Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап отыратын сала - әдебиеттану ғылымы


Slide 1

Тақырыбы:

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ƏЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ ЖƏНЕ ƏДЕБИЕТ

Slide 2

Жоспар:

тарих;

әлеуметтік жағдай;

қоғамдық көрініс;

оқу-ағарту жұмысары;

ХХ ғасыр басындағы әдебиет

Slide 3

Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап отыратын сала - әдебиеттану ғылымы. Соның ішінде бар әдебиетке иелік жасап, шашау шығармай жинап, рет-ретімен жүйеге түсіріп, қай нәрсенің қай жерде, қандай қасиеті бар екендігін қапысыз саралап, дәуір тынысына орай оқырманның рухани қажеттілігін қанағаттандыруға қалтқысыз қызмет етуге тиіс - әдебиеттің тарихы.

ӘДЕБИЕТ ТАРИХЫ - әдебиеттің даму процесін, ұлттық әдебиеттің өткен кезеңдері мен жекелеген ақын, жазушылардың шығармашылығын зерттейтін әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы.

Slide 4

ХХ ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы əдейі тұмшалаған ой-сананың ояну дəуіріне жол ашқан кезең.

Slide 5

ХХ ғасырдың басында ел азаматтарын, халқының қамын жеген ардақты ұлдарын қатты ойландырған үш мəселе болды.

Олар: Жер, Саяси күрес, Оқу-ағарту ісі

Slide 6

ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей патшалығының ішкі отары ретіндегі Қазақстанда самодержавиелік империяның билеп-төстеуі нақты күшіне ене бастады. Жаңа ғасырды қазақ халқы сан жағынан 5 миллионға жетеміз деген үмітпен аттады. Нақтылай айтсақ 4 696 600-ге жетіп, өз жеріндегі халықтың 51%-ын құрады (Ə. Бөкейханов) .

Slide 7

Бұған аталмыш кезеңде Россияны 4-4, 5 млн. крестьяндардың тастап кетуі, Орта Азия жерлеріне барлығы 3 957 058 адамның қоныс аударуы (П. Г. Галузо) дəлел.

Бұл қоныстану ХХ ғасырдың басында жыл артқан сайын өте жоғары қарқынмен өсіп отырды. Мəселен 1896-1905 жылдары Ақмола, Торғай, Орал, Семей облыстарына 294 296 жан қоныс аударса, 1906-1910 жылдар аралығында 770 000 жан қоныс аударған.

Slide 8

Осы бір кезеңде “Қазақ” газеті елеулі қызмет атқарғанын көреміз. Газет өзінің 1917 жылдың 24 июнь күні жарияланған бас мақаласында: “Россияда осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары программасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұмат: қай партияның болса да программасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарына түгел көздейтін өз алдына партия жасамайынша болмайды”, - деп, алғаш рет жеке партия туралы сөз қозғайды.

Slide 9

Программа 10 пункттен тұрады.

Мемлекет қалпы.

2. Жергілікті бостандық.

3. Негізгі құқық.

4 Дін ісі.

5. Билік һəм сот.

6. Ел қорғау.

7. Салық.

8. Жұмысшылар.

9. Ғылым-білім үйрету.

10. Жер мəселесі.

Slide 10

” Оқу ағарту ісінде “Алаш” партиясы “Оқу ордаларының есігі кімге болса да ашық һəм ақысыз болу, жұртқа жалпы оқу жайлы, бастауыш мектептерде ана тілінде оқу, қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; Оқу жолын өз алды автономия түрінде бөлу, хүкімет оқу ісіне кіріспеу…”

“Алаш” партиясының “Жер мəселесіне” нақты ұсыныстары: “Учредительное собрание негізгі закон жасағанша, жер мəселесі алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу… Бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтарылсын. …жерді қазаққа үй басына бəленбай, ауыл аймақ, туысқан табына меншіктеп алу… жер законында жер сату деген болмау…”

Slide 11

ХХ ғасырдың басында Қaзақстанның қоғамдық-саяси өмірінде болып өткен ірі-ірі оқиғалар мен саяси өзгерістер əдебиетімізде де көрініс таппай қала алмады. Қазақ зиялыларының “батысшылдар” мен “түрікшілдер” деп екі топқа жіктелуі өз кезегінде əдебиетіміздің де екіге жарылып, екі айрық жолға түсуіне итермеледі.

Сөйтіп, 1905 жылдан кейін қазақ əдебиетінде идеялық тұрғыдан ұлт-азатшыл, М. Əуезовше айтқанда “елшілдік” (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, т. б. ), ағартушы-демократтық (М. Сералин, С. Дөнентаев, С. Торайғыров т. б. ), бағыттар белең алды. Бұрыннан əдебиетімізде бар діни-ағартушылық бағытты (М. Ж. Көпеев, М. Қалтаев, Ш. Жəңгіров) қосқанда осы кезеңдегі əдебиетімізде үш бағыт өркен жайды. Міне сондықтан да қашанда, қандай уақытта болмасын əдебиеттің дамуын, ондағы сан алуан үдерістерді қоғамдық-саяси, тарихи-əлеуметтік жағдайлардан тыс қарай алмаймыз.

Slide 12

ХХ ғасыр басында қазақта оқу аз болған жоқ. Бұған мұсылмандық мектептер туралы мына деректер куə: Жетісу мен Сырдария облыстарында 1913 мектеп болса, онда 22 422 оқушы оқыған, ал осындағы 56 меддреседе 1330 шəкірт дəріс

алған.

Дегенмен қазақ даласында жалпы білім беретін негізінен күштеп енгізілген орыс-қазақ мектептері болды.

Мұндай алғашқы бастауыш орыс-қазақ мектебі 1841 жылы Жəңгірхан ордасында ашылды. Екінші мектеп Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан 1850 жылы жұмыс істей бастады. Ол негізінен отарлық аппараттың төменгі орындарына кеңсе хатшылары мен тілмаштар даярлау мақсатын ұстанды. Алғашқы 30 баланың бірі ретінде онда қазақтың ағартушысы Ыбырай Алтынсарин оқыды. Ал үшінші осындай мектеп Омбы қаласында Сібір қазақтары облыстық басқармасының жанынан 1865 жылы ашылды.

Slide 13

Жалпы патшалық самодержавие ағарту саласында екі бірдей

бағыт ұстанғанын аңғару қиын емес.

Біріншіден, ол жаппай сауаттылыққа қарсы, сондықтан да мұсылмандық бастауыш мектептердің кең өріс алмауын қатты қадағалаған.

Екіншіден, жергілікті əкімшілік орындарына көмекші кеңсе қызметкерлерін даярлау үшін орыс-қазақ мектептерін ашып, онда орыс тілін, арифметиканың төрт амалын, орыс алфавитті қазақ тілін оқытуға мəжбүр болған.

Slide 14

Бірақ қашанда əрбір нəрсенің екі жағы болатыны секілді өмір өз заңдылығымен алға дамып, Россияға бодан болудың да екі жақты əсері болды. Бірі зорлық-зомбылық, езіп-қанау болса, екінші жағы Қазақстанға көз алартушылар сиреді, мардымсыз болса да өндіріс орындары ашылды, қазақ жұртына батыстық ілімнің жарығы шашырап, ағарту ісі жандана бастады.

Slide 15

Зерттеуші Əбіш Жиреншин 400 кітап атауын атаса, Ү. Суханбердина 1807-1917 жылдар аралығында 963 кітап аты аталады.

Ал татар ғалымы А. Каримуллин 1917 жылды қоса есептегенде қазақ тілінде 509 басылым 2 млн 201 мың 105 дана болып таратылды деген пікір айтады.

Ғалым Б. Кенжебаевтың дерегі бойынша 1900-1917 жылдар аралығында 200 кітап жарық көрген.

Slide 16

Зерттеуші Əбіш Жиреншин 400 кітап атауын атаса,

Ү. Суханбердина мен Д. Сейфуллинаның толықтырылып, 1996 ж ылы жарық көрген жаңа көрсеткішінде 1807-1917 жылдар аралығында 963 кітап аты аталады.


Ұқсас жұмыстар
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛАЛАРЫ
СЫН - ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ БІР САЛАСЫ
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Жанр поэтикасы
Көркем шығармадағы суреткер шеберлігіне аса ден қоятын ғалым
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
Әдебиет тегі
Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы
Патриотизм
ТАЗА ҚАЗАҚИ ӨМІР НОРМАҒА АЙНАЛУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz