Бронхоэктазды аурудың емі



Семей Мемлекеттік Медицина Университеті
Орындаған:
404-топ, ЖМФ
Тексерген: Акимжанов К. Д
Семей 2015жыл
СӨЖ
Тақырыбы: Өкпе және плевра аурулары.

Өкпе анатомиясы

Өкпе - кеуде қуысында, cavitas thoracis, жүрек пен үлкен тамырлардың жанында, омыртқа бағанасының алдыңғы бетінен кеуде қабырғасының артқы бетіне дейін созылатын көкірекаралықпен, mediastinum, бір-бірінен бөлінген өкпе қабында орналасады. Оң өкпе сол өкпеге қарағанда кең, қысқа болады.
Әрбір өкпе, pulmo бұрыс конус пішінді. Оның төмен қараған негізі basis pulmonis, дөңгелек ұшы apex pulmonis деп аталады.



Өкпенің үш бетін ажыратады:
Төменгі беті, facies diaphragmatica- жанасып жататын көкеттің жоғарғы бетінің дөңестігіне сай ойыс болады.
Қабырғалық беті, facies costalis- араларында жатқан қабырғааралық бұлшықеттермен қоса кеуде қуысына ентін қабырғалардың ойысына сай дөңес келеді.
Медиальды беті, facies medialis- жүрекқап бедерімен сай болады.

Өкпе беттері бір-бірінен жиектер арқылы бөлінген:
төменгі үшкір жиегі- margo inferior
facies medialis пен costalis-ті бөлуші- margo anterior .
Әрбір өкпенің медиальды бетінде ортасынан жоғары және артқа қарай өкпе қақпасы, hilum pulmonis орналасады. Ол арқылы бронхтар мен өкпе артериясы өкпеге енеді, ал өкпе венасы және лимфа тамырлары өкпеден шығады. Барлығы қосылып, өкпе түбірін, radix pulmonis, құрайды.

Өкпенің негізгі қызметі- газ алмасу болып табылады.
Анатомиялық құрылысына байланысты қызметтері: тыныс алу кезінде бронх қабырғасын белсендіру, секрет бөліп шығару, зат алмасуға (су, липидті, хлорлы баланысты реттеу, тұз алмасу) қышқыл тепе-теңдікті сақтауда маңызды болып табылады.


Екі өкпеде де қиғаш саңылау, fissura obligua болады. Ол әрбір өкпеде жоғарғы үлесті төменгі үлестен ажыратып тұрады. Бұдан басқа оң өкпеде горизонтальды саңылау, fissura horizontalis орналасқан.
Оң өкпенің үлестері:
LOBUS SUPERIOR- 3 СЕГМЕНТ БАР
LOBUS MEDIUS - 2 СЕГМЕНТ
LOBUS INFERIOR - 5 СЕГМЕНТ
Сол өкпенің үлестері:
LOBUS SUPERIOR -5СЕГМЕНТ
LOBUS INFERIOR - 5СЕГМЕНТ



Газ алмасу қызметіне байланысты өкпе артерия қанымен бірге веналық қанды да алады. Веналық қан өкпе артериясы тармақтары арқылы ағып келеді.
Артериялық қан өкпеге rr. Bronhialis арқылы қолқадан, aa. Intercostales, subclabia-дан келеді. Олар бронх қабырғасымен өкпе тінін қоректендіреді. Осы артериялар тармақтарынан түзілетін капиллярлар торынан бір бөлігі vv. azygos et hemiazygos-ке, ал бір бөлігі vv. Pulmonales-ке құятын vv. Bronhialis құралады.
ӨКПЕНІҢ ҚАНАЙНАЛЫМЫ


Плевра (pleura)

Кеуде қуысында үш бір-біріне қатынаспаған қапшық тәрізді қуыс бар - әр өкпеге бір қуыстан және ортаңғы қуыс жүрекке арналған.
Өкпенің серозды қабықшасы плевра «Pleura» - деп аталады. Плевраның париетальді (сыртқы) «Pleura parietalis» жапырақшасы кеуде қуысын және сыртқы көкірек қуысын орап жауып тұрады, ал висцеральді (ішкі) «Pleura visceralis» жапырақша өкпе және оның құрылымдарын (қан тамырлары, бронхтар және нервтер) жауып тұрады.
Плевра қуысының анатомиясы

Плевра қуысының анатомиясы

Плевра қуысының анатомиясы

Өкпенің арнайы (спецификалық) емес іріңді ауруларының жіктелуі.
І. Өкпе абсцесі және гангренасы.
1. Іріңді абсцесс:
- ағымына қарай: жедел және созылмалы (ремиссия және өршу сатылары) ;
- орналасуына қарай: ортаңғы және шеткі, жекеше және көпше.
- асқынуына қарай: асқынбаған, асқынған (плевра эмпиемасы, пневмоторакс, қан кету, мидың метастазды абсцесі, сепсис)
2. Гангренозды абсцес: (клиникалық барысына, орналасуына, асқынуына байланысты іріңді абсцеске ұқсас)
3. Таралған гангрена.
ІІ. Өкпе абсцесінен кейінгі пневмосклероз.
ІІІ. Бронхоэктаз ауруы.
ІV. Өкпе кистасының іріңдеуі.
1. Жеке киста
2. Көпше киста (кистозды өкпе)

ӨКПЕ АБСЦЕСІ ЖӘНЕ ӨКПЕ ГАНГРЕНАСЫ.
ӨКПЕ АБСЦЕСІ - өкпе тініндегі, көбінесе өкпенің жедел қабынуынан (пневмония) соң пайда болатын шектелген, ішіне ірің жиналған қуысты айтады. Бұл қуыс өкпенің сырқатпен зақымдалмаған бөліктерінен, пиогенді қабатпен (капсула) бөлініп тұрады, оның айналасында қабыну ісігі аймағы болады.

ӨКПЕ ГАНГРЕНАСЫ - өкпе тінінің көлемді бөлігінің некрозымен сипатталады.
Өкпе гангренасының қауіптілігі өкпе абсцесіне қарағанда өте жоғары. Өкпе абсцесінде ауру адамдардың арасында байқалатын өлім жиілігі 10% болса, өкпе гангренасында ол көрсеткіш тым жоғары болып келеді 40-90 % аралықтарында орналасады.

ЭТИОЛОГИЯСЫ МЕН ПАТОГЕНЕЗІ:
1. Өкпе қабынуынан;
2. Кеуде торының жабық және оқ жарақаттары;
3. Грамтеріс, анаэробты микроорганизмдер, стафилококк жиі анықталады;
Бұл ауруға 20-50жастағы және еркек жынысты адамдар жиі шалдығады. Өкпеде пайда болған қабыну аймағында, бронхтың кілегей қабатының ісіктенуінен, бронхтың қатты жиырылуынан немесе патологиялық заттармен бітелуінен, бірінші кезеңде бронхтардың өткізгіштік қасиеті бұзылады. Қабыну ісігінің одан әрі даму себебінен, қабыну ошағындағы өкпе паренхимасында микроциркуляция бұзылып, ұсақ қан тамырларының тромбозы пайда болады. Өкпе тінінің некрозын тудырып, ол тінде патогенді микроорганизмдердің өршіп, жетілуіне қолайлы жағдай тудырады.

Өкпе абцессінің жиі қоздырғыштары:
Стафилококк;
Пневмококк;
Ішек таяқшасы;
Протей;
Фриндляндер таяқшасы;
Bact. fragilis;
Bact. melaninodenicus
Peptococcus
Peptostreptococcus
Бактероидтар

КЛИНИКАСЫ:
Абсцестің құралу кезеңінде ауру адам кеуде торындағы ауру сезіміне, жөтелге және дене қызуының жоғарылауына (38 жоғары) шағымданады. Жөтел, көбінесе құрғақ немесе аз қақырықты болады. Жалпы әлсіздік, тамаққа тәбетінің төмендеуі, жұмыс қабілетінің нашарлауы.

Өкпенің жедел абцессінің клиникасы екі сатыдан тұрады:
Абцесстің бронхқа ашылуына дейінгі “Жабық” кезең
Абцесстің бронхқа ашылуынан кейінгі “Ашық” кезең

Какырык үш қабаттан тұрады:
Төменгі қабаты - іріңнен
Ортаңғы қабаты - серозды бөлініс
Жоғарғы қабаты - көбіктен

ДИАГНОСТИКАСЫ:
Физикалық зерттеу (перкуссия, аускультация) : өкпе дыбысының нашарлауы, құрғақ және дымқыл сырылдар анықталады.
Рентгенологиялық зерттеу: өкпе паренхимасында сұйықтық деңгейі бар қуыс пен қабыну ісігінің белгілері және өкпе паренхимасының зақымдалғаны көрінеді.
Қақырықты микроскоппен тексеру: өкпе тінінің эластикалық талшықтары, іріңді жасушалар бактерияларды көруге болады.

Өкпенің жедел іріңді абцессін диагностикалау:
Қакырықты зерттеу, цитологиялық зерттеу
Кеуде қуысына екі проекцияда рентгенография жасау
Томография
Ультрадыбысты зерттеу
Бронхоскопия
Бронхография (абсцессография)
Компьютерлік томография.

Өкпенің іріңді абцессінің емі:
Консервативті емі:
Кең спектрлі антибиотиктер қолдану
Иммунотерапия: ронколейкин, интерлейкин-2, иммунофан, және т. б.
Антистафилоккокты плазма
Дезинтоксиционды ем.
Витаминді терапия

Постуральды дренаж - денені көп мөлшерде қакырык бөлінетіндей етіп орналастыру.
Диаметрі 6 см-ден үлкен абцесс кезінде хирургиялық араласусыз консервативті ем тиімсіз



ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМ:
Өкпені резекциялау
Бір сегментін (сегментэктомия, бөлігін, лобэктомия)
Бір өкпені алып тастау (пневмонэктомия)
Орындалатын операцияның негізгі мақсаты гангрена ошағын алып, оны секвестрлерден, некрозды масссадан тазарту болып табылады, немесе өкпенің бөлігі алынады. Операциядан соң сол аймаққа дренаж түтігін орналастырып, ол арқылы антибактериалдық дәрі-дәрмектер жіберу арқылы ем жалғастырылады.

Бронхтардың тұрақты кеңейіп, олардың сыртқы пішіндерінің өзгеруін(деформация) айтады. Бронхтардың кеңеюінің туа біткен және жүре пайда болған түрлері болады. Туа біткен бронхоэктаздардың немесе өкпенің кистозды гипоплазиясының себебі, негізінен тыныс алу ағзаларының даму аномалиясынан болса, жүре пайда болған бронхоэктаздар көпке созылған және радикалды емделмеген әртүрлі өкпе ауруларының түпкі нәтижелері болып келеді.
БРОНХОЭКТАЗИЯЛЫҚ АУРУ

ЭТИОЛОГИЯСЫ МЕН ПАТОГЕНЕЗІ
Бронхтардың (орта және кіші калибрлі) өткізгіштік қасиетінің бұзылуы дәне сонымен байланысты обтурациялық ателектаздың пайда болуы негізгі орын алады.
Инфекция
Бронхтардың кілегей қабаттарындағы қорғаушылық қызметінің нашарлауы
Авитаминоз және бронхтардың кеңіген бөліктеріндегі тіндердің қалыпты қоректенуінің бұзылуы

КЛАССИФИКАЦИЯСЫ:
І. Пайда болуына қарай:
1. туа біткен
2. Жүре пайда болған
ІІ. Өкпе тінінің зақымдануына қарай:
1. Алдыңғы қатарда өкпе тінінің зақымдануы
2. Алдыңғы қатарда бронхтың зақымдануы
ІІІ. Бронхоэктаздың сыртқы пішініне қарай:
Цилиндр тәрізді
қапшық тәрізді
Ұршық тәрізді
Қоспа тәрізді

ІV. Клиникалық барысына қарай:
Ремиссия
Өршіген
Тұрақты рецидивті
V. Асқынуларына қарай:
1. Асқынбаған
2. Асқынған
Өкпеден қан кету
қанды қақырық
Пиопневматоракс
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz