Қаржы лизингке теориялық шолу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Қаржы лизингке теориялық
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

1.1 Қаржы лизинг түсінігі, түрлері,
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Қаржы лизингтің жалға беруден
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Қаржы лизингтік қатынастарды Қазақстан Республикасындағы нормативтік
– құқықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .13
1.4 Лизингтік операцияларға салық
салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2 Қазақстан Республикасының 2008-2009 жылдар арасындағы лизинг нарығына
сараптама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Қазақстандағы кәсіпкерліктегі 2008-2009 жылдар аралығындағы лизингтің
жағдайын экономикалық
саралау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Қазақмыс АҚ-ң экономикалық жағдайын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3 Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыруда лизингті қолдану
мүмкіндіктерін арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...27
3.1 Дамыған елдер тәжірибесіндегі кәсіпкерлік қызметте лизингтік
операцияларды жетілдірудің ерекшеліктері мен
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... .27
3.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті жандандырудағы
лизингті дамыту
тетіктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .34

Кіріспе.
Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудың негізгі
проблемасы - қаржылық ресурстарға шектеулі қол жеткізерліктің болуы. Шағын
және орта бизнесті қаржыландыру тәжірибесіне сәйкес қаржылық институттар
құрал- жабдықтарды белгілі бір төлеммен, белгілі бір уақытқа пайдалануға
мүмкіндік береді. Ол – лизинг болып табылады. Қазақстанның индустриялды-
инновациялық даму стратегиясында негізгі қорларды жаңарту және еліміде
өндірістік секторды дамытуды басты тапсырма ретінде қарастырудамыз.Бұл
мәселелерді шешудің басты механизмі – лизинг.
Қазақстандағы құрал- жабдықтардың 80%- ға жуығы тозған және жақын
арада жаңартуды талап ететін болғандықтан, лизинг операциясы біз үшін өте
оптималды шешім болып отыр. Моральдық және физикалық тозған құрал
–жабдықтармен сапалы, бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкін емес. Біздің
еліміз бірнеше жылдан кейін БТО – ға өтетін болғандықтан, біз жаңа құрал –
жабдықтар, сапалы, бәсекеге қабілетті өнім деген мәселелерді кеңінен
қарастыруымыз керек. Лизинг өтпелі экономикалы елдерде де, дамыған елдерде
де кәсіпорындарды қаржыландырудың орта мерзімді және қысқа мерзімді көзі
болып табылады.Ол лизинг алушының активтерін үлкейтудің тиімді әдісі, соның
ішінде, жұмысбастылықпен қамтамассыз етуде, инновацияны енгізуде және осы
елдерде бәсекелестікті дамытуда басты рөл атқаратын орта, шағын және қайта
құрылған кәсіпорындар.
Елімізде лизингтік қызметпен айналысушыларға мемлекет көптеп қолдау
жасауда. Лизингке әр түрлі салықтақ жеңілдіктер жасалған. Лизинг беруші
негізгі құралдарды қаржылық лизингке беру мақсатында импорттталса және оны
лизинг алушыға жалғаберген жағдайда қосымша құн салығынан босатылады.
Осылайша, лизинг алушы құрал –жабдықтарды арзан бағамен импорттауға
мүмкіндік алады.Тікелей өзі импорт жасайтын болса, онда қосымша құн салығы
қосылады. Импорт кезінде қосымша құн салығы салынбайтын негізгі құрал
тізімі тікелей Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген. Қаржылық
лизинг бойынша сыйақылар да қосымша құн салығынан босатылады.
Сонымен қатар, лизинг инвестициялық қызмет болғандықтан, лизинг алушы
негізгі құралдарды эксплуатациялау кезінде корпоративті табыс салығына
байланысты инвестициялық салықтық преференцияларға ие болады.
Лизинг негізінде кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды ЖАО
Казагрофинанс және АҚ Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асырады.
ЖАО Казагрофинанс келесідей шарттарда агроөнеркәсіптік кешендегі
лизингтің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырады: лизинг мерзімі 9 жылға
дейін, жылдық сыйақы мөлшері 8%-ға дейін, аванстық төлем 20-50%- ды
құрайды.Лизингке ауыл шаруашылық техникасы ұсынылады.
АҚ Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорында лизинг мерзімі 5 жылға дейін,
жылдық сыйақы мөлшері 10%-ға дейін, аванстық төлем объект құнынан 30 %-ды
құрайды. Мұнда клиент құрал- жабдықты өзі таңдай алады немесе мүлік таңдау
кезінде Қор қызметін тегін пайдалана алады.
Лизингтік келісімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін келесідей
банктербар: Альфа- Лизинг, Альянс – Лизинг, АТФ Лизинг, БТА лизинг,
Нур – инвест, Темірлизинг, Халық лизинг, Центрлизинг.
Қазіргі уақытта лизингтің үлесі жалпы инвестиция көлемінде ҚР негізгі
капиталының шамамен 1%-ын құрайды немесе 65 млн. АҚШ доллары.
Дамыған елдерде лизинг үлесінің жалпы инвестиция көлемінде негізгі
капиталдың 20-30 %-ын құраса, дамушы елдерде – 5-10 %.Егер лизингтің үлесі
жалпы инвестиция көлемінен 4 %-ға дейін өссе, онда жақындағы 3-4 жылда
лизингтік нарық көлемі 530 млн. АҚШ долларын құрайды. Берілген фактор
Қазақстанда лизингтік дамудың үлкен перспективаларына алып келеді.
Жалпы айтқанда лизингтік саланың дамуы бірнеше бағыттағы экономикалық
дамуға жағымды әсер етеді:
• Лизинг шағын және орта бизнес субьектісінің дамуына әсер етеді,
яғни өз негізгі құралдарын жаңартуға қосымша қаржысы болмаған жағдайда.
• Лизинг капитал салымдарының көлемін көбейтеді, себебі ол ұзақ
мерзімді қаржыландырудың бір түрі болып табылады.
• Лизинг қосымша қаржылық ресурстарды тарту көзі болғандықтан,
негізгі құралдарды жаңарту үрдісін жеделдетеді.
• Лизинг қаржылық қызмет нарығында қосымша бәсекелестікті
тудырады. Лизингтің пайда болуымен қаржыландыру бағасы төмендейді және
қаржылық қызмет көрсету нарығы кеңейеді.
• Лизинг өнімдерді өткізудің бір жолы болып табылады. Лизинг пайда
болғаннан кейін жергілікті өндіруші компаниялар үшін өнімдерін өткізудің
жаңа жолы ашылды.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі өндірістік кәсіпорындар алдына
бірқатар мәселелер қойды. Олар: жоғары бәсекелестік жағдайға үйрену,
төлемдердің уақытылы жүрмеуі, тауарға бағаның жоғарылацынан өткізу
нарығының қысқаруы, қаржы ресурстарының шектеулілігі, шикізат
материалдарымен жабдықтаушыларды іздеудегі қиындықтар.
Осының ішінде ең басты проблемалардың бірі, негізгі құралдардың
физикалық және моралдық тозуы. Қазақстанның басты салаларының құрал
жабдықтары тозғандықтан біз шет елден жаңа техниканы алуға мәжбүрліміз. Ал
ол үшін бізге қаржы көздерін тапқан жөн.
Осы айтылған мәселелердің тиімді шешу жолы – лизинг.
Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты қаржы лизинг түсінігі және
қаржы лизинг арқылы кәсіпорынның өндірістік қорларын арттыру, жаңа
технологияны өндіріске осы қаржы лизинг арқылы енгізу және қаржы лизингтің
жалға алу (аренда) мен несиеден артықшылықтарын көрсету болып табылады.
Қазіргі кезде көптеген өндірістік кәсіпорындар алдында туындайтын
негізгі проблемалардың бірі ол өндірісті кеңейтуге ұзақ мерзімді
инвестицияларды тарту, жаңадан шыққан құрал-жабдықтарды сатып алу үшін ұзақ
мерзімді инвестицияларды тарту болып табылады. Банктік жүйе толығымен
қалыптаспаған жағдайда кейбір кәсіпорындар үііін несие алу мүмкіндігі
шектеулі болады. Ал лизинг несиеге қарағанда қол жетімді және бизнеспен
өндірісі қаржыландырудағы оңтайлы құрал болуы мүмкін.
Лизингтің принциптері өте қарапайым- лизингтік компания клиенттің
таңдаған сатушыдан мүлікті сатып алады және лизинг алушыға белгілі бір
трақты төлемдер үшін ұзақ мерзімге тапсырады. Белгіленген мерзім ішінде
мүлік бағасы төлемін тұрады және лизинг мүлкі клиент меншігіне өтеді.
Лизинг-бұл жалға беру және несиенің кейбір мінездемелерін қосатын,
сонымен қатар тек өзіне тән артықшылықтары бар ерекше нарықта қолданатын
қаржылық құрал болып табылады.

1 Қаржы лизингке теориялық шолу

1.1 Қаржы лизинг түсінігі, түрлері функциялары

Белгілі ағлшын сөзі Lease орысша сөздікте Лизинг деп айтылады,
аударғанда аренда дегенді білдіреді. Аренда белгілі бір ақыға мүлікті
уақытша иеленуге және пайдалануға тапсыру деп түсіндіріледі. Мұндайда
аренда әрқайсысында қысқа мерзімжі сияқты, ұзақ мерзімді болып екі жақты
қарым-қатынас (арендаға беруші-арендатор) болып түсіндірілген.
Қаржы лизингi (бұдан әрi - лизинг) - лизинг берушi сатушыдан өз
меншiгiне сатып алған және лизинг шартымен келiсiлген лизинг нысанасын
лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен
уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге
пайдалануға беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтiң түрi. Бұл орайда
лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын беру мына талаптардың бiрiне немесе
бiрнешеуiне сай келуге тиiс:
ТМД елдерінде Лизинг жаңа термині таяуда нарықтық қатынасқа өткенде
қолданыла бастады. Аренданың жаңа түрі-бұрын бізде қолданылмағанқаржылай
түрі, ал Батыста ол жаңа инвестициялардың маңызды қайнар көзі болып қызмет
етіп келеді.
Басқаша айтқанда қаржы лизинг өндірісті техникалық базаны жаңартуын
қамтамасыз ететін тәсілдердің бірі болып табылады, оның ішінде сәйкес
алғашқы капиталдар көлемі болмаған агро-өнер кәсіптерде.
Лизинг инвестиция ретінде кәсіпкерләк қызметіндегі әртүрінің бірі
ретінде қарастырылады. Ол жеткілікті ақша қаражаттары болмасада негізгі
қорларды жарақтауға, қазіргі заманға сай жабдықтар алуға, оның моральдік
тозу жағынан жоғалтуды қысқартуға мүмкіндік береді. Инвестициялық құрал
ретінде лизинг үлкен байланыстылық пен тиімділікті иемденеді. Бұл оның
кәсіпкерлік ретінде кеңінен таралуына себеп болды. Өндіруші – жеткізущілер
өз өнімдерін бөліп-бөліп өткізуге қосымша мүмкіндік алады. Қаржы
институттар (банктер, қорлар, сақтандыру компаниялар және басқалар) көбірек
табыс табу үшін өздерінің ақша қорларын тауар ретіндепайдалануға мүмкіндік
алады. Өндірістік қызметтен табыс табу үшін қажетті жабдықтарды алуға
мүмкіндіктері бар лизинг алушылар да шығындалып қалған жоқ.
Әлемнің көптеген елдерінде лизинг кеңінен қолданылады. Ал ТМД елдері
мен Қазақстанда оның даму түрлерімен жолдарын әлі анықталуда. Кез-келген
салада лизинг кәсіпкерліктің жетістігі көбінесе оның мазмұнын нақты
түсінуге, әсіресе осы механизмді анық әрі сауатты иеленуге байланысты.
Осыдан келіп, лизингтің мәнін түсінуге тырысамыз, яғни Қазақстан үшін
аграрлық секторға неғұрлым жақын, оның табиғатын, потенциалы, принципі мен
ұйымдастырушылық формаларын, іс жүзіндегі кәсіпкерлік қызмет үшін лизинг
жүйесінде салынған экономикалық механизмдер артықшылығын жақсы білу қажет.
Іс жүзінде және әдебиетте лизингтің экономикалық мәнінің рөлі мен
мазмұны әртүрлі айтылады. Себебі, лизингте қалыптасқан қарым-қатынастар
күрделілігі, егер анықтап қарасақ, түсініктің шектеулі тамыры мүліктің
пайдаланушы мен меншік иесі анықтамасында жатыр. Басқаш айтқанда,
меншікті маңызды орындауға бөлу мүмкіншілігі- меншіктік құқықтың өзі(меншік
объектісін иелену құқығы) мен мүлікті пайдалану (табысты жұмылдыру
әлеуметтік және т.б. тиімдер). Ізінше, лизинг мәнін өндірістік қарым-
қатынастарымен өндіруші күштер жағдаймен өзара байланысты меншіктік
қатынастарды өткізу тәсілі ретінде тәпіштеуге болады.
Соңғы өнімді өндіруші-кәсіпорын(лизинглаушы) өз еңбегі мен қаражатын
негізгі құралдарды жаңартуға және қуаттылықты өсіруге салады.
Мұндайда ол тек қана иесі емес, сонымен қатар алынған мүліктің меншік
иесі болады. Лизинг алушы ретіндегі бұл кәсіпорын кәсіпкер-меншік иесі,
өндіруші ретінде де болады. Өйткені ол пайда табу мақсатындағы мүлікке ие
болады, пайдаланады және жұмсайды(лизингберушінің рұқсатымен).
Басқа да экономикалық категориялар сияқты, лизинг та мазмұны мен
ерекшелік түрі жағынаншаруашылықтандырудың белгілі бір жүйесін анықтайды.
Ол материалдық-заттық негізде,өндірістің құқықтық-ұйымдастырушылық түрінде
шоғырланады және әлеуметтік-экономикалық негізі бар.
Дәлірек айтқанда:
• Лизинг қуаттылықты өсіру құралы, өндіріс потенциалын жаңарту және
өндіріс қаражаттары инвестицициясын іс жүзінде көтеру механизмі болып
табылады;
• Өндіріс құралын сатып алу-сату есебіненуақытша пайдалануға берумен
байланысты және соңынан лизингке тапсыру және лизингтік механизм
негізін құрайтын мүліктік қарым-қатынастар кешені;
• Лизинг қарым-қатынастардың үш ұйымдастырушылық-экономикалық формасынан
тұрады және маңызды функцияларды қамтиды;
• Лизингтің өндірістік функциясы-мүлікті уақытша пайдлану есебінен
өндіріс проблемасын шешу;
• Лизинг өткізу сферасы-тұтынушылар аумағын көбейту және өткізудің жаңа
нарығын меңгеру.
Көрініп тұрғандай, келісімнің әрбір мүшелері үшін артықшылықтар мен
мүмкіншіліктер кеңейеді.Тауар өндіруші-өнімді қосымша өткізу. Лизингке
беруші-тиімді капитал салу.
Лизинглаушы-кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті мүлікті иелену мүмкіндігі.
Қазақстан Республикасының Азамат Кодексіне (АК)сәйкес лизинг
объектісі кәсіптік қызмет үшін пайдаланатын ғимараттар, жабдықтар,
көліктер, мекемелер, транспорттық құралдар, жер бөліктері мен ккез-келген
басқада тұтынылмайтын заттар бола алды. Яғни нарықта еркін айналысқа
жіберуге тиым салынбайтын және өндірістік циклде жойылмайтын кез-келген
мүлік лизингке беріле алады.
Лизингтік нарық субъектісі:
Лизингалушы – лизинг келісім шарты бойынша кәсіпкерлік қызметті іске
асырушы, мүлікті уқытша иеленіп, пайдалана алатын тұлға.
Лизинг бepушi - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг
нысанасын меншiгiне сатып алатын және оны лизинг алушыға лизинг шартының
талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы. Бiр лизинг мәмiлесiнiң
шеңберiнде, лизинг берушi бiр мезгiлде оның басқа қатысушысы ретiнде iс-
қимыл жасауға құқылы емес;
Лизинг беруші ретінде банктер және басқа да кредиттік мекемелер бола
алады, сол сияқты жарғысында лизингтік қызмет қарастырылған ақша қаражаттар
жеткілікті және лицензиясы бар, мүлікті төлеу үшін келісімді қаржылындыруға
мамандандырылған кез-келген фирма бола алады.
Мүлікті сатушы – лизинг берушімен осы мүлікті сатып алу – сату шарт
жасасатын және дизинг объектісі болып табылатын, мүлікті саушы тұлға.
Стаушы тұлғасы ретінде көбінесе машина мен жабдықтар дайындаушы – кәсіпорын
бола алады, олар үшін лизингтік қызмет – өнімді өткізудің қосымша нарығы.
Инвестор – лизиингтік келісімді қаржыландыруға қатысатые тұлға
(банктер, инвесторлар, сақтандыру компаниялар)
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциясымен ұқсас болып
келеді. Алайда, лизингтік несиеден бір айырмашылығын келісім шартта
көрсетілген төлемдер төленіп , мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг
объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал
несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі
қалады.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік
операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда ,
оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын
толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизинг – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының
мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп
шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Ал Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегi N 78 Заңына сәйкес
қаржы лизингтің келесі нысандары мен түрлері бар:
Лизингтiң нысандары:
1) iшкi лизинг. Iшкi лизингтi жүзеге асырған кезде лизинг берушi мен
лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылады.
2) халықаралық лизинг. Халықаралық лизингтi жүзеге асырған кезде
лизинг берушi немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резидентi болып
табылмайды.
1. Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк
құралдары, жер учаскелерi және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар -
лизинг нысанасы бола алады.
2. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.
3. Заң актiлерiнде заттар мен жер учаскелерiнiң жекелеген санаттарын
лизинг нысанасы ретiнде пайдалануға өзге де шектеулер белгiленуi мүмкiн.
4. Лизинг берушiнiң меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты
тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда оны лизинг берушi басқа лизинг
алушының лизингiне одан әрi беру үшiн пайдалануы мүмкiн.
      Мұндай лизинг нысанасын лизингке одан әрi берген кезде сатушыны және
лизинг нысанасын таңдауды лизинг берушi жүзеге асырды деп есептеледi.
Лизингтiң түрлерi:
1) қайтару лизингi - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша сатушы лизинг
нысанасын лизинг берушiге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретiнде
лизингке алу талабымен сатады;
1-1) қайталама лизинг - лизинг берушiнiң өз меншiгiнде қалған лизинг
нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда, осы Заңның 2-
бабына сәйкес басқа лизинг алушыға лизингке берiлетiн лизингтiң бiр түрi;
2) банк лизингi - лизингтiң бiр түрi, мұнда лизинг берушi банк болып
табылады;
3) толық лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша лизинг нысанасына
техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг берушi
жүзеге асырады;
3-1) сублизинг - лизинг алушы (сублизинг берушi) осы Заңның 2-бабына
сәйкес, бұрын лизинг шарты бойынша лизинг берушiден алынған және лизинг
нысанасын құрайтын мүлiктi төлемақысына және сублизинг шартының талаптарына
сәйкес мерзiмге уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн үшiншi
тұлғаларға (сублизинг берушiлерге) пайдалануға беретiн лизингтiң бiр түрi;
4) таза лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша лизинг нысанасына
техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг алушы жүзеге
асырады
Лизингтің келесі негізгі функцияларын атап айтуға болады:
-өндіруші- әртүрлі саладағы кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттырға
мүмкіндік береді.
- бұл саладағы кәсіпорындар үшін лизинг қымбат тұратын негізгі
құралдарды сатып алуға мүмкіндік береді.
- өтімділік-өндірістік негізгі құралдарды өндіруші және сатушы үшін
қаржы лизинг өзінің өнімдерін нарыққа өткізудегі табылмау әдіс болып
табылады.
-инвестициялық - лизинг беруші сатушыдан мүлікті кейін лизингке беру
үшін сатып алады, яғни болашақта белгілі бір пайда алу үшін негізгі
құралдарға қаржыларды салу болып табылады, өйткені мүліктік бағасы өзің
алуан қана қоймай, сонымен қатар табыс алып келеді.
Ал принциптері келесідей:
- мерзімділік, ақылы, қайтарымдылық-несие принципі.
-инновациялық, үнемді, мақсаттылық мүліктік жауапкершілік.
-келісім-шарт қатынасы, тұлғалардың тең құқылығы, қатынастар
еркіндігі.

1.2 Қаржы лизингтің жалға беруден айырмашылығы

Лизингтің жалға беруден айырмашылығы:
1) лизингтің жалға беруден айырмашылығын бекіту қажет. Іс жүзінде алты
айырмаылығы бар:
-лизингтік қарым-қатынастарда үшжақты және оданда көп субъектілердің
қатысуымен қарастырылады.
-лизингте лизинг алушы белсенді роль атқарады,ал жалға беруде ол жоқ.
-лизингте лизинг алушы сатып алушының құқығы мен міндеттерін бөліседі.
-лизинг келісім-шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы алдында
асылбен мүліктің жетіспеушілігі үшін жауап бермейді.
Барлық мерзім бойы лизинг беруші меншік кері болғанына қарамастан,
лизинг алушы менілсық құқықпен байланысты міндеттерді өз мойнына алады.
Лизинг алушы мерзімінен бұрын келісімді бұзғанда тұрақсыздықты төлеу қажет.
2) дамыған батыс елдерде қаржы лизингісін сипаттайтын негізгі
пішіндер.
Лизинг-заңдылық барлық елде бірдей емес, және әрбір елде заң бар және
әлем елдері үшін бір топты емес қаржы өнімі, сондықтан қаржылай және
оперативтіге бөлінуі бухгалтерлік және салықтық аспектілермен анықталады.
1982 жылдың қыркүйегінде лизингтік операциялар үшін бухгалтерлік
есептің "JАВС" халықаралық стандарты қабылданған болатын. Стандарт бойынша
"JАS 17"оперативті лизинг қаржылайдан өте жақсы. Барлық шығындар мен
тәуекелдер лизинг берушіде қалады.
Әлемнің жетекші елдеріндегі қаржы лизингісіне қойылатын талаптар:
Басқа елдердегі қаржы лизингісіне талаптарды қарастырайық. АҚШ.
"Меншіктік құқық пайдасы мен зияны"
1. Құнның 20% кем емес алдын ала төлеу.
2.Нарықтық құннан төмен бағамен сатып алуға лизинг алушының құқығы
жоқ.
3.Лизинг алушы өтілсі инвестициялай алмайды.
4.Лизинг кезеңі оның құнының 80% аспайды.
5.Лизинг беруші пайда мен табыс алу керек.
Германия"Толық төленген лизинг".
1.Лизингтің қызмет ету мерзімі мен келісім шарт мерзімі тең.
2.Егер лизингтің алғашқы кезеңімен қызмет ету мерзімі әжептәуір көп
болса, онда лизинг алушы акцепт үшін N соммасын төлеп сатып алуға құқысы
бар, егер әрине, жабдық "шектеулі пайдалану меншігі" болмаса.
3.Лизинг алушы ертерек келісілген баға бойынша келісім соңында сатып
алуға міндетті.
4.Лизинг алушы шамамен 25% пайдасы бар сатуда лизинг берушіге шығын
орнын толтыруға міндетті.
5.Лизингтің өздініңдо бұрын бұзылуы күрделі процедура.
Нидерландия.
1.келісім шарт мерзімі аяқталғанша лизинг алушы шартты бұзбайды.
2.мерзім соңында лизингтік төлемдер шамамен құнына теңеседі және одан
елеусіздеу атады.
3.лизинг өздіні соңында жабдықты номиналды бағаға лизинг алушы сатып
алуға құқығы бар.
4.лизинг алушы пайдалану үшін қажетті жөндеу, сақтандыру және басқа да
шараларға жауапты болады.

1.3 Қаржы лизингтік қатынастарды Қазақстан Республикасындағы
нормативтік – құқықтық реттеу

Лизингті пайдаланудың тиімділігінде оның нормативтік – құқықтық базасы
айтарлықтай рөл ойнайды.Олар: бухгалтерлік есептер принциптері, салық
жеңілдіктері, корпоративті табыс салығы.
Лизингтік қатынастарды реттеуде, оның құқықтық базасының дамуында 2004
жылы үлкен өзгерістер болды.
Ол біріншіден ҚР Салық кодексі және Қаржы лизингі туралы заңға 2004
жылы 10 наурызда енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. Нәтижесінде
Қазақстан әлемдік стандарттарға жауап беретін, лизингтің дамуына жол ашатын
заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістер мен толықтыруды енгізуді
талқылауға ат салысқандар : Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы, Ауыл
шаруашылық министірлігі, ҚР парламентінің Аграрлық комитеті, сондай – ақ
Қазақстанның лизингті дамыту қоры.
Қазақстанның жеке меншік секторын лизингтік қатынастарға ынталандыруға
бағытталған пресс –конференциясында 2004 жылдың 26 ақпанында өткен
Қазақстан Қаржыгерлер Ассоциациясы кеңесінің жетекшісі Сембаевтің айтуы
бойынша қабылданған жаңа заңдық актілер мен өзгерістер бұрынғы Кеңес Одағы
елдері ішіндегі ең икемді болып табылады.
Нәтижесінде негізгі құралдарға жасалған инвестиция құрамында лизингтік
үлесі дамыған елдердегі көрсеткішке жеткізеді. Қазіргі лизингтің құқықтық
базасы өзіне қаржылық лизингтің дәстүрлі анықтамаларын қамтиды. Қаржылық
есептің халықаралық стандарттары мен қабылданған жіктелу белгілеріне жауап
береді.
Әлемдік банк институттың ( International Finance Corporation) жорамалы
бойынша 2004 жылы лизингтік инвестиция Q 170 млн. доллар, ал 2006 жылы 550
млн. долларға жетеді дейді. Аталған өсулердің барлығы қабылданған заң
мүмкіндігіне байланысты.
Лизингтік заңдылыққа енгізілген толықтырулардың маңыздылығы:
1.қаржылық есептің халықаралық стандартына жауап беретін лизинг
анықтамасы.
2.қаржылық аренданың алғашқы 36 ай мерзімінде лизинг мүлігін талап
еткен жағдайда салықтық жоғалтуды қорғау.
3.бір клиенттен екінші клиентке құралдарды қайта жалға беру
мүмкіндігі.
4.Сублизинг пен қайтарымды лизингтің анықтамаларын анықтау.
5.Қарапайымдылығы, лизинг алушыдан құралдарды талап етудің соттық
емес, қарапайым тәртібі.
Қазақстанда лизингті дамыту бағдарламасының жетекшісі Амангелді
Омаровтың айтуы бойынша жаңа қабылданған заңның ең маңыздысы лизинг
анықтамаларының өзгеруі, лизингтің пайдалану аясые кеңейтеді.
Заңның бұрынғы редакциясы бойынша раенда қаржы лизингі бола алады,
егер бір мезгілде екі талапқа жауап берсе. Олардың ең бастысы қаржы
лизингінің мерзімі алынған құрал – жабдықтың пайдалану мерзімінің 80
пайызынан асуф қажет. Лизинг мерзіміндегі минималды шектеу еліміздегі
лизингтің дамуындағы кері жақтары еді.
Мысалға ҚР қабылдаған амортизация нормасы бойынша компьютердің пайдалы
қызмет ету мерзімі 10 жыл, онда лизинг мерзімі 8 жыл болуы керек. Ал бұл
лизинг алушыға да лизинг берушіге де тиімді емес. Физикалық тозудан бұрын
моральдық тозып кетеді. Тағы да ұқсас жағдай ғимарат лизингісінде, мұнда
лизинг мерзімі 40 – 50 жыл болуы керек, ал ондай кең көлемді инвестициялар
біздің елде кең көлемді жұмыс жасап жатқан жоқ. Жаңа редакция бойынша бұл
шектеулер алынып, лизингтің мерзімі минималды 3 жыл болып өзгертілді.
ҚР Қаржылық инвестициясы туралы заңына сәйкес келісімге қатысушы
кейіпкер, жеке тұлғалар және заңды тұлғалар бола алады. Лизинг беруші –
келісіміне қатысушы, Яғни өз қаржысына немесе тартылған қаржысына құрал –
жабдық сатып ала отырып, оны келісім шарт негізінде лизинг алушыға береді.
Бір лизинг келісімінде лизинг беруші бір мезгілде оның екінші қатысушысы
бола алмайды. Сатушы болса бір мезгілде лизинг алушы ретінде де қатыса
алады (қайтарымды лизинг).
Лизинг алушы – лизинг келісімінің қатысушысы, кәсіпкерлік мақсатта
келісім шарт негізінде құрал – жабдықты лизингке алушы. Келісім шарт
бойынша құрал – жабдықты лизинке беру үшін мына үш жағдайдың бір немесе бір
нешеуіне жауап беруі қажет.
Біріншіден, негізгі құралдарды лизингке алушының жеке меншігіне беру
немесе сол негізгі құралдарды лизинг келісім шартында белгіленген бағамен
алуға құқығын беру.
Екіншіден, қаржылық лизинг мерзімі негізгі құралдардың пайдалану
мерзімінің 75%-нан жоғары болуы тиіс.
Үшіншіден, лизинг төлемдерінің ағымдағы құны толық лизинг мерзіміндегі
негізгі құрал құнының 90%-нан көп болуы тиіс. Лизинг затына заң бойынша
ғимарат, құрылыс, көлік, құрал – жабдық, инвентарьлар, жер учаскелері және
тағы басқа тұтынылмайтын заттар жатады. Құнды қағаздар мен табиғи ресурстар
лизинг затына жатпайды. Сондай – ақ толықтыруда лизинг түрлеріне де
өзгертулер енгізілген. Ескі редакция бойынша келесідей түрлерге жіктелген:
1.Қайтарымды лизинг – бұл лизингтің бір түрі, мұнда сатушы лизинг
затын лизинг берушіге сатады, мүлікті лизинг алушы ретінде өзіне қайтару
талабымен.
2.Банктік лизинг – мұнда лизинг беруші ретінде банк болады.
3.Толық лизинг – ағымдық техникалық жөндеу жұмыстары лизинг берушімен
жүргізіледі.
4.Таза лизинг – ағымдағы техникалық жөндеу жұмыстары лизинг алушымен
жүргізіледі.
Толықтыруда жаңадан тағы да мынадай түрлер енгізілді:
1. Қайтара лизинг – лизингтің бір түрі, келісім шарт уақытысының
бітуімен немесе оны тоқтатумен байланысты лизинг затын лизинг беруші
меншігіне қайтару.
2. Сублизинг – бұл лизингтің түрінде алынған құрал- жабдық лизинг
алушы (сублизинг беруші) үшінші жаққа береді (сублизинг алушыға)
кәсіпкерлік мақсатта уақытшы пайдалануға. Сублизинг келісім шартымен, әр
айда төлем төлеу міндеттемесі мен уақытша пайдалану құқығымен.
Сондай – ақ лизинг келісім шартының бұзылуы немесе уақытының бітуі,
сонымен бірге лизинг алушының банкроттық жағдайында лизинг затына иелік ету
құқығы да өзгеріске ұшырады. Лизинг алушы банкроттық немесе жойылу
жағдайында лизинг затын қайтаруы тиіс. Бұл жағдайда лизинг затына ареста
салуға, конфискелеуге жол берілмейді.
Сонымен заңға енгізілген толықтырулар қайтарымды, қайтара, сублизинг
және т.б. сұрақтарға нақты жауап береді.
Лизинг заңнамаларында жасалған оң өзгерістерге қарамастан мүдделі
жақтар (лизингтік компаниялар, банктер мен инвесторлар) лизинг дамуына кері
әсер ететін факторларды жою мақсатында, заң шығарушы органдармен жұмыс
жасауды көздеп отыр.

1.4 Лизингтік операцияларға салық салу

Салық салуды реттейтін ҚР-ның Салық және басқа да бюджетке

міндетті төлемдер туралы Заңы 24.04.1995 жылдан №2235 (әрі қарай салық
туралы Заң)негізгі заңы болып табылады.
Ол Ресейде Салық кодексінің баламасы болып табылады. 19 салықтар,
жинаулар және басқа да міндетті төлемдердің біз 3 негізгісіне тоқталамыз.
-заңды тұлғалардан табыс салығына;
-қосымша құнға салық;
-заңды тұлғалар мүлігіне салық;
-заңды тұлғалардың табысына салық.
Қазақстандық заңды тұлғалар табысына салық Ресейдің пайда салығына
балама болып табылады. Заңға сәйкес қаржы лизингісі бойынша операциялар
арендатор негізгі құралдарды сатып алу ретінде қарастырылады. Мұндайда
негізгі құралдар амортизациясына жататын аренда лизинг болып табылады, егер
де ол келесі шарттардың біріне жауап берсе:
1)Аренда мерзімі негізгі құралдардың қызмет ету мерзімінен 80%-ға
асса;
2) Арендатор тағайындалған баға бойынша негізгі құралдарды сатып алу
құқығын иеленсе;
3)Арендаланған негізгі құралдар аренда аяқталған соң, аренданың
бастапқы құнының 20%-нан кемін құрайды;
4) Бүкіл арендалық кезеңдегі төлемдердің ағымдық(дисконтталған) құны
арендалған құралдар құнының 90%-нан асады.
Осыған байланысты, салық салу мақсатында лизинг сауда жасау ретінде
қарастырылады, бұдан,лизинг мүлігін есепке алу ережесі шығады- тек қана
лизинг алушының балансында, бұл салық туралы Заңның 20-7 бабында
бекітілген.
Лизинг алушының балансындағы мүлік лизингтік келісім құны бойынша
ескеріледі, яғни салық туралы Заңның 20-9 бабына сәйкес Лизингке алынған
мүлі күшін сыйақы, берілген мүліктің құнын көбейтуге қатысты.
Заңды тұлғалар үшін табыс салығының 30%-ды құрайды. Егер лизинг
келісімнің мерзімі үш жылдан артқан жағдайда, лизинг берушінің сыйақысы
табыс салығын төлеуден толық босатылады.
Лизинг мүлігін иелену үшін алынған кредит бойнша сыйақы, лизинг
берушінің өзіндік құнына жатады. Негізгі құралдар сатып алуға пайдаланылған
кредит бойынша проценттер де, Ресейлік заңдылықтардан өзгеше, Қазақстандық
заңдылықтар терминінде салық салуға жататын табыс шығарылған болып табылады
және өзіндік құнға жатады.
Алынған кредит үшін сыйақы ҚР Ұлттық Банкі қаржыландырудың дербес
ставкасы бойынша есеп беру кезеңінде есептелген сома шамасынан шығаруға
жатады, кредит бойынша көрсетілген ставкатеңгемен 50%-ға көбейеді және
Лондондық банкаралық нарық ставкасы бойынша шетелдік валютамен кредит
бойынша 100%-ға көбейтіліп есептелген. Жоғарыда көрсетілген шамадағы сыйақы
сомасы таза табыс есебінен төленеді.
Заңды және нормативті база құрумен қатар, лизингтік операцияға қаржы
капиталын жұмылдыру үшін, қосымша жеңілдетілген (жайлы) жайттар қажет,
әсіресе салықтық және амортизациялық.
Қаржы лизингісі үшін жайлы климат:
-банк және басқа басқа да кредиттік мекемелер несиесі үшін пайыз
бойынша төлемдер мен қатар лизингктік қызмет көрсету шығындары сомасын
лизинг алушының өндірістік өнімнің өзіндік құнына жатқы;
-жеделдетілген амортизация механизмін пайдалану;
-үш жылдан кем емес мерзімде жұмыс істеген қаржы лизингісі мәмінесінен
түскен пайдаға шаруашылық субъектілер-лизинг берушілерінің салық төлеуден
босатылуы;
-қаржы лизингісі объектісі болып табылатын ,мүлікті алғандағы қосымша
құнға салықты(ҚҚС) міндетті төлеу,бірақ шаруашылық субъектілер- лизинг
берушілер лиизнгтікқызмет көрсеткендегі ҚҚС-босату;
-халықаралық қаржы лизингісі обьектілерін салықтан , кедендік баж
салығын төлеуден аракіді босату.
Оперативті лизинг (ареенда)үшін салық салу;
-отрамерзімді арендада лизингтік төлемдер және банк несиелерімен қоса,
алынған қарыз қаражаттары бойынша пайыздар, лизинг субъектісі пайдаланатын
өнімнің өзіндік құнына жатқызу;
-ұзақмерзімді аренада тек қана амортизациялық төлемдер шамасын өнімнің
өзңндңк құнына жатқызу.
Бұл лизинг алушының салық салынатын пайдасын азайтады. Қаржылық лизинг
бойынша салық салу ҚР Ұлттық Банкі тағайындаған пайыздық ставкалар
шамасында қабылданады.

2 Қазақстан Республикасының 2008-2009 жылдар арасындағы лизинг
нарығына сараптама

2.1 Қазақстандағы кәсіпкерліктегі 2008-2009 жылдар аралығындағы
лизингтің жағдайын экономикалық саралау

ҚР-дағы лизингтік қызмет нарығы 2000 жылдан бастап белсенді дами
бастады. 2000 жылы ҚР-ның территориясында 5 лизингтік компания жұмыс
істесе, ал 2008 жылы 54 лизингтік компания тіркелген болатын. Оның 67
пайызы Алматы қаласында орналасқан: Альфа-Лизинг, Альянс Лизинг, АТФ
лизинг, БТА лизинг, Казтранслизинг, Медикал лизинг Групп, Нұр-
инвест, Темірлизинг, Халық лизинг, Центрлизинг.
Астана қаласында Агромашлизинг, Зерновая лизинговая компания, Астана
Финанс және КазАгроФинанс сияқты компаниялардың басты офистері
орналасқан

1-сурет – аймақтардың лизингтік операциядағы үлесі 2008 ж.

Ал 2009 жылы Қазақстанда 89-ға жуық лизингтік компания тіркелген
болатын, оның 17-і жергілікті банктердің еншілес компаниялары болып
табылады және олар жалпы лизинг көлемінің 51%-ын құрайды. Ал
КазАгроФинанс лизингтік компаниясы 26%-ын иемденіп отыр. 2008 жылмен
салыстырғанда
2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы лизингтік компаниялар санының
шамамен 33%-ға өскенін байқауға болады.
2-сурет – 2009 жылдағы аймақтардың лизингтік операциядағы үлесі

Қазіргі уақытта лизингтік құрылым негізінен коммерциялық банктерден,
қаржылық-лизингтік компаниялардан, шет елдің қатысуымен құрылған бірлескен
лизингтік компаниялардан және ұсақ фирмалардан тұрады. Еліміздегі лизингтік
компанияның көбеюі лизигнтік индустрияның нақты дамуына және ауыл
шаруашылығы мен шағын кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасайды.

3-сурет – 2007-2009 жылдардағы лизингтік қызмет нарығының көлемі

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2007 жылы ҚР-да бекітілген
лизингтік келісімдердің жалпы құны шамамен 22,8 млн. АҚШ долларын құраған.
Ал 2008 және 2009 жылдары бұл көрсеткіш сәйкесінше 84,4млн. АҚШ доллары
және 230 млн АҚШ долларына дейін жеткен. Яғни, 2007 жылмен салыстырғанда
2008 жылы 4 есеге, ал 2009 жылы шамамен 11 есеге көбейгенін байқауға
болады. Бұдан лизингтік қызметтер нарығы осындай қарқынмен дамыса,
болашақта үлкен жетістіктерге қол жеткізіледі деген болжам жасауға болады.
Негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы лизингтік қызмет жағдайын талдау және бағалау
Банктік лизинг кезеңі
Лизингтің теориялық негіздері
Қаржылық лизинг
Инвестициялаудың ең қауіпсіз түрі - Лизинг
Лизинг операцияларының техникасы
Қазақстан Республикасында лизинг шартын құқықтық реттеу
Лизингтік қатынастар
Тәуелсіз лизингтік компаниялары
Лизинг алушының гарантиялары
Пәндер