Хирургиялық инфекцияның алдын алу



№1 лекция. Хирургиялық инфекцияның алдын алу.
Асептика. Антисептика. Антисептиканың түрлері.
Хирургиялық инфекция

Хирургия (гр. Cheіr - қол және ergon - әрекет) - медицинаның
негізінен операция жасау арқылы емделетін ауруларды зерттеп
(алдын алу, диагностикасын қою, емдеу), операция жасау
тәсілдері мен әдістерін, техникасын іздестіретін клиникалық
саласы.
Инфeкция (infectio) дeгeніміз - opгaнизмге пaтoгeндi
микpoорганизмдердің әртүрлі жолдармен еніп, өсіп - өніп
зардаптылықтарын көрсетуден дамитын биологиялық үрдіс,
инфeкциялық aypyлapды дaмытaтын күpдeлi құбылыc.
Хирургиялық бөлімшелер

Хирургиялық бөлімшелер басқа медициналық бөлімшелерге
қарағанда өзінің ерекшелігімен бірнеше саты жоғары тұру керек.
Хирургияның негізінде ауру адамдарға операция жасалатын
болғандықтан, асептика мен антисептика мәселесіне өте қатты
көңіл бөліну керек. Асептикалық және антисептикалық ереже сәл
ғана бұзылса, операциядан кейін жасалған жараның іріңдеуіне
және одан да басқа ауыр жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Зерттеудің материалдары
Хирургиялық мен
бөлімшелердің әдістері
түрлері

• Хирургиялық бөлімшелерде аурулар «таза және іріңді» сырқат
түрлеріне бөлінеді, сондықтан хирургияда таза және іріңді хирургия
бөлімдеріне бөлінеді
• Таза хирургия іріңдеген және қабынған аурулары жоқ адамдарды
емдейді, көбінесе операция жоспарлы түрде жасалады.
• Іріңді хирургия қабынған аурулардың іріңді түрде асқынған түрлерін
емдеп, көмек көрсетеді (карбункул, остеомиелит, іріңді аппендицит
және т.б.). Инфекция іріңді аурудан жарасы таза ауруға жұқпас үшін
және ауруханаішілік инфекцияны болдырмау үшін іріңді ауруларды
жеке бөлмеге жатқызады. Бұндай ауруларға арнайы көмек көрсету
үшін үлкен ауруханаларда жеке түрде іріңді хирургия бөлімшелері
ұйымдастырылады.
Хирургиялық инфекция

• Инфeкция қoздыpyшылapы opгaнизмгe әpтүpлi жoлдapмeн eнeдi, oның бipi
oпepaциялық жapaқат apқылы бoлyы мүмкiн. Coндықтaн xиpypгиялық eм
жacay нәтижeci oпepaциялық жapaқатты микpoбтapдың түcyiнeн қaндaй
дәpeжeдe қopғaлaнaтынынa, coнымeн қaтap микpoбтapды көбeйтпey
шapaлapын жүргізуге тәyeлдi бoлaды. Oпepaция қaндaй жaқcы
ұйымдacтыpылғaн, техникалық жағынан мүлтіксіз жасалған бoлca дa
жapaқатқа микpoбтap eнy мүмкiндiлiгi қалады. Инфeкция қоздырушылары көп
және олар әpтүpлi зaттapдa, xиpypгиялық acпaптapдa, ayaдa, cyдa, жәнe
aдaмның тepiciндe, шыpышты қaбықтapдa болады. Бipaқ opгaнизмгe eнгeн
пaтoгeндiк микpoбтapдын бapлығы инфeкциялық құбылыcты дaмытпайды,
ceбeбi организмнің қopғаныс жүйeciнiн мexaнизмдepі apқылы пaтoгeндiк
микpoбтapдың бipтaлaйы жoйылaды. Қopғaныс мexaнизмдepi opтaлық жүйкe
жәнe эндoкpиндiк жүйeмeн үйлecтipiлiп peттeлiнeдi.
Mикpoбтapдың oпepaциялық жapaқатқa eнy жoлдapы:
• Oпepaциялық жapaқатқа инфeкция экзoгeндiк жәнe эндoгeндiк жолдармен
түседі. Бipiншi жағдайда микpoбтap жарақатқа cыpтқы opтaдaн түседі, eкiншi
жағдайда opгaнизмнiң ұлпaлapынaн oпepaция opнынa (мыcaлы,
фypyнкyлeздe) жәнe көбiндe oлap aлыc жaтқaн ayмaқтapдaн, жapaқатқa
қaнмeн (гeмaтoгeндік жoл) нeмece лимфaмeн (лимфoгeндiк жoл) eнeді.
Tәжipибeдe жарақатқа көбіне инфeкция бipiншi жолмен түседі, өйткeнi cыpтқы
opтaдa микpoбтapдың әp түpi жәнe eң көпшiлiгi мeкeндeйдi.

Oпepaция кезінде микpoбтаpдың жapaқатқa eнy ceбeптepi:

a) xиpypгтың лacтaнғaн қoлдapы, залалсыздандырылмаған хирургиялық
acпaптap, тaңғыш жәнe тiгic зaттapы;
б) oпepaция кезінде ciлeкeйдiң, шыpыштың, тepдiң тамуы, жөтeлу жәнe операция
yaқытында әңгiмeлесу;
в) ayaдaғы шaңның жapaқатқа шөгyi.
Хирургиялық инфекция

Хирургиялық манипуляциялардың зардабынан мысалы: операция жасаған
орын арқылы микроорганизмдер денеге еніп, бүкіл организмге тараса
әртүрлі қабынулар пайда болады. Микроб тілікке түссе жарасы іріңдеп
кетеді, микробтардың тері астындағы тіндерге түсуі кесірінен дүмпіп қабыну
(флегмона) мен соқталанып қабыну (абцесс) кездеседі.
Егер микроб пен ірің қанға түссе, онда жалпы организмде хирургиялық
инфекцияның етек алып өрбуіне жағдай туады. Мұны хирургиялық сепсис
немесе септикопиемия дейді. Инфекцияның бүкіл денеге таралуына жалпы
организмнің қорғану қабілетінің кенеттен төмендеуін, оның мұздауы,
арықтауы, созылмалы ауруға ұшырауы кесірін тигізеді. Жараның іріңдеуін
болдырмау, оған түскен микроорганизмдердің денеге тарауына қарсы күресу
үшін «Асептика және Антисептика» шараларын жүзеге асыру қажет.
Асептика

Асептика дегеніміз – микробтардың жараға түсуінен сақтандыратын
шаралар.
Медицина қызметкерлерінің құрал-саймандары, таңатын және тігетін
материалдарындағы микробтар мен олардың жұмыртқаларын (спораларын)
зарарсыздандыру (стерилизациялау) арқылы асептикаға қол жеткізуге
болады. Зарарсыздандыру үшін ежелден қайнатуды, күйдіруді, қыздыруды,
құрғақ бумен булауды, ылғалды бумен жоғары қысымда ұстауды пайдаланып
келгені белгілі. Осы заманғы зарарсыздандыру әдістеріне ультрафиолетті
сәулелер (бактерицидті шамдар), гамма-сәулелері, ультрадыбыстар жатады.
Асептика

• Зарарсыздандыруды қажет ететіндер: таңатын жабдықтар, әртүрлі
(төсеніштер, жаялықтар, халаттар), құрал-саймандар, сырқат күтіміне
арналған жабдықтар, сол сияқты хирург пен мейірбикенің қолдары.
• Жараларды таңуға қажетті шүберектер мен жабдықтарды автоклавтың ішінде
жоғары бу қысымымен зарарсыздандырады. Сондықтан бұл әдісті
автоклавтау деп атайды.
• Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында ауруханаішілік
жұқпалы ауруларға инфекциялық бақылауды жүргізу кезіндегі жұмыс жағдайы
мен медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар ережесі мен нормалары 31 мамыр 2017 жылғы
№357 бұйрықта көрсетілген.
Қолды хирургиялық жолмен өндеудегің іс-әрекет алгоритмі

Мақсаты:
-Мед.персоналды және пациентті жұқпалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.
-Жоғарғы деңгейлі залалсыздандыруды қамтамасыз ету.
-Микробтарды жою.
Көрсетімдер: Операцияға кірер алдында.
Керек заттар: антисептик, 2,4% первомур ертіндісі - С4, легендер.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
1. Қолға 3-5 мл антисептик енгіземіз.
2. Антисептикті қолдана отырып 2-5 мин өңдейміз, 2,4% первомур ертіндісінде 1 минут
өндейміз.
3. Қолды саусақтан жоғары қарай шынтаққа дейін өңдейміз.
4. Хирургиялық антисептика өткізген соң қолды көтеріп, қолды залалсыздандырылған
орамалмен сүртіп, одан соң залалсыздандырылған халат және резеңкелі қолғап кию.
Асептика

• Хирургия бөлімшесінде антисептикалық заттармен таңертең және кешке
күнделікті ылғалды тазалау жүргізіліп, соңынан кварцтау өткізіледі.
Қабырғаларды ылғалды маталармен 3 күнде 1 рет жуып, сүртеді. Айына бір
рет қабырғалардың жоғарғы бөлігін және төбенің жарық шамдарын, терезе
мен есіктің жақтауларын шаңнан тазартады.
• Сырқаттарға келуші адамдардың хирургиялық бөлімшеге кіруі үшін олардың
сыртқы түрі, киімі және жағдайы сай болуы қажет.
• Медицина қызметкерінің ауыстыратын аяқ киімі, халаты (арнайы киім), бас
киімі, маскасы мен қолғабы болуы керек. Арнайы киіммен бөлімшеден тыс
жерге шығуға тиым салынады. Инфекцияның алдын-алу мақсатында
бөлімшені міндетті түрде таза және іріңді – септикалық палаталарға бөледі.
Асептика

• Операциялық блокта асептика ережелері қатаң сақталынуы керек. Ауаның
ластануын болдырмау үшін аймақтық принцип қолданылады:

- абсолютті залалсызданған аймақ (операциялық және залалсыздау бөлмесі),
- салыстырмалы залалсызданған аймақ (наркоз, операцияға дейінгі, жуатын
бөлме),
- шектелген режимдегі аймақ (қанды сақтайтын, аппарат тұратын бөлмелер,
жедел анализдерді жасайтын зертхана, мейірбикелер мен дәрігерлер бөлмесі,
киім – кешек бөлмесі, дәліз),
- жалпы ауруханаішілік режим аймағы (бас медбикенің және бөлім
меңгерушісінің бөлмесі, кір жаялықтарға арналған бөлме).
Операция және таңу бөлмелеріндегі тазалаудың түрлері

- алдын-ала тазалау (жұмысты бастамас бұрын дезинфекциялайтын
ерітінділермен барлық горизонтальды беткейлерді сүрту, залалсызданған
үстелді дайындау);
- ағымды тазалау (күні бойы өткізілетін). Пайдаланған таңу материалдарынан,
құрал-саймандардан, жаялықтардан (операция бөлмесін) босату, үстелдерді,
еденді дезинфекциялайтын ерітінділермен сүртіп, келесі болатын операцияға
құрал-саймандар мен залалсызданған үстелді дайындау;
- соңғы тазалау (барлық операциялардан кейін, жұмыс күні аяқталғаннан соң
едендер мен горизонтальді беткейлерді жуу, бактерицидті шамды қосу);
- түпкілікті тазалау аптасына 1 рет өткізіледі (барлық беткейлер тазалану
керек: еден, қабырғалар, төбе, шамдар, аппараттар).
Антисептика

Антисептика – жарамен ағзаға түскен микроорганизмдерді жоюға
бағытталған іс-шаралар кешені. Антисептика механикалық, физикалық,
химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Механикалық антисептикаға жататындары:
- жараны, жараның бетін, теріні іріңді эксудаттан, ұйыған қандардан тазалау.
Жұмсақ тіндердің жарақаттануы кезінде, таңу қойғанда жараны тазалау
міндетті түрде өткізіледі;
- жараның алғашқы хирургиялық өңдеуі (ЖАХӨ) – жара беттері мен тері
тазаланады, жараға өңдеу (ревизия) өткізіледі, жараның жиектері,
қабырғалары және түбі кесіліп, гематомалар, бөгде денелер және
жарақаттанған тіндердің қабыну ошақтары алынып тасталынады, жараға тігіс
немесе дренаж қойылады;
- оперативті шаралар – іріңдіктерді, оның қалталарын тіліп ашу, іріңдіктерге
пункция жасау.
Физикалық антисептика

- жараларға дренаждар қою;
- жарадан сұйықтықтардың ағуын жақсарту үшін гипертониялық ерітінділерді
(натрий хлоридінің 10% ерітіндісі және магний сульфатының 25% ерітіндісі)
қолдану;
- дене қуыстарына түтікті дренаждар қою;
- жараға сорбиттерді пайдалану (полифелан, СМУС -1). Олар өзіне токсиндер
мен микроорганизмдерді сіңіреді;
- ультрадыбысты қолдану, ол жара қабырғаларындағы микроциркуляцияны
жақсартады, некротикалық тіндердің бөлінуін тездетеді;
- қуаты аз лазерлі сәулелерді қолдану бактерицидті әсер етіп жара
қабырғасындағы қабынуды жояды, іріңдіктен тазартады және науқастың
ағзасындағы қорғаныс күштерін күшейтеді.
Химиялық антисептика

Химиялық антисептика деп - химиялық дәрілік заттың
көмегімен ошақтағы немесе науқас ағзасындағы
микроорганизмдерді жоюды айтады.
Химиялық заттардың көмегімен құрал - саймандар
дезинфекцияланады, едендер тазаланып өңделеді. Теріні, қолды
өңдеу үшін және жаралар мен кілегей қабаттарды жууға
антисептикалық заттар қолданылады. Адам ағзасында,
патологиялық ошақтарда бар бактериялардың өсуін тоқтату үшін
химиотерапевтік заттар қолданылады.
Биологиялық антисептика
1) Микроорганизмдерге тікелей әсер ететін дәрілік заттар:
• антибиотиктер – микроорганизмдердің өсуі мен дамуын тежейді. Хирургиялық инфекцияны
емдеуге және алдын-алу мақсатында қолданылады.
• протеолитикалық ферменттер – трипсин, химиотрипсин, химопсин (жануар тектен шыққан
препараттар). Іріңді жаралар мен ойықтарды емдеуге қолданылады;
• арнайы пассивті иммунизация жасайтын препараттар – сіреспеге қарсы сары су,
сіреспенің алдын-алу және емдеу үшін қолданатын α – глобулин.
2) Микроорганизмдерге жанама әсер ететін дәрілік заттар мен әдістері.
• бейспецификалық резистенттілікті қуаттандыратын әдістер. Иммунды жүйенің қызметін
кварцтау мен витаминдермен емдеу жақсартады.
• бейспецификалық иммунитетті қуаттандыратын заттар. Оларға айыршық безінің
препараттары: тимолин, Т-активин жатады. Бұлар Т және В лимфациттердің ара-қатынасын
реттеп, фагоцитозды қуаттандырады.
• спецификалық (арнайы) иммунитетті қуаттандыратын препараттар. Стафилококқа және
сіреспеге қарсы анатоксин. Оларды науқастарға белсенді арнайы иммунитетті қуаттандыру
үшін қолданады.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Газды гангренаның таралуы
Сепсис сипаттамасы
Іріңді тендовагинит
Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу шаралары
Ауруханаішілік инфекция
Аурухана ішілік инфекция және мейіргердің ролі
Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу
Паразитарлы аурудың хирургиядағы негізі
Операциядан кейінгі кезең
Ауруханаішілік факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz