Жабық жарақаттар



Жарақаттар. Жабық жарақаттар. Жұмсақ ұлпалардың жарақаты: соғылуы, созылуы, жыртып алу. Механикалық жарақаттар. Буын шығуы. Жіктелуі. Алғашқы көмек.

Жарақат (грек. τραῦμα - жара) - сыртқы әсер ету (механикалық, химиялық, электрлік және т. б. ) салдарлары тудырған ағзаның зақым алуы. Жарақаттанғанда сүйек, қан тамырлары мен нервтер зақымдануы мүмкін. Жарақаттың ауырлығы (әсіресе бас, кеуде мен ішке түскен жарақат қауіпті) оның қай жерде екендігіне, үлкен-кішілігіне, сондай-ақ қаншалықты ластанғанына, қанның қанша кеткеніне байланысты.
Жарақаттар
Ашық жарақаттар -
ағза ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығының бұзылуы (сүйектің ашық сынуы, жаралар, күю, үсіктер, электрожарақаттар) .
Жабық жарақаттар -
тері жəне шырышты қабаттың зақымдалуы болмайды (сүйектің жабық сынуы, созылу, тіндердің жыртылуы, іш құрылыстарының шайқалуы, буын шығуы, ұзақ жаншылу синдромы) .

Жабық жарақат кезінде тері жəне шырышты қабаттың зақымдалуы болмайды. Зақымдалудың ауырлығы жарақаттанған тіндермен ағзалардың көлемі мен тереңдігіне байланысты.
Жіктемесі:
1. Өндірістік емес жарақаттар: а) транспорттық; б) тұрмыстық; в) спорттық; г) басқалары.
2. Өндірістік жарақаттар (өнеркəсіптік, ауыл шаруашылық) .
3. Қасақана жасалған жарақаттар (əскери жəне т. б. ) .
Жұмсақ тіндердің жабық жарақаты соғылу, созылу жəне жыртылу, шайқалу жəне жаншылу болып бөлінеді.
Қуыстарда (іште, көкіректе, бас сүйегінде), сүйектерде (буынның шығуы мен сүйектің сынуы) жəне қан тамырларында жұмсақ тіндер мен ағзалардың зақымдалуы болады.
Жарақаттың түріне байланысты оларды жеке дара жəне бірнеше, қарапайым жəне комбинирленген, тікелей жəне тікелей емес, жіті жəне созылмалы деп бөледі.
Жабық жарақаттар

- жарақат алған аймақты қарап тексеру;
- қосарланған жарақат кезінде (көлік апаты, биіктен құлау, ұрып соққанда) өмірге қауіп тудыратын кеуде клеткасынның, іштің, бас сүйегі мен мидың қызметтеріне аса көңіл бөлу керек;
- пульс пен артериялық қысымын бақылау.
Беткейлік жарақат кезінде - жергілікті суық басу, жарақаттанған теріні йоданат ерітіндісімен жуу. Көрсеткіштері бойынша асептикалық таңу жасау.
Буын - байлам аппаратының зақымдануы, буындардың шығуы кезінде - анальгин 50% ерітіндісі 2-4 мл бұлшықетке егу (қатты ауыру сезімі болса), шыққан буынды Крамер шинасы немесе Дезо таңуын жасағандағы қалпында транспорттық иммобилизация жүргізу.
Аяқ - қолдың жабық сынықтары кезінде - анальгин 50% ерітіндісін 2-4 мл бұлшықетке немесе трамал 100-200мг көк тамырға тамшылатып енгізу. Транспорттық иммобилизация.
Диагностикалық критерийлері
Жабық жарақаттар жеке дара жəне бірнеше жерде жарақаттануы болып ауру сезімі, жарақат алған жердің ісінуі мен гематомасы, бұлшықеттердің ауыр механикалық зақымдалуы анықталады, сол сияқты сүйек, буын, белгілі анатомиялық аймақтарда орналасқан ағзаларда өздеріне тəн симптомдар байқалады.
Емдеу тəсілі:

Транспорттық иммобилизация - буын байламдық аппараттың зақымдалуы кезінде фиксациялық таңу. Ірі буындардың шығуы кезінде, буын шыққан күйінде транспорттық иммобилизация жасалады. Стандарттық немесе импровизирленген шиналар қолданылады. Шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде шыққан буынды салуға тырыспау керек, өйткені көрсетілген көмектің сапасын рентгенологиялық бақылау мүмкіншілігі жоқ.
Омыртқаның мойын бөлігінің жабық жарақаты кезінде арнайы немесе импровизирленген, мысалы Крамер шинасы арқылы иммобилизация жасалады. Стационарға зембілмен тасымалдау жүргізіледі.
Транспорттық иммобилизация

Жабық сынық. Клиникасы
Абсолютті белгілері:
Аяқ-қолдың деформациясы;
Патологиялық қозғалыс;
Крепитация;
Аяқ-қолдың қысқаруы.
Жанама белгілері:
Сыну кезінде ауырсыну, әсіресе қозғалыс кезінде;
Пальпация кезінде ауырсыну;
Сынған жерде гематома;
Аяқ-қолдың ыңғайсыз қалпы;
Қызметінің бұзылуы.
Жергілікті клиникасы абсолютті және жанама белгілерден тұрады:
Жабық сынық - сынған жерде тері бүтін, жара жоқ - яғни инфекция үшін кедергі бар.

Ашық сынық
Жабық сынық

Сынықтардың асқынып кетпеуіне (жаракаттық шок, қан кету және т. б. ) көңіл бөлу;
Үлкен түтікті сүйектердің (жамбас жөне т. б. ) сынуы кезінде зардап шегушіге шоктың алдын алу және ауыру сезімін азайту үшін ауыруды басатын дәрілер енгізіледі.
Зақымданған қол-аяқты иммобилизациялау (уакытша бекіткіш таңғыш немесе қол-аяқтың, дене бөліктерінің козғалысы мен тыныштығын қамтамасыз ететін тасымалдағыш жақтаулар салынады) . Олар:
ауыру сезімін (шоктың алдын алу) азайтуға ;
жаракаттық бүлінудің (жұмсак тіндер мен ішкі органдар) пайда болуына жол бермеуге;
сынық сүйектерінің бітіп кетуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектеседі.
Жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің жалпы ережелері:
Егер ашық сынык болса, онда жақтауларды салмас бұрын жараны өңдеп, стерильді таңғыш салу керек. Жараға жүкпа түспеу үшін, сүйек сынықтарын түзетуге болмайды.

Сүйектің сынуы кезінде кем дегенде сынған жерге жақын жатқан екі буын оралатындай етіп жақтауды салу керек (яғни сынақтан биік және төмен) . Мысалы:
балтыр сүйектерінің сыну кезінде - тізе және аяқ басы-балтыр буындарын орап алу;
иык сүйегінің сынуы кезінде - иык, шынтак және кәрі жілік білезік буындарын орап алу;
жамбас сүйегінің сынуы кезінде - жамбас, тізе және аяқ басы, балтыр буындарын орап алу.
Жактауды салудың негізгі ережелері:
Қол немесе аяқ басы саусактарының ұштарын (егер олар закымданбаса) таңғыштан бос калдырады (кол-аяктың кан айналымын тексеру үшін) .

Сүйек жүйесі аурулары мен жарақаттардың алдын алу және емдеуге арналған дененің әр түрлі бөліктеріне арналған шина - фиксатор.
Импровизацияланған және стандартталған болуы мүмкін. Импровизацияланған жақтаулар қолда бар материалдардан жасалады және науқас стационарға түскен сәтке дейін алғашқы көмек көрсету және зақымданған сүйектерді бекіту үшін қолданылады.
Жақтаулар мен таңғыштарды қолдану десмургияның медициналық тәртібін үйретеді.
Көрсетімдер: Қол - аяқ сүйектерінің сынуы, буындардың шығып кетуі.
Ескерту: Жақтауды салған кезде таяу орналасқан үш буынды бекіту керек.
Крамер сатылы жақтауы

Медициналық пневматикалық жақтау
Медициналық пневматикалық жақтау - бұл қол және аяқ сүйектерінің сынуы болған кезде қолданылатын, зақымданған қол-аяқ оралатындай толық герметикалық камерасы бар жақтау.
Жақтау мөлдір пластикалық материалдан даярланған, құрамында: екі қабатты герметикалық пленка, молния, ауа үрлейтін қақпақша. Пневматиқалық жақтаудың 4 түрі болады: 1- білекпен қол басына, 2- табан мен балтырға, 3- тізе буыны мен санға.

Медициналық пневматикалық жақтау
Көрсетімдер: Қол-аяқтардың сынықтары (аяқ басы және балтыр сүйегі, қолдың алақан бөлігі мен білек сүйегі) .
Керек заттар: пневматикалық жақтаудың жиынтығы, анальгин ерітіндісі - 50%-2мл, шприц, стерильді қолғап.
Ескерту:
Жақтау ішіндегі қысым 40-45 мм сын. бағ. болу керек.
Жақтау зақымдалған дене бөлігінін қан айналымын бұзбайды.
Тез салынып, рентген сәулесіне кедергі болмайды.

Науқасқа өзін таныстыру.
Науқасты идентификациялау.
Науқастың проблемасын анықтау:
2. 1. сынған жерінің пішінінің өзгеруі.
2. 2. қозғалғанда сынған жердегі сүйектердің бір-біріне тиіп сықырлауы (крепитация) .
2. 3. сынған жердің ось бойы ығысуының нәтижесінен мүшенің қысқаруы.
2. 4. сынған жерде патологиялық қозғалыс пайда болуы.
Бұл белгілердің тек біреуінің ғана болуы сынықтың диагнозын айқындайды.
Науқасты тыныштандыру. Науқасқа жүргізілетін манипуляцияны түсіндіру.
Қолды өңдеу, қолғап кию.
Науқас жағдайының ауырлығын бағалау.
Жарақаттанған мүшелерді қимылсыз жағдайға келтіру.
Ауырсынуды басатын дәрілерді енгізу.
50% анальгин ерітіндісі 2, 0мл бұлшықетке енгізу
Динамикада науқастың АҚҚ, тамыр соғысын, ТАЖ бақылау.
Науқасты ауруханаға жеткізу.
Қолғапты шешіп, қолдануға жарамсыз қалдықтар тобына салу.
Ж
Е
Д
Е
Л
К
Ө
М
Е
К

Буын шығуы - буын сүйектерінің өз орнынан қозғалуы. Буын толық және жартылай шығуы мүмкін. Әдетте екі сүйек буын қалтасында бір-бірімен түйісіп, беттесіп тұрады.
Буынның патологиялық шығуы түрлі буын ауруының салдарынан (артрит, полиартрит, жүйке аурулары) болады. Шыққан буынды тек маман дәрігерге көрсетіп емдеу қажет. Шыққан буынды орнына салып, таңғышпен байлау керек. Мезгілінде емделмеген, орнына түспеген буын ескірген шығу деп аталады. Мұндай буын тек операция арқылы қалпына келтіріледі.
Буын шығуы

I. Мерзіміне байланысты:
жаңа шығып кету ( жарақат ұзақтығы 3 тәуліктен аз ),
жаңадан емес (жарақат ұзақтығы 14 күнге дейін),
қартайған шығып кету -жарақат ұзақтығы 2-3 аптадан жоғары.
II. Туа біткен шығып кетулер.
III. Толық емес шығып кету.
IV. Толық шығып кету.
-Паралитикалық; -Патологиялық; -Травматикалық; -Түзелмейтін; -Асқынған.
V. Ашық және жабық шығып кету.
VI. Толық және толық емес шығып кету.
Буын шығуының жіктелуі:

Әдетте, аяқ-қолдың сүйектерінің шығуының симптомы болып ақсаңдау және тіреу қабілеті толықтай жойылады, ауырсыну сезімі, зақымдалған буында қозғалыстың шектелуі болады.
Төменгі жақтың шығуы - тамақты қабылдауда қиыншылық және тамақтың өтуінің шектелуі, тістердің сәйкес еместігі көрінеді.
Омыртқа шықса (омыртқалардың бітісу дәрежесіне тәуелді) - ақсаңдау, кесілу және салдану, зақымдалған аймақты пальпациялағанда ауру сезімі туады.
Буын шығуының клиникасы

Егер шығып кетуге күмәндансаңыз келесі шараларды қолданыңыз:
Көмек үшін тез медициналық мекемеге хабарласу керек.
Буынды қозғалтпау керек.
Медициналық көмек көрсетілгенше зақымдалған буынды шинамен фиксациялаңыз. Өздігіңізден оны қозғап немесе түзетуге тырыспаңыз. Бұл буынның және оны қоршаған бұлшықеттердің, байламдардың, жүйкелер мен қан тамырлардың зақымдалуына әкеледі.
Зақымдалған буынға мұз салады. Бұл ішкі қан кету мен буын ішінде және оны қоршаған тіндердегі сұйықтықтың жиналуының төмендеуі есебінен ісіктің болмауына көмектеседі.
Алғашқы көмек

ҰЖС төтенше жағдайларда (жер сілкіну, шахтадағы опырылу, соғыс уақытында) кездеседі. ҰЖС-ның апаттар кезінде ауыр формалары жиі болады (зақымданудың бірдейлігі, жаншылып қалудың ұзақтылығы, зақымданушыны іздестірудің киыншылығы жөне оларға өз уакытында жөрдем көрсету) .
Бұлшық еттердің ұзақ уакыт бойы жаншылып, дененің амалсыз жағдайында ұзақ уақыт бойы ишимияға ұшырауы кезінде:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz