Ашық жарақаттар




Презентация қосу
Ашық жарақаттар. Сынықтар. Клиникасы. Жіктелуі. Алғашқы көмек.
Ашық жарақат

Ашық жарақат - бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері
жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығының бұзылуы (жарақаттар,
сүйектің ашық сынуы).
Ашық жарақаттың негізгі көрінісі тері жабындыларыны бүтіндігінің,
шырышты және ішкі ағзалар бүтіндігінің бұзылуы. Жара суық қарумен немесе
тұрмыстық заттармен (қайшы, біз, шанышқы) пайда болуы мүмкін. Сыртқы
көрінісіне байланысты жаралар: сұғылған, кесілген, шабылған болып бөлінеді.
Механикалық жарақаттың түрлері мен белгілері

Жаралардың түрлері организмінің ауырсыну түрлеріне байланысты.
Жара – терінің кілегей қабының және терең жатқан ұлпалардың жабық
механикалық жарақаттануы.
Оның белгілері ауырсыну, қабырғасының ажырауы, қан кету және қызметінің
бұзылуы. Жараның жиегі, қабырғасы, түбі және қуысы болады. Жиегі тері
немесе кілегей қабықтан, қабырғасы – борпылдақ дәнекер ұлпадан,
шандырдан, бұлшықеттерден тұрады. Анатомиялық табиғи қуысқа енген
жараны қуысқа енген жара, ал жара дененің белгілі бір жерін тесіп өтіп, оның
кірер және шығар тесігі болса оны тесіліп өткен жара дейді. Жара асқынып
бүкіл денеге әсер еткен жағдайда жара ауруы дамиды.
Жараның түрлері

Жаралар үш түрге бөлінеді – операциялық, кездейсоқ және соғыс жаралар.
Кездейсоқ және соғыс жаралары себептеріне қарай тағы да бөлінеді. Олардың
түрлері – түйірілген, шабылған, тілінген, соғылған, жыртылған, тістелген,
жаншылған және уланған жаралар.
• Түйілген жара. Ол үшкір заттармен (шеге, ағаш бұтағы, сымтемір т.б)
жарақатталғанда пайда болады. Бұл заттар денеге ұлпаларды ығыстырып көп
жарақаттамай енеді. Мұнда жараның ауызы тар болып, кейде бітеліп тұрады.
Көп қан ақпайды, бірақ анаэробты инфекция дамуы мүмкін, терең жатқан ірі қан
тамырлар жараланып гематома пайда болып кетеді.
• Тілінген жара. Өткір заттармен жараланғанда болады. Мұндай жараның аузы
ашылып тұрады. Қан ағысы жақсы, тілініп пайда болғандықтан жиектері түзу,
жара айналасындағы ұлпалар көп жарақатталмаған. Бұл жаралар көбінесе
асқынбай уақытында жазылады.
Жараның түрлері

• Шабылған жара. Себептері – балта, күрек тағы сол сияқты заттардың әсерінен
пайда болады. Тілінген жараға қарағанда қан аз ағады, ұлпалар көбірек
жарақаттанады, тереңдігі сүйекке дейін жетіп кейде дененің шабылған бөлшегі
салбырап тұарды.
• Соғылған жара. Жұмыр заттардың әсерімен пайда болады. Мысалы
балғаман, таспен, малдың тұяғымен т.б. заттармен. Мұнда жар пайда болумен
бірге оның айналасындағы тері, ұлпалар зақымдалады. Сүйек сынуы да
мүмкін. Жарадан қан көп ақпайды, жиектері тегіс емес, көбінесе мұнда тері
және шел жараланғандықтан жара өте терең болмай қабырғасының ажырауы
шектелулі болады.
Жараның түрлері

• Жыртылған жара. Жыртқыштардың тырнағымен, темір ілгек, қармақ, бұтақ-
шегелерінің әсерінен пайда болады. Мұнда тері, оның астындағы ұлпалар
созылып жыртылады, жұлынады. Сондықтан бұл жаралардың пішіні, тереңдігі
бір емес, кейде жыртылған терісі салбырап тұрады. Қан көп ақпайды.
• Тістелген жара. Мұндай ұлпалардың солғылуы, жаншылуы, жыртылуы да
кездеседі. Тіспен жараға микробтар да енеді, басқа жараларға қарағанда
жазылуы ұзаққа созылады және бұл жараларда құтыру вирусынан қауіп бар.
• Уланған жара. Жараның беті улы химиялық заттармен, радиоактивтік
элементтермен ластанып организмге қосымша зақымын тигізсе олар миксты
деп аталады. Уланған жаралар жыланның, қарақұрт, шаянның шаққанынан да
болады. Бұл жаралар өте қауіпті, сондықтан бұған жан – жақты хирургиялық
және арнайы ем қолдану керек.
Сынықтар -
механикалық күштің немесе патологиялық процесстің
(мысылы: ісіктер, остеомиелит, сүйек туберкулезі және
т.б.) әсері нәтижесінде сүйек тінінің бүтіндігінің бұзылуы
Сынықтар

Пайда болуына
байланысты
Туа біткен сынықтар нәресте Жүре пайда болатын сынықтар
сүйегінің құрсақ ішінде себебіне қарай патологиялық
патологиялық процестер немесе және жарақаттық сынық болып
анасының жарақат алуы ажыратылады.
себептерінен болады.

Патологиялық сынық жеңіл жарақаттың
асқынуы не сүйек тінінің өзгеріске түсуі
салдарынан (остеомиелит, ісік) болады.

Жарақаттық сынық – сау сүйектің оқыстан
күшті механизмі зақым алуы (соққыдан, құлап
қалудан, т.б.),
Сынықтар

Ет пен терінің
зақымдануына қарай:

Ашық сынық –
тері жамылғылардың кілегейлі
қабықтардың тұтастығын бұзып, сүйектің Жабық сынық –
майдаланып сынуы (тері мен бұлшық еттің сынған жерде тері бүтін, жара жоқ - яғни
үлкен көлемде мыжылып, жаншылуы, инфекция үшін кедергі бар.
жұмсақ тіндердің қанталап, ашық жараға
шаң-тозаң, инфекция түсіп жара іріңдейді).

Сынықтардың жалпы белгілері:
ауыру сезімі, ісік, патологиялық қозғалыс, сықырлау, деформация - дене мүшесінің
формасының өзгеруі, сынған дене мүшесі қызметінің бұзылуы, сынған қол – аяқтың
салыстырмалы қысқаруы.
Сынықтар

Ет пен терінің зақымдануына қарай ашық және жабық сынық болып
ажыратылады. Ашық сынық кезінде сүйектің майдаланып сынуы, тері мен
бұлшық еттің үлкен көлемде мыжылып, жаншылуы, сонымен қатар жұмсақ
тіндердің қанталап, ашық жараға шаң-тозаң, инфекция түсіп жара іріңдейді.
Мұндай сынықты емдеу ұзаққа созылады. Терісі бүлінбеген жабық сынық тез
жазылады.
Клиникалық көрінісі.
• Жалпы белгілер: шок, қан кету, майлы эмболия, ұзақ қысылу синдромы.
• Жергілікті белгілер: ауырсыну сезімі, деформация, аяқ-қолдың қызметінің
бұзылуы және қысқаруы, патологиялық қозғалғыштық, сынған сүйек ұштарының
крепитациясы.
• Егер адамның қабырғасы сынса, терең тыныс алғанда не жөтелгенде
ауырады.
Ашық сынық Жабық сынық
Алғашқы көмек
Науқас жағдайының ауырлығын және зақымдалу орнын анықтау.
Егер қан кету болса - тоқтату.
Маманданған медициналық қызметкерлер келгенше науқасты ауыстыру
мүмкіндігін анықтау. Омыртқа жарақаты болған жағдайда науқасты орнынан
қозғауға болмайды.
Оқшауланған жарақатта зақымдалған аймақты иммобилизацилау, шина тағу.
Шина - зақымдалған аймақтағы қозғалысты тоқтата алатын кез-келген зат бола
алады.
Орын ауыстыруға ешқандай қарсы көрсеткіштер болмаса науқасты
медициналық мекемеге тасымалдау.
Егер медициналық қызметкерлердің мумкішілігі шектеулі болса және
науқастың орынын ауыстыруға қарсы көрсеткіштер болса зақымдалған
аймақты толығымен иммобилизациялайды, одан кейін қатты тасығыштарды
қолданады.
Иммобилизациялау ережелері

Адамның аяқ-қолына транспортты (уақытша) иммобилизация жасағанда
төмендегі ережелерді сақтау керек:
Аяқ-қолды травмадан кейінгі жағдайында қалдырған жөн, сүйекті өз орнына
дұрыстаудың қажеті жоқ.
Кем дегенде 2 буынды (сынықтан төмен не жоғары) фиксациялау керек. Мықын
және иық сынықтарында 3 буынды фиксациялайды.
Шина салғанда және жара болса алдымен жараны өңдеу керек және қан кетуді
тоқтату керек.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Естен танудың белгілері
Жарақаттардың түрлері
Көру ағзасының жарақаттары
Сәуле жарақаттары. Жануарлардың бөгде заттармен жарақаттанулары
Жарақат - тері тұтастығы бұзылмай, ұлпалар мен мүшелердің зақымдануы
Жарақат түрлері
Жабық жарақаттар
Жараны емдеу принцптері
Ашық және жабық түрдегі жарақаттар
БҮЙРЕК ЖАРАҚАТТАРЫ
Пәндер