3-сынып әдебиеттік оқу: Судың қасиеті және Көкқұтанның ақылы


Slide 1

Әдебиеттік оқу 4-тоқсан

3 сынып

83-сабақ

Бөлім: Су-тіршілік көзі

Тақырыбы: Судың қасиеті.

Көкқұтанның ақылы

Slide 2

Сабақ мақсаты:

3. 1. 4. 1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, тыйым сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану.

Бағалау критерийлері:

шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Суға қатысты айтылған тыйым сөздерді біледі.

Slide 3

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Бiрақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасаң - қорын тек,

Барша тiрлiк қурайды.

Ой қозғау. Жұмбақты шеш.

Су

Slide 4

Су-тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз. Сонымен қатар, егін суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан-жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Мына ғаламшарға қарашы, жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Ал ауыз су сол сулардың 2. 5 пайызын құрайды. Сондықтан ауыз су тапшы, суға қоқысты тастауға болмайды. Сендер даладан ойнап келген кезде немесе тамақ ішер алдында қолыңды жуасың ғой, сол кезде суды бекерге төкпей үнемдей білу керек. Дана халқымыз «Суды бекерге төкпе» «Судың да сұрауы бар» деп айтатыны - сондықтан.

Slide 5

Мәтінді тыңда.

Көкқұтанның ақылы

Күндердің бір күнінде бір сиқыршы Сүлеймен патшаға мәңгі өмір сыйлайтын суды сыйға тартқан екен. Киелі суды ішу-ішпеуі жөнінде ақылдаспақ болып, күллі аң мен құстарды жинайды. Ұзамай хайуанат біткен тегіс бас қосады. Тек ұзынсирақ Көкқұтан ғана келмейді.

Сонда Сүлеймен патша тұрып, Итке тіл қатады:

-Сенің басқалардан байбаламың көптеу еді, сен барып, Көкқұтанды азғырып әкелші маған, -дейді.

Ит шынымен-ақ Көкқұтанды ертіп әкеледі. -Уа, Көкқұтан, көнекөз кемелім, мына бір киелі суды ішейін бе, ішпейін бе, соны айтшы?-дейді Сүлеймен.

-Егер мына суың өзіңнің барша дос-жарандарыңа, туған-туыстарыңа және ұшқан құс, жүгірген аңға жететін болса, онда бұл суды ішіп қой. Тамшысын да қалдырма. Сонда өмірден бақытты да, қуанышты да табасың. Бірақ оны бір өзің ғана ішсең, мәңгі бақи өкініп-опынумен өтесің. Жалғанда соқа басың сопйып, жалғыз қаласың, жақын-жуығыңның бәрі баяғыда кеткен соң, бір өзің не қуаныш, не қызық көріп жарытам дейсің.

-Япырым-ай, сен шынында да данышпан екенсің. Мұны маған сенен басқа тірі жан айта алмас еді, -дейді Сүлеймен риза болып.

Сөйтіп, ол киелі суды ішпейді.

Slide 6

1-тапсырма. Сиқыршы Сүлеймен патшаға қандай суды сыйға тартқан?

Дәруменді су

Таза су

Киелі су

Киелі су

Дескриптор:

Сүлеймен патшаға сыйға тартылған су түрін анықтай алады.

Slide 7

2-тапсырма. Сүлеймен патша киелі суды ішуден неге бас тартты? Пікір білдір.

Елін-жерін аман сақтап қалу үшін Көкқұтанның айтқан ақылын тыңдады, яғни жалғыз қалудан қорықты.

Дескриптор:

Сүлеймен патшаның киелі суды ішуден не себепті бас тартқанына пікір білдіре алады.

Slide 8

3-тапсырма. Суға қатысты тыйым сөздерді жалғастырып жаз.

1. Түнде су . . .

2. Суды шашып . . .

3. Түнде суға . . .

4. Суға дәрет . . .

5. Шелектегі суға . . .

1. Түнде су төкпе.

2. Суды шашып ойнама.

3. Түнде суға барма.

4. Суға дәрет сындырма.

5. Шелектегі суға аузыңды салма.

Дескриптор:

Суға қатысты тыйым сөздерді жалғастырып жазады.

Slide 9

Қорытынды

Сен бүгінгі сабақта:

шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

өз ойын жеткізуде тыйым сөздерді біледі.

Slide 10

Оқу тапсырмасы

Суды үнемдеу дегенді қалай түсінесің? Осы бағытта қандай ұсыныстар айтар едің?

Дескрипторлар:

Суды үнемдеу туралы ұсыныстар айтады


Ұқсас жұмыстар
3-сынып әдебиеттік оқу сабағының сабақ жоспары: Жақсылардың жақсысы
3-сынып әдебиеттік оқу: Жылан мен бозторғай тақырыбына арналған сабақ жоспары мен әдістемелік тапсырмалар
3-сынып әдебиеттік оқу: Ғабит Мүсіреповтің Көлде шығармасы бойынша тыңдалым және пікір білдіру сабағының жоспары
4-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Құдайы қонақ - оқу-әдістемелік жоспары
3-сынып әдебиеттік оқу: Шегіртке мен құмырсқа - жауапкершілік пен еңбекқорлыққа тәрбиелеуге арналған панорамалық сабақ жоспары
3-сыныптағы әдебиеттік оқу сабағы: Ақ шаш және Ана тақырыбының сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған Абайдың Шегіртке мен құмырсқа мысалы бойынша әдебиеттік оқу сабағының оқу-әдістемелік жоспары
3-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу: Ыбырай Алтынсариннің Өнер-білім бар жұрттар өлеңі
2-сынып әдебиеттік оқу сабақ жоспары: Жүсіпбек Аймауытов Құштарлық шығармасы
3-сыныпқа арналған Н. Ақышевтің Балалар елін бағындыру ертегісіне әдебиеттік оқу сабағының жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz