Болмыс негізгі формалары


Slide 1

«Болмыс» және «Сана» ұғымдары

ТАҚЫРЫБЫ:

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Болмыс негізгі формалары

Сана түсінігі

Бейнелеудің негізгі сатылары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Болмыс

Дүниеде өмір сүретіннің бәрі : материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, қатынастар мен байланыстар да, яғни бәрі бәрі. «Болмыс » категориясын философияға тұңғыш енгізгендердің бірі ертедегі Греция философы Парменид болды.

Slide 4

идеалдылық

материалдық

Болмыс

“Бірінші табиғат”

“Екінші табиғат”

Адам болмысы

Субъективтік рух

Объективтік рух

Әлеуметтік болмыс

Slide 5

Болмыстың негізгі формалары:

Заттар процестер болмысы, ал бұлардың өзі біртұтас табиғат болмысы және адамның қолымен жасалған заттар мен процестер болмысы болып екіге бөлінеді .

Адам болмысы, бұл да заттар дүниесіндегі адам болмысы және таза адамдық болмыс болып бөлінеді .

Рухани болмыс бұл жеке адамның рухани болмысы және объективтендірілген рухани болмыс болып жіктелінеді .

Әлеуметтік болмыс, бұл жеке адам болмысы мен қоғамдық болмыстан тұрады .

Slide 6

Болмыс

«Болмыс» - болу деген сөзден шыққан. Бүкіл болып тұрған дүниені оның заттарын, қалпын, құбылысын бейнелейді . Философияда болмыс ұғымы ең алғаш дара ұғым . Гегель болмысының мазмұны өте кедей және дара деп айтқан, оның негізгі белгісі бір нәрсенің болып тұрғанын көрсетеді, бұл сөздің қарама-қарсы тұрған анықтамасы болмайтындықтан, бұл нәрсенің жоқтығын көрсететін сөз .

Slide 7

Сапасына қарай болмыстың бірнеше түрін ажыратамыз :

Табиғаттың болмысы

Адам болмысы

Идеалды, рухани нәрсенің болмысы

Қоғамдық болмыс

Slide 8

Рухани болмыс екіге бөлінеді:

индивидуальдық - жеке адаммен байланысты болмыс, Бұл адамның сезімі, ойы, өнер, дін және ғылым саласында іс- әрекеттері

обьективтіленген рухани болмыс - бұл адамнан тыс өмір сүретін кітаптар, ғылыми жаңалыќтар, өнердің шығармалары .

Slide 9

Қоғамдық болмыс -

Қоғамның материалдық өмірі біріншіден бүкіл адамның өндіріс саласындағы іс - әрекеттері,

екіншіден - бұл мемлекеттік өмір саясат және әр түрлі әлеуметтік арақатынастар.

Slide 10

Адам болмысы

Философия үшін өте маңызды мәселе, өйткені негізінде философия жақтан адам мәселесімен айналысады және басқа ғылымдар үшін белгілі дүние танымдылық методологиялық тұрғыны ұсынады.

Slide 11

Сана

Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі сананы көру, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге ассырылатыны күмәнсіз.

Slide 12

Сананы түсінудегі әртүрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады:

Материалистік -сананы материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп түсіну.

Идеалистік - сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылыстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну.

Slide 13

Сана

Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім орталықтарын дамытты, есту, көру, сезу қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды.

Slide 14

Бейнелеудің сатылары:

Қарапайым бейнелеу-бейнелеудің бұл түрінде субьект обьектінің белсенділігін туғызбайды(мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі) .

Информациялық бейнелеу -бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу түрі табиғатта да, қоғамда да кездеседі. Мысалы, лекция оқушы ұстаздың студенттің санасында жаңа ойлар оятуы, қарапайым бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктердің тітіркенуі.

Әлеуметтік бейнелеу -Қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда бейнеленуі

Slide 15

Бейнелеудің ең жоғарғы формасы деңгейіне көтерілгенге дейін сана материяның төменгі формаларының эволюциясының сатыларынан өтті. Олар:

Тітіркену - өсімдіктердің ыстық - суыққа, тәулік уақытына, басқа сыртқы әсерлерге реакциясы.

Сезімталдық - жануарлар дүниесіне тән. Организм өзіне биологилық жағынан алғанда қажетті емес, сонымен бірге биологиялық тұрғыдан бейтарап, бірақ онымен қосыла отырып, информацияны қорыту жұмысын күрделендіріп, нерв жүйесінің негізін қалайды.

Slide 16

3. Психикалық бейнелеу - нерв жүйесімен тығыз байланысты. Субьект пен обьектінің бір- біріне әсері негізінде психикалық образ қалыптасады, ол нерв клеткаларында сақталып, керек уақытында қажетке асады.

4. Адам санасы - бейнелеудің ең жоғарғы түрі.

Slide 17 Slide 18 Slide 19

Сананың құрылымы өте күрделі, ол мынадай үш бөлімнен тұрады:

Когнитиптік - ойлау сферасы. Ойлау сферасында ұғымдар, түсініктер пайда боладыҰғымның екі түрі бар:нақтылы, обстрактілі.

Сезімдік эмоционалдылық сфера- адамның сезімін бақылап реттеп отырады.

Ерік пен естің сферасы - сана тұтастай қызмет ету үшін ерік пен естің маңызы зор.

Slide 20

Естің екі түрі бар:

Оперативті ес - күнделікті өмірде қайталанып орындалатын ес.

Фондылы ес- жылдар бойы жиналатын ес түрі.

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Болмыс философиясы
Философияның міндеттері
Табиғаттың болмысы
Болмыстың негізгі формалары
Болмыс философиясы жайлы
Бейнелеудің сатылары
Әлеуметтік болмыс
Материалдық болмыс
ФИЛОСОФИЯ ИРРАЦИОНАЛИЗМ
Хайдеггер философиясының жалпы сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz