Курно дуополиясының моделі



Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Курно дуополиясының моделі
2.2. Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы және ойын теориясы
2.3. Картельдің құрылуы
2.4. Баға белгілеудегі лидерлік

ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе.
Біз өткен тақырыптарды оқып, талдау нәтижесінде жетілген бәсеке және монополия кезінде фирмалардың қандай көлемде өнім өндіріп, олардың бағасын қандай деңгейде белгілейтінін түсіндік. Бұл жоғарыда айтылған нарық құрылымдарында өндіруші фирма өз тауарының бағасын және тиімді өнім көлемін анықтаған кезде тек қана тұтынушының реакциясы мен өзінің жеке өндірістік мүмкіндіктерін ғана ескеріп отырады. Сондықтан бұл нарықтардағы фирмалардың пайданы жоғары деңгейге жеткізу мақсаты, тек қана, орташа шығын, шекті шығын қисықтарын және сұраныс қисығын шектеу арқылы іске асырылады.
Олигополия нарығы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
а) бұл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір – бірімен бәсекелес бірнеше фирмалар болады;
ә) жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе, басым (лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемінің өзгеруіне едәуір ықпал етеді;
б) олигополиялық фирманың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс - әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.
Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирманың барлық мүмкіндіктерін ескеріп, талдап отырады.
Олигополияның бір ғана моделі болмайды. Фирманың әр түрлі нақты жағдайдағы іс - әрекетін көрсететін бірнеше моделдері бар. Олардың әрқайсысы жеке фирмалардың өз бәсекелестерінің іс - әрекеті мен олардың таңдап алған стратегиялық реакциясына байланысты белгілі болжамына негізделеді.
Біз төмендегідей моделдерді қарастырамыз: Курно дуополиясы, қарама-қарсы мақсаттары бар екі жақтың ойыны, нарықта үстемдік жүргізіп тұрған фирманың моделі және картель. Баға белгілеу мен өнім көлемін анықтауда олигополия нарығы жетілген бәсеке мен монополия аралығында орын алады. Барлық моделдерді қарастырған уақытта олигополиялық бәсеке пайданың азаюына, ал келісім мен бірігу пайданың өсуіне әкеліп соқтыратынын көрсетеді. Пайда қуған жеке фирмалар бір – бірімен қатаң қақтығысқа түсуі мүмкін («баға қақтығысы»), бұл кезде олардың әрқайсысы нарықты жаулап алу мақсатымен бағаны төмендетеді. Баға бірте – бірте төмендеп,орташа шығын деңгейіне жетеді де нәтижесінде бұл фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады. Ал кейбір жағдайда фирмалар бір-бірімен келісімге келіп, бағаны жоғарылатып пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізеді. Бұл уақытта нарықты бөлу туралы келісім жасалады, басқаша айтқанда, фирмалар бірігіп картель құрады. Сонымен фирмаларға өнімді сату көлемі мен баға туралы жасырын немесе ашық келісімге келу тиімді, бірақ бәсекелестіктің күштілігіне байланысты картель ішкі тұрақсыздықпен сипатталады. Қорыта келе, төмендегідей шешім айтуға болады: бірде-бір модель олигополиялық нарықтағы фирмалардың өзара қатынасы қандай деген сұраққа нақты жауап бере алмайды. Сондықтан белгілі бір моделді қолданбас бұрын қарастырып отырған жағдайды, баға мен шекті шығындардың қатынасын, өндіріс саласындағы шоғырлануды және де фирманың іс-әрекетін анықтайтын басқа да маңызды жағдайларды тыңғылықты талдау қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
1) Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика – Алматы: Экономика, 2000.
2) Мамыров Н.Қ., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика – Алматы: Экономика, 1997.
3) Күлекеев Ж.А., Есенғалиева Қ.С., Тастандиева Н.Б. Микро және макроэкономика терминдерінің орысша-қазақша сөздігі – Алматы: Мирас, 1996.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Курно дуополиясының моделі
2.2. Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы және ойын теориясы
2.3. Картельдің құрылуы
2.4. Баға белгілеудегі лидерлік
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.
Біз өткен тақырыптарды оқып, талдау нәтижесінде жетілген бәсеке және
монополия кезінде фирмалардың қандай көлемде өнім өндіріп, олардың бағасын
қандай деңгейде белгілейтінін түсіндік. Бұл жоғарыда айтылған нарық
құрылымдарында өндіруші фирма өз тауарының бағасын және тиімді өнім көлемін
анықтаған кезде тек қана тұтынушының реакциясы мен өзінің жеке өндірістік
мүмкіндіктерін ғана ескеріп отырады. Сондықтан бұл нарықтардағы фирмалардың
пайданы жоғары деңгейге жеткізу мақсаты, тек қана, орташа шығын, шекті
шығын қисықтарын және сұраныс қисығын шектеу арқылы іске асырылады.
Олигополия нарығы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
а) бұл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір – бірімен бәсекелес бірнеше
фирмалар болады;
ә) жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе, басым (лидер) фирмалар деп
атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемінің өзгеруіне
едәуір ықпал етеді;
б) олигополиялық фирманың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс -
әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың
стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.
Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы
шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирманың барлық мүмкіндіктерін ескеріп,
талдап отырады.
Олигополияның бір ғана моделі болмайды. Фирманың әр түрлі нақты
жағдайдағы іс - әрекетін көрсететін бірнеше моделдері бар. Олардың
әрқайсысы жеке фирмалардың өз бәсекелестерінің іс - әрекеті мен олардың
таңдап алған стратегиялық реакциясына байланысты белгілі болжамына
негізделеді.
Біз төмендегідей моделдерді қарастырамыз: Курно дуополиясы, қарама-
қарсы мақсаттары бар екі жақтың ойыны, нарықта үстемдік жүргізіп тұрған
фирманың моделі және картель. Баға белгілеу мен өнім көлемін анықтауда
олигополия нарығы жетілген бәсеке мен монополия аралығында орын алады.
Барлық моделдерді қарастырған уақытта олигополиялық бәсеке пайданың
азаюына, ал келісім мен бірігу пайданың өсуіне әкеліп соқтыратынын
көрсетеді. Пайда қуған жеке фирмалар бір – бірімен қатаң қақтығысқа түсуі
мүмкін (баға қақтығысы), бұл кезде олардың әрқайсысы нарықты жаулап алу
мақсатымен бағаны төмендетеді. Баға бірте – бірте төмендеп,орташа шығын
деңгейіне жетеді де нәтижесінде бұл фирмалардың экономикалық пайдасы нольге
тең болады. Ал кейбір жағдайда фирмалар бір-бірімен келісімге келіп, бағаны
жоғарылатып пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізеді. Бұл уақытта нарықты бөлу
туралы келісім жасалады, басқаша айтқанда, фирмалар бірігіп картель құрады.
Сонымен фирмаларға өнімді сату көлемі мен баға туралы жасырын немесе ашық
келісімге келу тиімді, бірақ бәсекелестіктің күштілігіне байланысты картель
ішкі тұрақсыздықпен сипатталады. Қорыта келе, төмендегідей шешім айтуға
болады: бірде-бір модель олигополиялық нарықтағы фирмалардың өзара қатынасы
қандай деген сұраққа нақты жауап бере алмайды. Сондықтан белгілі бір
моделді қолданбас бұрын қарастырып отырған жағдайды, баға мен шекті
шығындардың қатынасын, өндіріс саласындағы шоғырлануды және де фирманың іс-
әрекетін анықтайтын басқа да маңызды жағдайларды тыңғылықты талдау қажет.

2.1. Курно дуополиясының моделі

Олигопология нарығының теориясын Курно дуополиясын қарастырудан
бастайық. Екі фирма ( А және В) бірдей технологияны қолданады және
біртектес өнім өндіреді делік. Бұл фирмалардың әрқайсысы шығарылатын өнім
көлемін анықтаулары керек және олар шешімді бір уақытта қабылдаулары қажет.
Курно дуополиясы моделінің негізі мынада: әрбір фирма өнімді шығару
жайлы шешім қабылдаған кезде бәсекелесушілердің өндіріс көлемі тұрақты деп
санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан, Курно моделінде
фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезінде өндіріс көлемін таңдау
арқылы жүзеге асырылады.
Бір фирманың негізгі мақсатын көрсетейік (басқа фирма үшін де осыған
ұқсас болады).
А фирмасы белгілі сұраныс функциясы Р = Р (QА +QВ) және В фирмасының
өнім шығаруы (QВ) тұрақты болған кезде, өзінің пайдасын (ПА) барынша
көбейтетін өндіріс көлемін (QА) таңдауы керек:
ПА (QА, QВ) → тах;
ПА = Р(QА +QВ) * QА – с (QА) (1)
Мұнда, с (QА) – А фирмасының шығындар функциясы.
Берілген есептің шешімі бірінші қатарлы ұтымдылық шартынан табылады:
Р * QА + Р – с1 (QА) = 0. (2)
Бұл теңдеу А фирмасының реакция қисығын бейнелейді немесе В
фирмасының өнім шығару көлемі өзгереді деп болжамдаған кезде А фирмасының
өнімі қалай өзгеретінін көрсетеді. Осылай жолмен В фирмасы үшін де теңдеу
алуға болады:
Р * QВ + Р – с1 (QВ) = 0. (3)
Курно тепе – теңдігі. Екі фирма бір уақытта пайдасын жоғары деңгейге
жеткізетін өнім көлемдерін Q*А, Q*В таңдайды және бұл кезде жоғарыдағы
(2), (3) теңдеулердің шарттары орындалуы керек, яғни бір фирма екінші
фирманың өнім шығару көлемі белгілі бір тұрақты шама деп болжайды. Курно
тепе-теңдігі нүктесінде фирманың ешқайсысы да өнім көлемін өзгертпейді,
себебі оларды ынталандыратын ешқандай себептер жоқ.
Модельдің негізгі кемшілігі – әр фирманың өзімен бәсекелес фирма өнім
көлемін өзгертпейді деп болжам жасауы. Ал күнделікті өмірде фирмалар
бағаның өзгеруін, бақталастарының өнім шығару көлемін, өндірістік
жағдайларын және т.б. ескеріп отырады.
Енді сызықтық сұраныс функциясы үшін Курно тепе - теңдігі қалай
анықталатынын аналитикалық және графиктік түрде көрсетеміз (10.1 - сурет)
Төмендегідей сұраныс және шығын функциялары берілсін делік:
Р(Q) = К - QА - QВ ;
мұнда, Q = QА +QВ; К = сопst;
С(Q) = С* Q;
мұнда, С= сопst.
Онда ұтымдылықтың шартынан мынаны аламыз:
А фирмасы үшін: К – QВ - 2QА = С; (4)
В фирмасы үшін: К – QА - 2QВ = С. (5)
(4) – теңдеуден А фирмасының реакция қисығы табылады:
QА = 12 *(К – С - QВ)
В фирмасының реакция қисығы:
QВ = 12 *(К – С – QА)
Курно тепе теңдігі: Q*А = Q*В = К – С3
Бұл айтылғандар график түрінде төмендегідей болады:

10.1-сурет. Нарықтағы дуополияның графиктік бейнесі

Е нүктесі - Курно тепе – теңдігі (реакция қисықтарының қиылысуы).
Ек, нүктесі – бәсекелес тепе – теңдігі.
Фирмалар келісімге келгенде АВ сызығы немесе контракт қисығы- осы
фирмалардың өнім шығаруының жиынтық көлемін көрсетеді және бұған жоғары
деңгейдегі пайда сәйкес келуі керек. Егер фирмалар пайданы тең бөліп алатын
болса, онда олар монополистер сияқты іс- әрекет жасайды, тепе-теңдік Ем
нүктесінде болады және Ем АВ сызығын тең екіге бөледі.
10.1-суреттен көріп отырғанымыз, дуополия кезінде фирмалар жетілген
бәсеке кезіндегіден өнім көлемін аз шығарады, ал монополиядан гөрі көп
өндіреді. Сұраныс функциясын пайдалана отырып дуополия кезіндегі баға
жетілген бәсекедегіден жоғары, ал монополиялық бағадан төмен деп айта
аламыз. Ал пайданы есептеген уақытта, жетілген бәсекемен салыстырғанда
Курно дуополиясы фирмаға пайданы көбірек әкеледі, бірақ ол келісім
нәтижесіндей фирма үшін пайдалы емес деген шешімге келеміз.
Курно моделін зерттегеннен кейін төмендегідей экономикалық қорытынды
жасауға болады.
- Олигополиялық өнім көлемі монополиялық өнім көлемінен аз, бірақ
жетілген бәсеке жағдайына қарағанда көп болады:
QМ Qoliq QС.
- Олигополиялық баға монополиялық бағадан төмен, бірақ жетілген
бәсеке жағдайына қарағанда жоғары болады:
Рм Рoliq РС.
- Олигополиялық пайда монополиядан аз болады, бірақ оң экономикалық
пайда алып отырады.
Пм П oliq 0.
2.2. Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы және ойын теориясы
Ойын теориясы бір –біріне қарам –қарсы мақсаты бар фирмалардың іс –
әрекетін талдайды, сондықтан олигополиялық бәсекені түсіндіру кезінде
қолданылады. Бұл теория олигополиялық фирмалардың стратегиялық өзара
байланысын көрсетеді және осы уақытта әр фирма өз бақталасының әрбір іс
–әрекетін ескеріп, талдап бағалайды да соның нәтижесінде өзі шешім
қабылдайды.
Ойын теориясы баға белгілеу процесінде қалай қолданылатынын
көрсетейік. Нарықта екі бәсекелес фирма (екі ойыншы) іс –әрекет жасайды
делік, олардың әрқайсысы өзінің пайдасын жоғары деңгейге жеткізуді
көздейді. Фирмалардың екі балама бағалық стратегиясы бар: бірінші – өнімнің
бағасын төмендету, екіншісі – бағаны тұрақты бір деңгейде ұстап тұру.
Фирмалар өз алдарына қойған мақсаттарына жеткізетін стратегияны таңдаулары
керек. Баға туралы шешім тек қана фирмалардың өздерінің шешімдеріне ғана
тәуелді емес, сонымен қатар бәсекелестердің баға таңдауына да тәуелді.
Сондықтан әрбір фирма екі түрлі стратегиядағы пайдаларын есептейді:
бақталас бағаны төмендетпегендегі және бақталас бағаны төмендеткен
жағдайдағы.
Фирмалардың стратегиялық өзара қатынастарын ойын деп атаймыз.
Ойындардың қалай өту тәсілдерін қарастырайық. Бірінші тәсіл: ойындардың
кеңейтілген түрі ағаш бұтақтары түрінде кескінделеді және шешімдер
қабылдағандағы ойын жүрістерін көрсетеді. А фирмасы бірінші болып стратегия
таңдайды, ал одан кейін В фирмасы таңдауды жүзеге асырады деп ұйғарайық.
Ойынның нәтижесі ойыншылардың нақты стратегияны таңдап алғандағы табатын
пайдасы. А фирмасының пайдасын – ПА деп, ал В фирмасының пайдасын ПВ деп
белгілейміз. Сонымен ойын төмендегідей ағаш бұтақтары түрінде болады:

10.2-сурет

Бұнда фирмалардың стратегиялары 1 және 2 цифрларымен белгіленген.
Егер екі фирмада 1-стратегияны таңдап алатын болса, онда ойынның нәтижесі
(Х; Ү) болады, ал А фирмасы бірінші стратегияны, В фирмасы екінші
стратегияны таңдаған кезде ойын нәтижесі (Z;W) болады.
Ойынды көрсетудің басқа тәсілі матрица түрі болады:

10.1.-кесте


В фирмасының стратегиясы
А фирмасының
стратегиясы


1 2
1 (Х; (W; Z)
Ү)
2 (W; (Ү; Х)
Z)

Фирмалардың әр түрлі стратегияны таңдағандағы алатын пайдалары сандар
жұбымен көрсетілген: сандар жұбындағы бірінші элементі – А фирмасының
пайдасы, ал екіншісі – В фирмасының пайдасы.
Сонымен, нәтижелер матрицасы белгілі, бірақ бақталас қандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Олигополияның үлгілері
Олигополия
Олигополияның мәні
Олигополия нарығы
Монополия және монополиялық билік туралы
Микроэкономика пәнінен дәрістік кешен
Микроэкономика пәнін зерделеу
Матеметикалық модельдеу әдісі
Нарықтық экономикадағы өндіріс және шығындар
«Микроэкономика» пәні бойынша лекциялық курс
Пәндер