ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚ ТЕЛЕХАБАРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОБЛЕМАТИКАСЫ 3
1.1Отандық тележурналистика тарихы 3
1.2 Қазақ теледидарында хабардың пайда болуы мен қалыптасу жолдары 8
2 ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ 10
2.1 Телебағдарламалар мазмұны мен түріндегі ұлттық элементтер 10
2.2 Телепублицист стилі мен кейіпкер әлемін ашу ұстанымдары 13
2.3 Телевизиялық публицистика жанрлары мен пішіндерінің эволюциясы 15
3 ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКА ЖАҢА КЕЗЕҢДЕ 21
3.1 Нарықтық қатынастардың тележурналистика дамуына ықпалы 21
3.2 Тележурналистикадағы жаңа тенденциялар 23
4 ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКА ТАБИҒАТЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ 25
4.1 Тележурналистикасының табиғаты мен бейнелеуші құралдары 25
4.2 Демократиялық қоғамдағы телевизияның даму бағыттары 28
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32
КІРІСПЕ
Қазақ тележурналистикасының қалыптасуы мен дамуы, телебағдарламалардың
мазмұны мен түріндегі көркемдік дәстүр, тележурналистің экрандағы даралық
стилі мен шеберлік қырлары, ізденіс жолдары, ғылыми тұрғыдан жүйеленеді.
Қазақ тележурналистикасының жаңа кезеңге сәйкес даму ерекшеліктері мен
бағыттары бүгінгі ғылым деңгейлерінің биігінен сараланып, тарихи тамырлары,
өсу сатылары зерттеу нысаны ретінде алғаш рет ауқымда қарастырылды. Ұлттық
теледидар өнері халқымыздың ауыз әдебиетінің үлгілерінен нәр алып, арнайы
технологиялық үрдістерді игеріп, экранға тән мамандықтың қыр-сырын
меңгеріп, машықтанып, шеберлігін шыңдағаны айқындалады. Көгілдір экран
мәдениетінің көпшілік көрермен қауымның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени,
рухани-эстетикалық білімі мен көзқарасын, тәлім-тәрбиесі мен таным-талғамын
қалыптастыратын шынайы серігіне айналғаны ғылыми дәлелденді. Теледидардың
көрермен жан дүниесін байытып, ләззат алатын пәрменді құралына айналу
жолындағы қат-қабат қиындығы мол ерекшелігі мен өзіндік табиғатының
заңдылықтарын айқындап беруге қадам жасалды. Бағдарламалардағы ұлттық
айшықты нысандардың экранда бейнелену тәжірибесі мен зердемізді жанғыртуға
тигізген әсер-ықпалын сипаттап, үлгі тұтарлық тұстарын талдап, жекелеген
телешығармашылық тұлғалардың ізденістері негізінде ашып беруге талап
қылдық. Сондай-ақ, Кеңес дәуірі, әрі еліміздің саяси дербестігін алған
кезеңдегі қазақ тележурналистикасының дамуының саяси-идеялық заттық-
техникалық қаржыландыру мен құрылымдық негізі сараланды. Тақырып ауқымы мен
көркемдік безендірілуі, режиссерлік шешімі мен бейнелеу шеберлігі т.б.
айырмашылығы мен ерекшеліктерін салыстыра талдап, айқындауға ұмтылыс
таныттық.
1 ҚАЗАҚ ТЕЛЕХАБАРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОБЛЕМАТИКАСЫ
1.1Отандық тележурналистика тарихы
Одақтас республикаларда елуінші жылдардан бастап алғашқы телестудиялар
ашыла бастады. Соған орай, еңбекте телестудиялардың қоғам өміріндегі мәні
мен маңызы туралы осы саланы зерттеуші ғалымдар С. Масғұтов, Қ. Аманбаев,
М. Барманқұлов, Н. Омашев, С. Қозыбаев еңбектері басшылыққа алынды.
Қазақ теледидарының алғашқы телехабарларын тәжірибе түріндегі –
кинофильм, театр және эстарда шығармалары құрады. Теледидарға газет және
радио саласынан келген журналистер үшін телехабарлардың өзіне тән кәсіби
ерекшеліктерін игеру алғашында оңайға түскен жоқ. Газет және
радиожурналистері сөзбен жұмыс істесе, енді оларға телеөнерде өмірдің
өзіндей жанды бейнені көрермен көз алдына әкелудің күрделі тетігін
меңгеруге тура келді. Сондықтан тележурналистке телехабардың табиғатына
қатысты қолданылатын көркемдік безендіру мен мәнерлі құралдар – көрініспен
кріге сабақтасқан мәтін, шу, музыканы, кешенді игеру қажеттілігі туындады.
Ізденістің нәтижесінде алпысыншы жылдардың басында-ақ Алматы студиясы
ұжымының күшімен даярланған туындылар салалық редакцияларда 40 пайызды
құрады. Студия тұңғыш рет Қырғызстан менҚазақстан арасында телевизиялық
үндесуді жүзеге асырып, нәтижесінде екі елдің қоғамдық-әлеуметтік, мәдени
саладағы табыстары көрермендерге көрсетілді.
Алғашқы жылдары ақпаратты хабарлау экранда ауызша түрде өтіп жатты. Ол
кезде оқиғаны үлдірге (пленкаға) толықтай түсіру мүмкіндігі болмады. Бұған
телевизиядағы киноның өндірістік-техникалық базасының әлсіздігі ғана емес,
сонымен қатар тікелей хабардың күрделілігі, әр тележурналистердің
өздеріне деген сенімсіздіктері де себепші болды.
Егер 1960 жылы республикада небәрі 4-5 студия болс, уақыт өте ол 14-ке
жетіп, хабар тарату көлемі 44 сағатқа өсті. 1958 жылы Өскемен мен
Қарағанды, 1959 жылы Жезқазған, 1960 жылы Петропавл, 1964 жылы Целиноград,
Орал, Балқаш, 1965 жылы Семей ен Павлодарда көрермендер көгілдір экранмен
қауышты. Радирелелік желілер құрылып, қуатты хабар таратқыш орнатылып,
көршілес Өзбекстан мен Қырғызстаннан телехабарлар қабылдау мүмкіндігі туды.
Телевизияның техникалық дамуы туралы профессор С. Қозыбаев: Қазақстан
республикасында бүгінде 60-тан астам телевизиялық орталықтар мен
ретрансляторлар жұмыс істейді. Теледидар бағдарламасын күн сайын 10
миллионнан астам адам тамашалап, республика тұрғындарының 76 пайызы көреді.
Теледидар күн санап қоғамдық өмірімізге кеңінен ене бастады. Оның
шапшаң қарқынмен өсуіелдің саяси-экономикалық, саяси-әлеуметтік, әлеуметтік-
мәдени өрлеуімен өрлеуімен тұспа-тұс келді. Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің 1960 жылғы 20 сәуірде қабылдаған Республикада радиохабарларды
және телевизияны одан әрі дамыту туралы қаулысы елімізде теледидардың даму
барысын тездетіп, оның өз мүмкіндіктерін кеңінен ашуына негіз қалады.
Қаулының мәні аудитория мен теледидар студиясын бір-біріне етене
жақындастыра түсті. Сондықтан шығармашлықы ұжымдар өздерінің перспективалық
жұмыс бағдарламаларын қайта қарады. Сол кезеңге тән болған негізгі бағыттар
былайша жүйеленеді: қоғамдық-саяси хабарлардың сапасын жақсарту, оның
тақырыптарын ұлғайту, эфирдегі мерзімін өсіру, кеңес адамдарының
жасампаздық ерлік істерін үзбей көрсетуді жолға қою, елдің ішкі, сыртқы
өзекті мәселелері жөнінде басшылардың тұрақты сөйлеуін ұйымдастыру, хат
бөлімі редакциясын құрып, онда соңғы жаңалықтар, көрермендермен тұрақты
өткізілетін конференцияларға талдау жасау, елдің қоғамдық өмірі мен
шетелдегі жаңалықтарды үзбей көрсету, өндіріс пен шаруашылықтағы озат
тәжірибені насихаттау, көркемөнерпаздар үйірмесі, театр қойылымдарына мол
орын беру, балалар мен жастар хабарларының тепе-теңдігін сақтау,
бағдарламалардың негізгі түрлері бойынша қоғамдық кеңес құру.
Күнделікті сан-саладағы материалдар өзегіндегі классикалық жанр мен
журналистикалық түрдің экрандық құралдар ерекшеліктеріне сәйкес үйлесуі
көптеген қиындыққа кезікті. Ақпараттық жанрлар біртіндеп өз бетін тауып,
теледидарда орныға бастаса, ал публицистикалық жанрлардағы жағдай сын
көтермеді. Әсіресе, фельетон саласындағы ізденіс нәтиже бермеді. Драмалық
хроника мен деректі драма да сәтсіздікке ұшырады. Театрлық қойылымдар
теледидар режиссері мен редакторының ұштауларына үлкен мектеп болды.
Телехабардың көбейіп, көркемдік дәрежелерінің өсуіне ЖТС (жылжымалы
телевизиялық станса) пен ТЖК (телевизиялық жуналистік кешен) өмірге
келуінің айтарлықтай пайдасы тиді. ЖТС-тан репортаж жүргізу журналистердің
жаңа толқынын өмірге әкеліп, олар тікелей эфирден репортаж жүргізу, сұхбат
алу, телеақпаратты шұғыл әрі сапалы дайындауға бейімделе бастады. Облыстық
студиялар мен жасалған телеүндесулер шыншыл болып, олардың көркемдік
мазмұны қаныға түсті. ТЖК-ның өмірге келуімен теледидарда бейнежазу мен
бейнемонтаж пайда болды.
Қазақ телехабарының қалыптасуын телеплакат, очерк, репортаж, әңгіме,
хабар т.б. алуан үгідегі жанрлар мен пішіндер құрады. Кинопленканың аз
кезінде эфирдегі көріністі көпшілігінде жансыз суреттер мен диаграммалар не
белгілі бір адамдардың сөздердің үзінділері толықтырылып отырса да, уақыт
өте келе хабарлардың пшіні мен түрі недәуір өзгеріске ұшырады. Осы
өзгерістер алуан саладағы хабарлар жанрларының өзгеру-өсу эволюцясын
бейнелейді. Көрермен үшін сан алуан жанрлар мен пішіндерде берілген
хабарлар көркемдік жағынан сапалы болмаса да, рухани байлығы мол, құнарлы
арена болды. Сөйтіп, телешығарылымдардағы әдістер жиынтығы мен алуан
бейнелеу түрлері болашақ ізденістердің негізін қалады.
Алайда теледидардағы бірлестіктердің өзіне тән кемшіліктері де
кездесіп отырды. Атап айтқанда: а) марксизм-ленинизм теориясын насихаттау
өз мүмкіндігінен төмен дәрежеде жүргізіліп, материалды беруде біріздіік
жүйе болмады; ә) жастарға арналған хабарларға көңіл аз бөлініп, жұмысшы
тақырыбы өз деңгейінен әлдеқайда төмен даярланды; б) хабарды көрсетіп
телеаудитория құрамы тиісті дәрежеде зерттелмеді; в) телеақпаратта
мазмұнның мақсатқа бағындырылмауы және экрандағы жанрлар мен пішіндердің
үйлесімділігінен туындайтын көпдауысты, көпүнділік мазмұндық – көркемдік
жетіспеді; г) кәсіби өсу үстіндегі тележаңалықтар қызметінде ақиқаттың
толықтай бейнесі берілмеді.
1968 жылы Қазақ телевизиясы бағдарламалары жаңа цикл рубрикаларымен
толықты. Жұмыста Менің Қазақстаным, Адам, қоғам, заң, Адамдар және
өзім туралы, Ауыл шаруашылығы озат тәжірибесінің мектебі, Қызметің
қалай, жақсы ма?, Алпысыншы жылдардың комсомолецтері, Номері он үшінші
пәтер, Шалқыма, Музыка кілті, Камертон т.б. телехабарларға
шығармашлық талдау жасалды.
Телефильм жанры 60 жылдардың орта шенінде-ақ пайда болды. Кеңес
жылдарында республикамыздың қарыштап өсу жолын баяндайтын Қазақтелефильм
жасаған Мен-Қазақстанмын атты көп сериялы деректі фильм 1969 жылы
Ленинградта өткен телефильмдердің Бүкілодақтық ІІІ фестивальде диплом
алғаны фильм жасаушылар шеберліктерінің өскендігіне дәлел болды.
60-жылдардағы бағдарламалар мазмұндық, жанрлық әрі ішін жағынана жа
өзгеріске ұшырады. Әр күніміз ерлікке толы, Кітап әлемінде, Теңіз
адамдар үшін жаралған очерктер, Әңгіме жаз туралы, кинорепортаж, Мереке
таңы, Октябрь телеплакат, Біздің ауылдың адамдары телерепортаж,
Көгілдір от мерекелік программа Дүниеде шындық біреу арнаулы
бағдарлама, Қанатты жыр әдеби хабар, сондай-ақ, балаларға арналған спорт
бағдарламасы, бөбектерге арналған телевизиялық журнал Жұлдызша,
Фактілер, оқиғалар, хроника, телевизиялық жинақ Табиғат, Жастар
дауысы т.б. көптеген телебағдарламалар сол кезеңнің тынымсыз ізденістері
арқасында өмірге келген туындылар екені жұмыста ғылыми тұрғыдан дәйектелді.
Отандық тележурналистика тарихы да тамаша телепублицистер мен білікті
тележурналистердің талантты туындыларымен сабақтас. Тележүргізушілердің
тақырыпты табудан бастап, сценарий жазу, эфирде хабар жүргізу, сөйлеудегі
шешендік, талдаудағы тереңдік, тікелей эфирдегі кенеттен тапқырлық, көз
сүйсінетіндей көріктілік пен сұхбаттағы парасатталығы өзгелерге үлгі болд.
Теледидарда екі тілде хабар жүргізген С. Масғұтов, Кездесу, Сұхбат
хабарлары арқылы экранға тың пішін әкелген С. Оразалинов, Атамекен
хабарларымен танымал болған Қ. Игісінов Алтыбақанның автры – жүргізушісі
Ф. Бегембаева, спорт хабарларын жүргізген Р. Жәнібеков пен Қ. Аралбаев,
Көкпармен әйгілі болған Н. Иманғалиұлы, Өмір-өзенімен есте қалған
Б.Құсанбек т.б. тележұлдыздар талантымен теледидардың жанрлық түрлері, даму
сипатының тарихы жазылды. Телпублицист Ғ. Шалахметовтің Екібастұз көмір
бассейнімен сабақтас өндірістердегі еңбекті ұйымдастыру проблемасын
көтерген Ритм операциясы, ел көлеміндегі кемшілктер жайлы Бір хаттың
ізімен сапарға шыққан журналист Қ. Қорғановтың, уақыт сырын ашына айтқан
С. Әшімбаевтың Парыз бен қарыз хабарлары арқылы жариялылықтың тар
құрсауға сыймайтын өткірлігі айқындалады.
Алпысыншы жылдарда өмірге келген сан алуан тақырыптағы
телебағдарламалардың 70-80 жылдары кейбір атаулары өзгеріске түскенмен,
көпшілігі жылдар сілеміндегі мазмұндық сипатын түрлендіре, басқа атаумен
қайталанып отырды. Бағдарламалар тақырыбы өзгергенмен, көтерген мәселелер,
оқиғалар сол уақыттың толғақты проблемаларын қамтыды. Бұл өмір ағымының
мазмұндық не идеялық мақсаттағы өзгерістері болмаса, көп мәселенің жылдар
мен уақытқа ортақ екендігіне дәлел болғандығы жұмыста сараланған.
Телевизияның құоылу, қалыптасу, даму жолында кемшіліктер де
жетістіктер де молынан болды. Ол әр жылдардағы бағдарламаларда айқын
көрініп, сраланып отырды. Отандық тележурналистиканың қалыптасу кезеңіндегі
телешығармашылықтағы кемшіліктерге: а) телехабарлардағы идея мен ойдың
таяздығы; ә) көріністік қатарлардың сүреңсіздігі; б) кейіпкер дүниесін
ашудағы сценарий авторларының әлсіздігі; в) қажетті техникалық құралдардың
болмауы; г) кәсіби жуналист мамандарының аздығынан іздестірген орынды.
Дегенмен, телехабарлардың тиімді тұстары ретінде: а) телепублицистердің
бірте-бірте ізденіске түсуі; ә) шығармашылық ұжымның құрылуы; б) хабарларды
түрлендіру мен жанрларды іздестіру; в) жиынтық хабарлардың пайда болуы
жатқызылды. Кемшілікті қайталамау да ізденіске бастайтын өнегелі жол.
Мұндай сәттердің молдығы алуан бағыттағы, сан түрлі пішіндегі хабарларды
талдағанда анықталды.
Қоғамдағы түбірлі өзгерістердің телерадиохабарлар пішіні мен журналсит
мандығына әсері мол болды. Партиялық баспасөздің ескі лениндік қағидалары
мен үрдістері, жариялылық, сөз еркіндігі, ақпара айқындығы, демократия
секілді ұғымдармен орын ауыстырды. Хабар таратуда монологтан диалогқа көшу,
қоғамдық –саяси, адамгершілік, мәдени, тарихи проблемаларда түрлі
көзқарастар мен пікірлерді салыстыра қарау етек алды. Жариялылық радио және
телехабарлардағы диалогке көрерменнің қатысуын, пікірталасқа аудиторияның
араласуын, жаңа жанрлар мен пішіндердің пайда болуына негіз қалады.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеін нығайту, экономикалық ауыртпалықтардан
құтылу, азаматтарға лайықты өмір жасап, олардың конститутциялық құқығы мен
бостандығын қорғау жолында сындарлы әңгіме өткізу, айқын ойлайтынадамдардың
басын біріктірудің барған сайын нақтылыққа айналып отырғаны ақиқат. Осы
орайда, сөз бостандығы мен ойды еркін білдіру, ақпаратқа қол жеткізу – аса
маңызды. Қорыта келгенде, отандық тележурналисткианың алғашқы қалыптасу,
даму кезеңі кеңес теледидарының өткен жолдарымен сабақтаса, өзектесе
қарастырылды.
1.2 Қазақ теледидарында хабардың пайда болуы мен қалыптасу жолдары
Кеңестік тележурналистиканың басты міндеті – қоғамдық пікірді
партияның саясатында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес
қалыптасытур арқылы аудиторияға тұрақты ықпал ету болды. Сонымен бірге
марксизм-ленинизм тұрғысынан қоғамдық өмірдің көкейтесті құбылыстарын
түсіндіретін, бағалайтын шығармаларды жасау және тарату, сол заманның жанды
тарихын жасау, қоғамдық сананы қалыптастыруға қатысу, көпшіліктің және
жекелеген тұлғалардың тәжірибелік қызметін жандандыру, халыққа қоғамдық,
экономикалық және мәдени өмірдің маңызды оқиғалары туралы хабарлап отру,
тәрбие, ойын-сауық, оқыту құралы ретінде көпшілікке қызмет көрсетудің мәні
дәйекетлді.
Ақапарат қызметінің пайда болу үрдісі барлық жергілікті студияларда
бір үлгіде өтті. Ол республиканың қоғамдық өміріндегі жаңалықты қамтудан
басталып, облыстар мен қалалардың актуальді оқиғалармен аяқталды.
Жаңалықтар спорт жарыстарынан шағын сюжеттер ғана беріліп тұрды. Экраннан
жастар аудиториясын толғантқан проблемалар, жұмысшылар өмірі, комсомол
ұйымның жұмыстары сирек көрсетілді. Өмірдің сан-саласындағы көкейтесті
тақырытарға теледидар әлі шынайы түрде тереңдеп бара алмады. Көрермендерді
көп ұлтты кеңес әдебиетімен, өнерімен, класиктер шығармаларымен таныстыру,
өнер адамдарының мерейтойлық шығармашылық портреттері, өмірбаяндық
хабарлар, өнер шеберлерінің концерттері – көркемдік бағыттағы хабарлардың
негізгі мазмұнын құрады. Балалар хабарлары жолындағы алғашқы ізденістер
басталды. Сөйтіп, Алматы телестудиясының шығармашылық тобы сан бағыттағы
беймәлім пішінермен бетпе-бет келіп, газет пен радионың бар мүмкіндігін
экранға ыңғайлау жолындағы ізденістерін жылдар бедерінде ұштап отырды.
Алғашқыда телеэкрандағы хабарларды журнал, лекция, хабар, әдеби хабар,
әңгіме, сөз, концерт, мультфильм, фото және кинорепортаж, киноочерк,
киножурнал, мақала, деректі, ғылми фильм, спектакль, телеқойылым,
концерттік трансляция бағытындағы пішіндер мен жанрлар құрады. Келе-келе
бұл пішіндер мен жанрлар көрермендер арасында танымалдыққа ие болды. Егер
радиожурналистиканың алғашқы кеңестік әрі қазақстандық жанрлары радиогазет
шеңберінде дамыса,, ал тележурналистиканың отандық урнал түрінде дамығаның
ғылыми тұрығдан айқындалды.
Аудитория көрермені социалситік құрылыс кезінде –ақ телехабарларда
талдау, әрі оқиғаға баға берілуін талап етті. Себебі журналситер даярлаған
хабарлардағы сюжеттердің шұбалаңқылығы, ақпараттардың көрініссіз ауызекі
хабарлануы, тақырыпта түрліліктің болмауы, көкейтесті мәселелерді өткір,
көңіл аударатындай көтере білмеу, материалды өңдеудегі ұқыпсыздық, сөзді
іріктеп алу мен сөйлемдер құруға байсалды қарамау және телехабарларды
эфирден берудегі жйесіздік секілді кемшіліктерден көрініп отырды.
Хабарлар құрылымын түрлендіру, мазмұынын байыту, идеялық дәрежесін
көтеру бағытындағы кейбір ізденістер тиімділікке қол жеткізсе де,
телехабарлардың қалыптасу кезеңінде қиындықтар:а) теледидар жүйесі
құрылымндағы ізденістердің баяу жүруі; ә) телеөндіріс табиғаты мен
ерекшеліктерін ескермеу; б) кадрлар даярлаудағы босаңдық; в) шығармашылық
құрамды қайта даярлауға мән берушілік; г) республика аумағында курстық
жүйені өркендетуге көңіл бөлмеуден орын алды. Алайда партия қоғам
өміріндегі қуатты қаруға бей-жай қарамыд. Кеңестік кезеңдегі теледидарға
партиялық басшылық мынаны көрсетті: идеологиядағы жаңа, маңызды жүйе –
теледидардың қалыптасу мен дамуына партия ұйымдарының жан-жақты көмек
көрсетулері, күн тәртібіндегі мәселелерді теледидар қызметкерінің дкр
кезінде айқындауларында жоғарыдан бағыт-бағдардың үнемі беріліп отыруы,
теледидар кадрларын жасақтауға партия ұйымдарының қамқорлығы мен олардың
кәсіби шеберлігін ұштауларында қажетті шараларды жүзеге асырулары,
радиотелевизиялық өндірісті дамыту мен телевизиялық хабарлар таратудың
материалдық-техникалық базасын нығайту, теледидардың программаларды
қабылдау жүйесін ұлайтуға үнемі қамқорлық жасағаны, зор ықпал еткені
көрсетілді.
Телевизия – уақытепен бірге дамып,елмен бірге өзгеріп, қоғаммен тығыз
бірлікте қанатын жая түсті. Жастық жалынды хабарлар тобы да экранға шықты.
Қазақ телевизиясының көркемдік жағын басқарған С. Шәріпов Қазақ
телевизиясының он жылдық табысын тарзылай отыры, оның негізгі қызметін дә
де айқын көрсетті.
Тележурналистер кезеңге сай өз хабарларында экономика мен өндіріске
ғылыми басшылық жасауға батылдық әрі тереңірек үңіле бастады. Себебі уақыт
сұранысына ора Еңбек экраны, Алматы және алматылықтар, Уақыт және
стиль, Жаныңда жүр жақсы адам т.б. хабарлар көрермендер тарапынан жыл
қабылданды. Хабарларда заттық игілікті өз қолдарымен жсаушы еңбек
адамдарының сан алуан бейнелері, өндірістік процестермен бірлікте жан-жақты
ашылды. Жетпісінші жылдары экранда өндірісті басқаруды жетілдіру жөніндегі
телевизиялық Тимур циклы мен артта қалған бригадалардың алдыңғылар сапына
қосылуына көмектесуді мақсат ететін Агрегат-13 хабарының тиімділігі
айтарлықтай.
Қазақ телехабарының алғашқы айда болу, қалыптасу кезеңінде экранның
барлық қырлары мен сипаты өз табиғатын толық ашпады, синкреттік өнер
мүмкіндігі барынша пайдаланылмады. Себебі білімді кадрлардың аздығы , әрі
синкретті өнер түрінің өзіне тән табиғилығын тануға техникалық және
шығармашылық топтағы мамандардың білім-білігі мен парасат-пайымы жете
бермеді. Теледидарда бәрі де әрекетте, ол миллиондаған адамдардың көз
алдында жүруді үйренуде. Ол өнер теориясының дәстүрлі сұрақтарын уақыт
өткен сайын қайталап қоюда,-деген пікір осының дәлелі.
Теледидардың басты мақсаты – аудиторияға ақпарат тарату, идеологиялық
тәрбие мен насихат жұмысын жүргізу, саяси-мәдени, экономикалық саладағы
хабарлар көлемін өсіру. Ақпараттық және өзге де саладағы хабарлар қатаң
саяси сүзгіден өтіп, сюжеттеде тәрбиелілікті көрсету талап етілді.
Журналистер қауымы ақпаратың оқиғалылығына баса назар аудара отырып,
республиканың халық және ауылшаруашылығы, еңбек ерлері мен мәдениет
қайраткерлерін, партияның қаулы-қарарларына орай жоспарын орындаған ұымдар
мен еңбек озаттарын арқау етуі өз шығармаларының жанрлық әрі пішіндік,
мәтіндік өзгеше сипатынан көрінеді.
Шығармашылыққа кеңестік кезеңнің тар қыспағы, қатаң партиялық бақылау,
ұлттық бағыттағы рухани шектеушілік өз зияныны тигізді. Білікті әрі білімді
кадрлар даярлаудағы жіберілген кемшіліктер, телеөнердің құпия сырларын
ұғына алмаушылық, телехабардың көркемдік-идеялық мазмұныныдағы олқылықтар
телестудияның аудиториямен қоян-қолтық араласуына кедергі келтірді. Осындай
кемшіліктерге қарамасатан, теледидардың қоғамның тәрбиешілік, ағартушылық,
көңіл-көтерушілік бағыттағы табыстары аудитория үшін нәтижелі болды.
Телеэкрандағы шығармашылық және техникалық топ сан алуан жүйедегі
тақырыптық бағытын айқындап, ол қоғамның күнделікті ақпарат алатын ауқымды
аймағына айналды. Алғашқы хабардағы пішін уақыт ағымының аясында өзгеріске
түсе отырып, ол болашақтағы тағылымды дүниелерге негіз қалады. Қазақ
телехабарының қалыптасу, даму жолдары теледидардағы шығармашылықы және
техникалыұ топ үшін үйрену, іздену үрдісіне толық кезең болды.
2 ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
2.1 Телебағдарламалар мазмұны мен түріндегі ұлттық элементтер
Телепублицистің даралық сипаты, шеберлігінің ауқымы, парасат-пайымы
үемі көрерменнің көз алдынан өтіп отырады. “Атамекен” хабарындағы
Қ.Игісіновтің студияда әңгімелеу өнері, кейіпкер бейнесін ашу шеберлігінен
кең тынысты, эпикалық серпілісті, С. Оразалиновтың хабарында адамда болуға
тиісті табиғи сезімдер, үміт, арман, күйіну, сүйіну, ризалық, өкінішті,
Б.Омаров жүргізген “Жеті күн”, “Бетпе - беттегі” тереңдік пен болмысқа,
өмір құбылысына көзқарастағы жүйелі тұтастықпен, өмір иірімдерінің қоғамдық-
әлеуметтік мәнін аша білгендігіне жан-жақты талдау жасалынды.
Қазақ тележурналистикасының даму жолындағы негізгі бағыттарды экандағы
бағдарламалардың түрлік және мазмұндық үндестігімен тамырластыра отырып
саралауға ден қойдық. Олар: әлеуметтік-саяси, көркемдік-танымдық, ойшылдық-
поэтикалық, талдау-проблемалық, танымдық бағыттар ретінде қарастырылды.
Телепублицистиканың экрандық ерекшеліктері, тақырыптық- мазмұндық сипаты,
көркемдік-идеялық мән-маңызы С. Масғұтов, С.ОРазалинов, Қ. Игісінов, Қ.
Қорғанов, Ғ. Шалахметов, С.Әшімбаев, Н.Иманғалиұлы, С. Байхонов, М.
Ерғалиев, Ж. Ерман, Б. Омаров, Б. Құсанбек, Ғ. Боқаш т.б.
телепублицистердің бағдарламалары арқылы талданып, сараланады.
Теледидардағы алуан жанрлардағы ақпараттарда телепублицистика сарыны
мен пайымды талдау да, телекөрерменнің жеке пікірлері мен өрнекті ойлары
да, жұртшылықтың белгілі бір құбылысқа өзіндік көзқарасы да қатарласа
жүріп, өзектесе өрбиді. Бірмізгілде телепублицист өзі көтеріп отырған
мәселеге көрерменнің назарын аударып, оларды ой-толғақ әрекетіне
қатарластыра алып шығады. Мәселен, “Алтыбақан” хабары – таза, бабиғи,
ұлттық бояуы қанық, реңі қою, халық табиғатына жақын, ауыл тұрғындарының
салт-дәстүр аясындағы өнерін дамытуға арналса, “Кездесуде” жазушының
шығармашылық өмірін жолын аудиториямен әңгімелесу арқылы таныстыру, ал
“Сұхбатта” қаламгердің шығармашылық зертханасын ашу, өмірлік ұстанымын
айқындау, азаматтық болмысын танып-білуге тележүргізушілердің бағыт
ұстанғандығын байқауға болады. Әсіресе, жан әлемін құпиялап ұстайтын
жазушылардан сыр тартып, өзектесе ой өрбітіп, қалтарыстағы көзге көп шалына
бермейтін асылдарын көпшілікке жайып салатын тележүргізушінің
шеберліктерінтеледидардағы жаңаша ізденіс, тың үлгі деп бағалауға болады.
Экрандағы телеваторлар мен шығармашылық және техникалық топтың әрбірі
теледидар табиғатын ескере отырып, өздерінің біліктілігі мен парасат-
пайымының деңгейінен көрермендеріне үлгі-өнеге тұтар ғибратты шынайы көркем
туынды ұсынуға ұмтылыс танытқан. Сондықтан олардың шығармашылық ерекшелігін
мына бағыттардан қарастыруға болады. Біріншіден, теледидар сценарийіне
айқын, анық айтылатын, жарқын, жарасымды сезілетін, ауызекі сөйлеуде
әлеуметтік мәні басым, толғақты әрі толымды ой қосылып, өмірдегі азаматтық
мұрат бейнелі, отты, қуатты сөздермен айшықталды. Екіншіден, ағартушылық-
тәрбиелілік, рухани-мәдени бағыттағы хабардың тақырыптық өрісі кеңейді,
кейіпкердің алғырлығы мен сезімталдығы ұшқырланып, телеэкрандағы
жүргізушінің сұрағы мен қонақ жауабынан үйлесімділіктің тұтас бейнесін
байқауға болады. Үшіншіден, теледидардың тіл байлығына жаңа тіркестер мен
ұғымдар қосылды. Өйткен, ой мен ұғымды білдіретін сөз іздеу, сөздің жігін
білдірмей қалау шеберлігін игеру қажеттілігі туды. Төртіншіден, теледидар
хабарларынан сан алуан құбылыс, түрлі суреттерді, кескін мен көңіл-күйдің
терең түкпіріндегі сезімдер, алуын, өршіл мәнездерді байқауға болады.
Уақыт өткен сайын теледидар халықтың көзі мен тілі, ћәм құлағы болып
елмен бірге өзгеруде. Әр жылдары, әдебиет, әдет-ғұрып, салт-сана және өзге
де бағыттағы жаңа мазмұндық телебағдарламалар өмірге келді. “Алтыбақан”,
“Көкпар”, “Тайбурыл”, “Бойтұмар”, “Терме”, “Үкілі домбыра” т.б.
телебағдарламалардың әрбірінен ұлттық әдет-ғұрып, салт-санаға қатысты
халықтық дәстүрлердің нышанын айқын аңғарамыз.
ХХ ғасырдың орта тұсынан бергі жер шарында бір халықтың басқа ұлт
туралы түсінігі кино және телеэкран арқылы қалыптасатыны аңғарылды.
Сондықтан телеэкран ауқымының шексіз, көрерменнің сан алуан және онда
шекара жоқ екендігін ескере отырып, эфирдегі әрбір телехабардың өзегінен
тағылымды әрі танымды тұстарын іздеп, оларды кезең талабына сай
қарастырдық.
Автордың ізденісі мен ақыл-ойынан, режиссердің өзіндік қолтаңбасы мен
оператордың қырағы көзінен экранға шектелген дүние ғұырының қысқалығын мына
жайлардың астарынан іздеуге болады. Біріншіден, басшылықтағы жиі-жиі ауыс-
түйіс. Басшы не журналист болсын, экранға өз ойы, өз пікірі, өз жобасымен
келді. Демек, бұрын көрерменге көзтаныс, эфирге сіңісті бола бастаған
көркем дүние көрерменімен қош айтысады. Бұған Ш. Мұртаза кезінде
“Таңшолпан”, “Шарайна”, “Тайбурыл”, “Жігіттің сұлтаны”, “Қыз сыны” т.б.
телебағдарламалар дәлел. Екіншіден, уақыт ағымының өзі заман тынысына орай,
аудиторияға жаңа түр, соны пішіндегі хабарлар легін әкелді, не оны уақыттың
сұранысы тудырады. Сондықтан бағдарлама легінің өзгеріп, түрленіп, сипатын,
түрін өзгертіп отыруы заңдылық. Үшіншіден, бүгінде шетел арналарының түрлі
бағыттағы бағдарламаларының көптігі. Олардың техникалық мүмкіндіктері,
жүргізушінің аудиторияны меңгеруі, көтерген тақырыбының өзектілігі,
көрерменнің хабармен бүтіндікке айналуы секілді сипаттардың бағдарлама
өзегінен көрініс табуы. Осы орайда: “Бүгін ұлттық сана жетілмей тұрып, ар-
намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат өзгелердің көсегесі түгіл, өзінің
көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс тұл”,-деген
Президент сөзі орынды.
Теледидар арнасы: танымдық-тәрбиелілік әрі көркем хабралрдың үлес
салмағы көбейтуі, халықтық салт-дәстүр, ұлттық қасиеттер, көнекөз
жәдігерлерімізді насихаттау арқылы бабалар дәстүрінен алыстап бара жатқан
ұрпақ тәрбиесін қолға алуы, ұлттық ойындарды телеарнаның ерекшелігіне сай
жаңа мазмұнда өрістетуі, ұлттық тарихын, мұрат-мүддесін толыққанды
жеткізетін хабарлар жасауды басышылққа алғандары жөн.
2.2 Телепублицист стилі мен кейіпкер әлемін ашу ұстанымдары
Адам мен қоғамдық болмыс, саяси мүдде мен қоршаған табиғи орта
арасындағы әлеуметтік-экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуын
телебағдарламаларға талдау жасай отырып, қарастырылған.
Телешығармашылық қай кезеңде де журналсит өмірінің бір бөлшегі.
Сондықтан, журналистен талап етілетін жиынтықтар біріншіден, дерек қай
шығарманың болсын арқа сүйейтін, сілтеме жасайтын негізгі нысаны болып
табылады. Екіншіден, журналистің туындысы қоғамдағы мәселеге қатысты
жазылып, оған талдау жасалынады. Үшіншіден, оқырман-тыңдарман-көрермен БАҚ-
тан сөз бен істің бірлігін іздей отырып, журналистің шығармасынан шыншыл
сезімді табуға талпынады. Төртіншіден, материалға жан-жақты әрі байыпты
талдау, бірліктердің тұтастығы, сезімге ой тастайтын, ойландыратын пікірлер
жиынтығы да керек. Тележурналист пайымы арқылы өмірге келген туындыда осы
мәселелр бір-бірімен байланысса, шығарма арқауы ширап, көрініс жанданып,
экран сырбаздана түседі.
Қ.Қорғановтың “Үш бәйтерек” телеповесі арқылы айтары бар, ойлы,
танымды тұлғалар экранға шықты. “Ақ тарының” атасы Ш. Берсиев, “ақ
күріштің” академигі Ы. Жақаев, “төрт түліктің” бірлігі Ж. Қуанышбаев
кейіпкерлері болған экран туындысы жасанды тартыстардан, жасық ойлардан
арылып, бүгінгі әлемдік өркениет додасына ой қосуға ұмтылған жаңа заман
кейіпкерлерінің жан-дүниесін аршып көрсетуге ұмтылыс танытқан. Себебі
көрермен журналистердің сезімі арқылы терең ойларға, биік мұраттарға бой
ұрады, әрі жүргізуші хабардың өн бойында көрермендерін эстетикалқы
ұстанымдарға жетелейді.
Тележурналист халықтық идеалға, озық идеяға бой ұрған сайын, оның
даралығы айқындала түседі. Сондықтан тележурналистердің сценарийде тың
идеялар мен терей ойлары, шынай ысезімдері қозғап, көркемдіктің кестесін
өркендетуі қандай дәрежеде деген сұрақтың жауаптары нақтыланды.
Телеэкрандағы жинақылық-нақтылық-ықшамдылық әдістері саралана,
жүргізушідегі интеллектуалдық ағымдылық пен жинақылық, тақырыптағы
мағыналылық, логикадағы қисындылық бірлікте тлданылды. Бүгінгі көгілдір
экран айнасы өркениетті хабарлармен толтыру, жас ұрпақты жоғары эстетикалық
рухани нәрмен қоректендіру үшін тынымсыз ізденіс, шығармашлықы өсу
міндеттерін игеру, тың әдістер табу, хабардың жеделдігін, шыншылдығын
арттыру, журналист, дикторлардың ой-өрісін дамыту, дарынды, кәсіпқой
тұлғаларды шебер іріктей білу-экран шарты екендігі сарапталды.
Теледидар аудиториясын зерттеу әдістері мен талдау тәсілі,
тележурналистер алдында үш мәселенің тұрғандығын айқындап отыр: а)
тележурналистердің өз аудиторияларын қалыптастыруға бағыт ұстанып, оны
қамту аймағын айқындау жолында кең көлемді жұмыс жүргізулері; ә)
редакциялық ұжым көрермендер мен журналистер арасында сенімділік орнатулары
үшін, аудиториямен жүргізетін жұмысының келешек бағдарламасын түзуі; б)
әлеуметтік-психологиялық мінездемеден шығатын, аудиториямен арадағы қатынас
тілін жетілдірулері. Осының бәрі тележурналистің экрандағы даралық қырларын
айқындау барысында басшылыққа алатын жәйттер екендігі нақтыланды.
Тележурналистер сценарийе түр мен мазмұнның ұлттық бояуға қанықтығына;
халықтың көркем тілінің шұбарланбауына; өмірімізге кіріккен әлем, орыс
тілінің үлгілерінен жаңа сөз, жаңаша сөйлем құрылыстарын енгізуге; эфирдегі
сөйлеу мен сұхбаттасу кезінде образ, әрі бейнелілік көріністің аясында
қабысушылық болуын: теледидар тілінің айқын, қысқа, нұсқа әрі көрерменге
ұғынықты, қарапайым, сұл, сыршыл болуын; телетілдің адамның көңіл-күйін
бейнелеу, табиғат көріністерін суреттеу әдісіне соныдан жол салуы,
аудитория қалауына лайықтап дамытуы сараланды.
Көптеген хабарлардың бойынан табылатын кемшіліктерге жалпылама
сипаттама берілді. Олар: көтерген тақырыптары, жинаған деректері, қозғалған
мәселелрің ішкі қыр-сырын ашып көрсету және талдау жағынан мүлде таяз
болуы. Алай “Хабар” агенттігіндегі “Бизнес-хабар”, “Іске сәт”, “Жаңа
экономикалық саясат”, “Тілашар”, “Жетпіс жеті күн”, “Қазақстан – ХХ
ғасырдық хроникасы”, “Азамат” секілді бағдарламалардың аудитоияға тың, жаңа
идеялар бергендігін сценарийлердің мазмұндық-көркемдік сипатын саралағанда
көз жеткізуге болады.
Тәуелсіздік көгіндегі он бес жылдың сілеміндегі ғажайып құбылыстар
тұр. Уақыт хабаршылары жаңалықтан жақсы істерді, құбылыстардан заманының
жаңаша өзгерістерінен көре отырып, оны көрермендерге тың тәсілдермен,
өзгеше түр-пішіндермен жеткізу жолдарына батыл барлау жасауда деп ой түйуге
болады.
Зерттеуде кейіпкер бейнесін, ішкі иірімдерін, білімін, адамгершілігін,
парасатын, біліктілігін айқындайтын өлшемдердің бірі – оның әлеуметтік-
психологиялық бейімделуі екендігі айқындалды. Кейіпкердің әлеуметтік-
психологиялық жайларын зерттей келе, психологиялық талдау кейіпкер
психологиясын бейнелеудің аналитикалық, динамикалық принциптері арқылы
жүзеге асатындығына көз жеткізуге боалды. “Көркемдік-эстетикалық принцип
ретінде психологизм суреткер назарын кейіпкер дүниетанымы, сезім
сарайындағы кейбір процестер ғана көгендемеуін, объективті құбылыстар,
сыртқы орта, материалдық тіркестердің органикалқы тұтастығы бұзылмауын
талап етеді”,-дейді Б. Майтанов. Сценарийде алдымен әлеуметік психологиялық
талдау өрнектері көрінуі тиіс. Телепублицист - өмірдегі нақтылы оқиғаны,
адмадардың іс - әрекеттерін экранның көркемдеуші-бейнелеуші құралдар
көмегімен жымдатыра отырып, аудиторияға ұсынады.
Экрандағы кейіпкердің ойшылдыққа, әлеуметтік жітілікке, рухани
сергектікке, сырбаздық талғампаздыққа, зерделік тереңдікке ден қоюы-қазіргі
қазақ тележурналистикасының парасатын, ұнамды қырларын көрсететін негізгі
белгілері. Себебі дәуір ақиқаты қоғамдық, әлеуметтік салт-санада кейіпкер
мінезінен, олардың өмір түсінігінен, әдет-ғұрып, психологиялық жақтарынан
аңғарылады. Тарихи кезең, қоғамдағы жаңару, сілкініс, бір қоғамдық жүйенің
екінші жүйеменауысуы БАҚ-қа түбегейлі өзгерістер әкелді. Әр кзең өз
жаңашылдығын туғызады, тың өзгеріс әкеледі, олар баийды, толығады.
Н. Иманғалиұлының “Ой-көкпар” танымдық, Б.Омаровтың “Жеті күн”,
сараптама талдау, Б.Құсанбектің ой-толғау “Ақиқат ауылы”, С. Әбединованың
“Ақжүніс” теле-думаны, Ғ. Боқаштың “Мезгіл” сраптауы, Ш. Тұрсынжанның
“Қазақтың жаны” моноспекаклінің әрбірінің экранда көрерменге айтар ойлары
бар, айшықты дүниелер. Олардан қазақы рухы, оның психологиясы, жан дүниесі
айқын аңғарылады. Сондықтан аталған тележурналистер хабарларының астары мен
идеясында отансүйгіштік, гуманистік тәрбие сияқты маңызды мәселелер
қамтылғандығын айтуға болады.
Уақыт, кезең бағдарламасын тудырады. Мәселен, өткен ғасырдың 60-90
жылдары экрандағы кейіпкердің ішкі дүниесін өндірістегі технология
мәселелеріне тәуелді ету олардың ой-өрісін тарылтып, оқиға қуалауға
соқтыоырып, рухани болмысын бұзса, бүгінде теледидардағы кейіпкердің сан
қатпарлы ішкі сезімдер әлемін ашуда сценарий авторының білігі мен жүргізуші
кәсібилігінің саннан сапалық көркемдікке айналып келе жатқаны деректермен
дәйектелген.
2.3 Телевизиялық публицистика жанрлары мен пішіндерінің эволюциясы
Тележурналситика жанрлары мен пішіндері газет пен радиода орныққан,
кезеңдер бойында сыннан өткен жанрлар негізінде дамып, орнықты. Газет
жанрлары радионың өзгешелігіне сәйкестеніп, келе-келе радиоэфирге сіңісті.
Радио ағашында радиогазет үлігісінде дамыса, телеэкран спецификасына
тележурнал ыңғайлы болды. Сөйтіп, тележурналстика жанры тележурнал
қойнауынан бастау алып, дамыды. Зерттеуде баспасөз бен кино, радио мен
телевизия жанрларының арасындағы әлеуметтік-саяси, танымдық-тәрбиелілік
функцияларының бір-біріне жақын екендігі ғылыми дәлелденді. Дегенмен,
тележанрларды зерттегенде сюжеттің өн бойындағы көріністі мәнерлеуші
құралдардың бейнені саналуан пішінге құбылтатын ерекшелігіне айрықша назар
аударылды.
Жанр – тарихи категория. Ол әр дәуірде түрлі өзгерістерге ұшырап
отырады. Жанрдың тұрақты белгілері әр дәуірге сәйкес өзгеріп, көптеген
қосымша сипат қабылдайды. Бірақ, сол сипат аса маңызды деп танылмайды,
сондықтан шығарманы белгілі бір жанрға саралауда оның айтарлықтай әсері
болмайды. Бір сюжеттің негізінде түрлі жанрға жататын бағдарламаның
жасалуына дәлел ретінде С.Оразалиновтың Сқхбат хабарын атауға болады. Ол
әдебиет әлеміндегі сирек тұлғалардың фильм – портреті түрінде берілсе де,
онда сұхбат, әңгіме, сөз, очерк белгілері кездеседі. Әр жанр өзінің
композициялық және көркемдік әдісімен фильм-портретті өзінше бедерлейді.
Осының бәрінде сұхбат жанры үстем бола отырып, бірде ол портреттік очерк
түрінде баяндалса, енді бірде деталь, эпизоттармен толығып, әңгіме жанрында
баяндалған. Демек, әр жанр хабарды өзіндік әдіспен өзге жанрларға
айналдырған деп түйіндеуге болады.
Жанрдың эволюциясын жүйелеу де кезең, уақытпен үндес келіп отырады.
Ғалым В. Ученова Жанрлардың арасындағыбаю, өзгеру үрдісі 70-нші жылдардың
орта шенінен басталады,-дейді. В. Ученова жанрлардың диффузиялануын
олардың бір-бірін байытуы әрі адамдардың өзін қоршаған ортамен
байланысындағы қатынастың күрделене түсуімен бірлікте қарастырады. Адам
санасындағы үздіксіз өзгеріс те жанр элементінің публицистика мәтініндегі
ішкі сипатына өзінің әсерін тигізеді. Оған дәлел-есеп, сұхбат,
корреспонденция, репортаж ақпараттық талдау аймағынан шыұуға ұмтылыс
танытса, жрналистік зерттеу, пресс-релиз, әңгіме, болжау бүгінде жанрлар
құрамында бірлікте қарастырылып келеді.
Зерттеуші Б. Чесноков эфирдегі хабарларда газет жанрларының түгелдей
кездесетіндігін айқындап, Теледидардағы рецензия, аннотация, сыни-
библиографиялық шолулар газетке тән, олар теледидарға жасанды түрде
кіріккен жанрлар болып табылады...Осы тектес жанрларды баспасөзге қалдырған
орынды,-дейді. Осы ретте газет, радио және теледидардағы жанрларды
салыстыра зерттеген профессор М. Барманқұлов Теледидарда жаңалықтар
редакциясының қызметкерлерін ақпаратты-диктор, ЖТС, фото әлде синхронды
кинопленка не бейнемагнитті жазба әлде студияға шақырылған адманың сөйлеген
сөзін, әдіс – тәсілдердің қай түрімен беру қажет деген мәселе
толғандырады. Осының әрбірінің өзіне тән пішіндік қана емес, әрі мазмұндық
жағынан да айтарлықтай ерекшеліктері бар, - дейді. Сондықтан телевизияның
орасан зор мүмкіндігі режиссер мен продюссерде шағын сюжет не хабарда
жанрлар мен пішіндердің алуан түрін паайдалану құралдарының мол екендігі
пайымджалды.
... Жанр дегеніміз – дамып отыратын түсінік. Кешегі жанр бүгінгіден
басқаша болып еді, ал ертеңгі күнгі оның сұлбасы тағы да өзгеше көрінуі
мүмкін, - дейді М. Барманқұлов. Публицистиканың түрлік келбетінің үнемі
өзгерісте болатынына осы пікір дәлел. Материалды даярлау кезінде әрекеттегі
көріністі көрермен кө алдына келтіру үшін журналист сан алуан әдіс-
тәсілдерді пайдаланады. Олар: рациональды-теоретикалық, көркем-
публицистикалық әлде түсінік пен бейненің бірлігі болып табылады. Осы
өзгерісті алуан жанрдың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz