Мұхиттардың геологиясы, тектоникалық процестері және биологиялық әртүрлілігі


Slide 1

Мұхиттар геологиясы

Мұхиттар Жер бетінің 71%-ын алып жатыр және планетамыздың климаты мен биосферасы үшін өте маңызды рөл атқарады. Олардың геологиясы, яғни олардың пайда болуы, дамуы, құрылымы және геологиялық процестердің оларға әсері, планетамыздың тарихын түсінуге және болашақтағы өзгерістерді болжауға көмектеседі.

Мұхиттардың геологиялық тарихы шамамен 4 миллиард жылға созылады. Алғашқы мұхиттар Жердің салқындауы мен су буының конденсациясы нәтижесінде пайда болған. Теңіз түбінің құрылымы мен рельефі жер қыртысының тектоникалық плиталарының қозғалысымен байланысты. Теңіз түбіндегі тау тізбектері, шұңқырлар мен жазықтардың пайда болуы осы плиталардың соқтығысуы мен ажырауы нәтижесінде пайда болады.

Slide 2

Мұхиттардың пайда болуы және даму тарихы

Мұхиттардың даму кезеңдері біздің планетамыздың геологиялық тарихындағы үлкен өзгерістерге байланысты. Мұхиттардың бүгінгі күнгі көлемі мен құрылымы Палеозой, Мезозой және Кайнозой дәуірлері кезіндегі континенттердің қозғалысы мен климаттың өзгеруі нәтижесінде қалыптасты.

Палеозой дәуірінде алғашқы балықтар мен теңіз жануарлары пайда болды. Мезозой дәуірінде динозаврлардың дәуірі болған кезде теңіз деңгейі қазіргі уақыттан жоғары болды, ал континенттер көбінесе су астында қалды. Кайнозой дәуірінде қазіргі континенттер мен мұхиттардың қалыптасуы аяқталды, және адамдардың пайда болуына әкелді.

Slide 3

Мұхиттардағы жермен қатысты процестер

Вулкандық процестер

Мұхит табаны мен жағаларындағы вулкандық және сейсмикалық белсенділік.

Тектоникалық процестер

Плиталардың қозғалысы, ығысуы және шөгінділер шөгуі.

Эрозиялық процестер

Толқындар, ағындар және мұздықтардың әсерінен жер бетінің өзгеруі.

Тұнба түзілу

Органикалық және бейорганикалық заттардың мұхит табанына шөгуі.

Slide 4

Мұхиттардың тектоникасы және жер қыртысы

Мұхиттардың тектоникалық плиталардың қозғалысымен тығыз байланысты. Жер қыртысы бірнеше тектоникалық плиталарға бөлінеді, олар бір-біріне қатысты қозғалып, жаңа мұхиттардың пайда болуына немесе ескілерінің жабылуына әкеледі. Мұхиттық плиталардың соқтығысуы нәтижесінде мұхит шұңқырлары мен тау жоталары пайда болады. Мысалы, Тынық мұхитта орналасқан Мариан шұңқыры - Жердегі ең терең нүкте, ол екі плитаның соқтығысуынан пайда болған. Сонымен қатар, мұхиттық плиталардың бір-бірінен ажырауы нәтижесінде орта мұхит жоталары пайда болады, онда жанартау атқылауы байқалады. Мұхиттардың тектоникасы мұхиттардағы жер сілкіністері мен цунамилер сияқты табиғи апаттардың пайда болуына да әсер етеді.

Slide 5

Температура

Мұхит суының температурасы жоғары болатын экватор маңайынан төмен болады.

Судың жылу сыйымдылығы көп болғандықтан, Жер шарының климатына осы мұхиттар әсер етеді.

Мұхит түбінде орталық жоталарында жаңа магма материалының түсуі нәтижесінде мұхит ауданының кеңеюі - спрединг деп аталады.

Субдукция - бір тектоникалық плитаның екіншісінің астына кіруі, көбінесе мұхиттық плита континенттік плитаның астына батады.

Slide 6

Мұхиттардағы биологиялық әртүрлілік

Планктон

Микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар

Бентос

Түпкі тіршілік иелері

Балықтар

Су қоймаларындағы ең көп таралған хордалы жануарлар

Теңіз сүтқоректілері

Киттер, дельфиндер, теңіз иттері және т. б.

Slide 7

Мұхиттарда ауадағы оттегінің көп бөлігін фитопланктондар өндіреді. Бұл ұсақ су өсімдіктері фотосинтез арқылы күн сәулесін пайдаланып көмірқышқыл газын оттегіге айналдырады. 50-80 пайызын өндіреді жердегі.

Риф - теңіз немесе мұхит түбінде орналасқан тас, құм немесе коралл құрылымы. Коралл рифтері тірі органзимдерден тұратын рифтердің ең танымал түрі. Тірі организмдер өз денесін әктаспен қаптап, құрылымдар жасайды. Бұл рифтер теңіз жануарлары мен өсімдіктердің мекені.


Ұқсас жұмыстар
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы: тарихы, табиғи жағдайы және биологиялық әртүрлілігі
Кенқияқ мұнай кен орны: геологиясы, ұңғылау технологиялары және өндіру-тасымалдау процестері
Қазақстанның қорықтары: құрылуы, орналасуы және биологиялық әртүрлілігі
Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы
Алакөл көлі: географиясы, гидрологиясы, биологиялық әртүрлілігі және қорғалуы
Алтынемел ұлттық табиғи паркі: географиясы, геологиясы және биологиялық алуантүрлілігі
Эндогендік геологиялық процестер: тектоникалық қозғалыстар, магматизм, метаморфизм және жер сілкіністері
Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің геоэкологиялық сипаттамасы мен биологиялық әртүрлілігі
Жер қабатының геологиясы: құрылымы мен құрамы
Іле Алатауы (Алматы) мемлекеттік табиғи қорығы: тарихы, экожүйелері және биологиялық әртүрлілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz