Педагогиканы оқыту үдерісіндегі диагностика мен бақылау



Педагогиканы оқыту үдерісіндегі диагностика мен бақылау

Кіріспе
Қазіргі заманауи білім беру кеңістігінде оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруда диагностика мен бақылау ерекше маңызға ие. Олар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаумен қатар, оқытушы мен білім алушы арасындағы кері байланысты ұйымдастырудың негізгі құралы ретінде қолданылады. Әсіресе, болашақ педагогтарды даярлау барысында бұл құралдар кәсіби дамудың, рефлексия мен өзіндік жетілудің негізі болып табылады.
Педагогикалық білім мазмұны мен оқыту әдістерінің өзгеріп, жаңғырып отыруы, оқыту сапасына жоғары талаптар қою - білім беру процесінде жүйелі мониторинг пен талдаудың қажеттілігін арттырады. Диагностика мен бақылау болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін, пәндік білімін, педагогикалық шеберлігін және тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы тұрғыда педагогиканы оқыту үдерісіндегі диагностика мен бақылау мәселелерін зерттеу - білім сапасын арттырудың, жеке білім траекториясын анықтаудың, оқытудың тиімді стратегияларын таңдаудың және оқытушы қызметін оңтайландырудың өзекті шарты болып саналады.

Педагогиканы оқытудағы диагностика ұғымы
Диагностика (грек. «диа» - мөлдір, таза және «гносис» - ілім) - бұл оқыту немесе тәрбиелеу үдерісі туралы алдын ала және жүйелі ақпарат жинауға бағытталған әдіс. Оның педагогикадағы мәні - білім алушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын нақты бағалап, олардың даму деңгейін анықтау. Соңғы жылдары жоғары білім беру жүйесінде диагностика оқыту нәтижелерін өлшеудің кешенді құралы ретінде қарастырылып келеді.
Педагогикалық диагностика - бұл оқыту, тәрбиелеу және дамыту үдерісінің барысы мен нәтижелерін жүйелі түрде бақылау, бағалау және талдау арқылы білім алушылардың жетістіктерін анықтауға бағытталған мақсатты қызмет.
Педагогикада диагностика:
білім алушының оқу-танымдық әрекетін зерттеу;
меңгерген білім, білік және дағды деңгейін өлшеу;
оқытудың тиімділігін бағалау құралы болып табылады.
Диагностиканың негізгі ерекшелігі - нысанды нақты өлшенетін көрсеткіштер арқылы сипаттау және оқыту үдерісін реттеуге мүмкіндік беру. Ол оқытушыға да, білім алушыға да оқу мақсаттарына қол жеткізу деңгейін талдауға, әлсіз тұстарын айқындауға және оларды түзетуге жағдай жасайды.

Оқыту нәтижелерін диагностикалаудың негізгі қызметтері
№
Қызмет түрі
Мазмұны / Мақсаты
1
Талдамалық
Оқушының оқу жағдайын және оқу әрекетінің сипатын талдау
2
Бақылау-бағалаушылық
Білім деңгейін жүйелі бақылау және бағалау
3
Түсіндірушілік
Білім деңгейіне түсініктеме беру, нормадан ауытқудың себептерін анықтау
4
Дамытушылық
Білім алушылардың өзін-өзі жетілдіруіне және даму мотивациясын арттыру
5
Ақпараттық
Білім алушыларға өз нәтижелері туралы нақты ақпарат беру
6
Прогностикалық
Білімділік деңгейін дамыту болашағын болжау және мүмкіндік шамалауы
7
Ұйғарымшылдық
Білімді арттырудың нақты жолдары мен бағыттарын ұсыну
8
Кері байланысушылық
Диагностика тиімділігі мен кемшіліктерін талдау, түзету жолдарын анықтау
Диагностиканың негізгі дидактикалық қызметі педагог пен білім алушылар арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу материалын меңгеруі жайлы ақпараттар алу, дер кезінде білім алушылар біліміндегі кемшіліктерді анықтап, күшті және әлсіз жақтарын тауып, түзету жұмыстарының жоспарын белгілеп беру болып табылады.

Диагностиканың түрлері
Оқыту үдерісінде педагогикалық диагностиканың маңызы ерекше. Ол білім алушылардың оқу жетістіктерін үнемі бақылап, оқу бағдарламаларын тиімді жоспарлауға және оқытушының кәсіби әрекетін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Диагностиканың негізгі түрлері
Алдын ала (бастапқы) диагностика
Ағымдағы (аралық) диагностика
Қорытынды (жиынтық) диагностика
Оқу үдерісінің басында қолданылады. Негізгі мақсаты - білім алушылардың пәнге қатысты бастапқы дайындық деңгейін, алдыңғы білім мен дағдыларын анықтау. Бұл ақпарат оқыту стратегиясын жоспарлауға, қиындықтар мен қажеттіліктерді ертерек болжауға мүмкіндік береді.
Бұл түрі оқу үдерісінің соңында, семестр немесе оқу жылының соңында жүргізіледі. Негізгі мақсаты - білім алушының жалпы оқу жетістіктерін, пән бойынша жинаған білімі мен дағдысын бағалау. Қорытынды диагностика негізінде оқу бағдарламасының орындалу тиімділігі туралы қорытынды жасалады.
Оқыту процесі барысында білім алушылардың жетістіктерін кезең-кезеңмен қадағалауға бағытталған. Ол оқытушыға оқыту әдістерінің тиімділігін бағалауға, оқушылардың ілгерілеуін бақылауға және оқу материалын меңгерудегі олқылықтарды уақтылы түзетуге көмектеседі.

Диагностиканың мақсаттары мен рөлі
Диагностиканың рөлі:
Оқытуды дараландыру мен саралауға жағдай жасау
Әрбір білім алушының оқу ерекшелігіне сай оқыту әдістерін таңдау мүмкіндігі туады.
Кері байланысты қамтамасыз ету
Диагностика - оқытушы мен білім алушы арасында тиімді кері байланыстың негізгі құралы. Ол оқу үдерісін түзетуге, білім алушыға бағыт-бағдар беруге көмектеседі.
Мотивацияны арттыру және өзін-өзі дамытуға ынталандыру
Білім алушы өз деңгейін көріп, жетістікке ұмтылуға, әлсіз тұстарын дамытуға талпынады. Бұл оқу мотивациясын күшейтудің тиімді тетігі.
№
Мақсаты
Сипаттамасы
1
Студенттердің білім, білік және дағды деңгейін нақтылау
оқу мақсаттарына сәйкес білім алушылардың дайындық дәрежесін өлшеу мен бағалауға негізделеді.
2
Жеке оқыту траекториясын түзету
Диагностика нәтижесі әр студентке дара тәсіл қолдануға, оқу бағытын бейімдеуге және жеке білім беру картасын құруға мүмкіндік береді.
3
Педагогтың әдістемелік шешімдерін негіздеу
Мұғалім өз оқыту әдістерінің тиімділігін анықтап, қажет болған жағдайда педагогикалық тәсілдерді өзгерте алады.
4
Оқу үдерісінің тиімділігін бағалау
диагностика нәтижелері оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымының тиімділігіне баға беруге көмектеседі.

Бақылаудың әдістері мен формалары
Оқу үдерісінде бақылау - білім алушының жетістігін тұрақты түрде бағалап қана қоймай, оқыту процесіне тиісті түзетулер енгізуге, кері байланыс ұйымдастыру арқылы студенттің өзін‑өзі жетілдіруге ықпал ететін маңызды құрал. Бақылаудың тиімділігі оның методикасы мен формаларын дұрыс таңдауға байланысты.
Бақылаудың рөлі
Бағалау құралы: студенттердің оқу материалын меңгеру деңгейін нақты көрсетеді.
Кері байланыс көзі: оқытушы мен студент арасындағы өзара әрекет арқылы әлсіз және күшті тұстар анықталып, түзету шаралары ұсынылады.
Мотивация фактор: жүйелі бақылау білім алушыларды белсенділікке шақырады, оқу үрдісіне деген қызығушылықты арттырады.
Өзін-өзі басқаруды дамыту: студенттер өз нәтижелеріне қарап, жеке оқу траекториясын жасай алады.
Бақылаудың негізгі әдістері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz