Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер
Жоспары
Кіріспе 3
І Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес
Фразеологизмдер 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
І.1. Қарсы мәндес фразеологизмдердің зерттелу тарихы 5
... ... ... ... ... .
І.2. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес
фразеологизмдердің жасалу жолдары 11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
І.3. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі лексикалық антонимдер мен
фразеологиялық антонимдердің айырмашылықтары мен
ұқсастықтары 12

... ... ... ... ... ... .
ІІ. Қос тілдегі фразологиялық антонимдік-синонимдік
парадигмалар 14

ІІ.1. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі антонимдік
фразеологизмдердің болымсыздық категориясымен байланысы . 14
ІІ.2. Қарсы мәндес фразеологизмдердің полисемия құбылысымен
байланысы 16

... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ.3. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес
фразеологизмдердің контексте орын алуы 19
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Қорытынды 22

... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер 23

... ..
Кіріспе
Жалпы кез-келген ғылымда қарама-қарсылық ұғымы кеңінен сипатталынып,
ауқымды түрде түсіндіріледі. Аталмыш ұғым туралы ғылыми бастама ежелгі
замандарда ғылымдардың атасы философия ілімінде өте күрделі категориялар
қатарынан орын алған. Сөйтіп ғылымның психология, логика, лингвистика
салаларында өзіндік сипатқа ие болды. Тілдегі қарама-қарсылық ұғымының
пайда болуының негізі философиядағы “қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі
заңынан” бастау алады.
Тілдегі антонимия құбылысы психолингвистикалық, семантикалық,
гносеологиялық аспектлерде кеңінен зерттелді. Тұрақты сөз тіркестері де
антоним қасиетіне ие бола алады. Тіл біліміндегі қарсы мәнді
фразеологизмдердің туындауына адамның ой-санасында объективті дүниедегі
заттар мен құбылыстар, табиғат құбылыстары туралы ұғымдарды салыстыру және
осы ұғымдарды бір-біріне қарсы қою секілді қабілеті әсер еткен. Дегенмен,
фразеологиялық антонимдер лингвистиканың кешірек зерттеле бастаған, әлі де
болса тереңірек зерттеуді қажет ететін дүниесі. Аталмыш мәселенің тіл
біліміндегі өзектілігі жөнінде академик І. Кеңесбаев былай дейді:
“Фразеология саласында басы ашылмаған, тіпті, күн тәртібіне қойылысының өзі
принцптік тұрғыдан шешілмеген мәселе антонимия. Жеке сөз лексема көлемінде
айдан анық көрінетін, осы құбылыс тиянақты сөз тіркесі аясында көмескеленіп
айқын аңғарылмайды. Әйтсе де, фразеологизмдер табиғатында сырт тұрпаты
жағынан да ішкі ұғымы жағынан да қарсы мағына сипатындағы тіркестердің
бары анық. Алайда бұл да танылып жетпеген категория. Фразеологизмдер ішінде
өзара қарсы мағына беретін сыңарлардың бары анық болса да, олардың типтері
әлі де тереңірек зерттеуді, тексеруді қажет етеді. Арада жарты ғасырдай
уақыт өтсе де, қарсы мәнді фразеологизмдердің қыр-сыры ашылып,
топтастырылмағаны баршаға аян” [2, 10].
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда синонимдік фразеологизмдердің
семантикалық категорияларына қатысты мәселелер ғана қарастырылған, ал қарсы
мәнді фразеологизмдер оның ішінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі
антонимдік фразеологизмдерді салыстыра зерттеу назардан тыс қалған тақырып.
Сол себепті, жеке сөз, лексема көлемінде анық байқалатын антонимия
құбылысын екі тілдік фразеологизмдердің ауқымында қарастыру жан-жақты
талдауды қажет ететін тың мәселе. Олай болса, ана тіліміздегі мағыналары
қарама-қарсы мәнде жұмсалатын антоним фразеологизмдердің топтарын, тілдік
ерекшеліктерін ағылшын тіліндегі антонимдік фразеологизмдермен салыстыра
зерттей отырып, ұлт, тіл, мәдениет пен өркениеттің өзара сабақтастығын
айқындау өзекті мәселелер қатарына жатады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты –
екі тілдегі антонимдік тіркестердің мағыналық сипатын ашу, контексте
қолданылу ерекшеліктері мен олардың қызметін анықтау. Осы мақсатқа жету
үшін жұмыста мынадай міндеттерді шешу көзделді.
қарама-қарсылықтың тіл біліміндегі зерттелу тарихына шолу жасау;
семантикасын басшылыққа ала отырып екі тілдегі фразеологизмдердің қарсы
жұбын табу, олардың жасалу жолдарын айқындау;
екі тілдегі антонимдік тіркестердің жасалу жолдарының ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтау;
екі тілдегі қарсы мәндегі тұрақты сөз тіркестерінің болымсыздық
категориясымен байланысын айқындап көрсету;
екі тілдегі қарсы мәнді фразеологизмдердің полисемия құбылысымен байланысын
ашып көрсету;
қос тілдегі қарсы мәнді фразеологизмдердің контексте берілу сипатын
анықтау.
Зерттеу объектісі: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес
фразеологизмдер.
Зерттеу пәні: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес
фразеологизмдердің семантикалық парадигмасы.
Жұмыстың зерттеу әдістері: Тақырыптың мақсатына сәйкес екі тілдегі
антонимдік фразеологизмдердің жұбын табуда топтастыру, жинақтау,
статистикалық, жүйелеу әдістері және салғастырмалы әдіс басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер
1.1 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер.
Қарсы мәндес фразеологизмдердің зерттелу тарихы
Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден (жеке сөздерден)
басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым
күрделі ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімнің фразеология саласы
зерттейді. Фразеология термині (грек phrasis сөйлемше және logos сөз, ілім
сөздерінен шыққан) қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші,
тілдің фразеологиялық құрамын зерттейтін саласы, екінші, белгілі бір
тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы дегенді білдіреді.
Осы күнгі тіл білімінде фразеологизм деген ұғым кең мағынада
қолданылады. 1990 жылы шыққан Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте
фразеологизмге мынадай анықтама берілген: Фразеологизм дегеніміз формасы
жағынан синтаксистік құрылымдармен ұқсас, бірақ олардай жалпы заңдылыққа
сай сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын,
семантикалық және лексика – грамматикалық құрамы тұрақты сөз тіркестері мен
сөйлемшелер. Осы анықтамаға қарағанда фразеологизмдерге кең мағынада
тілдегі мағына бірлігін сақтаған тұрақты сөз тіркестерінің түрлері мен
сөйлемшелер, коммуникативтік тұрақты қолданыстағы әр түрлі коммуникативтік
бірліктер, қос сөздер мен қосарлы тіркестер, ресми іс құжаттардағы даяр сөз
орамдары т.б. түрінде болуы мүмкін.
Фразеологизмдердің осы айтылған түрлерінің құрылымдық, мағыналық,
қолданымдық сипаты, лексикологияға қатысты бірыңғай емес. Сондықтан
тәжірибе жүзінде фразеологизмдер тар және кең мағынада қарастырылады.
Бұлайша бөліп қарастырудың мәні фразеологизмнің лексикалық бірлік ретінде
танылатын атауыштық сөзбен мағыналық байланысына, сол арқылы
лексикологиямен жақындасатынына негізделген.[1,223]
Тар мағынадағы фразеологизмдерге құрамы тұрақты, мағынасы біртұтас,
даяр қалпында қолданылатын, лексикалық бірліктермен (атауыштық сөздермен)
мағыналас, сырттай жай (еркін) сөздеріне ұқсас тұрақты сөз тіркестері мен
сөйлемшелер жатады. Шынында, фразеологизмдерді сақтай отырып, сөз
мағынасына жақын не парапар мағынаны білдіреді.
Мысалы:
ұзақ түнді көзбен атқызды фразеологизмі – ұйықтамады, дүние салды –
өлді, бетінен оты шықты – ұялды, мұрнына су жетпеді, мұрнынан шаншылды,
мұршасы келмеді – жұмысбасты болды, ұзын арқан, кең тұсау – еркіндік, үн
жоқ, түн жоқ – үндемеді дегенді білдіріп, өзара мағыналас болып тұр.
Ал кең мағынада фразеологизмдерге жататын мақал – мәтелдер мен қанатты
сөздердің, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың, номинативтік (атауыштық)
бірліктердің т.б. өздеріне тән лексика – грамматикалық, стильдік
ерекшеліктері бар. Олар сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында
қолданылатындығы, құрылымының тұрақтылығы жағынан ғана фразеологизмдерге
жатқызылады, бірақ олардың мағынасы лексикалық бірлік ретінде сөздердің
беретін мағынасына балама, парапар емес, көбінесе бейнелі түрде астарлы
мағынада жұмсалады.
Мысалы:
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; Мың сіз – бізден бір шыж –
быж; алыстан арқалағанша, жақыннан дорбала т.б. мақал – мәтелдің сипаты
осындай.
Фразеологизмдердің сөйлеммен арақатынасы. Фразеологизм мен сөйлемнің
құрылымдық жағында формалды жақындық, ұқсастық бар. Фразеологизмдерде жай,
құрмалас сөйлемдер сияқты құрылымдар кездеседі.
Қарама-қарсылық ұғымының әртүрлі ғылым салалары мен тіл біліміндегі
сипаты атты бірінші тараушада “қарама-қарсы” және “қайшылық” ұғымдарының
мәні философия, психология, логика және тіл білімі салаларында қалай
түсіндірілетіндігі жөнінде сөз қозғалады.
Осы орайда философиядағы Аристотель, Гегель, И. Кант, В.И. Горбач,
логикадағы Д.П. Горский, А.Д. Гетманова, психолингвистикадағы Қ. Жарықбаев,
Ф.Н. Гонобалин, С.Н. Кахиани, А.А. Брудный, Э.И. Родичева, В.А. Маслованың
зерттеулеріндегі негізгі тұжырымдар басшылыққа алынды.
Философиялық тұрғыда қарама-қайшылық бірін-бірі жоққа шығару
қасиеттерін иеленсе, осы қайшылықтың екі шегі қарама-қарсы құбылыстар болып
табылады деп түсіндіріліп жүр.
Салыстыру нәтижесінде философиядағы “қарама-қарсылықтың бірлігі мен
күресі заңының”: 1. Ажырамас бірлікте болу; 2. Әр қилы ғана емес, сондай-ақ
біріңғай қарым-қатынаста тұрып бірін-бірі жоққа шығару; 3. Бір-біріне өту
[1, 224.] сияқты басты белгілері тілдегі қарсы мәндес ұғымдардың
төмендегідей белгілерімен ұштасып жатады:
1. Қарама-қарсы ұғымдар бір-бірімен тікелей тығыз байланыста бола
отырып, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Мысалы, қазақ тілінде: ыстық↔суық,
биік↔аласа, қысқа↔ұзын; ағылшын тілінде: hot↔cold, big↔small, short↔ long;
2. Қарама-қарсы мәндес жұптар бірін-бірі жоққа шығарып, затқа жаңа
баға бере алады. Мысалы, қазақ тілінде: “бақытты” - “бақытсыз”; ағылшын
тілінде: “happy” - “unhappy” деген жұптарда “бақытсыз”, “unhappy” сөзі
“көңілді”, “happy” деген сөздің мағынасын мүлде жоққа шығарады, бірақ
адамға тән қасиетке жаңа баға бермейді. “Бақытты” деген сөзге кереғар
ұғымды білдіріп, жаңа бір сипатын білдіретін сөз “қайғылы”, ал ағылшын
тілінде: “sad”сөзі “happy” сөзіне қарама-қарсы бола алады. Демек, қазақ
тілінде “бақытты” - “қайғылы”, ал ағылшын тілінде: “happy”- “sad” антоним
сөздер, ал “бақытты” - “бақытсыз”, “happy” - “unhappy” болымды, болымсыз
сипаттарға ие болып тұр;
3. Антонимдер көбінесе қарамa-қарсы мағынада қолданыла келе бір-біріне
жақындасып, кірігіп кету қасиетіне ие. Мысалы, қазақ тілінде: алды-артына
қарамау, үлкенді-кішілі, азды-көпті, қысы-жазы; ағылшын тілінде: up and
down (артқа-алға), right and left (оң-сол), meat and drink (тағам-сусын),
more or less (көп-аз).
Психолингвист ғалымдар тәжірибеде адамдардың ассоциациялы ойлауы
негізінде қалыптасқан жауаптары арқылы берілген ұйытқы сөздің түрлі қарама-
қарсы жағын айқындаған.
Тіл білімінде фразеологиялық антонимдерге қарағанда лексикалық
антонимдер көбірек қарастырылып, әртүрлі аспектіде талданған. Тілдегі
фразеологизмдердің мағына қарама-қарсылығын анықтауда зерттеушілердің
лексикалық антонимдерде ұшырасатын ерекшеліктерді негіз етіп алуы да осы
себептерге тікелей қатысты.
Сөз мағыналарының жұмсалымдық қызметіне тән коммуникативтік-танымдық
ерекшеліктер лексикалық мағынаның парадигмасы тұрғысында анықталды.
Лексикалық мағынаның парадигмасы ұғымаралық қатынас – ұғымаралық сипат –
ұғымаралық түйісу үштігі тұрғысында семантикалық, фразеологиялық,
терминологиялық парадигма түзеді. Семантикалық парадигма – ұғымаралық
қатынастан туындап, бір сөздің нақты, тұрақты, келтірінді, ауыспалы
мағынада қолданылып, бірнеше динамикалық көрсеткішке ие болу жолдарын
анықтайды. Мысалы, Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай, Ол қайтсін қара
түнде жарқылдамай. Таң атқан соң шығарын күннің біліп, Өңі қашып бола алмас
бұрынғыдай (А) дегенде ай сөзі аспан денесі ретінде затдеректік (денотат)
ақпарат білдіріп, нақты мағынада жұмсалса, Болмады көріп қалуға, Есітіп
біраз сөзіңді. Шыдар ем бір ай жатуға, Ұзақ түн жұмбай көзімді (А) дегенде
ай сөзі 30 күндік уақыт өлшемі ретінде ойдеректік (сигнификат) ақпарат
беріп, мезгіл мәнін анықтап, абстракт мағынада жұмсалған. Біреу жарлы,
біреу бай білмейсіз бе, Айдай болған ақ жүзім көрмейсіз бе? (Батырлар жыры)
дегенде ай сөзі реңдеректік (коннотат) ақпарат беріп, сұлулықтың символы
ретінде келтірінді мағынада жұмсалса, Айың тусын оңынан (Қыз Жібек жыры)
дегенде ай сөзі ауыспалы мағынада қолданылған.
Фразеологиялық парадигма сипаттаушы мен сипатталушы ұғымаралық
байланыстан туындап, бір ұғым басқа бір абстракт ұғымның мәнін анықтауға
қызмет атқарады. Мысалы, Бала мінез ойыншы бұрынғылар, Аңқау екен мазақтап,
соны сынар. Артқа қарап, ақ пейіл шалға күліп, Абиырсыз, атақсыз көрге
құлар (А) дегенде ақ пейіл тіркесінің сенгіш мағынасында, Ақылды деп, арлы
деп, ақ пейіл деп, Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп (А) дегенде ақ пейіл
адал мағынасында қолданылады. Бір ғана ақ пейіл тіркесінің екі түрлі
мағынада жұмсалуы – коммуникативтік қажеттіліктен туындаған парадигмалық
жүйе. Ақ түске тән ұғымаралық сипаттан қалыптасқан фразеологиялық парадигма
ақ жүрек, ақ көңіл, ақ ниет тіркестері арқылы адалдықты білдірсе, аққа
тарту тұрақты тіркесі әділдікті жақтау, ақ өлім тұрақты тіркесі қаза туралы
ақпарат береді.
Терминологиялық парадигма бір сөздің ішкі түрін айқындайтын
семалардың түйісуінен туындап, сол сөздің бірнеше ғылым саласында
қолданылуына арқау болады. Мысалы, ассимиляция сөзінің ішкі семасы –
ұқсату, сіңісу, сіңу. Осы семасы арқылы ассимиляция сөзі лингвистика
ғылымында үндестік заңы болса, тарих ғылымында бір халықтың өзінен үлкен
екінші доминант халыққа сіңіп кетіп, ана тілін, әдет-ғұрпын, дінін,
мәдениетін, өзіндік сана-сезімін т.б ұлттық ерекшелігін жоғалтуы, ал
психология ғылымында ұлттық сананың жоғалуына байланысты ұлттық
психологиялық ерекшеліктердің трансформациялануы, экология ғылымында зат
алмасуының бір көрінісі ұғымының мәнін анықтайды. Аталған мәселелер тілдік
қолданыстағы лексикалық мағынаның прагматикалық қызметін анықтап, сөз
мағыналарының коммуникативтік-танымдық концепциясын танудың жолдарын
көрсетеді.
Атаулардың коммуникативтік-танымдық концепциясы. Тиянақты ойды
хабарлау және қабылдауда сөздердің атау ретінде қолданылу ерекшеліктері
бар. Атаулар – белгілі бір заттар мен құбылыстар туралы нақты ақпараттың
адам танымында орныққан таңбалық көрсеткіші. Олар тілдік қатынастың
әлеуметтік сипатын анықтауда басты рөл атқарады. Тілдік қатынас
интеллектуалдық бағытта орындалса, қарым-қатынас жасауға негізінен, ғылыми
танымдағы атаулар тірек болады. Тілдік қатынас ресми, бейресми, ұйымдасқан,
ұйымдаспаған бағытта орындалса, жалпыхалықтың танымына ортақ атаулар басты
қызмет атқарады. Тілдік қатынас ұлттық рухани бағытта болса, сол этностың
танымына тән атаулар тірек болады.
Ғылыми танымдық атаулардың қолданыс аясындағы жұмсалымдық қызметі үш
түрлі: 1) арнайы ғылым саласында кәсіби лексика көлемінде қолданылады; 2)
ғылыми тәжірибе нәтижесінде пайда болып, жалпыхалықтық сипатта қолданылады;
3) әрі ғылыми, әрі жалпыхалықтық мәнде жұмсалады. Бірінші топтағы атаулар
ұлттық ғылым деңгейіндегі терминдер, кірме терминдер, балама терминдер,
баламасыз терминдер түрінде жіктелді. Ұлттық терминдер қазақ ғылымының
жетістіктеріне, қазақ ұлттық ғылым тілінің өміршеңдігіне жол ашады. Мысалы,
Ақын тілі – лебіз өрнегі. Ақын тілімен сөйлегенде сөзге айырықша өң
берілгендіктен, лебіз өрнегі болып шығады немесе айтыс – шығарманың түрі
деп А.Байтұрсыновтың қазақ филологиясының терминдерін қалыптастыруы ұлттық
терминдер жүйесін құрайды.
Адам атымен аталатын эпонимдер кірме терминдер ретінде жұмсалып, жеке
тұлғаның ғылымдағы жетістіктерінен, жаңалығынан хабар береді. Мысалы,
Ньютон заңы қозғалысқа тән үш түрлі заңдылық туралы ақпарат беріп қана
қоймай, ғылыми зерттеу нәтижесінің белгілі бір адамға тән екенін көрсетеді.
Бұл терминнің өзіне тән арнайы ерекшелігінен тілдік тұлға мәселесі көрініс
табады. Сондықтан оларды аудармай кірме термин түрінде қолдану орынды.
Балама терминдер – басқа тілден енген терминдердің ұлттық санаға сай
аударылып, қолданылу үдерісін көрсетеді. Ал баламасыз терминдер этностың
тіліне, мәдениетіне сай зерттеулермен байланысты болып, этностық
ерекшелікті анықтайды. Мәселен, изафет тек түркі тілдеріне тән заңдылық
болғандықтан, сол қалпында қолданылады.
Бірқатар заттық атаулар ғылыми жетістіктер нәтижесінде пайда
болғандықтан тілдік қолданыста екі түрлі мағынада жұмсалады. Мысалы, ұшақ
сөзінің қос қанатына қосымша винт-пропеллерлі мотор орнатылған әуе
көлігі деген мағынасы авиация саласында қолданылса, жалпыхалықтық
қолданыста аспан арқылы адам және жүк таситын әуе кемесі мағынасында
жұмсалады.
Адам санасында бұрыннан орныққан табиғи болмыстағы заттар мен
құбылыстардың мәні жалпыхалықтық мағынада жұмсалады, ал олар арнайы ғылыми
зерттеу нысанына айналса, терминдік мағынада жұмсалады. Бұл жөнінде
Б.Қалиұлы: Қазақ тілінде жапырақ сөзі қазір жалпыхалықтық сөз ретінде
де, термин сөз ретінде де қолданылады. Сөздің жалпыхалықтық мағынасы –
өсімдіктің өзі, жалпақ, өзі жасыл түсті мүшесі дегенді, ал терминдік
мағынасы – жоғары сатыдағы өсімдіктердің (төменгі сатыдағы өсімдіктердің
емес) бойындағы фотосинтез жүретін, өзіне көмірқышқыл газын сіңіріп алып,
оттегін бөліп шығаратын вегативті мүшесі дегенді білдіреді деп
тұжырымдайды [13, 81]. Ендеше, атаулардың коммуникативті-танымдық
концепциясы тілдік қатынастың әлеуметтік мәнін анықтап, атаулардың
жұмсалымдық қызметін зерделеуге жол ашады.
Қазақ тіл білімінде қарсы мәнді фразеологизмдер мәселесі бүгінгі
күнгі дейін арнайы зерттелмеген. І. Кеңесбаев мынадай тұжырым жасады:
“Фразеологизмдер ішінде өзара қарсы мағына беретін сыңарлардың бары анық
болса, олардың типтері әлі де тереңірек зерттеуді, тексеруді қажет етеді”
[2, 20.].
Тіл білімінде ағылшын тіліндегі фразеологиялық антонимдердің алғашқы
теориялық негізін қалап, сондай-ақ, осы мәселе жөнінде идеяны дамытушы –
А.И. Алёхина болатын [12]. Ғалымның теориясының жалғасы Л.П. Зимина (неміс
тілі), Т.А. Тонконогова (француз тілі), Ж.К. Қонақбаева (ағылшын, орыс,
қазақ тіліндегі фразеологиялық антонимдерді салыстыра зерттеу) сияқты
зерттеушілердің кандидаттық диссертацияларында және Е.Н. Миллердің (орыс
және неміс тіліне қатысты) ғылыми-теориялық еңбегінде көрініс тапты.
Аталмыш зерттеушілер фразеологиялық антонимдерді семантикалық
аспектіде қарастырады. Тек М.Н. Миллердің “Природа лексической и
фразеологической антонимии” атты еңбегінде лексикалық және фразеологиялық
антонимдер мәселесі лингвопсихологиялық, логика-философиялық, шығу тегі мен
дамуы тұрғысына тұжырым жасалады. Зерттеу еңбегінің тағы бір ерекшелігі –
қос тілдің лексикасы мен фразеологиясында кездесетін антонимия құбылысына
жан-жақты терең талдау жасау, антонимдердің өзіне тән қасиеттері негізінде
олардың тілдегі алатын орны, мәтін ішінде антонимдердің қолданылу
ерекшеліктерін анықтау екендігінде.
Сондай-ақ, антонимдік фразалық тіркестердің жалпы мәселелері: ағылшын
тіліндегі етістікті фразеологиялық бірліктердің антоним варианттары (Л.А.
Грязнова), антоним компонентті фразеологизмдер (Р.Б. Синюк), етістікті
фразеологизмдердегі антонимия құбылысы (С.А. Барсикьян), фразеологиялық
антонимдердің прагматикалық функциялары (Л.Н. Зимина ) сияқты ғылыми
тақырыптағы мақалаларда қамтылған.
Синтаксистік қызметте жұмсалатын сөзер нақты, абстракт, тұрақты, контекстік
мағынада байланысады. Аталған мағыналар сөз тіркесінің қиысу, матасу,
меңгеру, қабысу, жанасу формалары арқылы 36 түрлі жолмен семантикалық
үйлесімділікке ие болады. Атауыштық мәндегі синтаксистік синтагма мынадай
танымдық ерекшеліктерге ие: біріншіден, синтагмалық байланыстағы сөздер әр
түрлі ұғымның мәнін айқындайтын мағыналардың үйлесімділігін танытады.
Мысалы, мектепке барды, баланың кітабы деген сөз тіркестерінде бару сөзі
мектеп сөзінің дербес тұрғандағы мәнін айқындауға қатысты емес. Сол сияқты
бала сөзі кітап сөзінің (немесе керісінше) мәнін танытуға қатысты емес;
екіншіден, синтагмалық байланыстағы сөздер барлық сөз таптары сонымен
қатар, субстантивтену (зат есімге айналу), адъективтену (сын есімге
айналу), вербалдану ( етістікке айналу) адвербиалдану ( үстеуге айналу)
арқылы толық мағыналы барлық сөздердің байланысын қамтамасыз етіп, тілдік
қатынаста белсенді қызмет атқарады. Мысалы, мына бала, маған келді, малға
бай, үлкендер амандасты, еріншектің ертеңі, бесеуін ал, киноға кетті, мен
жаспын т.б; үшіншіден, синтагмалық байланыстағы сөздердің семантикалық
үйлесімділігі тең дәрежеде қызмет атқарады. Әр компонент өзінің ішкі
мазмұнын анықтайтын семантикасын өз бойына сақтап, дербес атаулар ретінде
байланысады. Әр компоненттің семантикасы сөйлеу процесіндегі ой мазмұнын
айқындауға қатысты болады; төртіншіден, синтагмалық байланыстағы сөздер
синтаксистік валенттілікке ие; бесіншіден, тілдік қатынаста ең жиі
қолданылатын қатысымдық бірліктер болады; алтыншыдан, тілдегі сөйлемдердің
дені атауыштық мәндегі синтагмалық байланыста жұмсалған сөздерден құралады;
жетіншіден, жанасу формасында жұмсалуға қабілетті; сегізіншіден, сөздер
бірнеше мағыналарда жұмсалады.
І.2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдердің жасалу
жолдары
Тілдік фактілерден мағына қарама-қарсылығы фразеологизмдерге де тән
айырықша құбылыс екендігін аңғардық. Тұрақты тіркестердің қарама – қарсы
мағынада жұмсалуы лексикалық антонимдерге қарағанда өзіндік сипатымен
ерекшеленеді. Бұл айқындылық фразеологизмдер мен лексикалық бірліктердің
жеке қасиеттері негізінде туындайды.
Бұл тараушада біз қос тілдегі антоним фразеологизмдердің жасалу
жолдарының ерекшеліктерін айқындадық.
Қазақ тіліндегі қарсы мәндес мағынадағы тіркестердің жасалу
жолдарының төмендегідей 3 түрін ұсынамыз:
1. Тұрақты тіркестердің бір немесе екі компонентін тіркестен тыс жеке
алғанда өзара қарсы мағыналы болу керек: жақсы атты көріну – жаман
атты болу;
2. Қарама-қарсы мәнде жұп құрайтын фразалық тіркестерде мағынаға өзек
боларлық бір сөз қайталанып келіп отырады: ант ішті – антын бұзды;
3. Тұрақты тіркестердің компоненттерін антонимдік мағына түгел қамтуы
керек: ындыны кепкен – бейілі тоқ.
Ағылшын тіл біліміндегі антонимдік фразеологизмдердің жасалу
жолдарының төмендегідей үш түрлі сипатын анықтадық. 1. Антонимдік қатар
мүшелерінің құрылымы; 2. Антонимдік қатар мүшелерінің саны; 3. Антонимдік
қатар мүшелерінің өзара ішкі байланыстары.
Бірінші белгі бойынша біз фразеологиялық материалдарды талдау
нәтижесінде қарсы мәндес фразеологиялық бірліктердің лексикалық жағынан
әртүрлі құрылымды және бір-құрылымдық болатындығын байқадық.
Лексикалық жағынан түрлі-құрылымдық фразеологизмдерге мысалы : brisk
as a bee ↔ slow as a snail; ал лексикалық тұрғыдан алғанда бір-құрылымдық
фразеологизмдерге: a day after the firе ↔ a day before the fire, play one’s
cards well ↔ play one’s cards badly сияқты мысалдар жатады. Дегенмен,
кейбір жағдайда лексикалық түрлі-құрылымдық фразеологизм мен лексикалық бір-
құрылымдық фразеологизмдер біріне-бірі қарама-қарсы болуы мүмкін. Мысалы:
take a (the) lead; play first fiddle ↔ play second fiddle. Лексикалық
құрылымдағы келесі айырмашылықтарды атап өтуге болады: антонимдік қатардағы
түрлі-құрылымдық мүшелер толық қарама-қарсы қойылады.
1. Түрлі лексикалық құрамға : at a low ebb ↔ on the crest of the
wave;
2. Жалғыз компонентпен барлық түрлі құрамдарға : with half a heart ↔
from one’s heart; fishy eyes ↔ eyes like gimlets.
Антонимдік қатардың лексикалық бір-құрылымдық мүшелердің бір ғана
компоненті бір-біріне қарама - қарсы қойылады. Мысалы: a bed of thorns
↔ a bed of roses; in cold blood ↔ in hot blood; lose one’s temper ↔ keep
one’s temper;
Екінші белгі бойынша кейбір антонимдік қатар мүшелерінің саны тек
бинаралық, екімүшелік болуы мүмкін. Мысалы : in good faith ↔ in bad
faith; a bird in the bush ↔ a bird in the hand;
Тағы бір ерекшелігі фразеологизмдердегі антонимдік қарама-қайшылық
екі бірліктен көп болуы мүмкін. Мысалы: fly (go, slip) off the handle; lose
one’s grip (of, on); go off the deep end ↔ pull oneself together; face the
music; take things on the chin;
Үшінші белгіге тоқталар болсақ, мұнда фразеологизмнің тура мағынасы
компонент бойынша анықталған жағдайда, антонимдік қатар мүшелерінің өзара
ішкі байланыстары фразеологизмнің ауыспалы мағынасын ескеру қажет.
Егер екі стилистикалық тұрғыдан тең бірмағыналы фразеологизм қарама-
қарсы қойылса, онда ішкі байланыстар бір өлшемдік болады. Мысалы: on the
other hand – on the one hand, come to the right shop – come to the wrong
shop.
Егер екі немесе одан көбірек бірмағыналық, көпмағыналық,
стилистикалық тұрғыдан тең емес, қолданыс аясы әртүрлі фразеологизмдер
қарама-қарсы қойылса, онда ішкі байланыстар көп өлшемдік болады. Мысалы: as
cold as stone; as cold as charity ↔ as hot as fire; as straight as a diе.
Антонимдік қатар мүшелерінің саны бір мағыналы және көпмағыналы
фразеологизмге, стилистикалық тұрғыдан тең немесе тең емес, әртүрлі
қолданыс аясындағы фразеологизмдер қарама-қарсы қойылса, онда ішкі
байланыстар бір-өлшемдік және көп-өлшемдік болады. Мысалы: be in the cart ↔
be in queer street; cut up rough ↔ feel good; get the hump, bury the
hatchet ↔ fall foul of , part brass rags.
Сонымен, тілдегі бір өлшемді және бір және көп өлшемді тіркестер тек
ағылшын тіліндегі қарсы мәнді фразеологизмдерге ғана тән екендігіне көз
жеткіздік.

фразеологиялық антонимдердің айырмашылықтары мен ұқсастықтары
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі лексикологиялық және фразеологиялық
антонимдердің мынадай айырмашылықтарын көрсетуге болады:
1. екі тілдегі лексикалық антонимдер фразеологиялық антонимдерге
қарағанда көбірек кездеседі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz