Түсті металлургияның салалық құрамы
Жоспар
Кіріспе 3
1.Металлургия өнеркәсібі туралы түсінік 4
1.1 Қара металлургия өнеркәсібінің құрылымы 4
1.2 Түсті металлургияның салалық құрамы 8
1.3 Қазақстанда сирек металлургияның таралуы 14
2. Қазақстанда металлургия өнеркәсібінің дамуы 18
2.1 Шығыс Қазақстан облысының металлургия кен орталықтары 18
2.2 Металлургия комплексінің инновациялық дамуы 22
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер 26
Қосымша 1 28
Қосымша 2 29
Қосымша 3 30
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Металлургия (грек. metallurgeo – металды
өңдеймін) өнеркәсібінде кен қазбаларынан басқа металл қоспаларынан металл
және қорытпалар да өндіріледі. Металлургия өнеркәсібі ауыр өнеркәсіптің кен
өндіру, байыту және металл қорытумен айналысатын саласы. Металлургия
өнеркәсібі екі саладан тұрады: түсті және қара металлургия болып табылады.
Еліміздегі түсті металлургия өнеркісібі Алтайда түсті металл кендері
табылғаннан кейін дами бастады. Түсті металдарға: мыс, алюминий,
қорғасын, мырыш, қалайы, полиметалл, алтын, күміс , платина жатады.
Полиметалл кендері дегеніміз - құрамындағы басты компонент қорғасын
мен мырыш болып келетін, ал мыс, алтын, күміс, кадмий, висмут, қалайы,
индий, галий қосымша компоненттер болып табылатын, яғни құрамында бірнеше
металл кездесетін кен.
Қара металлургия өнеркәсібі 1938 жылдан бастап дами бастады. Қара
металға : темір, хром, марганец жатады. Қара металдың қасиеті, сапасының
құрамындағы көміртектің аз немесе көп болуына байланысты болады.
Қара металлургияны дамытуда Қазақстанның алдында тұрған басты
бағыты, жаңа ресурсты сақтауға бағытталған технологияны пайдалану, табиғат
факторын ескеру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Металлургия өнеркәсібінің салалық құрамымен
танысу және еліміздегі металлургия өнеркісібінің даму жағдайын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті :
- Металлургия өнеркәсібімен танысу;
- Металлургия өнеркәсібінің басқа салалармен байланысын анықтау;
- Металлургия өнеркәсібінің түрлерімен танысу;
- Металлургия кешендерінің орналасу факторларын анықтау;
- Қазақстан Республикасының қара және түсті металлургия орталықтарымен
танысу;
- Қара және түсті металлургияның шикізат көздерімен танысу
- Металлургия салаларының орналасуының экономикалық маңыздылығын
анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытынды, қосымша мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.Металлургия өнеркәсібі туралы түсінік
1.1 Қара металлургия өнеркәсібінің құрылымы
Металлургия (грек. metallurgeo – металды өңдеймін) өнеркәсібінде кен
қазбаларынан басқа металл қоспаларынан металл және қорытпалар да
өндіріледі.
Металлургия саласы, соның ішінде қара металлургия еліміздің
стратегиялық ресурстарының бірі болып саналады. Темір және темір
қорытпаларының техникалық аты – қара металлдар.
Қара металлургия – Қазақстанның ауыр өнеркәсібі салаларының бірі
болып саналады. Қазақстанның қара металл кен орындарын зерттеп ашу
Кеңестер Одағының алғашқы, бірінші және екінші бесжылдықтарында басталған.
Алынған нәтижелер бойынша республикада қара металлургия базасы қалыптасты
[1,19].
Металдар қазіргі заманда конструкцияға қажетті таптырмайтын құрылыс
материалы. Олар машина жасауда, құрылыста, мұнай-газ кешендерінде және
экономиканың басқа салаларында кенінен пайдаланады.
Болат және шойын – темір мен көміртегі қорытпасы. Шойын құрамында
көміртегі көп болғанықтан морт сынғыш келеді. Сондықтан да шойынды балқыта
отырып, көміртегін азайтып, төзімді металл өнімдерін аламыз. Қара металсыз
тау-кен, көлік, ауыл шаруашылығы өнеркәсіптері дами алмаған болар еді.
Сондықтан да металл өндірісі, оның ішінде болат балқыту, шойын қорыту
еліміздің экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі.
Темір кен қоры жағынан Қазақстан әлемде 8-ші орында. ТМД елдері
арасында Ресеймен Украйнадан кейінгі 3-ші орында. Қазақстандық темір
кенінің артықшылығы оның сапалық құрамының жоғары болуында.
Темір қорының шамамен 73%- ы онай игеріледі және құрамында
52%-темір бар. Қазақстанның темір кені мол ауданы –Торғай ойысы. Қостанай
облысының Қашар, Соколов, Сарыбай, Қоржынкөл кен орындарында магниттік
кендер кездеседі. Сонымен бірге Әйет, Лисаков кен орындары мен Қарағанды
облысы Атасу ауданындағы Қаражал гематит- магнитті кен орны бар[2,101].
Республика аймағында кешенді кен қазбаларынан тұратын темір
кен орындары бар. Қарағанды облысындағы Үшқатын- I, III және Жәйрем кен
орындарынан шығатын кеннің құрамында қосалқы компоненттері – қорғасын,
мырыш, мыс, барит, маргагец, сынап, кандий, күміс, индий, селен, телур және
т.б. элементтер бар[3,28].
Темір кені басқа компоненттермен бірлесе отырып, болат
балқыту, шойын қорытудағы негізгі шикізат болып табылады. Сондықтан да оның
негізгі тұтынушылары металлургия комбинаттары болып табылады. Қазақстанда
тау-кен металлургия кешендері шикізаттық бағытты сақтауда. Темір кені
шикізаттын 70%- ы жақын және алыс шетелдерге жөнелтіледі. Кен экспортының
92%- ы Ресей Федерациясының үлесіне тиеді. Қалғаны Қазақстан металлургиялық
кәсіпорындарында пайдаланылады.
Марганец. Өзін кейбір белгілерінің ұқсастығы жағынан темірге жақын
элемент, оны қара металдар тобына жатқызады. Темірден айырмашылығы онша
жоғарғы емес температурада тығыздығымен және нәзіктігімен ерекшеленді.
Қазақстан марганец кені жөнінен ОАР мен Украинадан кейінгі 3- ші, ал
ТМД елдері ішінде 2-ші орында.
Марганец кенінің ірі барланған кен орындарының біріне: Батыс
Қаражал (барланған қоры 286,2 млн.т немесе республикадағы өндірілетін
өнімнің 67%- ын құрайды), Үшқатын- III (88,9 млн.т немесе 21%) жатады.
Кішірек кен орындарына Қарағанды облысындағы Багач, Шығыс Қамыс т.б.
жатады. Дүниежүзілік марганец өндірісінің 90 %-дан астамы металлургия
өндірісінде пайдаланылады. Марганец барлық болат пен шойын сұрыптарының
құрамында кездеседі. Марганец кендері Атасу темір марганец бассейінен басқа
Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда, Маңғыстау мен Семейде анықталған [5,72].
Хром. Қара металл, ауада және суда тотықпайды. Өндірістік маңыздылығы-
жемірілімге, ыстыққа төзімділігі мен қаттылығында. Хром темір мен
қосылғанда ферохром қоспасын түзе отырып, тот баспайтын болат алынып,
өндірісте төзімді конструкциялар, кесу құралдары, ыстыққа төзімді заттар
жасалынады. Сонымен қатар хромның отқа төзімділігіне байланысты химия
өндірісінде кеңінен пайдаланылады. Қоры жағынан Қазақстан ОАР-дан кейінгі
орында, бірақ бізде өндірілетін хром дүние жүзі бойынша ең сапалы деп
есептеледі. Хром кенінің негізгі қоры Ақтөбе облысындағы Кемпірсай кен
орнында шоғырланған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындары бар.
Кеннің ұзындығы 80 км,ені 0,6-дан 30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы
жүздеген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60%ға дейін.
Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кен орны жоқ. Хром кенің өндіру
бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орында. Хром кендері Қостанайдағы
Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарғада, Семейде табылған [6,7].
Толық циклді металлургия дегеніміз – металлургия зауыттарындағы домна
пештерінде шойын қорыту. Сонымен қатар құрамында кен өндіру кәсіпорындары
бар кокстелетін көмір және темір кендерімен қамтамасыз етіліп отыратын
кәсіпорын. Бұл алғашқы бөлініс, болат балқыту барысында аралық өнім
жентектері дайындамалары өндіріледі. Бұл екінші бөлініс. Болат
дайындамалары прокат және сорты шыныққан прокат өнімдерін шығару – үшінші
бөлініс. Олар өз кезегінде үшінші бөлініс шикізаты ретінде пайдаланылып,
прокат өндірісінің өнімдерін шығарады. Жазық беттік прокат өнімдері труба
өндірісінде (төртінші бөлініс) және автомобиль, кеме жасауда экономиканың
басқа салаларында қолданысқа ие болады. Жоғарыдағы өнім шығаратын
кәсіпорындардың бір металлургиялық комбинатта 3 бөліністің біріктірілуі
толық металлургиялық цикл деп аталады.
Толық металлургиялық циклмен жұмыс істейтін кәсіпорынға Металл
Стил Теміртау АҚ Қарағанды металлургия комбинатын жатқызамыз. Оның
құрамына Атасу және Оңтүстік-Топар кен басқармасы, Алексеев доломит өндіру
кеніші, Лисаков қазба кен орнындағы кен байыту комбинаттары, домна және
болат балқыту өндірісі, сонымен қатар сортты прокат өндірісі деген атқа
ие Қазақ металлургия зауыты бар[6,9].
Темір кені және прокат өнімдері ТМД және шет елдерге экспортқа
шығарылады. Қазақстан зауыттарынан шыққан темірдің жазық беттік өнімдерінің
90%-ы шетке шығарылады. Оның 80%-ы алыс шетелдерге кетсе, көпшілік қалған
бөлігі ТМД елдеріне, оның ішінде Ресейге жөнелтіледі.
Дүниежүзілік нарықта Қазақстанның хром кені мен ферроқорытпасы үлкен
сұранысқа ие. Ферроқорытпаның 70% экспортталынады.
Павлодар облысы – жаңадан құрылған сапалы металлургия орталығы. Ақсу
қаласында 1968 жылдан бастап Ақсу ферроқорытпа зауыты жұмыс істуде. Ол
елімізде ғана емес, дүние жүзінде ферроқорытпа шығарудан ең ірі бірегей
кәсіпорын болып саналады. Алғашқы кезде ферросилиций шығаруға бағытталған
зауыт, бүгінгіде хромды, кремнилі марганец құймаларын шығарады. Кемпірсай
кен орны хром кенінің бірегей қоры негізінде қазіргі технологияны
пайдаланып, әр түрлі сападағы феррохром қорытпаларын алады. Олар тот
баспайтын, легирленген болат өнімдерін өндіреді[7,59].
Хром кен өндірісіндегі жағдайды жақсарту мақсатында республика
аумағындағы Дон кен-байыту комбинатын, Ақтөбе, Ақсу феррроқорытпа
зауыттарын біріктіре отырып, Казхром корпорация темір кені базаларын,
металлургия кәсіпорындары мен электр стансаларын қосып отыр. Ферроқорытпа
өндірісі электр қуатын көп тарататын сала. Бұл компания дүниежүзілік
нарықта өз өнімін шығару мен сатудан Оңтүстік Африканың екі
компанияларынан кейінгі орында тұр[7,65].

факторын ескеру. Қазіргі кезде металл өнімдерін екінші қайтара өңдеу
(металл сынықтары мен металлургия кәсіпорындарының қалдық заттары) дұрыс
пайдаланылмауда. Көбінесе олар шет елдерге шығарылуда[8,3].
Сондықтан да елімізде жаңа технология негізінде кіші, орта
кәсіпорындар– ұнтақты металлургия, электрлі металлургия, гальвонотехника,
жаңа химиялық технологиясалаларын пайдалана отырып, минералдық ресурстардан
қара металл сынықтарын кешенді пайдалануға көшу керек.
1.2 Түсті металлургияның салалық құрамы
Дүние жүзінде 70-тен астам түсті металл балқытылады. Оларды 14 сала
өндіреді. Олардың барлығы қосылып, түсті металлургияны құрайды.
Түсті металдардың көп бөлігі аз уақыттан бері ғана пайдаланыла
бастады. Ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінде кеңінен қолданысқа
түсті. Реактивті ұшақтар, ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін
ерекше қасиеттері бар, мүлдем жаңа конструкциялық материалдар қажет. Ондай
қасиеттер тек түсті металдарда ғана бар.
Қазақстанда түсті металлургия XIX ғасырда пайда болып, 1928 жылдан
бастап бұл сала қарқынды дами бастады. Еліміздегі түсті металлургия
өнеркәсібі Алтайда түсті металл кендері табылғаннан кейін дами бастады.
Түсті металлдар түріне мыс, алюминй, қорғасын, мырыш, қалайы, полиметалл,
алтын, күміс, платина, т.б. жатады[10,8].
Республикада алғашқы салынған ірі кәсіпорындардың бірі – Риддер
полиметалл комбинаты мен Қарсақпай мыс балқыту зауыты.
Қазақстанда шығатын түсті металдар өзінің құрамының тазалығымен,
техникалық жағынан сапалылығымен еркшеленеді. Өскемендік мырыш, Балқаштық
және Жезқазғандық мыс Лондондағы түсті металлдар биржасында сапалық эталоны
ретінде тіркелген. Қазіргі кезде Қазақстан түсті металдары 30-дан астам
елдерге экспортқа шығарылады[10,12].
Қорғасын, никель және қалайы жемірілмейді (коррозия), титан ыстыққа
төзімді келеді, ал күміс, мыс және алюминий жоғары электр өткізгіштігімен
ерекшеленеді. Сондықтан олардың колданылу аясы өте ауқымды: медициналық
аспаптар мен материалдардан бастап күрделі электроника мен ядролық техника
осы металдардан жасалады. Және әр металл өз кәсібін тапқан. Мысалы,
алюминий қанатты металл болса, қалайы консерві құтыларының металы болып
саналады.Көптеген түсті металдардан сапасы жөнінен бастапқы материалдардан
да асып түсетін қорытпалар жасалады. Мыстың қалайымен (қола), мырышпен
(жез), никельмен (мельхиор), алюминиймен (дюралюминий) қорытпалары бұрыннан
қолданылып келсе, ал берилий қоласы XX ғасырдың екінші жартысында пайда
болды.
Қазақстан Республикасы дүние жүзі бойынша мыс өндіруші елдер ішінде
алтыншы орында. ТМД елдері арасында Ресей Федерациясынан кейінгі орында.
Мыс өндірісінің ірі кәсіпорындарының бірі Қазақмыс корпорациясы. Бұл
компания әлемдегі он мыс өндірушінің ішінде және күміс өндіруден бесінші
орынды иемденеді. Қазақстанда мысты ТМД елдері мен алыс шетелдерге
экспорттайды. Ел ішіндегі мысты пайдалану өндіріс көлемінің 20%-нан
артпайды [10,14].
Қазақстандағы ірі мыс кен орындары: Жезқазған, Балқаш, Балқаш мыс
комбинаты- Қоңырат, Саяқ кен орындарымен жұмыс істейді.Мыс зауытын
орналастырылудағы негізгі жағдай: шикізат көзіне жақын орналастырылады,
өйткені 1 тонна таза мыс алу үшін 100 тонна шикізатты өндеу керек.
Алюминий өнеркәсібінің орналастыруда ескеретін жағдайда арзан электр
энергиясын өндіретін аудандарға салу, өйткен 1 тонна алюминий алу үшін
18000 мың кВ сағ керек.Еліміздегі алюминий зауыты Павлодар қаласында
орналасқан.
Алюминий өндірісі Қазақстан Алюминийі акционерлік қоғамының
үлесінде. Бұл корпорация біртұтас технологиялық тізбек бойынша тау – кен
өндірісінің, өңдеу кәсіпорындарының, жылу электр стансаларын (алюминий
өндірісі суды көп қажет ететін сала) біріктіреді.
Қазақстан Алюминийі жыл сайын 4 млн т боксит, 1,4 млн т глинозем
(алюминий оксиді) өндіріледі. Әзірге алюминий металын шығармайды, себебі
глиноземға қарағанда электр қуатын 4 – 5 есе көп қажет етеді. Павлодар
зауыты дайындаған глинозем ТМД елдерінің зауыттарында өңделеді. Экспорттың
80%-ы Ресейдің үлесінде [11,88].
Полиметалл кендері- құрамындағы басты компонент қорғасын мен мырыш
болып келетін, ал мыс, алтын, күміс, кадмий, висмут, қалайы, индий, галий
қосымша компоненттер болып табылатын, яғни құрамында бірнеше металл
кездесетін кен. Қорғасын мен мырыштың мол қоры Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік
Қазақстанда шоғырланған.
Қорғасын және мырыш өнеркәсібінің ортақ шикізат базасы - полиметалл
кендері бар. Ұзақ уақыт бойы олардың қоры жөнінен Шығыс пен Оңтүстік алда
болды. Шығыстың кенінде қорғасынға қарағанда мырыш көп. Керісінше,
Оңтүстіктің кенінде мырышқа қарағанда, қорғасын көп. Қорғасын, мырыш
өнеркәсібінде концентраттың құрамында металл көбірек болады (45-65%).
Біздің еліміздегі полиметалл ендірісінің басты ауданы - Кенді
Алтай.Мұнда 3 ірі орталық бар - Зырян, Риддер жөне Өскемен.Олардың арасында
өзіндік еңбек бөлінісі қалыптасқан. Оны Өскемен СЭС-ның арзан қуатына
байланысты орналастырған. Бірақ ол қорғасын өндірісімен құрамдастырылған.
Полиметалл кен орындары шоғырланған таулар: Кенді Алтай (Риддер, Зырян
кен орындары), Жоңғар Алатауы (Текелі), Қаратау (Мырғалымсай, Байжансай,
Ащысай). Өскемендегі қорғасын-мырыш комбинаты Алтайдағы полиметалл кенін
пайдаланып, жұмыс істейді. Риддерде полиметалл комбинаты, Өскеменде титан-
магний зауыттары жұмыс істейді. Риддер еліміздегі ауасының түрлі-түсті
металл қалдықтарымен ластануы жөнінен 1 орындағы қала болып
саналады.Шымкент қаласындағы Қазақстандағы ең ірі қорғасын зауыты бар. Ол
Қаратаудағы Мырғалымсай, Ащысай, Байжансай кен орындарымен жұмыс істейді.
Орталық Қазақстанда түсті металдар кен орындарының қоры мол болуына
байланысты түсті металлургия дамыған. Орталық Қазақстанда Жәйрем полиметалл
кен байыту комбинаты орналасқан. Алюминий таза күйінде кездеспейтіндіктен,
оның негізгі шикізаты-боксит, аллунит, нефелин болып табылады [11, 92].
Бокситтің негізгі кен орындары- Ақмола және Торғай ойысы( Арқалық
бокситі)
Қазақстанның дамыған түсті металл өндірісі салаларына – қорғасын,
мырыш және қалайы өндіру жатады. Басты орынды Қазмырыш АҚ алады. Оның
құрамында Өскемен қорғасын мырыш комбинаты, Зырян қорғасын комбинаты,
Риддер полиметалл комбинаты, Текелі қорғасын комбинаты және Текелі
энергокомбинаты мен Бұқтырма СЭС енеді. Бұл корпорация өз өндірісін толық
циклмен жүргізеді. Кен орындарын өздері зерттеп, тау-кен жұмыстарын
ұйымдастырып, кенді шығарып қорытуды, өңдеуді жүргізе отырып, ең соңғы
мырыш пен қорғасынды алуды жолға қойған. Компания алтын мен күміс өндірумен
де айналысады. Текелі энергокомбинаты мен Бұқтырма СЭС тек өз
кәсіпорындарының қажетін өтеп қана қоймай, аумақтың басқа да
кәсіпорындарына қызмет көрсетеді[11,96].
Шымкент қорғасын зауыты негізінде құрылған Оңтүстік
полиметалл корпорациясы ірі қорғасын және басқа да түсті металл
өндірушілердің қатарына жатады. Оның құрамына Ащысай металлургия зауыты,
Кентау кен байыту фабрикасы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ащысай және
Орталық Мырғалымсай, Қарағанды облысындағы Алайғыр және Шымкент ЖЭО-1,
ЖЭО-2 т.б кәсіпорындар кірген және біріктірілген. Корпорация шақпақты
қорғасыннан басқа алтын, қорғасын тотығы, прокат өнімдері мен мысты штейн
шығарады. Оңтүстік полиметалл корпорациясы шығаратын қорғасын Лондонның
металл биржасында С-13 маркасымен әлемге әйгілі. ПК Оңтүстік полиметалл
АҚ шығаратын қорғасын өнімінің 20 % Ресей кәсіпорындары қажетіне жұмсалса,
қалған 80% шетелдерге шығарылады.
Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Ертіс химия-металлургия зауыты
бұрынырақта 45 сирек металл өнімдерін шығаратын. 80-жылдардың соңында
экономикалық дағдарыстар тұсында шикізат жетіспеушілігіне, т.б себептерге
байланысты өнім шығару күрт төмендеп қысқарды. Қазіргі кезден қайтадан
қолға алына бастады. Қазмырыш ААҚ кәсіпорындары селен, теллур, таллий,
сынап, висмут және басқа сирек кездесетін металдарды өндіре бастады.
Корпорация Оңтүстік полиметалл қосалқы өнім ретінде металдық висмут,
рений, кадмий, сүрме тағы басқаларын өндіреді. Бұл сирек металдарға деген
сұраныс әлемдік нарықта өте жоғары. Түсті металлургияның жаңа саласы болып
Өскемен титан-магний комбинаты саналады. Өте жоғары сапалы титан және
магний өндіреді. Титан және магний өндірісі қуатты көп тұтынады [11,98].
Титан-магний өндірісі түсті металлургияның жаңа саласы болып
саналады.
Өскемен титан-магний комбинаты жоғары сапалы титан губкасы мен тауарлы
магний өндіреді. Бұл металды балқытуға электр қуаты көп жұмсалады.
Сондықтан негізгі кәсіпорындар Өскемен қаласында арзан электр және ірі жылу
электр стансаларына жақын орналасқан.
Қазақстанның металлургия өнеркәсібі негізінен кәсіпорындардан,
құрамында кеніш және карьер, байыту фабрикалары, металллургия өндірісі және
энергетикалық шаруашылығы бар бірлескен комбинаттардан тұрады. Кеннің
құрамындағы пайдалы компоненттердің аздығына байланысты, әсіресе түсті
металдарды бірнеше рет байыта отырып, металдың мөлшері жоғары концентраттар
алынады. Жоғарыдағы комбинаттар қосалқы шаруашылық салаларының, тұтас
аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерінің дамуына жағдай жасайды.
Минералды ресурстар ішінде түсті металлургияда ең кең тарағаны мыс,
боксит, алтын, мырыш, т.б. көптеп кездеседі.
Қазақстан аумағы түсті металлдардың коммерциялық қорының 29 түрін
өндіреді. Барланған қор көлемі жағынан: мырыш, вольфрам өндіруде әлемде 1-
ші орында, күміспен қорғасын өндіруде 2-ші, мыс өндіруде 3-ші орын алады.
ТМД елдері ішінде Қазақстанда вольфрам қорының 60 %, қорғасынның 50% ,
мырыш және мыстың 40%, боксит қорының 30%-ы шоғырланған.
Мыс. Физикалық сапасы жағынан электр, жылу өткізгіштігімен( алтын мен
күмістен кейін) және өте мықтылығымен ерекшеленеді. Мыс өндірісінің
жартысынан астамы электртехникалық салаларда ( электр желілерінде,
тоңазытқыш техникаларында, т.б.) кеңінен қолданылады. Өндірілген мыстың
үштен бір бөлігін қорытпалар түрінде пайдаланады. Олар латунь, қола, мыс-
никель қоспалар тобынан тұрады. Қазақстан мыстың анықталған қоры жағынан
әлемдегі 10 елдің ішіне кіреді. Қазақстан аумағында 84 мыс кені мен
кешенді кен орындары бағдарланған. Мыс кендері Қазақстанның көптеген
территорияларында таралған. Кенді Алтай тауларынан бастап
республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері таралған. Мыстың ірі
кен орындары Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар
тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпанында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда,
Атбасар-Терісққанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай,
Сәуір тауларында және т.б. орналасқан. Дүние жүзінде белгілі мыс кен
орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ, Жыланды, Ақтоғай, Жезкекнт, Шиелісай және
т.б. еліміздің ұлттық байлығы болып табылады. Мысты кендерден, сонымен
қатар, қорғасын, цинк, молибден,күкірт және т.б. компоненттер
алынады[11,100].
Боксит. Алюминий алуға қолданылатын боксит өндіруде Қазақстан дүние
жүзінде оныншы орын алады. Өзінің қасиетіне қарай алюминий электртехникада,
машина жасауда, құрылыс индустриясында кеңінен қолданылады. Әр қоспалардың
құрамына енгізіп, техникаға қажетті жартылай өзгергіштер, айна жасауда,
тамақ өндірісінде консерві банкілерін, тұрмысқа қажетті заттарды (ыдыс-
аяқ) жасау және ядролық реакторларда, ғарыштық техникада қолданылады.
Республикада алюминий өте мықты сегіз минералды- шикізат базасы бар.
Атап айтқанда – Қостанай облысындағы Батыс Торғай, Шығыс Торғай, Ақтөбе
облысындағы Мұғалжар; Ақмола, Павлодардағы Екібастұз, Көкшетауда және
Оңтүстік Қазақстанда бар. Бокситтің ірі кен орындары Қостанай облысындағы
Әйет, Қызыл Октябрь, Белин және Амангелді кен орнында шоғырланған.
Қорғасын. Қорғасын аккумулятор өндірісінде және құрамында бояулар
қоса отырып, суға төзімді бояу алу үшін қолданылады. Қорғасынды қолдана
отырып, жемірілуге төзімді жабдықтар дайындауға болады. Қорғасын оксиді
хрусталь жасауда, оптикалық шыны, глазурь және керамика өндірісіне қажет.
Орталық және Шығыс Қазақстан өнірлерінде қорғасын, мырыш және сирек
металдардың ірі кен орындары шоғырланған . Қоғасын- мырыш кені Шығыс
Қазақстан облысындағы Малеев, Риддер-Сокольный және Тишин кен орындарында
өндіріледі. Қарағанды облысының Жезқазған мыс кен орнында тауарлы өнім
ретінде мырыш және қорғасын саналады. Оңтүстік Қазақстанда болашағы зор
Шалқия және Талап кен орындары орналасқан. Қорғасын- мырыш кенің көбінесе
шахталық әдіспен өндіреді. Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен Жоңғар
Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және
металлургиялық кәсіпорындар Лениногорскіде, Зыряновскіде, Өскеменде,
Текеліде, Шымкентте, Қарағайлыда, Кентауда және т.б. жұмыс істейді
[11,101].
Мырыш. Мырышты жабын материалы ретінде қолданылады. Болат өнімдерін
мырыштау, мырыш қосылған ағартқыштар, жартылай мырыш өнімдері (жалпақ мырыш
прокаты таспа және қалың табақты мырыш өнімдері) шығарылады.
Болжау деректеріне қарағанда, 2030 жылға дейінгі қорғасын- мырыш
өнеркәсібінің минералды шикізат қоры өте қиын-қыстау жағдайда болмақ.
Алтын- адамға өте ежелгі заманнан бері белгілі металдардың бірі.
Әлемдік экономикада бұл металл жалпы эквивалент қызметін атқарады.
Сондықтан да мемлекеттік қорда, жеке қорларда жинақталады. Алтын сақтандыру
және мемлекет қорын құрай отырып, кез келген жағдайда ұлттық ақшаға және
ақша керек жағдайда басқа ел валютасына айнала алады.
Алтын табиғи таза күйінде өте сирек кездеседі. Алтын және оның
құймасы компьютерлерде, микросхемаларды қосуда, радиотеледидар,
платаларынан, кабель құрамында, тіс өндеуде көп мөлшерде қолданылады.
Алтынды дәстүрлі және көп мөлшерде тұтыну зергерлік өндірісінде кездеседі
[11,104].
Шығыс Қазақстандағы Риддер кен орнында XVII-XIX ғасырларда құрамында
алтын мен күміс бар бағалы металл кенің өндіру жолға қойылған. Бай кенмен
олардың концентраттары Ресей металлургия зауыттарын қамтамасыз етіп
отырады. Алынған алтын мен күмістен Санкт-Петербург монета жасау сарайында
жылына 30-35 пұт алтын өнделіп отырған.
Алтынның барланған қоры жағынан Қазақстан дүние жүзінде жетінші
орында. Біздің еліміздің алдында ОАР, АҚШ, Австралия, Ресей, Канада ,
Өзбекстан және Индонезия мемлекеттері бар. Кен құрамындағы алтын мөлшері 1
тоннасында орташа есеппен 6,3 грамм ғана. Үлес көлемі жағынан ОАР-дан
кейінгі 2-ші орындамыз. Алтын өндірісі жеке алтын кенібар кен орындарында
және мыс, полиметалл, қорғасын-мырыш, т.б. кешенді кендерді өндіруде
қосалқы өнім ретінде алынады [12,4].
Алтынның негізгі қоры (96,5% ) Солтүстік, Орталық, Шығыс және
Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Қазақстанда 30-ғажуық алтын кен орны
барланған, ең ірілері : Васильков (Солтүстік Қазақстан), Бақыршық ( Шығыс
Қазақстан), Ақбақай (Оңтүстік Қазақстан ) , Юбелейный (Батыс Қазақстан).
Қазақстанда бұрын түсті металлургияның дәстүрлі салаларына мыс
және қорғасын өндіру жатса, соғыстан кейінгі жолдары оған титан-магний
өндіріс салалары қосылды.
Титан – жеңіл, иілгіш, мықты, сыртқы көрінісі болатқа ұқсас металл.
Мықтылығы жағынан титан кейбір болат маркаларынан және басқа конструкциялық
мақсаттағы қолданыста металлдардан асып түседі.
Титаннан реактивті ұшақтардың двигательдері, кемелер мен сүңгуір
қайықтардың кораптары мен химиялык құрал-жабдықтар шығарады. Металды титан
кендерінен (кұмнан) алады. Біздің елімізде онын, 3 кен орны бар. Сәтбаев
байыту фабрикасының концентраты қазірдің өзінде өңделуде.
Титанды магниймен тотықсыздандырады. Сондықтан осы металдар өндірісін
бір кәсіпорында - комбинатта біріктіреді. Титан-магний комбинаты Өскемен
қаласында жұмыс істейді. Ол - әлемдегі өзі сияқты кәсіпорындардың ішінде
қуаты жағынан ең ірісі. Комбинаттың ең негізгісіне - титан өндіру жатады
[13,4].
Қазақстан аумағында 10 титан барланған. Солтүстік Қазақстанда –
Обухов, Батыс Қазақстанда- Шоқаш, Шығыс Қазақстанда –Сәтбаев кен орындары
пайдаланылуда.
Қазіргі өндіріс пен техника салалары титан өнімдерінің 3 түрін
кеңінен пайдаланылады:
1) таза металл күйіндегі титан жұқа табақты прокат, таспа, құбыр желісі,
авиацияда, зымыран, ғарыштық техникаларда, кеме жасуда, машина жасауда,
медицина өндірісінде;
2) қос топтық титан ( ақ титан пигменті) ең жақсы ағартқыш лак бояулар
жасауда, қағаз, пластмасс, т.б. шығаруда кең қолданысқа ие;
3) ферротитан (титан қоспасы ) қара металлургияда болат пен шойын сапасын
арттыруға пайдаланылады. Сонымен титан және оның қоспалары өндіріс
салаларында металл өнімдерінің озық қоспаларын енгізуге, бояу, жабын үшін
кеңінен қолданылады.
1.3 Қазақстанда сирек металлургияның таралуы
Сирек металдар Қазақстан жерінде кеңінен таралған. XIX ғасырда
Қазақстан үшін басым бағыттарға түсті металлургия саласындағы сирек
металдар және сирек кездесетін жер металдардың тобын дамыту жатады [14,13].
Ғылым мен жаңа технологияның дамуы жаңадан құрылған кәсіпорындарда
жоғарыдағы аталған меттал өнімдеріне сұраныс барын көрсетеді. Қазіргі
техника құрамында сирек металл және олардың қосындыларынан тұратын
бөлшектер көптеп пайдаланылады. Әсіресе атом қуаты, радиоэлектроникада,
авиацияда, ракета техникаларында, машина прибор жасауда, химия мен медецина
саласында, жартылай өткізгіш материалдар, болаттың арнайы сортын алуда
көптеп пайдаланылады[15,25].
Қазақстанда сирек металл және сирек жер металлдары түсті металлургия
саласының кәсіпорындарында өндіріліп шығарылады.
Вольфрам мен молибденнің өнеркісіптік кен орындары Сарыарқада
(Байназар, Ақмая, Шалқия, Саран, Батыстау және т.б.), Таулы Алтайда
(Көкшіл, Шындығыдай), Іле Алатауында ашылған. Солтүстік Балқаш кен
орындарында ( Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ) және Қаратаудың ванадийлі кен
орындарында әр түрлі мөлшерде молибден қоры бар.
Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам
қорының 53%-дан астамы 16 кен орнында шоғырланған, оның 12-сі баланстық.
Вольфрам кенінің басым типтері – кварц-желілі-грейзенді және штокверкті,
оларға Қараоба, Ақшатау, Жоғарғы Қайрақты, Бұғыты, т.б. кен орындары
жатады. Вольфрамға бай кентастар скарндық-грейзендік кен орындарында
(Солтүстік Қатпар, Баян) немесе олардың мүжілген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz