Сақтандыру компанияларының саны


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
І. Сақтандырудың экономикалық мәні, құрылымы . . . 5
1. 1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері . . . 5
1. 2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы…9
1. 3 Сақтандыру секторын дамыту жөніндегі шаралар . . . 11
ІІ. Қазақстандағы сақтандыру компаниялары . . . 13
2. 1 Сақтандыру компаниялары . . . 13
2. 2 «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы туралы . . . 16
2. 3 «Евразия» сақтандыру компаниясы туралы . . . 17
ІІІ. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі . . . 20
3. 1 Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі . . . 20
3. 2 Коммуникацияның деңгейлес жүйесімен сақтандыру компаниясындағы тәуекел-менеджменттің жүйесі . . . 24
3. 3 Бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары
мен дамыту перспективасы . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Аталған курстық жұмыс бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметінің қалыптасу жағдайына талдау жасап, сонымен қатар экономиканың даму сатысына қарай инвестициялық қызметті жетілдіру жолдары мен даму бағыттарын айқындауға бағытталған.
Тақырыптың өзектілігі. Сақтандыру резервтерін және меншік капиталын инвестициялау - сақтандыру компанияларының қаржы-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты, жинақтаушы сақтандырудан жиналған сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау - сақтандыру шарттарын орындаудың қажетті элементі және сақтандырудың тәуекел түрлері бойынша сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау, әсіресе мүліктік тәуекелдерді сақтандыру табыстың қосымша және ауқымды көзі болып табылады.
Қазіргі сақтандырудың инвестициялық рыногында қалыптасқан жағдай сақтандырудың жаңа міндетті түрлерін енгізудің тиімділігіне және өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру үдерісінің дамуына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Халықты әлеуметтік қорғау тиімділігіне қол жеткізіледі, бірақ бұл жаңа сақтандыру қызметінің түрлерін енгізуден келетін экономикалық тиімділігін күткен нәтижеден әлде қайда төмен болуы мүмкін. Басты себеп - ішкі және сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлерін төмендету механизмінің жоқтығымен сипатталатын сақтандыру компанияларының тиімсіз инвестициялық саясаты.
Сақтандырушылардың инвестициялық қызметін жеделдету мүмкіндігінің төмендігі сақтандыру маркетингінде сұранымның дамуы және өмірді ұзақ мерзімге сақтандыруды қанағаттандырудағы негізгі кедергі болып табылады. Көпшілікке мәлім, өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру үдерісіндегі келісімшарт жасау кезінде сақтандыру компаниясы төленетін сақтандыру сыйақысына анықталған пайыздық есептеуді өз міндетіне алады. Инвестиция рыногындағы тұрақсыз жағдай өз міндеттемелерін орындамауға, қаржылық тұрақтылықтың төмендеуіне, тіпті сақтандыру компанияларының өтімділігінің жоғалуына әкеп соғады.
Қазіргі таңда сақтандыру қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында рыноктық әдістермен экономиканы басқарудың негізгі құралы болып табылады. Сақтандыру механизмдерінің ерекшелігі тек қана кәсіпорындар мен азаматтардың мүлкін сақтау ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің макроэкономикалық мәселелерін шешу секілді қызметтерді атқару болып табылады. Сондықтан, рыноктық шаруашылығы дамыған мемлекеттерде сақтандыру әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі экономиканың стратегиялық секторы болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты. Курстық жұмыстың мақсаты - сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін талдау, сақтандыру компанияларының инвестициясын оңтайландыру әдістерін және осылардың негізінде сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасау болып табылады.
Зерттеу пәні - сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің үдерісінде туындайтын қатынастар.
Зерттеу объектісі - Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсатымен және міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Сақтандырудың экономикалық мәні, құрылымы
1. 1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған төн болып келеді:
- қатынастардың ықтималдық сипаты;
- қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда - мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
- сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
- оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
- сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы) .
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіңдегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының бөлу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сонымен, сақтандыруды жүргізуге байланысты өте күрделі, сақтандыруға қатысушылардың әр түрлі сақтандыру мүдделерін көрсететін, әралуан сақтандыруға жататын объектілері мен өте кең шеңбердегі сақтандыру оқиғаларын қамтитын арнайы қатынастар туындайды.
Осы сақтандыру қызметі біртектес тәуекелдер қағидаттарына негізделетін әртүрлі салаларға бөлінеді. Осы сақтандыру салалары өздеріне орай былайынша топтастырылады: сақтандыру объектілері бойынша; сақтандыру өтемдерінің түрлеріне байланысты; баланстың құрылымына байланысты болады.
Сақтандыру объектісіне жеке басты сақтандыру, мүлікті сақтандыру және жауапкершілікті сақтандыру жатады. Ал сақтандыру өтемдерінің түрлеріне байланысты мынадай құрылымды көрсетуге болады: зиян-залалды сақтандыру немесе зиянды қалпына келтіру (өтеу) өзінше үшке бөлінеді: жеке басқа байланысты залалдарды сақтандыру; келісім бойынша төленетін соманы сақтандыру; өмірді сақтандыру; қатерлі жағдайлардан сақтандыру; медициналық сақтандыру. Міне, осындай негіздерге орай залалды және соманы сақтандыру ісі орындалады.
Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.
«Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
- өмірді сақтандыру;
- аннуитеттік сақтандыру.
«Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
- жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
- медициналық сақтандыру;
- автомобиль көлігін сақтандыру;
- темір жол көлігін сақтандыру;
- әуе көлігін сақтандыру;
- су көлігін сақтандыру;
- жүктерді сақтандыру;
- осы тармақтың 3) -7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
- кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
- автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтаңдыру;
- әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- осы тармақтың 10) -14) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру бірнеше тәуекелдіктен тұрады.
Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орны ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарға қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларды құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және езге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Өмірді сақтандыру - азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты сақтандыруға жатады. Жеке басты сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған басқа (сақтандырылған) адам (тұлға) сақтандырылған болуы мүмкін. Өмірді, денсаулықты, еңбек қабілеттілігін және азаматтардың материалдық тұрмыс халін сақтандыру арқылы қорғау сонымен қатар олардың экономикалық мүдделерімен тығыз байланысты және мүліктік, жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.
Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандырады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-кұқықтық жауаптылықты сақтандыру мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.
Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру шарты бойынша тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.
Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандырудың мынадай түрлерін ажыратады: ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды, құрылыстарды, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді (соның ішінде банк салымдары мен банк операцияларын, бағалы қағаздар рыногіндегі операцияларды), жүктерді, мұнай операцияларын (мұнай шығару, оны өңдеу және тасымалдау жөніндегі) және т. т. сақтандыру. Мүліктік сақтандыруда міндетті нысанда көліктің барлық түрімен тасу жасалғанда тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауаптылығы мен автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығы сақтандырылады. 1996 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірісін: көп жылдық өкпелерді, ауыл шаруашылығы малдарын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат-климат жағдайларынан, эпизоотиялардан және басқа дүлей апаттардан міндетті сақтандыру қайта қалпына келтірілді.
1. 2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы
2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 41 сақтандыру ұйымы (оның ішінде 7 - өмірді сақтандыру бойынша), 13 сақтандыру брокері және 63 актуарий лицензияланған қызметін жүзеге асырды. Есепті күнге қарай 32 сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушылар болып табылады. 2010 жылдың 1-ші тоқсанында нарық жандана бастады. Көлемі арта түсіп, 2008 жылғы рекордтық көрсеткіштерге дейін жетті. Өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда жан басына шаққандағы сыйлықақылар өсімі 66% болды, ал компаниялардың жиынтық активтері ең көп маңызға ие болып, осы уақыт ішінде 328 млрд. теңге болды.
Кесте 1. Сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштері.
2010 жылдың І-тоқсанында соңғы кездері жиі байқалатын, сөзсіз көш басына шығатын компания болған жоқ. Нарықтың шоғырлануы бәсеңсіп барады. Жалпы сыйлықақылардың 60% жиналған сақтандыру сыйлықақылары бойынша үздік нәтижелер көрсеткен 5 компанияның үлесіне тиесілі болды. Нарықтың кейбір ойыншылары топ 20-да өз орындарын өзгертті, ал кейбіреулері одан шығып қалды.
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы және оның даму перспективалары туралы» реттеушінің сайтында жарияланған есебінде: «2006-2009 жылдары сақтандыру сыйлықақыларының регресті талдаудың нәтижелері бойынша 2010 жылы сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 120 млрд. теңге болып, 2009 жылдың көрсеткіштерінен 5, 8%-ға артқандығы көрінеді.
Бұл орайда, құжатта банктер мен корпоративтік секторлардың іскерлік белсенділігі төмендеген кезде регресті талдау болжамдарының нашарлайтыны атап өтілген.
ҚҚА пікірі бойынша сақтандыру нарығының даму динамикасы Қазақстанның экономикалық ахуалына тікелей байланысты болады. Оның үстіне, сақтандыру сыйлықақыларының өсімі сақтандырудың ерікті түрлері мен «аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлеміне қарай айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
Сонымен қатар, агенттіктің талдаушылары «өмірді сақтандыру» саласын жоғары бағалауда. ҚҚА деректері бойынша жалпы сақтандыру нарығындағы кері көрсеткіштерге қарамастан бұл сала жақсы дамып келе жатыр. 2009 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақылары 62% көбейді, ал оның жалпы нарықтағы үлесі 8, 2%-ды құрады (2008 жылы 4, 3% болған. )
Есепте: «Жиынтық сыйлықақылар мен (60%) өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының әлемдік арақатынасын ескере отырып (орта мерзімдік болашақта бұл саланың «жалпы сақтандыруға» қарағанда тез дамуы күтіледі) жасалған болжам бойынша «өмірді сақтандыру» бойынша сақтандыру сыйлықақылары жыл сайын орта есеппен 20%-ға өсетін болады», деп айтылады.
Құжатта соңғы екі жылда сақтандыру нарығында сақтандыру сыйлықақыларының түсім көлемі төмендегені, және оның ең алдымен екінші деңгейдегі банктердің халыққа несие беру көлемінің азаюынан, сондай-ақ, корпоративтік сектордың іскерлік белсенділігінің төмендеуінен болғаны көрсетіледі. 2009 жылдың қорытындылары бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жылдық көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға, ал 2008 жылы 9% -ға төмендеген.
1. 3 Сақтандыру секторын дамыту жөніндегі шаралар
2010 жылы сақтандыру делдалдарының қызметін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады, атап айтқанда, сақтандыру ұйымы сақтандыру агенті ретінде қызмет атқаруға тілек білдірген жеке тұлғаларды оқыту жөніндегі талаптарды белгілейтін болады, оқытудың барынша төмен бағдарламасын білу жөнінде сынақ емтихандары өткізіліп, сақтандыру агенттерінің құқықтары мен міндеттері заңнамалық негізде бекітіледі, сондай-ақ сақтандыру агенттерінің комиссиялық сыйақыларын шектеу жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Отандық сақтандыру ұйымдарының қайта сақтандыру қызметінің тиімділігін көтеру, олардың капиталдандырылуының өсуіне ықпал ету мақсатында жеке қайта сақтандыру шарты бойынша да, сондай-ақ жалпы сақтандыру сыныптары бойынша да, резидент еместерді қайта сақтандыру кезінде сақтандыру тəуекелдерінің мөлшері мен сипатына, зияндылық көрсеткіштеріне қатысты жеке ұстап қалу кезінде дифференцацияланған лимиттер енгізілетін болады.
Сондай-ақ корпоративті басқару, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесі құрылымдарын қалыптастыруға қойылатын талаптарын жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Сақтандыру жəне қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданатын тəуекелдерге байланысты жасалатын резервтердің теңбе-тең болуын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру резервтерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz