Күштің анықтамасы, өлшем бірлігі және векторлық бейнеленуі

Денелердің өзара әрекеттесуіне мысалдар
Көбінесе:
«Денеге күш әрекет етеді»
немесе
«Денеге күш түсірілген» деп айтады.
Күшті Ғ әрпімен белгілейміз. SІ жүйесінде күш бірлігіне Ньютон (Н) алынған. Бұл күш бірлігі ағылшынның ұлы ғалымы Исаак Ньютонның құрметіне ньютон деп аталған. 1Н - тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш.
Практикалық есептер шығарғанда күштің үлестік (миллиньютон) немесе еселік (килоньютон) бірліктері де қолданылады.
1мН=0, 001 Н
1кН=1000 Н
Күшті динамометр деп аталатын
құралмен өлшейміз
Динамометрлердің әр түрі болады: қолдың
бұлшық етінің күшін өлшеу үшін
қол динамометрі
тракторлардың локомотивтердің тарту күшін өлшеу үшін арнайы тарту динамометрлері пайдаланылады.
Күш -денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Күш, F
Өлшем бірлігі ньютон(Н)
Сан мәнімен
(модулі)
Кеңістіктегі бағытымен
Түсірілу нүктесімен
60Н
Күш сандық мәнімен қоса бағытымен де сипатталатын болғандықтан ол векторлық шама болып табылады.
Денеге түсірілген күшті суретте бағыты бар кесінді түрінде көрсетуге болады.
Кесіндінің ұзындығы шартты түрде қандай да бір таңдап алынған масштабтағы күштің шамасын көрсетеді.
Нұсқаманың бағыты күш әрекетінің бағытымен сәйкес келеді.
Кесіндінің басы күштің түсірілу нүктесі болып табылады.
Білімді бекіту.
1. 1Н күштің масштабын 0, 5 см етіп алып, бір нүктеге бір бағытта әрекет ететін 4Н-ға және 8Н-ға тең күштерді график түрінде кескінде.
Допқа әсер ететін күштің түсу нүктесі мен бағытын салып көрсетіңіздер.