Ауру себептері және денсаулық аффирмациялары


Презентация қосу
Психология пәнінен
Ғылыми зертеу жоба тақырыбы:
«Адамның ойлауы және ішкі ағзаның
денсаулық арасындағы байланысы.
Луиза Хей кестесі»
Мазмұны
I тарау. Кіріспе
Ғылыми жобаның өзектілігі
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Ғылыми жобаның гипотезасы
Зерттеудің жаңашылдығы
IІ тарау. Теориялық бөлім
2.1. Ой туралы жалпы түсінік
2.2. Ауру тудыратын сөздер
2.3. Ауру себептері және денсаулық аффирмациялары
2.4. Луиза Хей туралы мәлімет
2.5. Луиза Хей кестесі
ІІІ тарау. Зерттеушілік бөлім
3.1. Колледж ұжымымен зерттеу жүргізу
3.2. Зерттеу қорытыныдысы және ұсыныстар
IV тарау. Қорытынды
І.Кіріспе
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Қазіргі қоғамда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
қорытындысы бойынша 80% аурудың себептері адамның ішкі
факторына байланысты. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан
ТМД елдері арасында денсаулығы мықты мемлекеттер рейтингінде соңғы
орында тұр. Сонымен бірге, Қазақстан әлемнің 145 денсаулық
көрсеткіштері төмен көрсеткіш мемлекеттер рейтингінде 111-орында.
Қазақстандықтардың денсаулығы 18.41% көрсеткішімен бағаланды. тұр
(БҰҰ ақпараттық агенттік Bloomberg зерттеуі бойынша). Грузия 71
орын, Армения 79, Тәжікстан 84, Өзбекстан 85, Әзірбайжан 87, Беларусь
91, Украина 99, Кырғызстан 101, Түркменстан 104, ал Ресей рейтингте
26.44% көрсеткішімен 97 орынға ие болды.
Рейтингтің соңғы орындарында Африка мемлекеттері орналасты.
Бұл зерттеуде соңғы бес жылғы мәлімет сарапқа алынды.
Ең жоғары көрсеткішті Сингапур мемлекеті 89,45% алды.
Ондыққа итальяндықтар(89,07%), австралиялықтар (88,33%),
швейцариялықтар (88,29%), жапондықтар (86,83%), израильдіктер
(85,97%), испандықтар (84,36%), голландықтар (84,09%), шведтер
(83,90%) және немістер (83,58%) кірді.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері:
Ауру тудыратын ішкі себептерді ашып көрсету және мінезді
жақсарту арқылы денсаулықты нығайту жолдарымен
таныстыру
Ғылыми жобаның гипотезасы:
Болашақта Қазақстанда көпшілікке қолжетімді әдістерді
қарапайым халыққа ауруды алдын алу және болдырмау үшін
үгіт-насихат жүргізе отырып, кеңінен тарату. Баспасөз
құралдары арқылы жинақ шығарып, денсаулықты нығайтуда
бағыт –бағдар беру.
Зерттеудің жаңашылдығы: зерттеу жұмысы кірспеден, екі
тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиет
тізімінен тұрады.
ІІ тарау. Теориялық бөлім
2.1. Ой туралы жалпы түсінік
Ой – берілген бір немесе бірнеше өзара байланысты пайымдардан жаңа
пайым қорытып шығаратын ойлау формасы.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы
бейнеленуі.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам
баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір
психологтардың (Л. Леви-Брюль т. б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта
қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы, шорқақ дейтін теориялар
ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық
даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп
отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа
ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан
шығады. Ойлау — өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс.
«Бұрынғы уақытта, - деп жазды Ж. Аймауытов пен
М. Әуезов «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында,-
«Қазақ елі ұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор,
адамы ірі, бітімді, қайратты, сауықшыл ел болған. Досымен
достасып, жауымен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана
да білетін халық екен»
(Алаш, 1917, 30 наурыз, № 16).
Сол заманда өмір сүрген қазақ халқының денсаулық
жағдайы да қазіргі жағдаймен салыстырғанда едәуір мықты
болған.
Ауру тудыратын сөздер
ғылымда неміс неврологы,
психотерапевт,
Иран мемлекетінің тумасы
Носсрат Пезешкианның
(1933-2010 жж.)
еңбектерінде ғылыми түрде
дәлелденген.
2.2. Ауру тудыратын сөздер
Доктор Пезешкиан бұл сөздерге «ағза тілі» («органическая речь»)
деп атау берді. Ағзаны бұзатын сөздердің жұмысы - ауруды
қоздыру.
Ағза бұзушы сөздер қандай ауруларды тудырады? Төменде
көрсетілген дерек мыңдаған науқастарға жасалған зерттеулердің
нәтижесі:
Құсқым келеді, жүрегім айныйды- жүйке анорексиясы;
Арқамнан жүк түспейді, шаруаларым мойынымнан асады – тұз
жиналу (остеохондроз);
Жегідей жеп бітті, өлгенше жалықтырып жіберді, өз-өзіме тиесілі
емеспін, жарылғалы тұрмын – ісік ауруы (рак);
Бүйрегіме тас болып отырып алды ғой, басыма саңқып кетті, әлім
жоқ, құрсыншы бәрі қатты шаршадым– қуық ауруы;
Жаным жай табатын жер болса ғой, ашуыма ерік бердім, ауаны
Қанымды сорып бітті, құр сөлім қалды, қанымды қарайтты –
қан аурулары;
Жүрегіме жақын қабылдау, жүрегім қақ айырылады,
жүрегіме пышақ сұғып алды – жүрек талмасы (инфаркт
миокарда);
Басым сынды, бітпейтін бас ауруы, шақшадай басым
шарадай болды – мигрень (жүйке жүйесі аурулары)
Жұмысым жүрмей жатыр, екі аяқ бірдей ақсап тұр , «кетші
бар», шалқалақтау – аяқ – қол буын аурулары;
Шыдамым таусылды, ашу қысты – гипертония;
Қайғы жұттым, өмірің балдай көрінбесін, қуанатын түгі жоқ
– бауыр және өттің қабынуы, семіздік;
Көзім көрмей қалушы еді, көруге қорқынышты, көзге түртсе
көрмейді – көз ауруы;
Аузыңды жап, сөйлеме, естігім келмейді – есту қабілетінің
төмендеуі.
2.3. Ауру себептері және денсаулық аффирмациялары
Аффирмация дегеніміз не?
Аффирмация деген өзіңізді сендіру арқылы болашақ арман -
мұраттарыңызға ақыл-ойыңызды шоғырлау. Аффирмация
өткен шақ немесе келер шақ түрінде емес, осы шақ негізінде
жасалады. Яғни, сіз ойыңызға алған арман- мақсаттарыңызға
қазіргі күні қол жеткізіп, ол өмір шындығына айналғандай
сезімде болғаныңыз шарт. Әр адам оны өзінің арман-
мақсатына орайластырып өзі жасауы керек. Бірақ
аффирмацияны қолданудың жетістігі ортақ, - ол түйсікте
жиналған жаман қоқыс ойларды ысырып тастап, орнына
жақсы жағымды ойларды орнықтыру.
Аффирмация мысалдары:
Менің денаулығым өте жақсы, бойымдағы барлық дерттен
арылып, өзімді өте жақсы сезінемін.
Көңіл- күйім әрдайым көтеріңкі, айналамдағы жандардың
бәрімен күлімсіреп амандасамын және үнемі жылы қарым
қатынаста жүремін.
Мен ешкімді жамандамаймын, ешкімге жамандық тілемеймін,
айналамдағылардың жеткен жетістіктеріне әрдайым қуанып
және тілектес болып жүремін, ешкімнен ештеңені
қызғанбаймын.
Мен бақуаттымын, жалақысы жоғары қызмет істеймін және
табысым өзіме, отбасыма толық жетеді.
Мен туыстарыммен, отбасыммен, бірге қызмет ететін
әріптестеріммен өте жылы және жақсы қатынастамын.
Ешкіммен ешқашан ұрыспаймын, ренжіспеймін.
Әр күнім маған жағымды жақсы жаңалықтар, игіліктер әкеледі.
Бүгінгі күнім де жақсылыққа толы болады.
2.4. Луиза Хей туралы мәлімет
Луиза Хей (шын аты Лепта Кау), 8 қазан 1926 жылы
Лос- Анджелес қаласы, Калифорния штатында
(АҚШ) өте қарапайым отбасында дүниеге келген.
• Бірнеше жылда Луиза Хей «Анықтама»
кітабын жазып шығады. Бұл кітапта
аурулардың физикалық себептері, олардан
айығу жолдары (аффирмация сөздері) туралы
кеңінен жазылған. 1977 жылы Луиза өзінің
рак ауруына шалдыққанын біледі. Бірақ
медицинаның көмегіне жүгінбестен бұрын, өз
бетінше жоспар жасайды: аффирмациялар,
визуализация (елестету), ағзаны тазарту,
рефлексотерапия және психотерапия. Ең
бастысы, рак ауруына шалдығу себебін
түсінеді, ол бала кезінде сақталып қалған
өкпе- реніш. Луиза өз бетінше «Кешіру
схемасын» қолданып, өкпе –ренішті «ерітіп»
жібереді. Алты айдың ішінде Луиза толық
дертінен айығады. Луиза Хей (1926 - 2017)
Жазушы, қоғам қайраткері, отыздан
• Луиза Хей көптеген адамдарға көмек
көп психологиядан кітаптар жазған
көрсетіп, 2017 жылы Сан-Диего штатында танымал тұлға.
90 жасында ұйқы үстінде қайтыс болды.
2.5. Луиза Хей кестесі
ІІІ. Зерттеушілік бөлім
3.1. Колледж ұжымымен зерттеу жүргізу
Тақырыпты зерттеу барысында 22-59 жас аралығында 25
ұстаздар мен қызметкерлер арасында зерттеу жұмысы жүргізілді.
Зерттеу барысында колледж ұстаздарына келесі сұрақтар қойылды:
Сіздің жасыңыз?
Аурудың қай түріне Сіздің ағзаңыз бейім?
Сіздің ойыңызша, аурудың себебі неде?
Зерттеу нәтижесінде ұстаздар арасында жиі кездесетін аурулар
анықталды: бауыр, бүйрек, асқазан, жүрек, зоб, мастопатия, жоғары
қан қысымы, ревматизм, ангина, гипертония,панкреатит, жүрек, аяқ
және буын аурулары, көз, артрит, анемия, суық тию, пиелонефрит,
қан қысымының төмендігі, остеохондроз,арқа ауруы, жөтел, ЖРВИ.
Аурудың себебін жазғанда 25 адамның ішінен тек 7- еуі ғана ауру
себебін ішкі фактормен байланыстырды: күйзеліс, қатты уаймдау,
жүйкеге салмақ түсу, қобалжу, көңіл-күйге байланысты.
Зерттеу нәтижесін саралай келе, біздің қоғамда (оның ішінде көзі ашық,
оқыған адамдар) аурудың негізгі түпкі себептерін анық білмейді. Осыған
байланысты Луиза Хей ұсынған кестеде аурудың ішкі себептері,
аффирмация сөздерін ұсынуға болады
3.2.Зерттеу қорытыныдысы және ұсыныстар
Зерттеу қорытындылары бойынша колледж мұғалімдерге,
қызметкерлерге күн сайын айтуға аффирмациялар ұсынылды
және денсаулықты жақсарту үшін санамызды жаман сөздерден,
негатив ойлардан арылу керектігі жайлы айтылды. Күнделікті
өмірде қарапайым адамдарға денсаулық аффирмацияларын
қолдана отырып, ауруларынан айығуға болады.
IV тарау. Қорытынды
Халықтық психологиясының өзегі имандылық пен
адамгершілігінің басты белгісі, оны ғасырлар бойы қалыптасқан
санасының практикалық көрінісі. Бірақ қазіргі қоғамда Қазақстан
халқына осы зерттеу жұмысында ұсынылған денсаулықты
жақсарту үшін Жан мен Тән арасындағы байланысты басты
назарға ала отырып, көпшілікке жеткізе білген жөн.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz