Магистралды газ құбырының технико - экономикалық дәлелдемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1-бөлім. Магистралды газ құбырының технико-экономикалық дәлелдемесі
1.1. Технико-экономикалық дәлелдемесі туралы түсінік
1.2. Мұнай мен газды тасымалдау, инфрақұрылымды дамыту
2-бөлім. Есептеу бөлімі
2.1. Капитал салымының бір уақыттағы шығындарын есептеу
2.2. Жылдық эксплуатациялық шығындарды анықтау
2.3. Тізбек бойынша газ құбырлары мен компрессорлы станциялардың жалпы
капитал салымын есептеу

2.4. Газды тасымалдау өзіндік құны

2.5. Магистралды газ құбырын құру мерзімін анықтау және оны ұйымдастыру
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мұнай-газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына
маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл
экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада
салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы
анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені
кәсіпорындарының жұмысына байланысты.

Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін
өте маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы
экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика
органдарының оперативтік деректері бойынша 2009 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ
саласының үлесі 20,8 %, ал 2008 ресми есеп бойынша - 21,8% құрады.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған мұнай-газ саласын
дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Салалық бағдарлама) 2010 жылғы 19
наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 958 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту жөніндегі
2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі
Мемлекеттік бағдарлама) шеңберінде әзірленді.

2009 жылдан бастап енгізілген салық жеңілдіктеріне қарамастан, мұнай-газ
саласынан түсімдер мемлекет бюджетінің елеулі көлемін құрады. Атап
айтқанда, кірістердегі сала үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 1,2
проценттік тармаққа ұлғайып, 1531,2 млрд.теңге немесе 40,5 % құрады.
Ұлттық қорға мұнай-газ саласының төлемдері алдындағы жылдағыдай 1371,4
млрд. теңге немесе мемлекеттік кірістердегі 36,3% құрады.

Ел экономикасындағы мұнай-газ саласының ролін тұрақты нығайту
қажеттілігі Салалық бағдарламаны әзірлеуге себеп болды.

2009 жылы минералдық-шикізатық кешендегі инвестициялар көлемі 3,2 трлн.
теңге (21,4 млрд. $ АҚШ) құрады.

Жақын болашақта еліміздің мұнай-газ секторы серпінді дамитын болады, бұл
еліміз үшін өндірістік, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы объектілер
құрылысын қамтитын, бірыңғай кешенді саланы дамыту жоспарларын жасақтау
жолымен барлық мүдделі тараптардың үйлесімді жұмысын талап етеді.

Бағдарлама қаралып отырған кезеңдегі салалық мәні бар маңызды
міндеттердің шеңберін айқындайды және, тиісінше, оларды шешуге бағытталған
өзара байланысты ұйымдық, норма шығарушылық, әлеуметтік, экономикалық,
қаржылық және басқа да шаралар кешенін қалыптастырады.

Бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша саланың тиімділігін
арттыру арқылы көмірсутегі шикізатын өндіру және өңдеу деңгейін өсіруден,
мұнай мен газ ресурстарын тиімді пайдаланудан, халықаралық транзит
көлемдерін өсіруден әлеуметтік-экономикалық әсерді ұлғайтуды қамтамасыз
ету, сондай-ақ еліміздің толық энергетикалық тәуелсіздігіне, ішкі нарықты
мұнай өнімдері мен газға қажеттіліктерін үздіксіз және толық қамтамасыз ету
көзделеді.

Сондай-ақ Бағдарлама мұнай-газ кешенін дамыту мәселерінен басқа,
өндірістік, әлеуметтік және экономикалық ілеспе объектілерін жақсарту
мүмкіндіктерін қарастырады.

Қазақстан Республикасының қазіргі ұлттық экономикасында мұнай-
газ кешені маңызды роль атқарады. Мұнай-газ кешені ішкі жалпы өнімнің
өсуіне елеулі үлес қосады және оның көп бөлігі бюджет қорына түседі. Мұнай
– газ кешенің қарқынды дамуы жалпы алғанда экономиканың дамуына өз әсеріне
тигізеді. Қазақстан экономикасының келешегі көп жағадайда мұнай – газ
кешенінің даму қарқынына байланысты.

Тәжірибе көрсеткендей, халықаралық мұнай – газ жобаларын дайындау
мен жүзеге асыруға шетел капиталын тарту инвестиция көлемін ұлғайтуға,
соған сәйкес атқарылып жатқан жұмыстың көлемін арттыруға, сондай-ақ
Қазақстандық мұнай – газ кешенінің болашақтағы дамуында кездесетін
проблемаларды шешудегі технологиялық және басқару деңгейін көтеруге
мүмкіндік береді. Соңғы мұнай – газ компаниясының халықаралық рынокқа
тиімді түрде шығуына жол ашады.

Мұнай – газ кешені өндірістік – технологиялық құрылымының негізгі
тізбегі – барлық мұнай – газ кешені жұмысының тиімділігі мен дамуының
қарқындылығын арттыратын тасымалдаушы құбыр жұйесі болып табылады. Демек,
тасымалдаушы құбыр жүйесін дамытуға бағытталыған халықаралық мұнай – газ
жобалары санының көбеюі мен тиімділігінің артуы Қазақстан Респубиликасының
бүкіл ұлттық экономикасы дамуының ең маңызды шарты болып табылады.

Халықаралық мұнай – газ құрылысы жобасын корпаративтік деңгейде
жүзеге асыру отандық мұнай – газ құрылысы компаниясын шетелдіктермен
бәсекелесе алатындағы көрсетеді. Бұл жалпы шетелдіктермен бәсекелесе
алатындығын көрсетеді. Бұл жалпы Қазазқстан аумағындағы, сондай-ақ басқа да
елдер мен аймақтарда жүзеге асырылатын жобаларға қатысты. Қазіргі жағдайда
халықаралық мұнай – газ құрылысы жобаларының рыногындағы бәсекелестік
жалпы сипат алып отыр. Осыған байланысты қазақстандық мұнай-газ құрылысы
компанияларына жобаларды тиімді басқарудың құралдары мен қазіргі заманғы
әдістерінің барлық түрлерін игеру қажет.

1.1. Технико-экономикалық дәлелдемесі туралы түсінік.

Техникалық және техно-жұмыстық жоба, жобаны дайындаудың алдында
жүріп, кәсіптік құбырлардың әр түрлі түрлілігіне байланысты құрастырылып
және техникалық және техно-жұмыстық жобаны ойлап жасауға берілетін
тапсырманың құрамдас бөлігі болып табылады.

Технико экономикалық дәлелдеменің басты мақсаттары:
-оңтайлы трассаны таңдау;
-компрессорлық станциялар (кс) мен мұнай айдағыш сорғыш (мс)
станцияларының орналасу жерін анықтау;
-берілген берілістегі құбырлдардың уйлесімді диаметрін таңдау;
- құбырдың берілген диаметрі бойынша үйлесімді берілісті анықтау;
- мұнай тасығыш немесе газ айдағыш жабдықтың үйлесімді үлгісін таңдау;
-өндірістік үдерістерді ең жоғары дәрежеде автоматтандыру және
телемеханикаландыру кезіндегі құбырды басқарудың тиімді сызбасын таңдау;
-капиталдық салымдар мен эксплуатациялық ұсталымдар және келтірілген
шығындардың есебі;
-мұнай, мұнай өнімдері және газ тасымалы көлемінің бірлігіне кететін
меншікті қаражат пен шығындарды анықтау,оларды сол шамалас отандық және
шетелдік құбырлардың меншікті көрсеткіштерімен салыстыру;
-рентабельділік пен тиімділікті анықтау;
-тэд зерттемесі бағдарламасында келісілген , ведомстволық, ортақ одақтық
және де басқа талаптарға сай келетін көрсеткіштер қатарын анықтау;
Технико экономикалық дәлелдемеге енгізілген техникалық шешімдер
бір жағынан мүмкіндігінше прогрессивті, басқа жағынан құбырды
эксплуатацияға енгізу мен құрылыс мерзімдері бойынша шынайы болу
керек.кәсіптік құбырлардың құрылысы мен реконструкциясы тэд-ң зерттемесі
мұнай, газ,мұнайды қайта өндіру өнімдерінің ошағы болған жағдайда
басталады.бұған дейін жасалған мұнай және газ өнеркәсібін дамытудың бас
сызбасы болмаған жағдайда тэд-і зерттемелеу барысында отын мен мұнай
өнімдерінің ықтимал рационалды тұтынушыларының ізденісі жүргізіледі.
Технико экономикалық дәлелдеменің тұжырымдар және ұсыныстармен бітеді.
Тұжырымдарда аталмыш құбыр құрылысының мақсаттылығы,ұсынылған нұсқалардың
қайсысы ең үйлесімді болатындығы сөз болып ,кезең бойынша құрылыс
мерзімдері және кезектілігі бекітіледі.ұсыныстарда өнеркәсіптің жеке
салаларымен немесе ведомстволық ұйымдармен құбыр құрылысының бірінші
кезеңінің басына дейін немесе құрылыс барысында шешілетін сұрақтары
көрсетіледі.бұл жаңа құбырларды,технологиялық жабдықты, оқшаулаушы
материалдарды, автоматика жүйелерін,телемеханика, жаңа құрылыс
құралмаларына,машиналар,механизмдер және т.с.с. Қатысты болу мүмкін.тэд
соңында технологиялық (жалпы немесе құрылыстың бірінші кезеңінде) техно-
жумыстық жобаны жасау жобасы ұсынылады.
Кәсіптік мақсаттағы кәсіптік құбырлар, ғимараттар мен құралмалар
құрылысының жобасы келесі бөлімдерден тұрады:
- ортақ түсіндірме жазба;
- бас жоспар және көлік;
-технологиялық шешімдер;
-өндірісті, кәсіпорынды басқару және жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін
қорғау мен еңбек жағдайын ұйымдастыру;
-құрылыс-сәулет шешімдері;
-инженерлік жабдық, желілер мен жүйелер;
-құрылысты ұйымдастыру;
-қоршаған ортаны қорғау;
-азаматтық қорғаныс бойынша инженерлік-техникалық іс –шаралар;
-төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша іс-шаралар;
- сметалық құжаттама;
Ортақ түсіндірме жазба.жобаны зерттемелудің негізі,жобалаудың
бастапқы деректері, кәсіпорынның және оның құрамына кіретін өндірістердің
қысқа сипаттамасы, жобалық қуаты жэәне номенклатурасы, сапасы мен бәсекеге
қабілеттілігі, өнімнің техникалық деңгейі, шикізаттық базасы,отын-
су,жылулық және электр энергиясының қажеттілігі, екінші ретті энерго-қоры
туралы деректер,құрылыс аумағының экологиялық, әлеуметтік-экономикалық
жағдайы бойынша мағлұматар.
Бас жоспар, инженрлік желілер мен коммуникациялар негізгі
көрсеткіштер, аумақты инженерлік қорғау бойынша іс-шаралар.
Бас жоспар және көлік.құрылыс алаңы және аймағының қысқаша мінездемесі:
басты жоспар бойынша (аумақты зоналауды ескере отырып), көлікке қатысты
ішкі алаңдық бойынша шешімдер мен көрсеткіштер, көлік түрін таңдау,негізгі
жоспарлық шешімдер, аумақты абаттандыру бойынша іс-шаралар,инженерлік
желілер мен коммуникациялардың орналасуы бойынша шешімдер, кәсіпорынды
қорғау бойынша шаралар.
Негізгі сызбалар:
Бар және жобаланушы сыртқы коммуникациялары, инженерлік желілері
және селитебті аумағы, аса назарда қорғалатын аумақтың, санитарлы-қорғаныс
зонасының шекаралары бетінде көрсетілген құралманың (ғимарат) жағдайлық
орналасу жоспары.сызықтық құралмалар үшін трасса жоспары (ішкі алаңдық
және алаңнан тыс) келтіріледі, ал қажет болған жағдайда:
-трассаның бойлық профилі;
-топырақ массаларының картограммасы келтіріледі.

Бас жоспар, онда бар және жобаланушу (қайта қалпына келтірілетін
немесе бұзуға жататын) ғимараттар мен құралмалар,аумақты көгалдандыру,
абаттандыру мен қоршаған ортаны қорғау обьектілері,көліктік коммуникациялар
мен ішкі алаңдық инженерлік желілердің принципиалды орналасуы, аумақтың
жоспарлық белгішелері салынады.іске қосу кешендерінің құрамына кіретін
көлік коммуникациялары желілері мен обьектілерін айрықша атап өтеді.
Технологиялық шешімдер.өндірістік бағдарлама жайлы деректер:өндіріс
технологиясы бойынша шешімдердің қысқа мінездемесі мен дәлелдемесі,өнімді
дайындаудың еңбек сыйымдылығы (станок сыйымдылығы), технологиялық
үрдістерді механикаландыру және автоматтаныру бойынша деректер,
қолданылатын жабдық құрамы мен дәлелдемесі,соның ішінде импорттық,
азқалдықты және қалдықсыз технологиялық үрдістер мен өндірістерді қолдану
мен химиялық реагенттерді қайта қолдану бойынша шешімдер, жұмыс орындарынң
саны мен жабдықталуы, цехтық және цехаралық коммуникациялардың
мінездемесі.ауаға кеткен зиянды шашпалар мен су ошақтарына төгілген зиянды
заттар туралы мәліметтер. Қоршаған ортаға тарайтын зиянды заттардың шашылуы
мен төгілуін болдырмау (қысқарту) бойынша техникалық шешімдер, апатты
жағдайлардың болу мүмкіндігіне баға беру және оларды болдырмау бойынша
шешімдер.
Негізгі сызбалар:
Технологиялық үрдістердің қағидашыл нобайлары;
Көлік құралдары мен жабдықтардың орналасуы нұсқаланған технологиялық
жоспарлама;
Жүк ағынының нобайы;
Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін қорғау, еңбек жағдайларын
ұйымдастыру және кәсіпорынды өндірісті басқару.
Жеке өндірістер мен кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымы,
автоматтандырылған басқару жүйелері және оның ақпараттық,
функционалдық,ұйымдастырушылық техникалық қамсыздандырылуы; басқару
жұмысшыларының еңбегін автоматтандыру және механикаландыру; жұмыс орындары
кәсіби-біліктілік және сандық құрамының есептеулері
нәтежиелері.жұмысшылардың санитарлы –гигиеналық еңбек жағдайлары.еңбекті
қорғау және қауіпсіздік техникасы , соның ішінде еңбек жағдайының
ыңғайлылығын жоғарылату,өндірістік шулар мен дірілді азайту,жылу тым коп
болуын,ғимарат ішіндегі газдың шамадан тыс бөлінуін азайту бойынша шаралар.
Сәулет-құрылыс шешімдері.

Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық жағдайлары
бойынша мағлұматтар.негізігі ғимараттар мен құралмалар бойынша сәулет-
құрылыс шешімдерінің қысқа сипаттамасы мен дәлелдемесі.электр-, жарылыс-,
және өрт қауіпсіздігі, құрылыс конструкцияларын, желілерін, ғимараттарын
коррозиядан қорғау бойынша шаралар.
Инженерлік жабдықтар, желілер,жүйелер.
Сумен қамту,кәріз, жылу-, газ-,электрмен қамту,жылыту,вентиляция және
ауаны тазарту бойынша шешімдер.
Ғимараттар мен құралмалардың инженрлік жабдықтары, соның ішінде:
электржабдықтары мен электржарықтандыру, байланыс және дабылқаққыш,
радиоландыру мен теледидарлама, өртке қарсы құралдар мен найзағайдан
қорғаныс және т.б.инженерлік жүйелерді басқаруды автоматтандыру және
диспетчерлеу.
Сызықтық құрылымдар ( ғимараттар) құрылысының жобалық
құжаттамасы.
Техниалық жобалар мен жұмыстық сызбаларды жоғары технологиялық
дәрежеде уақытылы орындау үшін техникалық құжаттамаларды дайындаудың
апробациялық жедел әдістерін ойлап табу керек.капиталдық салымдардың
көлемін , эксплуатациялық шығындардың мөлшерлерін,құрылыс пен обьектіні
жобалық қуатына дейін жеткізу мерзімдерін мүмкіндігінше қысқартатын
техникалық және технолгиялық шешімдерді,инженелік құрылымдарды, типтік және
қайта қолданбалы жобаларды алдын-ала қарастыру қажет.кәсіптік құбырларды
жобалау бір (техно.-жұмыстық жоба) немесе екі кезеңде (техникалық жоба және
жұмыстық сызбалар) жүргізіледі.жобалау кезеңдігі жобаланатын обьектінің
күрделілігі мен оның ауқымдылығына байланысты жобалауға тапсырманы
бекітетін инстанцияда анықталады.

1.2. Мұнай мен газды тасымалдау, инфрақұрылымды дамыту.
Көмірсутегін өндіру көлемдерінің ұлғаюы мұнай мен газ тасымалдау
инфрақұрылымын қарқынды дамытуды талап етеді. Қазіргі уақытта қолданылып
жатқан қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыттары Атырау – Самара
құбыры, КҚК құбыры, Атасу – Алашанькоу құбыры, Ақтау порты.
2009 жылы қазақстандық мұнайдың ең үлкен көлемдері КҚК мұнай құбыры
бойынша – 27,5 млн. тонна және Атырау-Самара құбыры бойынша – 17,5 млн.
тонна экспортталды. Қытайлық бағытта – 7,7 млн. тонна, оның 6,2 млн.
тоннасы қазақстандық мұнай тасымалданды. Теңіз экспорты - 11,1 млн. тонна
құрады, темір жол бойынша 4 млн. тонна тиелді. Орынбор ГӨЗ-ге 1,8 млн.
тонна газ конденсаты жеткізілді. 2009 жылы Қазақстан аймағы бойынша ҚХР-ға
ресей мұнайының транзиті 1,5 млн. тонна құрады, 2010 жылы 2,0 млн. тонна
жоспарланады.
Жаңа экспорт жүйелерін құру және қолда барларын кеңейту өзекті жұмыс
болып табылады. 2009 жылы Каспий Құбыр арнасы Консорциумының (бұдан әрі -
КҚК) акционерлері жүйені кезек кезеңмен кеңейту туралы шешімді қабылдады,
Қазақстан Каспий тасымалдау жүйесін құру жөніндегі жұмыс, сондай-ақ
Қазақстан-Қытай мұнай құбыры жобасының 2ші кезеңін салу жалғасуда.
2009 жылдың ішінде қазақстандық газ экспортының көлемі 7,0 млрд. тек. м
құрады, Қазақстан Республикасының аймағы бойынша газдың халықаралық
транзиті көлемі 73,2 млрд. тек. м, оның ішінде ресейлік газ – 48,0 млрд.
тек. м, түркмен газы – 11,9 млрд. тек. м, өзбек газы – 13,4 млрд. тек. м
құрады.
Қазақстан Республикасының аймағы бойынша газды тасымалдау және
транзиттеу “Орта Азия – Орталық” (орта азия газы), Бұхара газды өңір -
Ташкент-Бішкек-Алматы (орта азия газы), Қазақстан-Қытай газ құбырының
1-ші учаскесі (орта азия газы), Орынбор-Новопсков (ресей газы), Бұхара-
Орал (ресей газы) негізгі магистралдық газ құбырлары бойынша жүзеге
асырылады.
2009 жылға дейін транзит көлемі жыл сайын шамамен 100 млрд. тек. м
құрады. 2009 жылы транзит көлемінің төмендеуі Түркменстан Республикасы мен
“Газпром” ААҚ арасындағы экономикалық келіспеушіліктердің кесірінен 2009
жылдың сәуірінен бастап желтоқсанына дейін “Орта Азия – Орталық”
магистралды газ құбыры бойынша Қазақстан Республикасының аймағы арқылы
түркмен газын тасымалдаудың тоқтатылуына байланысты болды.
“Орта Азия – Орталық”, “Мақат – Солтүстік Кавказ” және “Окарем –
Бейнеу” магистралды газ құбырларын дамытуға инвестициялардың негіздемесі
шеңберінде Түркменстан мен Өзбекстаннан өсе келген табиғи газ көлемдерін
тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында 2007-2008 жылдарда “Орта Азия –
Орталық”–4 магистралды газ құбырының жаңа учаскелерінің, “Орта Азия –
Орталық” лупингінің құрылысы және Опорная компрессорлық станциясындағы
жаңа турбо компрессорлық цех-4 құрылысы аяқталды, бұл “Орта Азия –
Орталық” магистралды газ құбырының бүкіл жүйесінің өнімділігін жылына 60
млрд. тек. Метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Қазақстандық үлес бойынша ғана жер қойнауын пайдалану жобаларында
қалыптасатын сұраныс $16-18 млрд. құрайды, олардың шамамен 25% – тауарлар,
75% – жұмыстар мен қызметтер, оның ішінде құрылыс жұмыстары. Қазақстанда
тауарларға, қызметтер мен еңбекке ең ірі тапсырыс берушілер мұнай
компаниялары. 2009 жылы есептілік берген мұнай-газ саласындағы өндіруші
компаниялар 450 млрд. теңгеден астам сомаға, ал 2008 жылы 802 млрд.
теңгеден астам сомаға тауарлар, жұмыстар мен қызметтер (бұдан әрі ТЖҚ)
сатып алды.
Әлемдік энергетикалық нарық бағалардың түсу кезеңіне кіргеніне бір жыл
өткеннен кейін де Қазақстан өндіру жобаларының тұрақты дамуын көрсетуде,
ірі де, шағын да компаниялар өндірісті ұлғайтуда. Көрсеткіштерге қарағанда,
ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында да шетелдік инвестициялар
ағыны жалғасып, тиісті төлем қабілеті бар сұранысты қалыптастыруда.
Орта Азия елдеріне салынған шетелдік инвестициялардың әрбір 5
доллардың 4-шісі Қазақстан үлесіне келеді. Әртүрлі бағалаулар бойынша
тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан экономикасына барлық көздерден 60
млрд. доллардан астам шетелдік капитал жұмсалды. Шетелдік инвестициялар
капиталы жыл сайын өсе келуде, бұл Қазақстан экономикасының өсуін және
дамуын қамтамасыз етеді. Шетелдік инвестициялардың шамамен 55% өндіруші
өнеркәсіпке, атап айтқанда көмірсутегі кен орындарын игеруге жіберілді.
Қазақстан үшін мұнай мен газ өндірісінің ұлғаюы болжамдарын ескере
отырып, мұнай-газ тасымалдау инфрақұрлымын дамыту мәселесі күннен күнге
маңызды болуда, жаңа экспорттық жүйелерді салу және қолда барын кеңейту
жөніндегі жұмыс өзекті болып табылады.
Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында
Қазақстан тасымалдау шығындары барынша төмендетілген жағдайда қазақстандық
көмірсутегілерін неғұрлым тартымды сату нарықтарына тасымалдау жөніндегі
жобаларды іздеуді және іске асыруды жалғастыруы тиіс. Мұнай мен газды
экспорттау қуаттары мен бағыттарының дамуы өндіру мен ішкі тұтынудың
перспективті көлемдеріне, транзиттік елдермен ұзақ мерзімді
уағдаластықтардың болуына, сұраныс деңгейіне және әлемдік тұтыну
нарықтарындағы жағдайға сәйкес келуі тиіс. Мұнай экспортының болжамды
көлемдерін бағалау бойынша 75 млн. тоннаға дейін өсу көзделеді.

1-кесте
2009 жылы мұнай экспортының көлемдері және 2014 жылға
дейінгі болжам
млн. тонна
Жылдар Факт 2010ж 2011ж 2012ж 2013ж 2014ж
2009ж
Мұнай экспортының 68,1 73,0 73,0 74,0 74,0 75,0
көлемі
%, (алдыңғы жылдармен 109,8 107,2 100,0 101,4 100,0 101,4
салыстырғанда)

Қазақстан мұнайын тасымалдаудың экспорттық бағыттарын дамыту және
әртараптандыру мақсатымен мына жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс
жүргізілуде: Каспий Құбыр арнасы Консорциумы мұнай құбырын кезең-кезеңмен
кеңейту, Баку - Тбилиси – Джейхан құбырына қосып, Қазақстан Каспий
Тасымалдау Жүйесін құру (бұдан әрі – ҚКТЖ) және Қазақстан-Қытай мұнай
құбырының өткізу қабілетін ұлғайту. Қазақстандық мұнай экспорты
көлемдерінің негізгі бағыттары келесі 10-кестеде көрсетілген:
2 кесте
№ Атауы 2010ж 2011ж 2012ж 2013ж 2014ж
1 Мұнайды және тұрақтандырылған 80 81 83 83 85
газ конденсатын өндіру, оның
ішінде
  РФ ИмпортТранзит 7,0 7,5 8,0 8,0 9,0
             
2 Бөлуге ресурстар, барлығы: 87,0 88,5 91,0 91,0 94
             
3 Ішкі нарыққа жеткізу, барлығы:13,1 13,1 13,3 14,2 15,1
   Битум зауыты   0,5   1,0 1,0  1,0 
4 Экспорттық ресурстар, * 73,0 73,0 74,0 74,0 75,0
Оның ішінде бағыттар бойынша:
4.1. Атырау-Самара 15,0 15,0 15,0 15,0 15,0
4.2. Каспий Құбыр арнасы 28,0 28,0 28,0 32,0 37,0
Консорциумы
4.3. Қазақстан-Қытай 10,0 12,0 14 20 20
4.4. ОГӨЗ 2,0 2,0 2,0 2,0 2,0
4.5. Ақтау порты 11,0 10,0 10,0 3,0 2,0
4.6. Темір жол бойынша 7,0 6,0 5,0 2,0 1,0

Мұна й экспортының негізгі бағыттары
млн. тонна
* - кейбір бағыттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Мұнай желісі бағытының сипаттамасы
Мұнай тасымалдау бекеттері
Шикі газды тасымалдаудың басқару жүйесі
Газдың ылғал құрамдылығын анықтау
АҚ Қазтрансойл кәсіпорны
Резервуар паркінің құрамы
Мұнайды дайындауды жоспарлау
Мұнай дайындау қондырғылары
Сорғы станцияның сорғы агрегаттары
Пәндер