Қылмысқа қатысушылық формаларын топтастыру


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
1. Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері . . . 6
2. Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары . . . 9
3. Қылмысқа ортақ қатысу . . . 14
4. Қатысушылардың түрлері . . . 17
5. Қылмысқа қатысушылық формаларын топтастыру . . . 24
Қорытынды . . . 30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 32
Кіріспе
Қылмысқа қатысушылықтың формалары қылмыстық құқықта кеш айтылып, ал Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында арнайы қарастыру 1995 ж. 17-ші наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мне толықтырулар енгізу туралы "Жарлығы арқылы мүмкін болады. Яғни, сол кездегі қылмыстық кодекске 17-1-ші бабы қосымша түрде енгізіліп, ол бап қылмысқа қатысудьң формаларына арналды.
Қылмысқа қатысушылық мәселесі қылмыстық құқықтың жеке институты ретінде, ерте ғасырлардан бастау алып, соған қарамай қылмысқа қатысушылық мәселесін арнайы зерттеген заңгерлердің арасында дау тудырып, осы күнге дейін жалғасуда. Осы теорияны бекітуде және дамытуда заңгер ғалымдардың көптеген ойларымен шешендіктері көрінуде. Вербовая О. В. "жеке адаммен қылмыс жасау әлдеқашан топ болып қылмыс жасауға айналды, ал топ күйінде қылмыс жасау тез ұйымдаскан сипатқа айналуда" дейді . Қылмысқа қатысушылық тақырыбындағы жете зерттелмеген, әлі де өз шешімін толық таппаған жеке мәселелердің бірі қылмысқа қатысушылық формаларының түсінігі болып табылады. Жұмыста негізінен қылмыысқа қатысушылық формаларын топтастыру мәселесі қаралатындықтан қылмысқа қатысушылық формасы ретінде нені ұғатынымызды білу - жұмыстың өзектілігінің бірі болып саналады. Осы тақы-рыпты зерттеген ғалым-криминалистердің еңбектерінде қылмысқа катысушылық формаларына жалпы, ортақ түсінік берген адамдар кемде-кем. Солардың ішінде осы мәселеге берген түсінігінде П . Ф. Тельнов: "Қылмысқа қатысушылық формасы - бұл екі және одан көп адамдардың қасақана әрекеттері қандай жолдармен біртұтас қылмысқа қосылатынын көрсететін, кінәлілердің өзара әрекеттері әдістерінің сырткы жағы", - дейді. Ал Н. Г. Иванов қылмыстық заңда қылмысқа қатысушылық формасының түсінігін бекіту қажеттігін айта келіп: "Қылмысқа қатысушылық формасы алдын-ала келісіммен және алдын-ала келісімсіз құрылған топ, банда, ұйым ретінде көрінетін топ болып табылады", - дейді. Қазіргі Ресейден шыққан оқулық әдебиеттерден мынадай да анықтама кездестіруге болады. Қылмысқа қатысу формасы- бұл өзара әрекеттерінің тәсілдері және келісім дәрежесі бойынша ажыратылатын бірнеше адамдардың қылмыс жасау кезіндегі бірлескен әрекеттерінің түрлері . Осы үш анықтама дұрыс па немесе басқаша берілуі керек пе? Көрсетіліп отырған анықтамалар мағынасы жағынан бір-бірінен алшақ жатыр. Н. Г. Ивановтың берген анықтамасы әділетті сынға келеді, себебі мұнда қылмысқа қатысушылық формасының түсінігі жоқ. Ол қылмысқа қатысушылық формалары мен қылмысқа катысудың қылмыстары түрлерін (аталған еңбектің басқада бөліктерінде) топ ретінде көрсетіп, форма осылай көріне береді дегенге келтіреді. Осы мәселені шешуде дұрыс бағыт болар еді, егер Н. Г. Иванов осы қылмысқа қатысушылық түрлерін көрсетпей, белгілер қолдану арқылы анықтама берген болса және бұл анықтаманың тағы бір күмәнді жері оның барлық қылмысқа қатысушылық формаларын топқа айналдыруы. Егер қылмысқа қатысудың формалары мен түрлері бүгінгі біз білетін түрлерден де көп болған болса, соның бәрін қылмысқа қатысушылық формасының түсінігін беру үшін тізіп көрсете беру керек пе еді? Сондықтан біз бұл анықтамамен келісе алмаймыз. А. А. Герцензон қылмысқа жанасушылыктың анықтамасын беру жайында былай дейді - "Біздің пікірімізше қылмысқа жанасушылықтың түсінігінің анықтамасын бергенде оның түрлерін түгелдеуге апаруға болмайды". Анықтама беру жайында Ғ. Ы. Баймурзин көңілге қонымды мынадай пікір келтірген. "Әрине, оның түрлерін көрсете отырып, біз қандай да бір деңгейде зерттеп отырған түсініктің мазмұнын ашамыз, бірақ түсініктің анықтамасы әрі қарай жалғасып, оған барынша елеулі жақтарымен, құрамдарын, түрлері мен формаларына ортақ барлық белгілерін, оларды біртұтас етіп біріктіретін барлық ішкі байланыстарын қосу керек", - дейді. Қылмыстық Кодекстің 27-нші бабына сәйкес, қылмысқа қатысушылық дегеніміз екі немесе одан көп адамдардың қасақана бірлесіп қасақана жасалатын қылмыстарға қатысуы болып табылады. Осы анықтамаға сай келетін, бірақ бір-бірінен субъективтік және объективті белгілеріне қарай ерекшеліктері бар әртүрлі қылмысқа қатысушылықтар, жекелеген формаларды құрайды. Қылмысқа қатысушылық формаларының бір ерекшелігі, бірнеше адамдардың бірлесіп жасаған қылмысты іс-әрекеттерін саралауда және оларға жауапкершілік белгілеуде атқаратын маңызы зор. Себебі қылмысқа қатысушылықтың формаларына қарай осы атқарылуға тиісті мәселелер, әр форма бойынша жеке-жеке ереже ретінде шешіліп отырады.
Соньмен, формалар ішкі және сыртқы мағынаға немесе мазмұнға ие дедік. Ішкі мазмұнды жоғарыда объектінің сапалық белгілерімен байланысты дегенмен, кылмысқа қатысушылық формаларының ішкі мазмұны субъективтік белгілердің жиынтығымен анықталады. Формалардың екінші мағынасы ретінде, оның басқа өзіне ұқсас құбылыстардан айырмашылығын көрсететін шекара, яғни сыртқы мазмұн ретінде қылмысқа қатысушылыктың объективтік белгілерінің жиынтығы ескеріледі. Қылмысқа қатысушьшық формалары бір-бірінен субъективтік белгілерге қарай емес, негізінен объективтік белгілерге қарай ажыратылады. Себебі қасақана жасалатын қылмыстарды қасақана жасау, келісімнің көпшілік жағдайларда болуы, қылмысқа қатысушылықтың формаларына тән белгі екендігін білдіреді. Қылмысқа қатысушылық формалары бір-бірінен негізінде объективтік белгілер бойынша ажыратылады. Мысалы, қылмысқа қатысушылардың арасында рольдердің болуы, тұрақтылық, құрылымдық бірлестіктің болуы тәрізді белгілер.
Қылмысқа қатысушылық формаларының бір-бірінен субъективтік және объективтік белгілер көлеміне байланысты да айырмашылығы бар. Мысалы қылмыстық ұйымдасқан топтың кылмысты топ болып орындаушылықтан көлемінің үлкендігі, мұнда тұрақтылық белгісінің қосылуы болып табылады. Яғни қылмысқа қатысушылық формаларының белгілеріне қарай көлемі де әртүрлі болып келеді. Бұл да қылмысқа қатысушылық формаларының негізінен сыртқы мағынаға ие екендігін дәлелдей түседі. Форманың сыртқы көрінісі ретінде,
біріншіден шекара, яғни қылмысқа қатысушылықтарды бір-бірінен ажырататын объективтік белгілер, екіншіден көлем, яғни формаларды біp-бірінен объективтік және субъективтік белгілерінің көптігіне қарай ажыратылуын алып отырмыз. Қылмысқа қатысушылық формаларының белгілеріне қарай көлемнің де әртүрлі болуы, бізде қылмысқа қатысушылық түрі бар ма, әлде қылмысқа қатысушылықтың формалары бар ма деген сұраққа қолданатын бірден-бір жауап болып табылады. Бұл мәселені осы жұмыстың тиісті бөлігінде қарастырамыз.
Сонымен қылмысқа қатысушылықтың формалары оның мазмұнының сыртқы жағымен немесе көрінісімен анықталады. Осы жерде М. И. Ковалевтің "Барлық құбылыстарда ішкі жақ мазмүнды, құбылыстың мағынасын, ал сыртқы жақ оның формасын анықтайды" сөзіне өз ойымызды салыстыра кетейік. Біз қылмысқа қаты-сушылық формаларын негізінен объективтік белгілерге қарай ажы-ратуды ұсынып отырмыз. Субъективтік белгілер бұл мәселеде тек келісімнің болуы немесе болмауы бойынша қылмысқа қатысушылықтарды бөлуде ғана қолданылады. Ал, объективтік белгілерге қарай әр форманың мағынасы анықталары сөзсіз. М. И. Ковалев "мағынасы мазмұн ішкі жақты анықтайды", - дейді. Сонда мазмұн мен мағына ішкі жақты анықтағанда, форманың сыртқы жағын анықтайтын не бар, не қалды? Ол жағын айтпаған. Біздің жасап отырған зерттеуімізше ішкі мазмұн немесе субъективтік белгілер қылмысқа қатысушылықтың көпшілік формаларында бірдей. Мысалы, қылмысты бірге орындаушылық яғни топ болып қылмысқа қатысу келісімсіз де болуы мүмкін, ал калған формаларға келісім тән болып келеді. Сондыктан субъективтік белгілермен, яғни ішкі жағымен кылмыска катысушылық формалары толық бір-бірінен ажыратыла алмайды. Формалар 27-ші баптағы объективтік белгілер (екі немесе көп адамның катысуы, бірлестіктің болуы) бойынша емес, 31 -ші баптағы әр форманы анықтайтын белгілер бойынша ажыратылады. 31-ші баптағы объективтік белгілер бойынша ғана қылмыска қатысушылық формаларының не екендігін елестетуге болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - қылмысқа қатысудың маңызын, оның белгілерін және түрлерімен танысу. Қылмысқа қатысу тақырыбы мынандай мақсаттарды көрсетеді:
1. қылмысқа қатысудың түсінігі, оның мазмұны, белгілері
2. қылмысқа қатысудың түрлері, нысандары
3. қылмысқа ортақ қатысу
4. қылмысқа қатысушылардың түрлері.
5. қылмысқа қатысушылық формаларын топтастыру.
Жұмысты жазған кезде келесі тәсілдерді пайдаландым: тарихи әдіс - қылмыстық құқық теориясындағы қылмысқа қатысушылықтың формаларының пайда болуына тарихи шолу жасау анализі, әлеуметтік - заңгерлік, яғни нормативтік актілер.
Курстық жұмыстың нормативтік базасы:Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, нормативтік актілер, монографиялар, авторефераттар.
1. Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері.
Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айқындаудың маңызы зор.
Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.
Қылмысқа қатысу барысында қымыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, оладың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қымыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдығыдай жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, орта, бөлінбейді.
Тек қасақан жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.
Абайсыз қылмыстарда қылмысқа қатысу бомайды. Егер бірнеше адам абайсызда қоғамға қауіпті жағдай туғызса, оның әрқайсысы жасаған әрекеті үшін жауап беруге тиіс.
Қылмыс - бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай - ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың әрқайсысының бірлесіп қылмыс істеуіндегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық мүмкіңдік туғызады.
Жаңа қылмыстық занда қылмысқа бірлесіп қатысудың ұғымы, оған қатысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар мен көмектесушілер) жекелеген іс-әрекетін сипаттайтын белгілер және оларға жаза тағайындаудың негізгі қағидалары, сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының анықтамасы берілген (ҚК-тің 27, 28, 29, 31-баптары) .
Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор. Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше қылмысты істеуі олар-дың - қатысушылардың - өзара бірін - бірі қолдауы, қылмьіс істеуді женілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен кауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыс істеуді осылай жүзеге асыру қылмысты іс-әрекеттің өзін жоюға, қайсыбір жағдайларда бір адамның қолынан келмейтін қылмысты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Көптеген ауыр қылмыстарды, атап айтканда, бөтен біреудің мүлкін өте көп мөлшерде талан-таражға салу, валюталық операциялар жөніндегі ережелерді бұзу, парақорлық, әйел зорлау, кісі өлтіру сияқты қылмыстар бірлесіп істеу арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қылмысқа қатысудың ұғымы Қазақстан Республикасының 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 27-бабында «Екі немесе оданда көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмыска қатысу деп танылады»- делінген.
Қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатысудың өзіндік объективтік және субъективтік белгілері бар. Қылмысқа қатысудың объективтік жағының бір белгісі бір қылмысқа екі немесе одан да көп адамдардың қатысуы болып табылады. Бұл жерде қатысушылардың бәрінің есі дұрыс, қылмыстық заң бойынша жауап беретін жасқа толған болуы қажет. Есі дұрыс емес адамды немесе қылмыстық жауап беру жасына толмаған жасөспірімдерді қылмыс істеуге пайдалану қылмыс жасаудың құралдары болып саналады, сол себептен ол қылмысқа қатысу болып саналмайды. Ондай адамдарды қылмыс істеуге пайдаланғандардың өздері қылмысты тікелей орындаушы ретінде жауап береді. Ал кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту кодекстегі 131-бап бойынша жеке кылмыс құрамы болып есептеледі. Қылмыс істеуге қатысуда екі немесе одан да көп адам қылмысты бірлесіп істейді. Объективтік жағынан алғанда қылмыс істеуге бірлесіп катысу деп, оны істеуге бірге қатысқан әрбір қатысушылардың әрекеті белгілі бір қылмысты іс-әрекетті істеуге және соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы қажет. Өзінің мәні жөнінен жекелеген адамдардың қылмысқа қатысуы әр түрлі болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көрсетілген қылмыстарды тікелей орындаушымен бірге, қатысушылар санына қылмыс істеуге біреуді көндірген (айдап салушы), қылмыс істеуді ұйымдастырған немесе оған басшылық етуші (ұйымдастырушы) немесе қылмыс жасауға жағдай туғызған (көмектесуші) адамдар да кіруі мүмкін. Қылмысты ұйымдастырушылардың айдап салушылардың; көмектесушілердің әр түрдегі және әр түрлі дәрежедегі қылмыстың істелуіне мүмкіндік туғызумен бірге уақыты жағынан істелген қылмысты орындаушының әрекетінін алдын алуы немесе сонымен тұспа - тұс келуі және олардың барлығының осы қылмысты әрекетті істеумен себепті байланысты болуы шарт. Әрбір қатысушының әрекеттерінің өзара себепті байланысы мен шарттарының болуы істелген қылмыстық қатысушыларының бірлескен қылмысты іс - әрекеттерінің салдары екендігін дәлелдейді, барлық катысушылардың бірдей жағдайда жауаптылыққа тартылуының алғы шарты екендігін көрсетеді.
Қылмысқа қатысуда іс - әрекет пен кылмыстың зардабының өзара байланысының жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өз ерекшелігі бар. Қылмысқа қатысуда қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады. Айдап салушы, көмектесуш, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепші болады. Мұндай себепш і болу қылмысты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқьшы жүзеге асырылады. Субъективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық катысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді.
Бұл жерде екі немесе одан да көп адамдардың касакана кылмыс жасауға қасақана катысуы ұйымдастырушының, азғырушының, көмектесушінің, орындаушының істейтін қылмысының мәнісінен хабардар болатындығы және олардың өз іс-әрекеттерімен орындаушыға қылмыс істеуге мүмкіндік туғызатыны немесе соған түрткі болатыны туралы сөз болып отыр.
Қылмысқа қатысу тек қасакана істелетін қылмыстарда ғана болады. Абайсыздықпен істелетін кылмыстарда қылмысқа қатысушылық болмайды.
Қылмыска қатысуда барлық қатысушылар іс-әрекетті касакана, оның ішінде тек қана тікелей қасақаналықпен жасайды. Бұл жерде бұл қылмысты істеуді тілеу бірнеше адамдарды кылмысты іс-әрекетке біріктіреді. Кейбір жағдайларда қылмысқа қатысу нақтыланбаған тікелей касаканалықпен де болуы мүмкін.
Л. Н. деген азаматтар төбелеске бірге қатысып, қарсыластарының біріне екеуі де пышак салған. Нәтижесінде бір адам ауыр жаракаттанған. Бұлардың әрекетін халык соты нақтыланбаған тікелей касақаналықпен істелген қылмысты әрекет деп бағалап, оларды Қылмыстық кодекстің 103-бабы 3-бөлігі бойынша саралаған. Себебі олар пышақ жұмсаудан кез - келген ауыр зардаптың немесе кісі өлімінің болуы мүмкіндігіне саналы түрде жол берген.
Кьллмысқа қатысушылардың әрқайсысының ниетінің мазмұнына орындаушының істейтін қылмысының қоғамға зияңдылығының мәнісін сезу, сондай - ақ сол адамның қылмысты жалғыз өзінің емес, басқалардың әрекетімен бірге жасайтын мән - жайларды сезінуі шарт.
Кылмысты ұйымдастырушы, кылмыска көмектесуші немесе айдап салушы қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін, ниетін, және өздерінің орындаушының кылмысты істеуіне жағдай туғызатынын сезінуі қажет.
Ал қылмысты орындаушы болса ол қылмысқа басқа қатысушылардың өзіне қылмыска дайындалғанына немесе жасауына жәрдем жасағанынан әр уақытта да хабардар болады. Оның үстіне, қылмысты орындаушылардың арасында бірлесіп қылмыс жасауға деген өзара келісім болады, мүның өзі барлық қылмысқа қатысушылардың өз әрекеттерінің келісушілікпен жүзеге асырылатындығын және мұның қылмысты іс-әрекеттің тиімді түрде жүзеге асырылатындығын көрсетеді.
Қылмысқа катысу - барлық қатысушылардың бірыңғай кылмысты нәтижеге жетуі үшін бағытталған, ортақ қылмыстық ниетінің болуын білдіреді. Қатысушылардың мінез-құлқының, ниеті мен мақсатының бір - біріне сай келуі де, келмеуі де мүмкін. Мысалы: кісі өлтіруге қатысушылардың біреуі қызғаныштан, екіншісі кек алушылықпен, ал басқа біреуі пайдакүнемдік ниетпен әрекет жасауы мүмкін.
Қылмысқа қатысудағы басты шарт - барлық қатысушылар кылмысты орыңдаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, әр түрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмысты жүзеге асыру үшін өздерінің кылмысты әрекеттерін біріктіреді.
2. Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары.
Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дөрежесіне, олардың әрекеттерінін. өзара келісушілігінің дәрежесіне, катысушылардың өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей қылмысқа катысу және алдын ала келісіп кылмысқа қатысу болып бөлінеді. Бұл нысандар Кылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде әр түрлі көрініс тапкан. Бұлар алдын ала келісіп кылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және қылмысты бірлестік арқылы қылмыска катысу болып көрсетілген.
Қылмыстык кұқық теориясы кылмысқа қатысудың түрлерін
де бөліп көрсеткен.
Қылмысқа қатысудың түрлері қылмыс істеуге қатыскан жекелеген катысушылардың қылмыс істеуге қатысушының дәрежесі мен сипатына байланысты коса орындаушылык және тармағындағы қылмысқа катысушы болып екі түрге бөлінеді.
Бірнеше адамның кылмысты бірге топ болып істеуін қоса орындаушылык деп атаймыз. Кылмыска катысудың бұл түрі бойынша қылмыс істеуге катыскандардың барлығы да сол істеген кылмыстың объективтік жағының белгілерін басынан аяғына дейін немесе жекелеген қатысушылардың қылмыстың объективтік жағының бір бөлігін орындауға ғана катысуын айтамыз. Мұндай ретте кылмыстың зардабы кылмысты коса орындаушылардын ортақ әрекетінің жиынтығының нәтижесі болуда.
Тар мағынадағы қатысушылықта орындаушы қылмыс істеуге ұйымдастырушының айдап салушының немесе көмектесушінін, қатысуын білмеуі де мүмкін. Ал қоса орындаушылықта кылмыска қатысушылардың барлығынын бір-бірінің өзара әрекеті жөнінде хабардар болуы және катысушылардың қылмысты бірге тікелей істейтінін білуі кажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz