Онлайн қазақ басылымдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе

І. Бөлім. ХІХ ғасырдың екінші жартысы менХХғасыр басындағы қазақ мерзімді баспа сөзі.

1 . 1. Қазақтың мерзімді баспа сөзінің пайда болуы қазақ жеріндегі революциялық тақуалар мен өзгерістер кезеңіндегі баспасөз (1870-1917 ж/р) .

1. 2. Қазақ журналистикасы 1917-1933 жылдар арасында 1. 3. Соғыс жылдарындағы қазақ басылымдары (1933-1945 ж/р) .

ІІ. Бөлім. Қазақстандағы соғыстан кейінгі басылымдары.

2. 1. Халық шарушылығын қалпына келтіру, ұлтшылдық сарынға қарсы күрес ж/е тың игеру жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі (1946-1960 ж/р)

2. 2. Қайта қурадан өтпелі кезеңге дейінгі аралықтағы қазақ баспасөзі (1960-95 ж/р)

2. 3. Онлайн қазақ басылымдары.

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Кез келген әдебиет бір күннің төңірегінде өрбитін немесе белгілі бір тарихи кезеңнің оқиғасын баяндайтын тар ұғымды дүние емес. Мәдениеті бай елдердің әдебиеті де қаз тұрып, қалыптасқанша қоғамның дамуы секілді толып жатқан өзгерістерді қорытындылай келіп, алдымен өз халқының, кейін жалпы адамзаттың ортақ игілігіне айналды. Бұл заңды құбылыс.
Тамырын тереңнен тартқан тарихымен қоса мәдениеті өркендеген қазақ халқы басында өткерген ұлы оқиғалар мен әлеуметтік жолдарымен ауыз әдебиеті эпостық жырлар, тарихи аңыз әңгімелер арқылы ұрпақтан -ұрпаққа жеткізді. Алғашқы газет журналдар да басылды. Кейінірек осының барлығы кітап болып жарық көрді.
Тарихи-мәдени, әдеби дүниелерін кезінде қағаз бетіне түсіріп отырмаған қазақ халқының тасқа басылып, хатқа түскен ескерткіштерінің ішіндегі революциядан бұрынғы газет -журналдарда басылған нұсқаларының алар орны ерекше. Олардан рухани мұралардың бай көріністерімен қатар туған әдебиетіміздің тарихын жете білуге және оны халық тарихымен біртұтас зерттеумізге де мүмкіндік береді.
Қазақ баспасөзі XIX- ғасырдың екінші жартысында, яғни Қазақстанның Россияға қосылуының нәтижесінде пайда болды. Оның даму тарихы әлі толық зерттеліп, бір жүйеге келтірілген жоқ.
Бұл саладағы ең алғашқы сөз, бізге белгілі дерек бойынша 1925 жылы айтылған екен. Осы жылы жазғы тұрым Ташкентте «Ақжол» газетінің ұйымдастырумен жалпы қазақстандық баспасөз тілшілерінің съезі өткізілген. Съезде Байтасұлы «Қазақ баспасөзі- нің тарихы туралы» деген тақырыпта баяндама жасаған.
С. Сейфуллиннің айтуына қарағанда, ол «Баяндамасында алғашқы революция кезінде шыққан газеттердің қандай болғанын өзінше бұза, шала-пұла айтқан» көрінеді. («Тар жол тайғақ кешу» 1960 жыл) Баспасөздің маңызы, атқарар рөлі, ондағы жаңа леп, бағыт-бағдарлар жайлы сөз жөнінен Рысқұловтың «Баспасөз мәнісі» (1926) атты еңбегіің мәні зор деп есептейміз. [1]
Қазақ баспасөзінің бағыт-бағдарына алғаш баға бергендердің бірі жазушы-академик С. Мұқанов. Ол өзінің 1932 жылғы «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» деген кітабында қазақ баспасөзіне біраз талдау жасайды. Сол сияқты профессор Қ. Жумалиев пен профессор Е. Исмайыловтың 1941 жылғы «Қазақ әдебиеті» деген оқу құралында, «Қазақ ССР тарихында»., Қ. Бисембиевтің 1961 жылғы «Қазақсанда XIX ғасырдың аяқ шенінде және XX ғасырдың басында болған саяси-идеялық ағымдар» деген кітабында қазақ баспасөзі туралы сөз болды. Қазақ баспасөзінің кешегі-бүгінгісін бірыңғай зерттеп, мол мұра қалдырған Х. Беккожиннің есімі ерекше аталуға тиіс. Аталған авторлардың еңбектері кезінде өз міндеттерін атқарады, өз қызметтерін көрсетті.

Революциядан бұрынғы баспасөз бетінде басылған мәліметтерді ғылыми маңыздылығы жағынан архив қазынасы мен бір дәрежеге қоюға болады. Әрине осы газет-журналдарда басылған шығармалардың кез келгенін пайдаланарда оған сын көзімен қараған дұрыс.
Қазақстан жерінде шыққан газет-журналдардың басым көпшілігі орыс тілінде басылғанымен қазақ тіліндегілер де аз болған жоқ. Солай дегенмен де орыс тіліндегі газет- журналдардың көпшілігі реттеліп, библиографиясы жасалып, материалдары ғылыми айналымға түскенімен қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздер күні бүгінге дейін реттелмеді, олардың толық библиографиялық көрсеткіштері жоқ. Осыдан барып көптеген ғылымдарға, әсіресе шығыс халықтарының әдеби, мәдени мұраларын, тарихын, экономикасын, тілін зерттейтін ғалымдарға осы бай мұра бүтіндей белгісіз болып келді. Ал, бұл газет журналдарға көз жіберіп, сырын ашып, ақтарып көретін болсақ, олар революцияға дейінгі Қазақстанның тарихынан, әдебиетінен, мәдениетінен, шаруашылық жайларынан толып жатқан соны деректер бергені даусыз. Тағы бір айта кететін жай Қазақстанның тарихын, экономикасын, әдебиетін, мәдениетін зерттейтін ғалымдар қазақ тілінде ертеректе шыққан газет-журналдарын тауып пайдалану үшін көптеген уақыттарын жоғалтады. Оның қиындықпен түсетін бір себебі мынада: бұл газет-журналдар кітапхана қорымен архивтерде түгел сақталмаған.
Патшалық Россиялыќ қол астындагы ұлттар тіліндегі шыққан газет-журналдарда басылған мақалалардың түгелге жуығы библиографияға түсірілмегенін ескерсек, қазақ тіліндегі библиография тіпті болмаған. Бұл жұмыс тек кейінгі кезде ғана қолға алынып, қазақ халқының мәдени өмірін, тарихи даму жолындағы өзгерістерді талдап, зерттеуде жұмыстар атқарылып, түрлі энциклопедиялар мен библиографиялармен жинақтар шығарылды.
Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуде елеулі қателіктер, үлкен кемшіліктер болды.
Кейінгі жылдары қазақ баспасөзін зерттеудегі қателіктерді түзеу жөнінде бірқатар жұмыстар істелді. Б. Кенжебаев өзінің алғашқы кітабын түзетіп, 1956 жылы «Қазақ баспасөзі тарихынан» деген атпен қайта бастырып шығарды. Осы кітаптың авторы да бұрынғы жіберілген қателіктерін ескере отырып, қазақ баспасөзі тарихына байланысты бірқатар мақала жариялады, осыған орай басқа авторлардың да мақала, кітапшалары жарық көрді.
Қазақ баспасөзін зерттеуге бұрын-соңды басылып шыққан библиографиялық көрсеткіштер көп жеңілдік келтіреді. Бұл жөнінде Алянтровтың, Седельниковтың, Сабитовтың, сондай-ақ академик Ә. Марғұлан мен профессор Е. Исмайыловтың басшылығымен Ү. Субханбердина құрастырған библиографиялық көрсеткіштерді атап көрсетуге болады.
Осылардың бәрі қазақтың мерзімді баспасөзінің тарихы туралы жинаѓы кітап жазу қажеттігін туғызды. Бұл жөнінде Х. Беккожин көптен бері зерттеу жүргізді, бірақ бұдан 1830 -1960 жылдар арасында шыққан қазақ газеттерімен журналдарын түгелдей егжей-тегжейлі зерттеген екен деген ұғым тумауы керек. Бұл, біріншіден, тек бір кісінің қолынан келетін іс емес. Бұл кітапты («Қазақ баспасөзінің даму жылдары») автор өзінің және басқалардың зерттеулері негізінде жазды.
Екіншіден бір кітаптың ішінде қазақтың мерзімді баспасөзінің барлық жағдайын қамтуда мүмкін емес.
Әрине, қазақ баспасөзінің тарихын Россиядағы жұмысшы баспасөзінің тарихымен теңестіруге болмайды.
Біз жоғарыда қазақ баспасөзінің тарихи әр кезеңдегі тарихы оқиғаларға байланысты зерттелуі тиіс дедік. Бұл қазақ халқының әлеуметтік өміріне, экономикалық жағдайына тығыз байланысты зерттелуі тиіс деген сөз. Осылай зерттелгенде ғана баспасөздің қоғам дамуында атқаратын рөлі айқындала түседі [9] .
Ұлы орыс халқының озат мәдениеті қазақ мәдениетінің өркендеуіне игі әсерін тигізді, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты демократ-ағартушылар шықты, олардың ізінше ұлт интелегенциясы қалыптаса бастады. Орысша және қазақ тілінде оқытатын мектептер ашылды. 1862 -1900 жылдар арсында қазақ тілінде 70 шамалы кітап басылып шығып, қазақтың жазба әдебиеті мен мерзімді баспасөзі пайда болды.
Қазақстанның қалаларында патшаның жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары болып табылатын газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомоствалармен « қатар қазақ тіліне аударылып Орынборда «Торғай газеті», Омбыда «Дала уалаяты», «Ауыл шаруашылық листогі» сияқты газеттер шығып тұрды. Ташкентте қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уалаяты» газеті, сондай-ақ Оралда, Астраханьда және кейбір қалаларда шығарылған газеттер де Қазақстан өмірімен байланысты болды.
Бұл газеттер қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша өкіметінің отаршылдық саясатын күшейте түсу, оның бұйрық-жарлықтарын жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындату сондай-ақ оның ресми көзқарастарын халық арасында кең таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылды.
Алайда патша үкіметі тарапынан көзделген мақсатқа қарамастан «Қазақстан да мәдениеттің дамуына мерзімді баспасөздің пайда болуы елеулі әсер еттті». Патша өкіметінің заңдарын, жарлықтарын жариялай отырып, оның реакцияшыл, отаршылдық саясатын уағыздай отырып, бұл органдар сонымен қатар өз беттерінде өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өндірісін дамыту мәселелерін көрсетеді. Бұл газеттер де мал шаруашылығы мәселелері, жаңадан ашылған мектептер туралы кең жазылып отырды, қазақ халқының тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, этнографиясына, Қазақстанның орхиологиясы мен пайдалы кен байлықтарына арналған мақалалар басылып тұрды.
Әсіресе, әуел баста аударма болса да, бірте-бірте дербес газет дәрежесіне дейін жетіп, қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уалаяты» (1870-1882), «Дала уалаяты» (1888-1902) қазақ баспасөзі тарихынан алғашқы беташары болып табылады.

1. 1. Қазақтың мерзімді баспа сөзінің пайда болуы қазақ жеріндегі революциялық тақуалар мен өзгерістер кезеңіндегі баспасөз (1870-1917 ж/р) .

“Түркістан уалаятының газеті”

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ елін, жерін патшалы Ресейдің толықтай би- леп алуына байланысты Қазақстанның Ташкент, Орынбор, Омбы, Орал сияқты кейбір ірі қалаларында патша өкіметінің жергілікті әкімшілік органдарының жеке ресми органдары ретінде жергілікті ұлт тіліндегі алғашқы газеттер шыға бастады. Әрине, бұл басылымдар қайткен күнде де қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шарушылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен кейін шығарылған жоқ, қай та патша өкіметінің отарлау саясатын күшейте түсу, оның бұйрық-жарлықтарын жергілікті халықтың ана тілінде жариялап, сөсіз орындату, сондай ақ оның ресми көз қарастарын тұрғындар арасына кеңінен таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылды.

Алайда, патшалық Ресейдің осындай жымысқы саясатына қарамастан, Қазақстанда ұлт тіліндегі өз баспасөзінің тууы халықтың санасын оятып, мол рухани байлыққа ие болуына елеулі түрде әсер етті. Оны мынандай мысалдардан айқын байқауға болады. Мәселен, қазақ баспасөзінің тұңғышы “Түркістан үалаятының газеті” екендігі белгілі. Ол сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында «870 жылдың 28 сәуірінен бастап, орыс тілінде шығатын “Түркестанские ведомости” газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығарыла бастады.

Газеттің редакторы - ұлты башқұрт болса да, қазақтың намысын қорғап, сойылын соққан. Орыс және Шығыстың қөп тілдерінде сөйлеген, генерал-губернаторлардың тілмашы болған ізгі ниетті азамат Шахмардан Мирасұлы Ибрагимов еді. Ал, бұл басылымның аудармашысы, әрі әдеби қызметкері болып Хасен Жанышев, Заманбек Шай- хы Әлібеков, Жүсіп Қазыбековтар жұмыс істеді.

“Түркістан уалаятының газетінің” ресми және ресми емес деп аталған басты екі бөлімі болды. Ресми бөлімде патша өкіметінің бұйрық-жарлықтары жарияланып, үкімдері түсіндерелсе, ресми емес бөлімде отырықшылық, егіншілік, мал шалуашылығы, сауды, іш кі-сыртқы жағдайлар, әдебиет, мәдениет, білім, ғылым, өнер және әйел теңдігі мәселелері қаралады.

Жалпы алғанда, қазақ баспасөзінің қарлығашы “Түркістан уалаятының газеті” өзінен кейінгі қазақ, халықтың саяси, шаруашылық және мәдени өміріндегі елеулі оқиға болған мерзімді баспасөзінің тууы мен қалыптасуында айтарлықтай елеулі рөл атқарды, болашаққа жол салды.

Газет патшалық Ресейдің отаршылдығын қазақ халқына мойындату және орыс тілін үйрету саясатын ұстана отырып та, қазақ қоғамының шындығын көрсете алды. Қазақты ұлт ретінде таныту там-тұмдап болса да жүргізілді.

“Дала уалаятының газеті ”

“Түркістан уалаятының газетінен” кейінгі өзіндік тарихи орыны бар қазақ тіліндегі екнші басылым - “Дала уалаятының газеті ” жаңадан құрылған Омбы генерал-губернаторының органы ретінде Омбы қаласында 1888 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін 14 жыл қатарынан жарық көріп тұрған. Оның орысшасы “Киргизская степная газета” деп аталған.

Газеттің редакторы ретінде әр кезде И. Козлов, К. Михайлов, Г. Абаза деген кісілер қол қойып отырған. Ал басылымның қазақшасын үзбей редакциялаған генерал-губернатор концелярасының аға тілмашы Е. Абылайханов пен Д. Сұлтанғазиндер болатын. Газетте Р. Дүйсенбаев, Б. Чалымбеков және тағы басқа бірнеше адам аудармашы әрі әдеби қызмет- кер міндетін де атқарған. Содай-ақ мұнда арнайы тілшілер ретінде О. Әлжанов, Ж. Аппасов, Ш. Айманов, Д. Иманқұлов, А. Қылышбаев, А. Нөгербеков, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Қ. Жанатаев, А. Шонаев, Б. Әбдіков жиі мақала жазып тұрған. Редакция қызмет-керлерінің және газет авторларының арасында Мұхаметжан Сералин, Асылқожа Құрманбаев, Қорабай Жапанов секілді халық арасынан шыққан, оқыған, прогресшіл бағыттағы адамдар да болған.

Газет патшаның реакцияшыл, отаршылдық саясатын насихаттайтын материяларды жариялаумен қатар өзінің ресми емес бөлімінде егіншілікті өркендету, отырықшылыққа көшу, ғылыми жаңалықтар, мәдениетке ұьыту (дәрігерлік көмек, мектеп ашу, қазақ тілін, әдебиетін дамыту проблемалары), ел басқару, сауда ісін жолға қою, мал тұқымын асылдандыру, және т. б. көптеген мәселелерді қамтып тұрды. Сондай ақ мұнда шет ел және Ресейдің ішкі жаңалықтары, көршілес мемлекеттер жөнінде де хабарлады. Газеттің нақты тиражы туралы анық мәлімет жоқ.

“Торғай газеті ”

1869 жылы 2 қаңтарда Орынбор және Сібір ведомствасына қарайтын территория қайта құрылып, Торғай облысы делініп атала бастады. Құрамына 4 уезд, 28 болыс қарайтын облыс сол кездегі Қазақстанның біраз жерін алып жатты.

Ал, 1879 жылы орталығы Орынбор қаласында облыстық басқарманың баспасөз орталығы құрылып, оның ресми органы шыға бастады. 1895 жылдан бастап бұған қосым- ша “Тургайская гезета” деген атпен зесми емес бөлімі шығарылып, ло 15 жылдай өмір сүрді. “Торғай газетінде” Ш. Уалихановтың, Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметімен таныстыратын материялдар жарияланды.

“Торғай газеті” көпшілікке пайдалы материялдарды қазақ әріпімен және араб әріпімен қазақ тілінде жиі-жиі жариялап отырды.

1905-1907 жылдардағы бірінші орыс буржуазилық революциясы көпшіліктің саяси санасын шыңдаған мектеп болды. Соның нәтижесінде тарихта тұңғыш рет жұмысшы мен шаруа одағы бірлесіп, өздерінің ортақ жауы - патша самодержавиесіне қарсы “Восточное оброзование” үреске шықты.

Революция жаңғырғы Қызықстан даласына да жетті. Верный, Әулиеата қалалары- ның Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Семей Петропавл темір жол станцияларының жұмыс- шылары мен демократиялық ниеттегі еңбе кшілері патша үкіметінің озбырлығына наразы- лық білдіріп, ереуілдер жасады. Орынбор, Ташкент, Түркістан, Перовск, Жосалы, Шалқар станцияларында жұмысшылар жұмыс күнін қысқартуды, экономикалық жағдайларды жақсартуды талап етті. Кей жерлерде жұмысшылар жаппай жұмысқа шықпау шараларын ұйымдастырды. Сөйтіп, қазақстандықтар да Бүкілресейлік стачкаға қосылды.

Қазақстанда маркстік идеялардың таралуы .

ХІХ ғасырдың соңына қарай империялизм дәуіріне аяқ басқан Ресей дүниежүзілік революциялық қозғалыстың орталығына айналды. Сөйтіп, “Жұмысшы табын азат ету жолдарындағы күрес одағы” идеясы қазақ даламына тарай бастады. Оны таратушылар Қазақстанға жер аударылған орыс революционерлері - социал демократар болды. Лоар өздерімен бірге тиым салынған құпия әдебиеттерді, патша өкіметіне қарсы жазылған прокламацияларды алып келіп, жергілікті тұрғындарға таратты.

Бұл кезде қазақ еңбекшілерінің пролетариаттану процесі жедел қарқырмен жүріп жатқан болатын. Ол жөнінде “Восточное оброзование” газеті тілшілерінің бірі былай деп жазды: “Малынан және қыруар шабындық жерлерінен айрылған олар (қазақ кедецлері - авторлар) топ-тобымен мал өсіру кәсібінен қол үзіп, қырдан кетіп жатыр. Егіншілік кәсібі- не көшуіне және тәуелсіз өнеркәсіп еңбегінің саласымен шұғылдануға мүмкіндік болмай, бұрынғы көшпелілер құстай құстай “еркін”, қандай ауыр жұмысты болсын істей алатын жұмыскер ретінде еңбек рыноктарына келуде. Ақысы сутегін арзан жұмыс қолдары енді қаптап жатыр, олардың бұлай шұбыруы екі миллион қырғыз халқының күйзелуінен болып отыр. Табиғи байлығы мол сахарада малынан айырылған көшпелі халықтан жұмысшы мен пролитарият туындауда.

Қазақ шаруаларының күн көріс жолын іздеп, еңбек рыноктарына баруы пролетари-аттың ұлттық кадрларының жасақталуының алғы шарттарының бірі еді. Бір ескертетін жағдай, Қазақстанда көп ұлтты пролетариат туа бастады. Мұның өзі оның таптық күрес- келдік санасезімін шыңдауға, ұлттық томаға-тұйықтатқан арылуға қолайлы жағдай жаса- ды. Әсіресе, орыс жұмысшылары, саяси жер аударылғандар қазақ жұмысшыларымен революциалық тәжірибелерін бөлісіп, стихиялы әрекеттен саналы ұйымдасқан әрекетке көшу жолдарын үйретті. Мұны сезген Дала өлкесінің генерел-губернаторы 1883 жылғы есебінде: “Мұнан былайға уақытта саяси себеппен жер аударылғандарды дала облыстары- на жіберудің тоқтатылғаны дұрыс болар еді”, - деп жазуға мәжбүр болған.

Патша үкіметінің қатаң талап қойып, жіті бақылау жасауы Ресейге марксизм идея- сының таралуын тездетті, нәтижесінде ол қазақ даласына да кең тарала бастады. Бұл бағытта күнделікті баспа сөз үлкен рөл атқарды. Ол революциялық қозғалыстың мақса- тын, сондай-ақ жұмысшылар мен шаруалар арасындағы қарым-қатынасты түсіндіру мен болады. Соның бірі - жалпыорыстық, большевиктік “Искра” газеті. “Искраны” Ұлытау, Атбасар, Есіл, Ақмешіт маңына, Қарсақпай жұмысшыларына алғаш таратушылардың бірі - Иван Деев пен Сабыр Шарипов екені тарихтан белгілі. Иван Деев пен Сабыр Шариповтің көбіне-көп паналаған ауылы орта жүздің Бағаналы елі болған. Бұл елдің сауатты азаматтары “Қазақ” атты Ахмет Байтұрсынов басшылық еткен газетті шығаруға да атсалысқаны архивтік деректерден таныс.

“Искраның” тілшілері Ресейде ғана емес, Қазақстанда да болды. Олар қазақ халқы- ның ауыр тұрмысынан хат-хабар, мақала жазып тұрды. Айталық, “Искра” 2-нөмірінде “Ұлы Сібір магистралы бойында” деген авторы көрсетілмеген хат жариялады. Онда темір жол қоғамы шонжарларын тіс қаққан қасқырларға теңеп, олардың нағыз жыртқыш бейне- сін ашты.

“Искраның” 1902 жылғы қаңтардағы нөмірінде Орынбор-Ташкент темір жол құры- лысын жүргізуші жұмысшылардың ауыр халі туралы корреспонденция жарық көоген. Он- да сол жылы басталған Орынбор-Ташкент темір жол құрылысы мердігерлері мен жұмыс- шылар арасындағы “шатақтар”, әсіресе, жұмысшылардың арсыздықпен тоналғандығы жа- зылады. Жұмыс істеу жағдайының өте ауыр екеніне, орынсыз айып төлеудің барынша етек жайғанына қарамастан, жұмысшылардың жалақысы дұрыс есептелмей заңсыз ұытап қалу тәрізді жолсыздықтардың кең орын алып отырғанын әшкереледі.

Корреспонденция соңында жұмысшылардың бір сом орнына 60-80 тиыннан ғана жалақы алатынын, бұған ашынған соң әкімшілікке қарсы шыққаны жазылған.

Ал, “Искраның” 1903 жылдың 1 ақпанындағы нөмірінде Ташкент темір жолы жұмы сшыларының ауыр халі туралы тағы бір корреспонденция жарық көрді. Онда жұмысшы- лардың төбесі сабармен жабалған жер кепелерде тұратыны, шіріген овощ сорпасымен қоректенетіні үйреншікті жай екенін жаза келіп, 450 шақырым жердегі Орынборға арызын айтуға жаяу бара жатқанда жолшыбай 46 жұмысының аязға үсіп өлгенін жан түршігерлік оқиға деп көрсетті. “Қазақ сахарасында жүрген сорлы жандардың, - деді газет, - көрген күні қараң, еңбегі еш, аштық титығына жеткен бұлар, сайып келгендеажалға ұшырап болар”.

Корреспонденция Ташкент темір жол құрылысының жақында аяқталатыны, бірінші поездің қанаушылықтың тозағынан өлген жұмысшылардың сүйегін басып жүретіні тура- лы кекесінге толы сөйлемдермен аяқталған.

Патша өкіметі революция толқынынан қауіптеніп 1905 жылғы 17 қазандағы манифе сінде саяси бостандықтар, оның ішінде баспасөз бостандығы жариялады. Осыған байла- нысты жер-жерде жаңа газеттер жарық көре бастады. Соның ішінде 1905 жылы қазан айы- ның аяқ шенінде Петербургте шыққан “Новая жизнь” газеті де қазақ даласына орналасқан әскери бөлімдерде де толқулар болғанын, ол толқулар Ташкент, Жаркент тағы басқа гарнизондарды қамтығанын жазды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет журналистиканың дамуы және қалыптасуы
Орыс тілдерімен ұқсатығы мен өзгешелігі неде Дереккөздер дегеніміз не
Дереккөздер дегеніміз не? Орыс тілдерімен ұқсастығы мен өзгешелігі неде?
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Мұнай бағалары
Онлайн оқыту жүйелеріне шолу
Қашықтықтан оқытуға арналған
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Электрондық басылымдардың ерекшелігі
Қазақ халқының тарихы мен өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz