Қазақ өнері мен мәдениеті меценаттардың қолдауына қашанда зәру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.
І ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.: 1. 1 Қазақ жеріндегі меценаттық пен қайырымдылықтың дәстүрлері.
: . . . 6-8
І ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.: 1. 2 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қайырымдылықты қолдайды.
: . . . 9-13
І ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.:
:
І ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.: 2 ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.
:
І ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.: 2. 1 Қазақстандағы қайырымдылық әрекеттері.
: . . . 14-18
І ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.: 2. 2 Қоғамдық қайырымдылық қорлары.
: . . . 19-21
І ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.: 2. 3 Қайырымдылық саясатын қаржымен қамтамасыз етудің механизмдері.
: . . . 22-25
І ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.:
:
І ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.:
:
І ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.: ҚОРЫТЫНДЫ
: . . . 26-28
І ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.:
:
І ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ.: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
: . . . 29-30


1. Қайырымдылық - әлеуметтік-мәдени қызметтің бір түрі ретінде.

1. 1. Қазақ жеріндегі меценаттық пен қайырымдылықтың дәстүрлері.

Ұлттың ұлт болып, мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуына жекелеген адамдар тарапынан жасалатын игі істердің де шешуші маңызы бар екенін көп жағдайда ескеруге тура келеді. Олай дейтініміз, тәуелсіздік алған жылдары елімізде тұралап қалған экономикалық жүйені қалыпқа келтіру бағытында Елбасының салиқалы саясатымен көптеген істер жүзеге асырылды. Ең алдымен, халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмыс-тіршілігінің оңалып кетуіне жіті мән берген саяси жүйе бүгінде өзінің дұрыстығын дәлелдеді. Сол себепті де бұл мәселеде қолға алынып жатқан істердің мән-маңызын талдап-талқылауға, тереңіне ой жіберуге, жаңа уақыт тұрғысынан өткенге зер салуға парасат-пайым қажет.

Қоғам болсын, адамдық ізгі ниеттен туындайтын амал әрекеттер болсын, барлығының өзара байланысқан жүйесі болатыны рас. Мәселен, бір адамға екінші адамның әсері болатыны тәрізді, қоғамдық, саяси мәдени жүйеге де өз ықпалы арқылы жаңа серпін, жаңа леп алып келетін адамдар болады. Ондайларды біз әдетте, бірнеше категорияларға бөліп, мемлекет үшін жасаған істеріне қарай топ-топқа бөліп қарастырып жатамыз. Нақтырақ айтсақ, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетіне, білімі мен ғылымына, өнеріне өлшеусіз үлесін қосып келе жатқан тұлғаларға демеу болып, шығармашылықтарына қаржылай, материалдық қолдау көрсетіп келе жатқан еліміздің Атымтай жомарттары аз емес. Оларды қазіргі заманның тілімен айтқанда «меценаттар» деп атаймыз. Сол меценат мырзалардың арқасында көптеген игі іс-шаралар тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай жалғасын тауып келеді. Олардың өнер мен мәдениетке қосқан үлестері ел есінде. Жалпы алғанда, белгілі бір салаға меценаттық көмек көрсетіп, сол бір саланың жанданып кетуіне мүмкіндік тудыратын адамдардың табиғатын бір сәт зерттеп, ішкі болмыстарына үңіліп көрдік пе өзі? Олар жалпы қандай адамдар? Білетініміз, олар - кәсіпкер, өмірде керемет жетістіктерге жеткен қалталы азаматтар. Алайда қалталы азаматтардың барлығы дерлік шығын шығарып, тәуекелге бел буа бермейтіні тағы бар емес пе? Бұл жерде басы анық бір мәселе, кез келген меценат «еліне, халқына жаны ашып, сол елдің өнері мен мәдениетінің гүлденіп, көркеюіне үлес қоссам» дейтін ниеттен туындайтын ойлардың жетегінде болуы тиіс шығар. Солайы солай ғой, бірақ оның астарында белгілі бір мақсатты көздейтін, бір жағынан, өзінің де атын шығарып, қоғамға белгілі болуды армандайтындар да жоқ емес. Сол себепті меценаттық көзқарастың байыбына барып, оның мәнін тереңінен білу қай-қайсымыз үшін маңызды. Меценат болу - әр адамның қолынан келе бермейтін іс. Ол үшін дәулетті, тапқан табысыңның көлемі біреуге қолдау жасайтындай дәрежеде болуы керек.

Тарихтан көптеген Атымтай жомарттардың есімін білеміз. Шежірелік деректерге зер салсақ, олар өздерінің көмегін көбінісе білімге жұмсаған. Оқу орындарын ашып, мектеп-медреселер тұрғызып, халықтың оқу-ағарту ісіне үлкен еңбек сіңірген, яғни олар білімге қолдау көрсету арқылы ұлт болшағының негізін салды. «Бүгінгі меценаттар қайдан шықты» деп ойға берілудің қажеті жоқ. Ел басына күн туған шақтарда, халық аш-жалаңаш күйге түскен кездерде біздің елдегі ауқатты, дәулетті адамдар да аянып қалмаған. Мүмкін болғанынша бір елді, бір рулы аймақты қарамағына алып, малмен, отын-сумен қамтамасыз еткендері де аз болмаған. Қазақ халқына қосарлана айтылатын қасиеттердің бірі, осы - жомарттық. Неге? Себебі қазақтың жомарттығы байы тұрмақ, кедейінде де бар. «Үйдегі жалғыз атын сойып беріп, жүген ұстап қалады ертеңінде» деген сияқты өлең жолдары осы жайды аңғартса керек. Әрине, елдің, ұлттың болашағы дегенде ішкен асын жерге қоятын азаматтарымыз жетерлік. Бар болғанына шүкір дейсің. Асылында, «байлық - мұрат емес, жоқтық ұят емес» дейтін қазақ мақалының астарына үңілсең, байлықты мұрат санамаған, оны тек басқаға көмек қолын созатын мүмкіндік есебінде көретіндер де бар. Олардың «байлықтың жөні осы екен» деп, өз қаражаттарын орынсыз шашып, ысырап қылып жатқанын байқамайсың. Ұлтына пайдасы бар-ау дейтін жерде аянып қалмайды. Міне осындай абзал қасиеттерді көре отырып, қазақ меценаттарының ең бірінші халықтың игілігіне, өнері мен әдебиетіне, мәдениетіне бөліп отырған қаржылары үлкен демеу болары анық. Меценаттардың елімізде көптеп көрінуі - мемлекеттік экономиканың дамып отырғанының бір белгісі. Елдің, халықтың жағдайы жақсара түскен сайын, оның арасынан бақуатты азаматтар да шыға бастады. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» деген шаралар да кеңінен дамытылып отыр. Сондықтан да Елбасымыз айтқан «алдымен - экономика, содан кейін - саясат» тұжырымы да осы жағынан келгенде оң өзгерістердің пайда болуына ықпал етіп отыр. Жекелеген меценаттардың жасаған игі шараларынан бөлек, бұл саладағы мемлекеттің жасап отырған жұмыстарын да атап өткеніміз ләзім. Шығармашылық адамдарына тағайындалатын арнаулы стипендиялар да - осы игілікті істің дәлелі. Мемлекетіміз қашанда өнер мен мәдениет өкілдеріне қолдау көрсетіп келеді. Әрине, өнер өнер үшін емес, өнер халық үшін болғандықтан, кез келген шығармашылық сала, ол, ең алдымен, жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруға, мәдениет пен руханияттың дамуына қызмет етеді. Қазақ өнері мен мәдениеті меценаттардың қолдауына қашанда зәру. Мәселен, халықтың мүддесін қорғап, солардың үні мен мұң-мұқтажын тиісті органдарға жеткізіп жүрген кейбір қалам иелері, журналистер қауымы үйсіз-күйсіз жалдамалы пәтерлерде күн кешіп жүр. Біздің елдің меценаттары осындай мәселелерге де назар аударса деген де тілек бар.

Ең бастысы, меценаттық жанашырлық, шын мәнінде, жүректен, таза көңілден шықса игі. Сонымен қатар бір күндік көмек көрсетіп, артынан үнсіз кететіндері де табылады. Қалай дегенмен де, меценаттық атақ пен даңққұмарлықтың емес, шынайы жүректен туындаған ықылас болуға тиіс. Қазақтың бағына біткен және де сол шыққан биігінде ел есінде сақталып қалған меценаттар, шын мәнінде, ұлттық өнердің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Бүгінде жыл сайын өткізілетін «Дарабоз» сынды балалар әдебиетіне арналған сайысқа демеушілік жасап келе жатқан Бауыржан Оспанов деген қазақтың патриот азаматын ерекше атап өтуге болады. Қойып отырған ақшалай жүлделері де қомақты. Ел меценаттары осындай көңіл бөлінбей, қараусыз қалып жатқан өнер мен әдебиет салаларына дер шағында үн қатып, қолдау көрсетіп отырса дейсің. Соңғы кездері балалар әдебиетіне жазылатын туындылардың саны күрт төмендеп, балаларымыз не оқитынын таппай қалған болатын. Сол олқылықтың орны толып, бүгінде балалар шығармаларының саны артып, талай кітаптар басылып шықты. Міне, азаматтық биіктіктің шыңы деп осындай жайларды айтуға болады.

Меценаттық пен қайырымдылықтың дәстүрлері қазақ жерінде ежелден бері тараған. Біреулер үшін ол сәнге айналса, енді біреулер үшін өмірдің қалыпты жағдайы ретінде көрінді. Есенқұл Маманов сонау 1914 жылы «Айқап» журналында «Романға бәйге тігемін» деп ашық хат жариялауынан қазақтың әдебиет өнеріне деген қамқорлығын аңғаруға болады. Жәңгір ханның халықты ағарту ісіне қосқан үлесі, Құнанбай қажының 1824 жылы салдырған мешіті, хазірет Нұрфайыз Байғарин, Тәбей Барлыбаев, Нұрмұхамет Зәбіров және тағы басқалары мешіт-медреселер салдырып, жас қауымның білім алуына зор ықпал жасаған. Қазіргі заман меценаттарының ішінде де мақтанышпен айта алатын есімдер баршылық. Кешегі уақыттары «Атамұра» корпорациясын басқарған, бүгінде Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қазақ өнері мен мәдениетіне көрсеткен қамқорлығы, айтыс өнерін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі ерекше. Амангелді Ермегияев, Өмірзақ Сәрсенов, Нұртай Сабильянов сынды азаматтарды қазақ меценаттығының жарқын үлгісі деп айтуымызға болады. Әсіресе өнер мен мәдениетке аса қолдау қажет болған өтпелі кезеңдерде жасаған жомарттықтары халық есінде сақталғаны сөзсіз. Әрине, меценаттар бүгінде де бар. Олардың қатары жыл сайын көбейіп жаңа есімдермен толыға түсуде. Ең бастысы, меценаттық шаралар дәулетті адамның өзін-өзі танытуы үшін емес, шын көңілден болып жатса, нұр үстіне нұр. Ал олардың есімдерін атап, құрмет-қошемет көрсету, алғысқа бөлеу еткен еңбектеріне қарай жасала берері белгілі. Біздің елде жеке адамдардың қайырымдылық ісімен айналысатындары да көп. Бір қызығы, олар өз аттарын атамай, жасырын қалуды жөн санайды екен. Қандай жолмен болса да, мұқтаж жандарға көмек беріп, қиындықтан құтылуға жәрдемдесіп жатса, бұл да болса сауапты істердің бірі емес пе?

1. 2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

қайырымдылықты қолдайды

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жайында мәселе соңғы уақыттарда жиі көтеріле бастады. Осыдан біраз жыл бұрын бұл жайында айту ертерек олатын, көптеген ұйымдар ол уақытта өндірістерін жаңадан дамытып жатқан, және мемлекет бизнесмендерге аяқтарына тұрып, Қазақстан экономикасынан өз орындарын алуына уақыт берген.

Бүгінде сол ұйымдардың көпшілігі өндірістік алыптарға айналып үлгерді. Басшылар әлеуметтік сұрақтарға көп көңіл бөле бастады. Мемлекет және бизнес арасындағы әлеуметтік серіктестік жайындағы алғашқы бірлескен әрекет шамамен 10 жыл бұрын жасалынған. Дәл 1998 жылы Қазақстанда Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы құрылды. Зейнетақы жарналарының толыққанды және уақтында берілуі-бизнестің қоғам алдындағы жауапкер шілігін түсінуі. Бүгінде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығында мәліметтерді электронды өңдеуді қолданатын әлеуметтік төлемдерді тіркеуді ұйымдастыратын және іске асыратын жаңа технология енгізілген, жердемақы мен зейнетақы алушыларының орталықтанған базасы құрылған. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қызметінің негізгі бағыттары: Мына тағайындаулар мен төлемдер бойынша құжаттарды қабылдау:

-Зейнетақы,

-Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (мүгедектігі

бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша,

жасына байланысты)

-№ 1 және № 2 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы

жәрдемақылар

-Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар (17 түрі)

-Баланың туылуына байланысты біржолғы берілетін

жәрдемақы

-Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байла-

нысты әлеуметтік төлем

-Жерлеуге арналған жəрдемақы: зейнеткерлерді,

ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін жерлеуге

жәрдемақылар

-«Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ-нан (еңбекке жарамсыздығы жағдайында, асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда, жүктілік пен бала тууға байланысты, Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байла- нысты әлеуметтік төлемдер) 006 жылдың 1 шілдесінен бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы базасында біріңғай тіркеу орталығы құрылды. Нәтижесінде Жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған салымшылардың саны жөнінде объективті ақпарат алуға, қосарлы және одан да көп зейнетақы шоттары мәселесін ашуға мүмкіндік туды. Сол арқылы «Бір салымшы-бір қор» принципін сақтауға жол ашылды.

Сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі де өзгерді. Бұрын егерде, жұмыс беруші әр Қорға жеке рәсімдесе, енді қорды көрсетпей-ақ барлық жұмысшыға бір ғана тапсырып құрастырылады және жарналар Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударылады. Салымшы қорын өзгерткен жағдай да, жұмыс беруші аударым процедурасын өзгертпейді, яғни төлем құжаттарын құрастыру бойынша есептік бағдарламаларды өзгерту шығыны болмайды.

Бұрын қателік болған жағдайда, жұмыс берушіге Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан барлық жұмысшы бойынша барлық сумма түгелдей қайтарылатын. Енді тек қате толтырылған реквизиттардың ғана суммасы қайтарылады. Жасалынған жұмыстар зейнетақылық жарналарды аудару процедурасын белсендендіріп қана қоймай, жеңілдете түсті, сол арқылы мүмкіндігінше жұмыс уақытын және бюджет пен жұмыс берушінің қаражатын үнемдеуді қамтамассыз етті. Әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне әлеуметтік бөлулердің мерзімділігі мен жүйелілігі маңызды әсер етеді. Яғни, нақты адамға тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшері жұмыс беруші қаншалықты жауапты болғанына байланысты. Бізде мемлекеттік жауапкершілігі қатал бекітілген, себебі біз бірінші деңгейдеміз. Мүгедектігі бойынша, асыра-ушысынан айырылғанына байланысты, жүктілікке және бала тууына байланысты біз ескі жүйені қалыптастырдық, бізде бұл рөлді мемлекет атқарып келген. Ал жұмыс беруші мен азаматтың өзі бұл үрдіске қатыспайтын. Және біз бәріміз белгілі бір деңгейде өзімізге жауаптымыз және өкінішке орай ешкім кәрілік, мүгедектік, асыраушысынан айырылу сиякты қатерлерден сақтандырылмаған. Бір уақытта, халықаралық тәжірибені зерттей отырып, бірінші деңгей бойынша мемлекет өзінің әлеуметтік бағытталғандығын көрсетіп, өз міндеттерін атқара білді, ал бұдан кейін екінші деңгей-әлеуметтік сақтандыру болып табылады, сақтандыру дегеніміз-бұл жұмыс берушінің барлық қауіптерден жұмысшысын сақтандыруы. Ана мен баланы әлеуметтік қорғау мәселесіне үлкен мән бере отырып, елбасымыз өзінің кезекті Қазақстан халқына жолдауында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілік және бала туу, аналығына байланысты міндетті сақтандыру түрін енгізді. Осыған байланысты 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдерді беру іске асырып жатыр. Атап өту керек, егер бұрын жүктілік пен бала тууына байланысты әлеуметтік жәрдемақыны және еңбек демалысын жұмысшыға жұмыс беруші өз қаржысынан төлеп тұруға міндетті болған. Ал қазір бұл төлемдер әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін болды.

Ана мен баланы міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты 2009 жылдан бастап әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударылатын жұмысшылардың төлемі кезең бойынша көбейді. Сақтандыру қызметін көрсету арқылы әлеуметтік кепілдемелермен қамтамассыз ету. Мемлекеттік ануитетті компания Қазақстанда ануиеттік сақтандырудың дамыту мақсатында құрылған алғашқы және жалғыз мемлекеттік мамандандырылған ұйым. МАК негізгі міндеттерінің бірі-жұмысшының еңбек міндеттерін атқару кезіндегі өміріне және денсаулығына төнген залалдарға жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі және зейнетақымен қамтамассыз ету жөніндегі заңдарының орындалуына көмек беру. Жұмыс берушіге компания ануитетті сақтандару қызметін ұсынады, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жұмысшы тосын оқиғаға тап болған жағдайда, яғни жұмысшы мүгедек немесе қаза тапқан жағдайда МАК зардап шеккен жұмысшыға немесе оның қарауындағы жандарға әлеуметтік төлемді іске асырады. Айта кету керек, жұмысшы өз қызметкерлерінің өмірін сақтандырған жағдайда, салық кодексінде кіріс салығы және әлеуметтік салықтарды төлеуде салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінгі күні Қазақстанның 700-ден астам ірі мекемелерімен ануитетті келімшарттар жасалған. Мемлекеттік ануитетті компанияның серіктестерінің арасында Қазақстанның ірі өндірістік мекемелері-«Миттал Стил Темиртау» АҚ, АО «Алюминий Казахстана» АҚ, «Қазақмыс» корпорацирясы, «Қазақтелеком» АҚ және тағы басқалар. Еңбек қорғау стандарттарын сақтау-жұмыс орындарында қауіпсіздікті қамтамассыз етудің маңызды шарты болып табылады.

Жыл сайын еңбек қызметіне байланысты әлемде 2 миллионнан астам адам қаза тауып, 200 миллионға жуығы аурусырқат алады. 2003 жылы Халықаралық еңбек қорғау ұйымы қаза тапқандары еске алудың халықаралық күні концепциясын өзгертуді ұсынды, және негізгі упор өндірісте орын алуы мүмкін тосын жағдайларды және кәсіби сипаттағы ауруларды алдын алуға берілу қажеттігі жайында айтылды. Сонымен қатар, 3 ереже шығарылған:

1. Өндірістегі өлімдер алдын алуға мүмкіндігі жоқ фотальды жағдай емес;

2. Тосын жағдайлар-өздігінен орын алмайды;

3. Ауру-жоқ жерден пайда болмайды.

Барлық тосын жағдайлардың себебі бар-көпшілік қайғылы жағдайларды алдын алуға болады. Еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық ғалыми зерттеу орталығының маңызды міндеттерінің бірі-республиканың өндіріс орындарындағы жарақат алу деңгейін төмендету. Ғылыми орталық қызметкерлері үш жыл ішінде отызға жуық ғылыми зерттеулер жүргізген, олар «Миттал Стил Темиртау» АҚ, «Қазақмыс» корпорацирясы, «Тау машиналары» зауыты, Энергия зауыты сынды мекемелер тәжірибесінде сәтті қолданып келеді. Зерттеулердің тәжірибеге ендірілуі тосын оқиғалардың және жұмысшылардың кәсіби ауруға ұшырауларының санын төмендетуге көмектеседі. Осылайша Қазақмыс корпорациясында үш жыл ішінде тосын оқиғалардың саны біржарым есеге қысқарған. Бүгінде, біздің бизнес толығымен аяғына тұрып үлгерді, және қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге көптеп көмектесе алады. Бұл үшін біз әлеуметтік индикаторлар қай бағытта жасалуын, бұл мәселелерді шешу үшін бизнес қандай мөлшерде көмектесуі керектігін анықтап алуымыз керек. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің ішкі және сыртқы түрі бар екендігі белгілі. Бизнес құрылымдармен бизнестің ішкі жауапкершілігі бойынша келісімшартқа отырғымыз келеді, мұнда біз жауапкершіліктің қандай да бір шегін, мысалы компанияның жылдық табысының қандай минималды бөлігі жалақыны төлеуге, техника қауіпсіздігі үшін, еңбек жағдайын жасауға, қызметкерлердің квалификациясын арттыруға жұмсалатындығын анықтап алуымыз керек. Және сыртқы жауапкершілік-бизнес өзі орналасқан аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешуі. Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі-бұл бизнестің қоғамға әсері. Шешім қабылдаушылардың, сол шешім әсер етушілердің алдындағы жауапкершілігі. Әлеуметтік жауапкершіліктің бұл анықтамасы тіптен тамаша. Және толығымен шындыққа айнала алмайды, себебі бір ғана шешімнің салдарын есептеу мүмкін емес. Бірақ әлеуметтік жауапкершілік бұл ереже емес, ол этикалық принцип, және шешім қабылдау ісіне міндетті түрде әсер етуі керек

Сонымен қазіргі уақытта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің

бірнеше үлгілері жасалған.

-Ағылшын-американадық моделі

-Европалық модель

-Аралас модель

Ағылшын-американдық модель:

Бұл модель XIX ғасырдың басынан бастау алған болатын. Бұл жағдайда жауапкершілік-жұмыс табумен және оларға жалақы төлеу арқылы еңбек жағдайын жасау болды. Сондай-ақ салық төлеуді уақытылы жүзеге асырып тұру міндеті кірді. Көптеген қоғамдық қатынастар әлі күнге дейін өзін-өзі реттеумен қалып отыр. Соның ішінде еңбек қатынас сферасында жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы екіжақты келісім кезінде медициналық сақтандыру ерікті түрде болып қалған. Екінші жағынан АҚШ-та мысалғы бизнесті әлеуметтік қолдауына қатысу миханизмін қалыптастырған, яғни корпорациялық қор арқылы әр түрлі әлеуметтік проблемеларды бизнес есебінен шешеді. Сондай-ақ қызметтегі әлеуметтік жауапкершілік және қайырымдылық жасайтын корпорацияларға заңдық негізде көрсетілген белгілі бір салықтық жеңілдіктер мен льготалар қолдануға заң жүзінде мүмкіншіліктер туады.

Европалық модель: Бұл модельде егер белгілі бір бизнес салықты көп төлесе, сол құрлым мемлекет сол қаржыға әлеуметтік бағдарламалар ұйымдастырады. Бизнес өз жұмысын табысты жүргізу керек және дұрыс жоғары көлемде салықтар төлеуі тиіс, ал мемлекет бұл қомақты қаржыны тиімді бөліп, әлеуметтік қажеттіліктерге тиесінше жұмсайды. Және де «мемлекеттік» мамандар ойынша, мемлекеттің басты жұмысы-оптималды салықпен қамтамасыз ету жағдайын сәйкесінше заң жүзінде жасап, содан түскен қаражатты экономиканы дамытуға қажетті маңызды секторларды қаржыландыруға бөлу, ал олар «локоматив» сияқты, өндірістің басқа салаларын өсіруге себепші болумен қатар, жаңа жұмыс орындарын тауып, жалақыны мүмкіндігінше жоғарлатып, жалпы аймақтағы тұрғындар мен жалпы халықтың жағдайын жасап, мемлекеттің әлеуметтік базасын нығайтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туған жер бағдарламасы жобасын даярлау
Астана қаласына теміржолшылар балаларының келуін ұйымдастыру
17 ғасырдың музыкалық мәдениеті
Халық шығармашылығының публицистикалық қыры
Айша бибі кесенесі туралы
Әл – Фарабидің көзқарастарының қалыптасуының әлеуметтік және идеялық алғышарттары
Егемен мемлекеттің құрылуы
Көне қазақтың рухани мәдениеті
Адамзат тарихының күре тамыры – мәдениет
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне тәрбие жұмысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz