Шина топологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

ЖОБАЛАУҒА ТАПСЫРМА

1 АВТОМАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІН
ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Объекттің функционалды құрылымын
суреттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1. ЛЕЖ-ге ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ
ТӘСІЛДЕРІН ТАҢДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..8
1. ЛЕЖ-дің топологиясына және архитектурасына қойылатын талаптар ... ..8
2. ЛЕЖ-дің технологиясын
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...10
3. Компьютерлік, телекоммуникационды жабдықтардың спецификациясы,
құрылымдастырылған кабельдік жүйенің
жабдықтары ... ... ... ... ... ... . ... .11

2. ЛЕЖ ЖОБАСЫН
СИПАТТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...13
1. ЛЕЖ-дің функционалды-логикалық сызбасын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ...13
2. ЛЕЖ-дің желілік логикалық мекен-жайларын үлестіру
сызбасы ... ... ... ..14
3. ЛЕЖ-дің қорғау жүйесін ұйымдастыруға
нұсқаулар ... ... ... ... ... ... .. ... ... 15
4. Экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .18

Графикалық
беттер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..19

КІРІСПЕ

Компьютерлік желі - бұл көптеген компоненттерді, түйіндерді қамтитын
күрделі құрылым. Осы күрделі механизмді құру үшін арнайы бағытталған дағды
мен білім қажет. ЛЕЖ құрастыратын қарым- қатынастың басты принципін, сондай-
ақ кейбір жағдайлардағы компоненттердің мінез- құлқын түсіну маңызды.
Компьютерлік желімен жұмыс істеу үшін қатаң тәртіпте дайындық жұмыстарын
жүргізу қажет, оған деген мұқтаждық болу керек, қандай функция мен міндет
атқару қажет екенін анықтау керек, желінің топологиясын, ортасын және
деректердің берілу хаттамасын айыра білу керек.
Жалпы желі деп - бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі
компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған
ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес
компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді
есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір
қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға,
қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас
құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын
компьютерлік желі деп атаймыз [2].
Жұмыстың мақсаты - локалды есептеуіш желіні жобалауда практикалық
дағды алу.
Жұмыстың міндеті. Локалды есептеуіш желіні жобалаудағы негізгі желі
құрылымдарымен танысып, желіні, топологияны және технологияны дұрыс таңдай
білуді үйрену.

1 АВТОМАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІН ЗЕРТТЕУ

1.1 Объекттің функционалды құрылымын суреттеу

Кез келген мекеме жұмысы әркелкі ақпараттың тасымалдауы мен
қолдануымен байланысты. Тасымалданатын ақпаратты сақтайтын ақпараттық
ағындар мекеменің сыртқы және ішкі орталарында бар.
Ақпараттық ағындар – ақпараттың белгілі мақсаты бойынша көзден
тұтынушыға қозғалысы, мұнда бағыты, кіру және шығу орындарымен сипатталады.
Сонымен қатар, мекенжай, көлем және таралу режимі сияқты сипаттамалар да
маңызды.
Желіні құрылымдастырудың бірінші кезеңі берліген мәселеге қарасты
шешімдердің қалай орындалатыны желінің анализі болып табылады. Бұдан кейін
желінің өлшемі мен құрылымы анықталуы тиіс.
Желі өлшемі ретінде желіге қосылатын компьютерлер саны мен олардың
арасындағы ара қашықтық алынады. Желіге қосылатын компьютер санын
(минималды және максималды) міндетті түрде білу қажет (1.1-кесте). Бірақ
кез келген жағдайда келешектегі компьютерлер санының өсуін ескеру керек,
шамамен 20-50 пайызға. Желіге қосылған компьютерлер саны желінің
өнімділігіне, сонымен қатар, қызмет көрсетуіне тікелей әсер етеді. Сонымен
қатар, программалық жабдықтар құнын анықтайды. Сондықтан кішігірім қателер
келешекте үлкен қиыншылықтарға әкеліп соқтырады [4].
5- нұсқаға сәйкес КарМТУ-нің бас ғимаратының 1-қабат кітапханасы. Бұл
қабатта барлығы 7 аудитория бар (1.1-сурет).
Желінің байланыс жолақтарының ұзындығы да желіні құрылымдастыру
кезінде үлкен рөл атқарады. Мысалы, егер ара қашықтықтар үлкен болса, өте
сирек және қымбат жабдықты қолдану керек болады. Сонымен қатар, ара
қашықтық артқан сайын байланыс жолақтарын сыртқы электромагнит бөгеттерінен
қорғау да қиынға соғады. Ара қашықтықтан желідегі ақпарат тасымалдау
жылдамдығы да тәуелді. Ең ыңғайлы ара қашықтықты таңдау кезінде кішігірім
10 пайызға көбірек әзірлеп қою қажет. Ұзындыққа байланысты шектерді кей
кезде желіні құрылымын таңдау, желіні бірнеше бөліктерге бөлу арқылы шешуге
болады.
Желі құрылымы ретінде желіні бірнеше бөліктерге (сегменттерге) бөлу,
және өзара байланыстыру тәсілі анықталады. Мекеме желі құрамына
компьютерлердің жұмыс топтары, желі бөлімшелері, негізгі желілер, басқа
желілермен байланысу құралдары кіреді. Желінің бөліктерін қосу үшін
репитерлер, репитерлік концентраторлар, коммутаторлар, көпірлер және
маршрутизаторлар қолданылады. Көбінесе осы жабдықтар құны компьютерлер,
желілік адаптерлер және кабель құнынан асып түседі, сондықтан, желі
қүрылымын дұрыс таңдау өте маңызды.
Мінсіз түрде желі құрылымы ғимарат не ғимараттар кешеніне сәйкес болуы
керек. Бір сала ішіндегі қызметкерлер тобының жұмыс орындары бір бөлмеде
немесе көршілес болуы керек. Сонда осы қызметкерлер компьютерлерін бір
сегментке қосып, оларға арналған сервер қоюға болады.
Мекеме желісі шешетін есептер тізімін: сақталатын және тасмалданатын
мәліметтер көлемі, келешек ЛЕЖ-дің кеңістіктегі орналасуы, технологиялық
және жұмыс орындарының орналасуын анықтағаннан кейін негізгі технологияны
және оған сай қажетті телекоммуникациялық құрал-жабдықты, оларды қосу
тәсілдерін таңдау қажет. Басқа да жағдайларда секілді технологияны таңдау
кезде желінің келешекте кеңейтілуін ескеру керек [4,6].

1.1-кесте.Аудиториялар сызбасы

Аудитория Ені Ұзындығы Ауданы Жұмыс орындар
№ саны
101 27 м 15,50 м 418,5м2 84
102 5,30 м 17,50 м 92,75 м2 18
103 5,30 м 9,50м 50,35 м2 10
104 2,50 м 5,80 м 14,50 м2
105 5,80м 10,15 м 59 м2 12
106 5,80м 6,7 м 39 м2 8
107 3,7 м 5,80 м 21,5 м2 4

Жоғарыда кестеде келтірген мәліметке назар аударсақ, 101
аудиториясында 84 жұмыс орны, 102 аудиториясында 18 жұмыс орны, 103
аудиториясында 10 жұмыс орны, 105 аудиториясында 12 жұмыс орны, 106
аудиториясында 8 жұмыс орны және 107 аудиториясында 4 жұмыс орны бар.
Барлық аудиториялардағы жалпы жұмыс орнының саны 136-ға тең.

Х101 =м
Хк101 = Х101* хж.о + 10% .= 24 *84 + 10% = 202 м

Х102 =м
Хк102 = Х202* хж.о+ 10% .= 14 *18 + 10% = 277 м

Х103=м
Хк103 = Х103* хж.о+ 10% .= 10 *10 + 10% = 110 м

Х105 =м
Хк105 = Х105* хж.о+ 10% .= 10,5 *12 + 10% = 139 м

Х106 =м
Хк106 = Х106* хж.о + 10% .= 10 *8 + 10% = 88 м

Х107 =м
Хк107 = Х107* хж.о + 10% .= 7,5*4 + 10% = 33 м

Хкаби = Хк101+ Хк102+ Хк103+ Хк105+ Хк106+Хк107= 849 м

Y=м
Yкор = y *yкаб.сан +10% = 12*7+10% = 92,4 м

Zжал.каб.= Хкаби + Yкор= 849м +92,4м = 941,4 м~1000 м.

2 ЛЕЖ-ге ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ
ТӘСІЛДЕРІН ТАҢДАУ

2.1 ЛЕЖ-дің топологиясына және архитектурасына қойылатын талаптар

Компьютерлік желі дегеніміз - хабарламалар алмасу және желінің
программалық- техникалық, ақпараттық және ұйымдастыру ресурстарына
пайдаланушылардың қол жеткізу мақсатымен, байланыс арналарымен,
коммутациялық құралдардың көмегімен бір ортақ жүйеге қосылған, өзара
байланысқан компьютерлер жиынтығы.
Желілерді байланыстыратын түйіндер арасындағы ара қашықтыққа сәйкес
желілердің мынандай түрлері ажыратылады:
- территориалды желілер - кең ауқымды географиялық кеңістікті қамтиды;
- локальды желілер (ЛЕЖ) - шектелген территорияны қамтитын бір-бірінен
бірнеше ондық немесе жүздік метр шегінде сирек 1-2 шақырым шегінде
орналасады [3].
Топологияның үш негізгі түрі бар: “шина”, “жұлдызша” және “сақина”.
“Шина” топологиясында жеке компьютерлермен жіберілетін барлық жолдар
торабқа жалғанған. Мұндағы сенімділік жоғары, өйткені жекеленген
компьютерлердің істен шығуы тұтасымен торабтың жұмыс жасау қабілетін
бұзбайды. Кабелдердегі ақауларды табу қиын. Сонымен қатар, кабель тек біреу
болғандықтан үзілген жағдайда торабтың барлық жұмысы бұзылады (2.1-сурет).

2.1 –сурет Шина топологиясы

2.2-суретінде жұлдызша арқылы байланысқан компьютер көрсетілген. Бұл
жағдайда әр компьютер арнайы торбтық адаптер арқылы жеке кабель арқылы
біріктіруші құрылғыға жалғанады.
Қажеттілігіне қарай бірнеше торабтар “жұлдызша” топологиясымен
байланыстыруға болады (2.2-сурет), бұл кезде тармақталған торабтың
конфигурациясы алынады.

2.2-сурет- Жұлдыз топологиясы

Сенімділік тұрғысынан бұл топология ең тиімді шешім бола алмайды,
өйткені орталық түйіннің істен шығуы барлық торабтың тоқталуына әкеп
соқтырады. Бірақта “жұлдызша” топологиясын қолданған кезде кабелді торапта
ақауды табу оңай.
Соныменқатар “сақина” топологиясы да қолданады (2.3-сурет). Бұл
жағдайда мәліметтер бір компьютерден екіншісіне эстафетадағы секілді
беріледі. Егер компьютер басқа компьютерге арналған мәліметтерді алса, онда
ол оны әрі қарай сақина бойымен жібереді. Егер мәліметтер оны алған
компьютерге арналған болса, онда олар әрі қарай жіберілмейді.

2.3-сурет- Сақина топологиясы

Жергілікті тораб аталған топологиялардың бірін қолдануы мүмкін. Бұл
деген, байланысатын компьютерлер санына, олардың өзара орналасуына және
басқада жағдайларға байланысты болады. Сонымен қатар түрлі топологиялар
арқылы құрылған бірнеше жергілікті торабтарды жалғыз жергілікті торабқа
біріктіруге болады [1,3].
Менің локальді есептеу желісін жобалауда жұлдызша топологиясы
таңдалды. Себебі, жұлдыз топологиясында қандай да бір түйіннің істен шығуы
немесе кабель кескіндерінің зақымдалуы желінің қалған түйініне кедергісін
келтірмейді, егер орталық элемент істен шықса, желі жұмысы толығымен
тоқтатылады.
2.2 ЛЕЖ-дің технологиясын таңдау

Желілік технология – компьютерлік желі құруға қажетті стандартты
протоколдар мен солардың жұмысын жүзеге асыратын программалық-аппараттық
құралдар жиыны.
Желі қандай стандартты технология негізінде құрылғанына байланысты
былай бөлінеді: Ethernet, Fast Ethernet, Gigabit Ethernet, ArcNet, Token
Ring, Token Bus, 100 VG AnyLan; (Integrated Services Digital Network).
Fast Ethernet технологиясы. 1995 жылы Ethernet түрінде тез жұмыс
істейтін стандарт пайда болып, жылдамдығы 100Мбитс (бұлайша айтқанда Fast
Ethernet, стандарт IEEE 802.3u) жіберу ортасы ретінде ширатылған жұпты
немесе оптоталшықты кабельді қолданады. Fast Ethernet желісінде
концентраторда құрастырылған пассивті жұлдыз немесе пассивті ағаш
физикалық топологиясы қарастырылған.
100 Мбитс жұмыс істейтін (Fast Ethernet) Ethernet желілеріне үш
типті жіберу ортасын анықтайды:
- 100BASE - T4 (төртжұпты кабель экрандалмаған ширатылған UTP жұбында
3,4 немесе 5 категориялар үшін);
- 100BASE - TХ (екіжұпты кабель экрандалмаған ширатылған UTP жұбында 5
категория немесе экрандалған ширатылған STP Type 1 жұбы үшін);
- 100BASE - FХ (талшықты- оптикалық көп модты кабелі, екі талшық
қолданылады).
Бұл жердегі 100 саны жіберу жылдамдығын білдіреді 100Мбитс, Т
әрпі ширатылған жұпты білдіреді, F әрпі оптоталшықты кабельді білдіреді.
Жоғарыда айтылып кеткен үш стандарт үшін де келесі сипаттамалармен
айтылымдар келеді:
- Fast Ethernet технологиясының кадрларының форматы 10 Мбитті Ethernet
технологиясының кадрларының форматынан ерекшелінеді;
- Кадр аралық интервал (IPG) 0,96 мкс тең, ал биттік интервал 10 нс тең.
Fast Ethernet-те желінің ұзындығына қатты сұранымдар қойылады. Себебі
жіберу жылдамдығын 10 есе үлкейткенде және орамның минималды ұзындығы 10
есе қысқарады (51,2 мкс қарсы 5,12 мкс Ethernet-те). Желі бойынша сигналдың
өту жылдамдығының екі еселенген уақыттың өлшемі 10 есе азаяды.
Fast Ethernet желiлерiнiң сегменттерiнiң түзу құрастыруының
ережелерi:
- DTE мен DTE - ні қосатын сегменттердiң максимал ұзындықтарына
шектеулер
- DTE мен қайталаулышы порттар сегменттердiң максимал ұзындықтарына
шектеулер
- Желiнiң максимал диаметрiне шектеулер;
- Қайталауыштардың максимал санына және қайталауыш жалғастыратын
сегменттiң максимал ұзындығына шектеулер.
Тасымалдау орта ретiнде оралған жұптар қолданамыз, пассивная жұлдыз
топологиясы [2,7].

2.3 Компьютерлік, телекоммуникационды жабдықтардың спецификациясы,
құрылымдастырылған кабельдік жүйенің жабдықтары

Жабдықты таңдау
Кабельді таңдау. Өндірісте пайдаланатын кабельдерді үш үлкен топтарға
бөлуге болады (2.4-сурет). Олар:
- Сымдардың оралған жұптары негізіндегі кабельдер (twisted pair), олар
экрандалған және экрандалмаған болып бөлінеді;
- Коаксиалды кабельдер (coaxial cable);
- Оптоталшықты кабельдер (fiber optic).
Кабельдің әр типінің аз артықшылықтары мен кемшіліктері болады,
сондықтан кабель ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақина топологиясы
Жергілікті жүйелер топологиясы
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ТОПОЛОГИЯСЫ
Жергілікті компьютерлік желі
Компьютерлік желілер жүйесі
Локалды желілердің топологиясы
Желілік операциялық жүйе түрлерінің жұмыс жасау принциптері
Желіге қойылатын талаптар
Локальдік есептеу торабтары
Ақпараттық-коммуникациялық қамсыздандыру
Пәндер