Статистикалық көрсеткіштер


Slide 1

Статистикалық көрсеткіштер

Slide 2

Анықтамалар

Статистикалық көрсеткіш (СК) - бұл сапалық анықталғандық жағдайындағы әлеуметтік - экономикалық құбылыстар мне процестердің сандық сипаттамасы

Сапалық анықталғандық -зерттелетін құбылыстар мен процестердің көрсеткішпен тікелей байланыстылығын көрсетеді

Статистикалық көрсеткіштер жүйесі (СКЖ) - бұл нақты міндеттерді шешуге бағытталған өзара байланысқан көрсеткіштерінің жиынтығы

Slide 3

Белгіге қарағанда, статистикалық көрсеткіштің айырмашылығы, статистикалық көрсеткіш, көбінесе, есептеу табылады

Келесі статистикалық көрсеткіштерді ажыратады:

Нақты статистикалық көрсеткіштер (НСК) - бір жерде және бір уақытта зерттелетін құбылыстың (процестің) мөлшерін, шамасынсипаттайды

Көрсеткіш-категория (К-К) -орны мен уақыты көрсетпегенде НСК-тің жалпы ерекше қасиеттерін көрсетеді

Slide 4 Slide 5

ЖК - Бөлек объектіні немесе жиынтық бірлігін сипаттайды

ЖнқК - бірліктер жиынтық тобын сипаттайды

КөлК - бөлек бірліктер жиынтығының белгі мәндеін қосу жолымен табылады

ЕК - формулалар арқылы есептелінеді жіне статистикалық міндерттерді шешу үшін қолданылады

ҚК - екі абсолюттік көрсеткіштердің бөлінді түрінде берілген көрсеткіш

АК - зерттелетін құбылыстың көлемін (мөлшерін) айқындайтын көрсеткіш

ОК - біртекті бірліктер жиынтығы өзгермелі белгісін қорытындылап көрсетеді

Slide 6

Абсолюттік статистикалық көрсеткіштер (АСК)

Жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін, көлемін өздеріне ғана тән сандық көрсеткіштер арқылы көрсететін жалпы көрсеткіш. Оған мысал ретінде бір жұмысшының бір ауысымдағы дайындаған тетіктерінің санын, бір жұмысшының айлық табысын, әрбір отбасындағы балалардың санын және т. б. алуға болады.

Бұл бастапқы көрсеткіш; есептеусіз кестелерден алынған сандар

Бұл аталған, өлшем бірлігі арқылы айқындалатын көрсеткіштер

Мысалы, топтағы студенттердің саны, белгілі бір уақыт аралығындағы өндірілген өнімнің көлемі, халық саны, сауда көлемі, халықтың табысы, ЖІӨ және т. б.

Slide 7

ЖАСК - жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін, көлемін өздеріне ғана тән сандық көрсеткіштер арқылы көрсетеді. (бір жұмысшының бір ауысымдағы дайындаған тетіктерінің санын, бір жұмысшының айлық табысын, әрбір отбасындағы балалардың санын және т. б. )

ЖнқАСК - жеке абсолюттік шамалардың қосындысынан алынады (халық санағы кезінде республика бойынша жалпы халықтың саны алынады)

Slide 8

АСК өлшем бірліктері (ӨБ)

ӨБ түрлері

Аталуы

Табиғи (натуралдық), қарапайым

т; дана; м; м3 ; л

Табиғи (натуралдық), күрделі

Жүк айналымы т/км; Электоқуаттың көлемі КВт/ч

Шартты-натуралдық

Шартты отын; шартты ақша бірлігі (ш. а. б. )

Құндық

тенге; валюта

Еңбек өлшем бірліктері

Еңбек шығындары (адам/сағат; адам/күндер)

Slide 9

Жеке абсолюттік шамалар жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін, көлемін өздеріне ғана тән сандық көрсеткіштер арқылы көрсетеді. Оған мысал ретінде бір жұмысшының бір ауысымдағы дайындаған тетіктерінің санын, бір жұмысшының айлық табысын, әрбір отбасындағы балалардың санын және т. б. алуға болады.

Slide 10

Жалпы, абсолюттік шамалар жеке абсолюттік шамалардың қосындысынан алынады. Мысалы, халық санағы кезінде республика бойынша жалпы халықтың саны алынады. Ол әрбір адамның жиынтығынан құралады. Жалпы абсолюттік шамалар қоғамымыздағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді көрсететін жиынтық көрсеткіштер және оны күрделі зерттеу жұмыстарында пайдаланады. Олай болса, жалпы абсолюттік шамалар статистикалық қорытындылаушы, жинақтаушы көрсеткіш болып саналады.

Slide 11

Абсолюттік шамалар қоғамдық құбылыстар мен процестердің табиғи негізін бейнелейді. Сол себепті зерттеліп отырған объектінің (зерзаттың) - әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты көрсетілетін өлшем бірліктері атаулы сандар болып келеді және оны табиғи (натуралдык), еңбек және ақ-шалай өлшем бірліктерін қолдану арқылы есептейді.

Slide 12

Табиғи (натуралдық) өлшем бірлігі сол қарастырылып отырған заттың, нәрсенің өзіне тән табиғи-физикалық қасиеттеріне байланысты қолданылатын өлшем бірліктері. Оған салмақ, көлем, ұзындық сияқты мөлшерлік өлшем бірліктері жатады. Мысалы, тоқылған мата - метрмен, болат қорыту - тоннамен, даярланған тетіктер - данамен, сауылған сүт - литрмен, жер - гектармен, т. с. с. өлшем бірліктерімен өлшенеді.

Slide 13

Жоғарыда көрсетілген табиғи (натуралдык) өлшем бірліктерінен басқа әрбір өндірілген өнімнің сорты мен сапасын анықтау үшін сапалық өлшем бірліктер де қолданылады. Оны қолдану кезінде өндірілген өнімнің жоғарғы және төменгі дәрежедегі сапасын ажыратуға толық мүмкіндік туады. Бұл әр түрлі өнім өндіруші кәсіпорындар мен шаруашылықтардың жұмыс сапасын анықтаушы өлшем бірлігі болып саналады және статистикалық есеп беру формаларында өндірілген өнімнің сорты мен сапасы, түріне қарай бөлек көрсетіледі. Осыған байланысты жоғары сортты өнім өндірудің көлемін барынша арттыру әрбір өнім өндірушінің алдына қойған негізгі мақсаты болып табылады.

Slide 14

Кейбір жағдайларда сол қаралып отырған заттардың құрамы мен құрылымына байланысты екі түрлі табиғи өлшем бірліктері бір өлшемде қатар қолданылады. Мысалы, пайдаланылған электр қуаттары - киловатт-сағатпен, тасылған жүктер - тонна-километрмен өлшенеді.

Slide 15

Табиғи (натуралдық) өлшеммен қоса шартты-табиғи өлшем бірліктері де қолданылады. Оған өзінің қолданылуы жағынан бірдей, ал сапалық құрамы жағынан әр түрлі өнімдерді, заттарды бір өлшемге келтіру арқылы, жалпы көлемін есептеу үшін пайдаланылады. Оны есептеу кезінде арнайы коэффициенттер жүйесі қолданылады. Мысалы, шаруашылықта қуаттылығы ат күшімен берілген әр түрлі техника бар деп есептейтік. Ал, жалпы ат күші бойынша мөлшерді анықтау үшін, әрбір техниканың сандық көрсеткішін арнайы берілген коэффициентке көбейтеміз. Сонда шаруашылық бойынша, техника қуаттылығының шартты түрдегі ат күшімен есептегендегі жалпы санын анықтауға болады.

Slide 16

Шартты-табиғи өлшем бірліктерін қолдану және

есептеу кезінде орташа көрсеткіштерді пайдалануға

болады. Мысалы, дүкенге 100 қап ұн әкелінген

және оның бір қабының орташа салмагы 50 кг десек,

онда ұнның жалпы салмағын есептеу үшін орташа

салмақты қаптың санына қөбейтеміз

(50 х 100 = = 5000 кг немесе 5, 0 тонна) .

Осы тәсілді қолдана отырып, басқа да көрсеткіштерді

есептеуге болады.

Slide 17

Еңбек өлшем бірліктері өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытының мөлшерін анықтауға арналған. Ол адам-сағат, адам-күн, адам-жыл сияқты өлшем бірліктерін қолдану арқылы өлшенеді, яғни бір адамның бір сағат, күн және жыл ішінде істеген жұмысының нәтижесін көрсетуге болады және оны ақшалай өлшемге айнал-дыруға тура келеді.

Slide 18

Ақшалай өлшем бірліктері өндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбекақы көлемін, таза пайда мен зиянды, банк несиесімен есептесу және т. б. көрсеткіштерді жинақтау үшін қолданылады. Ақшалай өлшем бірлігіне теңге жатады. Бірақ, біздің республикамыз бойынша кейінгі жылдары шет елдермен экономикалық және сауда-саттық тауар айналымының өркендеуіне, шетелдік инвестицияның енгізілуіне байланысты доллар мен еуро ақшалай өлшем бірлігі ретінде қолданыла бастады. Сонымен бірге, есеп айырысу үшін ақшалай өлшем бірліктері өте қажет болады.

Slide 19

ҚАТЫСТЫ СТАТИСТИКАЛЫҚ ШАМАЛАР(ҚСК)

Қатысты шамалар деп қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың екі нақты шама қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштерді айтады

ҚСК қорытындылаушы көрсеткіштің негізгі түрінің бірі болып саналады. Себебі оның нәтижесінде абсолюттік шама көрсеткіштеріне талдау, қорытынды жасауға толық мүмкіндік туады.

Бұл екіншілік есептеліп алынатын мәліметтер

Slide 20

Қатысты көрсеткіштер екі санның қатынасы түрінде есептелінеді

Алымын салыстыру (ағындағы) шама деп атайды

Бөлгішін қатысты салыстырманың негізі немесе базалық шама деп атайды (бұдан бұрынғы шамасы)

ҚСК

Салыстыру шамасы

Қатысты салыстырманың базасы

Slide 21

ҚСК келесі түрде өлшенеді:

коэффициенттер

проценттер

промильдер %о (проценттің оннан бір бөлігі)

продецемильдер %оо (проценттік жүзден бір бөлігі)

Аталған сандар (км, кг, га …)

Статистикалық зерттеудің міндерттеріне байланысты ҚСК нысаны таңдалады

Slide 22

Салыстыру негізін 1-ге тең деп, екі көрсеткішті бір-бірімен салыстырсақ, онда салыстыру нәтижесінің өлшем бірлігі коэффициентпен беріледі, яғни оның неше есеге артық немесе кем екені көрсетіледі. Мысалы, 2005-жылғы мәліметтер бойынша республика тұрғындарының 8, 6 миллионы қалалық болса, ал 1999-жылғы халық санағы бойынша бұл көрсеткіш 8, 4 миллион адам болған. Демек, 2005-жылғы қала халқының саны 1999-жылмен салыстырғанда 1, 02 есеге көбейген (8, 6 : 8, 4 = 1, 02) .

Slide 23

Егер салыстыру негізін 100-ге тең деп алсақ, онда өлшем бірлігі процентпен беріледі. Сонда салыстырылатын шаманың базалық шамадан қанша процентке артық немесе кем екені айқын аңғарылады. Бір шама бөлшектің негізгі шамадағы үлесін анықтау үшін, сол берілген шама бөлшегін негізгі шамаға бөлу керек.

Slide 24

Кейде қатысты шаманың есептелген көрсеткіштері ұсақталып, бөлшектеніп кетпеу үшін %о (промиль) не %оо (продецимиль) өлшем бірліктері де қолданылады. Егер салыстыру негізі 1000-ға тең болса, %о (промильмен), ал 1-ға тең болса, %оо (продецимильмен) өлшенеді. Бірақ, бұл өлшем бірліктері есептеу кезінде көрсеткіш ретінде халықтың сандық құрамы алынатын болса ғана қолданылады. Мысалы, 2005-жылы республикадағы халықтың саны 15, 1 млн. адам, ал жыл ішінде 152, 2 мыңы қайтыс болған. Демек, бұл - 1000 адамға шаққанда 10, 1 адам өлім-жітімге ұшырады деген сөз. Осы тәсілмен басқа да көрсеткіштерді есептеп шығаруға болады.

Slide 25

Сонымен, статистикалық қатысты шамалар әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді бір-бірімен салыстыру кезінде олардың өзге-руін, дамуын, құрылымын анықтауға, талдауға мүмкіндік береді және сол берілген сандық көрсеткіштердің қатынасына, мәні мен мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оған жататындар төмендегілер: жоспардың орындалуы, жоспарлық тапсырма, динамикасы, құрылымдық, үйлестіктік, үдемелілік (пәрменділік), салыстырмалылық, дәрежелілік.

Slide 26

Маңызы бойынша ҚСК түрлері:

Жоспарлық тапсырманың қатысты шамасы және Жоспардың орындалуының қатысты шамасы

Динамиканың қатысты шамасы

Құрылымның қатысты шамасы

Үйлестіктіктің қатысты шамасы

Үдемеліліктің (пәрменділіктің) қатысты шамасы

Салыстырмалылық қатысты шама

Slide 27

Жоспарлық тапсырманың қатысты шамасы/көрсеткіші (ЖТҚК)

жоспар бойынша қоғамдық құбылыстар мен процестердің өткен уақыттағы нақты орындалғанымен салыстырғанда қаншалық өсетіндігін немесе кемитіндігін бағдарлама арқылы көрсету болып табылады. Оны есептеу үшін көрсеткіштің жоспарланған мәнін өткен уақыттағы нақты орындалған мәніне бөлеміз және мынадай схема немесе формула арқылы есептейміз.

Проценттерде көрсетілген

Slide 28

Үйлестіктіктің қатысты шамасы деп жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің өзара қатынастарын айтады. Мысалы, дүниеге келген ұлдар мен қыз балалардың санының қатынасы, жұмысшылар мен қызметкерлер санының қатынасы, қала мен ауыл тұрғандары санының қатынасы және т. б. Үйлестіктік қатысты шамаларды есептегенде жалпы жиынтықтың құрамдас бөліктерінің біреуін салыстыру негізі (базалық) ретінде алып, қалған бөліктерінің осыған қатынасын табады. Нәтижесінде, салыстырып отырған бөлік салыстыру негізінен неше есе көп не аз екенін немесе салыстыру негізінің 1, 10, 100, 1000 бірліктеріне салыстырып отырған бөліктің неше бірлігі сәйкес ке- летінін білуге болады. Мысалы, республикамызда 2005-жылдың басында 8615 мың қала тұрғындары және 8460 мың ауыл тұрғындары болды. Яғни әрбір 1000 ауыл тұрғынына 1334 қала тұрғыны ( /8615 : 6460/ * 1000 = 1334) келді және т. с. с.

Slide 29

Үдемеліліктің (пәрменділіктің) қатысты шамасы аттас емес көрсеткіштердің қатынасын сипаттайды. Олар жинақтың әр түрлі көрсеткіштерінің қатынасын немесе бір-бірімен байланысты екі жиынтық көрсеткіштер қатынасының белгілі бір ортаға таралуын көрсетеді. Мысалы, Қазақстан бойынша 2005-жылы 1000 адамға шыққанда туу коэффициенті - 18, 2, өлім-жітім - 10, 1, табиғи өсу - 8, 1 коэффициент (промиль есебімен) болды. Бұл көрсеткіштер облыстар бойынша әр түрлі коэффициенттермен сипатталуда. Бірақ, барлық облыстар үшін республикалық ортақ көрсеткіш таратылады. Үдемелілік (пәрменділік) қатысты шамаларды есептегенде оның негізі ретінде алынған көрсеткіштердің 1, 100, 1000, 1 сандарына зерттелетін объектінің (зерзаттың) қандай шамасы келетіні анықталады.

Slide 30

Жоспарлық тапсырманың қатысты шамасы/көрсеткіші (ЖТҚК) есептеу мысалы

Есептеу жылдың қантарында фирманың жалпы табысы 1500 мың теңге болды, ал ақпанда тауар айналымының жоспары 1800 мың теңге болды. Определить ОППЗ.

Яғни ақпанда фирманың жалпы табысының жоспарын 20% жоспарлық көбейту қарастырылады

Slide 31

Жоспардың орындалуының қатысты шамасы/көрсеткіш (ЖОҚШ)

Жоспардың орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Көрсеткіштің нақты және жоспарлы деңгейлерінің қатысын көрсетеді

Процентпен көрсетіледі

Slide 32

Жоспардың орындалуының қатысты шамасы/көрсеткіш (ЖОҚШ) есептеу мысалы

Есептеу кезеңнің ақпан айында фирманың жалпы табысы 2055, 5 мың теңге, жоспары 1800 мың теңге. Ағындағы жылдағы жалпы табыс бойынша фирманың жоспарының орындалуын анықтау керек.

Сонымен жалпы табыс бойынша жоспар 114, 2% орындалды, яғни жоспардың артық орындалғаны 14, 2% болды.

Slide 33

Динамиканың қатысты шамасы (ДҚШ) - өсу қарқыны

құбылыстың уақытқа байланысты өзгеру мөлшерін білдіреді.

Жоспарлауда, талдауда және статистикада қолданылады

ДКК = Ағындағы көрсеткіш / Алдындағы

немесе базистік

көрсеткіш

Коэффициенттер немесе проценттер арқылы көрсетіледі

Slide 34

Динамиканы есептеу үшін салыстырылатын уақыттағы көрсеткіш мәнінің өткен уақыттағы бір мәніне қатынасы арқылы есептеледі, яғни уақытқа қарай құбылыстар мен процестердің өзгеру қарқыны көрсетіледі. Оны есептеу үшін төменде берілген схеманы немесе формуланы қолданамыз:

Slide 35

Жоғарыда көрсетілген қатысты шамалар бір-бірімен өзара байланысты болады. Сол байланысты көрсету үшін төменде берілген формулаға зер салайық:

Бұдан динамиканың қатысты шамасы жоспарлық тапсырманың және жоспардың орындалу көрсеткіштерінің көбейтіндісіне тең деген ұғымды аңғарамыз. Демек, бұл байланыстылықтың статистикалық зерттеудегі атқаратын рөлі мен тәжірибелік мәні өте жоғары деп бағалауға болады және бұл үш шаманың екеуі белгілі болса, онда үшіншісін әрқашан да есептеп шығаруға толық болады.

Slide 36

Өсу қарқынын есептеу барысындағы кезеңдер түрлері

1. Базистік өсу қарқындары

Бір тұрақты салыстырмалы базаға қатысты есептелінеді, яғни бастапқы деңгеймен салыстырылып

Slide 37

2. Тізбекті өсу қарқыны

Өзгермелі салыстырмалы базаға қатысты есептелінеді, яғни әр кезеңде өткен кезеңге қатысты


Ұқсас жұмыстар
Медициналық статистика
Аралық талдау
Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның зерттеу міндеттері
Статистикалық мәліметтерді жинақтау,топтау және түрлері
Статистикалық мә ліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру туралы ақпарат
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру туралы ақпарат
Әлеуметтік - экономикалық статистиканың ғылыми негіздері
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру
Статистикалық кестелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz