Наркоздың сатылары


Slide 1

Жалпы жансыздандыру. Наркоздың сатылары, дәрежесі. Көрсеткіші және қарсы көрсеткіші. Асқынулары. Жергілікті жансыздандыру. Түрлері.

Slide 2

Анестезия

Жалпы жансыздандыру немесе наркоз (грек narcosis - естен айырылып сіресіп қалу) - организмге наркотикалық дәрілер енгізу арқылы ОЖЖ жұмысын терең тежеу: наркозға ауру енгенде біртіндеп есінен айырылып, ауыру сезімі жойылып, бұлшықеттер босаңсып қозғалу және рефлекстер бәсеңдейді.

Анестезияның 2 түрін ажыратады

Жергілікті анестезия - науқастың операция кезінде есін толық сақтаған жағдайында механикалық, физикалық немесе химиялық заттармен шақырылған белгілі бір аймақтағы дене тінінің жансыздануы.

Slide 3

Наркотикалық заттарды енгізу жолына қарай наркоздың мынадай түрлерін ажыратады:

ингаляциялық наркоз - наркотикалық затты тыныс жолдары арқылы енгізеді;

ингаляциялық емес наркоз - наркотикалық затты басқа жолдармен енгізеді: веналық, ректальді, бұлшықеттік және т. б.

Қолданылатын заттардың саны бойынша:

мононаркоз - бір зат қолданылады;

аралас наркоз - бір мезгілде екі немесе одан да көп зат қолданылады;

қосарланған (комбинирленген) - операциялардың әр кезеңінде әртүрлі наркотикалық заттарды қолдану немесе оларды басқа заттармен қосып енгізу (миорелоксанттар, анальгетиктер, ганглиоблокаторлар) .

Наркоздың түрлері

Slide 4

Наркотикалық қоспаларды енгізу тәсіліне қарай - маскалық, эндотрахеальді және эндобронхиальді болып бөлінеді.

Ингаляциялық наркоздың негізгі түріне эндотрахеальді (интубациялық) наркоз жатады. Бұл кезде наркотикалық қоспа тікелей кеңірдекке жіберіледі. Ол үшін кеңірдектің интубациясы жасалады. Интубация дегеніміз - кеңірдекке ауа өткізетін түтікшені енгізу. Интубация жасалғаннан кейін, науқасты ӨЖД аспабына қосу керек. Ингаляциялық наркозды жүзеге асыру үшін, оңай буланатын (ұшқыш) сұйықтықтарды - эфир, фторотан, метоксифлюран (пентран), үшхлорэтилен, хлороформ немесе газ тәрізді наркотикалық заттарды - азот тотығын, циклопропанды қолданады.

ӨЖД (өкпені жасанды демалдыру) аспаптары - наркотикалық қоспаларды, оттегіні немесе белгілі бір көлемде және жиілікпен үрлеп жіберу үшін қолданылады.

Ингаляциялық наркоздың түрлері

Slide 5

Веналық анестезия - вена тамырына жансыздандыратын заттарды енгізу арқылы жүргізілетін жансыздандырудың түрі болып табылады. Негізгі артықшылығы - техникалық қарапайымдылық және сенімділік болып табылады.

Нейролептанальгезия (НЛА) - веналық анестезия әдісі. Ол күшті нейролептикті (дроперидолды) және наркотикалық анальгетикті (фентанилды) қосып қолдануға негізделген. Бұл кезде науқастың қозғалу тынымсыздығы жоғалады, хирургиялық агрессияға реакциясы төмендейді және науқаста қоршаған ортаға деген немқұрайлылық пайда болады.

Анестезия

Slide 6

Операция алдында науқастың алаңдауы зат алмасудың күшеюімен, бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының адреналинді көп бөлумен бірге жүреді. Бұл үрдістер анестезияны жүргізуді қиындатып, операция кезінде жүрек аритмиясын шақыруы мүмкін. Сондықтан, операция жасалмас бұрын науқасқа премедикация орындалады. Ол бірнеше күн бұрын транквилизаторлар мен барбитураттарды тағайындауды талап етеді. Операция болатын күні науқасты тамақтандырмайды. Операцияға дейін асқазанды, ішекті, қуықты тазалап, босату керек. Шұғыл жағдайларда асқазанға сүңгі енгізіледі.

Нерв жүйесі тұрақсыз науқастарға күні бұрын седуксен немесе реланиум тағайындалады. Түнде ұйықтататын дәрі береді. Операциядан 40 мин бұрын тері астына немесе бұлшықетке 1 мл 1-2 % промедол ерітіндісін немесе 1 мл пентозицин (лексир), 2 мл фентанил ерітінділерін енгізеді. Кезбе нервінің қызметін тежеу және саливацияны азайту үшін 0, 1% атропин ерітіндісін салады. Аллергиялық анамнезі бар науқастарға премедикацияға антигистаминді заттарды қосып жасайды. Операция алдында ауыз қуысын тексеріп, протездерді алып тастайды. Шұғыл операция кезінде асқазанды жуып, премедикацияны операциялық үстелде жасайды және дәрілік заттарды венаға енгізеді.

Премедикация

Slide 7

Қазіргі уақытта анестезияның ең сенімдісі қосарланған (комбинирленген) интубациялық наркоз болып табылады. Бұл кезде жалпы анестетиктердің, миорелаксанттардың және нейролептанальгезия заттарының әртүрлі комбинациясы қолданылады. Алдымен премедикация жасалады, содан кейін енгізу наркозы беріледі, кеңірдектің интубациясы, сонан соң негізгі наркоз жүргізіледі.

Қосарланған эндотрахеальді наркоздың артықшылығы:

тез ұйықтату, қозу сатысының болмауы;

наркотикалық заттардың шығын мөлшерінің азаюы;

наркоздың токсикалық әсерінің төмендеуі;

наркоздың оңай басқарылуы;

аспирациялық асфиксияның алдын-алуы;

кеңірдек пен бронхтардың санациясын жүргізу мүмкіндігі.

Қазіргі кезде жүргізілетін наркоз

Slide 8

Наркоздың клиникалық ағымы 4 сатыдан өтеді:

I сатысы - анальгезия. Наркоздың басталуынан 3-5 минут өткеннен кейін басталады. Есі жоғалады, бірақ терісінің түсі өзгермеген, гемодинамика мен тыныс алуы өзгеріссіз болады. Рефлекстері жоғарылаған. Ауыру сезімі үдемелі түрде тежеліп, толық анальгезия дамиды. Бұл рауш-наркоз (есеңгіреу) деп аталады. Оны қысқа уақыт жасалатын операция кезінде қолданады.

II сатысы - қозу. Есі толық жоғалғаннан кейін пайда болады. Бұл кезде науқас қозушаң болады, тынысы жиілеген, тахикардия. АҚ жоғарылауы, терісінің қызаруы байқалады, көздің қарашықтары кеңейген, жарыққа жауап бермейді. Науқас құсуы мүмкін.

Наркоздың сатылары

Slide 9

III сатысы - хирургиялық ұйқы - жансыздандырудың міндеті болып табылады. Бұл сатыда хирургиялық операция жасалады. Хирургиялық ұйқы сатысы 4 деңгейге бөлінеді. Олар бір-бірінен тыныс алу жағдайына, жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне, бұлшықеттердің босаңсуы мен рефлекстердің жойылуына қарап ажыратылады.

1 деңгей - көз алмаларының қозғалу деңгейі. Осы деңгейдің аяғында көз алмаларының еріксіз қозғалысы тоқтап, олар орталық қалыпқа келеді.

2 деңгей - қасаң қабық рефлексі. Бұл деңгейдің аяқталуы қасаң қабық рефлексінің жоғалуымен сипатталады.

3 деңгей - қарашықтардың кеңею деңгейі.

4 деңгей - диафрагмальді тыныс алу деңгейі. Көз рефлекстерінің салдануы, дафрагмальді тыныстың қатты тежелуі байқалады. Наркозды ары-қарай тереңдетсе, тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтардың салдануы дамып, өлімге алып келуі мүмкін.

IV сатысы - ояну. Наркоздың сатылары осы тәртіппен кері қарай жүреді, бірақ ояну уақыты ұзағырақ болады.

Наркоздың сатылары

Slide 10

Айқын қозусыз наркоздың тез басталуы, тиімді жағдайларда операция жүргізуге мүмкіндік беретін наркоз тереңдігінің жеткіліктігі, наркоз тереңдігін жақсы басқарылуы, наркоздан тез және асқынусыз шығу. Наркозға арналған заттар жеткілікті наркотикалық кеңдікке ие болуы керек - терең хирургиялық наркоз сатысын туғызатын заттың шоғырымы мен тыныс алу орталығының тежелу салдарынан тыныстың тоқтауы болатын ең аз улы шоғырым диапазонының арасы.

Наркозға арналған заттар енгізілген жерде тіндердің тітіркенуін туғызбауы керек, ең аз жанама әсерлерге ие болуы тиіс. Наркозға арналған заттар өрт қауіпсіздігі болмау керек. Бірақ қазіргі кезде осы талаптарға толық жауап беретін заттар жоқ. Осыған байланысты жаңа кезеңдегі анестезиологилық тәжірибеде наркозға арналған заттарды біріктіріп қолданады, ол енгізілетін дәрілердің мөлшерін және олардың қалаусыз ықпалдарын азайтуға мүмкіндік береді.

Наркозға арналған дәрілерді қолданған кезде келесі сипаттамалар өте маңызды:

Slide 11

Барлық наркоз кезінде кездесетін асқынуларды негізгі үш топқа бөлуге болады:

1) жалпы жансыздандыруға;

2) жақ-бет аймағындағы патологиялық кезеңдерге, науқастың жалпы жағдайына, ота ерекшеліктеріне;

3) анестезиолог пен хирург жіберген техникалық қателіктерге байланысты асқынулар.

Клиникалық көрінісіне байланысты асқынулар 4 топқа бөлінеді:

1) механикалық жарақаттану;

2) сыртқы тыныс бұзылысы;

3) жүрек-қан жүйесі жұмысының жедел жетіксіздігі;

4) тағы басқа жағдайларға байланысты асқынулар.

Наркоздың асқынулары

Slide 12

Жергілікті анестезия - науқастың операция кезінде есін толық сақтаған жағдайында механикалық, физикалық немесе химиялық заттармен шақырылған белгілі бір аймақтағы дене тінінің жансыздануы.

Мақсаты - операцияны ауыру сезімін тудырмай жасау.

Жету жолдары:

Анестетиктерді тіндерге жағу (шырышты қабаттарды) .

Операция жасалатын аймақты салқындату.

Тіндерге анестетикалық ерітінділерді енгізу.

Жергілікті жансыздандыру

Slide 13

Анестетиктерді тіндерге жағу үшін 1-3% кокаин, дикаин, новокаин ерітінділерін пайдаланады. Анестезияның бұл түрі эндоскопияда, ЛОР тәжірибесінде, урологияда, офтальмологияда қолданылады.

Операциялық аймақты салқындату арқылы жүргізілетін жансыздандыру эфирді немесе хлорэтилді себу арқылы жүзеге асырылады. Хлорэтилдің қайнау нүктесі +120С. Хлорэтил тері бетіне себілгеннен кейін тез буланып, оны едәуір салқындатады да, сол аймақтың жансыздануы пайда болады.

Жергілікті жансыздандыру

Slide 14

Тіндерге анестетикалық ерітінділерді енгізу (новокаин текті) арқылы жергілікті жансыздандыру жүзеге асырылады, оны басқаша инфильтрациялық анестезия деп атайды.

Белгілі бір аймақты жансыздандыру үшін анестетикалық ерітіндіні нерв талшықтары орналасқан аймақтың жанына (периневральді) немесе оның ішіне (эндоневральді) енгізу керек. Жансыздандырудың бұндай түрін өткізгіштік анестезия деп атайды.

Жергілікті жансыздандыру

Slide 15

Регионарлы анестезия - адам денесінің белгілі бір топографиялық аймағын немесе бөлігін жансыздандыру үшін қолданады. Оның өткізгіштік, тамырішілік (веналық және артериялық), сүйекішілік, жұлындық және эпидуральді түрлерін ажыратады. Өткізгіштік анестезияны операция жасалатын аймақтан жоғары орналасқан нерв бағанасын немесе өрімін жергілікті жансыздандыру арқылы жүзеге асырады. Алғашында проксимальді бөліктің, содан кейін дистальді бөліктің жансыздануы байқалады. Ол нерв талшықтарының құрылысына байланысты болады. Өткізгіштік анестезияны жүзеге асыру үшін негізінен жоғары концентарциялы новокаин, лидокаин, буливакаин ерітінділерін пайдаланады, бірақ оларды аз мөлшерде енгізеді.

Регионарлы анестезия

Slide 16 Slide 17

Бастапқы кезде оның орындалу тәсілі эпидуральді анестезияны жүргізгендей болады. Негізгі айырмашылығы - сары байламнан өткеннен кейін, инеден мандренді алып тастап, жұлын сұйықтығының шығуын тексереді. Егер жұлын сұйықтығы ақпаса, инені мандренімен қоса ары қарай сұйықтық шыққанға дейін енгізеді. Содан кейін, анестетиктің (лидокаин, тримекаин, буливакаин) 2-3 мл жіберіледі. Жансызданудың ұзақтығы - 1, 5-2 сағат. Анестезияны орындау әдістемесін ұқыпты жүргізсе асқынулар (эпидурит, менингит, коллапс) өте сирек кездеседі.

Жұлындық анестезия

Slide 18

Веналық регионарлы анестезия аяқ-қолға жасалатын операцияларда (жараларды хирургиялық өңдеу, буынның шығуын орнына салу, сүйек сынықтарының репозициясы және т. б. ) қолданылады. Әдістің ерекшелігі венаға енгізілген анестетикалық заттардың нерв ұштарына локальді және диффузды әсер етуі болып табылады. Бұл кезде аяқ-қолдың бір сегменті жалпы қан айналымынан бұрауды салу арқылы шектеледі.

Орындалу тәсілі: анестетик білектің беткей орналасқан венасына (қолда), ал аяқта үлкен немесе кіші тері асты венасына енгізіледі. Венозды қанның ағып кетуі үшін аяқ-қолды 1-2 минутқа көтеріп ұстайды, содан кейін операция жасалатын аймақтан проксимальді жерге артериялық қан айналымы тоқтағанға дейін бұрауды қысып салады. Операция қолға жасалса, 150-200 мл, ал аяққа болса - 200-250 мл 0, 25% новокаин ерітіндісі енгізіледі. Операция аяқталған соң новокаин ерітіндісінің қан айналымына тез түспеуі үшін бұрауды баяу шешеді.

Веналық регионарлы анестезия

Slide 19

Новокаиннің жергілікті әсері:

1. Новокаинді патологиялық ошаққа енгізгенде интерорецепторлардың анестезиясы болады, осының салдарынан шеттен келетін патологиялық рефлекстердің импульстері жоғалады және ОЖЖ-нен патологиялық ошаққа берілетін импульстер де тежеледі.

2. Ауыру сезімінің жоғалуының салдарынан тітіркену ошағы, ауыру сезімі, тамырлардың қабынуы арасындағы рефлекторлы тізбек жойылады. Бұл новокаиннің қабынуға қарсы және спазмолитикалық әсерін түсіндіреді.

3. Шеткі симпатикалық бұлшықеттік тонустың тежелуі тіндердің қан айналымы мен трофикасының жақсаруының себепшісі болады.

4. Новокаиннің ангистаминді және антиаллергиялық қасиеттері тіндік зат алмасудың қалыптануына әкеледі.

Новокаиннің әсері

Slide 20

Новокаиннің жалпы әсері:

1. Новокаиннің шокқа қарсы әсері патологиялық висцеро-кортикальді импульстердің тежелуімен, ауыру сезімінің жойылуымен, оның антигистаминді және антиаллергиялық әсерлерімен тығыз байланысты болады.

2. ОЖЖ-ің қозғыштығын тежейді.


Ұқсас жұмыстар
Ингаляциялық наркоз
Жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар
Наркоздың түрлері
Наркоз бергенде кездесетін асқынулар және оны жою жолдары
Наркоз бергенде кездесетін асқынулар және оны жою жолдары туралы
Ингаляциялық наркоздық заттар, олардың ветеринариядағы маңызы
Жануарларға наркоз беру
Жанама әсері
ЖАЛПЫ АНЕСТЕЗИЯЛЫҚ ЗАТТАР
Жергілікті жансыздандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz