Қаржы және қаржы жүйесінің мазмұны, қажеттілігі


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Ақша мен қаржының теориялық негіздері
1. 1 Ақшаның экономикалық мәні, мазмұны 5
1. 2 Қаржы және қаржы жүйесінің мазмұны, қажеттілігі 7
1. 3 Шет мемлекеттердегі ақша және қаржы жүйесінің даму тәжірибесі 9
2 Қазіргі әлеуметтік - экономикалық жүйедегі ақша мен
қаржының қызметіне талдау
2. 1 Экономикалық жүйедегі ақша мен қаржының өзара байланысы,
атқаратын қызметтеріне талдау 13
2. 2 Қазақстан Республикасындағы ақша және қаржы жүйесінің қалыптасуы
мен даму жағдайына талдау 17
2. 3 Қазақстан Республикасындағы ақша және қаржы құрылымын басқару,
құқықтық реттеу бағыттары 23
- Қоғамдағы ақша және қаржының дамуындағы
мәселелер және оны шешу жолдары
3. 1 Ақша мен қаржы жүйесінің дамуындағы кездесетін мәселелер және
қаржылық дағдарыс 28
3. 2 Ақша мен қаржының қызмет етуін жетілдірудегі мемлекеттің саясаты 30
Қорытынды 33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 34
Қосымша 35
Кіріспе
Қоғамдағы тауардың ұласқан айналымына қызмет көрсетуді және шаруашылықта есеп айырысуды қамтамасыз етеді, тауар және ақша жиынының қозғалысындағы сәйкестікпен, ақшаның объективті түрде қалыптасқан тауар айналысы қатынастарынан туындайтын жылдамдықпен жұмыс істеуімен, айналымдағы ақша жиынының ақша айналысы заңының талаптарына сай келетін деңгейде болуымен сипатталады. Өндірісті атап айтқанда мемлекеттік, жеке меншіктік өндірісті өркендету ең алдымен, ақша-тауар қатынастарына тікелей қатысты екені айқын. Сөйтіп, қолдағы материалдық, қаржы қорларын ұтымды пайдалану - әлеуметтік - экономикалық міндеттерді түбегейлі шешудің, халықтың өскелең тұтыну талаптарын толық қанағаттандырудың кепілі.
Ақша - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша, тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Ақша - әр мемлекетте тарихи қалыптасқан және мемлекет заңды түрде бекіткен ақша айналымының нысаны. Ақша - айырбастың ұзақ даму нәтижесінің объективті шарттасқан тауар өндірісінің тарихи санаты.
Ақша - бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нақты құнын ескерусіз қалдыратын ақша эмиссиясы елде олардың артығымен пайда болуына және түпкі есебінде ақша бірліктерінің құнсыздануына әкеп соқтырады. Елдегі ақша бірліктерінің тұрақты болуының басты шарты - шаруашылықтың ақшаға деген қажеттілігінің қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз мөлшеріне сәйкесуі болып табылады.
Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы жүйесі шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін қажет ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін еддің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-әркетімен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып - алынған қаражаттарды мемлекет пен онын кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді. Мемлекеттік қаржының көлемі мемлекеттің қоғамдағы өзінің орны мен рөліне байланысты өзгереді. Мемлекеттік қаржының келесідей функцияларын атап өтуге болады: экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық. Әрқайсысьна қаншалықты көңіл бөлуге әрбір мемлекеттің ерекшелігіне байланысты. Мемлекеттік қаржыны қаншалықты дұрыс жұмылдыру және оны тиімді бөлу мемлекеттің қаржы саясатының негізгі міндетіне әкелді. Қаржы саясаты мемлекеттің экономикальқ саясатының негізгі бөлігі болып табылады.
Қаржы жүйесі өзінің экономикалық табиғаты жағынан және жалпы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас. Алайда, қоғамның сан - алуан қажеттеріне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы бірқатар салалардан тұрады. Нәтижесінде өз ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының саласы мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.
Қаржы жүйесі - мемлекет пен кәсіпорынның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, курстық жұмыстың мазмұнын ашуда төмендегідей мақсаттар мен міндеттер алға қойылып отыр :
- ақша мен қаржының экономикалық мазмұнын аша отырып, қажеттілігін көрсету;
- ақша мен қаржы жүйесінің құрылымы, қызметін сараптау;
- ақша мен шет елдердің қаржы жүйесінің даму ерекшеліктерін қарастырыу;
- Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы жүйесінің құрылымын зерттеу;
- Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы жүйесінің қалыптасуы, даму жағдайына талдау жасау;
- Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы саясатының маңызы, міндеттерін анықтау;
- Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы жүйесінің дамуындағы мәселелер мен жетілдіру жолдарымен танысу.
1 Ақша мен қаржының теориялық негіздері
- Ақшаның экономикалық мәні, мазмұны
Ақшаның мән-мағынасы үш қасиетінің бірлігімен айқындалады:
- ақшаға жалпыға бірдей тікелей айырбасталушылық қасиеті тән, яғни оларды тауарлар мен көрсетілген қызметтерге ешқандай шектеусіз әрқашан және барлык жерде қабылдауға тиіс;
- ақша тауарлардың айырбас құнын өрнектейді. Олардың көмегімен тауарлардың бағасын анықтауға болады, оларды тұтыну құны түрлі болатын айырбас қамтамасыз етеді және түрлі тауарлар мөлшерімен салыстырылады;
- ақша тауардың ішіне алынған жалпыға бірдей жұмыс уақытының іске асырылуы болып табылады, яғни ақшаға жұмсалған жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлардың құны өлшенеді. [1; 9б. ]
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Ақша пайда болмай тұрып көп елдерде ақша ретінде малды пайдаланды. Сондықтан латынның сөзі "пекуния" (ақша) деген сөз "пекус" (мал) сөзінен шыққан. Капитал сөзінің шығуы да малмен байланысты, өйткені бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетеді. Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д, Рикардо, К. Маркс және т. б. еңбектерінде-ақ қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А. Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т. б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты. [2; 10б. ]
Ақша айналысының тарихы ақшаның өзі біртекті көлем бола алмайтынын дәлелдейді. Олар әрі шығуы бойынша және өмір сүрген уақыты бойынша, сондай-ақ айналыс жағдайлары бойынша алуан түрлілікте болады. Шындығында ақша нысаны деп ақшаның белгілі бір тұрпатындағы затқа айналған айырбас құнын түсінеді, ол олардың айналыстағы тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ақша түрлі тауар баламаларға, асыл металдарға, борышқорлық міндеттемелерге, банк депозиттеріне айналып ақша нысанын құрайды. Ақша нысаны ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несие ақшалары белгілі. Материалдық-заттай жағынан ерекшеліктеріне сүйеніп ақшаны толық бағалы және толымсыз деп шартты бөлуге болады. Атаулы құны сатып алу қабілеттілігімен үйлесетін ақшаны толық бағалы деп атайды, яғни дайындалған кездегі көрсетілген құны оның құрамындағы металдың (күміс, алтын) құнына сәйкес болады. Оларға алтын және күміс монеталар жатады. Толымсыз ақшаға ақша қатынастарының иесі болатын сатып алу қабілеті тауар құнынан асып түсетіндер жатады. Толымсыз ақшаға барлық билон монетасы, қағаз және несие ақшалар жатады.
Ақша өзінің тарихи даму эволюциясында мынадай кезеңдерден өтті:
- металл ақша;
- қағаз ақша;
- несие ақша;
- электронды ақша.
Сонымен, ақша дегеніміз - бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін жалпыға бірдей баламасы. Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып, капитал, яғни үдемелі құн немесе табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп, ол ақшаның дербес аясы ретінде, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.
Ақша қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Әдістер, қаржы қатынастарындағы ісқимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни щжетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен байланысты болады.
Ақша экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалылық белгісі басқа экономикалык категориялардың - бағаның, еңбекақының, несиетің іс-әрекетіне тән. Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен (салықтар, табыстан (пайдадан) аударылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, субвенциялар және т. б. ), яғни баламасыздықпен сипатталады. Салалық қаржыларда қорлардағы ақшаның ішкі шаруашылықтық мақсатты оқшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады.
Ақша - айналыс қаражаты мен төлем қаражаты міндетін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы.
Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша жиыны ақша айналымының сандық көрсеткіші. Ақша - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар.
Яғни ақша, тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Экономикалық санат ретінде ақшаның мәні олардың атқаратын қызметтерінен білінеді, олар ақшанын ішкі негізін, мазмұнын көрсетеді. Сонымен, ақша тауралар мен көрсетілетін қызметтердің өлшемі болып табылатын, кез-келген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге айырбасталатын ерекше тауар.
1. 2 Қаржы және қаржы жүйесінің мазмұны, қажеттілігі
Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің finаnсіа сөзінен пайда болған француздың «finаniе» сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар - ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды [2; 21б. ]
«Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар - ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын - ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы жүйесі - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты. «Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады. Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз. Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн. Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасыңда қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық - экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
- қаржы қатынастарының жиынтығы;
- ақша қорларының жиынтығы;
- басқарудың қаржы аппараты. [2; 37б. ]
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шарушылылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мына екі сфераны қамтиды:
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Қаржының қажеттілігі объективті мән-жайдан - тауар - ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі нысандарын жасай алады: төлемдердің әр түрлі түрлерін енгізеді немесе күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді. Шаруашылық жүргізу сферасында үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажетіліктерді қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттеріне бейімдеуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Қаржының жүйесінің экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:
- қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
- кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;
- қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;
- қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
- қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементтерінің өзара тендестірілуіне қол жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.
- Шет мемлекеттердегі ақша және қаржы жүйесінің даму тәжірибесі
Экономикасы дамыған елдердің осы заманғы ақша жүйесі алтын - қағаз және несие ақшаларына бөлінбеген жүйеге негізделген. Олардың әрбіреуі ұзақ уақыт бойы дербес дамыса да әрі ұлттық ерекшеліктерге ие болса да, олар көп жағынан бір - біріне ұқсас. Сонымен қатар, әрбір дамыған елдің осы заманғы ақша жүйесінің мәнін толық ашуға мүмкіндік беретін тек өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар.
АҚШ-тың ақша жүйесі. АҚШ-тың ақша бірлігіне айналымға 1786 жылы енгізілген АҚШ доллары жатады. Доллардың атауы бірқатар еуропалық елдерде айналыста болған күміс төлемдерден шыққан. Қысқартылған белгісі - $. Бір доллар 100 центке тең. Бүгінгі таңда айналымда 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 долларлық кұны бар купюралар мен 1, 5, 10, 25, 50 центтік құны бар тиындар және 1 доллар қолданылады. Қолма-қол ақша эмиттенттеріне Қаржы Министрлігі (қазына мекемесі) және федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) жатады. Қазына мекемесі айналымға 1-ден 10 долларға дейін құны бар ұсақ купюрлі ақша белгілерін, сондай-ақ 100 долларды шығарады, монеталар күмістен, никелден және мыстан дайындалды. Қазына мекемесі шығарған купюрдың айрықша белгісіне ондағы «Құрама штаттар билеті» дейтін жазу, - «UNITED STATES NOTES» жатады. Қолма-қол ақша белгілерінің негізгі массасын айналымға ФРЖ шығарыды. Онда «FEDERAL RESERBE NOTES» дейтін жазу болады, сондай-ақ оларды шығарған федералдық резервтік банктің нөмірі көрсетіледі. АҚШ-тағы қолма-қол ақшасыз ақша эмиссиясы басқа шетелдерге және коммерциялық банктерге жүзеге асырылады. Олармен айналымға чектер, вексельдер, пластикалық карточкалар, электрондық ақшалар шығарылады. Экономикалық айналымда қолма-қол ақшасыз ақшаның үлес салмағы көп, әрі бұл үлес салмақ өсу тенденциясына ие. АҚШ-та ақша массасы классикалық ақша - несие саясатының құралдарымен реттеліп, басқарылады: құнды қағаздардың ашық нарығандағы операциялар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өзгерісі, коммерциялық банктер мен несие жинақтаушы мекемелердің міндетті резерв талаптарының өзгерісі.
Ұлыбританияның ақша массасы. Ақша бірлігі (өлшемі) - фунт стерлинг. Бұл ақша бірлігі мұндай атаумен XII ғасырдан бастап айналымға енген. 1964 жылы айналымға алғашқы қағаз банкноттар шығарылды. XIV ғасырда пайда болып XVIII ғасырдың соңына дейін күміспен бірге айналымда болды, яғни елде биметаллизм жүйесі орнықты. [3; 150б]
Ақша жүйесі 1971 жылға дейін он екі еселік принцип бойынша құрылған болатын. Бұл 1 фунт стерлингтің 240 пенстен тұратынын, ал әрбір жиырма пенстің 1 шиллингті құрайтынын білдіреді. Бүгінгі таңда 1 фунт стерлинг 100 жаңа пенсті құрайды және айналымда - Англия Банкінің 5, 10, 20, 50 фунт стерлингтік құны бар банкноттар, монеталардан - 0, 5 пенни, 1, 5, 10, 20, 50 пенстер, 1 фунт стерлинг. Оның үстіне, айналымда 5, 10 және 25 пенстерге сәйкесетін 1, 2 және 5 шиллингтік құны бар ескі монеталар сақталған. Қолма-қол ақша (банкнот) эмиссиясының монополиялық құқығына Англия Банкі ие. Эмиссия мөлшерінің шамасын қазына мекемесі анықтап, Парламент бекітеді. Қазына мекемесі айналымға монеталарды, ал коммерциялық банктер қолма-қол ақшасыз айналым ақшаларын шығарыды. Англия Банкі айналымдағы ақша массасын ашық нарықтағы операциялар, банктің есептік мөлшерлемелері, міндетті резервтік талаптар секілді ақша - несие саясатының құралдарымен басқарып, реттейді.
«Евро» еуропалық валюта зонасы. Бүгінгі танда Еуропалық Одақта (ЕО) ақша жүйесі бар. Ол Еуропаның 24 дамыған елі кіретін еуропалық ұжымдық «евро» ақша бірлігіне негізделген. ЕО-ның еуропалық ақша жүйесі 2001 жылы құрылды және евроның ақша бірлігі алдымен қолма-қол ақшасыз айналымның есеп айырысу бірлігі ретінде енгізілді, ал 2003 жылы қолма-қол ақша айналымына банкноттар мен монеталар түрінде қағаз ақшалар шығарылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz