Шөгінді тау жыныстар


Slide 1

Шөгінді тау жыныстары

Жунусов Елдос ГД-23-1

Slide 2

Тау жынысы деген не?

Жер қыртысын құрайтын минералдық бір тектес заттарды тау жынысы деп атайды. Жердің сыртқы қыртыс қабаттары көбінесе қатты тастардан тұрады. Сол себепті тау жыныстарын анайы түсінікпен атағанда тастар деуге болады. Тастардың жер бетіне шыққан айқын күрделі түрлері тауларда кездеседі. Тау жыныстары деген сөздің өзі сол тастардың тауда кездесу түсінігінен шыққан. Петрография тау жыныстарын зерттеуші ғылым болып табылады.

Slide 3

Тау жыныстар

түрлері

01.

02.

03.

Шөгінді

Метаморфті

Магмалық

Slide 4

Шөгінді тау жыныстары

Шөгінді тау жыныстары - құрлықта немесе суда шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипс, тас тұзы және басқалары), органогендік, жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестас, шымтезек, тас көмір) және кесек шөгінді тау жыныстарына бөлінеді.

Slide 5

Шөгінді тау жыныстарының түзілуі

01

02

03

Сынықты

Сазды

Химиялы-биологиялық

Slide 6

Сынықты Шөгінді тау жыныстары тегіне байланысты екі қатарға ажыратылады: жанартаулық және нақты шөгінді. Жанартаулық-сынықты тау жыныстары жанартау атқылауы кезінде түзіліп пирокласт мөлшер қатынасы бойынша туфтар, туффиттер және туфогендік болып үшке бөлінеді. Туфтарда пирокласт 90%, ал туффиттерде 50 - 90%, туфогендік тау жыныстарында 10 - 50% болады. Нақты шөгінді-сынықты тау жыныстары өлшемі бойынша ірі (2 мм-ден үлкен), орташа (0, 1 - 2 мм) және ұсақ (0, 01 - 0, 1 мм) болып жіктеледі. Ірілері физикалық күйіне байланысты жақпартас, дөңбектас, малтатас, қиыршықтас, конгломераттар, брекчиялар деп ажыратылады.

Slide 7

Сазды Шөгінді тау жыныстарының болбыр, жұмсақ түрлерін саздар, ал тасқа айналғандарын сазтастар деп атайды. Олар гидрослюда, монтмориллонит, т. б. сияқты сазды минералдардан тұрады.

Шөгінді

Химиялық және биохимиялық шөгінді тау жыныстары химиялық құрамына қарай алюминийлі, темірлі, марганецті, фосфатты, кремнийлі, карбонатты, тұзды тау жыныстары болып бөлінеді. Ең көп таралғаны сазды тау жыныстары (53%), құмды тау жыныстары (25%), карбонатты тау жыныстары (20%) .

Slide 8 Slide 9

Магмалық және шөгінді жыныстар жердің терең қабатына түссе немесе жаңадан көтерілген магмалық ыстық лебіне ұшыраса, олар қысым күшінің және ыстық лептің әсерінен әр турлі өзгерістерге ұшырап, өзінің бастапқы құрылыс түрін жоғалтады, сонымен қатар олардың минералдық және химиялық құрамы да өзгереді. Осындай өзгерістен пайда болған жыныстарды метаморфтық жыныстар деп атайды. Мысалы, ізбестас метаморфтық әсерден кристалданып, тығыздалып мраморға айналады. Демек, мрамор - метаморфтық жыныс.

Slide 10

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Магмалық тау жыныстары
Шөгінді тау жыныстары
Минералдардын жіктелуі
Магмалық тау жыныстары классификациясы
Шөгінді тау жыныстарының жатыс пішіндері
Тау жыныстарының генетикалық жіктелуі
Ежелгі Шығыс Еуропа платформасының негізгі сипаты
Петрография тау жыныстары туралы ғылым
Жанартау
Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz