Жұтқыншақ анатомиясы


ҚеАҚ Қарағанды медицина университеті
Жұтқыншақ анатомиясы.
Баспа (ангина)
Жұтқыншақ
• Жұтқыншақ (pharynx) жартылай ас қорыту түтік бөлігі және тыныс жолы болады;
бұлшықеттер мен шелді қабықтан (көп талшықты дәнекер тінді немесе фиброзды) жасалған
және ішінен сілемейлі қабықпен төселген қуыс (бос) ағза болып есептеледі. Жұтқыншақ
үстіңгі жақтағы мұрын және
• ауыз қуыстарын төмендегі көмеймен және өңешпен жалғастырады. Жұтқыншақ қуысы
мұрын, ауыз және көмей қуыстарының артында және шүйде сүйектің негізі мен алты мойын
омыртқаларының алдында орналасқан, ол төменде өңешке өтеді. Жұтқыншақ бассүйектің
түбегейінен басталып VI мойын омыртқасына дейін жетеді. Жұтқыншақтың бүйір
қабырғалары қан-нерв ірі бағандарының қосынды өрімдерімен шектеседі. Анатомия-
физиологиялық ерекшеліктеріне және клиникалық көзқарастарға байланысты жұтқыншақты
үш бөлікке ажыратады:мұрынжұтқыншақ (epipharynx), ортаңғы ауыз бөлік -
ауызжұтқыншақ (mesopharynx) және төменгі көмей бөлік - көмейжұтқыншақ (hypopharynx).
Жұтыну актісі мезгілінде және бірсыпыра дыбыстарды шығару уақытысында, мысалы
дауысты дыбысты – жұмсақ таңдай көтеріледі, артқа қарай ауытқиды және қысқа уақытқа
жұтқыншақтың артқы қабырғасына жанасып, мұрынжұқыншақты толығымен тұйықтайды.
Жұтқыншақтың қуысына жеті тесік ашылады:мұрын-жұтқыншаққа – екі хоана (мұрын-
жұтқыншақ тесігі) және есту түтігінің екі жұтқыншақ тесігі, ауыз-жұтқыншаққа – аңқа (зев)
және көмей-жұтқыншаққа – көмейге өтіс (кіреберіс) және өңештің ауызы ашылады.
Мұрынжұтқыншақ.
Жұтқыншақтың мұрын бөлігі хоаналардың артқы жағындағы кішігірім қуыс, жұтқыншақтың ең
жоғарғы бөлігі. Мұрын-жұтқыншақ тек қана тыныс алу қызметін атқарады, оның қабырғалары
қозғалмайды және төмен түспейді. Мұрынжұтқыншақтың екі бүйір, алдыңғы, артқы және үстіңгі
қабырғалары бар. Мұрынжұтқыншақтың күмбезі – үстіңгі жағында бассүйек түбегейінің сыртына
бекітілген және шүйде сүйектің түбегейімен және сына сүйектің алдыңғы-төменгі бөлігімен
шектеседі; артында 1-ші және 2-ші мойын омыртқаларымен; алдында – екі хоана бар; бүйір
қабырғаларында – мұрынның төменгі кеуілжірлерінің артқы шеткі деңгейінде есту түтіктерінің
воронка тәрізді жұтқыншақ тесігі орналасқан. Бұл тесік үстіңгі және артқы жағынан түтік білігімен
шектелген, бұл білік есту түтігінің шығып тұрған шеміршекті қабырғасынан жасалған. Түтік
білігінің артқы жиегінен төмен қарай сілемейлі қабық қатпары кетеді, бұнда жоғарғы жұтқыншақ
констрикторынан кететін бұлшықет шоғыры (m.salpingopharyngeus) салынған. Бұл қатпардың және
есту түтігі ұртының артында мұрынжұтқыншақтың әрбір бүйір қабырғасында шұңқыр –
жұтқыншақ қалтасы немесе Розенмюллер ойығы бар, мұнда әдетте лимфаденоилық тіндер
жиынтығы 5-ші және 6-шы түтікше бадамша безі бар. Мұрынжұтқыншақтың жоғарғы және артқы
қабырғалары арасындағы шекарада (күмбезі үстінде) жұтқыншақ (немесе 3-ші мұрынжұтқыншақ)
бадамша безі болады. Нормада жұтқыншақ бадамша безі тек қана балалардың жас кездерінде жақсы
жетілген. Жыныс ағзалары жетілу кезеңінде ол кішірейе бастайды, 20-жасына қарай аденоилық тін
тек кішкентай жолақ түрінде көрінеді, жасы өскен сайын оның семуі (көлемінің кішіреюі)
жалғасады. Жұтқыншақтың жоғарғы және ортаңғы бөліктерінің аралық шекарасы болып ойша
артқа қарай ұзартылған қатты таңдай жазықтығы жатады.
Жұтқыншақтың ортаңғы бөлігі (ауызжұтқыншақ).
Ол қалай ауаны, солай тамақты өткізуге қатысады, мұнда тыныс және ас қорыту
жолдарының түйісуі болады. Ауыз-жұтқыншақтың алдында ауыз қуысына ашылатын
тесік – аңқа (зев) бар, оның артқы қабырғасы 3-ші мойын омыртқасымен шектеседі.
Аңқа – жұмсақ таңдайдың жиектерімен, алдыңғы және артқы таңдай доғашықтарымен
және тілдің түбірімен шектелген. Жұмсақ таңдайдың ортаңғы бөлігінде өсінді түрінде
ұзару болады, бұл кішкене тіл немесе тілшік деп аталады. Жұмсақ таңдай бүйір
бөліктерінде жарылады және алдыңғы және артқы таңдай доғашықтарына өтеді,
бұларда бұлшықеттер салынған (алдыңғы доғашықта – тіл-таңдай, артқы доғашықта –
жұтқыншақ-таңдай бұлшықеттері), бұл бұлшықеттер қысқарғанда қарама-қарсы
доғашықтар жақындасады, жұтыну кезінде сфинктер сияқты жұмыс істейді. Жұмсақ
таңдайдың өзінде де бұлшықеттер салынған, бір бұлшықет оны көтереді және
жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысады, бұл бұлшықеттің қысқаруы есту түтігінің
саңылауын кеңейтеді. Жұмсақ таңдайдың екінші бұлшықетті оны қатайтады және
жанына кереді, бұл кезде есту түтігінің ұрты кеңейеді, бірақ оның саңылауын басқа
бөлігінде тарылтады. Таңдай доғашықтары аралығындағы ұшбұрышты қуыста
(бадамша шұңқыршасында) таңдай бадамшасы (1-ші және 2-ші бадамша бездері) бар.
Жұтқыншақ лимфаденоилық тіндердің гистологиялық құрылысы біртектес –
дәнекертінді талшықтар арасында көптеген лимфоциттердің шар тәрізді топтануы
болады, олар фолликулалар деп аталады. Дегенмен, таңдай бадамшасының
гистологиялық құрылысы клиникалық көзқарас бойынша ерекше маңызды.
Жұтқыншақтың көмей бөлігі (көмейжұтқыншақ).
Ауызжұтқыншақ пен көмейжұтқыншақтың аралық шекарасы болып көмей
қақпашығының (қақпақшасының) жоғарғы жиегі және тілдің түбірі жатады;
көмейжұтқыншақ төменде воронка тәрізді тарылып өңешке өтеді. Жұтқыншақтың
көмей бөлігі 4-ші, 5-ші және 6-шы мойын омыртқаларының алдында орналасады.
Көмей-жұтқыншақтың алдыңғы және төменгі жағынан көмейге өтіс (көмейге
кіреберіс) басталады. Көмей кіреберісінің бүйірлерінде, бұнымен және жұтқыншақтың
бүйір қабырғалары арасында төмен қарай конус сияқты тарылған тереңдеу шұңқыр
бар. Бұл шұңқыр – алмұрт тәрізді синус (қуыс) деп аталады, бұл алмұрт тәрізді
шұңқыр арқылы тамақ өңештің кіреберісіне өтеді. Жұтқыншақтың төменгі бөлігінің
негізгі бөлігі көмейдің артында орналасады, сондықтан оның артқы қабырғасы
жұтқыншақтың алдыңғы қабырғасы болады. Тікелей емес (жанама) ларингоскопияда
тек алмұрт тәрізді қуыстарға дейінгі көмейдің төменгі бөлігінің жоғарғы бөлігі
көрінеді, ал төменгі жұтқыншақтың алдыңғы және артқы қабырғалары жанасады
(шектеседі), тек тамақ өткен кезде ажырасады. Жұтқыншақтың қабырғасы төрт
қабаттан тұрады. Оның негізін шелді (фиброзды) қабық құрайды, бұның өзі
жұтқыншақтың ішкі қуысы жағынан сілемейлі қабықпен, ал сыртынан – бұлшықетті
қабатпен жабылған. Бұлшықеттер өз кезегінде сыртынан тым жұқа дәнекертінді
қабатпен – адвентициамен жабылған, бұның үстінде борпылдақ (жұмсақ; бос) дәнекер
тін жатыр, бұл борпылдақ тіндер жұтқыншақтың айналасындағы қарым-қатынастағы
анатомиялық құрылымдармен өзара жылжымалдылығын қамтамасыз етеді.
• Баспа (ангина ) – жұтқыншақтың (глотка)
(көбіне таңдайдың) бадамша безінің
лимфалық тканьдерінің қабынуы.
• Бұл жалпы инфекциялық ауру. Оны
стрептококк, стафилококк, пневмококк
сияқты микроорганизмдер қоздырады. Ауру
организмді қарсылығы төмендегенде және
сырттан немесе мұрын, ауыз қуыстарынан
ауру тудырғыш микроорганизмдер түскенде
туады. Аурудың сипаты, орны, ауру не жеңіл
өтуіне қарап катаральды, фолликулалы
( көпіршікті), лакуналы (шұңқырлы) баспа
деп ажыратады. Катаральды баспада дене
қызуы онша жоғары емес, бірақ кішкентай
балаларда жоғары да болуы мүмкін. Ауру
көбіне тамақтың құрғап қалуына, одан кейін
жұтынғанда ауыратынына шағым жасайды .
Тексеріп қарағанда, таңдай
бадамшасының ісіп қызарғаны
көрінеді. Фолликулалы және
лакуналы баспа ауырлау өтеді.
Мұнда температура көтеріліп,
жұтынғанда тамақ қатты
ауырады, жақасты және
иекасты лимфа түйіндері
үлкейеді. Қанда лейкоцитоз
(25*109 дейін), СОЭ ( 50 мм/с-
қа дейін ) жылдамдайды.
Фолликулалы
баспада бадамша безде
ақшыл-сарғыш нүктелер
көрінеді, ал лакуналы баспада
– ақ немесе ақшыл сары
жабыспалар (налет) көрінеді.
Емі
• Асқынып кетпес үшін төсекте жату, сульфаниламид препараттарын
ішу, микроорганизмдерге сезімталдығын, тексергеннен кейін,
антибиотиктерден иньекция жасау керек. Шәй, шырын сулары өте
жақсы көмектеседі.
• Жаралы – қабықты ( немесе ғалымның атымен Симановский –
Плаут Венсен ) баспа ұршық тәрізді таяқшаның ауыз қуысындағы
спирохетамен симбиозынан пайда болады. Ауру көбінесе әлсіреген
адамдарда болады. Ол жұмсақ таңдайдың бір бадамшасының
шырышты қабығындағы ақшыл сары түсті жеңіл алынатын
жабыспалармен сипатталады. Ауру адам ауыздан шығатын жағымсыз
иіске, сілекейдің көп бөлінетініне, ауырған жақтағы лимфа
түйіндерінің ұлғайғанына шағым жасайды. Температурасы онша
көтерілмейді. Диагнозды жабыспалармен жоғарыда аталған
микробтар табылғанда қояды.
• Баспаның асқыну түрінің бірі
– абсцесс. Жұтқыншақ арты абсцесі –
жас балаларда кездеседі. Мұнда
температура қатты көтеріліп, жұтыну
қиындайды, мұрынмен дем алу
бұзылады, дауыс міңгірлеп шығады.
• Қатты ауыратындықтан бала тамақ
ішуден бас тартады. Тексеріп қарағанда
жұтқыншақтың артқы қабырғасының
ісігіне анықталады. Бұл абсцеске басты
ыңғайлы қалыпта ұстау тән (артқа және
ауырған жаққа қарай қисайту). Кейде
төменгі жақтың артқы бұрышы тұсында
мойынның ісігені байқалады.
• Диагнозды саусақпен ісікті басып
көтергеннен кейін қояды.
• Организмдегі барлық үш топтағы лимфалық құрылымдардардың жалпы көрініс
құрылысы ұқсас болады. Жұтқыншақтың лимфаденоилық шеңберіндегі ең үлкен
бадамшалардың (таңдай, мұрынжұтқыншақ және тіл) анатомия-гистоморфологиялық
және функционалдық ұқсастығы (синергизмі) бар. Осы ұқсастықтар таңдай
бадамшасының спецификалық (өзіндік ерекше) функциясының жоқтығын көрсетеді,
бірақ таңдай бадамшаларында тіндердің үлкен жетілуі (нақтылануы;
дифференцировкасы) байқалады. Жұтқыншақтың лимфаденоилық құрылымы
балалар өмірінің бірінші жылдары ең үлкен дамуына жетеді, ал жыныс гармондары
пайда болу кезеңінен бастап (14-15 жастан) оның біртіндеп керісінше дамуы
басталады. Балалық және жас өспірім шақтарында жұтқыншақтың бадамшаларында
лимфоциттер пайда болады (құрылады), олар ауыз қуысына және жұтқыншаққа
бөлініп түседі. Бадамшаларда әлсіз түрдегі антидененің (қарсы дененің; микроб
уының енуіне қарсы дененің) құрылуы пайда болады. Барлық лимфоэпителиалдық
құрылымдарда және солай бадамшаларда жамылғы эпителий арқылы
лимфоциттердің үнемі бір жерден екінші жерге көшуі (орын ауыстыруы) болып
тұрады. Лимфоциттар ауыз қуысына және жұқыншаққа түсіп бүлінеді (жарылады)
және ферменттер бөледі, бұлар ауыздағы ас қорытуға қатысады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz