Мектепте кәсіби бағдар беруді жүзеге асырудың формалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының теориялық 6
негіздері ... ... ... ... ... ... . .
1.1 Кәсіби бағдар беру жұмыстарының 6
бағыт-бағдары ... ... ... ... ... . ... ... .
1.2 Кәсіби бағдар беру жұмысының 10
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Мектепте кәсіби бағдар беруді жүзеге асырудың 15
формалары ... ... ... ..
2.1Мектептегі жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің
формалары 15
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
2.2 Жоғары сынып оқушылырына кәсіби бағдар беру арқылы мамандық
таңдауына көмектесу 20
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер 26
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...

Кіріспе

Мамандық таңдау бұл адам өміріндегі маңызды, қиын және жауапты қадам.
Адамдар мамандықты жақындарының пікірлерін есептей отырып сыртқы
жағдайлардың әсеріне, престижіне және оның экономикалық тиімділігне
байланысты жиі таңдайды. Бірақ бұл жағдайлар адамның жеке ерекшеліктерімен
байланысты емес.
11 сыныпты бітіргеннен кейін жастар ерте ма кеш па мамандықтарын таңдап
қояды. Бұл шешім олардың барлық өміріне әсер етеді. Жас өспірімдер кейде
ғана дұрыс шешім қабылдайды. Бұған дәлел кейбір адамдардың қате шешім
қабылдағаннан кейінгі екінші білім алулары. Оқушыларға кәсіби бағдар беру
және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған
міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен
көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби
бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың
қосатын үлесі мол болуға тиіс.
Сондықтан дұрыс қадам жасау үшін кәсіби бағдар деруден өту керек. Бірақ
та қазіргі кезде көп адамдар бұны қалай және қай жерде өту керектігін
білмейді, ал егер мектепте өтсе, оның нәтижесіне айтарлықтай мән бермейді,
аса көңіл қоймайды.
Қай істің де алға өрлеуі мамандардың біліктілігіне байланысты. Қазіргі
заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс жоғары. Қазіргі
күні жаңа мамандық бойынша жұмыс істегісі келетін әр адамның оқуға
мүмкіндігі бар. Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі өз
деңгейінде дамуда. Облысымызда 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы
бар. Оларда 17 мыңнан астам адам білім алуда, оның ішінде 8 мыңнан астамы
мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды. Оқыту 47 мамандық бойынша жүргізілуде.
Өткен жылы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының
материалдық базасы 346 млн. теңгеге нығайтылды. Бюджет есебінен 46 млн.
теңгеге өндірістік шеберханаға, оқу лабораториясына жабдықтар алынды.
Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік бағдарламалары
есебінен 2,0 млн. долларға шеберханалық құрал-жабдықтар алынып, орнатылды.
Мемлекеттік колледждер мен кәсіптік лицейлердің құрылымында қысқа
мерзімді курстар арқылы азаматтардың Өмір бойы оқу принципін жүзеге асыру
үшін оқу орталықтары жұмыс жасайды. Кәсіптік бағдар беру ұйымдарында
бітірушілердің мансаптық өсуіне басшылық жасайтын құрылым және жұмысқа
орналасуына ықпал ететін республикалық Түлек электрондық бағдарламасы да
бар. Ол арқылы кәсіптік бағдар ұйымдарын бітірушілер туралы деректер еңбек
нарығына, ал еңбек нарығындағы бос орындар туралы мәлімет оқу орындарына
жеткізіліп отырылады.
Бұл жұмыстың нысаны – жастар.
Зерттеу пәні – жастарға кәсіби бағдар беру, оның түсінігі, мазмұны және
қалыптасу механизмі.
Курстық жұмыстың мақсаты – мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарының
формаларын талдау және негіздеу.
Бұл жұмыстың негізгі міндеттері:
– кәсіби бағдар беру түсінігін талдау;
– өзге мемлекеттердегі жастарға кәсіби бағдар беру жүйесін қарау;
– жастарға кәсіби бағдар берудің қалыптасу механизмін меңгеру;
– жастарға кәсіби бағдар берудің мазмұнын қарау;
– қазіргі кәсіби бағдар берудің әдістерін талдау;
– жастарға кәсіби бағдар беру жүйесіндегі мәселелерді қарастыру;
– жалпы білім беретін мектептердің кәсіби бағдар беру әрекетін
қарау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан және олардың
тұжырымдарынан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Кәсіби бағдар беру жұмыстарының теориялық негіздері

1.1 Кәсіби бағдар беру жұмыстарының бағыт-бағдары

Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі
мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік,
ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті
жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске
асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын
талаптануда. Өйткені келешек қоғамымыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп
оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі
күні маңызы зор болып табылады.
Кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы
талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы
оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке
тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс,
шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика
жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін
тәрбиелеуді қажет етеді[1].
Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық
таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:
- оқушылардың бойында ішкі психологиялық - әлеуметтік мәнділікті
реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;
- түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
- кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып
орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.
Республикамыздың Конституциясында еліміздің азаматына еңбек етуге құқық
берілген, оның ішінде біліміне, қабілетіне, кәсіптік даярлығына сәйкес, 24-
бап бойынша Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін
таңдауына құқығы бар (Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы:
Жеті жарғы, 1996). Бұл құқық толығымен жүзеге асырылуы үшін еңбек барлық
азаматтарының табиғи қажеттілігіне айналуы тиіс. Кеңестік жүйе кезінде
мектептегі еңбекке баулу, тәрбиелеу жүйесінің оқыту, еңбек пен
адамгершілік сапасын арттыру, мұғалімдер мен оқушылардың еңбек нәтижелерін
бағалаудағы формализмін жою, оқытудың өмірмен байланысын іс жүзінде
нығайту, мектеп оқушыларын қоғамдық пайдалы еңбекке даярлауды жақсарту
қажеттігі атап көрсетілсе, Өкіметіміздің кәсібіи білім беруге арналған
Мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеуді, баулуды, оларға кәсіптік бағдар
беруді жақсарту және олардың қоғамдық пайдалы, өнімді еңбегін ұйымдастыру
туралы ... жалпы білім беретін мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеуді,
баулуды және оларға кәсіптік бағдар беруді түбірімен жақсарту, олардың
дербес өмірге практикалық және моральдық-психологиялық даярлық дәрежесін
арттыру, жеткіншек ұрпақтың бойында еңбекке деген саналы қажеттілікті
қалыптастыру, бұл үшін қажетті жағдайлар жасау шараларын қолдануға
міндеттері аталып өтілген.
Алғашқы күндерден бастап жалпы білім беретін орта мектептерде білім беру
жүйесі үкіметіміздің қаулысына орай мектеп оқушыларының ғылым негіздерін
оқып үйренуді олардың жүйелі ұйымдастырылған, шама-шарқына лайық қоғамдық
пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуымен тығыз өзара байланысты
қамтамасыз етілсін - деп міндеттелген.
Әсіресе өкіметтің қабылданған қаулы-қарарларында 1986-1990 жылдар мен
2000 жылға дейінгі кезеңде экономикалық және әлеуметтік дамыуының негізгі
бағыттарындағы білім беру саласында мектеп оқушыларын еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріліп, кәсіптік бағдарды жетілдіру міндеті
қойылды. Мектеп бітірген әрбір жастың белгілі бір кәсіп иесі болуы да қажет
екендігі белгіленді.[2]
Осы орайда Республикамызда орналасқан әрбір мектептің, өндірістік
ұжымның, ата-аналардың, жұртшылықтың алдында оқушылардың еңбек тәрбиесін,
политехника-лық даярлығын және кәсіптік бағдарын түбірімен жақсарту
міндетін қойып отыр.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеудің жан-жақты және
күрделі міндеттерін ойдағыдай шешу үшін әрбір мұғалім, сынып жетекшісі
өзінің күнделікті педагогикалық іс-әрекеттерінде еңбек тәрбиесінің негізгі
қағидаларын берік меңгеріп және оны басшылыққа алуды талап етіп отыр.
Кезінде мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мәселесі көптеген
ғалымдар мен қайраткерлердің ғылыми еңбектерінде, мақалаларында сөз етілді.
Атап айтқанда, Н.К.Крупскаяның, А.В.Луначарскийдің, П.П.Блонскийдің,
А.С.Макаренконың, С.Т.Шацкийдің еңбектері оның күрделі мәселелерін шешуге
үлкен маңызы зор болды.
А.В.Луначарский 1918 жылы халық ағартудың Бүкілроссиялық І съезінде
сөйлеген сөзінде жаңа адамды қалыптастырудағы еңбектің рөліне үлкен баға
бере келіп, Әрбір адам – еңбек адамы болуы тиіс деп көрсете келіп,
қазіргі еңбек тәрбиесі жөніндегі мектептің алдындағы міндеттерді анықтады.

Н.К.Крупская еңбек тәрбиесі және политехникалық оқыту мәселесіне өзінің
көптеген еңбектерін арнап, оның ғылыми-теориялық негізін салушылардың бірі
болады. Ата пайтқанда, Кәсіп таңдау (1925ж.), Кәсіпті таңдау түрлері
(1929ж.), т.б. еңбектерінің маңыздылығы жоғары болды.
Сондай-ақ С.Т.Шацкийдің Политехнизм туралы (1930ж.) және
П.П.Блонскийдің Кәсіп таңдау (1934ж.) еңбектерінде Кеңес мектебінің
міндеті оқушыларға белгілі бір көлемде еңбек тәрбиесін және мамандық
таңдауға байланысты жұмыстар жүргізу қажеттілігінің атап өтіп, оны
жүргізудің кейбір формаларын қарастырады[3].
А.С.Макаренко да Кәсіп таңдау (1937ж.) деген еңбегінде тек мектеп қана
емес, еңбектік мамандық таңдаудағы тәрбие берудегі отбасының рөлін де атап
көрсетеді.
Жастарға кәсіптік бағдар беру туралы алғашқы ойлар, ХІХ ғасырдың өзінде-
ақ шетелдерде де пайда бола бастады. Атап айтқанда Францияда Мамандық
таңдауға басшылық туралы еңбек 1849 жылы жарық көрсе, ағылшын писхологы
Ф.Тальтон 1883 жылы бірінші рет тесттік байқауды ұсынды. 1968 жылы Гарвард
университетінің (АҚШ) профессоры Ф.Парсонс Бостон қаласында Бағдарлау
бюросын ұйымдастырды. Ол оқушыларға өмірде өз орнын таңдауға көмектесуге
тиісті болатын болса, бұл бюро кейін Нью-Иоркке көшірілді. Мұндай кеңес
беретін орталықтар Англияда, Бельгияда, Чехославакияда, Швецарияда т.б.
дамыды. Онда негізінен мектеп оқушыларына мамандық таңдауға кеңес беру
мәселесі қойылды.
Осындай идеялар Кеңестік Одақты мекендеген елдерде жастардың, адамдардың
мамандықты еркін, өз икемділігіне байланысты таңдауға бағыттау қажеттіліген
қол жеткізу мүмкіндігі жасалды. Осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Еліміздің әрбір өңірінде өндіріс салалары бой көтеріп, халық шаурашылығы
бір-бірімен байланысты болатын мынадай салалардан тұрды: өндіріс,
ауылшаруашылығы, көлік (транспорт), құрылыс, байланыс, сауда, қоғамдық
тамақ, коммунальды шаруашылық, тұрмыстық қажетті өтеу, ғылым, ағарту-оқу,
мәдени, денсаулық сақтау, т.б.
Осы кәсіптік мамандықтың барлығында да адамдар қызмет ететін, бірнеше
мамандықтарды иегерді. Ондай өндірістік ошақтарында істейтін негізгі күш –
жастар. Сондықтан жастарға кәсіптік бағыт беру жұмысын дұрыс та, нәтижелі
ұйымдастырудың маңыздылығы күннен-күнге арта бастады. Кәсіптік бағдар
беретін мектептің оқу бағдарламаларында еңбекке баулу пәніне жүктелгенімен
ХХ ғ. 30-40-жылдары мектептегі еңбек сабағы оқу жоспарынан алынып тасталды,
кейіннен қайта оқу пәні ретінде қайта енгізіліп, негізгі мектеп пәндерін
оқып үйренуді күшейтуге бағыт-бағдар біліне бастады.
Соғыстан кейінгі жылдары оқушыларды еңбекке тәрбиелеу жүйесі одан әрі
дамытылды. 1958 жылы 24 желтоқсанда КСРО Жоғары Кеңесі Мектептің өмірмен
байланысын нығайту туралы заң қабылдады. Онда кеңестік мектеп алдына:
ғылым негіздерін жақсы білетін және сонымен бірге жүйелі дене еңбегіне
қабілетті, білімді адамдарды дайындау, жастарды қоғамға пайдалы болуға
ұмтылушылыққа, қоғам үшін қажетті байлықты өндіруге белсене қатысуға
тәрбиелеу, - міндеттер қойды[5].
1958 жылдың оқушылардың өндірістік еңбегін ұйымдастырудың неғұрлым
тиімді формаларын іздестіру жұмыстары басталса, бірқатар кәсіпорындарда оқу
цехтары құрылып, оларға өндірістік ұжымдар қамқорлық жасай бастады. Колхоз,
совхоздардың жетекшілері ауылдық мектептерде оқушылардың өндірістік
бригадаларын құруға көмек көрсетті. Осының нәтижесінде Кеңестік
педагогикамен мектеп өскелең ұрпақты, еңбекке тәрбиелеуде көптеген
табыстарға жетті, соған қарамастан ХХғ. 60-70-жылдары еңбек тәрбиесі мен
кәсіптік бағыт беру қоғамның талаптарынан әлі де болса қалып қойып отырғаны
белгілі болды.
Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие жұмысында
кездесетін елеулі кемшіліктердің де беті ашылып көрсетілді. Олар ең алдымен
мынаған байланысты: мектеп бітіруде жастар өндіріс сферасындағы еңбекке
практикалық дайындықсыз келеді немесе халық шаруашылығына қажетті
мамандықтары жөнінде теориялық жағынан белгілі бір түсінігі болмады. Мектеп
бітіруші жастарымыздың ішінде өмірге тұтынушылық қатынас, еңбектен бой
тасалау, сақтамау сияқты жағымсыз құбылыстар байқалып қалады. Мұндай
кемшіліктердің себебін біз мектеп қабырғасындағы еңбекке тәрбиелеу мен
кәсіптік бағдар жұмыстарының белгілі бір жүйеге қойылмағандығы деп
білеміз. Қазіргі жалпы білім беретін мектептердің барқатар мұғалімдері мен
сынып жетекшілері еліміздің ғылыми-техникалық прогрестің даму тенденциялары
туралы және оның қазіргі заман адамдарына қоятын талаптары жөнінде
жеткілікті хабары болмады. Сынып жетекшілері оқушылардың қоғамға пайдалы
өнімді еңбегі мен оқытуды өнімді үнемі біртұтас үдеріс етіп біріктіріп,
оған политехникалық бағыттылық бере алмады. Мұғалімдер қоғамдық пайдалы
еңбектің мазмұнын анықтауда, еңбек үдерістерін жоспарлауда, ұйымдастыруда,
педагогикалық ықпал етудің әдістерін таңдап алуда қиындықтары тап болып
отырды. Сондықтан оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен кәсіптік бағдар беруде
заман талабына сай тәрбие жұмысының неғұрлым жаңа формалары мен әдіс-
тәсілдерін таңдап, оны жетілдіруде мектеп ұжымының алдында үлкен маңызды
міндеттер қойылды[6].
Кеңес орнағаннан кейінгі уақыттан қазірге дейінгі кәсіптік бағдар
берудің қалыптасу кезеңдерін төмендегідей етіп беруге болады:
1) Кеңестік кезең орнағаннан кейінгі мектептердің қалыптасуы мен 1937
жылдар аралығы. Бұл кезеңде ауыр өндірісті дамытуға, елді
индустризациялауға байланысты мектепте еңбек сабағының мазмұны матералдық
өндіріске тән мазмұнға ие болды. Кәсіптік бағдар беру бойынша алғашқы
тәжірибелер қалыптасты;
2) 1937-1954 жж. аралығын қамтыды. Бұл кезеңде еңбек пәні мектеп оқу
жоспарынан алынды, бірақ еңбекке баулу, кәсіпке бағдарлау басқа оқу пәндері
және сыныптан тыс жұмыстар негізінде жүзеге асырылды. Кәсіптік бағдар беру
бойынша тәжірибелер жалғасын таппады, бар тәжірибеден қол үзілді;
3)1954-1984 жж. аралығы. Бұл кезеңде қаулы қарарлардың оқытуды күшейтуге
бағытталу кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жеделдетті. Атап айтқанда,
оқытуды өмірмен, теорияны практикамен байланыстыру бағытындағы қабылданған
қаулылар білімді өміршең ету мен өмірда жарамды етуге бағытталды. Кәсіптік
бағдар бойынша тәжірибелер қалыптасып, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіле
бастады;
4) 1984-1991 жж. аралығы. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін
мектептердің негізгі бағыттарын айқындауға бағытталған реформа кәсіптік
бағдар беруге жеткілікті мән берді;
5) 1991 жылдан бергі кезеңді кәсіптік бағдар беруге қатысты: тоқырау,
қалыпына келу және қайта жаңару деп қарауға болады. 1993 жылдан бастап
мектептен кәсіптік бағдар беру бойынша әдістемелік кабинеттер жабылып,
еңбекке дайындық бағытына бөлінген сағаттар азайды, оқу-материалдық база
төмен деңгейде жабдықталды. Тек 2000 жылдан бастап, еңбекке дайындық
бағытындағы оқу жұмыс түрлеріне зейін аудару қолға алынды[7].
Бүгінгі күні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан
жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби
бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.
Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да
үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына
байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік
жоспар, идеялы, сенімі, т.б.
Адам қабілеттілікке қоршаған табиғатқа, әрбір адамның өзін-өзі шыңдауға
байланысты, адамның әлеуметті бейімделген қызметі деп қарау қажет. Сол
себепті де К.К.Платонов Қабілеттілік – ол жеке адамның қасиеті, бірақ оның
белгілі бір қызметке қатысына қарай анықталады.

1.2 Кәсіби бағдар беру жұмысының жүйесі

Адамның кәсіби жарамдылық бағасының кейбір элементтерінің тарихы ерте
ғасырда жатыр. Бұл көбінесе білім диагностикасынка, білікке және қабілетке
жатады. Б.д.д. ІІІ мыңжылдықта Ежелгі Вавилонда жазушылыққа дайындалып
жатқан мектеп түлектері сынақтан өткізілген. Сол кездегі білімге сай кәсіби
дайындалған жазушы месопотомия өркениетінің орталық фигурасы болған; ол
алқапты өлшеуді, мүлікті бөлуді, ән айтуды, әр түрлі аспаптарда ойнай
білген. Сынақ кезінде маталардың, металлдардың, өсімдіктердің түрлерін
ажырата білулерін және де барлық төрт арифметикалық әрекеттерді білулерін
тексерді.
Жоғарыда айтылғандай 1908 жылы Бостонда кәсіби бағдар берудің алғашқы
бюро жастарға еңбеку жолын таңдауға көмектеседі. Бұл әрекетті кәсіби бағдар
берудің бастамасы деп санайды. Одан кейін Нью-Йоркте аналогтік бюро
ашылады. Оның міндеті әр түрлі мамандықтардың адамға қоятын талаптарын
меңгеру, оқушылардың қабілеттерін тану. Бюро өз жұмыстарын тест және
сауалнаманы қолдана отырып мұғалімдермен бірге атқарды. Бұндай бюролар АҚШ-
та, Испанияда, Финляндияда, Швейцарияда, Чехословакияда және т.б. елдерде
кең тарала бастады.
Өзінің жұмысында бюро келесідей жағдайларды басқарды:
• сәтті оқиғаға сенгенше, мамандықты таңдау керек;
• тыңғылықты ойлаусыз, кәсіби кеңес берушіге жүгінусіз ешкім
мамандық таңдамау керек;
• жастар мамандықтың барлық түрімен таныс болулары керек, кездейсоқ
немесе ыңғайлы мамандықты таңдай салмау керек.
Бірініші дүниежүзілік соғыс (1914-1918 ж.ж.) кәсіби жарамдылықты
анықтауда қажеттілікті кеңейте түсті: ол соғысқа қажет интеллектуалды және
физикалық қабілеттері бар адамдарды жылдам дайындауды талап етті.
Кәсіби бағдар беру түсінігін қарастырмас бұрын бағдар берумен
байланысты сөздерді анықтап, оларға анықтама беру керек. Ең алдымен
маманды түсінігін қарастырайық. Е.А.Калимов бұл терминді анықтау үшін 4
қадам ұсынып отыр:
- адам күш салатын аумақ, яғни онда адам өзінің еңбек қызметтерін іске
асырады;
- белгілі бір еңбек түрімен айналысатын адамдардың тұтастығы;
- дайындылық, яғни білім, білік, дағдыға байланысты адам белгілі бір
еңбек функциясын атқара алады;
- әрекет, шебер жұмысы, яғни уақытқа таратылған еңбек функциясын іске
асыру процесі.
Кәсіби бағдар беру іс-әрекетінің объектісі адамның өзін тануындағы
әлеуметтік-кәсіптік процесс болғандықтан, біріншіден принцип топтарын
жинақтап аламыз. Басқарылып отырған қыздар мен ұлдарды қоғамның әлеуметтік
құрылымында өзіне мамандықты таңдап алуы.Осыған байланысты кәсіби бағдар
беру принциптерін мынадай етіп топтастырамыз[9].

1-сызба. Кәсіби бағдар беру принциптері

Танымдық принцип. Мамандық таңдаудағы еңбек іс-әрекетіндегі тек өзінің
ғана қызығуын емес қоғамға пайда келтіруде қанағаттандыратын ұмтылыста
айқын көрінеді. Қазіргі кездегі ауыл-шаруашылығына қажетті мамандықты
таңдауды сезіну, тұлғаның танымының дамығанын көрсетеді.
Сай келушілік принципі. Қызығушылығы икемділігі, ынтасы, таңдаған
мамандығы сонымен қатар қоғамның жалпы қажетті мамандықтағы кадрларға
сұранысын қанағаттандыру. Қоғамда өмір сүріп қоғамнан еркін, тыс болуға
болмайды дегендей, өзінің жеке қызығуына қарай қоғамның сұранысын есепке
алмай мамандық таңдауға болмайды. Тұлғаның және қоғамның қажеттіліктерінің
сай келу принципінің бұзылуы кадрлардың кәсіптік құрылымындағы тепе-
теңсіздікке алып келеді.
Белсенділік (активность) принципі. Мамандық таңдаудағы өзін тану
процесіндегі тұлғаның іс-әрекеттің түрін сипаттайды. Кәсіпті белсенді түрде
әркім өзі іздеуі қажет. Бұл жерде оқушылар күшін еңбектік және кәсіптік
дайындау процесінде практикалық сынау, ата-аналар кеңесі және олардың
кәсіптік тәжірибесі, әдебиеттерді (қызығып отырған мамандығы бойынша)
іздену және оқу, әр-түрлі үйірмелерде жұмыс, курстарға қатысу, тәжірибе
барысында жұмыс жасау және көптеген басқа да нәрселер басты роль
атқарады[10].
Жалпы білім беретін орта мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарының
бағыт-бағдары.Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің
негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы
дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті
жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске
асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын
талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп
оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі
күні маңызы зор болып табылады.Кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзіне
ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-
әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде,
олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы
қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму
міндеттеріне,3 оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы
таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.Кәсіби
бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға
дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:
Оқушылардың бойында ішкі психологиялық - әлеуметтік мәнділікті реттейтін
қызмет түрлерін тәрбиелеу;
Түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
Кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып
орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.Республикамыздың Конституциясында
еліміздің азаматына еңбек етуге құқық берілген, оның ішінде біліміне,
қабілетіне, кәсіптік даярлығына сәйкес, 24-бап бойынша Әркімнің еңбек ету
бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар (Қазақстан
Республикасының Конституциясы. –Алматы: Жеті жарғы, 1996). Бұл құқық
толығымен жүзеге асырылуы үшін еңбек барлық азаматтарының табиғи
қажеттілігіне айналуы тиіс. Кеңестік жүйе кезінде мектептегі еңбекке
баулу, тәрбиелеу жүйесінің оқыту, еңбек пен адамгершілік сапасын арттыру,
мұғалімдер мен оқушылардың еңбек нәтижелерін бағалаудағы формализмін жою,
оқытудың өмірмен байланысын іс жүзінде нығайту, мектеп оқушыларын қоғамдық
пайдалы еңбекке даярлауды жақсарту қажеттігі атап көрсетілсе, Өкіметіміздің
кәсібіи білім беруге арналған Мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеуді,
баулуды, оларға кәсіптік бағдар беруді жақсарту және олардың қоғамдық
пайдалы, өнімді еңбегін ұйымдастыру туралы ... жалпы білім беретін
мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеуді, баулуды және оларға кәсіптік бағдар
беруді түбірімен жақсарту, олардың дербес өмірге практикалық және моральдық-
психологиялық даярлық дәрежесін арттыру, жеткіншек ұрпақтың бойында еңбекке
деген саналы қажеттілікті қалыптастыру, бұл үшін қажетті жағдайлар жасау
шараларын қолдануға міндеттері аталып өтілген.Алғашқы күндерден бастап
жалпы білім беретін орта мектептерде білім беру жүйесі Өкіметіміздің қаулы
қарарларына орай мектеп оқушыларының ғылым негіздерін оқып үйренуді олардың
жүйелі ұйымдастырылған, шама-шарқына лайы9қ қоғамдық пайдалы, өнімді
еңбекке тікелей қатысуымен тығыз өзара байланысты қамтамасыз етілсін - деп
міндеттелген. Мамандықты оқушы қызығып, қоғамның сұранысына сай және
белгілі бір білім көлемін (мамандыққа сай) меңгерсе ғана біз оны саналы
таңдау деп айта аламызКөптеген жұмысшы мамандығы ішінен оқушыларға тек
біреуін өзінің икемділіктері мен қызығушылығы барын таңдап алу керек.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі қолында тізгіні бар жастардардың қолында.
Олар қандай адамдар, олардың білім деңгейі, ақыл-парасаты, азаматтық қыры,
халыққа сіңіріп жатқан еңбегі қай дәрежеде? Көп жағдайда адам өзінің рухани
негізін отбасынан, балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орнынан алады. Бірақ
мұның бәрі бастама, адам өзін-өзі өмір бойы тәрбиелейді, білімін тереңдетіп
одан әрі дамытып отырады. Оқушылардың өміріне кәсіптік бағдарды енгізу үшін
оны мектепте белгілі бір ұйым немесе оны жүйелі басқару керек. Окушыны
мамандықты саналы таңдауға дайындауды тек директор немесе оның оқу-тәрбие
жұмыстары орынбасары ғана емес арнайы кәсіптік бағдар кеңесі, пән
мұғалімдері, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар мүшелері, мектеп дәрігері
басқарады[12]. Мектепте кәсіптік бағдар қызметін бүкіл педагогикалық ұжым
және кәсіптік бағдар кеңесі жүргізеді. Кәсіптік бағдар кеңесі кәсіпті
бағдардың барлық жоспарын тексеріп, бағалайды, оны бір жүйеге келтіреді,
кәсіптік ақпаратты ұйымдастырады, кәсіптік консультацияны басқарады, мектеп
төңірегінде сабақта мен түрлі шараларды өткізуді жоспарлайды және т.б.
жұмыстарды жүргізеді. Жыл бойы әрбір пән мұғалімі өзінің оқушысын 5-10
мамандықпен таныстыруы қажет. Оқушыларды барлық мамандықтармен таныстырудың
қажеті жоқ. Бірнешеуімен ғана бірақ оның өзін терең таныстыру
керек.Оқушылардың еңбек және кәсіптік оқу мазмұны - оқушылардың кәсіптік
бағдарының басты құралы.Кәсіптік бағдар көптеген сұрақтарды қамтиды, соның
ішінде; әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, психология-педагогикалық,
медициналық физиологиялық және танымдық сұрақтарды қамтиды. Мамандықты
дұрыс таңдамау, кәсіптік бағдар жұмыстарының бұрмалануынан оқушылар
мамандықтан жалыға бастайды. Бұл өзінің таңдаған мамандығына
қанағаттанбауынан, мамандықты, жұмыс орнын аустыруына әкеліп соғады,
жұмыстың ауысуы, жұмысшыны қайта даярлау - бұл мемлекеттің, кәсіпорындардың
және оның өзіне экономикалық шығынға түседі.
Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларының кәсіптік
бағдарын бақылау, болжау және түзетулер енгізу Республикадағы нарықтық
қатынастарды реттейді оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына және қазіргі
кездегі еңбек ресурстарындағы өнімді күштерді айқындайтын болады.
Қоғамдағы қайта дайындау міндетті түрде жастардың еңбекке деген
мотивациясын, болашақ іскерлігін таңдауын өзгертеді. Сонымен қатар қазіргі
таңдағы қатынастар олардың кәсіптік-квалификациялық құрылымдарының
өзгеруіне басты себепкер болады.
Республикамыздағы экономиканың өсуі, әр-түрлі кәсіпкердік жаңа басқа да
мамандықтардың шығуына байланысты еңбек рыногында бәсекелестік жүріп жатыр.
Жастардың мүмкіндіктеріне, белгілі бір мамандыққа қызығушылығына қарай
оларды жұмысқа орналастыру проблемасы тұр. Оқушылар мектеп қабырғасын
бітірісімен сұранысты айқындайтын маман болуы қажет. Проблеманың бұл жерде
шығуы, бітірушілер өздеріне қажетті мамандықты таңдай алмауында. Қазіргі
кездегі қоғамдағы жұмысшы мамандыққа бағдар беру, яғни қоғамның сұранысын
айқындау.
Мектепте кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуде пәндер арасында еңбек
сабағының мүмкіндігі жоғары. Еңбекке оқыту сабағының теориялық бөлімін
оқушыларды материалдық өндірістегі кәсіптермен, ауыл-шаруашылығының
салаларымен таныстыруға қолдануға болады. Бірақта бұл жұмыс егер кәсіптік
бағдар материалы сабақ тақырыбымен тығыз байланысты болса ғана тиімді, ал
информация кәсіптік өсу мүмкіндіктері, еңбек шарттары кәсіптік адамға
қоятын талаптары оның таралуы туралы мазмұнды қамтыса, яғни кәсіптік бағдар
материалы еңбек сабағы барысында сабақтың теориялық және практикалық
бөлімінде елеулі орын алады.

2 Мектепте кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру

2.1 Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары.

Кәсіптік бағдар мағынасы - оқушының ерекшеліктерін ашу және осы
ерекшеліктерді қандай жұмыстарда жоқсы қолдануға болатынын түсіндіру.
Бірақта мектепте мұнымен ғана шектелуге болмайды, тұлғаның қасиеттері
қандайда бір жұмыс қоятын, белгілі бір талаптармен сай келеді. Мектеп
оқушыларды еңбекке даярлайды; политехникалық білім береді, кәсіптік
қызығулықтары мен икемділіктерді құрайды және дамытады, жұмысшыларға
құрметпен қарауға тәрбиелейді, мамандықты саналы таңдауға оқытып үйретеді.

Кәсіптік бағдар мектеп жұмысының жеке дара саласы бола алмайды. Ол бүкіл
оқу-тәрбие жұмысымен тығыз байланысты. Жасөспірім, жастар жалпы және
политехникалық дайындықты меңгерсе ғана, олар мамандықты саналы таңдауына
болады[13].

Мектептегі кәсіптік бағдар бойынша педагогтардың негізгі функциялары;

- оқушы тұлғаны қалыптастыру және дамытуды, оқып үйрену (соның ішінде
қызығулары, икемділіктерін, мінезін, тұлғаның моральдық сапасын және
бағытын);

- икемділіктерді қалыптастыру және дамыту туралы әңгімелесу, белгілі бір
кәсіпке (мамандыққа) қарама қайшылықтар туралы түсіндіру;

- практика кезінде әрбір оқушы өздерінің кәсіптік қызығулары және
икемділіктерін тексеруге жағдай жасау;

- оқушыларды Республикадағы, аудандағы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік бағдар берудегі бүкіләлемдік әлеуметтік желілер
Балалар ұжымының жұмысын ұйымдастыру
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі
Кәсіптік бағдар тұжырымдамасы
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) Әдістемелік құрал
Бейіндік оқу
Бейіндік оқытудың жүйесі
Мектеп окушыларының көзқарасын қалыптастыру
Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері
Пәндер