Метрологиялық қадағалаудың формалары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ. МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 5
1.1Метрологияның даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы метрологияның
даму тарихы 5
1.2 Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлі 11
1.3 Метрологиялық қамтамасыз ету.Метрологиялық қамтамасыз етудің
нормативтік негізі 13
1.4 Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізі 17
2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ 21
2.1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің қазіргі жағдайы
21
2.2 Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері 26
2.3 Метрологиялық қадағалаудың формалары 27
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32
КІРІСПЕ
Метрология – бұл өлшеулермен байланысты мәселелер шеңберін қамтитын
ғылым. Сөзбе-сөз талқылығанда метрология - өлшемдер туралы ілім.
Қоршаған ортада адамның өмірі үнемі ондағы жүріп жататын процестер мен
құбылыстарды өлшеумен байланысты болады. Өлшемдер әлемді танудың
әдістерінің бірі болып табылады, сондықтан ерекше маңызға ие. Қандай салада
болмасын: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, ғылымда, медицинада, саудада
өлшемдік ақпараттарды алу және пайдалану еңбек процесінің біртұтас бөлігі
болып саналады.
Өлшемдік ақпараттың құндылығы өлшемдердің нақтылығы мен біртұтастығына
байланысты болады. Өлшемдердің біртұтастығы дегенді өлшемдердің нәтижелері
заңды бірліктерде берілуін, ал қателіктер белгіленген кездейсоқтық
деңгейінде айқындалуын түсінуге болады.
Өлшемдердің біртұтастығы олардың нәтижелерін өлшемдерді қашан, қай
жерде, кім, қандай әдістердің және техникалық құралдардың көмегімен
жасағандағына тәуелсіз түрде сәйкестендіруге мүмкіндік береді.Өлшемдердің
нақтылығы – бұл олардың нәтижелерін нәтижелерінің өлшенетін шаманың шынайы
мәніне жақындығының деңгейі.Нәтиже мен өлшенетін шаманың арасындағы
айырмашылық неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым нақтылық жоғары болады.
Физикалық шамаларды өлшеу метрология ғылымының зерттеу объектісі болып
табылады.
Метрология - өлшемдер, олардың біртұтастылығы мен қажетті нақтылығын
қамтамасыз етуші құралар мен әдістер туралы ғылым. Қазіргі заманғы
метрология үш құраушыдан тұрады: заңнамалық, негізін қалаушы (ғылыми) және
практикалық (қолданбалы) метрология.
Практикалық қызметтің бірде-бір аясы өлшенетін шама және осы шаманы
өлшеу бірлігі арасында өзара қатынас бар жағдайда өлшемдерсіз қызмет ете
алмайды.
Кез-келген талдауда, болжауда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде
шикізаттың, дайын өнімнің саны мен сапасы, жалпы өндірістік құрылымның
технологиялық операциялардың жүру барысы туралы нақты ақпарат қажет.Бұл
ақпаратқа кең көлемде түрлі физикалық шамалар, көрсеткіштер мен өлшемдерді
өлшеу арқылы қол жеткізе аламыз.
Талап етілтін дәлдікпен алынған, шынайы өлшеуіш ақпарат қабылданатын
шешімдердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат сауда-коммерциялық
операциялар кезінде өнімнің сапасының төмендеуіне, апаттарға, ғылыми
зерттеулердегі дұрыс емес қорытындыларға, пайдалы қазбалар қорларын дұрыс
емес бағалауға, дұрыс емес есептеулер мен өлшеулерге алып келуі мүмкін
емес.
Өлшеулердің біртұтас әдісі өзара тісіністікті, ақпаратпен алмасуды,
өлшеу әдістері мен құралдарын стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық
тауарайналым жүйесінде өнімді сынау және өлшеу нәтижелерін өзара тануды
кепілдендіреді.
Барлық өлшейтіндер (техникалық құралдарды қолдану арқылы өлшенетін
шаманың мәнін тәжірибелі жолмен табатындар), яғни кәсіби метрологтар
өлшеудің алынған нәтижелеріне сенгісі келеді. Өлшеулердің алынған
нәтижелеріне сенімнің болмауы ғана өлшеуді қайталауға, өлшеулерге басқа
лабораторияларды, мамандарды тартуға мәжбүрлейді.
Өлшеу арқылы толық және шынайы мәліметтерді алу болмағанда, ғылыми
зерттеулерде, ғарышты игеру, жаңа материалдар, жаңа технологиялар жасау
облысында, барлық салалардағы бұйымдардың сенімділігін қамтамасыз етуде
жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес болар еді.
Көбінесе көптеген мәслелерді өлшеулердің әртүрлі жерлерде, әртүрлі
уақытта, әртүрлі құралдарды қолдану арқылы алынған үлкен көлемдегі
нәтижесінің арқасында ғана шешуге болады. Мұндай нәтижелерді, тек оларды
сәйкестендіруге болатын жағдайда ғана, қолдануға болады. Өлшеулердің
дәлдігін, шынайылығын және сәйкестігін жоғарлатуға өндірістің
автоматтандырылуы мәжбүрлейді.
Неғұрлым мәселе күрделі болған сайын, метрология соғұрлым үлкен
маңызға ие болады. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының
Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы Заңының, басқа да
нормативті-құқықтық актілердің, елшеулердің біртұтастығынқамтамасыз ету
бойынша халықаралық келісімдер мен нормативтік құжаттардың талаптарын
сақтауын тексеруге мүмкіндік беретін, метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру
жүйесі өзінің өзектілігін арттырады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы
метрологияның даму тарихын талдау, қазіргі жағдайына тоқтала отырып,
мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастыруды қарастыру болып
табылады.Мемлекеттік метрологиялық қызметтің ұйымдастырушылық негізін,
біздің мемлекетіміздегі мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың
түрлері мен формаларын, сонымен қатар мемлекеттік метрологиялық
қадағалаудың жүзеге асырылу тәртібін – метрологиялық қадағалауды кім жүзеге
асыруға құзіретті, қадағалау қандай ережелер мен нормаларға сәйкес
жүргізіледі, бұл тексерістердің нәтижесі қалай рәсімделетінін
қарастырылады.
1. МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ. МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.1.Метрологияның даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы
метрологияның даму тарихы
Метрология ғылым және тәжірибелік қызмет облысы ретінде орта
ғасырларда пайда болды. Бірақ ол, адамның өлшеулердегі қажеттіліктері пайда
болғанда көне ерте кезде бастау алды. Алғашқыда олар жай есептеулерге
апарылды. Арақашықтық қадамдармен, садақпен атумен, жолдағы күндермен
өлшенді. Уақыт тәулікпен, ай фазаларымен және жыл мезгілдерімен өлшенді.
Заттардың саны данамен, дюжинамен, қораппен, баулармен өлшенді.
Өндіріс пен тауар алмасудың пайда болуымен өлшем бірліктеріне деген
қажеттілік туды. Алғашқыда мұндай бірліктер ретінде астық дәндері (гран),
бұршақ (карат), қолдың саусағының ұзындығы (дюйм), аяқ өкшесі (фут)
қолданылған. Уақыт өте келе өлшем бірліктері дәлірек және әртүрлі бола
бастады, олардың арасында арақатынас орнатылды, бірте-бірте әр мемлекеттің
және халықтардың өздерінің ұлттық өлшем бірліктері қалыптасты.
Көне орыс тәжірибесінде өлшеудің негізгі жүйесі ретінде көне египеттік
өлшем бірліктері қызмет етті, ал олар, өз кезегінде, Көне Греция мен Рим
тәжірибесінен алынған болатын. өлшеудің әр жүйесі, дәуіріне байланысты,
өзінің ерешеліктерімен, ұлттық менталитетімен ерекшеленген.
Көне Ресейде ұзындықтың негізгі өлшем бірліктері пядь және шынтақ
(локоть) болған, сонымен қатар, пядь негізгі көне Ресейлік ұзындық өлшемі
және ол ересек адамның үлкен саусағы мен сілтеуіш саусақтарының ұштарының
арасындағы арақашықтықты білдіреді. Содан кешірек басқа бірлік – аршин
пайда болған кезде пядь (14 аршин) бірте-бірте қолданыстан шыға бастады.
Шынтақ (локоть) өлшемі Вавилоннан келген және ол шынтақтан бастап қолдың
ортаңғы саусағының ұшына дейінгі ара қашықтықты білдіреді. Табиғи
өлшемдер де ежелгі шығу тегіне ие. Олардың ішіндегі ең біріншілері – ол
уақыт өлшемдері. Астрономиялық бақылаулар негізінде ежелгі вавилондықтар
жыл, ай, сағат өлшемдерін бекітті. Нәтижесінде Жердің өз өсінің айналасынан
айналу орташа периодының 186400 бөлігі секундтар деген атауға ие болды.
Метрологиялық қызмет әлі пайда болмағанына қарамастан үлгілік өлшемдердің
қолданылуы және олардың шіркеулер мен монастырьлерде сақталуы, сонымен
қатар, өлшем құралдарын жыл сайынғы тексерулері туралы мәліметтер бар.
Осылайша, ұлы князь Святослав Ярославичтың (1070 ж.ж.) алтын белбеуі
ұзындықтың үлгілік өлшемі қызметін атқарған, ал Новгород князі Всеволодтың
(1136 ж.) жарлығында торговые весы и мерила блюсти без пакости, всякий
взвешивать ... деп жазылған. Жарғыны бұзушы тіпті өлім жазасына кесілуге
дейін жазаланған. Ең маңызды метрологиялық құжат Ивана Гроздныйдың (1550
ж.) Двиндық грамотасы болып табылады, онда себілетін заттардың –
осьминдердің жаңа өлшем түрлерін сақтау және өткізуді бекітеді. Оның мыс
үлгілері көсемдерге сақтауға таратылған. Осы өлшемдерден қалалық
помещиктерге клеймендік ағаш көшірмесін жасау, ал олардан өз кезегінде
күнделікті қолданысқа ағаш үлгілірін жасау қажет еді. Үлгілік өлшемдер
Мәскеулік мемлекеттің бұйрықтарында сақталған. Осылайша, Иван Гроздный
кезіндегі өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін және
мемлекеттік метрологиялық қызметтерді құрудың басталуы туралы айтуға
болады. Сауданың дамыту және сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту
өлшемдерді нақтылауды ғана емес, сонымен қатар,олардың заморскелік
өлшемдермен сәйкестігінің, айырмашылықтарының өлшемдерін бекіту және
өлшемдер унификациясы мен бақылау-тексерушілік қызметті нақтырақ
ұйымдастыруды талап етті.
1 Петр жүргізген қайта құрулар нәтижесінде, флотта және кеме
құрастыруда кеңінен қолданылған ағылшын өлшемдері – фунт және дюйм
айналымға енгізілді. Есептеулерді жеңілдету үшін орыс және шетел
өлшемдерінің арақатынасы мен өлшемдерінің кестесі жасалған болатын. Кейбір
метрологиялық орталықтар ерекшелене бастады. Коммерц-коллегия сауда
саласындағы метрологиялық қызмет көрсетулердің және өлшемдердің
біртұтастығының сұрақтарымен айналысты. Адмиралтейст-коллегиясы бұрышты
өлшейтін жабдықтардың, компастардың және сәйкес өлшемдердің қолданылуының
дұрыстығын қадағалады. 1725 жылы негізі қаланған Петербург ғылымдар
академиясы бұрыштық өлшемдерді, уақыт және температура өлшемдерін қайта
жаңғыртумен айналысты. 1736 жылы Сенаттың шешімі бойынша таразылар мен
өлшемдер Комиссиясы құрылды. Комиссия ұзындықтың бастапқы өлшемі ретінде
мыс аршинын және ағаш саженьді дайындады, сұйық заттар өлшемі ретінде
мәскеулік Каменномостск ауласының шелегі қабылданды. Алтынмен қапталған
қоладан дайындалған кір (гирь) салмақтың орыс өлшемдеріның бірінші ретті
үлгісі (мемлекеттік эталон) ретінде заңмен бекітілген. Бұл фунт жүз жылға
жуық мерзімде мемлекеттегі жалғыз эталон болып қала берді [1,28б.].
XVIII ғасырдың аяғында Еуропада өлшемдердің біртұтас халықаралық
жүйесін құру туралы идея тарады. Бұл идеялардың дамуы 1796 жылы Францияда
өлшемдердің ондық метрлік жүйесін дайындау мен қабылдауға әкелді. Ұзындық
пен салмақтың өлшемдерінің платиналық протатиптері – метр мен килограмм
дайындалды. Өзінің айқын басымдықтарына қарамастан, метрлік жүйе қиындықпен
енгізілді, отандық метрологияға көп еңбек сіңірген Д.И. Менделеевтің өзі
оны патшалық басқару шарттарында Ресейдің метрлік жүйесіне енгізе алмады.
1899 жылдан бастап ол ескіресейлік және британдық (дюймдік) жүйелер
қатарында факультативті қоланылды. Мұндай жағдай өнеркәсіптің дамуын
тежеді, сыртқы экономикалық және ғылыми байланыстарды қиындатты [1,35б.].
Өлшемдердің және таразылардың халықаралық метрлік жүйесін енгізу
туралы Декрет РСФСР Халық Комиссарларының Одағымен 1918 жылы қабылданды.
Декретті шығару отандық метрологияның дамуындағы нормативтік сатының
басталуын білдірді. Осы сәттен бастап метрология облысындағы маңызды, одан
кейін маңызы төменірек бекітулер нормативтік актілермен енгізілді.
Ғылым мен техниканың дамуымен жаңа өлшемдер және жаңа өлшем
бірліктері, ең алдымен, фундаментальді және қолданбалы метрологияны
жетілдіру қажет бола бастады. 1960жылдың қазанында өлшемдер мен таразылар
бойынша ХІ Бас конференциямен СИ Халықаралық бірліктер жүйесі қабылданды.
1983 жылы метрдің жаңа анықтамасы қабылданды: бұл вакуумде 1299792458
секунд бөлігінде жарықтың өтетін жолының ұзындығы. Енді метрологиялық
ережелер тұрғысынан метр секундқа тәуелді. 1988 жылы халықаралық деңгейде
электр бірліктер мен шамаларын өлшеу облысында жаңа константтар, ал 1989
жылы жаңа Халықаралық тәжірибелік темпертуралық шкала МТШ-90 қабылданған
болатын.
Фундаментальді және қолданбалы метрологияның дамуымен қатар заңнамалық
метрологияның құрылуы жүзеге асты [1,45б.].
Заңнамалық метрология – бұл өлшемдердің біртұтастығын және өлшеу
құралдарының біртүрлілігін қамтамасыз етуге бағыттылған, өзіне өзара
байланысты және өзара шартталған жалпы ережелер, талаптар мен нормалар
кешенін қосатын метрологияның бөлімі. Заңнамалық метрология тәжірибеге
Мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқару органдарының және
заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері арқылы енгізілетін заңдар мен
заңнамалық ережелер арқылы метрологиялық қызметті мемлекеттік реттеу құралы
қызметін атқарады. Заңнамалық метрологияның облысына құралдардың типтерін
сынау мен бекіту, олардың тексерісі мен калибровкасы, өлшеу құралдырының
сертификациясы, өлшеу құралдарына мемелекеттік бақылау мен қадағалау
жатады.
Метрологиялық ережелер мен заңнамалық метрологияның нормалары сәйкес
халықаралық ұйымдардың құжаттары мен ұсынымдарымен біріктірілген. Бұл
экономикалық және сауда байланыстарының дамуына жағдай туғызады және
халықаралық метрологиялық бірлескен қызметтегі өзара түсіністікке әсер
етеді[2,83].
Қазақстандағы өлшеу техникасы мен өлшемнің даму тарихы Ресейдегі
метрологияның қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазақстан теориясындағы
алғашқы кеңсе 1923 жылы Семипалатинск бөлімінің Омск салыстырып тексеру
палатасы ретінде пайда болды. Оның мақсатына приборлардың қолдануға
жарамдылығын анықтау болды. Олар өндірістегі, сатылымдағы приборлардың
өлшемдері мен нақты өлшем мәндерін салыстырып тексерді. Бұны салыстырып
тексеру ал кеңсені Салыстырып тексеруші орган деп атады.1925 жылы
Семипалатинск бөлімінің аты Өздік жеке салыстырып тексеру палатасына
ауыстырылады. Олардың жұмыс аумағына Семипалатинск және Жетіқара облыстары
жататын. Қазақстанның қалған териториясы Қазақстан Республикасынан тыс
орналасқан салыстырып тексеру кеңселеріне жататын (Саратов, Оренбург және
Орта Азия өлшем және таразы палаталары) [2,128б.].
1929 жылы 1 қазанда Семипалатинсктін өлшем және таразы палатасының аты
Қазақстанның аймақтық өлшем және таразы салыстырып тестеру палатасына
өзгертілді, оны Вильковский Н.З. басқарған.Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар
Кеңесінің шешімі бойынша Қазақтың аймақты палатасы Семипалатинсктен
республиканың Алма-Аты астанасына көшіріледі.Бұл кезде Қазақстанда тек
қарапайым приборлар: таразы, кірлер, сыйымдылық пен ұзындық өлшемдер мен
манометрлер болған.
Қазақстандағы өндіріс пен мәдени-эканомикалық өмірдің дамуы,
салыстырып тексеру органдардың санының өсуі мен приборлардың тексеру
номенклатурасының кеңеюіне әкелді.1931 жылы Қазақстанның Аймақты салыстырып
тексеру палатасының аты Қазақстанның аймақты стандартизация палатасына
ауыстырылды. Аймақты бюроға метрология мен стандартизацияның қолдану
маштабтарын кеңейтіп, халық шаруашылықтың барлық салаларындағы сапа мен
өндіру деңгейлерін көтеру үшін тиімді амалдарын табу тапсырылды.1933 жылы
Қазақстанның аймақты стандартизация бюросының аты Қазақ КСМ-ң ІІМХК
негізіндегі өлшем мен таразының өкілетті басқару орталығының басқармасына
ауыстырылды. Одан кейін 1935 жылы Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен
таразы бөліміне өзгертіледі, ал 1938 жылы Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар
Кеңесінің негізіндегі өлшеу құралдары мен өлшем істері жөніндегі өкілетті
басқару комитетіне ауыстырылды.Басқару құрлымы орталық аппараттан және
өлшеу құралдары мен өлшем істері бойынша 14 облыстан құралады.
Жұмысшылардың саны облысты қоса отырып 129 адам болған.Соғыс жылдарынан
кейін халық шаруашылығы қалпына келіп, өлшеу құралдарының парк сандары
көбейді.1995 жылы бірінші разрядты иеленген Алматы мемлекеттік қадағалау
лабараториясы ұйымдастырылған, кейін оның аты Республиканың мемлекеттік
қадағалау лабараториясына (РМҚЛ) өзгертілді.Қазақстанда метрологияның
қарқынды дамуы 60-шы жылдарда басталды. Осы жылдарда жабдықтандыру жағынан
көрсеткіш құралдар мен көмекші құралдарға сәйкес келетін 2-ші, 3-ші
разрядты, облыстық лабараторияның қарқынды құрылысы басталды.Алматының
мемлекетік қадағалау лабараториясында, механикалық, бұрышты-сызықтық,
теплотехникалық, электрлік өлшеу түрлері бойынша спекторіне кіретін
салыстырып тексеру бөлімі құрылды.1971 жылы ақпан айында КСРО-ң Қазақтың
республикалық мемлекеттік стандарт басқармасы құрылады. Басқару функциясын
анықтайтын жаңа жағдай еңгізіледі. Жаңа жағдаймен бірге жаңа мақсаттар мен
міндеттер анықталып, стандартизация және метрология саласындағы КСРО-ң
мемлекеттік стандарт құқығы кеңейеді.КСРО-ң Мемстандарттың негізгі
мақсаттарының бірі, мемлекеттегі стандартизация мен метрология жүйесін
жасап, негізгі даму бағыттарын анықтау, өнімнің сапасы мен өндірудің
техникалық деңгейінің жоғарлауының тиімді амалдары ретінді стандартизация
мен метрологияның қолдану маштабтарын кеңейту және оның жұмысының
эксплуатациясы мен өндірудің шығынын азайту болып табылады.70-ші жылдарда
Алматыда физикалық шама бірліктерді сақтап қайталауға, оларды эталоннан
өлшеу құралдарының корсеткіштеріне және салыстырып тексеру сызбаларына
сәйкес, жұмысшы өлшеу құралдарына беруге арналған арнайы мекемені салу
жоспарланды.1974 жылы құрлыстың аяқталуы мен мекемелерді салыстырып тексеру
құрылғылармен қамтамасыз етуден кейін, аккустикалық өлшеу құралдарын
салыстырып тексеру бойынша, жоғары қуатты өлшеу құралдары бойынша,
селкілдеу (вибрация) мен жылдамдық бойынша, жоғарғы және төмен темпиратура
бойынша, қысым мен 100 мыңға дейін баратын күш және жоғарғы жиілік бойынша
жаңа лабараторияларды құрды. Бұндай салыстырып тексерулер Қазақстанның
өндірістері мен ұжымдардын ғана емес, сондай-ақ Орта Азия мен Батыс Сібір
мемлекеттерді де қамтамасыз етеді[3,130б.].
1972 жылы Қапчағай қаласында радиоциондық қадағалау құрылғыларын
салыстырып тексеру бойынша лабаратория құрылды.Бұл лабаратория көрсеткіші
ерекше құрылғылармен қамтамасыз етіліп, изатоптарды сақтауға барлық
мүмкіндікті жасап, альфа - , бетта - , гамма – сәулеленудің энергиясы
бойынша өлшеу құралдарының толық диапазонын салыстырып тексеруді қамтамасыз
етеді.1996 жылға дейін ол дозиметриялық және радиометриялық аппараттарын
мемлекеттік салыстырып тексеруді қамтамасыз ететін жалғыз лабаратория
болған.70-шы жылдардың басында Өскемен, Целиноград, Шымкент, Жамдыл
қалаларында лабараториялар құрылды. Олар 2-ші, 3-ші разрядтары бойынша
салыстырып тексерудің ең жаңа құрылғыларымен қамтамасыз етілді.1975 жылы
өлшеу техникасы мен стандарттар бойынша Қазақ республикасының тарту
қадағалау лабараториясы Қазақ республикасының стандартизация мен метралогия
орталығы негізінде (ҚазРСМО) қайта құрылды, ол өнім өндіру мен жасауды
метрологиялық қамтамасыз етудің күйі мен шығарылатын өнімнің сапасының
стандарттары мен еңгізулерді сақтап, мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға
міндетті[4,25б.].
1971 жылы Қазақ КСМ мен бүкіл КСРО республикасында өлшеу құралдарының
бірдейлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік қадағалаудан өлшем бірлігін
қамтамаыз етуге өтуіне байланысты үлкен жұмыс істелді.Республикадағы
өндірістермен шығарылатын және жасалынатын өлшеу құралдары мемлекеттік
сынаудан өткізіледі, өндірістің бірлік өлшеу құралдарын метрологиялық
аттестациялауды ұйымдастырады, өлшеуді орындау бойынша аттестациялаудың
методикасын жасау жұмыстары басталады. Осындай жұмыстар халық
шаруашылығының әр түрлі салаларындағы өлшем күйлерінің анализін өткізуге
түрткі болды.1977 жылы КСРО-ң Мемстандарт тапсырысы бойынша Алматының
стандартизация және метрология орталығында (АСМО) түсті металдарға арналған
мемлекеттік стандарт үлгілері (МСҮ) жасалды.Барлық Кеңестердің Сверловск
филиалының метрологиялық ғылыми-зерттеу институтында МСҮ үшін арнайы
техникалық құрылғы жасалды. МСҮ-ң реестрдің 35 түрі Орталықпен жасалып
жүргізілді және МСҮ-ң 9000 данасы жасалынды [1,135б.].
Республикада 8 млн. астам өлшеу құралдарының эксплуатациясы болды.
Осындай метрологиялық қамтамасыз ету үшін Басты стандарт үлгілерінің
орталығы мен Басты мемлекет эталондар орталығының АСМО базасы негізінде
эталондық база құрылды. Республика 17 жұмыс эталондағы 13 мың жоғарғы
сапалы өлшеу құралдарының көрсеткіштерімен (ӨҚК), соның ішінде 1-ші
разрядтың бастапқы 500-ден, 2-ші разрядтың 700-ден астамымен қамтамасыз
етілді [5,25б.].
1992 жылы Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін,
бұрынғы КСРО мен барлық қатынастарын үзіп, Мемстандарттың жүесі мен
республиканың эканомика құрлымында едәуір өзгерістер бола бастады.Рессей
Федерациясы мен Украинада орналасқан метрологиялық институттар 1992 жылға
дейін бірегей өлшеммен қамтамасыз етіліп, бұрыңғы Кеңес Үкіметіндегі
өлшемнің барлық 17 түрі бойынша, метрология саласындағы нормативтік
құжаттар мен негізгі стандарттарды жасау еңгізілді.Осының нәтижесінде
Республиканың Мемстандарт алдында қиын жағдайлар қалыптасты, олардың
негізгілері республикада қол жеткен өлшеу деңгейін сақтап, Қазақстанның
мемлекеттік эталондар базасын құрып жасау, халықаралық талаптарға сай
келетін нормативтік құжаттарды дамыту болып табылады.Жоғарыда айтылған
мақсаттарға жету үшін 1993 жылы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының
үкімімен Өлшем бірлігі туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданады,
ол метрологиялық инфрақұрлымның басқармасының заңды принціптері мен
қалыптасқан мемлекеттік қадағалау формаларына ауыстыруға мүмкіндік
берді.Республика үкімімен Өлшем бірлігінін мемлекеттік жүйесін дамыту
бағдарламасы қабылданды, одан өлшеу деңгейінің көтерілуін тосқан. 1994
жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық заң шығарушы метрология ұйымына тең
құқықты мүше ретінде кірді. Біздің мемлекет ИСО мүшесі болып және ТМД
мемлекеттері Стандартизация, метрология және сертификация саласында
келісілген саясатты жүргізу туралы келісім шартқа қол қойды [5,45б.].

Орта Азия өлшем және таразы палаталары) .1929 жылы 1 қазанда
Семипалатинсктін өлшем және таразы палатасының аты Қазақстанның аймақтық
өлшем және таразы салыстырып тестеру палатасына өзгертілді, оны Вильковский
Н.З. басқарған.Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің шешімі бойынша
Қазақтың аймақты палатасы Семипалатинсктен республиканың Алма-Аты
астанасына көшіріледі.Бұл кезде Қазақстанда тек қарапайым приборлар:
таразы, кірлер, сыйымдылық пен ұзындық өлшемдер мен манометрлер болған
[1,147б.].
1.2 Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлі
Метрология – бұл қажетті дәлдікті алу амалдары мен бірлікті қамтамасыз
ететін құралдар мен әдістер және өлшем туралы ғылым.Метрология үш бөлімнен
тұрады: теориялық, заң шығарушы және қолданбалы метрология.
Теориялық метрология – метрология дамудың іргелі негізін, физикалық
тұрақты шама бірлігінің жүйесін жасаумен және жаңа өлшеу әдістерін
дамытумен айналысады.
Заң шығарушы метрология – мемлекетте қолданылатын өлшеу
лабараториялары, өлшеу құралдары, өлшеу әдістері мен өлшем бірлігі мен
рұқсат етілген мемлекеттік талаптарды орнатады.
Қолданбалы метрология - әртүрлі саладағы теориялық және заң шығарушы
метрологияның практикалық қолдануын жүзеге асырады.Практикалық жұмыста
өлшемді қолданбайтын ешқандай облыс жоқ, егер де өлшем бірлігі мен
өлшенетін ауқымның арасындағы қатынас табылатын болса.Қандай да болсын
реттеу, бақылау, жоспарлау, болжау анализдері кезінде, өнімнің сапасы мен
өлшемі туралы, дайын өнім мен техникалық опперациялардың жүруі туралы және
барлық өндіру циклі туралы нақты мәліметтер болуы керек.Бұндай мәліметтерді
олар параметралері мен көрсеткіштердің, әр түрлі физикалық шамалардың
едәуір санын өлшеу жолымен алады [5,94б.].
Қажетті нақты алынған өлшеу мәліметтері, дұрыс шешімді қабылдауды
қамтамасыз етеді. Дұрыс емес мәлімет өнім сапасының төмендеуіне,
аварияларға, ғылыми-зерттеу кезінде дұрыс емес шешімдерге, пайдалы кеңдер
қорын дұрыс емес бағалауына, сауда-коммерциялық опперациялар кезінде
есептен жеп қоюына әкеп соғады.Өлшемге бірдей көзқарас келісуші мәліметпен
алмасуды, өлшеу құралдары мен әдістерін стандартизациялау мүмкіндігін,
халықаралық сауда алмасу жүесіндегі сыналған өнім мен өлшеу нәтижелерін
келісіліп қолдау кепілін береді.Барлық мамандарылған метрологтардың
өлшемдері кезінде (техникалық құралдармен өлшенген кездегі табылатын мән)
алынған мәндері дұрыс деп үміттенеді. Алынған өлшеу нәтижелеріндегі үміттін
жоқтығы ғана, оларды қайта өлшеп, басқа мамандар мен өлшеу лабараторияларын
қатыстырады.
Н.И. Тюриннің Метрологияға кіріспе кітабында өлшеу қандай болсын
мұқияттықпен өткізілгенімен, қандай да болсын нақты өлшеу құралдарын
қолданғанымен өлшемнің нақты мәнін алу мүмкін емес деп жазған, яғни өлшем
мәнінің қателігі нөлге тең болмайды. Ықтималдық теориясы алынған өлшемді
өлшенетін мәннің нақтысына жақындауына мүмкіндік береді, және де ықтималдық
теориясы бізді шектен шықпайтын ықтималдық қателік шекарасын бағалауды
үйретті. Өлшемнің дұрыстығы алынған өлшем нәтижелерінің сенімділік
деңгейімен сипатталады.Міне осы өлшеу негізіне алынған.Егер де біз өлшем
туралы нақты және толық мәліметті білмесек, ғылыми-зерттеу жұмыстардағы
жетістіктеріміз, ғарышты танып білуіміз, барлық салалардағы өнімнің
сенімділігін қамтамасыз ететін жаңа техналогиялар мен материалдарды құру
мүмкін емес болушы еді.
Көп жағдайларда қиын мәселелерді, әр түрлі жердегі, әр түрлі уақыттағы
әр түрлі өлшеу құралдарының қолдануымен алынған өлшемдердің көп болуы
негізінде шешуге болады. Бұндай мәндерді тек қана олардың бір-біріне
жарампаздық шарты кезінде ғана қолданылады. Дәлдікті бір-біріне
жарампаздықты, өлшемнің нақтылығын жоғарлатуын өндірістің автоматизациясы
мәжбүр етеді.Мәселенің неғұрлым қиындығы, метрология мәндері соғұрлым көп
болады. Барлық әрекеттер өлшемсіз мүмкін емес. Көп өндіріс салаларында
өлшемге байланысты жыл сайын шығын көлемі 30%-ті құрайды[6,105].
Метрологияны қамтамасыз етудегі үлкен мәнді, энергетикалық,
материалдық және т.б. ресурстардың үнемдеу мәселесін иеленеді, себебі
өлшемнің нақты есебін, үнемдеу мен су ресурстарын, мұнай және мұнай
өнімдерін, газ, электрлік және жылу энергетикасының материалдар
құндылықтарын жоғалтпау негізі болып табылады.
Қазіргі таразы құралдарының қателігі мынандай: өлшеу процесінде
өндірістің барлық өлшенген өнімнен 1% аңғарылмай қалады.Мұнай, газ, жанар
майдың көп мөлшері ескерілмейді. Егер электрлік энергия счетчигінің
қателігі – 2% болса, онда 2% энергия ескерілмей қалады. Егер де осы пайызды
дән, мұнай, газ, болат, шойын үшін тоннада; электр энергиясы үшін
килловатта берілсе онда жыл сайынғы шығын миллиондаған теңгені құрайды.Егер
дәлдік есебі екі есе ғана болса, онда өнім мен материалдың үлкен саны
есептеледі.Метрологиялық қызметтін жоқ болуы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету
шартының бұзылуы өнім сапасын бақылау кезіндегі техналогиялық процесстерді
реттеу, ауруларды емдеу мен диагностика кезіндегі және т.б. өлшеулер үлкен
шығынға әкеледі.Өнімді өндіру кезінде тек қана дайын өнімнің сапасын
бағалау кезінде өлшеу күйін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар белсенді
бақылау құралының көмегімен, техналогиялық процесстердің өзінде сапа
көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігі мен өлшеу күйін де ескеру керек.Жаңа
бұйымды жасамас бұрын,техналогиялық процесстегі өндірістің метрологиялық
жағынан дайындық мәселелерін шешіп, сынау мен өлшеу құралдарын жасау және
аттестациялау әдістерін қолдану қажет.Медицинадағы метрологияның мәні өте
үлкен.Медициналық өлшеу және сынау құралдарының (адамға қалпына келтіретін
әсер жасаушы) үлкен саны шығарылды. Медицинадағы өлшеулер гигиенада,
терапия және диагностика кезінде өткізіледі.Биалогиялық объект
параметрлерінің өлшеу көрсеткіштері бойынша адамның барлық және жеке
мүшелерінің қызметі мен жұмысқа қабілеттігі туралы пікір айтады.
Биалогиялық объектіні емдеу мақсатымен өткізілетін тарапта жанама ықпал
етеді, оның параметрлері өлшеу жолымен қадағалап, нормаланған болуы керек.
Жанама ықпалы мен ағза параметрлерінің өлшемдері нәтижесі бойынша емдеу
жолының дұрыстығы мен іс-әрекеттердің тиімді ықпал етуі туралы қортынды
жасайды.Гигиенада ағзаға қоршаған ортаның (су, ауа және т.б.) әсері
зерттеледі, ол үшін көп өлшемдер жүргізіледі [7, 25б.].
Оператор алынған өлшеу нәтижелерінде күмәні болмауы керек. Ол үшін
эксплуатация кезінде үнемі слыстырып тексеруден өтетін, метрологиялық
аттестациясы бар, сынаудан өткен өлшеу құралдарын ғана қолдану керек.Өлшеу
кезіндегі әдіс, метрологиялық аттестация мен регистрациядан өтуі керек.
Аттестациялық әдістің талаптарын ескеріп, қолданған опператор өзінің өлшеу
нәтижелерінің дұрыстығында сенімді болуға болады және егер де оның қателігі
берілген шектен шықпаса.Барлық бағыттағы объектілерде заң шығарушы
метрологияның негізін біліп, теориялық метрологияны жетілдіре біліп, осының
бәрін практикада қолдана алатын мамандар болуы керк (басты метролог,өлшеу
күйі үшін жауап беруші,өлшемдерді қамтамасыз ететін операторлар).Өлшемді
өткізу шығындары, өндірілетін өнімді жасау үшін жалпы шығынның бөлігін
құрайды.Өлшеу кез-келген өндіріс бұйымы үшін қадағалау, сынау, дайындау
және жобалаудың барлық деңгейлерінен өтетді.Өлшеу техникасының даму
деңгейіне байланысты (өлшеу құралдары мен техникасы) өндірісі дамыған
мемлекеттердің техникалық және ғылыми потенциалының көрсеткіші бағаланады
[7,63б.].
1.3. Метрологиялық қамтамасыз ету.Метрологиялық қамтамасыз етудің
нормативтік негізі
Метрология метрологиялық қамтамасыз етудің ғылыми негізі болып
табылады.
Метрологиялық қамтамасыз ету – бұл өлшеудің талап етілетін дәлдігі мен
біртұтастығына қол жеткізу үшін қажетті ғылыми және ұйымдастырушылық
негіздерді, техникалық құралдарды, ережелер мен нормаларды бекіту мен
қолдану.
Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі мемлекеттік
метрологиялық қызметтен және кәсіпорындардың метрологиялық қызметтерінен
құралатын метрологиялық қызмет болып табылады.
Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық негізі болып табылатын
жүйелер:
-физикалық шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
-эталондардан физикалық шамалар бірліктерінің көлемдерін үлгілі СИ
көмегімен және басқа да тексеріс құралдарының көмегімен барлық СИ-ге
жіберу;
-өлшемдердің жұмыс құралдарының өндірісі мен айналымға шығару үшін
дайындаулар мен бекітулер;
-өлшеу құралдарының міндетті мемлекеттік сынақтары мен метрологиялық
аттестациясы;
-өлшеу құралдарының міндетті мемлекеттік және ведомствалық тексерілуі;
-заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық
үлгілері;
-физикалық константтар және заттар мен материалдардың қасиеттері
туралы стандартты анықтамалық мәліметтер.
Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативті-құқықтық негізі –
Өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының
Заңы, өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің
нормативтік құжаттары болып табылады.
Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі мақсаттары болып табылады:
-өнімнің сапасын, өндірісті басқару тиімділігін және өндіріс
процестерін қолдану деңгейін көтеру;
-бөлшектерді, байланыс түйіндерінің және агрегаттардың өзара
алмастырушылығын қамтамасыз ету, өндірісті кооперирлеу және маманданудық
дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау;
-ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың,
тәжірибелер мен сынақтардың тиімділігін арттыру;
-есепке алудың шынайылығын қамтамасыз ету және материалдық
құндылықтарды және энергетикалық ресурстарды қолдану тиімділігін жоғарлату;
-транспортты жүргізуді автоматизациялау деңгейін және оның
қозғалысының қауіпсіздігін жоғарлату;
-байланыстың жоғары сапасын және сенімділігін қамтамасыз ету;
-тұтынушыны қорғау [2,13б.].
Өндірістің қазіргі даму сатысында метрологиялық қамтамасыз ету,
негізінен, дайындау процестерін жетілдіруді қамтамасыз етуге бағытталған
таза қолданбалыдан тиімді технологиялық процестерді құрудың,
автоматтандырылған өндірістерді енгізудің, дайын өнімнің сенімді бағалануы
мен бақылануының белсенді құралына айналды.
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік метрологиялық қызмет Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік стандартпен басқарылады. Оның құрамына
стандарттар мен стандарттық үлгілердің мемлекеттік ақпараттық орталығы,
Қазақстандық метрологиялық институт (ҚазМетИн), территориалдық органдар
кіреді.
Өндірістің, экономиканың дамуы стандартизация, метрология,
сертификация облыстарындағы біртұтас ғылыми-техникалық саясатта анықталады.
Барлық өлшемдердің, яғни экономиканың дамуының деңгейі физикалық
шамалар бірліктерінің эталондық базасының дамуымен анықталады. Эталондық
база, сонымен қатар, стандартизация және сертификация жүйелерінің қызмет
етуінің негізі болып табылады.
Сондықтан қабылданған мемлекеттік бағдарламалармен дәл өлшемдерді,
жинақталған ғылыми-техникалық потенциалды нығайту мен мақтауды
метрологиялық қамтамасыз ету мақсатымен физикалық шамалардың бірліктерінің
ұлттық эталондық базасының әрі қарай дамуы алдын-ала қарастырылады.
Эталондық база – бұл мемлекеттік бірінші ретті, екінші ретті және жұмысшы
эталондардың, сонымен қатар физикалық шамалардың бірліктерінің көлемін
сақтау, қайта өндіру және жіберудің жоғары дәлдігі мемлекет үшін шығыс
бекітулердің жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартының алдында келесі
міндеттер тұр: өлшемлердің деңгейін жоғарлату, ұлттық өлшем жүйесін
жетілдіру, физикалық шамалардың бірліктерінің көлемін жіберудің бірегей
тәртібін бекіту.
Осы міндеттер тұрғысынан метрологиялық қамтамасыз ету өлшемдердің
талап етілетін дәлдіктегі нәтижелерін алу және қолдануды қамтамасыз ететін
ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешені ретінде сипатталуы мүмкін. Осы,
шығарылатын өнім сапасының метрологиялық қамтамасыз етілу тәжірибесі үшін
спецификалық шаралар қатарына жатады:
-өлшеулер, сынақтар, бақылау кезінде бағалауға жататын материалдар,
бұйымдар, процестер параметрлерінің номенклатурасын таңдау;
-өлшеулер, сынақтар және бақылаулар нәтижелерінің дәлдігінің
(шынайылығының) көрсеткіштерінің, осы қорытындылар арналған есептің
оптималды шешімін қамтамасыз ететін оларды ұсыну формаларының
номенклатурасын және сандық мәндерін таңдау;
-алдыңғы екі есепті шешудің нәтижелерінің дұрыстығын бақылау
мақсатында жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманың
метрологиялық сараптамасы;
-өлшеу, сынақ және бақылау құралдарын жоспарлау,сынақтар мен бақылау
МИ дайындалуы және метрологиялық аттестациясы;
-өлшеу, сынақ және бақылау процестерін сәйкес техникалық құралдармен
қамтамасыз ету;
-техникалық құралдарды метрологиялық қолдануға жарамды жағдайда ұстап
тұру;
-өлшеу, сынақ және бақылау процестерін орындау, олардың нәтижелерін
өңдеу (қажет болған жағдайда);
-өлшеу, сынақ және бақылау нәтижелерін алу мен қолдануға байланысты
персоналды оқыту және метрологиялық біліктілігін жоғарлату.
Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша көрсетілген шаралар кешенін өлшеу
ақпараттарын өңдеумен, оны алу процестерін нормативтік және жабдықпен
қамтамасыз етумен байланысты министрліктердің, ведомствалардың, ұйымдар мен
кәсіпорындардың органдары мен қызметтері жүзеге асырады.
Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі.
Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік Стандарт жүйесі
(ӨМС) – бұл метрологиялық қызмет талаптары, ережелері және нормалары,
сонымен қатар олардың қызмет органдарының қызметтерін бекітетін стандарттар
жүйесі.
Өлшеу техникасының дамуы, өлшеу құралдарының да, және оларды қолдану
жағдайларының да күрделенуі, қосалқы өлшемдерді кең қолдану, тез өзгеретін
өлшемдерді өлшеу қажеттілігі, техникалық өлшемдер, сонымен қатар, өлшеу
кезіндегі қателіктерді бағалау аясындағы метрологиялық қызметтің кеңейтілу
қажеттілігінің туындауына әкелді.
Метрологиялық қамтамасыз етудің маңызды міндеттерінің бірі өлшемдердің
бірлігіне қол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz