Паренхималық дистрофия


Slide 1

Дәріс 2: Паренхималық дистрофия

Slide 2

Дәрістің жоспары

Дистрофиялар, жіктелуі

Дистрофияның морфогенетикалық механизмдері

Дистпротеиноздар

Липоидоздар

Гликогеноздар

Slide 3

Дистрофия (грекше dis-бұзылу, trophe-көректендіремін) деп жасушалар мен тіндерде зат алмасуының бұзылуына байланысты дамитын патологиялық үрдістерді түсінеміз.

Slide 4

Дистрофияның даму себептері:

Инфильтрация

Декомпозиция

Трансформация

Денатурация

Бейтабиғи синтез

Slide 5

Инфильтрация -қан арқылы келген заттардың жасушаға немесе жасуша аралық тінге мөлшерден тыс сіңіп қалуы.

Декомпозиция (ыдырау) қалыпты жағдайда бір бірімен берік байланысқан, бірақ та патологиялық жағдайда ыдырап, жеке-жеке көрініп қалуы.

Slide 6

Трансформация бір заттың орнына екінші заттың түзілуі. М: май жіне көмірсу түзуші заттардан белоктың түзілуі.

Денатурация- белоктардың әртүрлі жағдайларға байланысты ұйып немесе бірігіп коагулянттардың түзілуі.

Бейтабиғи синтез жасушалар мен тіндерде табиғи жағдайда кездеспейтін заттардың амилоид белогі мен алькогольді гиалиннің болуы.

Slide 7

Дистрофияның жіктелуі(В. В. Серов бойынша) :

Морфологиялық өзгерістердің стромада немесе паренхимада дамуына байланысты дистрофиялар:

Паренхималық

Стромалды қан тамырлық

Аралас

Slide 8

Зат алмасуының түріне байланысты:

Белокты

Көмірсулы

Майлы

Slide 9

Тұқым қуалаушылық жағдайына тәуелділігіне қарап:

Туа пайда болған

Жүре пайда болған

Өзгерістің таралуына байланысты:

Жалпы

Жергілікті.

Slide 10

Паренхималық дистрофиялар - зат алмасу үрдісінің тек жасуша ішінде бұзылуы

Жіктелуі:

Белокты (диспротеиндар)

Майлы (липоидоздар)

Көмірсулы

Slide 11

Диспротеиноздар

Гиалинді- тамшылы

Гидропиялық

Тулеу

Slide 12

Диспротеиноздар:

Гиалинді-тамшылы дистрофияда - жасуша цитоплазмасында ірі гиалинге ұқсас белок тамшылары көрінеді.

Нәтижесі-

- жасушаның фокалді коагуляциялық некрозы (алкоголдік гепатиттегі бауырдағы Маллори денешіктері)

- жасушаның бүтіндей коагуляциялық некрозы

Slide 13

Гидропиялық дистрофия - жасуша ішінде цитоплазмалық сұйықтықпен толған вакуолдердің пайда болуы

Нәтижесі

- жасушаның колликвациялық фокалды некрозы (баллонды дистрофия)

- жасушаның колликвациялық бүтіндей некрозы

Slide 14

Түлеу дистрофиясы - түлеу өнімдерінің түлеуші эпителиде жиналып қалуы (гиперкератоз, ихтиоз) немесе түлеу өнімдерінің қалыпты жағдайда кездеспейтін жерлерде пайда болуы (лейкоплакия, жалпақ жасушалы рак)

Slide 15

Липоидоздар

Микроскопиялық түрлері:

- Шаң тәрізді

- Майда тамшылы

- Ірі тамшылы

Таралуы бойынша:

- Ошақты және таралған

Нәтижесі: жасушаның некрозы

Slide 16

Майлы паренхималық дистрофия (липоидоздар) - жасуша цитоплазмасында майдың көбейіп кетуі. Кейде май қалыпты жағдайда кездеспейтін жерлерде пайда болады. Сонымен қатар, химиялық құрамы өзгерген майлар да жиналып қалуы мүмкін.

Slide 17

Себептері:

май-белок кешендерінің ыдырауы (декомпозиция)

Қанда май мөлшерінің көбейіп кетуі (инфильтрация)

Майдың көмірсулар және белоктар есебінен түзілуі (трансформация)

Slide 18

Бауырдың майлы дистрофиясы

түрлері:

1. Майда тамшылы семіру

2. Ірі тамшылы семіру

Бауырдың көрінісі: сары, үлкейген, қамырдай жұмсақ.

Себептері:

Улы заттардың әсері

Алкоголизм

Қантты диабет

Жалпы семіру

Slide 19

Бауырдың майлы дистрофиясы Гематоксилин-эозин х200. Алкогольді гепатитте, майлы гепатозда, қантты диабетте кездесетін гепатоциттердің ірі тамшылы майлы дистрофиясы

Slide 20

Жүректің майлы дистрофиясы

Себептері:

Майдың қанда көбеюі (инфильтрация)

Май-белок кешендерінің ыдырауы (декомпозиция)

Көрінісі: эндокард жағынан қарағанда ақшыл-сары түстегі жолақтар көрінеді. Бұл көрініс “жолбарыс терісіне ұқсас жүрек” деп аталады.

Slide 21

Көмірсу алмасуының бұзылуы

Түрлері:

Полисахаридтер

Глюкозамингликандар

Гликопротеидтер

Қантты диабетте гликоген алмасуының бұзылуы осы аурудың негізгі белгісі болып саналады. Оның себебі, инсулин гормонының тапшылығы.

Slide 22

Қантты диабеттегі бүйректегі гликоген Бест кармині х200 бүйрек өзекшелері эпителиіндегі гликогеннің қызыл түйіршіктері

Slide 23

Асқынулары:

Диабеттік гипергликемиялық кома

Диабеттік гломерулосклероз

Қан тамырларының атеросклерозы (миокард инфаркты, ми инфаркты, ішектің және аяқтардың гангренасы)

Slide 24

Тұқым қуалаушы липоидоздар - белгілі бір ферменттерді синтездейтін геннің немесе осы синтезді реттейтін геннің бұзылуымен байланысты, сондықтан оларды ферментопатиялар деп атайды. Пайда болған заттар толық ыдырамастан макрофагтарда жиналып қалады. Аурудың екінші аты лизосомалық «қорға жиналу ауруы».

Slide 25

Липоидоздарға Гоше ауруы (глюкоцереброзидоз), Тей-Сакс ауруы (ганглиозидлипоидоз), Ниманн-Пик ауруы (сфингомиелолипоидоз) және т. б. кіреді.

Гоше ауруы - диагностикалық критерилері - Гоше жасушалары

Ниманн-Пик ауруы - диагностикалық критериі - Пик жасушалары

Slide 26

Мукополисахаридоздар - клиникада Гаргоилизм немесе Пфаундлер-Гурлер ауруы деп аталады. Аурудың негізінде глюкозамингликандар патологиясы жатады. Соның нәтижесінде сплено-гепатомегалия дамиды, сүйектену, шеміршектердің пайда болуы бұзылады.

Slide 27

Гликогеноздар - ағзада гликогенді ыдырататын ферменттердің жеткіліксіздігі нәтижесінде дамиды. Гликоген - әр-түрлі ағзаларда жиналып қалады.

І типтегі гликогенозды (Гирке ауруы) гликоген бауыр мен бүйректе жиналады.

ІІ типтегі гликогенозда (Помпе ауруы) гликоген жүректе жиналады және т. с. с.

Slide 28

Асқазанның шырышты карциномасы Гематоксилин-эозин х400 Жүзік тәрізді жасушалар және шырышты заттардың жиналуы

Slide 29

Көмірсулы дистрофиялар

Гликоген алмасуының бұзылуымен байланысты. Қантты диабетте жиі кездеседі

1. Бүйрек өзектерінің эпителиінде гликогендік инфильтрацияның болуымен,

2. Бауырдың майлы дистрофиясымен,

3. Диабеттік микро- және макроангиопатиямен

сипатталады

Гликопротеидтер алмасуының бұзылуымен (шырышты дистрофияның дамуымен)

Slide 30

Тұқым қуалаушы көмірсулы дистрофиялар

Гирке ауруы- гликогеннің бауырда, бүйректе жиналып қалуы

Помпе ауруы - гликогеннің біріңғай салалы және қаңқа бұлшық еттерінде миокардта жиналып қалуы


Ұқсас жұмыстар
ПРОТЕИНДІК ПАРЕНХИМАЛЫҚ ДИСТРОФИЯЛАР
Көмірсулы дистрофиялар
Уланудың патологиялық морфологиясы
Патанатомиялық өзгерістері
Билирубин алмасудың бұзылыстары. Гемолиттік сары ауру
Бауырдың биохимиясы және хромопротейдтердің алмасуы Билирубин алмасуының бұзылыстары. Сары аурулардың түрлері және олардың диагностикасының тәсілдері
Клеткалардың патологиялық физиологиясы,тканьдердегі патологиялық процестер
СТРОМАЛЫҚ - ҚАНТАМЫРЛЫҚ ПРОТЕИНДІК ДИСТРОФИЯЛАР
ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Эпидермис және тамырдың эпиблема
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz