ХҚЕС Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептіліктің халықаралық стандарттары
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
I-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1.26-ХҚЕС Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептіліктің
халықаралық
стандарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...7
1.2. Қазақстан Республикасының зейнетақы
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..17
II-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі дамуы...23
2.1. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі дамуының қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23 2.2 Қазақстан
Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық іс-
әрекеттеріне талдау жүргізу мен олардың даму
тенденциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
III-ТАРАУ.
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...30
3.1. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік
тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
3.2. Еңбек ақыдан ұсталатын міндетті төлемдер
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. .33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Пайданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
8
Кіріспе
Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша
қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі – зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда,
зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір
сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық
мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек
ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі
айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік
мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің
барлығы да – мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін
әлеуметтік–экономикалық мәселелер болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған
“Қазақстан – 2030” Жолдауында “Барлық қазақстандықтардың гүлденуiнің,
қауiпсiздiгiнің және дамуының басым бағыттарының бiрi - халықтың
материалдық және әлеуметтiк өмiр сүру деңгейiн жақсарту” деп атап өтті.
Әлемнің тиімді дамып келе жатқан 50 елінің қатарына енуі үшін мемлекет
халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейi мен сапасын жақсарту
нәтижесінде Қазақстан азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын
жасауы тиіс. Ол үшін халықтың экономикалық және әлеуметтiк жағдайларының
маңызды құраушыларының бірі - Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорлары
әрі қарай қарқынды дамып, зейнетақы жүйесі бәсекелестікке қабілетті
болуы керек. Бұл Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде кешіктіріліп берілетін зейнетақы
жойылып, зейнетақы жүйесі оң нәтижелерге ие болуда. Зейнетақы жарнасы
қазіргі кезеңде салымшылардың нақты зейнетақысын көбейтуге және ел
экономикасын инвестициялауға бағытталған екі қызметті атқаруда.
Аталған жетістіктермен қатар, зейнетақы қайта құрулардың әдістемелік
есептеулерде жіберген қателіктер де болды. Атап айтқанда, 1998 жылдан
бастап қосылған құн салығы, табыс салығы сияқты салықтар қатарына еніп
кеткен біріңғай әлеуметтік салықтың (БӘС) енгізілуінде болып отыр.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің бүгінгі күндегі маңызды кемшілігі –
жоғары дәрежедегі зейнетақымен қамтудың болмауы. Қазіргі таңда зейнетақы
мөлшері халықтың өзекті мәселесіне айналған. Нарыққа сай барынша жоғары
болмай отыр және азаматтардың еңбектік салылымы дұрыс ескерілмеген. Бұл ҚР
Президентінің жолдауындағы: “Зейнетақының мөлшеріндегі бұрынғы еңбек
үлесіне сүйеніп анықталатын табысты шектеу өзгертілсін” деген ойымен де
расталды.
Қазіргі кезде ірі құрылтайшылары бар ЖЗҚ қызмет етуде. Мұндай қорлардың
сәтті қызмет етуі, құрылтайшылардың жағдайына және салымшыларының санына
тікелей байланысты. Яғни, қосымша зейнетақымен қамтамасыз етуге, әзірше,
тек ірі кәсіпорындардың, банктердің және өндірістік–қаржы топтарының
жұмыскерлері ғана сенуіне болады. Зейнетақы төлемдерін сатып алу
қабілеттігі күрт төмендеуімен қатар, мемлекеттік емес зейнетақымен
қамтамасыз етуге қатысу мотивтері де, сақтандыру жарналарын төлеу де
төмендеді. Сонымен қатар, келешектегі зейнетақы мөлшері және оны есептеу
тәртібі көптеген салымшыларға түсініксіз болып қалуда.
ҚР-ның зейнетақымен қамтамасыз етудегі қайта құру мемлекеттік емес
зейнетақымен қамтамасыз етудегі шеңберінде түпкілікті өзгеріс жасауды қажет
етеді. Егер уақытында зейнетақымен қамтамасыз етуде институтционалдық,
құрылымдық тұрғыда қажетті шаралар қабылданбаса, зейнетақыны сақтандыру
үшін және табыс алу үшін активтерді инвестициялау арқылы болашақ
зейнеткерлерді ұзақ уақыттың дивидендтермен кепілдендірмесе зейнетақы
қайта құруларының барлық нәтижелері уақытша сипатқа ие болады. Осыған
байланысты жеткілікті зейнетақымен қамту, яғни Қазақстанның зейнетақымен
қамтамасыз етуін әсіресе экономикалық және заңдылық базасын, қаржыландыру
жүйесі мен субьектілердің құқықтық қатынас жауапкершіліктерін жетілдіруді
қажет етеді. Сондықтан да зерттеу жұмысы тақырыбының таңдалу себебі
әлеуметтік-экономикалық дамудағы тұрғындардың әлеуметтік жақсаруына
бағытталған зейнетақы жүйесінің даму заңдылықтарын зерттеудің
қажеттілігімен негізделеді.
Курстық мақсаты. Осы әдістемелік ұсынымдарды Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті Азия
даму банкісі кеңесшілерінің толық және тығыз ынтымақтастығымен,
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 88-ө өкімімен бекітілген ХҚЕС-
ке көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін, сондай-ақ Халықаралық
қаржылық есеп беру стандарттарын (ХҚЕС) қолдану кезінде ұйымдарға
тәжірибелік көмек көрсету үшін әзірледі.
Берілген ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ХҚЕС болып
табылмайды және Қазақстан Республикасында 26 Зейнетақы жоспарлары бойынша
есеп және есептілік БЕХС (IAS) (бұдан әрі – БЕХС 26) қолдануда тәжірибелік
көмек көрсетуге ғана арналған. Берілген әдістемелік ұсынымдарда ешбір ереже
БЕХС 26 теріске шығармайды.
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесi
қызметінің ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін жетiлдiру бойынша
әдістемелік нұсқаулар дайындап, ғылыми негiзделген ұсыныстар беру.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
– тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтiк-экономикалық
мәнін нақтылау және теориялық негіздеу ;
– экономикасы дамыған елдердегi зейнетақымен қамтамасыз етудің
тәжiрибелеріне ғылыми шолу жасап, отандық зейнетақы жүйесімен
салыстыра зерттеу;
– тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуді реттеудегі мемлекеттің
мүмкіндіктерін зерттеу және талдау;
– зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттырудың
факторлары мен көрсеткіштерін жүйелендіру;
– зейнетақы қорларының қызметтерін кеңейтудің қажеттілігін ғылыми
негіздеу;
– зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық – экономикалық
тетіктерін жасау;
– зейнетақы жүйесінің тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету бойынша
ұсыныстар жасауда экономика-математикалық үлгілерін ұсыну
Курстық жұмыстың негізгі тұстары:
1. Берілген әдістемелік ұсынымдар БЕХС 26 сәйкес зейнетақы жоспарлары
бойынша есеп жүргізу және есептілік жасау тәртібін түсіндіреді және
зейнетақы жоспарлары бойынша есеп пен есептілік жасау және беру
кезінде қолданылады;
2. Берілген әдістемелік ұсынымдар есептіліктің осындай түрін жасайтын
ұйымдарда зейнетақы жоспарлары бойынша есептілік үшін қолданылады;
3. Зейнетақы жоспарлары кей кезде басқаша, мысалы, зейнетақы схемасы,
еңбек сіңірген жылдар бойынша зейнетақы схемасы немесе зейнетақылық
қамтамасыз ету схемасы деп аталады. БЕХС 26 зейнетақы жоспарын есеп
беретін объект ретінде, жоспарға қатысушылар жұмыс берушілерден бөлек
қарастырады.;
4. БЕХС 26 барлық қатысушылар үшін тұтастай, топ есебінде зейнетақы
жоспары бойынша есеп пен есептілікке қатысты. Оның жоспардың жеке
қатысушылары үшін олардың зейнетақы төлемдеріне құқығына қатысты
ешқандай қатысы жоқ;
5. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтік- экономикалық
мәнінің ғылыми тұжырымдамасы;
6. Жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін сақтандыру жүйесін
тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуге енгізу қажеттілігіне
тұжырымдама;
7. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағытында
міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын қалыптастырудың әдістемелік
негізі;
8. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қаражаттарды тиімді пайдалану, қор
активтерін сақтандыру және салымшылар санын арттыру мақсатында
зейнетақы жүйесін жетілдірудің экономикалық –математикалық үлгілері
мен даму болжамы.
I-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі
1.1 26 (IAS) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТТАРЫ
Зейнетақымен қамсыздандыру бағдарламалары (зейнетақы жоспарлары)
бойынша есеп және есептілік
ҚОЛДАНУАЯСЫ________________________ ________________________
1. Бұл стандарт зейнетақы жоспарлары бойынша есептілік үшін осы тектес
есептілік жасалатын ұйымдарда қолданылуға тиіс.
2. Зейнетақы жоспарлары кейде өзгеше, мысалы, зейнетақы схемалары,
еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы схемалары немесе
зейнетақымен қамсыздандыру схемалары деп аталады. Осы Стандарт
зейнетақы жоспарын жұмыс берушілерден немесе жоспарға қатысушылардан
бөлінген есептілік бірлігі ретінде қарастырады. Халықаралық қаржы
есептілігі стандарттарының қалғандарының бәрі зейнетақы жоспарларына
осы Стандарттың ережелері қамтымайтын дәрежеде қолданылады.
3. Осы Стандарттың тұтас алғанда барлық қатысушылар үшін топ ретінде
жоспар бойынша есепке алу мен есеп беруіне қатысы бар. Жекелеген
жоспарға қатысушылар үшін олардың зейнетақы құқықтарына қатысты
есептілікке оның ешбір қатысы болмайды.
4. 19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар (ІAS) ХҚЕС жоспарлары бар жұмыс
берушілердің қаржы есептілігінде зейнетақымен қамсыздандыру бойынша
шығындардың айқындалуын қарастырады. Сондықтан осы Стандарт 19 (ІAS)
ХҚЕС-ты толықтырады.
5. Зейнетақы жоспарлары белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары
және белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары болып бөлінеді.
Көптеген жағдайларда жекелеген қорлар құру туралы талап қойылады, бұлар
жекелеген заңды тұлғалар ретінде немесе заңды тұлға түрінде ресімделмей
құрылуы мүмкін және бұлардың жарналар аударылатын және зейнетақылар
төлейтін сенімгерлік меншік иелері болуы немесе болмауы мүмкін. Сондай
қор құрыла ма, жоқ па және сенімгерлік меншік иелері бар ма, жоқ па,
осы Стандарт соған қарамастан қолданылады.
6. Активтерін сақтандыру ұйымдарына инвестициялау арқылы құрылған
зейнетақы жоспарлары, жеке тұрғыдағы зейнетақы келісімдеріндей есепке
алу мен қаржыландыру жөнінде бірдей талаптарға жауап беруге тиіс. Егер
сақтандыру ұйымымен келісімшарт зейнетақы жоспарының нақты қатысушысы
немесе қатысушылар тобы атынан жасалмаса, ал зейнетақы төлемдері
бойынша міндеттемелер тек қана сақтандыру ұйымының міндеттемелері болып
табылмаса, тиісінше, бұлар осы Стандарттың қолданылу аясында болады.
7. Жұмыстан шығарылған кездегі демалыс жәрдемақысы, мерзімі кейінге
қалдырылған өтемдер туралы шарттар, еңбек сіңірген жылдары үшін
жәрдемақылар, мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығару жөніндегі немесе
кадрларды қысқарту жөніндегі арнайы жоспарлар, әлеуметтік, медициналық
жоспарлар немесе сыйлықақы жоспарлары тәрізді жұмыс үшін төлемдердің
басқа түрлеріне бұл стандарттың қатысы жоқ. Әлеуметтік қамсыздандырудың
мемлекеттік жүйесі шеңберіндегі келісімдер де осы Стандарттың қолданылу
аясынан шығарылады.
АНЫҚТАМАЛАР________________________ __________________________
8. Осы Стандартта мынадай терминдер төменде көрсетілген мәндерде
пайдаланылады:
Зейнетақы жоспарлары – қызмет аяқталарда немесе ол аяқталғаннан кейін
ұйым өз қызметкерлеріне солар бойынша зейнетақы беретін (не жылдық
табыс түрінде, не біржолғы төлем түрінде) келісімдер, бұл ретте мұндай
зейнетақылар жұмыс берушінің олардағы жарналар сияқты ұсынылған
құжаттар бойынша да, сол сияқты ұйымда қабылданған практика негізінде
де зейнеткерлікке шыққанға дейін күні бұрын белгіленуі немесе есептелуі
мүмкін.
Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары – соларға сәйкес
төленуге тиіс зейнетақы мөлшерлері зейнетақы қорына төленетін жарналар
мен осы жарналарға түсетін пайда негізінде айқындалатын зейнетақымен
қамсыздандыру жоспарлары.
Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары – соларға сәйкес
төленуге тиіс зейнетақы мөлшерлері әдетте қызметкер алатын сыйақы
мөлшеріне негізделген формула бойынша айқындалатын зейнетақымен
қамсыздандыру жоспарлары.
Зейнетақы қорына аударым – зейнетақы төлемі бойынша болашақ
міндеттемелерді өтеу үшін ұйым басқа тәуелсіз ұйымның (қордың) есебіне
активтер аударуы.
Осы Стандартта сондай-ақ мынадай терминдер пайдаланылады:
Қатысушылар – зейнетақы жоспарының мүшелері, сондай-ақ осы жоспар
бойынша зейнетақы алуға құқығы бар басқа да адамдар.
Зейнетақы жоспарының таза активтері – тиесілі зейнетақылардың актуарлық
келтірілген құнынан өзге міндеттемелер шегерілген зейнетақы жоспарының
активтері.
Тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құны – зейнеткерлікке
шыққандарға және жұмыс істейтін қызметкерлерге олардың еңбек өтіліміне
қарай зейнетақы жоспары бойынша тиесілі күтілген төлемдердің
дисконтталған құны.
Кепілдік берілген зейнетақылар – зейнетақы жоспарының талаптарына
сәйкес оларды алуға берілетін құқық қызметкерлердің еңбек қатынастарын
жалғастыруына байланысты емес зейнетақылар.
9. Кейбір зейнетақы жоспарларына жұмыс берушілер болып табылмайтын
демеушілер қолдау көрсетеді; осы Стандарт сондай жоспарлар бойынша есеп
беруге де қолданылады.
10. Зейнетақы жоспарларының көпшілігі ресми түрде жасалған келісімдерге
негізделеді. Кейбір жоспарлар ресми емес сипатта болады, бірақ жұмыс
берушілердің іс жүргізуде қолданатын практикасының нәтижесінде
міндеттіліктің біршама дәрежесіне ие болады. Кейбір зейнетақы
жоспарлары жұмыс берушілерге осы жоспарлар бойынша өз міндеттемелерін
шектеуге мүмкіндік бергенмен, егер олар қызметкерлерді сақтап қалғысы
келсе, жұмыс беруші үшін әдетте оларға зейнетақы жоспарын жою қиын
болады. Ресми емес зейнетақы жоспарларына есепке алу мен есеп берудің
ресми жоспарларға қолданылатындай әдістері қолданылады.
11. Көптеген зейнетақы жоспарлары жарналар аударылатын және солардан
зейнетақылар төленетін бөлек қорлар құруды көздейді. Мұндай қорлар
олардың активтерін дербес басқаратын адамдардың әкімшілік бақылауында
болуы мүмкін. Кейбір елдерде мұндай адамдар сенімгерлік меншік иелері
деп аталады. Осы Стандартта сенімгерлік меншік иесі деген термин
сенімгерлік қор (траст) құрылатынына не құрылмайтынына, оған
қарамастан, сондай адамдарға арнап пайдаланылады.
12. Зейнетақы жоспарлары әдетте не белгіленген жарналары бар зейнетақы
жоспарлары, не белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары деп
аталады, бұлардың әрқайсысының өздеріне тән ерекше сипаты бар. Кейде
екі түрдің де сипаттарын қамтитын жоспарлар жасалуы мүмкін. Осы
Стандарттың мақсатында мұндай аралас жоспарлар белгіленген төлемдері
бар зейнетақы жоспарлары ретінде қарастырылады.
БЕЛГІЛЕНГЕН ЖАРНАЛАРЫ БАР ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖОСПАРЛАРЫ
13. Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспары бойынша есептілікте
зейнетақы жоспарының таза активтері туралы бөлім және оны қаржыландыру
саясатының сипаттамасы болуға тиіс.
14. Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарына сәйкес қызметкердің
келешектегі зейнетақысының мөлшері жұмыс берушінің, сол қызметкердің
өзінің немесе олардың екеуінің де зейнетақы қорына өткізген
жарналарымен, сондай-ақ қордың өзінің қызметінің нәтижелерімен және
инвестициялық табыстарымен айқындалады. Жұмыс берушінің міндеттемесі
әдетте қорға жарналар салу арқылы өтеледі. Актуарийдің консультациясы,
әдетте, талап етілмейді, дегенмен, ол кейде келешектегі зейнеткерлік
жәрдемақылардың мөлшерін бағалау үшін пайдаланылады, бұларға ағымдағы
жарналар мен болашақ жарналардың және инвестициялық табыстардың әртүрлі
өзгерген деңгейлері негізінде қол жеткізуге болады.
15. Қатысушылар жоспар қызметіне мүдделі, өйткені бұл қызмет олардың
келешектегі зейнетақыларының деңгейіне тікелей әсер етеді. Қатысушылар
сондай-ақ зейнетақы қорына жарналардың түсуіне және бенефициарлардың
құқығын қорғау үшін тиісінше бақылаудың жүзеге асырылуына қатысты
ақпарат алуға мүдделі. Жұмыс беруші, өз кезегінде, жоспардың тиімді
және ықтиятты орындалуына мүдделі.
16. Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспары жөніндегі есептіліктің
мақсаты оның инвестициялық қызметінің жоспары мен нәтижелері туралы
тұрақты түрде ақпарат беріп отыру болып табылады. Әдетте бұл мақсатқа
мынадай ақпаратты:
(а) кезең ішіндегі маңызды қызметті сипаттайтын және жоспарға
қатысты кез келген өзгерістердің ықпал етуін, оған мүше болуды,
мерзімдері мен шарттарын;
(b) кезең ішіндегі операциялар мен инвестициялық қызметтің
нәтижелері туралы, сондай-ақ кезең соңындағы жағдай бойынша
жоспардың қаржылық жай-күйі туралы хабардар ететін бөлімдерді; және
(с) инвестициялық саясатты сипаттауды қамтитын есептілікті ұсынумен
қол жетеді.
БЕЛГІЛЕНГЕН ТӨЛЕМДЕРІ БАР ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖОСПАРЛАРЫ
17. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары жөніндегі есептілік:
(а) мыналарды:
(і) төлем көздері болып қызмет ететін таза активтерін;
(іі) кепілдік берілген және кепілдік берілмеген зейнетақыларды
бөле отырып, тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарлық
дисконтталған құнын; және
(ііі) жиынтығының артуын немесе тапшылықты көрсететін есепті; не
(b) зейнетақылар төлеу үшін қолда бар зейнетақы жоспарының таза
активтері туралы есеп мынадай ақпаратты:
(і) кепілдік берілген және кепілдік берілмеген зейнетақыларды

дисконтталған құнын көрсететін ескертпе; немесе
(іі) актуарийдің ілеспе есептілігіндегі осы ақпаратқа жасалған
сілтеме кіретін зейнетақы жоспарының таза активтері туралы
есептілікті қамтуы тиіс.
Егер актуарлық бағалау есептілікті жасау күніне дайын болмаса, орындалу
күні көрсетіле отырып, бағалаулардың ең соңғысы негіз ретінде
пайдаланылады.
18. 17-тармақтың контекстіндегі тиесілі зейнетақылардың актуарлық
дисконтталған құны есеп-қисаптарда не ағымдағы, не жоспарланған жалақы
деңгейін пайдалана отырып, пайдаланылған әдісті аша отырып,
қызметкерлерге жоспар шарттарына сәйкес осы кезеңде көрсетілген қызмет
үшін тиесілі зейнетақыларға негізделуі тиіс. Актуарлық болжаулардағы
кез келген өзгерістердің тиесілі зейнетақылардың актуарлық
дисконтталған құнына тигізген елеулі ықпалы да ашып көрсетілуге тиіс.
19. Есептілік тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құны мен
зейнетақы жоспарының таза активтері арасындағы өзара байланысты, сондай-
ақ тиесілі зейнетақыларды қаржыландыру саясатын түсіндіруі тиіс.
20. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарына сәйкес тиесілі
зейнетақылар төлемі жоспардың қаржылық жағдайы мен салымшылардың
келешекте бұл жоспарға жарналар салу қабілетіне, сондай-ақ
инвестициялық қызмет нәтижелері мен жоспар жұмысының оперативті
тиімділігіне байланысты болады.
21. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары оның қаржылық жағдайын
бағалау, актуарлық жол берулерді тексеру және келешектегі жарналардың
шамасына қатысты ұсыныстар алу үшін актуарийдің тұрақты түрде
консультация беруін қажет етеді.
22. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша есептіліктің
мақсаты жоспардың қаржы ресурстары мен қызметі туралы ақпараттың
тұрақты түрде беріліп отыруы болып табылады, ол бүкіл кезең бойы
жиналған ресурстар мен зейнетақы төлемдері арасындағы өзара байланысты
бағалау кезінде пайдалы болуы мүмкін. Бұл мақсатқа әдетте мынадай
ақпаратты:

жоспардың қаржылық жай-күйі туралы хабардар ететін бөлімдерді;
(с) не есептіліктің бір бөлігі ретінде, не жеке есептілік түрінде
тапсырылған актуарлық ақпаратты; және
(d) инвестициялық саясатты сипаттауды қамтитын есептілікті табыс ету
арқылы қол жетеді.
Тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құны
23. Зейнетақы жоспары бойынша күтілген төлемдердің дисконтталған шамасы
жалақының не ағымдағы деңгейлерін не жоспарға қатысушылардың
зейнеткерлікке шыққан кезге дейінгі жалақының болжамды деңгейлерін
негізге ала отырып есептелуі және есептілікте көрсетілуі мүмкін.
24. Жалақының ағымдағы деңгейін басшылыққа алатын әдіске артықшылық
беруде сүйенетін негіздер:
(а) жоспардың әрбір қатысушысының үлесіне осы сәтте келетін шамалар
сомасы болып табылатын тиесілі зейнетақылардың актуарлық
дисконтталған құнын жалақының болжамды деңгейлерінен гөрі анағұрлым
объективті түрде есептеуге болады, өйткені болжаулар аз болады;
(b) жалақының өсуіне байланысты зейнетақылардың өсуі жалақы өскен
кездегі зейнетақы жоспарының міндеттемесіне айналады; және
(с) жалақының ағымдағы деңгейін басшылыққа алатын тиесілі
зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құнының сомасы, негізінен,
жоспар тоқтатылған немесе жойылған жағдайда төленуге тиісті сомамен
мейлінше тығыз байланысты.
25. Жалақының болжанған деңгейін басшылыққа алатын әдіске артықшылық
беруде сүйенетін негіздер:
(а) қаржылық ақпарат, болжаулар мен есептеулерге қарамастан, ұйым
үздіксіз қызметі негізінде әзірленуі тиіс;
(b) соңғы жалақы қағидатын пайдаланатын жоспарлар үшін зейнетақы
мөлшері зейнеткерлікке шыққан кездегі немесе шығар алдындағы кейбір
кезең ішіндегі жалақысына қатысты белгіленеді; сондықтан жалақы
мөлшерлері, салым деңгейлері мен дисконттау мөлшерлемелері
болжануға тиіс; және
(с) жалақының болжанған мөлшерлерін кіргізбеу, ал зейнетақы қорына
аударымдардың басым бөлігі сол мәндерге сүйенеді, есептілікте артық
қаржыландыру бар секілді көрінуге әкеп соғуы мүмкін, ал шын
мәнінде ондай ештеңе де жоқ, немесе шындығында, жоспар
қаржыландырудың кемістігін сезініп отырғанда, есептілік
қаржыландырудың жеткілікті деңгейін көрсететін болады.
26. Ағымдағы жалақыға негізделген тиесілі зейнетақылардың актуарлық
дисконтталған құны есептілік жасалған күнгі алынған зейнетақы бойынша
міндеттемені көрсету үшін зейнетақы жоспары бойынша есептілікте
ашылады. Болжамды жалақыға негізделген тиесілі зейнетақылардың
актуарлық дисконтталған құны, әдетте, зейнетақы қорларына аударымдардың
негізі болып табылатын қызметтің толассыздық қағидаты негізінде
әлеуетті міндеттеменің шамасын көрсету мақсатында ашылады. Тиесілі
контексті айқын көрсету үшін қосымша кеңейтілген түсіндірмелер талап
етілуі мүмкін. Мұндай түсіндіру зейнетақы қорларына жоспарланған
болашақ аударымдардың жеткіліктілігі туралы және жалақы мөлшерлерінің
болжамдарына негізделген қорды қаржыландыру саясаты туралы ақпарат
нысанында болуы ықтимал. Мұның бәрін қаржы ақпаратына немесе
актуарийдің есептілігіне кіргізуге болады.
Актуарлық бағалауларды жүргізу жиілігі
27. Көптеген елдерде актуарлық бағалаулар үш жылда бір реттен артық емес
жиілікте өткізіледі. Егер актуарлық бағалаулар қаржылық есептілік
жасалған күнге дейін дайын болмаса, онда бағалаулардың ең соңғысы негіз
ретінде алынады және бағалау жүргізілген күні көрсетіледі.
Қаржылық есептілік мазмұны
28. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары үшін ақпарат актуарлық
деректерді ашу мен ұсынудың әртүрлі практикасын көрсететін мынадай
форматтардың бірінде табыс етіледі:
(а) есептілікке зейнетақы жоспарының таза активтерін, тиесілі
зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құнын және жиынтық артуды
немесе тапшылықты көрсететін бөлімді қамтиды. Зейнетақы жоспары
жөніндегі есептілікте сондай-ақ зейнетақы жоспарының таза
активтеріндегі өзгерістер және тиесілі зейнетақылардың актуарлық
дисконтталған құнындағы өзгерістер туралы ақпарат болады. Есептілік
актуарийдің тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құнын
растайтын есептілігінің жеке нысанын қамти алады;
(b) зейнетақы жоспарының таза активтері және олардағы өзгерістер
туралы ақпаратты қамтитын есептілік. Зейнетақы жоспарының қолда бар
таза активтері тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құны
есептілікке берілген ескертуде ашылады. Есептілікке сондай-ақ

растайтын есептілігінің жеке нысаны да кіруі мүмкін; және
(с) жеке актуарлық есептіліктегі тиесілі зейнетақылардың актуарлық
дисконтталған құнымен бірге зейнетақы жоспарының таза активтері
және олардағы өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын есептілік. Және
актуарийдің жеке есебіндегі тиесілі зейнетақы төлемдерінің
актуарлық дисконтталған құнымен бірге зейнетақыларды төлеу үшін
зейнетақы жоспарының таза активтеріндегі өзгерістер туралы бөлімді
қамтиды.
Әрбір форматта есептілікке сондай-ақ басшылықтың немесе директорлардың
есептілік қағидаты және инвестициялық есептіліктер бойынша
құрастырылған сенімгерлік меншік иелерінің есептілігі қосылып ілесе
алады.
29. 28(а) және 28(b)-тармақтарында сипатталған форматтарды қолдайтын
мамандардың пайымдауынша, тиесілі зейнетақылардың сандық жағы және
осындай тәсілдер негізінде берілетін басқа да ақпарат пайдаланушылардың
жоспардың ағымдағы жайына және жоспар бойынша міндеттемелердің орындалу
ықтималдығына баға беруіне көмектеседі. Олар сондай-ақ қаржы
есептілігінің өзі жеткілікті болуға тиіс, ал ілеспе есептерге иек
артпау керек деп есептейді. Алайда, кейбір сарапшылардың пайымдауынша,
28(а)-тармағында сипатталған формат міндеттеменің бар екендігі жөнінде
ой туғызуы мүмкін, ал, олардың пікірінше, тиесілі зейнетақылардың
актуарлық дисконтталған құны міндеттеменің барлық сипатына ие бола
алмайды.
30. 28(с)-тармағында сипатталған форматты қолдануды жақтайтын мамандар
тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құны, 28(а)-тармағында
сипатталған форматта көзделгендей, зейнетақы жоспарының таза активтері
туралы есептілікке қосылмауға тиіс немесе тіпті 28(b)-тармақта
ұсынылған форматқа сәйкес ескертуде жай ашылуға тиіс, өйткені ол жоспар
активтерімен тікелей салыстырылатын болады, ал мұндай салыстырудың
дұрыс болмауы мүмкін деп есептеледі. Олардың айтуынша, актуарийлерге
тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құнын инвестициялардың
нарықтық құнымен салыстыру міндетті емес, ал мұның орнына олар
инвестициялардан күтілетін ақша қаражаты ағынының дисконтталған құнын
бағалай алады. Сондықтан осы форматты жақтаушылардың пайымдауынша,
мұндай салыстыру жоспарды жалпы актуарлық бағалаудың көрсетуі неғайбыл
және ол дұрыс түсінілмеуі мүмкін. Кейбіреулер сондай-ақ тиесілі
зейнетақылар туралы ақпарат, ол сандық жағы бойынша ұсынылды ма, жоқ
па, оған қарамастан, актуарийдің тиісінше түсіндірме беретін жеке
есептілігінде ғана болуға тиіс деп есептейді.
31. Осы Стандарт жеке актуарлық есептегі тиесілі зейнетақыларға қатысты
ақпаратты ашу жағындағы көзқарасты қабылдайды. Ол тиесілі
зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құнының санмен көрсетілуіне
қарсы дәлелдемелерді жоққа шығарады. Тиісінше, 28(а) және 28(b)-
тармақтарында сипатталған форматтарды осы Стандарт қолайлы форматтар
ретінде қарастырады, егер қаржылық ақпаратта актуарийдің есептілігіне
сілтеме болған және онда тиесілі зейнетақылардың актуарлық
дисконтталған құны бар осы есептілік қоса ілескен жағдайда, 28(с)-
тармағында сипатталған формат та сондай болады.
БАРЛЫҚ ЖОСПАРЛАР__________________________ __________________
Жоспар активтерін бағалау
32. Зейнетақы жоспарының инвестициялары әділ құн бойынша есепке алынуы
тиіс. Нарықтық бағалы қағаздар жағдайында нарықтық құн әділ құн болып
табылады. Зейнетақы жоспарының әділ құнды бағалау мүмкін емес
инвестициялары болған жағдайда, әділ құнның пайдаланылмау себебі ашып
көрсетілуі тиіс.
33. Нарықтық бағалы қағаздарға қатысты әділ құн болып, әдетте, кезең
ішіндегі инвестициялық қызметтің есептілігі мен нәтижелерін жасау күнгі
бағалы қағаздарды бағалаудың барынша дұрыс өлшемі ретінде олардың
нарықтық құны қабылданады. Сатып алудың тіркелген құны бар және жоспар
немесе оның нақты бөліктері бойынша міндеттемелерді теңгеру мақсатында
алынған бағалы қағаздарды өтеу мерзімі басталғанға дейін тұрақты табыс
болған жағдайда, олардың сатып алынған соңғы құнына негізделген шамада
есепке алуға болады. Мысалы, ұйымға толық иелік ету сияқты, зейнетақы
жоспары инвестицияларының әділ құнын алуға мүмкіндік жоқ болған
жағдайларда әділ құн пайдаланылмайтын себеп ашып көрсетіледі. Сол
секілді нарықтық немесе әділ құны бойынша есепке алынбайтын
инвестициялар үшін де әділ құн, әдетте, ашып көрсетіледі. Қор
операцияларында пайдаланылған активтер тиісті Халықаралық қаржылық
есептілік стандарттарында баяндалған тәртіппен есепке алынады.
Ақпаратты ашу
34. Зейнетақы жоспары бойынша есептілікте, төлемдері белгіленген немесе
жарналары белгіленген жоспар болсын, мынадай ақпарат болуға тиіс:
(а) зейнетақы жоспарының таза активтеріндегі өзгерістер туралы
есептілік;
(b) есеп саясатының айтулы элементтерінің жиынтығы; және
(с) жоспарды және кезең ішінде жоспарға енгізілген кез келген
өзгерістердің әсерін сипаттау.
35. Зейнетақы жоспарлары бойынша есептер, егер қолданылуға келсе,
мынадай ақпаратты қамтиды:
(а) зейнетақы жоспарының таза активтері туралы есеп, ол мыналарды
ашады:
(і) кезең соңындағы жағдай бойынша тиісті түрде жіктелген
активтер;
(іі) активтерді бағалау әдісі;
(ііі) зейнетақы жоспарының таза активтерінің 5%-нан, не кез
келген кластағы немесе үлгідегі бағалы қағаздардың жалпы
құнының 5%-нан асатын әрбір жеке инвестиция туралы егжей-
тегжейлі мәліметтер;
(іv) жұмыс берушіге салынған әрбір инвестиция туралы егжей-
тегжейлі мәліметтер; және
(v) тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құнынан
өзгеше міндеттемелер.
(b) зейнетақы жоспарының таза активтеріндегі өзгерістер туралы
есептілік, онда мыналар көрсетіледі:
(і) жұмыс берушінің салымдары;
(іі) қызметкердің салымдары;
(ііі) пайыздар мен дивидендтер тәрізді инвестициялық кіріс;
(іv) басқа да кіріс;
(v) төленген немесе төленуге тиіс зейнетақылар (санаттары
бойынша талданған, мысалы, қартаюы бойынша, қайтыс болуы
себепті, еңбекке жарамсыздығы бойынша зейнетақылар және
біржолғы төлемдер);
(vі) әкімшілік залалдар;
(vіі) басқа да залалдар;
(vііі) пайдаға салынатын салықтар;
(іх) инвестициялардың жұмсалуынан болған кірістер мен залалдар
және инвестициялар құнындағы өзгерістер; және
(х) басқа жоспарлардан және басқа жоспарларға аударымдар;
(с) зейнетақы қорына аударымдар саясатының сипаттамасы;
(d) белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары үшін – жоспар
шарттарына сәйкес тиесілі зейнетақыларға, осы кезге дейін
көрсетілген қызметтің құнына және жалақының ағымдағы деңгейлерін,
не болжанған деңгейлерін пайдалануға негізделген тиесілі
зейнетақылардың (бұлар кепілдік берілген және кепілдік берілмеген
зейнетақылар болып бөлінуі мүмкін) актуарлық дисконтталған құны;
бұл ақпарат тиісті қаржы ақпаратымен бірге оқуға арналған
актуарийдің қоса беріп отырған есептілігіне қосыла алады; және
(е) белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары үшін – жасалған
елеулі болжауларды және тиесілі зейнетақылардың актуарлық
дисконтталған құнын есептеуге қолданылған әдісті сипаттау.
36. Зейнетақы жоспары бойынша есептілікте не қаржы ақпаратының бөлігі
түріндегі, не жеке есептілік нысаны ретіндегі жоспардың сипаттамасы
болады. Оған мынадай ақпарат кіруі мүмкін:
(а) осы жоспарға қамтылған жұмыс берушілер мен қызметкерлер
топтарының атаулары;
(b) зейнетақы алатын қатысушылардың саны және тиісті түрде жіктелген
басқа да қатысушылардың саны;
(с) жоспардың үлгісі – белгіленген жарналары немесе белгіленген
төлемдері бар;
(d) жоспарға қатысушылардың жарналар салатынын не салмайтынын
түсіндіретін ескерту;
(е) қатысушыларға тиесілі зейнетақыларды сипаттау;
(f) жоспардың тоқтатылу жағдайларының әрқайсысын сипаттау; және
(g) есептік кезең ішінде (а) тармағынан (f) тармағына дейінгі
өзгерістер.
Пайдаланушылардың қолы жететін басқа да құжаттарға сілтемелер жасау
әдеттегі практика болып табылады, бұларда зейнетақы жоспарының
сипаттамасы беріледі және есептілікке кейінгі өзгерістер туралы ғана
ақпарат қосылады.
КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ_
_
37. Осы Халықаралық қаржылық есептілік стандарты 1988 жылдың 1 қаңтарынан
немесе осы күннен кейін басталатын кезеңді қамтитын қаржы есептілігіне
қатысты күшіне енеді.
___________
Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі
Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына
тиесілі.
2. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі
“Зейнетақы жүйесіндегі тиімді ұйымдастырушылық - экономикалық
тетіктер” экономика-математикалық әдістердің көмегімен тұрғындарды
зейнетақымен қамтамасыз етудің болашақта дамуына болжам жасап, әлеуметтік-
экономикалық дамуға ықпалын арттыру тетігі ретінде өзіндік жауапкершілік
пен ерікті өзара түсінушіліктің бірігуінен тұратын жаңа қатынастағы
зейнеткерлік жүйесі қарастырылды.
Зейнетақы төңірегінде орын алған мәселелердің көлемі зейнетақымен
қамтамсыз етудің жаңа үлгісін құруды, оның теориялық базасын нығайтуды,
әлеуметтік серіктестіктер, жұмыс беруші, жұмыскер, мемлекет, азаматтар
арасындағы міндетті өкілеттіліктерді бекітуді талап етеді. Ең алдымен,
зейнетақымен қамтамасыз етуді қайта құру нарықтық өзгерістерді нақты
қарастыратын теориялық тұрғыны ескеру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етуді ұтымдастырудағы негізгі мәселе
зейнетақымен қамтамасыз ету институттарын дамытудың ұтымды қатынастарын
анықтауда болып табылады. Оның тиімді үйлесуі үшін:
- зейнетақымен қамтамасыз етудің ерікті жеке үлгісін жасау;
- әлеуметтік тәуелділіктерді бағалау мен негіздеу бойынша ғылыми
құралдар жасау;
-әлеуметтік зейнетақы мен зейнетақылық сақтандырулардың
ұйымдастырушылық, қаржылық, құқықтық формалары, зейнетақының әлеуметтік
және сақтандырушылық мәнін, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандыру
сегменттері арасында ұтымды қатынасты қалыптастыру;
- зейнетақы жүйесінің негізгі әлеуметтік субъектілерінің (жұмыс беруші,
жұмыскер, мемлекет) тең деңгейде қатысуының (жарналарды төлеушілер,
алушылар үшін де көзқарастарының теңгермешілігіне қол жеткізу) жаңа
тәртібін орнату;
- халықты зейнетақымен қамтамасыз етуді қаржыландырудың ерікті жеке
тетігін (сақтандыру құралдарын аз қамтылғандардың пайдасына қайта бөлу,
бірақ “кім сақтандыру жарнасын көбірек төлесе, сол зейнетақымен көбірек
қамтылады” деген басты қағида) жасау;
- сақтандыру жарналары мен зейнетақының көлемдері арасында өзара
байланысты қалыптастыру. Ол сақтандырушының құқығы мен жауапкершілігін
теңестіруге мүмкіндік береді;
- барынша зейнетақы жүйесінің әлеуметтік тиімділігі, бір жағынан
қартайғандағы кедейлікті жою, бүкіл халықты әлеуметтік қорғау, екінші
жағынан–сақтандырушыларды зейнеткерлікке шығу кезінде еңбек еткен мерзіміне
сәйкес табыс деңгейін сақтап қалу;
- еңбекке жарамдылығын жоғалту және денсаулығына зиян келетін
тәуекелділігі жоғары өндірістер үшін міндетті кәсіби жүйені қалыптастыру
және жүйелендіру.
Ол үшін Қазақстан тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа үлгісін
жасау керек.
Қазіргі қазақстандық зейнетақымен қамтамасыз ету нарығы өзінің қалыптасу
кезеңінде.Тәжірибелер көрсеткендей Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамтамасыз етуді қайта құру, оны жекелеп жетілдіру емес, түбегейлі
өзгертуді талап етеді.
Зейнетақымен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда азаматтардың
зейнетақы жүйесінің қай бөлігіне жататыны және қандай мөлшерде зейнетақы
тағайындалатыны туралы түсініксіздігі тұрғындардың арасында жаңа
ақпараттармен қамту қажеттілігін айқындайды. Себебі, кеңес одағы кезінен
қалыптасып қалған пікірлер зейнетақымен тек мемлекет тарапынан қамтамасыз
ету түсініктері әлі де болса орын алуда.
Сондықтан зейнеткерлерді төменгі сызба бойынша санаттарға жіктеу арқылы
түсініктер зейнетақы төлеу жүйесі үшін тиімді болады (сурет-3).
Сурет 3 - Тұрғындарға зейнетақы төлеу жүйесі
Мұндағы: А санатты зейнетақы ( Базалық (Б) + ынтымақтық (Ы); Б санатты
зейнетақы ( Базалық (Б) + ынтымақтық (Ы) + жинақтаушы (Ж); С санатты
зейнетақы ( Базалық (Б) + ынтымақтық (Ы) + жинақтаушы (Ж).
Ұсынылып отырған үлгі-өмірді сақтандыру мен инвестициялық қорлардың іс-
әрекеттерінің әр түрлілігі зейнеткерлік бизнес салымшылардан зейнеткерлік
жарнаны жинап, есесіне әлеуметтік тәуекелділік туындағанда зейнетақылық
жинақтың барлық сомасын (инвестициялық табыспен қоса) төлеу міндеттемесіне
айырбастайды.
Бұл жағдайда салымшылардың ақшалай құралдары ұзақ мерзімге салынып,
орналастырылады. Елдi зейнетақымен қамтудың ұсынылып отырған үлгісі аз
уақыт iшiнде жинақтаушы зейнет ақы қорларының зейнетақылық активтерiнiң
көлемдерiнің жоғарылауына мүмкіндік береді. Ұсынылған үлгіні енгiзгеннен
тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету барысында, бюджетке салмақ
түспейді.
Сонымен қатар, зерттеу жұмысында зейнетақылық жарналардың көзі және
міндетті зейнеткерлік сақтандыру кезіндегі салымшылардың зейнетақыларын
қалыптастыру тәртіптері жасалынды.
Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жетілдіруде экономикалық-
математикалық әдістерді пайдаланудың маңызы өте үлкен.
Экономикалық әдебиеттерде зейнетақы жүйесінде қолданылатын
экономикалық көрсеткіштерді регрессиялық талдау, осы көрсеткіштер
арасындағы өзара қатынастардың математикалық үлгілерін құру сияқты
мәселелер аз зерттелген.
Математикалық талдаудың көбiрек тараған бөлiмiнiң бiрi -
көпфакторлық талдау. Көп факторлы жүйе әр түрлi мәнiсi және қолданылуы бар,
бiр емес көп байланыс тығыздығын анықтайтын көрсеткiштердi талап етедi.
Байланыс тығыздығын есептейтiн негiзгi болып коэфициенттер матрицасы
табылады. Бұл матрицаның негiзiнде факторлардың нәтижелiк шамалардың
арасындағы және бiр-бiрiмен байланыс тығыздығын бағалауға болады.
Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнің негізгі экономикалық
көрсеткіштерін математикалық талдауда оның: зейнетақы алушылар саны,
белгіленген зейнетақының орташа айлық мөлшері, ЖЗҚ-ның салымшыларының саны,
ЖЗҚ-ғы тұрғындардың зейнетақы жинақтары, еңбек ақының орташа айлық мөлшері
және қамтылған тұрғындар саны сияқты негiзгi көрсеткiштерi қарастырылады.
Көпфакторлық талдау негiзiнде факторлардың нәтижелiк шамаларының
арасындағы байланысты және бiр-бiрiмен байланыс тығыздығын бағалауға
болады. Бұл барлық көрсеткiштер қос байланыстарға жататын болса да
матрицаны регрессия теңдеуiне енгiзу үшiн факторларды алдын алуға, тандауға
қолдануға болады. Тендеуге нәтижелi шамамен әлсiз байланысты, бiрақ басқа
факторлармен тығыз байланысы бар факторларды енгiзбеген дұрыс. Бiр-бiрiмен
функционалды тығыз, яғни корреляция коэффицентi бiрге тең факторларды қосу
мүлдем орынсыз. Мұндай шамаларды енгiзу коэфициенттердiң бұзылған
матрицасына және шешiмiнiң анықсыздығына алып келедi.
Мысал ретiнде зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнің негізгі
экономикалық көрсеткіштерін математикалық талдаудады қарастырайық (кесте-
5).
Математикалық есептеулер жүргiзе отырып, мынадай қорытынды жасауға
болады: корреляция коэффициентi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz