Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1 БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ . . . 5

1. 1 Салықтар және олардың мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы рөлі . . . 5

1. 2 Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі . . . 11

2 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІНДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . . 17

2. 1 Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2007-2010 жж. орындалуы . . . 17

2. 2 Оңтүстiк Қазақстан облысо бюджетiнiң салық түсiмдерiн талдау . . . 22

3 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТЕГІ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 40

КІРІСПЕ

Жүйелілік біздің бүгінгі дүниедегі алдағы он жылдықта жедел алға жылжуымыздың басты қағидасы, міне осы. Қазақстанның әлемдегі тауарлар, көрсетілген қызмет, еңбек ресурстары, каптал, осы заманғы идеялар мен технологиялар нарықтарының шын мәнінде ажырағысыз серпінді бөлігіне арналуы біз он басты міндет шешуіміз керек, - деді Н Назарбаев.

Бірінші міндет - экономиканың тұраулы дамуын қамтамасыз етіп, ұстап тұрумен ғана шектеліп қалмай, оның өсуінің басқаруға қол жеткізу. Мемлекет басшысы атап өткендей, Үкімет Қазақстанды индустрияландыруға түбегейлі жаңа тұрғыдан келуді қамтамасыз етуді, табиғи монополиялар аясын қысқартуды, қаржы жүйесін күшейтуді, тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруды, Қазақстанның қолайлы шарттармен БСҰ ға кіруін қамтамасыз етуі, халықаралық техникалық стандарттарды енгізуі тиіс. Менің Үкіметке беетін ең басты тапсырмам осы деп атап көрсетті Н Назарбаев.

Екінші міндет Қазақстанның экономикалық дамудың «өңірлік локомативіне» айналдыру және оны әлемдік экономиканың оңтайлы «ойшысы» ету. Үшінші өндіруші сектордың тиімдіігін арттыру. Төртінші өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету. Бесінші өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа ролімізге сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту. Алтыншы осы заманғы білім беру және кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Жетінші атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыту. Сегізінші саяси жүәені жаңарту демократиялық реформаларды одан әрі жүзеге асыру. Тоғызыншы халықаралық іс тәжірибені ескеріп, әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу. Оныншы мінет жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірі мен әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін ала жылжыту.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар - салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады.

Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық саясаттың маңыздылығы жоғары болып табылады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған салық болып табылады. Фискалдық саяссаттың маңыздылығы ол мемлекеттің экономиканы рететудің тікелей әдісі болып табылады, ьұл саясатты қолданудың нәтижесі тез арада өз қызметін атқарып, нәтиже бере бастайды. Яғни экономикалық реттеуді дереу іске асырудың қажеттігі туындаған жағдайда фискалдық саясаттың реттеу құралдары мен әдістерінің маңыздылығы зор болып табылады.

Салық - нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда салықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын тиiмдi және тұрақты дамыту мақсатымен салық жүйесiн неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.

Осы жұмысты орындаудағы мақсат қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну, бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау, мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымын, олардың жіктелуін талдау және осылардың негізінде 2007-2010 жылдарды мысалға ала отырып бюджеттің кірістері мен шығыстарын салыстыра талдау болып табылады.

Осы жұмысты орындаудағы міндеттерге :

  • Салықтың экономикадағы атқаратын қызметтерiн көрсету;
  • Салық салу қағидаларын жан-жақты қарастыру;
  • Қазақстанның мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары негізінде жан-жақты талдау;
  • Экономиканың дағдарыстық кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын шараларын, негізгі қолдау саясаттарын ұлттық экономиканы мысалға ала отырып талдау;
  • Бүгінгі салық жүйесінің экономикада атқарып отырған салық-бюджет саясатының 2009-2010 жылдарға арналған бағдарламасы тоқталып өту;
  • Салықты жетілдіру негізінде мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің қалыптасу көздерін табу және олардың нысандары мен жетілдіру әдістерін жазу болып табылады.

10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде орнықтыру үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына уақтылы әрі лайықты үн қатуымыз керек. Сондықтанда Үкіметке 2030 стратегиясының негізгі қағидаларын Жаңакезеңге сай дамытып отырған жоғарыда атап көрсеткен барлық міндетерін дәйекті тапсыратынын айтты.

1 БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1. 1 Салықтар және олардың мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы рөлі

Салық - мемлекеттiң бекiтуi. Тек сол ғана азаматтарды белгiлi бiр көлемде ақшалай қаржыларды беруге мiндеттi. Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндеттемелерi азаматтардың Конституциялық мiндеттемелерiнiң қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет саяси үкiмет субъект өкiлдiгiне сүйене отырып әрекет етедi.

Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi.

Салықтар баршамызға белгілі көптеген ғасырлар бойы қоғамның экономикалық базалық құрамы және мемлекеттің кірісін қалыптастырудың маңызды қаржылық құралы ретінде қолданылып келеді. Теориялық жағынан салық салу жүйесі - қоғамның әлеуметтік құрылымын танып білудің шартты жағдайы және объективті қажеттілігі.

Сонымен қатар, салық жүйесінің өзіне тән табиғи ерекшеліктері мен жалпыға бірдейлігі оның кең көлемді үдерістерге әсер етуіне мүмкіндік береді: жұмыссыздық, инфляция, тұрғындардың өмір сүру деңгейі және т. б. Сонымен қатар оның экономикалық құрал ретіндегі икемділігі әлеуметтік қарама- қайшылықты шешуге немесе шиеленістіруге жағдай жасайды. Сондықтан да, салық жүйесін әлеуметтік көзқарастар тұрғысынан қарастыру немесе зерттеу қоғамды және оның әлеуметтік-экономикалық ресурстарын танып-білудегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Мемлекет ақшалай қаржыларды түрлi жолдармен табады, бiр жағдайда мемлекеттiк зайымдар iшкi және сыртқы ретiнде меншiк иесiнiң қаражаты өз еркiмен беруге негiзделетiн әдiс қолданылады, ал басқа жағдайларда ақшалай қаражаттар ерiксiз өндiрiп алу жолымен алынады.

Салықтар мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi мөлшерде мiндеттi төлемдер болып табылады.

Салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сонымен қатар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетедi. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен бiрге қалыптасады және мемлекеттiң тiршiлiк етiп дамуының негiзi болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi ic-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категория ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты. Яғни, салықтың атқаратын ролi жоғары. Бұл менiң тақырыбымның маңыздылығын ашады.

Көптеген қаржы байланыс түрлерiнiң iшiнен, ерекше қасиетпен дараланып тұратын салаларды бөлiп алуға болады. Жалпы қоғамдық өнiмнiң бағамдық үлестiру саласының негiзiн, мемлекеттiң шаруашылық субьектiлер мен халық санымен жасаған қаржы қатынастары құрайды. Бұл қатынастар үлестiру процессi кезiнде пайда болады. Бұл процеске мемлекетте қатысады және олар қоғамдық сүранысты қанағаттандыру үшiн жұмсалатын ақша қаражатының орталық қорының құрылуы мен қолдануы мен байланысты. Мұндай қаржы қатынастарының тұтастығы ''Мемлекеттiк бюджет'' деген түсiнiктiнiң экономикалық мазмұнын құрайды.

Мемлекеттiк бюджетте экономикалық қатынастарының тұтастығы ретiнде обьективтi қасиетi бар. Оның өзiндiк сала болып өмiр сүруi қоғамдық өндiрiстерге байланысты, әрине олардың дамуына орталық қор қажет. Ақша қаражатын орталықтандыру ұлттық шаруашылықта үнемi айналым болу үшiн қажет, және экономиканы түзеу үшiн де қажет. Бағамдық үлестiрудiң бюджеттiк саласының болуы мемлекеттiң өзiне де қажет. Мемлекетке керек салаларды қаржыландыру үшiн орталықтандырылған қор қажет. Сонымен қатар бұл қор мәдени-әлеуметтiк iс-шаралар өткiзуге, қорғаныс мәселелерiн шешуге, мемлекеттiк басқарудың жасаған шығындарын жабуға қажет. Осыған орай мемлекеттiк бюджеттiң болуы адамдардың субьективтi қалуының нәтижесi емес, бұл обьективтi қажеттiлiк. Экономиканың бүгiнгi таңда дамуы кезеңiнде орталықтандырылған қаржы қоры мемлекетке көптеген мүмкiндiктер бередi.

Мысалы, үшiн қоғамдық өндiрiстiң пропорциялдарын және қарқынын қамтамасыз етедi, оның салалық және аймақтық жүйесiн көздейдi, салалық экономиканың бiрiншi қажеттi бағдарламаларын дамытуға әсер ететiн қорды қалыптастырады, әлеуметтiк өзгерiстер өткiзедi.

Қаржы орталықтандыруының арқасында ақша қоры экономикалық және әлеуметтiк дамуға жұмсалады және мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық саясатының жүзеге асуына жағдайлар туғызады.

Осыған орай мемлекеттiк бюджет бағамдық үлестiрудiң ерекше бөлiмi ретiнде өзгеше қоғамдық қызмет атқарады және қоғами мемлекеттiк сүранысты қанағаттандырады. Обьективтi үлестiру қатынастарының экономикалық формасы бола түра, ерекше қоғамдық iс- әрекеттердi атқара тұра, мемлекеттiк бюджет экономикалық санат ретiнде шығады. [2]

Мемлекеттiк бюджетке белгiлi бiр тұтас қаржы қатынастары ретiнде оған қаржы санатының қасиеттерi тән, бюджеттiк қатынастардың үлестiру қасиетi бар, ақшалай түрде жүзеге асады, бағытты ақша қорымен тетелес келедi. Сонымен қатар, бюджеттiк қатынастарға белгiлi бiр ерекшелiк тән, ол әрине қаржы тақырыбынан тыс болмайды. Мемлекеттiк бюджетiнiң өзгеше бiр сфера ретiнде бағамды үлестiру қасиетiн қарасақ, ол мынадай:

  1. мемлекеттiң жалпы қоғамдық өнiмiнiң бөлiгiмен байланысты және оны қолдануымен, яғни қоғамдық сүранысты қанағаттандыру үшiн қолданылатын үлестiру қатынастарының экономикалық формасы
  2. халық шаруашылығы, аймақтар, экономика секторлары, қоғамдық iс - әрекеттiң өрiсi арасындағы бағамды үлестiру үшiн қолданылады
  3. ол қоғамдық өнiммен, яғни оның iс- әрекетiмен байланысты емес, ол одан бөлек жұмыс жасайды, бiрақ соның өзiнде де қаржы қатынастары тауарлық ақшалық прцесспен байланысын үзбейдi.

Мемлекеттiк бюджет басқа да экономикалық санаттар сияқты өндiрiстiк қатынастар мен оларға тән материалдық - заттық өзгерiстердi көрсетедi. Бюджеттiк қатынастар мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған орында заттандырылады. Осының нәтижесiнде, қоғамда болатын экономикалық процесс өзiнiң iс - әрекетiн мемлекеттiң ақша қорында көрсетедi. Бюджеттiк қор бұл бағамдық үлестiру кезеңiн басынан өткiзген және мемлекет сұранысын қанағаттандыра алатын қоғамдық өнiмнiң және ұлттық өнiмнiң iс- әрекетiнiң экономикалық формасы.

Экономикалық санат ретiнде мемлекеттiк бюджет - мемлекетпен басқада жалпы қоғамдық өндiрiсiнiң арасында пайда болатын ақша қатынасы. Үлестiру және қайта үлестiру жолымен мемлекеттiк орталықтандырылған ақша қорының болуы өте тиiмдi. Себебi ол мемлекет сұранысын қанағаттандыруға, өндiрiстi ұлғайтуға үлкен әсерiн тигiзедi.

Осыған орай "Мемлекеттiк бюджет" атты түрлендiрiлген түсiнiк келесi құрамаларымен түсiндiрiледi:

  • мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған қоры;
  • экономикаға әсер ететiн құрал;
  • мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспары
  • қоғамның барлық м үшелерi оны заң ретiнде орындау керек.

Мемлекеттiк бюджеттiң қызметi- бiрiншiден, мемлекеттiк бюджет арқылы ұлттық кiрiстiң 30 пайыз, жалпы iшкi өнiмнiң 20 пайыз, жалпы қоғамдық өнiмнiң 10 пайыз үлестiрiлiп және қайта үлестiрiледi.

Ол ақша қорын ұлттық шаруашылықтың, өндiрiс өрiсiнiң, экономикалық аудандар мен мемлекет аумағының арасында үлестiрiледi. [3]

Мемлекеттiк бюджет экономикаға қатты әсер етедi, себебi ол бұл жерде ұлттық шаруашылықтың бюджет қызметiн атқарып түр. Мемлекеттiк бюджет материалдық өндiрiс өрiсiнде үлкен қызмет атқарады, себебi ол бұл жерде өсу симмуляторының қызметiн атқарып түр. Бюджеттiң қоры жекелей және қоғамдық қор айналымын қамтамасыз ету үшiн де қолданылады. Бюджет жүзеге аспай қалған жоспарларды өз жолын табуға көмектеседi. Сондай-ақ кәсiпорындардағы жұмыстың қарқынды және өтiмдi болуын қадағалап отырады. Мемлекеттiң, бiлiмге, денсаулық сақтауға, әлеуметтiк сақтандыруға және әлеуметтiк қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениетке, өнерге, мемлекет шеңберiнде өтiлетiн мәдени шығынның орнын толтырып отырады.

Қазақстан Республикасының ″бюджет жүйесi туралы″ заңы республиканың түрлi денгейiндегi бюджеттерiн қалыптастыру процессiнде орын алатын қаржы қатынастарын реттейдi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жасалу, қаралу, бекiтiлу, атқарылу және бақылану процесiн белгiлейдi.

Бюджет - мемлекеттiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруына арналған және тиiстi заңдарға сәйкес белгiленген салықтар мен өзге де кiрiс көздерiнiң және түсiмдердiң есебiнен құралатын орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұныны құрайды. /3, 208 б/

Мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.

Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды - жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді.

Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.

Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды - жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.

Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;

3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.

Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т. т. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.

Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң) .

Мемлекеттік бюджет - ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30 %, жалпы ішкі өнімнің 10 % бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.

Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.

1. 2 Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциздердің теориялық негіздері
Салықтардың экономикалық-қаржылық негіздері, даму жолдары
Жергілікті салықтардың рөлі және жетілдіру жолдары
Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі
Салықтық есепке алу ережесі
Қазақстан республикасының салық жүйесі және оны басқару
Салық
ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕРГЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының салық салу жүйесінің даму жағдайы
Салықтар және Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz