Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет жобасы


Slide 1

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ Дәрістің тақырыбы: «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» - жаңа Қазақстан философиясы Дәрістің мақсаты: Ел дамуындағы «Мәңгілік Eл» жалпыұлттық идеясы мен қоғамдық сананы модернизациялаудағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәні мен маңызын пайымдау. Алматы-2021

Slide 2

ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ

Қазіргі Қазақстандағы модернизация процестері - әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени аспектілері. Еуразиялық әлем және Қазақстанның дамуы.

ХХІ ғасырдағы Қазақстанның жаһандық әлемдегі өркениеттік идентификациясы.

«Мәңгілік Ел» идеясы мен «Рухани жаңғыру» жобасы - Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары.

Slide 3 Slide 4

Жаңғыру дегеніміз не?

Ғылыми әдебиетте «Жаңғыру» қоғамның әлеуметтік эволюциясына, оның өсуіне алып келетін саясаттағы, экономикадағы және мәдениеттегі инновациялардың тарихи ұзақ процесі ретінде белгіленеді.

Slide 5

Қазақстан үш жаңғыруды жүзеге асырды

1 жаңгыру

Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекет

құрды

2 жаңғыру

2030 стратегиясын қабылдап және Астананы салып, Қазақстан 50 дамыған елдің қатарына енді

3 жаңғыру

Ұлт жоспарын орындау негізінде әлемнің 30 озық елінің қатарына ену

Slide 6 Slide 7

Елбасы өз мақаласында былай анықтайды-саяси жаңғырудың да, экономикалық жаңғырудың да табысты болуы бірінші кезекте қоғамдық сананың руханият басым болатын деңгейіне тәуелді. Сондықтан бүгінгі таңдағы рухани қайта өрлеу - ең өзекті міндет.

Slide 8

Рухани жаңғыру міндеті

Қоғамдық қатынастардың әлеуметтік және мәдени саласының өзгеруі (еңбек этикасы, құндылықтардың дәстүрлі жүйесі, өмір салты, тұтынушылық мәдениет, халықтың әлеуметтік өмір салтының жаңа формаларына деген сезімталдығы және т. б. ) .

Slide 9

Рухани жаңғыру бағытында атқарылған ауқымды жұмыстар

Slide 10

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ

ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде?

Басты кемшілігі - олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.

Slide 11 Slide 12

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ КОД

Әрбір этностық топ өзіндік мәдени және антропологиялық кодқа иеленеді. Тірі ағзадағы гендер әлеуметтік жүйенің ДНК рөлін атқарса ұлттық мәдениеттің әлеуметтік кодтары қоғамның өмірінде де сондай рөлді атқарады. Ұлттық ділдің дүниетанымық әмбебаптары адам өмірінің біртұтас бейнесін қалыптастырады.

Белгілі бір мәдениет түріндегі құндылықтық басымдықтарының шкаласын көрсете отырып, олар білімнің, нанымдар, құндылықтық бағдарлар, мақсат ұстанымдары, қызмет ету үлгілері мен әрекеттердің қайсылары адамдардың әрекеттерін, тілдесуі мен қызметін реттейтінін, олардың әлеуметтік өмірін қалыптастыратынын анықтайды.

Ұлттық сананың дүниетанымдық әмбебаптарының жүйесі өзіндік бір мәдени және генетикалық код болып табылады, соған сәйкес әлеуметтік ағзалар да жаратылып отырады. Әлеуметтік ағзалардың түбегейлі өзгеруі мәдени және генетикалық кодтың өзгеруінсіз мүмкін емес

Slide 13

Қазақстандықтардың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыты

Slide 14

1. Бәсекелік қабілет

Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында.

Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

Slide 15

Шет тілдерді білу

Әлемдік ақпараттық қордың жартысынан астамы ағылшын тілінде жазылған. Ақпарат күн сайын және сағат сайын жаңартылып отырады. Ақпарат көздерінің тек кішігірім бөлігі орыс және қазақ тілдеріне аударылып отырады.

Сәйкесінше, шет тілдерін білмеу негізгі ақпараттық лектен тыс қалдырып отырады. 2020 жылға қарай әрбір бесінші қазақстандық ағылшын тілін білетін болады. Жастар арасындағы бұл көрсеткіш 40% жетуі тиіс.

Ағылшын тілі кеңінен таралған елдер тез және барынша дамып келеді. Мысал - Үндістан, Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея. Оларға технологиялар мен тәжірибе, сонымен қатар инновациялық дамуды қамтамасыз ететін біліктілігі жоғары кадрлар тез келіп отырады

Slide 16

2. Прагматизм

Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу.

Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі - орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді.

Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану - мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.

Slide 17

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

Slide 18 Slide 19

4. Білімнің салтанат құруы

Кеңестік жүйеден, дәлірек айтқанда энциклопедиялық білім, білім берудің кеңдігі мен оның іргелі сипатынан ерекшелінеді. Білімнің салтанаты функционалды сауаттылықты, нақты құзырлар мен мамандандыруды білдіреді. Мектеп оқушыларында сабақ оқу жүктемесі жоғары болмай, олардың назары жалпылай дамуға, яғни өнер, спорт, тілдерді оқу, заманауи коммуникативті практикаларға бөлінуі мүмкін. Мұнда білімнің өзі емес, ал оның қолданылуы маңызды болып келеді.

Сол себептен білімнің салтанаты пәнді тереңінен тануды, бастамашылдықты және еңбекқорлықты ұйғарады. Мұнда басымдық алынған білімнің жиынтығына емес, ал жаңа идеяларды генерациялауға қойылып отыр.

Slide 20

Болашақ бағдарламасы

Қазақстандық жастарға конкурс негізінде тағайындалып, шет елде білім алуға мүмкіндік беретін халықаралық стипендия. 1993 жылдан бастап жалғасын тауып келе жатыр. Осы уақыт аралығында он екі мыңнан астам адам білім алды. Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасының түлектері - бұл әлем мен тілдерді жақсы игерген қазақстандық қоғам дамуының бетке ұстарлары

Slide 21

Зияткерлік мектептер жүйесі


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы
Туған жер бағдарламасы
Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ КОД
Рухани жаңғыру міндеті
Қазақстаның қасиетті рухани
Мемлекеттік мұрағатынан 482 құжат
Философия және Рухани жаңғыру
Мәдениет тілдері
БӘСЕКЕЛІК ҚАБІЛЕТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz