Карьер: ашық кен өндіру технологиясы, жабдықтары және экологиялық әсері


Slide 1

Карьер туралы жалпы түсінік

Балтабай Айдәулет

ГД-23-1

Slide 2

Карьер (французша carrière - тас алынатын шұңқыр) - кен байлықтарын ашық кен өндіру әдісімен алу кезінде пайда болатын тау-кен қазбаларының жиынтығы.

Аршу, өндіру жұмыстарында кентас, бос жыныстарды тасымалдау үшін жүк көтергіштігі 100 - 300т карьерлік автокөліктер пайдаланылады.

Slide 3 Slide 4

Карьерлер көбінесе құм, қиыршық тас, әктас, гранит, көмір, темір және түсті металдарды өндіру үшін пайдаланылады.

Карьерден кен өндіру бірнеше кезеңнен тұрады:

1. Барлау жұмыстары - пайдалы қазбаның орналасуын анықтау.

2. Топырақ қабатын алу - үстіңгі жыныстар алынып тасталады.

3. Жарылыс жұмыстары (егер қажет болса) - қатты жыныстарды ұсақтау үшін.

4 Қазба жұмыстары - экскаваторлар мен жүк көліктері кенді тасымалдау үшін жұмыс істейді.

5. Қалдықтарды шығару - қажетсіз тау жыныстарын арнайы жерге шығару.

Slide 5

Екі топографиялық бет арасындағы карьер көлемінің сұлбалық кескіні

Slide 6

Карьерлердің табиғатқа тигізетін әсері көп:

Ландшафт өзгеруі

Ауаның шаңмен ластануы

Су көздерінің ластануы

Флора мен фаунаның бұзылуы

Қазіргі кезде карьерлерді экологиялық қауіпсіз қазу әдістері қолданылуда, сонымен қатар карьерлерді пайдалану аяқталған соң оларды қайта көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Slide 7

Карьерде техникалардың өлшемдері өте үлкен. Соның бірі таужыныстарды тасымалдайтын БелАЗ техникасы. Ол 450-500тонна жүкті көтере алады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Бұрғылау-жару әдісімен кен қазбаларын қазу кезінде алдымен бұрғылау станоктары арқылы шпурларды бұрғылайды, содан кейін олар зарядталады, қазылған кеңістіктегі тау жыныстарын қазып алу үшін жарылыс жүргізіледі. Үзілген тау-кен массасын тиегеннен кейін қазудың жаңа циклі басталады: бұрғылау, жарылыс және тасу-тиеу.

Жарылатын заттар түрлері: анулотол, алюмотол, гранитол-1 и гранитол-7А, граммониты: 79/21, 50/50 и 30/70.

Slide 11 Slide 12 Slide 13

1. Алтын кені

Бай кен: 10 г/т және одан жоғары

Орташа кен: 3-10 г/т

Кедей кен: 1-3 г/т

Өте кедей кен: 0. 5 г/т және төмен

2. Мыс кені

Бай кен: 1. 5% (15 кг/т) және одан жоғары

Орташа кен: 0. 8-1. 5% (8-15 кг/т)

Кедей кен: 0. 3-0. 8% (3-8 кг/т)

Өте кедей кен: 0. 3% және төмен

3. Темір кені

Бай кен: 50-70% Fe (500-700 кг/т)

Орташа кен: 30-50% Fe (300-500 кг/т)

Кедей кен: 20-30% Fe (200-300 кг/т)

Өте кедей кен: 20% және төмен

Slide 14

Карьер өте үлкен - ұзындығы 3 км, ені - 2 км, ал тереңдігі - 1км. Құмтөр карьері Қырғызстанда таулы аймақта орналасқан. Теңіз деңгейінен 4000метр жоғары биіктікте. 2022жылдың нәтижесі бойынша Құмтөр алтын карьерінде 30 000кг алтын өндірілген.

Slide 15 Slide 16

Кәріптас (янтарь) карьері

Slide 17

Мәрмәр (мрамор) карьері

Slide 18

Құм карьері


Ұқсас жұмыстар
Тау-кен ісінің жалпы түсінігі: карьер мен шахта және Қазақстандағы даму тарихы
Битумды құмтастар: құрамы, кен орындары, өндіру технологиялары және қоршаған ортаға әсері
Құмкөл кен орнын игеру: мұнай-газ өндіру технологиясы, ұңғыны игеру әдістері және жинақтау-дайындау жүйелері
Шыны өндірісінің технологиясы, әдістері және жабдықтары
Қазақстандағы көмірсутектер: кен орындары, өндіру және пайдалану
Минералды тыңайтқыштар: жіктелуі, өндірістік технологиясы, экологиялық әсері және Қазақстандағы өндірісі
Қазақстандағы көмірді өндіру және өңдеудің экологиялық аспектілері
Мұнай-газ кен орындарын игеру мен бұрғылау объектілерінің қоршаған ортаға әсері және экологиялық басқару шаралары
Ірімшік түрлері және өндіру технологиясы
Балқаштүстіметалл: тарихы, өндірісі және экологиялық әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz