия таза түрдегі ғылыми білім де емес. Философияның барлық басқа ғылымдардан айрықша белгісі - адамзат жинақтаған білімдердің барынша жалпыланған түрі, теориялық дүниетаным болуында.

Slide 14

Философия пәні кез-келген нақты ғылымдардың зерттеу пәнінен ауқымды. Философия білімді жалпылайды, кей ғылымдарды біріктіреді, бірақ барлық ғылыми білімдерді сарқып, жойып мәнсіздендірмейді. Ол ғылымдардың барлығына ортақ сипатты, құбылысты ғана қамтып, нақты, арнайы білімдерді сол ғылымның еншісіне қалдырады.

Slide 15

Философиялық білімнің ерекшелігі мынада:

Құрылымы күрделі (онтология, гнесеология, логика, т. б) ;

Барынша жалпы, теориялық сипатта;

Ғылымдардың негізінде жатқан базалық, басты идеялар мен ұғымдарға сүйенеді;

Көбінше субъективті-философиялық жүйелерімен, идеяларымен қатар философтардың дүниетанымдарының таңбасы, ойлау ерекшеліктері де қоса беріледі;

Объективті - білімдер мен құндылықтардың, өз заманының адамгершілік идеяларының жиынтығы болып табылады, өз дәуірінің ықпалына зерттейді;

Таным объектілерін ғана емес, таным механизмдерін де зерттейді.

Рефлексия қасиетіне ие - ойдың өзіне-өзінің бағытталуы (нәрселер дүниесімен қатар, білімнің өз-өзіне бағытталуы) ;

Өзіне дейінгі философтар жасаған доктриналардың әсер-ықпалына ұшырайды;

Динамикалық сипатта - тоқтаусыз даму, жаңару үстінде болады;

Барынша жалпы ұғымдарға - категорияларға сүйенеді;

Мәні сарқылмас терең;

Адамның (танушы субъекттің ) танымдық қабілеттерімен шектеулі;

Логикалық тұрғыдан ешқашан біржола шешілмейтін “мәңгілік” сұрақтармен айналысады (болмыстың жаратылуы, табиғаты, материяның немесе сананың біріншілігі, тіршіліктің пайда болуы, жанның ажалсыздығы, Құдайдың бар-жоқтығы, оның дүниеге әсері, т. б)

Slide 16

Философияның қызметі (функциялары) - философияның мақсат-міндеті мен арналуы іске асатын негізгі қолданылу салалары. Философияның негізгі функциялары мынадай:

Дүниетанымдық

Методологиялық

Теориялық

Гносеологиялық

Аксиологиялық

Әлеуметтік

Тәрбиелік-гуманитарлық

Сындарлы

Футурологиялық

Дүниетанымдық функция. Дүние туралы тұтас түсініктің - дүние құрылымы, заңдылықтары, ондағы адам орны, қоршаған ортамен қатынас қағидалары (принциптері) туралы тұтас пікірдің қалыртасуына әсер етеді.

Метологиялық қызмет. Концептуалды ойлауға, теорияны негіздеуге, қоршаған дүниені барынша жалпылауға үйретеді.

Гнологиялық функция. Философияның функцияларынң ішіндегі маңыздыларының бірі болып табылады - қоршаған дүниені дұрыс және ақиқат тануды (тану механизмін анықтауды) көздейді.

Аксиологиялық - (грек. axios-құнды) функциясы қоршаған дүниедегі құндылықтарды заттарды түрлі құндылық тұрғыларынан (моральдық, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, т. б) бағалап келіп барлық бағалы, құнды, пайдалыны өткізіп, барлық ескі, қажетсіз, құнсызды, кедергілерді ұстап қалатын “сүзгі” рөлін атқарады. Аксиологиялық қызмет әсіресе тарихтың өтпелі кезеңдерінде күшейе түседі. (мысалы, ортағасырлар басында Римнің құлдырауынан кейін кезеңдегі жаңа, теологиялық құндылықтарға деген ізденіс-сұраныс немесе Қайта Өрлеу, Реформация және ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. ғ басындағы капитализм дағдарысынан туындаған аксиология т. б) .

Әлеуметтік функция - қоғамды, оның пайда болуын, эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементтерін, қозғаушы күштерін зерттеп, ішкі қайшылықтарын ашып, оларды жою немесе жетілдіру жолдарын нұсқайды.

Тәрбиелік - гуманитарлық-гуманистік құндылықтар мен идеяларды зерттеп, адамға және қоғамға ендіріп-егіп, адамның дүниеге бейімделуіне, өз өмірінің мәнін анықтауына, табуына көмектеседі.

Сындарлы функция - қоршаған дүниені және білім атаулыны күмән “елегінен” өткізу, оның жаңа белгілерін, сипатын іздеу, қайшылықтарын ашу. Бұл функцияның түпкі міндеті - көкжиегін кеңейтіп, догмаларды жойып, білімнің қатып-семуін тоқтатып, оны модернизациялау, білімнің ақиқаттылығы деңгейін жоғарылату.

Болжамдық (футурологиялық) - қоршаған дүние мен адамдар туралы қолда бар философиялық білімдерге, таным жетістіктеріне сүйене отырып материяның, сананың, таным процестерінің, адамның, табиғат пен қоғамның даму тенденцияларына болжау жасайды.

Slide 17

Философияның дәстүрлі негізгі сұрағы деп - ойлаудың болмысқа, болмыстың - ойлауға (санаға) қатынасы мәселесін айтады. Сұрақтың негізгі болуының мәні, маңыздылығы: адамның (философияның басты міндеті болып табылатын) қоршаған дүние және ондағы адам орны туралы тұтас білім жинақтауы, қандай сипаттағы жүйе құруын - дәл осы сұраққа беретін жауабына тікелей байланыстылығында.

Материя және сана (рух) - болмыстың қарама-қарсы және ажырамас екі сипаты. Осыған байланысты философияның негізгі сұрағынан оның екі - онтологиялық және гносеологиялық жақтары туындайды.

Философияның негізгі сұрағының онтологиялық (болмыстық) жағы: “не бірінші: материя ма, әлде, сана ма?”деген сұрақпен беріледі.

Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық (танымдық) жағының мәні- “Дүние таныла ма, әлде танымнан тыс па? Таным процесінде не бірінші?”-деген сұрақ.

Философияның негізгі сұрағына беретін жауаптарына қарай адамдар:

Материалистерге;

Идеалистерге;

Дуалистерге бөлінеді.

Материализм (“Демокрит бағыты ” деген атпен белгілі) - материя мен сана қатынасында “материя бірінші” деп санайтын философиялық бағыт.

Материалистер пікірінше:

Материя реалды тіршілік етеді, шын, ақиқат;

Материя санаға тәуелсіз тіршілік етеді (яғни материя өзі туралы ойлаушылардан және өзі туралы қандай да бір ойлардан азат) ;

Материя дербес субстанция- өз тіршілігінде өзінен басқаны қажет етпейді;

Материя өзінің ішкі заңдары бойынша дамиды және тіршілік етеді;

Сана (рух) дегеніміз - жоғары ұйымдасқан материяның өзін-өзі (материяны) бейнелеу қасиеті (модусы) ;

Сана материя сияқты тіршілік ететін дербес субстанция емес;

Сананы анықтайтын - материя (болмыс) .

Slide 18

Философиялық бағыт (мектеп)

Философияның негізгі сұрағының мәні

Өкілдері

Дәуірі

1

Буддизм

Жердегі, бұл дуниелік азаптан қалай құтылуға болады

Гаутама, Будда, т. б

Ежелгі дүние

Жаңа заман

2

Үнді ортоксалды мектебі

Сансарадан, кармадан құтылып, мокшаға, рухани дүниелердегі ажалсыздыққа қалай жетуге болады?

Капила, Патанджали, Вьяса, Канада, Шанкара, т. б

Ежелгі дүние

Жаңа заман

3

Даосизм

Даоны тану және ажалсыздыққа жету

Лао-Цзы, т. б

Ежелгі дүние

Жаңа заман

4

Антикалық философиялық мектептер

Барлық заттар негізінде не жатыр? (нағыз болмыс деген не?)

Фалес, Пифагор, Анаксимен, Анаксимандр, Гераклит, Парменид, Демокрит, Платон, Аристотель, т. б

Ежелгі дүние

5

Христиандық философия

Құдай деген не (кім) ?

Августин, Ориген, Ұлы Василий, Фома Аквинский

Орта ғасырлар

6

Суфизм

Құдаймен бірігу

Әл-Мысри, Әл-Мухабиси

Орта ғасырлар және Жаңа Заман

Slide 19

7

Оккульттік философия

Адам мәнінің трансмутациясы және рухани ажалсыздыққа жету жолы

Ұлы Альберт, Раймонд Луллий, Никола Фламмель, Якоб Беме, Парацельс, Евгений Филалет

Жаңа Заман

8

Эмпиризм және рационализм

Ғылыми және философиялық танымның ең дұрыс әдістері қандай?

Бэкон, Декарт, Спиноза, Лейбниц

Жаңа Заман

9

Мен не біле аламын?

Мен не істеуім керек?

Мен неден үміттене аламын?

Кант

Жаңа Заман

10

Абсолютті рухты тану және дамуының диалектикалық логикасы

Гегель

Жаңа Заман

11

Диалектикалық материализм (марксизм)

Материя мен рухтың арақатынасы: а) не бірінші: материя ма, әлде, рух па? б) рух материяны тани алады ма?

Маркс, Энгельс, Ленин, т. б

Жаңа Зман және қазіргі заман

12

Неопозитивизм

Нағыз ғылыми таным деген не№

Шлик, Карнап, Нейрат, Рассел

Қазіргі заман

13

Лингвистік философия

Тіл мәселесі

Хайдеггер, Камю, Сартр, Марсель, Ясперс

Қазіргі заман

14

Экзистенциализм

Адам мәселесі

Қазіргі заман

15

Эзотерикалық философия (теософия, Храм ілімі, Жанды Этика, т. б )

Дүниені тану, Адамды және дүниені жетілдіру

Махатма, Блаватская, Ла Дью, Рерих, т. б

Ежелгі дүние

Қазіргі Заман

Slide 20

Материалистік бағыттың негізгі өкілдері: Демокрит;

Милет мектебінің философтары (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен) ;

Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, т. б француз философтары;

Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин;

Материализнің артықшылығы - ғылымғы, әсіресе нақты және жаратылыстану ғылымдарына (физика, математика, химия, т. б) сүйенуі, қағидаларының логика тұрғысынан дәлелділігі. Материализмнің әлсіз жақтары - қоршаған дүниедегі кейбір құбылыстарға, сана табиғатына берілетін түсініктердің жеткіліксіздігі.

Материализмде “тұрпайы материализм” деп аталатын бағыт ерекшеленеді. Оның өкілдері (Фохт, Молешотт) материализмнің рөлін абсолюттендіріп, материализмді физика, математика, химия тұрғысынан зерттеп, оның механикалық жағына баса назар аударып, сананың мән ретіндегі рөлін және материяға ықпал ету мүмкіндіктерін елеусіз қалдырады. Материализм философиядағы үстем бағыт ретінде демократиялық Грецияда, эллинистік мемлкеттерде, буржуазиялық революциялар (XVII ғ. ) кезеңіндегі Англияда, XVIII ғ. Францияда, XX ғ. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында және басқа да социалистік елдерде кең тарады.

Идеализм (“Платон бағыты”) - материя мен сана қатынаса мәселесінде сананы, (рухты) бірінші деп қарастыратын философиялық бағыт.

Идеализм өз ішінде 2 ағымға бөлінеді:

Объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель, т. б)

Субъективті идеализм (Беркли, Юм) . Объективті идеализмнің негізін қалаушы Платон болды.

Slide 21

Объективті идеализм концепциясы бойынша:

Тек идея ғана реалды тіршілік етеді.

Идея бірінші.

Бүкіл дүние “идеялар әлемі” және “заттар әлемі” болып екіге бөлінеді.

“эйдостар” - “идеялар әлемі” Әлемдік Ақылда бастапқыдан бар.

“заттар әлемі” -материалды дүние дербес тіршілік ете алмайды, олар “идеялар әлемінің” көрінісі ғана.

Әрбір жеке-дара зат сол заттың идеясының (эйдосының) көрінісі (мысалы, үй - жалпы үй идеясының көрінісі, кеме - кеме идеясының, ат - ат идеясының, т. б) ;

“таза идеяның” нақты затқа айналуында басты рөлді Жаратушы-Құдай атқарады.

Объективті идеалистерге керісінше, субъективті идеалистер (Беркли, Юм, т. б) пікірінше: жеке адамның санасынан тыс материя да, рух та жоқ.

Барлық білім, құбылыс - танушы субъекттің (адамның) санасында орын алған.

Идеялар адам ақылында тіршілік етеді.

Материалды заттардың образдары (идеялары) де тек адамның ақылында болады.

Идеализмнің әлсіз жақтары - “таза идеялардың” бар екендігіне және олардың нақты заттарға айналуына (материя мен идеяның пайда болу механизмі туралы) қисынды (логикалық) түсіндірмесінің болмауы.

Идеализм философиялық бағыт ретінде платондық Грецияда және Ортағасырларда үстем болды, қазіргі АҚШ-та, Германияда, Батыс европаның кей елдерінде кең тараған.

Философиядағы негізгі полярлы бәсекелес бағыттар - материализм, идеализммен қатар, аралық (конформистік) ағымдар (дуализм, деизм) да бар.

Дуализмнің негізін қалаушы Декарт болды. Дуализмнің мәні мынада:

Бір-біріне тәуелді екі - материалды және рухани - субстанция бар.

Материалды субстанция дәйектілікке (протяженность) ие, ал рухани субстанция - ойлау қасиетіне ие.

Дүниедегінің бәрі осы аталған екі субстанцияның туындысы (модусы) : материалды заттар-материалды субстанциядан, идеялар - идеалды субстанциядан туындайды.

Адамда осы екі - материалды және рухани - субстанциялар қатар және бірдей.

Материя және сана (рух) - біртұтас болмыстың қарама-қарсы және өзара байланысты екі жағы.

Философияның негізгі сұрағы (“не бірінші - материя ма, әлде сана ма?”) деген жоқ, өйткені материя мен сана бірін-бірі өзара толықтырады және әрдайым бірге өмір сүреді деп санайды.

Slide 22

Деизм жақтаушылары (негізінен XVIII ғасырдағы француз ағартушылары) құдайдың бар екенін мойындағанмен дүниені жаратқаны болмаса жаратушы Құдай одан кейінгі дүние дамуына, адамдар әрекеті мен тағдырына қатыспайды деп түсінетін философиялық бағыт. Яғни, адамгершілік символы ретінде ғана болмаса, ешбір “билігі”, “құзыры” жоқ Құдайды мойындау. Сонымен қатар деистер материяны жанды деп есептейді және материя мен рухты (сананы) қарсы қоймайды.

Slide 23

Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық жағына қатысты екі бағыт туындайды.

Эмпиризм (сенсуализм)

Рационализм

Эмпиризм (“эмпиро”-“сезімдік тәжрибе”) -біліміміздің қайнар көзі-сезімдік тәжірибе деп түсінетін философиялық бағыт. Негізін қалаған - Фр. Бэкон. Эмпиристер таным негізін сезімдер мен тәжірибе ғана құрайды деп санайды - “Сезім мен тәжірибеде болмаған нәрсе ойлауда (ақылда) да болмайды”. Яғни ойлауда бар нәрсе тек сезімдік тәжірибе арқылы алынады, тек сезім арқылы өтеді.

Рационализмнің (латынның ratio-“ақыл” сөзінен) негізін қалаушы Р. Декарт деп саналады. Рационализмнің басты идеясы - ақиқат білім тек ақылдан, тікелей ақылдан алынады және сезім мен тәжірибеге тәуелсіз. Өйткені, біріншіден, реалды тіршілік ететін (нәрсе, құбылыс) - күмәндану ғана, ал күмәндану - ой-ақылдың әрекеті. Екіншіден, ақылға ғана тән, ешбір тәжірибелік дәлелді қажет етпейтін ақиқаттар (аксиомалар) бар: “Құдай бар”, “квадраттың бұрыштары тең”, “бүтін өзінің бөлектерінен үлкен” т. б.

Аталған бағыттардың ішінде иррационализм (Ницше, Шопенгауэр) айырықша сипатымен ерекшеленеді. Иррационалистер түсінігінде дүние дегеніміз - ішкі логикасы жоқ, ақылмен танылуы мүмкін емес хаос.

Гностицизм өкілдері (әдетте материалистер) пікірінше:

Дүние танылады

Таным мүмкіндіктері шексіз

Керісінше, агностиктер (әдетте идеалистер) түсігінде:

Дүние танылмайды

Таным мүмкіндіктері адам ақылының тану мүмкіндіктерімен шектеледі.

Агностицизмнің көрнекті теоретиктері қатарында Иммануил Кант (1724-1804) та бар. Кант пікірінше, адам ақылының мүмкіндіктері көп болғанымен шектеулі. Ақылының танымдық мүмкіндіктерінің шектеулілігі мен шектілігіне байланысты адам ешқашан шеше алмайтын жұмбақтар - қайшылықтар (антиномиялар) бар. Мысалы, “Құдай бар”, “Құдай жоқ”. Кант философиясында осы сияқты шешілмеітін қайшылықтар (антиномиялар) төртеу. Адамның танымдық мүмкіндігіне енетіндердің өзі де, Кант пікірінше, ешқашан толық танылмайды, өйткені ақыл - бар болғаны заттардың адам сезіміне, сезімдік танымға қалдыратын бейнесін ғана тариды, ал осы заттың ішкі мәнін - “өзіндік затты”-ешқашан.

Философтардың мыңжылдық ізденістеріне қарамастан философияның негізгі сұрағы не онтологиялық, не гносеологиялық жағынан нақты шешілген жоқ және “мәңгілік” (ешқашан нақты шешілмес) философиялық мәселе болып қалуда. Өйткені философияның негізгі сұрағына әрбір адам өздігінше дербес, өз бетінше жауап іздеіді және береді. ХХ ғасырдағы Батыс философиясында философияның дәстүрлі негізгі сұрағына - шешімі қиын болғандықтан және өзектілігі төмендей бастағандықтан - назарды мейілінше аз бөлу тенденциясы қалыптасты. Оның есесіне Ясперс, Хайдеггер, Камю т. б философияның негізгі сұрағына айналатын келесі мәселенің - экзистенциализмнің негізін қалады. Экзистенциализм қарастыратын сұрақтар шеңберіне; адам, оның тіршілігі, өз рухани дүниесін басқаруы, қоғам ішінде және қоғаммен арақатынасы, оның бостандығы, еркін таңдауы, өмір мәні, өмірдегі өз орны, бақыты, ізденістері мәселелері енеді.

Slide 24 Slide 25
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық идея
Ұлттық идея және оның компоненттері
Ойын Идеялар матрицасы
Саяси түсіндірме сөздік
Тақырып және мәңгілік тақырыптар
Ортақ идея
Инновациялық жобаның өмірлік циклы
Назарбаев сол бірегей тағдырды еншілеген тұлға
КЕЗЕҢДЕРІН ТАЛДАУ
Шығарма тақырыбы мен идеясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz