Гормондар мөлшері


Slide 1

Сабақ тақырыбы:

Гормондар арқылы гуморальды реттелу

Мұғалім: Самал Ермекқызы

Slide 2

Бездер дегеніміз - безді эпителий жасушаларынан тұратын мүшелер.

Бұл жасушаларда қандай да белгілі бір заттар секреттеледі. Бездердің ішінде түзілетін заттарды секреция, ал бөлінетін заттарды секрет деп атайды.

Slide 3

Секреттердің қайда бөлінуіне байланысты бездерді үш топқа бөледі.

Сыртқы секреция бездері

(экзокринді)

Ішкі секреция бездерінің

(эндокринді)

Аралас секреция

бездері

Slide 4

Сыртқы секреция бездері (экзокринді)

Сыртқы секреция бездері (экзокринді) дегеніміз - жасушаларында түзілген сұйықтық арнайы өзекшелер арқылы қуыс мүшелерге немесе сыртқа шығарылады. Сыртқа бөліп шығарушы мүшелерге бауыр, сүт, тер, сілекей, май бездері мен қарын және ішек бездері (асқорыту) жатады.

Сыртқы секреция бездерінің белгілері:

Бөліп шығарушы өзегі болады;

Секреттері мүшелерге немесе дененің сыртына бөлінеді (қанға емес) ;

Секреттері көп түзіліп, бөлінеді (грамм, милиграмм) .

Олар мүшелердің жұмысына өзгеріс келтірмейді. Сондықтан оларды сөлдер деп

атайды, мысалы, асқорыту сөлі

Slide 5

Ішкі секреция бездерінің (эндокринді)

сөл бөліп шығарушы өзегі болмайды, сондықтан ол тікелей

қанға бөлінеді. Оларға

Гипофиз

Эпифиз

Қалқанша безі,

Қалқанша -маңы бездері,

Айырша без және

Бүйрекүсті бездері жатады

Ішкі секреция бездерінің белгілері:

1) сөл бөліп шығаратын өзегі болмайды;

2) сөлі тікелей қанға бөлінеді;

3) оның сөлін гормондар деп атайды.

Олар өте аз мөлшерде бөлінеді, бірден бірнеше мүше және ұлпаға әсер көрсете алады.

Ішкі секреция бездері: 1 -эпифиз; 2 - гипофиз; 3 - қалқаншамаңы безі; 4- қалқанша без; 5 - айырша без (тимус) ; 6 - ұйқы безі; 7 - бүйрекүсті безі; 8 - жыныс бездер

Slide 6

Аралас секреция бездері - бір мезгілде қанға гормондар, өзектерге сөл бөледі.

Ағзада екі аралас секреция бездері болады. Олар ұйқы безі мен жыныс бездері.

Әйелдерде: аналық жұмыртқа бездері; ерлерде: аталық бездер.

Ұйқы безі қанға инсулин, глюкагон гормондарын бөледі . Бұл оның ішкі секрециялық (эндокриндік) қызметі.

Ал сыртқы секрециялық қызметі: өзінен бөлінетін ұйқыбез сөлі (панкреатин) өзекшесі арқылы тікелей ұлтабарға құйылады.

Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары - сперматозоидтар,

Әйелдерде жұмыртқа жасушасы түзіледі. Олар жыныс бездеріндегі өзектерге түседі.

Ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде түзілген жыныс гормондары тікелей қанға бөлінеді.

Slide 7

Гормондар және гуморальды реттелу.

Гормондар - ішкі секреция бездері бөліп шығаратын, ағза мүшелерінің қызметін өзгерте алатын биологиялық белсенді заттар.

Ағза қызметінің гормондар және де басқа заттар арқылы реттелуі қан арқылы жүзеге асады.

Реттелудің бұл түрі гуморальды деп аталады.

Slide 8

Гормондар мөлшері

Slide 9

Аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді.

Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы 0, 5-0, 65 г-ға жетеді.

Бұл без 25 түрлі гормон бөледі.

Гипофиздің соматотропин (өсу) гормоны барлық ұлпа мен ағзаға әсер етеді.

Өсу гормоны жеткіліксіз мөлшерде түзілетін болса, адамның бойы өспей, ергежейлілік пайда болады.

Артық түзілген жағдайда (гиперфункция) алыптық ауруына шалдығады.

Адамның сүйектері 25 жасқа дейін ұзарып өседі.

Акромегалия - ересек адамдарда өсу гормонының көп бөлінуінен пайда болатын ауру.

Гипофиз - негізгі ішкі секреция безі .

Slide 10

Тироксин гормоны қалыпты түзілуі үшін ағзада йод жеткілікті болуы керек.

Ересек адам тамақпен және сумен жеткілікті мөлшерде йод алып отырмаса, эндемиялық зоб ауруына шалдығады. Бұл - қалқанша безінің ісінуі.

Жас балаларда йодтың жетіспеуінен кретинизм ауруы пайда болады.

Тироксин ағзадағы зат алмасудың негізгі бөлігін реттейді. Оның қызметіне байланысты ағзада қоректік заттар қорға жиналады (ағзаға қажетті нәруыздар, майлар түзіледі) немесе ыдырап энергия түзіледі.

Егер ағзада тироксин аз мөлшерде түзілетін болса, қоректік заттардың барлығы қорға жиналады. Соның салдарынан микседема ауруы пайда болады. Адам семіреді. Оның дене температурасы 35°С болып, үнемі тоңады, күш-қуаты аз, әлсіз болып, ұйқысы келе береді.

Қалқанша без тироксин гормонын бөледі .

Slide 11

Базедов (бадырақ көз) ауруы пайда болады.

Ауру адамның жүйке жүйесі шектен тыс қозады, жүрегі жиі соғып, тыныс алуы жиілейді,

Дене температурасы 37-38°С болады,

Ұйқысы қашады,

Арықтайды,

Көп тамақ жейді, бірақ жеген тамағы ағзаға сіңбейді.

Көздің бұлшық еттеріне күш түсіп, көзі бақырайып кетеді.

Тироксин мөлшерден көп бөлінген жағдайда қоректік заттардың өте көп бөлігі энергияға жұмсалады.

Slide 12

Бұл бездер паратгормон бөледі.

Бездердің саны төртеу, олардың екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына, ал екеуі төменгі жағына орналасқан.

Қалқанша безге жақын орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше.

Қалқаншамаңы бездерінің қызметі:

Бездерден бөлінетін гормондар сүйектерде жиналатын фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді. Паратгормонның әсерінен олар қанға өтеді.

Егер организмде паратгормон жетіспесе немесе бездерді алып тастағанда, қандағы кальцийдің деңгейі азайып, фосфордың мөлшері артады.

Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшық еттер түйіліп қалады.

Тістер өте сынғыш болып, оларда бор түстес дақтар пайда болады.

Паратгормон шамадан артық бөлінгенде сүйекте кальций мүлдем азаяды. Сүйектер қисайып, сынғыш болады, қан тамырларда, бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады. Қалқаншамаңы бездерінің жұмысы бүйрек пен сүйек ұлпасындағы кальций мен фосфордың алмасуымен тығыз байланысты.

Қалқаншамаңы бездерін құрылысын зерттегенде (1924 ж. ) олардың қалқанша безден бөлек екені анықталған.

Slide 13

Адамның балалық шағында ірі (30 г) болады.

Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді (20 г) .

Бұл без тимозин гормонын бөледі.

Ол ағзада иммундық жүйенің орталық мүшесі болып саналады.

Тимозин гормоны жетіспесе ағзаның иммундық қасиеті төмендейді.

Көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, антидене түзілмейді.

Айырша без (тимус) кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып орналасқан без .

Slide 14

Қыртысты қабаттан бөлінетін гормондарды кортикоидтар деп атайды. Олар екі гормон бөледі.

Минералокортикоидтар ағзада минералды заттардың: тұздар мен су мөлшерін реттейді.


Ұқсас жұмыстар
Жыныс бездерінің гормондары
Гонадотропты гормондар
Аналық жыныс гормондарының препараттары
Қалқанша без эндокринді жасушалары
Жыныстық гармондар және олардың қызметі
Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі
ГОРМОНДАРЫ КІРІСПЕ
Аурудың белгісі
Гормондар биохимиясы. Гормондар және адаптациялық процестер
Қалқанша безі гормондарының физиологиялық әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz