Қазақстанды барынша жігерлі түрде қалыптастыру
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2030 СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1.1 Ұлттық қауіпсіздік
1.2 Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы
2 ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ,
БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ
2.1 Шетел инвестицияларының деңгейі. Дамыған нарықтық экономикаға
негізделген экономикалық өсу
2.2 Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты
3 ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Біздің еліміз мен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай
ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру қажет:
-Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып,
Қазақстанньщ тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
-Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанға бүгін және
алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта
беру.
-Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардық деңгейі жоғары ашық
нарықтық экономикаға негізделген ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ. Экономикалық өрлеудің
нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.
-Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Барлық
қазақстандықтардын, өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен
мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
-Энергетика ресурстары. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды
қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін
табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық
ресурстарын тиімді пайдалану.
-Инфрақұрылым, көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық
қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге
жәрдемдесетіндей етіп дамыту.
-Кәсіби мемлекет. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол
жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік
қызметшілерінін, ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін біз бір жылдық, үш, ал
кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленген нақты іс-қимылдарға күш-
жігерімізді жұмылдыра отырып, біз стратегиямызды талдап жасауға және оны
дәйекті түрде іске асыруға тиіспіз.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен біздін, азаматтарымыздың
күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздін, бюджеті мен кадр
саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.
Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді.
Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла
қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін
дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға
соққан жоқ.
Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де
экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары
деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын
білдік.
Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бірліктің
өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен
лайықты бағасын алды.
Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің
бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.
Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз
жетістіктерімен таң қалдырды.
Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды.
Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи
оқиғамен бастадық.
Президенттің басты мақсаты– еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық
өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Бүгінгі Жолдауым
осыған арналған. “Қазақстан-2030” Стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы
онжылдыққа бағдарлама жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат – осы
Стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау.

1.1Ұлттық қауіпсіздік
Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса,
онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз.
Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып
қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және
қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін
үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды
геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре
байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.
Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық
қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және
мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз
түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де
бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Бұл
тыныштық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның
экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның
негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.
Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз
күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-
қатынаста болуға тиіспіз. Сондықтан ең жақын және тарихи достас көршіміз
Ресеймен арадағы сенім мен теңқұқылы қарым-қатынасымызды дамытып, нығайта
береміз. ҚХР-мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік
қатынастарымызды жалғастырамыз. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы,
көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды.
Біз Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарымыз бен интеграциялық
процестерді күшейте береміз.
Таяу және Орта Шығыс елдерімен де қарым-қатынастарымыз тиісті деңгейде
нығая береді.
Біздің стратегиямыздың екінші құраласы — Америка Құрама Штаттарын қоса
алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын
күшейту. Бұл елдер және гүлденген Қазақстанды құрудың өздерінің ұлттық
мүдделеріне сай келетінін ұғына бастады.
Үшіншіден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық,
Еуропалык, және Ислам даму банктері сияқты халықаралық институттар мен
форумдардың көмегі мен қолдауын барынша пайдаланамыз, бұл Қазақстанға
халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Біздің стратегиямыздың төртінші элементі — еліміздің ұлттық егемендігі
мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола алатын бай табиғи
ресурстарды игеру.
Бесіншіден — біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі
мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Халық пен мемлекет
арасындағы бұрынғы тығыз байланыс едәуір босаңсып кетті, ал жеке мен
мемлекеттік мүдде арасындағы жаңа байланыс әлі қалыптаса қойған жоқ.
Бақытымызға орай, бұқаралық санада адамдар мен мемлекет мүдделерінің
ортақтығын түсіну пісіп-жетіліп келеді. Адамдардың тұрмысының жақсаруына
орай ол сезімнің нығая беретініне күмәнім жоқ. Бұл әр азаматтың жақсы
тұрмысының өзі ол тұрып жатқан мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне
байланысты екені сияқты, бір қарағанға, қарапайым ақиқатты пайымдауды
жеделдетеді.
Біздің ұжымдық қауіпсіздігіміз қамтамасыз етілгенде әрбір адам өзінің
жеке мүдделері ғана қамтамасыз етіліп, ал қоғам қауіпсіздігі қыл ұшында
тұрғандағыға қарағанда әлдеқайда көп нәрсе ұтады. Егер еліне қауіп төніп
тұрса, жеке адам қаншалықты сәтті өмір сүргенімен, ол бәрібір қорғансыздың
күнін кешеді. Қоғамдық мүдденің жекеменшік мүддеден басым екенін көрсете
отырып, мұны әсіресе біздің ұлттық капиталымыздың өкілдері терең пайымдауға
тиіс.
Бізге деген ниеті теріс күш иесі өзінің, оны қолданбақ әрекетіне
немесе қатер төндіруіне қарсылық көрсетілетінін алдын ала білуі үшін біз
әлемге бірлігіміз бен тәуелсіздікке деген ерік-жігерімізді, азаматтығымыз
бен отансүйгіштігімізді паш етуте тиіспіз. Айқын азаматтық тұғырымыз
болмайынша, стратегияның тәуелсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған басқа
элементтерін ойдағыдай іске асыру өте қиынға түседі.
Қорғаныс саясатымызға келетін болсақ, біздің бейбітшілік сүйгіш халық
екеніміз және ешкімнің жеріне, ресурстарына, байлығына көз тікпейтініміз
баршаға аян болуға тиіс. Жеріміз де, мол қазынамыз да өзімізде жеткілікті,
ал дәулетті өз еңбегімізбен еселей береміз.
Біздің дәуірімізде, әлемнің әскери егестен алыстауына орай
бәсекелестік әскери саладан саяси және экономикалық салаға ойыса бастады.
Біз бұл үрдістің бел алатынына сенеміз және бейбітшілік орнап, тату
көршіліктің қалыптасуына бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Сонымен қатар, біз
Қазақстанның өзінің экономикалық дамуына орай, дуниежүзілік экономикаға
дәйекті енуі елді әскери-саяси, экономикалық және конфессионалдық сипаттағы
әр түрлі аймақтық қақтығыстардың тосын иірімдеріне тартып әкетуі мүмкін
екенін де түсінуге тиіспіз.
Міне, сондықтан да қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысында сөзсіз
басымдық біздің сыртқы саяси қызметімізге және Қазақстанның өз
көршілерімен, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерімен өзара тиімді қарым-
қатынасының берік тұғырын қалыптастыруга беріледі.
Бүгін, жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенінің өзінде, Екінші дүниежүзілік
соғыс пен қырғи қабақ соғыстан алынған сабақтан кейін де, әлемнің блоктар
мен одақтарға бөліну қаупі жойылған жоқ. Бірақ бұл жол Қазақстан үшін
қолайлы емес, біздің бес элементтен тұратын стратегиямыз осыған келіп
саяды. Еліміздің этникалық құрамы соншама алуан түрлі болып келеді, біздіқ
мүдделеріміз де өте маңызды, ал келешегіміз де өте зор, сондықтан да біз
қандай да бір елмен арадағы қарым-қатынасқа тәуелді болып қалуға немесе
соған ғана иек артуға жол бере алмаймыз.
Қазақстан халқы мен Қазақстан Үкіметі бар күш-жігерді ірі ұлтаралық
капитал үшін төзімді және оңтайлы экономикалык, өріс құруға жұмсауға,
елімізге ұзақ мерзімді инвестициялар тарту үшін „ықыласты рай" туғызуды
көтермелеуге тиіс. Біз қандай да бір тайталасты әскери жолмен шешуге
барынша қарсы тұрып, „жақсы араздықтан жаман татулық жақсы" дейтін қағиданы
уағыздауға тиіспіз. Жақын және алыс болашақтағы ұлттық мүдделерді қорғау
мен күштердің тендестігін қамтамасыз етудегі біздің мықты құралымыз,
ынтымақтасу саясаты ең алдымен Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан
арасындағы Орталық Азия Одагын нығайтып дамыту, басқа мемлекеттердің ісіне
араласпау, қарсы тұрудан гөрі татулық ахуалын басым ұстау саясаты болуға
тиіс.
Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнін, ұғынғанына зор сенім
артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердін, уәдесіне сеніп қана
қоймай, өз елініқ қуатына да сүйенетінін
Сондықтан Қарулы Күштеріміздің құрылысы мен жаңартылуына, олардың
кәсіби даярлығы мен жауынгерлік әзірлігінің деңгейіне және оларды қарудың
осы заманғы құралдарымен жарақтандыруға зор басымдық берілетіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасының қазіргі кезге сай әрі тиімді армиясын,
әскери әуе және әскери теңіз күштерін құру үшін бізге материалдық бөлімді,
жеке құрамды және оны оқыту жөніндегі жұмысты нығайту керек. Мұның өзі
Қарулы Күштерге бөлінген және бұдан былай да бөлінетін бюджет қаражатын
үнемді және тиімді жұмсауды тұрақты түрде талап етеді. Бұған қоса аймақтық
қорғаныс жүгін бөлісу үшін еліміз өз көршілерімен ынтымақтасатын болады.
Қауіпсіздік пен тұтастық мәселелерінде біз үнемі қырағы болуға
тиіспіз. Біздің көрсетіп отырған және болашақта да көрсете беретін
ізеттілігіміз бен меймандостығымыз тіпті де аңқаулық пен кіріптарлықтың
көрінісі емес.
Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және
көші-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз
бұған бүрынғысынша немқұрайдылықпен қарайтын болса, онда біз XXI ғасырдың
қарсаңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана
емес, табиғи жолмен кеми беретін „демографиялық оппа" жағдайына тап
боламыз. Бүл тенденция дереу тоқтатылуға тиіс.
2010 жылға қарай:
- Қазақстанның төңірегінде қалыптасып келе жатқан стратегиялық тепе-
теңдікті еліміздің геосаяси тұрғыдағы ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетін
тұрақтылықты мемлекеттің сыртқы саяси институттары арқылы көтермелеу.
- Біз Ресеймен және Қытаймен, Орталық Азия дағы көршілерімізбен, ислам
мемлекеттерімен және Батыспен қарым-қатынастарымызды нығайтуда едәуір алға
жылжитын боламыз.
- Каспий шельфі мен Қарашығанақ кен орындарын игеруге АҚШ-тың,
Ресейдің, Қытайдың, Ұлыбританияның және басқа ілгері мемлекеттердің ірі
компаниялары мен капиталы тартылды, ол алдыңғы қатарлы державалардың біздің
еліміздің тәуелсіздігіне деген мүдделілігін күшейтеді. Ал мұның өзі әлемдік
рынокқа отын шығарып тұрудың тұрлаулылығын қамтамасыз етеді.
- Сыртқы саяси және барлау органдарыньщ күш-жігері мемлекетіміздің
тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуге жүмылдырылады.
- Қазақстанның әскери доктринасы әзірленеді, ол қалыптасқан жағдайға
қарай әлсін-әлі дәлденіп тұратын болады.
- Демографиялық стратегияны іске асыру қаражаттың жетіспеуі себепті
негізінен оның жоғарыда аталған шығасысыз элементтерінен басталады.
Дегенмен Үкімет балаларды және көп балалы аналарды қолдауға арналған
жәрдемақыларды одан әрі төлеп тұратын болады.

Тату көршілік бірінші кезектегі міндет, алайда елді ішкі алауыздық
жайласа, ол шешілмейді. Егер әр түрлі топтар оларды қандай мүдделердің —
саяси, идеология, діни, этникалық немесе таптық мүдделердің біріктіретініне
қарамастан, қарама-қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игілікке қол
жеткізу мен өзінің ұлттық мүдделерін іске асыру мақсатынан жаңылыстыратын
қауіпті жағдайға әкеп соғады. Бұл жерде әңгіме тікелей қарсыластық немесе
соғыс жағдайы туралы да болып отырған жоқ. Солтүстік Ирландия, бүрынғы
Югославия, Перу, Ауғанстан, Камбоджа мен Руанда және басқа да елдер ешбір
өркениеттің, ешбір мәдениеттің алауыздықтың ауыр салдарынан
сақтандырылмағанын дәлелдеп отыр.
Қоғамның негізі болып табылатын бұл басымдықты жүзеге асырудағы біздің
стратегиямыздың мынадай құрамдас бөліктері бар:
- еліміздің барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне
негізделген біріңғай азаматтығымызды дамытатынымызға кепілдік беру;
- этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуын, барлық этникалық
топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету;
- қоғамымыздағы дәулеттілер мен жарлылардың арасындағы айырмашылықты
азайту және ауыл проблемасына үнемі ерекше көңіл бөлу;
- өтпелі және кейінгі кезеңдерде пайда болатын әлеуметтік
проблемаларды ұдайы шешіп отыру;
- ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның топтасуын да
қамтамасыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі түрде қалыптастыру;
- адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардын,
барлық нысандарын дамыту;
- әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен
сенімді қарым-қатынастарды нығайту. Бүгін „Біздер — қазақстандықтар
кімдерміз?" деген сырттай қарағанда қарапайым сауалға кез келген адам
бірден жауап бере алмайды. Өзін-өзі бірегейлендіру проблемасын шешу үшін
уақыт пен белгілі бір тарихи даму кезеңі қажет болады.
Коммунистік режим 70 жылдан астам уақытта бірыңғай кеңес халқын ақыры
қалыптастыра алмады. Отарлықтан шыққан көп ұлтты елдердің көпшілігі ондаған
жылдар өткеннен кейін де бұл процесті аяқтай алмады. Бізде де бұл сезім
қалыптасып, орныққанға дейін бірнеше ондаған жылдар өтеді.
Бірақ қазірдің өзінде бізді біріктіретін бірқатар факторлар бар. Бұл —
өз шекарамыздың шегіндегі жеріміз, оны көркейткен ата-аналарымыз,
сәтсіздіктердін, ауыртпалығын бірге көтеріп, жетістіктеріміздің қуанышын
бірге бөліскен ортақ тарихымыз. Бұл — келешекте осы жерде бірге тұрып,
бірге жұмыс істейтін біздің балаларымыз. Сондықтан біздің әрқайсымызды өз
ата-анамыздың алдындағы борышымызды ұғыну мен балаларымыздың өмірін одан
әрі жақсарта түсуге деген ұмтылысымыз біріктіреді. Бүгінгі таңда осы айқын
мақсаттар бірлік пен топтасу үшін нақты тұғыр болып табылады.
Тәуелсіздік пен реформалардың алғашқы жылдарында біз коммунистік-
ұжымдық негіздерден жекеше-дарашылдыққа қарай ыға бастадық. Жекеменшік
дарашылдықтың жедел дамуы құндылықтар бағдарын ауыстыруға ғана көмектесіп
қоймай, этникааралық қарама-қайшылықтардың терең тамырларын қиып, олардың
әлеуетін кемітуге де ықпал етті.
Алайда шовинизм мен ұлтшылдық әлі толық ұмытыла қойған жоқ. Мүндай
процестерді қыздыра тусу әрекеттері халықтың көпшілігін қызықтырмайды,
керісінше олардың наразылығын тудырады. Русофобия күрт кеміп, қазақ
дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеу үдерісі табиғи құбылыс деп қабылданатын
болды. Қоғам этникалық проблемаларды бұрынғы жылдарға қарағанда анағұрлым
байыппен, сындарлы және ашық талқылайтын болды.
Біздің нарыққа қарай басқан космополиттік және интернационалдық
қадамымыз этникааралық қарама-қайшылықтарды әлсіретіп, зор қызмет атқарып
отыр. Еркін нарық та мемлекеттің бара-бар рөлінсіз кіршіксіз емес, ол
маятник сияқты құндылықтардың бір жүйесінен екінші жүйесіне ауысу
жылдамдығын алғаннан кейін бізге қажет тепе-тендік нүктесінен ендігі аттап
кеткен тәрізді.
Бүгін қарсы тұрудың жаңа полюстері — кедейлер мен байлар арасындағы,
басқарылатындар мен басқарушылар арасындағы, село мен қала арасындағы
қарсылық полюстері ашылды.
Бұл алшақтық жалпы қабылданған шектен тыс деген түсінік қоғамда пісіп-
жетілді. Егер Қазақстан бай адамдардың шағын тобы бар мемлекет болса,
өмірге төзімділіктің төмендеуі мен ішкі-сыртқы тұрақсыздық салдарынан,
жақсы дегенде, әуре-сарсаңға түседі. Біз кедейлер мемлекеті болып көрдік.
Мемлекет ең алдымен орта таптың — фермерлердің, „ақ жаға-көк жағалылардың",
интеллигенцияның, ұсақ буржуазияның мүддесін білдіруге тиіс. Кезінде
большевиктердің осы топтардың барлығына шүйліккені тегін емес. Олар
капитализмнен коммунизмге өту үшін басты соққыны қайда бағыттау керек
екенін білді. Олар капиталистік мемлекеттің тірегіне соққы берді. Бізді
кулактарға, „шірік интеллигенцияға", жұмысшы ақсүйектеріне, ұсақ
саудагерлерге қарсы қалай тәрбиелегенін еске түсірейік. Көпшілігімізде жек
көрушіліктің орнығып қалуы осыдан емес пе екен?
Ішкі саяси тұрақтылық пен даму үш тапқа да: байларға, орташаларға және
кедейлерге сүйенеді. Олардың барлығы да қазірше қоғамда болады, бірақ,
әрине, қалыпты өркениетті арақатынаста болуға тиіс.
Қала мен село арасындағы қарым-қатынаста жіктелу айқын көрінді. Мүнда
жіктелудің терең процесі жүріп жатыр және бұл ретте алшақтық үнемі ұлғая
тусуде. Село таяудағы он жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беру
және әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөлу, инфрақұрылымды
дамыту тұрғысынан басым сала болуға тиіс.
Біз селодағы жұмыс күшінің көптеп босауына, село тұрғындарының қалаға
көшудің ұлғайып, урбанизация процестерінің дамуына әзір болуға тиіспіз.
Село бүгін: жалақы, зейнетақы төлемеу, артта қалушылық, кедейлік пен
жұмыссыздық, әлсіз инфрақұрылым, білім беру мен денсаулық сақтау,
экологиялық апат сынды барлық негізгі әлеуметтік проблемалардын, өзегіне
айналды. Әйтсе де мұнда демографиялық әлеует өте жоғары.
Орталықтан қиындықпен „жиналған" қажетті ресурстар қалаларда қалып
қойып, селоға жетпейді. Мұндай „жайылыңқы" саясатты доғару керек. Қысқа
мерзімде селодағы барлық өзгерістерді аяғына жеткізу керек, олар қуатты
және нысаналы әлеуметтік саясатпен қатар жүргізілуге тиіс.
Мұндағы біздің мақсаттарымыз айқын — біз шаруалар мен село
тұрғындарына өз өмірін көбірек қадағалауға мүмкіндік беруге, сондай-ақ
осындай бақылауды жүзеге асыруы үшін оларды құралдармен қамтамасыз етуге
тиіспіз.
Бұл проблемаларды стратегиялық тұрғыдан, негізінен экономикалық
ілгерілеу арқылы шешуге болады. Мейлінше бай Қазақстан әр адамға барынша
көп мүмкіндік береді. Әлемге әйгілі ұлы басшы айтқандай „судың көбеюі
таяздан барлық кемені көтереді". Біздің стратегиямыз ұлғайып келе жатқан
ұлттық байлықтың бір бөлігін әр адамның алуына мүмкіндік беретіндей болуға
тиіс.
Ал қазіргі өтпелі кезенде адамдардың көпшілігіне оңай болмайды,
Үкіметтің де барлық адамға бірдей көмектесетіндей қаражаты жоқ. Бұл салада
біздің стратегиямыз мемлекеттік көмекті халықтың ең мұқтаж топтарына, тек
соларға ғана тікелей жіберу болып табылады. Бірак, бүгін біз өз
қиындықтарын өзі жеңе алатын адамдардың санын көбейтуге мұқтаж болып
отырмыз.
Балаларымыздың болашағы мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың қандай
болатыны туралы сөз қозғағанда біз өзіміз құратын өркениеттің — біздің
болашақ қоғамымыздың моделін алдын ала білуге тиіспіз. Бүгін тоталитарлық
және либералды қоғам арасындағы дау жойылған кезде либералдық қоғам
моделдерінің өзі әр түрлі болатыны және әр елдің өзіндік ерекшеліктері
болатындығы анықталып отыр.
Негізгі айырмашылық моделдердің екі үлгісінің: ағылшын-саксон және
„азиялық жолбарыстар" көрсеткен азиялық үлгілерінің арасында болып отыр.
Бірқатар бағыттарда ортақ сипаты бола тұра, олардың арасында үлкен
айырмашылықтар байқалады. Бірінші модельге көбіне даралық, екіншісіне —
коммунитаризм тән. Бірінші жағдайда мемлекеттің шектеулі рөлі уағыздалса,
екіншісінде мемлекеттің жоспарлаумен белсенді түрде айналысып, жекеше
сектор мен бүкіл қоғамға жетекшілік етуге тиіс күшейтілген рөлі
уағыздалады. Бірінші модельде көңіл макроэкономикаға, екіншісінде —
микроэкономикаға бөлінеді және т. с. с.
Бұдан бұрын айтып өткенімдей, бұрынғы жылдары алдымызға жедел
өзгерістерді мақсат етіп қойып, белсенді түрде ағылшын-саксон нұсқасы
бойынша жүрдік, бірақ бүгін біз бұдан әрі қай жолмен жүру керек деген
стратегиялық сауалға жауап табуға тиіспіз. Қоғамда бұған қатысты консенсус
жоқ. Қазақстан Еуропаның кішкентай болса да бір бөлігі, тарихи тұрғыдан да
біз Батыс өркениетіне ұмтыламыз дейді біреулер. Біз көбінше азиялық елміз,
сондықтан „жолбарыстардың": Жапонияның, Кореяның тәжірибесін ұстануға
тиіспіз дейді екінші біреулер. Біз Ресейлік менталитет пен ұжымшылдық
принциптерін терең сіңірдік, сондықтан біздің таңдауымыз Ресейдің тандауына
сай болуға тиіс дейді үшіншілер. Төртінші біреулер біздегі халықтың басым
көпшілігі мұсылмандар, сондықтан біз жаңа түркі моделін негізге алуға
тиіспіз деп дауласады.
Ғажабы, бұлардың барлығының айтқаны ақиқат және сонымен бір мезгілде
олардың барлығы қателеседі. Біз — өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік
болашағымыз бар евразиялық елміз. Сондықтан біздің моделіміз басқа ешкімнің
моделіне ұқсамайтын болады. Ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің
жетістіктерін сіңіреді.
Алдымызға екінің бірін таңдап алу керек деген мәселені қоймаймыз. Біз
екеуін де, іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген барлық өркениеттердің
ең соны жетістіктерін пайдаланып, диалектикалы боламыз.
Біздің моделіміз қоғам дамуының әр түрлі модельдерінің түйісуін
бейнелеуге тиіс. Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуеттік-нарықтық
экономика құрудамыз. Бұл — бізге қажеттінің нақ өзі.
іздің моделіміз басқа модельдердің элементтерін сабақтастыра отырып,
бірақ негізінен өзіміздің ерекшеліктерімізге, тарихымызға, жаңа
азаматтығымызға және даму кезеңдерінің нақтылығын еске ала отырып,
ұмтылыстарымызға сүйеніп, өзіміздің жеке даму жолымызды белгілейтін болады.
Экономикалық және әлеуметтік реформалар
2010 жылға қарай:
- Жалақы мен зейнетақы төлемеу деген болмайды — бұл өткен уақыт
құбылысына айналады;
- Қоғамымыздың барынша мұқтаж топтары, соның ішінде 150 мың адам кіші
кредиттердің көмегімен және 3,5 миллионнан аса адам (зейнеткерлерді қоса)
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі арқылы мемлекеттен көмек алады;
- Барлық өнімділігі төмен және шығынмен істейтін зауыттар банкроттық
жосығынан өткізіледі;
- Ұзақ мерзімді басымдықтарымызды қолдауға бағытталған бюджет
реформаларын батыл жүргіземіз, қолымыздағы қаражатымызға қарай өмір сүру
приципін ұстанатын боламыз;
- Қазақстандықтар үшін салық төлеу үйреншікті іске, отаншылдық парызға
айналады;
- Зейнетақы реформасын нысаналы түрде жүргізе беретін боламыз;
- Өз қаржы секторымыздың реформасын тәмамдап, құнды қағаздар нарығын
іске қосамыз.
2 ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ. ҚАЗАҚСТАН
АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ

Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық
экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел
инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол мынадай 10 принциптен тұрады:
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының
шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген
учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.
Орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың
барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға
тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін
құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни,
меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті
реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты
қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім
беруді, денсаулық дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат
жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау
көзделіп отыр.
Бірақ нарық дамымаған, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйенің
қалдықтарына толған жерлерде мемлекет нарықты дамьту мен ол кеңістікті
тазарту үшін араласуға тиіс. Экономиканың өзі тұрақсыз дамудың аралық
кезеңінде тұрғанда, мемлекеттің реттеуші рөлі мен араласуы бара-бар болуға
тиіс.
Жаңа әлемдік экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік
басқарудың тиімділігі мен сапасын едәуір көтеруге, жекеше сектор мен ұлттық
капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін
арттыруға тиіспіз.
Осымен бір мезгілде мемлекеттің өзі еркін экономиканың кепілі болуы
керек. Оның міндеті нарық ережелерін белгілеу, бұл ретте әділ әрі байыпты
іс-қимыл жасай отырып, ол ережелердің орындалуын қамтамасыз ету болып
табылады.
Дамыған рыноктарда мемлекет рөлінің шектеулі болатынына қарап, ол еркі
мен қайратынан айырылып, енжар байқаушыға айналады деген түсінік тумауға
тиіс. Керісінше, ол заңдардың орындалуы үшін өте күштіг конъюнктураның
өзгерістеріне даяр болу үшін құзыретті, әлемдік және отандық рыноктарды
білетін, босаң және шашыраңқы болмау үшін өз жұмысын белсенді жоспарлайтын
болуға тиіс. Ол халықтың әр түрлі топтарының мүдделерін анықтауға, даму
басымдықтарын айқындауға, жекеше сектормен тығыз ынтымақтастықта болуға
және сол арқылы қоғамды біріктіре, беріктете түсуге тиіс.
Ал бүгін мемлекет қажетсіз жерлерде зор әкімшілік билікке ие болып,
керісінше, рөлі жоғары болуға тиісті жерлерде енжар қалып отыр. Алайда
істің мұндай күйі біздін, дамуымызға кедергі болып отырғаны барған сайын
айқын көрініп келеді.
Екінші жағынан алып қарағанда, салықтар мен баждарды толық ала алмай,
жалақы мен зейнетақыны уақытында төлемей отырып, зандар мен жарлықтар
көбінесе орындалмай отырғанда өзімізді күшті мемлекет деп санай аламыз ба?
Осыған байланысты саналы салық төлеушілер мен кәсіпорындардың адал иелері,
сондай-ақ халықтың аз қорғалған жіктері үнемі зиян шегіп отырады. Ал
кәсіпорындардын, оспадарсыз басшылары мен салық төлемейтіндер алшаң басуда.
Бұл проблемаларды шешудің стратегиясы белгілі. Біз:
- Үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен өндіріске әкімгершілік
араласуын жоюға;
- жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорындар мен
агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға;
- орталық Үкіметті және жергілікті өкімет орындарын парасатты
ұйымдастыру мен оңтайландыруға, олардың рөлін, өкілеттігі мен
жауапкершілігін байсалды ой елегінен өткізуге;
- сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыра
түсуге;
- заңның шексіз үстемдігін белгілеуге және занды орындайтын
азаматтарды қылмыстан қорғауға тиіспіз. Бұған керісінше, билік пен заңның
бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану керек.
Соңғы үш жылдың ішінде біздің экономикалық стратегиямыз
макроэкономиканы тұрақтандыру болды, бұл мемлекеттік бюджеттің тапшылығын
қысқарту мен қатал монетарлық және несие саясатын дәйекті жүргізуді
білдіреді. Бүгін біз осы мәселені шешуге бұрынғыдан да жақын тұрмыз. Бірақ
бүгінгі табыстарымыз тоқмейілсуге негіз бола алмайды.
Егер елдегі инфляция шектен асып кетсе, ұлттық валютаның бағамы
экономиканың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz