Қаланың рекреациялық инфрақұрылымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. ҚАЛАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Қалалардың пайда болу негіздері мен эволюциясы

2. ҚАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

2. 1. Алматы қаласының инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуы

2. 2. Әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері

3. Қаланың стратегиялық дамуы жоспары мен бағдарламасы

3. 1. Қалалардағы басқару жүйесін жетілдіру жолдары

3. 2. Алматы қаласының 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық дамуы

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қалардың дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету.

Қазақстанның әрбір қаласы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір қала, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, ел басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік құрайды. Сондықтан мемлекет туралы білім оның барлық айналымын жан - жақты зерттеуден құрылады.

Қалалның экономикалық мазмұны рационалды, ғылыми негіздерден саясат пен стратегия әзірлеуді талап етеді.

Алматы аумағында эконмикалық қызметтің салааралық құрылымдарын қайта ұйымдастыру ұсынылады. Оның ішінде: ғылымның, білімнің, мәдениеттің және жоғары технологиялық өнеркәсіптің ролін сақтау; өндірістік, іскерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, қызмет көрсету, туризм және рекреация саласын ынталандыру; экологиялық қауіпті және ресурсы сыйымды өндірістерді қайта ұйымдастыру.

Қазіргі кезде әрбір қалалардың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты нақты экономикалық мәселелерді шешуде дифференцияланған бағытты қолдану ерекше маңызды тек қалалның барлық табиғи, экономикалық, демографиялық, геогрфиалық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдайларын жан - жақты қатаң есепке алу ғана экономиканың көтерілуіне қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мақсаты - қалалардың тұрақты дамуы мен эволюциясын зерттеу.

Мақсатқа сай оның негізгі шешуін табатын міндеттері төменде анықталған:

- қаланың даму тарихын қарау

- қалалардағы даму жүйесінің жетілдіру жолдарын қарастыру

- Алматы қаласының аумағын дамыту жолдарын зерттеу

- Алматы қаласының әлеуметтік - экономикалық жағдайын талдау

Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен статистикалық басқарманың материалдары, арнайы құқықтық және нормативтік құжаттардан тұрады.

  1. ҚАЛАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІҚалалардың пайда болу негіздері мен эволюциясы

Б. з. д. 10 - 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел - ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.

Б. з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылдыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердәң даму, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдары табылған.

10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер жіне ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел - осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхейі. Бұл дирхейде алғаш рет қала аты аталынады - Алматы.

15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі деградацияға ұшырады. Бұл кезең Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихына әсер еткен саяси үрдістерге толы болды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығы мен өз тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғасына бай.

1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті. 1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный дұрыс салынбаған, бір жағы кіші Алматы өзенінің бойында орналасқан ағаштан қаланған бесбұрышты құрады. Кейіннен ағаш кірпіш тастарына ауыстырылды. 1 шілде 1855ж. Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды. [1]

1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша бұл атау өзгертіліп Верный қаласы болып өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный Вернинск уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды. Жетісу ауданының бірінші губернаторы Г. А. Калпаковский болды.

Бірінші қала жоспарының авторы Н. Криштановский болды. Оның жоспары бойынша қала өлшемдері өзгертілді. Оңтүстігіне қарай Алматы өзенінің маңайы 2 км. ; батысына қарай 3 км. Шөп, жылқы және көк базарлары 4 парктер салынды. Жаңа қалаға берілген аумақ төртке бөлінді. Үй құрылысы үшке бөлінді. Бірінші мен екіншілері 2 қабатты қала ішіндегі үйлер болды. Ал соңғылары қала сыртындағы үйлер. Құрылыс үшін жер учаскелері сатылды.

Негізгі әкімшілік мекемелер қала паркінің жанынан салынды (қазіргі 28-гвардейшы-панфиловшылар паркі) .

Бірінші қала архитекторы Г. Н. Серебряников болды (1839-1883) .

1887ж. 28 мамырда Верный қаласында күшті жер сілкінісі болды. Таңғы сағат төртте болған жер сілкінісі бүкіл қаланы қиратты. Әсіресе үлкен кірпіштен қаланған үйлер қирады. 1887 ж. 1маусымда Жетісу ауданының губернаторының бұйрығымен кірпіштен қаланған үйлердің орнына ағаштан үйлер қалана бастады.

Жер сілкінісі зардаптарын анықтау үшін және ол қайталанған жағдайда жасалатын шаралар жүргізу үшін профессор И. В. Мушкетов басқарған комиссия құрылды. Жер сілкінісінен кейін үйлер бір қабатты және ағаштан немесе саманнан жасалынды. Қаланы қалпына келтіруде үлкен үлес қосқан инженер-архитектор А. П. Зенков болды. Ол бірінші болып жер сілкінісіне қарсы құрылыстың принциптерінің жоспарын жасады.

1909 ж. «Россия Полное географическое описание нашего Отечества» атты жинағында Верный қаласы былай суреттелді: Верныйда Жетісу ауданының барлық мекемелері және түркістан мен ташкент епископтар орындары бар. Қала халқының саны 37000 адам (26 мыңы орыстар, қалғаны тараншы, доңған, сарт, татар, қырғыз өкілдері), мұнда 2100 тұрғын үй, 9 шіркеу, 4 мешіт, 18 оқу орны, кішігірім аудандық музей, 313 жұмысшы істейтін 66 зауыт пен фабрика бар. Қала кірісі 119515 сом, шығын 119113 сомды құрайды.

Қаланың екінші және соңғы архитекторы Поль Гурдэ (1846-1914), қала елтаңбасының авторы. 1918ж. 2 наурызында қалада кеңестік билік орнатылды. Аудандық атқарушы комитет сайланды. Оның басшысы П. М. Виноградов болды. 1921ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деп аталынды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитет бұйрық шығарды: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма Атаға өзгертілді».

1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызыл-Ордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV Бүкіл Қазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады. 1930 ж. 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Бұл екі ірі экономикалық аудандарды, яғни Сібір мен Қазақстанды қосты. 1 мамырда Түркісіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді. 1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды. Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.

1929 ж. күзінде қала халқы 100 мың адамға жетті. 1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған. Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жж. арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6, 5 млн. қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2, 9 млн. сом, коммуналдық шаруашылыққа 2, 2 млн. сом қаржы бөлінді. Тұрғын үй және мектеп құрылысы, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелер құрылысына бірінші болып беріле бастады.

Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту негізделді. [2]

1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала аумағы үлкен өзгерістерге ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, 26 мың көшірілегендерді қабылдау үшін жер босатылды. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.

1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарымен негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғану қолға алынды.

«Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне қарсы көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.

Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы Сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, медеу спорттық кешені т. б. құрылыс орындары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық таза, қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат Алматының «бау-бақша қаласы» атын сақтау мен дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын дамыту, жол көлігін нығайту, метрополитен енгізу.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды. 1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының міртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады. Жетісудағы почта байланысы Верный қаласының пайда болуы және өсуімен тығыз байланысты. 1860 жылы 24 қазанда Верный қаласында бірінші пошта бөлімшесі ашылды.

20 ғасырдың басында Верный қаласында байлыныс өте баяу дамыды. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда не бары 250 пошта-телеграфтық орталық болды. Верный қаласы облыстың әкімшілік орталығы болғандықтан, телеграфтың байланыс басуы қалалар және елді мекендермен байланыстырып тұрды. Верный қаласының біріккен пошта-телеграфтық ретінде жұмыс атқарды, және Ташкен қаласында орналасқан Түркістан аймақтық пошта-телеграфтың кеңесіне бағынды.

Кейбір деректерге қарағанда 1913 жылы, бұл бөлімше кішігірім ғимаратта: Достық (бұр. Колпаковский), Жібек жолы (бұр. Торговая), және Гоголя (бұр. Штабная) көшелер қиылысында орналасқан еді. Кейінірек пошта-телеграфтық кеңсе шөп базарының жанындағы ғимаратқа көшірілді (Пушкин көшесі, «Саяхат» автобекетінің алаңы) . Бұл пошталық бөлімше Ташкен, Семей, Пішпек және Шәуешек (Қытай) бағытында пошталық байланысының қамтамасыз етіп тұрды. Арнайы аттылы-пошта станциясы хат түрідегі хабарларды жеткізумен айналысты. Пошталық станциядан хат-хабар аттылы күзетпен шығатын, сондықтан сол кезде хаттардың жоғалуы мүмкін емес еді, бірақ алушыға айлап жүретін. 30 жылдардың басында Қазақстандағы пошталық кәсіпорындар саны 5 есеге көбейді, және пошта қызметіне әуе тасымалын да пайдалана бастады.

1931 жылы бірінші рет ауылдық жерде колхоздық почтальондары жұмыс істей бастады.

1936 жылы пошта-телеграфтық кеңседен өз алдына телеграфтық кеңсе мен телефон станциясы жеке дара бөлініп шықты. Пошта-телеграфтық кеңсе, пошта кеңсесі деп атала бастады. Қалалық байланыс бөлімшелері құрыла бастады, 1975 жылы Қазақстан халқына 470 пошталық кәсіпорын қызмет көрсетті, соның ішінде 94 жылжымалы пошталық бөлімшелер болды. Қала мен аудандық жерлерде 40 мың пошта жәшіктері орнатылған еді. Мерзімді басылымдармен хат-хабарлар барлық облыс орталықтарын уақытында жеткізілетін, 113 қаламен аудан орталықтары және жетуі қиын жерлерге әуе тасымалы арқылы жеткізілетін.

2. ҚАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

2. 1. Алматы қаласының инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуы

Қалалық көлік инфрақұрылымы. Алматы қаласында жолаушыларды және жүк тасымалдайтын қалалық бағыттарда 24 тасымалдаушы және өздері 2000 автобус, 46 трамвайлар, 191 троллейбустарды басқарумен «Алматыэлектротранс» МКК айналысады.

Алматы қаласының бағыттық желісіне 131 бағдар қосылған, олардың ішінде 119 автобус, 10 троллейбустық және 2 трамвайлық бағдар, 1884 автобустар, 28 трамвайлар жұмыс істейді. 2009 жылы 4 бағдар ашылды: №1 троллейбустық парктің №16 бағдарына қозғалыс орнатылған және №15, 18 және 122 автобустық бағыттар ашылды және 20 бағдардың қозғалыс сызбасында өзгерістер болды. 33 автобустық бағдарды қамтамасыз ету құқығына 2 байқау өткізілді және байқау нәтижесі бойынша 10 тасымалдаушыға 18 бағдарды қамтамасыз ету құқығына куәлік тапсырылды. Қалған бағдарлардағы үміткерлердің қызметі қанағаттанарлықсыз деп табылды және бұл бағдарларға жаңа байқау өткізілетін болады. [3]

Тасымалдаушылардың жылжымалы құрамын жаңарту мақсатында жеке қаржыларына 98 бірлікте жаңа автобустар және екінші нарықтан 72 автобус алынған, 170 автобустың барлығы Euro - II стандартқа сәйкес.

Қалада таксомоторлы тасымалдаушылар 487 а/м 9 тасымалдаушы іске қосылған. Барлық таксилер радиобайланыспен жабдықталған, олардың ішінде 105 газбен жүреді. Биылғы жылы таксилердің жұмыстарын бірыңғайлау бойынша жұмыстар жалғастырылуда: қала бойынша жолаушыларды тасымалдайтын таксилерге бірыңғай тарифтер және бірыңғай түсті гаммалар бекітілді, таксилерге таксометрлер орнату және әрбір тасымалдаушыға логотиптер орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жолаушыларды тасымалдау бойынша көлік дамуын келесі 1 кестеде байқауға болады.

Кесте 1. Жолаушыларды тасымалдау
Кесте 1. Жолаушыларды тасымалдау: млн. адам
Кесте 1. Жолаушыларды тасымалдау:
Жылдар:
Кесте 1. Жолаушыларды тасымалдау: 2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
Кесте 1. Жолаушыларды тасымалдау: Барлығы
9390, 3
9924, 0
10592, 8
11160, 1
11325, 4
11806, 5
13186, 5
Кесте 1. Жолаушыларды тасымалдау: оның ішінде:
Кесте 1. Жолаушыларды тасымалдау: темір жолмен
16, 4
16, 5
17, 8
18, 1
17, 7
18, 6
19, 6
Кесте 1. Жолаушыларды тасымалдау: автобуспен
6559, 4
6960, 9
7470, 1
7750, 4
7927, 8
8691, 7
10594, 4
Кесте 1. Жолаушыларды тасымалдау: таксимен
2675, 8
2814, 8
2983, 5
3285, 3
3291, 8
3009, 7
2489, 5
Кесте 1. Жолаушыларды тасымалдау: троллейбуспен
63, 2
56, 9
50, 4
37, 6
28, 1
24, 5
23, 0
Кесте 1. Жолаушыларды тасымалдау: трамваймен
74, 2
73, 2
69, 0
65, 8
57, 1
59, 2
56, 6
Кесте 1. Жолаушыларды тасымалдау: өзенмен
0, 05
0, 04
0, 04
0, 05
0, 1
0, 1
0, 1
Кесте 1. Жолаушыларды тасымалдау: әуемен
1, 3
1, 7
1, 9
2, 7
2, 8
2, 7
3, 4
Кесте 1. Жолаушыларды тасымалдау:
Кесте 1. Жолаушыларды тасымалдау: Ескерту http://stat. kz/Pages/default. aspx

Көліктердің жұмыстарын бақылаумен қамтамасыз ету үшін рейттік тексерулер жүргізіліп отырады. Жыл басынан бері барлығы 28 рейд жүргізілген, оның ішінде екі рейд БАҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізілді және нәтижесі БАҚ жарияланды. Рейд барысында 4220 тәртіп бұзушылық анықталды: 4102 тәртіп бұзушылық жағдай жол қозғалысының Ережесін бұзғаны үшін, оның ішінде 24 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін, 33 салық заңнамасын бұзғаны үшін, 67 жолаушыларды және жүкті тасмалдау Ережесін бұзғаны үшін айыпталды.

Көлік инфрақұрылымын дамыту. Қала атмосферасын негізгі ластаушы көздер көлік (зиянды заттардың барлығының 80%-ға жуығы) болып табылады. Сондықтан, бас жоспарда жол-көше желілерін жақсарту, метрополитенді енгізу, электр көліктер үлесін арттыру, қозғалмалы құрамды жетілдіру, жанармай құю бекеттері мен техникалық қызмет көрсету желілерін оңтайлы дамыту ұсынылады.

Алматы қаласының қалалық қоғамдық көліктерінің негізгі түрлері:

  • жүрдек-метрополитен;
  • жай - автобус, троллейбус, трамвай, маршруттық такси.

Бас жоспарда Алматы қаласында метрополитеннің 3 желісінің құрылысын аяқтап, кезең-кезеңмен пайдалануға беру ұсынылады.

Бірінші желі Райымбек атындағы станциядан (Райымек даңғылы мен Фурманов көшесінің солтүстік қиылысы) Фурманов көшесінің астымен Абай даңғылына дейін және Абай даңғылының астымен Сайн көшесіне дейін созылып жатыр. Бірінші желінің бірінші кезегі «Алатау» станциясымен (Гагарин көшесінің шығысы) аяқталады. Ол осыдан басқа желіге қайта отыратын бекет болады. Бірінші желіде барлығы 10 станция көзделген. Желінің жалпы ұзындығы 13, 3 км, бірінші кезек - 8, 5 км.

Екінші желі Орталық демалыс паркіндегі «Горкий паркінен» басталып, Жібек жолы көшесінің астымен Гоголь көшесіне қосылып, Әуезов көшесіне қарай бұрылыс жасап, содан кейін Абай даңғылы бойымен бірінші желіні кесіп өте отырып («Алатау» қайта отыру торабын ұйымдастыру үшін) және бұдан ары Розыбакиев көшесінің бойымен (батыс жағында) Торайғыров көшесіне дейін созылып, Орбита станциясымен аяқталады. Станциялардың барлығы - 9. Бірінші желідегі қайта отыру бекеті - біреу. Желінің ұзындығы - 14 км.

Үшінші желі (бірінші желінің жалғасы болып табылады) Райымбек атындағы станциядан басталып, солтүстікке қарай Алматы І темір жол вокзалына дейін созылады. Ол қолданыстағы Алматы-І станциясы мен Алматы-ІІ станциясын жалғастыратын темір жол бойына орналастырылады. Желінің жалғасы ішінара жер үстінде - ұзындығы 3, 5 км. Бұл желінің жалпы ұзындығы 8, 5 км. Станцияларының барлығы - 4.

Электр депо екі алаңда орналастырылады: біріншісі - Алматы-ІІ станциясының солтүстік шығыс маңында, екіншісі - Сайн мен Торайғыров көшелерінің батыс қиылысында.

Бас жоспарда аудандық деңгейдегі жаңа қозғалысы үздіксіз, реттелетін магистральдар салу және қолданыстағыларын реконструкциялау (жалпы ұзындығы 207 км ) ғ сондай-ақ үш негізгі жүрдек көлік шеңбер жолын ұйымдастыру көзделген:

Үлкен шеңбер жол (ұзындығы 103 км ) :

ҮАША (Үлкен Алматы шеңберлі автожолы) - шығысында Талғар трассасынан басталып, солтүстігінде әуежайды, Энергетика кентін, Ынтымақ кентін, Ащыбұлақ кентін, батысында ТЭЦ-2 ауданын, Авангард кентін жартылай орап, сыртта Алматы - Ұзынағаш автожолымен қиылыса отырып, сонымен Жандосов көшесіне дейін, бұдан ары Сайын көшесімен, Әл-Фараби даңғылымен, Оңтүстік-шығыс шеңбержол бойымен Талғар трассасына дейін және трасса бойымен тұйықталған жеріне дейін созылады.

Орташа шеңбер жол (ұзақтығы 61 км ) : - Талғар трассасынан солтүстікке қарай автожолмен әуежайға Майлин көшесіне едйін, Бемаханов көшесімен мұнай базасына дейін, Боралдай шоссесіне, жолдың жарып ұзартылатын бөлігі Тереңқара өзенінің, Боралдай өзенінің бойы, Сайн көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Оңтүстік - шығыс жартылай шеңбер жол, талғар трасасынан тұйықталған жерге дейін созылады.

Шағын шеңбер жол (ұзақтығы 32 км ) : - Талғар трассасынан Рысқұлов даңғылы, Бөкейханов, Мұқанов, Байзақов көшелерімен, жолдың жаңа учаскесі ҚазМҰУ - дің батыс аумағындағы эстакада, Оңтүстік-шығыс жартылай шеңбер.

Магистралді көшелер мен жолдар қиылыстарындағы әртүрлі деңгейлерде автокөпірлер салу көзделуде. Барлығы 51 автокөпір салу көзделген, оның ішінде 2020 жылға дейін төмендегі көлік автошеңберлерінде: Үлкен шеңбержол - 7, Орташа шеңбер жол - 11, Шағын шеңбер жол - 7, сондай-ақ автосервис нысандарын дамыту (жанармай құю бееттері, автопаркингтер, гараждар, автомобильдер қоятын тұрақтар мен техникалық қызмет көрсету станциялары) . [5]

Инженерлік инфрақұрылымның дамуы. Сумен қамтамасыз ету. Бас жоспар қаланы сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың төмендегідей бағыттарын көздейді:

- қолданыстағы су құбырларының зональды жүйесін сақтау және дамыту. Бұл ретте оның өнімділігін 1081 мың м3/тәулікке дейін ұлғайту, шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы су құбырларын дамыту көзделген;

- су қоймалары ғимараттарын реконструкциялау және жаңасын салу есебінен сумен қамтамасыз ету жүйесінің сенімділігін нығайту, қаланың резервуарлық паркінің сыйымдылығын ұлғайту, қолданыстағы су құбырлары желілерін реконструкциялау және жаңасын салу;

- аз қабатты үйлері бар аудандарды (Шаңырақ 1-6, Әйгерім, Ұлжан, Школьник 1, 2, Дубок, Таугүл-3, Дархан, Қалқаман 2, 3, Думан 1, 2 және басқалары), сондай-ақ қала шегіне кіретін кенттерді (Киров, Трудовик, Өжет, Ақбұлақ, Дружба, Қарасу және басқалары), жаңадан игеріліп жатқан қала құрылысы аудандарын (шығысында Алғабас кенті, батысында Первомайка кенті, Мамыр тұрғын үйлер ауданы) жаңа су құбырларын сала отырып, қолданыстағы сумен қамтамасыз ету жүйесіне магистралді желілер салып тұрақты сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туризм саласы
Балқаш көлінің географиялық жағдайының туризмге әсері
Ақтау қаласының туристік-рекреациялық ресурстары
2011 жылғы «Азиада» ойындарының туризмдегі рөлі
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
Алматы қаласының тарихы
Халықаралық туризмнің обьектісі ретінде түркияның сипаттамасы
Жайылым - ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
Риддер қаласының жерлерін аймақтарға бөлу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz