Жас отбасылардың қатынастарын бұзушы факторлар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1. Отбасын құру және оның проблемалары . . . 5

1. 1 Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу . . . 5

1. 2 Мемлекет тарапынан жас отбасыларына қолдау көрсету . . . 7

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ . . . 10

  1. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері . . . 10

2. 2 Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазіргі деңгейі және динамикасы . . . 15

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ . . . 31

3. 1 Тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің құралдары мен түрлері . . . 31

3. 2 Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалардың орны . . . 37

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 40

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 42

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда экономикамыздағы орын алған қолайсыз жағдайлар кезінде өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды саясаттарды жүзеге асыруда. Бұл саясаттардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы саясат болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан жас отбасының назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.

Жер бетіндегі дамудың тұрағы, тұтқасы, тірегі - адам, адамның қоғамдағы тыңғылықты іс-әрекеттері, сондай-ақ қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты қамтамасыз ететін мемлекеттің әлеуметтік қызметі. Адамның денсаулығын қадағалайтын, білім жүйесін жетілдіретін, мәртебесін көтермелейтін, азаматтық жауапкершілігін арттыратын бастамалар - жас отбасының әл-ауқатын арттыруда, одан әрі ел экономикасының дамуында ерекше сипат алады. Сол бастаманың бірі жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де - әлеуметтік саясаттың бас желісі болып табылады.

Жас отбасы үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапалылығы - мемлекеттің барынша өмірлік маңызы бар басымдықтарының бірі болып келді және алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы «Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты - Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру» атты жолдауында тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін негізгі бағыттарды айқындап, тұрғын үй құрылыс саласы - экономикамыздың алға сүйреуші күші екендігін атап өткен болатын[1] .

Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалар және олардың рөлі, сол бағдарламалардың шеңберінде жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудің құралдары мен түрлері қарастырылған. Сонымен қатар қазіргі экономикалық дағдарысқа байланысты құрылыс саласында туындаған қолайсыз жағдайлар, және одан шығу жолдары ауқымды сипат алған.

Тұтастай алғанда мемлекеттік бюджеттің адами капиталды дамытуға шығыстары жалпы шығыстар көлемінің кемінде 61% құрайды, бұл Үкіметтің экономиканың мәселелерін шешкен кезде әлеуметтік саланың басым артықшылықтарға ие екенін көрсетеді. Бұл Ұлттық экономиканың барынша өсуіне және болашақта одан асып түсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мақсаты: жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін жан-жақты зерттеп, соның ішінде жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудің тетіктерін жетілдіру және қазіргі уақыттағы құрылыс саласындағы орын алған дағдарыстан шығу жолдарын анықтау болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті: Дұрыс мемлекеттік реттеу арқылы төмендегідей экономикалық маңызы жоғары мәселелердің шешім табатыны жайлы айтылған:

- жас отбасының тұрғын үймен қамтамасыз етілуі;

- құрылыстың дамуына байланысты осы салаға маманданған шағын және орта бизнестің дамуы;

- құрылыстың жандануына және шағын және орта бизнестің дамуына байланысты жаңа жұмыс орындарының ашылуы.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттен тұрады.

1. Отбасын құру және оның проблемалары

1. 1 Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу

Отбасының құрылымы былайша анықталады:1) оның мүшелері арысндағы қарым-қатынастар жиынтығы; 2) рухани, ізгіліктілік қарым-қатынастар жүйесі; Туыстық құрылым бойынша отбасы былайша бөлінеді:1) нуклеарлы отбасы (балалары бар ерлі-зайыпты жұп) ; 2) кеңейтілген отбасы (балалары бар отбасы және отбасымен бірге күйеуінің не әйеленің туысы тұрады) . Жұбайлар арасында билікті бөлу құрылымы бойынша келесі отбасыларды бөлуге болады: 1) эгалитарлы -тең құқықтылыққа негізделген; 2) авторитарлы- басты шешімді күйеуі (әйелі) қабылдайды. Балалар саны бойынша - көп балалы, балалар саны орташа, аз балалы, баласы жоқ отбасы болып бөлінеді. Үй міндеттерін бөлу сипаты бойынша - дәстүрлі отбасы (міндеттерді көбінесе әйелі атқарады) және ұжымдық отбасы (міндеттер бірлесіп не кезекпен атқарылады) болып бөлінеді. Бос уақытты өткізу сияқты бойынша ашық отбасы (араласуға және мәдениет индустриясына бағдар алған) және жабық отбасы (бос уақытты үй ішінде өткізуге бағдарланған) болып бөлінеді.

Еуропалық отбасы әйелдің жұмыс бастылық деңгейінің жоғары болуымен, ажырасу деңгейінің жоғары және бала туу деңгейінің төмендігімен сипатталады. Ортаазиялық отбасыға, керісенше, әйелдердің жұмысбастылық деңгейінің төменірек болуы, балатуу деңгейінің жоғарылығы және ажырасу санының төмен деңгейде болуы тән. ТМД-ның бірқатар елдерінде- Қазақстанда, Закавказъезде отбасының аралас түрлері кездеседі.

Неке- әйел мен еркектің арасындағы қарым-қатынасқа рұқсат беретін әлеуметтік нормалар жиынтығы, сондай-ақ олардың отбасы мен отбасы тобының өмір сүруі үшін қажет өзара құқықтары мен міндеттерінің жүйесі түріндегі әлеуметтік институт. Кейбір нормалар, құқықтар мен міндеттер заңды сипатта болады және заңнамамен реттеледі. Заңмен бекітілген нормаларға мүлікті иелену жөніндегі мәселелер, некені бұзумен байланысты бірқатар құқықтық проблемалар жатады. Некеге отырудың ең төменгі жасы мен неке бұзудың заңды негіздерінің тізімі де құқықтық реттеулуге жатады. Олардың қатарында:

  • көңіл білдіру, некеге отыратын жұп таңдау және некеге дейінгі мінез-құлық нормалары:
  • жұбайлар арасында билік пен міндеттерді бөлу нормалары, олардың бейформалды байланыстарына қатысты жұбайлардың күту нормалары;
  • отбасының экономикалық жағдайы үшін өзара жауапкершілік;
  • бала тәрбиесі, отбасылық демалыс нормалары жатады.

Некеге отырудың нақты жас шамасы да, ажырасу барысында, ажырасқаннан кейінгі кезеңдегі қарым-қатынас сипаты да моральдық реттеулеге жатады.

Азия мен Африканың көптеген елдерінде ата- анасымен келісіп некеге отыру, келін үшін қалыңмал беру және т. б. дәстүрлер сақталған.

Неке қию салтанатын өткізу шаралары бойынша азаматтық және шіркеулік неке қию болып бөлінеді. Кейде некеге нақты некені немесе бірге тұрады жатқызады (яғни, заңда қаралған тәртіпте ресімделмейтін ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы) . Бірқатар елде кейбір әлеуметтік топтардың, негізінен жастар мен қала тұрғындарының нақты некеде болуы көбейіп келе жатқаны байқалады. Өз құрылымы бойынша некелер Еуропа мен Америка елдеріне тән моногамды және Азия мен Африка елдеріне тән полтгамды болып бөлінеді. Бірлескен өмірлерінің алғашқы жылдарында некені бұзу деңгейінің жоғары болуы мазасыздық тудырып отыр; ажырасудың шамамен 40% - ы жұбайлардың бірлескен өмірінің алғашқы 4 жылында болады.

Қазіргі ғылымда отбасының көптеген типологиясы бар. Әлеуметік қолдаудың объектісі кез келген типтегі отбасы болуы мүмкін. Алайда, әлеуметтік қолдаудағы қажеттілік дәрежесі оның нақы мазмұны, отбасының қажет ететін немесе қажет етуі мүмкін әр түрге жататын көмек түрлері сияқты әр түрлі болады. Өзара әрекеттестік жүйесі осалдау, өздеренің сезімдері мен тілектерін еркін көрсете алатын, өздерінің пайда болған проблемаларын қарым-қатынастың жаңа бір жолын тауып беретіндей бірлесе отырып талқылайтын отбасы өзінің отбасылық құрылымын бара-бара өзгертеді. Мұндай типтегі отбасылары жүйкеге нормативті емес жүк түскен жағдайда, аса қауіпті табиғи қайғылы оқиға, қатерлі ауру, дене немесе ақыл-ой кемістігі, сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған мезгілсіз қаза, қайғы сияқты табиғи оқиға тап болғанда әлеуметтік қолдауды қажет етеді. Сонымен бірге мұндай отбасылар тіпті отбасыларына көмек көрсететін әлеуметтік қызметке ерікті түрде көмекші де бола алады.

Негізгі күштері ерік пен ықыласы бір ғана ерік пен ықыласқа бағыну (басшы, бастаушыға және т. б. ) арқылы қол жеткізілген, сондықтан кез келген жеке алып- қашпа сөздер тудырмайтын сыртқы дүниемен келісімді және бірлікті қолдаудырмайтын сыртқы дүниемен келісімді және бірлікті қолдауға бағытталған отбасылары азды-көпті қолдау мен қорғауды қажет етеді, бірақ сыртқы дүниемен араласуға олар үшін «жол жабық» болғандықтан, белгілі бір шекке жетіп, белгілі болғаннынша мүмкіндікке қол жеткізе алмайды. Мұндалар психикалық ауруы барлар, отбасы мүшелерінің үстінен күш көрсету және т. б. болуы мүмкін.

Өзара әрекеттестіктері былыққан және дағдарысқа жетелейтін ұдайы дау мен жанжалдан арылмайтын, сонымен бірге өмірлік тәжірибелері алдағы уақытта лайықты мінез-құлық қалыптастыруға бағыт-бағдар бола алмайтын отбасылары былық-шылық құрылымға ие болады, ұйымшылдығы төмен, жанжалды және дағдарысты жағдайда шешуде отбасылары жоғарырақ дәрежедегі әлеуметтік қолдауды қажет етеді.

Отбасыларды шартты түрде қызметтік қисынды және қызметтік қисынды емес (тәуекел ету тобы) деп бөлуге болады. Қызметтік қисынды отбасылары арасынан 50-ден 60-қа дейінгі пайызын ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастары үнемі шиеленіскен ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастары үнемі шиеленіскес және психологиялық жағынан қисыны келмейтін ата-налар, бала-ата-ана қарым-қатынастарының жолы теріс, жанжалдыдеп аталатын, қолайсыз әлеуметтік-психологиялық факторлармен сипатталатын отбасылар құрайды.

Адам барлық жақсы мен жаманды отбасында алады. Отбасы жеке тұлғанын қалыптасуының маңызды саласы әрі халықтың әлеуметтік қайта жандауына және белгілі бір өмір салтын жасауға жауап беретін тәрбиелеудің басты институты басты болды және болып қала бермек.

Отбасында баланың тұлғасына әсер ететін факторлардың мамандар шартты түрде үш топқа бөледі. Біріншісі- бұл отбасының әлеуметтік микроортасы, онда балалар әлеуметтік құндылықтар мен рольдерге тартылады, қазіргі заманның қиындықтары менқайшылықтарын танып біледі. Екіншісі- бұл отбасы ішілік және отбасынан тыс жұмыс, негізінен тұрмыстық еңбек, ол адамда әлеуметтендірудің және оны болашақ тіршілікке тартудың мықты құралы болып табылады. Үшіншісі- отбасындағы тәрбиенің өзі, мақсатты педагогикалық әсерердің белгілі бір кешені.

Отбасылық қарым-қатынасты келесі салаларға бөлуге болады:

  • шаруашылық -тұрмыстық сала;
  • ізгілікті-психологиялық
  • жақын да жеке сала.

Отбасы мүшесін тәрбиелеуде бұл салалардың әрқайсысының мәні зор әрі даусыз, алайда біз көбінесе ізгілікті- психологиялық қарым-қатынастың мәнін елемейтінімізді атап өту керек. Мұның себебі олардың материалдық түрде көрінбейтіндігі мен жас жігіттер мен қыздардың болашақ отбасылық өміріне олардың әсері әлсіз деп білуімізде болар. Бұл көзқарас дұрыс емес. Отбасылық өмірге қажетті қасиетерді тәрбиелеу ( түсіну, кішіпейілдік, эмоционалдық бөлісу) қарым-қатынастар педагогикасыныңкөзге көрінбейтін, алайда өте әсерлі саласында жүзеге асырылады.

Ата-ана болып табылатын жұбайлар мен отбасының басқа ересектері арасындағы «көлденең»қарым-қатынастар -отбасындағы моральдық- психологиялық климаттың ерекшеліктерін анықтайтын ізгілікті -психологиялық қарым-қатынастың маңызды саласы болып табылады.

1. 2. Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу

Жас отбасылардың қатынастарын бұзушы факторлар

Қазіргі еуропалық отбасында психологиялық ажырасу-бұл тұрақты некелік қарым-қатынастардың ғана бұзылуы емес, сондай-ақ тұрақты өмірлік тіршіліктің бұзылуы.

Ажырасудың өсу себептері:

  • отбасы функциясының өзгеруі, атап айтқанда шаруашылық (экономикалық) жағы;
  • айырылысқандарда негативтік стереотиптердің жоқ болуы;
  • тап, діни және ұлттық нанымның босатуы;
  • миграциялық процестердің күшеутуі;
  • Уранизациялық қоғамда өмір стилінің, екпіннің өзгеруі;
  • өмір ұзақтығының өсу шегі;
  • тағы бір себеп-жұбайды таңдағанда әке-шешлердің ықпалының жасауы төмендеуі.

Осылардың салдарынан «ерте», асығыс некелердің көп болуы осыдан болады. Ажырасудың себептері тек қана үрейлілік қарым-қатынас емес, сондай-ақ жанама немесе түзу проблемалар жатады.

Жас отбасының қарым-қатынасының бұзылуына мынадай негативтік фактор жатады:

1. Артық жүк тиеу және физикалық арықтау

Бұл жерде парасаттық қауіп-қатер жатыр. Оларға жастардың кәсіпшілік немесе академиялық карьерді енді бастағандар жатады. Мысалы: институтта оқу, толық жұмысаптаны істеу кезде нәресте балаларды- бір бағу, пәтерді жөндеу және кәсіпкерлікпен шұғылдану. Барлығын бірге алып жүру өте қиын. Жастар дәл осылай істейді, содан кейін отбасының бұзылғанына таң қалады.

Эмоционалдық қарым-қатынастың ыдырау кезеңдері:

  1. Интра-психикалық (ішкі) Бір ерлі-зайыпта немесе екеуінде ішкі қанағаттанушылықсыз сезімі көрінеді. Мына фазаның мынандай нәтижелері болуы мүмкін:Осымен жуасу немесе өз ешбір көрсетпеу;
  2. Интер- психикалық (жұбайлардың арасында) немесе диадитикаық- серіктердің өз қарым-қатынасын талқылауы. Бұл фазада өзін-өзі ашылуы жоғарылады, ерлі-зайыптылар тәжірибелеуге тырысады. Бұл жылдарға созылу мүмкін. Сонымен қатар оның нәтижесі екі түрде болуы мүмкін:Қарым-қатынастың қайта құруы -олардың тұрақтануы; Ыдыраушылықты қабыл алуы (тәжірибенің онша емес аяқталуы)
  3. Әлеуметтік фаза- отбасында ыдыраушылық барысында басқа адамдардың қатыстырылуы (туысқандар, достар) ыдыраушылық фактісі «жалрыға бірдей дәулетпен» тиісті болуы керек. Мына фазаның нәтижесі: әлеуметтік қарым-қатынастың тоқтатылуы және отбасының ыдырауына әкелу. Ажырасу дегеніміз- некені ресми түрде бұзу. Қазігі кезде бүкіл әлемде ерлі-зайыптылық пен отбасы мәселелеріне баса көңіл бөлу ажырасу деңгейінің жоғарылуына байланысты болып отыр. Өзгеріп отыратын қоғам жағдайында біздің елімзде ажырасу деңгейіне әсер еткен себептер мынадай: әйелдердің кәсіптік қызметке жаппай кірісуі, діннің өз күшін жоғалтуы, халықтың білімділігінің және жалпы мәдениетінің едәуір артуы, соның нәтижесінде некеге деген талаптың көтерілуі, ажырасуға қатысты заң нормаларының әлсіздігі, жыныстық моральдың бұрмалануы. Ірі өнеркәсіп өндірісінің дамуы және осыған байланысты тұрғындардың едәуір бөлігінің ауылдан қалаға қоныс аудару процесі, сондай-ақ отбасын нуклеаризациялау туыстық жүйе мен қоныстанушы қауымның ерлі-зайыптылардың, әсіресе, мектеп жасына дейінгі жастағы балалары бар отбасылардың достарымен араласу мүмкіндігі өте шектелген.

Алайда аталған өзгерістер әр аймақта әр түрлі жүріп жатыр. Мысалы, біздің еліміздің тарихи- мәдени ерекшелігі-туыстық -достық, көршілік байланыстардың өте тығыз болып қала беретіндігінде. Ажырасу алдындағы жағдайдың дамуының бас ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) қарым-қатынасқа және жалпы некеге көңілі толмауынан басталады. Бұл жағдай бірнеше сәттен тұрады:

  • ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) ажырасу туралы шешім қабылдауы;
  • ерлі-зайыптылық қатынастарды тоқтату:
  • қоғамға ерлі-зайыптылық қатынастардың жайсыздығы туралы жариялау (ажырасу жөнінде өтініш беру) .

Ажырасу себептері: сотта талқылау барысында 1-ші орында мінез-құлқының сәйкессіздігі; 2- орында- жұбайының адалсыздығы тұр. Тағы бір себеп-ішкілікке салыну. Жиі кездесетін себептер: отбасын құруға мүдделі болмау; жыныстық өмірге қанағаттанбаушылық, бір-біріне нашар қарау, қаржы мәселесі бойынша келіспеушілік, қызғану, балалы болмау, аурулар. Өте сирек кездесетін себептер: ерлі-зайыптылыардың саяси немесе діни көзқарастарының келіспеуі.

Ерлі-зайыптылардың үйлесімі немесе үйлеспеуі келесі факторлардың өзара әрекеті болып табылады:

Еңбекке деген көзқарас. Қызметтік міндеттерін атқаруға жауапкершілікпен қарайтын адамдар ерлі-зайыпты өмірде үйлесімге оңай қол жеткізе алады. Қызықты жұмыс, жұмысына қанағаттану ерлі-зайыптылық өмірге оң әсер етеді, ал, керісінше, үйдегі жайлы жағдай еңбек қабілеттілігіне, жұмысқа қанағаттанушылығына жақсы әсер тигізеді.

Еңбек ұжымына қанағаттану. Ұжымдағы қарым-қатынас жұмыскердің отбасындағы ахуалға әсер етеді, сондай-ақ отбасылық және басқа жеке мәселелероның жұмыстағы мінез-құлқы мен көңіл- күйіне теріс әсер теуі мүмкін;

Ерлі-зайыптылардың адалдыққа деген көқарас. Ерлі-зайыптылық адалдықты сақтаушы адамдардың некесі көбінесе бұл ұстынды бұзатындарға қарағанда неғұрлым үйлесімді.

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.

2. 1Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері.

Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары Қазақстан Республикасының Тұрғын үй Заңымен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де заңдармен реттеледі.

Тұрғын үй - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгiленген техникалық, санитариялық және басқа да мiндеттi талаптарға сай келетiн жеке тұрғын жай (жеке-дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме) .
Тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншiк нысандарындағы тұрғын үйлер[13] .

Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдары:

1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен:

- тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне;

- тұрғын үйлердi пайдалану құқығының жүзеге асырылуына;

- тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;

- тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;

- азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттiк органдардың бақылауына байланысты қатынастарды реттейдi.

2. Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары Заңмен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де заңдармен реттеледi.

3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, тиiстi заңдармен реттеледi.

4. Мейманханаларда, пансионаттарда, интернаттарда, қарттар үйлерiнде және осындай мақсаттағы басқа да үй-жайларда тұру заңдарымен реттеледi[14] .

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры:

1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры мыналарды қамтиды:

- жеке тұрғын үй қоры - азаматтар мен заңды тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi, мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйлер;

- мемлекеттiк тұрғын үй қоры - меншiк құқығымен мемлекетке қарасты және жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы (мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттiк кәсiпорын қарамағындағы (мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлер.

2. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегi тұрғын емес үй-жайлар кiрмейдi.

3. Жеке тұрғын үй қорының және мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорының үйлерiндегi тұрғын үй-жайларды жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе өзге де ұйымдардың мәжбүр етiп алуына, Заңда және басқа заң актiлерiнде көзделгендегiден басқа жағдайларда тыйым салынады[9] .

Тұрғын үйлердi пайдалану:

1. Тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатқа пайдалануға Заңда көзделген жағдайларда жол берiледi.

2. Тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс.

3. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн заңды немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган растайды[13] .

Тұрғын үй қорын басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын органдар арқылы, сондай-ақ сенiм бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттiк есепке алу, оның кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады[13] .

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры мыналарды қамтиды:

  • жеке тұрғын үй қоры - азаматтар мен заңды тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi, мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйлер;
  • мемлекеттiк тұрғын үй қоры - меншiк құқығымен мемлекетке қарасты және жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы (мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттiк кәсiпорын қарамағындағы (мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қоры) тұрғынүйлер[14] .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Отбасын құру және оның проблемалары
Қиын балалармен Әлеуметтік педагогикалық - психологиялық қайта тәрбиелеу жұмыстың әдістері
Отбасы қарым-қатынастың орнықты болуы және ондағы кездесетін қиыншылықтарды жеңу немесе болдырмау
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекет мәселесі
Қиын балалардың мінез-құлықтарына диагностика қою
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық
Проблемалы отбасылардағы бала тәрбиесінің тиімділігін арттыру
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz