Аса ауыр қылмыстар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1.

1. 1. Қылмыс ұғымы және белгілері, түрлері

1. 2. Қылмыс құрамы және түрлері, қылмыс субъектісінің түсінігі және

міндеттері

1. 3. Есі дұрыстық - қылмыстық жауаптылықтың шарты

1. 4. Жасқа толу - қылмыс субъектісі белгілерінің бірі

1. 5. Қылмыстың арнаулы субъектісі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Заң талаптарың құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі - қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.

Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады.

Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық кылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар. Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап көрсетеді.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қылмыстың арнаулы субъектісі». Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:

  • Қылмыс ұғымы және белгілері, түрлері

Қылмыс құрамы және түрлері, қылмыс субъектісінің түсінігі

және міндеттері

  • Есі дұрыстық - қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты
  • Жасқа толу - қылмыс субъектісі белгілерінің бірі
  • Қылмыстың арнаулы субъектісі

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: қылмыстың ұғымын және оның белгілерін, түрлерін, қылмыс құрамы және қылмыс субъектісінің түсінігі мен міндеттерін және қылмыстың арнаулы субъектісі жайлы толықтай зерттеу болып табылады.

Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:

Негізгі бөлімнің тақырыбы бойынша қылмыс ұғымының жалпы түсінігі, белгілері және түрлері, қылмыс құрамы және қылмыс субъектісінің түсінігі мен міндеттері, сондай-ақ есі дұрыстық - қылмыстық жауаптылықтың шарты, жасқа толу - қылмыс субъектісі белгілерінің бірі, қылмыстың арнаулы субъектісіне жалпы түсінік берілген.

Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері: Курстық жұмысымның мақсаты қылмыстың арнаулы субъектісін толығырақ ашып, толық мәліметтер беру.

Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, қосымша, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1.

1. 1. Қылмыс ұғымы және белгілері, түрлері

Қылмыс, онымен тығыз байланысты жаза қоғам тарихының барлық дəуірлерiнде өзгермелi сипатта болып келген ұғымдар. Қылмыс - бұл адам iс-əрекетiнiң бiр түрi. Осы тұрғыдан алғанда, қылмыстық құқықта қылмыс ұғымына екi анықтама беру қалыптасқан.

Қылмыстың формальды анықтамасы бойынша, қылмыс дегенiмiз - қылмыстық заң арқылы жазалау қатерiмен тыйым салынған адамның белгiлi бiр əрекетi. Алайда, мұндай анықтама қылмыстық əрекеттiң мəнiн ашпайды, не үшiн заң шығарушы қандай да бiр əрекеттi жасауға тыйым салады, неге бұл əрекеттер қылмыс деп табылады деген сұрақтарға толығымен жауап бермейдi. Сондықтан қылмыстың материалдық анықтамасын енгiзу арқылы осы сұрақтарға жауап беру мүмкiндiгi қарастырылды. Қылмыстың материалдық анықтамасында қылмыстың негiзгi сапасы - оның қоғамға қауiптiлiгiмен анықталады деген тұжырым жасалған. Бұл анықтамаға сəйкес, қылмыс дегенiмiз - адамның қоғамға қауiптi iс-əрекетi болып табылады. Жасалған əрекетте қоғамға қауiптiлiк белгiсiнiң бар болуы оның белгiлi бiр қоғамдық қатынастарға зиян келтiредi немесе зиян келтiру қаупiн туғызады дегендi бiлдiредi. Сонымен, формальды жəне материалды анықтамалар бiрiн-бiрi толықтырып қылмыстың ұғымын бередi.

ҚР ҚК 9-бабының 1-бөлiгiне сəйкес ″Қылмыстық кодексте жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамға қауiптi iс-əрекет (əрекет немесе əрекетсiздiк) қылмыс деп танылады″. Көрсетiлген анықтамадан қылмыс ұғымы өзiне келесi белгiлердi қамтитынын көремiз: қоғамға қауiптiлiк, қылмыстық құқыққа қайшылық, кiнəлiлiк жəне жазаланушылық. Осы аталған белгiлердiң жиынтығы болғанда ғана iс-əрекет қылмыс деп танылады.

Қылмыстың бiрiншi белгiсi оның қоғамға қауiптiлiгi. Қоғамға қауiптiлiк қылмыстың негiзгi материалдық белгiсi жəне қандай да бiр əрекеттi қылмыс деп танудың негiзi болып табылады. Əрекеттiң қоғамға қауiптiлiгi ең алдымен заңшығарушының қол сұғылатын негiзгi объектiлердi көрсетуi арқылы анықталады. Алайда, қоғамға қауiптiлiк - өзгермелi категория. Ол бiрнеше жағдайларға: iс-əрекеттiң өзiне (əрекет немесе əрекетсiздiк) ; қылмыстың жасалу жағдайы, орны, уақыты, тəсiлiне; қылмыскердiң жеке басының ерекшелiктерiне; қылмыстан келген зардаптың мөлшерiне; қылмыстың мақсаты мен мотивiне жəне т. б. жағдайларға байланысты анықталуы мүмкiн.

Қоғамға қауiптiлiктiң екi сипаты бар:

- сапалық немесе қоғамға қауiптiлiк сипаты,

- сандық немесе қоғамға қауiптiлiк дəрежесi.

Қоғамға қауiптiлiктiң сипаты қылмыстың қандай қылмыстарға қол сұғатындығымен (адамның өмiрi, меншiгi, денсаулығы, мемлекет қауiпсiздiгi), ал қоғамға қауiптiлiк дəрежесi қол сұғушылықтың ерекшелiгi мен деңгейiне, қылмыстан келген зардаптың ауырлығына байланысты анықталады. Қылмыстың қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi қылмыстық заңда көрсетiлген санкция бойынша да анықталады.

Жасалған əрекетте қоғамға қауiптiлiк белгiсiнiң болмауы оның қылмыстылығы мен жазаланушылығын жояды. Сондықтан, жасалған əрекеттiң белгiлерi формальды болса да бар, бiрақ елеулi маңызы болмағандықтан қоғамға қауiптi емес iс-əрекет қылмыс болып табылмайды (ҚР ҚК 9-бабының 2-бөлiгi) .

Қылмыстың екiншi белгiсi - қылмыстық құқыққа қайшылық, яғни белгiлi бiр əрекетпен қылмыстық норманы бұзу. Құқыққа қайшылық қылмыстың формальды белгiсi. Қоғамға қауiптi iс-əрекет егер ол қылмыстық заңда тiкелей қарастырылған болса ғана қылмыс болып табылады. Сондықтан əрекеттiң қылмыс немесе қылмыс емес екендiгiн шешу кезiнде заңның аналогиясы қолданылмайды деп көрсетiлген (ҚР ҚК 9-бабы) . ҚР ҚК Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында жекелеген қылмыс құралдары үшiн жауаптылық қарастырылған. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы iс-əрекет жасауды қылмыстық құқыққа қайшылық деп атайды. Тиiсiнше, адамның қылмыстық заң тыйым салмаған iс-əрекеттердi жасауын қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заңшығарушы ғана белгiлi бiр əрекеттi қылмыс қатарына жатқызуға мүмкiндiк беретiн оның мəндi белгiлерiн анықтайды, сондықтан iс-əрекеттiң қылмыстық құқыққа қайшылығын белгiлеген тиiстi заңның жарияланған уақыттан бастап ондай iс-əрекеттер қылмыс деп танылады.

Қылмыстың келесi белгiсi - кiнəлiлiк. Адамның өзi жасаған əрекетiне немесе əрекетсiздiгiне қатысты психикалық қатынасы болса, оның əрекетi кiнəлi түрде жасалған деп танылады. Бұл психикалық қатынас қасақаналық немесе абайсыздық түрiнде көрiнiс табады. Яғни, белгiлi бiр əрекеттi қылмыс деп тану үшiн онда кiнə орын алуы қажет. Белгiлi бiр психологиялық негiзден айрылған нақты əрекет немесе əрекетсiздiк қылмыс болып табылмайды (мысалы, рефлекторлық қозғалыс, ессiз жағдайдағы iс қимыл немесе гипноз, ұйқыдағы əрекеттер) . Сонымен бiрге, сыртқы формальды белгiлерi қылмысты құрайтын тойтарылмайтын күш нəтижесiнде немесе күштеп мəжбүрлеу кезiнде адамның жасаған əрекетi де қылмыс ретiнде саналмайды. Яғни, кiнəсiз қылмыс та, жаза да жоқ деген сөз.

Жазаланушылық - қылмыстың соңғы белгiсiн құрайды, өйткенi қылмыстық заң жазалау қатерiмен қорқытып тиым салған əрекеттi немесе əрекетсiздiктi жасау қылмыс болып саналады. Мұның өзi қылмыс құрамы туралы сипаттама тек қылмыстық заңда ғана көрсетiлгенiн жəне осы iс-əрекет үшiн қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатерi қарастырылатынын бiлдiредi. Мұндағы жазалау қатерiмен тыйым салу қылмыстың жазаланушылық белгiсi болып табылады.

Қылмыстық құқықта қылмыстарды белгiлi бiр критерий лерiне қарай топтарға, түрлерге жəне санаттарға бөлу қарастырылған. Қылмыстарды белгiлi бiр түрлерге бөлудiң негiзiнде əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк дəрежесi мен сипаты немесе қылмыс құрамының бiр элементi жатуы мүмкiн. Қазақстан қылмыстық заңындағы қылмыстарды шартты түрде мына түрлерге бөлуге болады:

I. Қол сұғушылықтың топтық объектiсiне қарай қылмыстарды он алты топқа бөледi:

1) Жеке адамға қарсы қылмыстар,

2) Отбасына жəне кəмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар;

3) Адамның жəне азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар;

4) Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;

5) Мемлекеттiң конституциялық құрылысына жəне қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;

6) Меншiкке қарсы қылмыстар;

7) Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар;

8) Коммерциялық жəне өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар;

9) Қоғамдық қауiпсiздiкке жəне қоғамдық тəртiпке қарсы қылмыстар;

10) Халықтың денсаулығына жəне адамгершiлiкке қарсы қылмыстар;

11) Экологиялық қылмыстар;

12) Көлiктегi қылмыстар;

13) Мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар;

14) Басқару тəртiбiне қарсы қылмыстар;

15) Сот төрелiгiне жəне жазалардың орындалу тəртiбiне қарсы қылмыстар;

16) Əскери қылмыстар.

II. Қоғамға қауiптiлiк сипаты бiртектi қылмыстарды қоғамға қауiптiлiк дəрежесiне қарай үш

түрге бөледi:

1) Жай қылмыстар ( ҚК 96-бабының 1-бөлiгi),

2) Сараланған немесе ауырлатылған қылмыстар (ҚК 96-бабының 2-бөлiгi) ;

3) Жеңiлдетiлген қылмыстар (ҚК 97-100- баптары) .

III. Кiнəнiң нысаны бойынша қылмыстарды екi түрге бөледi:

1) Абайсыз қылмыстар,

2) Қасақана қылмыстар.

IV. Қылмыстың қоғамға қауiптi сипаты мен дəрежесiне қарай оларды төрт санатқа бөледi:

1) Ауырлығы онша емес қылмыстар,

2) Ауырлығы орташа қылмыстар;

3) Ауыр қылмыстар;

4) Аса ауыр қылмыстар.

Қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi бойынша қылмыстарды мұндай санаттарға бөлу кiнəнiң нысаны мен бас бостандығынан айырудың жоғарғы мерзiмi түрiндегi санкция арқылы нақтыланады.

ҚР ҚК 10-бабына сəйкес ауырлығы онша емес қылмыстарға мына қылмыстар жатады:

а) жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан

аспайтын қасақана жасалған əрекет (мысалы, ҚК 112-бабы ″Қорқыту″ қылмысы) ;

б) жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған əрекет (ҚК 101-бабы ″Абайсызда адамға қаза келтiру″) .

Ауырлығы орташа қылмыстарға мына қылмыстар жатады:

а) жасалғаны үшiн қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған əрекет (ҚК 126-бабы ″Бас бостандығынан заңсыз айыру″) ;

б) жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған əрекет (ҚК 296-бабының 3-бөлiгi ″Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы жəне көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы″) .

Ауыр қылмыстарға жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза қарастырылған қасақана əрекеттер жатады. (ҚК 125- бабы ″Адамды ұрлау″) ;

Аса ауыр қылмыстарға жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана əрекеттер жатады (ҚК 161- бабы ″Экоцид″) .

Қылмыстарды мұндай санаттарға бөлудiң теориялық жəне тəжiрибелiк маңыздылығы жоғары. Өйткенi, ол қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығын анықтау, оның қылмысын саралау жəне қылмысы үшiн жаза тағайындау немесе жазадан не жауаптылықтан босату туралы мəселелердi шешудi қамтамасыз етуге көмектеседi.

Жалпы қылмыстарды санаттарға бөлудiң қылмыстық-құқықтық маңызын мына жағдайлармен түсiндiруге болады:

1) . Қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту кезiнде қылмыс санаты ескерiледi. Мысалы, Қылмыстық заң бойынша ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарға дайындалу үшiн қылмыстық жауаптылық қарастырылмайды. Сонымен бiрге, ауырлығы онша емес қылмысқа оқталу да жауаптылыққа əкеп соқпайды.

2) . Қылмыс санаты қылмыскерге жаза тағайындау кезiнде ескерiледi. Мысалы, ҚК 53-бабының 1-бөлiгi ″а″-тармағына сəйкес мəн-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет ауырлығы онша емес қылмыс жасау жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мəн-жай ретiнде танылады. ҚК 58-баптың 2-бөлiгiне сəйкес егер қылмыстар жиынтығында ауырлығы онша емес қылмыс қамтылса, онда түпкiлiктi жаза жеңiлiрек жазаны ауырырақ жазаға сiңiру жолымен не жазаларды iшiнара немесе толық қосу жолымен тағайындалады. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны тағайындау да осы қылмыстардың санаттарына негiзделедi (ҚК 48-бабы) .

3) . Ол қылмыскердi жазадан немесе жауаптылықтан босату кезiнде де ескерiледi. ҚК 65-бабы ″Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату″; 67-бабы ″Жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату″; 68- бабы ″Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату″; 69-бабы ″Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату″ немесе ҚК 74- бабы ″Төтенше мəн-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеудi кейiнге қалдыру″ жəне басқа да нормаларды қолдану негiзiне қылмыстардың санаттары енгiзiлген.

1. 2. Қылмыс құрамы және түрлері, қылмыс субъектісінің түсінігі және міндеттері

Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген.

Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді.

Қылмыстың құрамы деп - қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.

Қылмыстың құрамының әрқайсысы оның субьективтік және обьективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компаненттерді айтамыз.

Қылмыс құрамы белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы. Мысалы, бөтен мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұның өзінде диспозициялардың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді.

Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субьектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.

Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175- бабында ұрлықтың оған тән белгісі - басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипаталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамында мұқияттылқпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады.

Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тәне белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін мвңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т. с. с) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді.

Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі - оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы - тонау болады.

Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқылық нормада - бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап - қызмет жөніндегі жалғандық.

Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немес бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.

Ерекше бөлімнің баптарында әдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей істелген қылмыстары көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыр және аса ауыр қылмыстар
Қылмыс ұғымы жайлы
Қылмыс санаттары
Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігі
Қылмыстық заң бойынша орташа ауыр қылмыстарды талдау мәселелері
Қылмыстың ұғымы мен белгілері
Қылмыстардың қайталануы қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде
Қылмыстық құқықтың санаттары
Соттылықтың қылмыстық - құқықтық мәні
Кісі өлтіру қылмыстарының жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz