Құқық нормаларын талқылау түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3- 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Құқық нормалары және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-8
2.2.Құқық нормаларын талқылау
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-12
2.3.Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлері ... ... ... ..13-16
2.4.Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың
орны мен рөлі мәселесінің даулы жақтары мен
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..17-23
2.5. Қылмыстық-атқару құқығының нормаларының түсінігі, мазмұны, түрлері мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...24-25
ҚОРЫТЫНДЫ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
26-27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ

Құқық нормалары мемлекеттің бекіткен әмірі ретінде құқықтық қатынас
субъектілерінің мінез-құлыктарының жалпы сипаттамаларын жол-жора, ереже
ретінде ғана айқындайды. Себебі, жеке тұлғалар мен занды түлғалардың өмірде
жасалатын барлық іс-әрекеттерін құқық нормаларына сиғызу мүмкін емес.
Мысалы, ұрлық құдайдың құтты күні сан алуан түрде, әр түрлі сипатта
жасалынады. Түнде, күндіз және заттар үйден, қоймалардан, калтадан,
гараждан, мейманханадан, автомобильден, магазиннен, базардан ұрланады. Заң
шығарушы орган ұрлықтың құрамының барлық сипаттамаларын құқықтық нормада
бекітпейді тек нағыз мазмұнын, қоғамға қауіпті ерекше сипаттарын ғана
белгілейді. Объективтік жағынан ұрлық тек кана бөтен мүлікті жасырын
ұрлау деген іс-әрекетті бекіткен. Адамды жауапқа тартуға біреудің мүлкін
жасырын ұрлағаны жеткілікті. Ал, қай жерден, кімнің мүлкі екені
көрсетілмейді. Бір сөзбен айтқанда заң шығарушы органның құқық нормаларында
субъектілерінің бекітілген мінез-кұлықтарын толыққанды, терең түсіну үшін
әділетті мағынада іс жүзіне асыру және дұрыс қолдану үшін оларды талкылау
кажет. Бұл процесс ойлау арқылы болады және соның нәтижесінде құқық
нормасының мәні айқындалады. Жалпы құқық нормаларын талқылаудың тарихына
көз жүгіртетін болсак заңның нормаларын, оның сөздік мәнін түсіндіруге
тыйым салынғанын аңғарамыз. Кезінде Юстиниан, Пий IV, Наполеон I,
Ш.Л.Монтескье, Ч.Беккарна сияқты ірі кайраткерлер заңға түсінік беріп, оны
талкылауға тыйым салуды талап еткен. Олардың ойынша мұндай әрекеттер заңның
мазмұнын бұрмалауға әкеп соқтырып, заңсыздыққа тікелей жол ашады.

Ойлау барысында талқылаушы субъект алдына мынандай сұрақтар қояды:

1. Құқық нормасының мазмұны не?

2. Оның мақсаты не, кандай талаптарды іс жүзіне асыруға бағытгалған?

3. Құқықтық норманы іс жүзіне асыруда мемлекет қандай мақсат көздейді?

4. Құқық нормасы дұрыс қолданыла ма, жоқ па?

Түсінік беруші субъекі аталмыш сұрақтарға жауап беру үшін заң әдебиеттерін
оқиды, сот практикасын таиып біледі, ғалым-дардан кеңес сүрайды. Сондай
әрекеттердің нәтижесінде құқық нормасы жан-жақты талқыланады, құқықты
дұрыс, әділетті қолдануға мүмкіндіктер жасалады.

Құқық нормаларын талқылау деп заң шығарушы органның қуқық нормаларында
бекіткен еркін, мазмунын ұғынуға, тусіндіруге ба-гытталган субьектілердің
қызметтерін айтады.

Талқылау құқық колданудыңең маңызды және жауапты сатыларының бірі болып
табылады, ол арқылы құқық нормалары іс жүзіне асырылады. Талқылаудың өзінің
мазмұны бар және оның кейбір жақтары негізінде екі үғыммен қамтылады: ұғыну
және түсіндіру.

Ұғыну — субъектінің ойлау процесінің жемісі, құқық нормасын түсінудегі
қорытынды пікірі. Ұғыну толғаныс, күйзеліс арқылы қалыптасады, тұжырым
жасауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде логикалық заңның күшімен
тексерілген, дүрыс қорытынды туындайды.

Түсіндіру — интерпретатордың құқық нормасын дұрыс қолданудың мазмұнын
айқындап, ашып көрсетуі. Түсіндіру — тек ғана ұғынудан кейін болатын саты.
Алдымен ұғып алып, содан кейін ғана түсіндіруге болады. Ұғынусыз түсіндіру
болмайды.

2.1.Құқық нормалары және олардың жіктелуі

Құқық жалпы ұғым болып табылса , құқықтық нормалар құқықты
қалыптастыратын , дара ұғымдардың көп сандағы жиынтығы. Құқықтық
нормалар құқықтық формалық болмысы , өмір сүруінің тыныс - тіршілігі
объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы
өмір сүреді. Қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан
құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады. Норма сөзі латын
аударғанда үлгі , ереже деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды
қабылдау , бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болады және олардың
мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінез- құлықтары
, әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан
ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сәттегі әрекеттері құқық
нормаларымен реттеледі , немесе қорғалады. Мысалы , субъект үйін сату
үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт жасауы тиіс ,
некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.

Құқықтық нормалардың ерекшеліктері :

1) Құқықтық нормалар бекіткен үлгі , талаптар бәріне бірдей
қолданылады. Құқықтық нормаларының мәтінде көрсетілген информация
ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді , шешімін бекітеді.
Мысалы , Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы)
он тқрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәселелердң олардың
атынан ата- анасы , асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген
ережені бекіткен. Яғни , бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей
болып табылады.

2) Құқықтық норма халықтың , таптардың , топтардың , тіпті жеке
адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның
еріктерінің құқықтық норма бекітілуі көп болған. Мысалы , коммунизм
идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің Коммунистік партияның
монифистері деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы
заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз өмірінен алған . К.Маркс өзінің
құдай қосқан әйелі бола тұрып , отбасында қызметші болған Ленхен деген
әйелмен көңілдес болып , бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс
Ф.Энгельске сәбиді менікі дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп
беруді армандайды . Өкінішке орай сол кездегі заң бойынша заңды
некеден туған балаларға ғана иүрагерлік берілген. Социалистік
идиологияны жазу барысында К.Маркс Коммунистік партияның манифесінде
қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды талап етті.

3) Құқықтық норма қажет болған жағдайда мемлекет күшпен қамтамасыз
етіледі. Сот , прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік органдар
құқықтық норма бұрмаланған , немесе орындамаған субъектілерге күш
қолданылады , жауапқа тартады.

Құқықтық норма дегеніміз – мемлекет бекіткен , бәріне бірдей ,
формаларды айқын және орындалуы , сақталуы қажет болған жағдайда күшпен
қамтамасыз етілетін мінез – құлықтың үлгісі.

Құқық нормаларының жіктелуі

Құқық нормаларының негізгі функциялары қоғамдық қатынастарды
реттеу және құқық бұзушылықтан сол қатынастарды тиімді қорғау болып
табылады құқықтық нормаларды реттеу функцияларына байланысты
топтастырып қарағанда арнайы бір қоғамдық қатынастарды реттейді . Кейбір
құқықтық нормалар мүліктік қатынастарды реттесе, басқалары экологиялық,
қаржы отбасы, әкімшілік , банк , сайлау , инвистиция, жер сияқты
қатынастарды реттейді. Осыған байланысты құқықтық нормалар реттеу пәніне
байланысты конституциялық – құқықтық , әкімшілік құқықтық , азаматтық -
құқықтық , және т.б. болып жіктеледі. Ал , құқықтық нормалар өздерінің
іс жүзіне асырылуына байлансты мынадай түрлерге бөлінеді:

1) Міндеттейтін норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы
әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.

2) Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді
жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.

3) Құқық беруші норма – бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жұзеге
асыруға байланысты құқықтарды реттейтін норма.

4) Дефинитивті норма – нормада заң ғылымдарының жетістіктерінің
нәтижесінде бір ұғымның анықтамасының берілуі. Бұл нормада
субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы дәрежеде не мағынада
көрсетілмейді. Бір дефинитивтік нормалар пәнінің негізгі категорияларын
анықтайды , үлкен маңыздық рөл атқарады және Қазақстан Республикасының
құқықтық жүйесінде , құқық салаларында жиі кездеседі.

Мысалы , Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабы қылмыстық
ұғымының мына анықтама мағынасында бекіткен : Осы Кодексте жазалау
қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет ( іс- әрекет
немесе әрекетсіздік ) қылмыс деп танылады

Неке және отбасы туралы заңның 1-бабында некенің ұғымын , неке ерлі-
зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды
туғызатын , отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен
тараптардың ерікті және толық келісімді жағдайда жасалған еркек пен
әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ, - деген дефинициямен берілген .

5) Декларативтік норма – негізігі құқықтық идеялар жариялану мағынасында
көрсетіледі. Мысалы , Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізуге
кодексінің 8-нормасында қылмыстық процестің барлық міндеттері былай деп
жарияланған : Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық
ашу , оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту ,
әділсот талқылауы және қылмыстық заңды қолдану болып табылады .

6) Құқықтық реттеу тәсілі бойынша құқықтық нормалар диспозитивтік ,
императивтік , мадақтайтын және ұсыныс беретін түрлерге жіктеледі:

а) Диспозитивтік норма – субъектілерге өз тараптарынан құқықтары мен
міндеттерін өз қалаулары бойынша іс жүзіне асыруға мүмкіндік және
құқықтық қатынастарға түскен жағдайда еркіндік таңдау мінез – құлқы
қамтамасыз етіледі. Мысалы , азаматтық құқықтың нормалары осы санатқа
жатады.

ә) Импиративтік норма – қатаң сақталуды,и орындалуы талап етіледі және
екі жақтың келісімі бойынша өзгертуге жатпайды. Әкімшілік құқықтың
нормаларыимперативтік болып саналады.

б) Мадақтайтын норма – құқықтық қатынастарға түскен субъектілердің мінез
– құлықтары қызметінің тәртіптері мен түрлері бекітіледі. Сол арқылы
субъекттер арнайы белгіленген мадақтауға ие болады. Мысалы , бекітілген
норма бойынша жазасын түзеу колониясында өтеп жүргендер үлгілі тәртібі
үшін мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Немесе адам көмбе тауып алған
болса Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 247-бабының 2-тармағы
мынадай марапаттайтын норманы бекітеді: Тарих және мәдениет
ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар
Қазақстан Республикасының меншігіне берілуі тиіс . Бүл орайда ондай көмбе
табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе көмбені тапқан адам осы көмбе
құнының елу прценті мөлшерінде сыйақы алуға құқылы.

в) Ұсыныстық нормалар – мемлекет және құқық теориясында жиі
пайдаланылады. Мысалы , Қазақстан Республикасы Президенті қабылдаған
жарлықтарында Үкіметке арнайы бір саланы реттеуге қаулы қабылдау керек
екеніне ұсыныс жасауы мүмкін .

7) Құқықтық нормалар функциялары бойынша реттейтін және құқық қорғайтын
нормалар болып бөлінеді:

а) Реттейтін нормалар – бұл субъектілердің субъектілік құқықтары мен
міндеттерін олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын
норма. Сатып алу , айырбас жасау , шартқа отыру , некеге тұру ,
мұрагерлікке ие болу , ипотека және т.б.

б) Құқық қорғайтын норма – құқық бұзушылыққа барған субектілерге мемлекет
атынан шара, күш қолдану арқылы қол сұғылған , бұзылған құқықтарды
орнына келтіреді, реттейтін нормаларды қорғау функцияларын атқарады.
Құқық қорғайтын нормалар негізінде әкімшілік , қылмыстық кодекстің ерекше
бөлімдерінің баптарында нақтылы мағына бекітілген

2.2.Құқық нормаларын талқылау түрлері

Құқық нормаларын талқылаудың бірнеше түрлері бар.

1. Субъектілері бойынша құқық нормаларын талқылау ресми және ресми емес
болып екі түрге болінеді.

1.Ресми талқылау арнайы құзыры бар мемлекеттік органдар мен субъектілермен
іс жүзіне асырылады. Біріншіден, бұл талқылау арнайы кұқықтык кесім аркылы
бекітіледі. Екіншіден, ресми талкылаудың нәтижесі түсінік берілген құқық
норманы колдануда барлық субъектілерге міндетті болып саналады. Үшіншіден,
құқық қолданатын субъектілерге талқыланған құқық нормасын бір мағынада
үғынуға мүмкіндік береді және құқық қолдануда кателіктерге баруға тосқауыл
қояды. Ресми талқылау нормативтік, казуальдық болып бөлінеді.

2. Нормативтік талқылауда құқықтық норманы талқылаған түсініктің өзі
бәріне міндетті нормаға айналады, көп рет қолдануға мүмкіндіктер туады.
Мысалы, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер туралы
заңында заңға сәйкес қабылданған кесімдер ресми түрде өзі қабылдаған
органмен талқыланады деп атап көрсетілген. Сонымен қатар нормативтік
талқылаудын субъектісі болып әділсот органдары, атап айтқанда Қазақстан
Республикасыиың Жоғарғы Соты бола алады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Сотының пленумының қаулылары соттардың тәжірибелерінде қолданылатын заңдар
мен заңға сәйкес кабылданған нормативтік-құқықтық кесімдерге түсініктеме
береді және оларды тек сот органдары ғана пайдаланады. Қазақстан
Республикасының Конституциясының 81-бабында: Қазакстан Республикасының
Жоғарғы Соты азаматтық қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда
қаралатын өзге де істер жөніндегі Жоғарғы Сот органы болып табылады, заңда
көзделген іс жүргізу нысанасында олардың кызметін қадағалауды жүзеге
асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп
отырады, — деп атап көрсетілген.

3. Казуальдық талқылау нақтылы қаралған іс бойынша қолданылатын құқық
нормаға түсінік беру. Мұндай талқылау негізінде құқық колдану барысында
арнайы құзырға ие органдардың шешімдері мен соттардың үкімдерінен,
шешімдерінен өздерінің көріністерін табады, соттық және әкімшілік болып екі
түрге бөлінеді.

II. Ресми емес талқылау заң күші жоқ, құқық нормаларын іс жүзіне асыруда
құқық субъектілеріне міндетті емес түсінік беру. Мұндай талқылау кеңес
берумен ғана шектеледі. Ресми емес талқылау мемлекет және құқық теориясында
үш түрге бөлінеді: кәдімгі, кәсіби және доктриналдық.

1. Кәдімгі талқылау кез келген субъекттің өзінің білімі, деңгейі
дәрежесінде қандай да болмасын заңға, онын нормала-рына түсінік беруі.
Мысалы, референдум барысында жеке адам-дардың өз пікірлерін білдіруі.

2. Кәсіби талкылау құқық қорғау органдарының қолданылатын құқық
нормалары бойынша азаматтарға, занды тұлғаларға түсінік беруі. Негізінде
кәсіби талқылауды арнайы заң мамандығы бойынша білімі бар субъектілер іс
жүзіне асырады.

3. Доктриналдық талқылау заңгер ғалымдар мен ғылыми мекемелер жазылған
мақалалар, монографиялар және коментарийлерде беретін талқылаулар. Бұл
талқылаудың зандарды жетілдіруде, олардың тиімділігін арттыруда, құқық
нормаларының кемшіліктерін жоюда үлкен рөл атқарады. Көрнекті заңгер ғалым
Е.Б.Әбдірасұлов доктриналық талқылау туралы мынандай қорытынды жасайды:

Біріншіден, доктриналдық талқылаудың субъектілеріне негізгі қызмет саласы
ғылыми зерттеу болған ірі ғалымдар жатады.

Екіншіден, доктриналдық талқылаудын жеке субъекті ретінде ғылыми доктрина
жасап, құқықты талқылау қызметінің нәтижесін шығаруды қамтамасыз ететін
ғалымдардың тобын, бірге жұмыстарды орындайтын бірсыпыра ғылыми-зерттеу
мекемелері мен институттарды бөліп айтуға болады.

Үшіншіден, доктриналдык талқылаудың жеке субъектілеріне ғылыми кызметтері
өздерінің заң ұйымдары мен мекемелер, өр түрлі мемлекеттік органдармен
байланысты заңгер-ғалымдар-ды жатқызуға болады.

Төртіншіден, кұқық нормаларын доктриналдық талқылау субъектілері болып
практика қызметкерлері табылады, егер олардың заңды талқылау қызметтері
таза комментаторлық шы-ғармашылықпен шектелмей, кәсіби интерпретация
деңгейінен жоғары болса.

III. Тәсілдері бойынша құқық нормаларын талқылау тарихи-саяси, логикалық,
арнайы-зандық, жүйелілік, грамматикалық болып бөлінеді.

1. Тарихи-саяси талқылау нормативтік құқықтық кесімдердің қабылдануының
тарихи жағдайларын түсіну арқылы олар-дың негізгі мақсаттарын айқындап,
танып білу және зерттеу.

2. Логикалық талқылау логиканың зандарын пайдалана оты-

рып, заң мәтінінде қолданылған ұғымдар мен категориялардың,

құбылыстардың, бір бірімен байланыстарына, арақатынастарына

талдау жасау арқылы түсінік беру.

3. Арнайы-заңдық (терминологиялық) заңнама шығарушы органның заң
техникасын қолдану барысында пайдаланылған арнайы терминдерді түсіндіру,
мазмұнын ашып көрсету. Мысалы, әлсірету мақсатында жасалған, ауыр
зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер, қылмыстық қоғамдастық, ірі
мөлшерде, құнды заттар, мүдделеріне елеулі зиян келтіру, лизинг,
ипотска, акцепт, элемент, регресс жәнет.б.

4. Жүйелілік - кұқық нормаларының институт, құқық салаларымен
байланыстарын, алатын орындарын ұғыну арқылы талқылау. Соның нәтижесінде
талқыланған құқық норма басқа нормалармен салыстырылып, салалармен шектес
екені айқындалады.

5. Граматикалық талқылауда құқық нормаларының мәтініне, сөз
құрылыстарына талдау жасау арқылы оның мазмұнын үғыну.

IV. Көлемі бойынша құқық нормаларын талқылау сөзбе-сөз, кеңейтілген және
шектелген болып бөлінеді.

1. Сөзбе-сөз талқылауда қүкық норманың мәтіні оның мазмұнын дәлме-дәл
көрсстеді. Осыган байланысты онын мазмұнын түсінуде ешқандай қиындықтар
болмайды.

Кеңейтілген талқылауда құқық норманың толық мазмүны онын создік мағынасынан
кеңірек болып ұғынуды талап етеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының
Конституциясының 77-бабының бірінші тармагы: Судья сот торелігін іске
асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады, деген
норманы бекіткен. Бұл жерде судьялар іс қарағанда тек ғана Конституция мен
зандарға ғана емес, сонымен қатар басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге
бағынады. Бұл норма кеңейтілген талқылауды талап етеді. Сонымен қатар кұқық
нормаларының мәтінінде және басқалар, өзгеше көзделмесе, басқа
құжаттар, басқа да мүлік және т.б. сөздер құқық нормалар мәтінде
пайдаланғаңда кеңейтілген талқылау пайдаланылады.

Шектелген талқылауда кұқық нормасының толық мазмұны оның сөздік мәтінінен
кеңірек болып қабылданады. Мысалы, Казақстан Республикасынын
Конституциясының 36-бабы:

Қазақстан Республикасын корғау - оның әрбір азаматының қажетті борышы және
парызы деген норманы бекіткен. Бірақ, бұл борышты барлык азаматтар орындай
алмайды. Атап айтқанда әрекет қабілеттілігі жок азаматтарға отанды корғау
борыш және парыз бола алмайды. Немесе Конституцияның 27-ба-бының 3-тармағы
Кәмелетке толған еңбекке кабілетгі балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына
қамкорлык жасауға міндетті деп атап көрсетеді. Бұл жерде шектелген
талкылаудың корытын-дысы мен балаларына қамқорлык жасамаған және тастап
кеткен ата-анаға көмек көрсету міндетті емес екенін аңғарамыз.

2.3.Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлері

Әкімшілік-құқық, кез келген құқық саласы сияқты, заңды
нормалардың жиынтығынан тұрады. Әкімшіліктің құқықтық негізін әкімшілік
нормалар құрайды.
Әкімшілік - құқықтық нормалар – бұл мемлекеттік, қоғамдық
басқару сферасындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің басқа
сферасында туындайтын басқару сипатындағы қатынастарды (әділ соттылықты,
прокурорлық қадағалауды) реттейтін мемлекетпен белгіленген немесе
бекітілген, рұқсат етілген ережелер болып табылады және оларды орындамаған
жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асыралады.
Әкімшілік - құқықтық нормалардың негізгі міндеттері:

1)Мемлекет басқару жүйелерінің әртүрлі құрамдас бөліктерін ретке
келтіру;
2)Басқарушы мен басқарылатын жүйелердің арасындағы тиімді арақатынасты
нығайту;
3)Әртүрлі басқару салаларындағы байланыстарды, мемлекет органдардың
кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, азаматтармен арақатынастарын
белгілеу;
Әкімшілік реттеудің мәні - басқару қатынастарын ретке келтіру,
әкімшілік құқықтың көмегімен осы қатынастарға қатысушылардың құқықтары
мен міндеттерін белгілеу. Олар басқару қатынастарының субъектілерінің мінез
- құлықтарын қалай болуы керек екендігін анықтайды.
Әкімшілік құқық нормаларының мән -маңызы мыналарға бағытталған:
1) мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан қатынастарды
ұйымдастыруға, ретке келтіруге және жетілдіруге;
2) құқықпен реттелген басқару қатынастарын қорғау.
3) біздің қоғамымызды дамытатын объективті заңдардың талаптарына сай
жаңа қоғамдық қатынастарды тудыруға және дамытуға;
4)қазіргі уақыт талабына сай емес қоғамдық қатынастарды басқару
сферасынан шығаруға бағытталған.
Әкімшілік - құқықтық нормалар көптеген басқару органдарының
құқықтық жағдайы мен құзырлығын анықтайды, олардың қызметін, басқару
нысандары мен әдістерін, басқа субъектілерімен ара қатынастарының тәртібін
белгілейді.
Әкімшілік құқықтың нормалары, сондай-ақ,
кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың мемлекеттік және қоғамдық
қызметкерлердің, мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың құқықтық
жағдайын анықтайды.
Әкімшілік заңнамада әкімшілік қатынастарды әртүрлі бұзушылықтан
қорғайтын нормаларда бар.

Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жеке болып бөлінеді. Мемлекет және
құқық теориясында мемлекет пен құқықтың арақатынасы жөніндегі сұрақ бойынша
екі амал – жолды бөліп атауға болады. Біріншісі –мемлекеттің құқықтан
басымдылығынан туындайтын этатикалық тәсіл. Екінші тәсіл табиғи – құқықтың
көзқарастар арнасында нығайтылды және мемлекетпен салыстырғанда құқықтың
басымдылығынан туындады.
Әкімшілік нормалардың көпшілігі имперактивті сипатты. Оларды бұзғаны
үшін заңды жауапкершілікке тартылады.
Әкімшілік-құқықтық нормалардың құрылымы – дегеніміз нормалардың ішкі
құрылысы, норма элементтерінің, құрамды бөліктерінің өзара байланыстарының
белгіленген тәртібі.

Әкімшілік -құқықтық нормалар мына элементтерден тұрады:
1)гипотеза;
2)диспозиция;
3)санкция.

Гипотеза – бұл құқық нормаларын қолдану жағдайлары. Норманың
гипотезасымен қарастырылған мән-жайлар әкімшілік - құқықтық қатынастарды
тудыратын, өзгертетін және тоқтатын заңды фактілер болып табылады, мысалы,
адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, соның нәтижесінде заңды
жауапкершілікке тартылады, адамның белгілі бір жасқа толуы (16 жасқа толуы,
бұл кезде азамат төл құжатын алады немесе 18 жасқа толуы, яғни кәмелеттік
жасқа толуы, бұл кезде адам құқықтық қатынастардың толыққанды субъектісі
болады). Бұл жерде заңды фактілер болып 16 жасқа толу (оқиға), төл құжатын
жоғалтып алу (әрекет).

Гипотезаның мынадай түрлері болады:
- абсолютті - анықталған - бұл құқық нормасы қолданылатын нақтылы
жағдайды көрсетеді, мысалы, уақытында салықты төлу.
- салыстырмалы - анықталған - бұл кезде құқық нормасы жүзеге
асырылатын жағдайлардың жалпы сипаты ғана көрсетіледі.

Диспозиция -бұл мінез-құлық ережелері, бұнда субъектілердің құқықтары
мен міндеттері көрсетіледі. Құқық нормасының негізін қалайтын басты
элементі болып табылады. Диспозиция -бұл ұйғарымдар, бұйрықтар, жарлықтар,
тиым салушылықтарлар, рұқсат берушіліктер.
Санкция – бұл мінез - құлық ережелерін бұзғаны үшін нормамен
қарастырылған жағымсыз зардаптарды көрсететін құқық нормасының элементі.
Әкімшілік – мәжбүрлеу шаралары (шекараны жабу, жер сілкінісі болған
жерлерді оқшаулау) санкцияға жатпайды, сол себебі олар құқық бұзушылықпен
байланысты емес. Бұндай шаралар диспозицияда көрсетіледі.

Құқық нормасының түсінігі. Құқық нормасы - үлгі, ереже, шара, жүріс-тұрыс
масштабы. Құқық нормасының белгілері: формалды анықтаушылық жалпы
міндеттілік, жүйелілік, әрекеттің қат-қабаттылығы, адресаттық
кейіптеушіліксізі мемлекетпен қамтамасыз етілуі, ұсынушылық-міндеттілік
сипаты.
Құкықтың(қайнар көздерінің) формаларының түсінігі. Санкциялы дәстүр. Әдет-
ғұрпы құқығы. Сот және әкімшілік прецеденті. Нормативтік құқықтық
акт.Зандық доктрина құқықтың қайнар көзі ретінде.
Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі және жалпы ситапттамасы.
Нормативтік құқықтық актілерлің түрлері, заңдық күші, әрекет ету ортасы,
оларды шығару субъектілері және әрекет ету мерзімі бойынша саралануының
критериилері.
Қағида шығармашылығының, құқықшығармашылықтың заңшығарушылықтың түсінігі.
Халықтың бірден-бір құқықшығармашылығы. Референдум түсінігі. Заң шығару
процессінің сатысы және түсінігі.
Құқық жүйесінің түсінігі. Құқықтың құрылымы. ҚҰҚЫҚТЫҚ институттар және
олардың түрлері.
Құқықтық қатынастардың түсінігі.Құқықтық қатынастардың құрамы. Құқықтық
қатынастардың мазмұны. Құқықты жүзеге асырудың түсінігі, оның түрлері мен
әдістері.
Құқықты қолдану - құқықтық жүйе асырудың ерекше формасы (әдісі). Құқықты
қолдану субъектілері: мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, құқық
қорғау органдары.
Нормативтік құқықтық актілерді талқылаудың түсінігі. Құқық нормаларының
мазмұмын түсіндіру және анықтау.
Құқықтық сана - қоғамдық сананың түрі. Құқықтық сананың басқа да қоғамдық
санамен арақатынасы: сасяси, өнегелік, діндік.Құқықтық мәдениеттің түсінігі
элементтері және деңгейлері.
Құқықтағы кемтіктің түсінігі. Құқықтағы аналогия институты. Заңның
аналогиясы және құқықтық аналогиясы.
3аңды мінезқұлық заң нормаларының нұсқауларына сәйкес мінез құлық
ретінде.3аңды мінез құлықтың түрлері. Активті, пассивті және қалыпты
мінезқұлық.
Құқық бұзушылықтың түсінігі, түрлері. Қылмыстылықтық себептері және
басқа да құқық бұзушылыктардың әлеуметтік табиғаты. Заңды жауапкершілік
және оның түрлері.3аңдылықтың түсінігі. Заңдылықты қамтамасыз етудегі
Конституцияның орны мен ролі. Конституциялық заңлылық заңдылық пен құқықтық
тәртіптің негізі.

2.4.Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық
ұйымдардың орны мен рөлі мәселесінің даулы жақтары мен проблемалары.
Жалпы тұрғыдан қарастыратын болсақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықты қолдану. Құқық нормаларын талқылау
Құқық нормаларын талқылау
Құқықты түсіндіру мәні
Құқықты түсіндірудің түрлері
Құқықты түсіндірудің маңызы
Құқық нормасын талқылаудың түрлері
Құқықты түсіндіру мазмұны
Құқық нормасын талқылау
Қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсету
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ
Пәндер